ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «полимерлер мен пластмассалар өҢдіру технологиясы» 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы үшін ОҚытушыға арналған пәннің бағдарламасы



Дата02.07.2016
өлшемі172.83 Kb.
#172375




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейілі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.28/01-2013



ПОӘК

Оқытушыларға арналған «Полимерлер мен пластмассалар өңдіру технологиясы» пәнінің бағдарламасы



18.09 2013ж.

№ 2 басылым




ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ПОЛИМЕРЛЕР МЕН ПЛАСТМАССАЛАР ӨҢДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»


5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

мамандығы үшін


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013

Кіріспе

1 ӘЗІРЛЕНГЕН


ҚҰРАСТЫРУШЫ « 28 » 08 2013 ж. Оразжанова Л. К., х.ғ.к, доцент м.а, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Химия» кафедрасы
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Химия» кафедра отырысында

« 28 » 08 2013 ж., № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі Мусабаева Б.Х.
2.2 Инженерлік-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

« 12 » 09 2013 ж , № 1 хаттама


Төрайымы Толеубекова С.С.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған

« 18 » 09 2013 ж, № 1 хаттама
ОӘК төрайымы, ОӘЖ жөніндегі проректор Г.К. Искакова
4 30.09. 2011ж. №1 Басылым ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН

Мазмұны

1


Қолданылу саласы

2


Нормативтік сілтемелер

3


Жалпы ережелер

4


Оқу пәнінің (модуль) мазмұны

5


Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптардың тізімі

6


Пән бойынша оқу әдістемелік карта

7


Оқу әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің картасы

8


Әдебиеттер


1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
«Полимерлер мен пластмассалар өңдіру технологиясы» пәні бойынша оқу әдістемелік кешенінің құрамына енгізілген оқытушыға арналған пәннің бағдарламасы 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттері үшін арналған.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
«Полимерлер мен пластмассалар өңдіру технологиясы» пәнінің оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін белгілейді:

- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бұйрығымен енгізілген және бекітілген, № 1080, «23» 08 2012 ж.

- СТУ 042-ГУ-4-2013 «Пәндердің оқу әдістемелік кешенін әзірлеуге және рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.01-2013 «Пәндерің оқу әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің мазмұнын қысқаша сипаттау

«Полимерлер мен пластмассалар өңдіру технологиясы» жалпы курсі элективті пән. Полимерлер мен пластмассалар өңдіру технологиясы қазіргі кездегі өндірістің, химиялық және технологиялық мамандықтарының негізі болып табылады. «Полимерлер мен пластмассалар өңдіру технологиясы» курсі полимерлер синтезінің теориялық негіздерін, пластмасса және полимерлердің маңызды түрлерін алудың технологиялық процесстерін қарастырады.

3.2 Аталмыш курстың мақсаты – курс программасы бойынша полимерлер мен пластмассалар синтезі мен технологиясының теориялық негіздерін оқып үйренуінде.

3.3 Пәнді оқып білудің негізгі мақсаты: студенттердің полимерлердің әртүрлі класстарының химиялық модификациясы мен синтезінің теориялық және практикалық негіздерін меңгеруі болып табылады.

3.4 Оқып білудің нәтижесінде студент мыналарды:


  • Жоғары молекулалық қосылыстардың негізгі ерекшеліктері, олардың ерекше дене мағынасына байланысты практикада қолдануды білу

  • Полимерлі денелердің құрылысы және негізгі физикалық қасиеттері, полимерлерді алудың негізгі әдістері, полимерлерді зерттеудің соңғы жетістіктері, полимерлі денелерді өндірісте алу және өндеу технологияларының негіздерін білу

  • Полимерлерді әр түрлі әдістермен синтездегенде қойылған практикалық талапты шешуде пайдалана білу

  • Полимерлерді өңдеу технологиясы жөнінде алған теориялық және практикалық білімдерін пайдалана білу керек

  • Полимерлерді өңдірісте алу және өңдеу технологиясы жөнінде алған теориялық және практикалық білімдерін пайдалана білу керек

3.5 Курстың пререквизиттері:

  1. Алифатты қатардың қосылыстарының органикалық химиясы

  2. Жалпы химиялық технология

  3. Физикалық химия

  4. Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары

  5. Органикалық заттардың химиясы мен физикасы

3.6 Курс постреквизиттері:

  1. Специализация пәндері

3.7 Оқу жоспарынан көшірме

1 кесте


Курс

Семестр

Кредит саны

ЛК (сағ)

СПЗ (сағ)

ЗС (сағ)

ОСӨЖ (сағ)

СӨЖ (сағ)

Бар

лығы


(сағ)

Қорытынды бақылау түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4

7

2

15

15

-

15

45

90

емтихан


4 ОҚУ ПӘННІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ

2 кесте



Тақырыптардың атауы және олардың мазмұны

Сағаттар саны

1

2

Микромодуль 1 – Полиолефиндер, полистирол өңдірісі

Дәріс сабақтары

Полимерлер химиясынан жалпы мәліметтері

Жоғарымолекулалық қосылыстардың шығу тегі, химиялық құрамы, негізгі тізбектің құрылысы, орынбасарлардың кеністікте орналасуы бойынша жіктелуі. ЖМҚ қасиеттері. Кристалды және аморфты полимерлер. ЖМҚ синтезінің әдістері. Полимерлену. Поликонденсация. Полимерлену және поликонденсацияны жүргізу әдістері.



1

Полиэтилен (ПЭ) өңдірісі

Полиэтиленнің жоғары қысымда полимерленуі. Екі каскадты сығу әдісі. ПЭ жоғары қысымда полимерленуінің технологиялық схемасы. Төмен қысымда этиленнің полимерленуі: технологиялық процесс және технологиялық схема. Орташа қысымда этиленнің полимерленуі. Әдістің негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері. Қасиеттері, қолдануы. Жоғары, орташа және төмен қысымды полиэтиленнің сополимерлері.



2

Полипропилен (ПП) және полиизобутилен (ПИБ) өңдірісі

Полипропилен өңдірісі. Полиизобутилен өңдірісі. Өндірістің технологиялық процессі мен технологиялық схемасы. Полипропилен және полиизобутиленің қасиеттері мен қолдануы.



1

Полистирол (ПС) өңдірісі

Стиролдың сипаттамасы. Блок әдісімен полистирол өңдірісі. Полистирол өңдірісінің суспензиялық әдісі. Полистирол өңдірісінің блок-суспензиялық әдісі. Эмульсиялық әдіспен ПС өңдіру. Әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері. ПС қасиеттері мен қолдануы.



1

Зертханалық сабақтар

Полимерлік материалдардың технологиялық қасиеттерін зерттеу

2

Резиналық қоспаларды дайындау

1

Полистирол синтезі

2

СОӨЖ

Полиамидтер: шикізаттар, алынуы, қасиеттері және қолдануы

1

Полиимидтер: полипиромеллитид, полиимидоамидтер, полиимдоэфирлер, полиаспаргинимидтер

1

Полиуретандар: алынуы, қасиеттері және қолдануы. Пенополиуретандар.

1

Кремнийорганикалық полимерлер: алу әдістері, қасиеттері, қолдануы

1

Ионоалмасушы шайырлар: катиониттер, аниониттер, қолдануы

1

Микромодуль 2 - Галогенделген қанықпаған полимерлер өңдірісі

Дәріс сабақтары

Поливинилхлорид (ПВХ) өңдірісі

Блок әдісімен ПВХ өңдірісі. Суспензиялық әдіспен ПВХ өңдірісі. Эмульсиялық әдіспен ПВХ өңдірісі. Өңдірістің технологиялық процессі мен технологиялық схемасы. ПВХ қасиеттері.



1

Фторланған қанықпаған көмірсутектер негізінде пластмассалар өңдірісі

Политетрафторэтилен өңдірісі. Тетрафторэтилен полимерленуінің суспензиялық және эмульсиялық әдістер. Политетрафторэтилен өңдірісі мен қолдануы. Политрифторхлорэтилен өңдірісі.



1

Зертханалық сабақтар

Үшхлорэтанға күйдіргіш натр әсерімен винилиденхлоридті алу

2

СОӨЖ

Целлюлозаның күрделі эфирлері: нитраттар, ацетаттар, ацетобутираттар

1

Целлюлозаның жай эфирлері: этил-, метил-, карбоксиметилцеллюлоза

1

Микромодуль 3 - Полиспирттер, полиқышқылдар және жай полиэфирлер өңдірісі

Дәріс сабақтары

Поливинилацетат және поливинил спиртінің өңдірісі

Винилацетат полимерленуі. Поливинилацетаттың қасиеттері мен қолдануы. Поливинил спиртін алу. Поливинил спиртінің қасиеттері мен қолдануы.



1

Акрил және метакрил қышқылдарының полимерлер мен сополимерлерінің өңдірісі

Акрил қышқылының полимерлері. Полиакрилонитрил. Полиакриламид. Метакрил қышқылының полимерлері. Полиметилметакрилат. Полиакрилаттар мен полиметилметакрилаттардың қасиеттері мен қолдануы.



1

Жай эфирлер өңдірісі

Полиметиленоксид. Полиметиленоксидті алу. Полиметиленоксидтің қасиеттері мен қолдануы. Полиэтилен және полипропиленоксидтер.



1

Зертханалық сабақтары

Органикалық шыныны дайындау

1

Поливинилацетатты алу және оны талдау

2

СОӨЖ

Целлюлоза эфирлері негізінде пластмассалар: целлулоид, этролдар

1

Полимер өңдірісінің материалдық баланстары

1

Реактор, экструдер, құю машиналардың жылулық есептері

1

Микромодуль 4 – Шайырлар өңдірісі

Дәріс сабақтары

Фенолоальдегидті шайырлар және олардың негізінде пластмассалар

Фенолоальдегидті шайырларды алу үшін шикізаттар. Фенолоформальдегидті шайырлар түзілу реакциялары. Новолактік және резольды шайырлардың қатаюы. Жартылай үздіксіз әдіспен новолакті шайырлардың өңдірісі. Үздіксіз әдіспен новолакті шайырлардың өңдірісі. Новолактік шайырлардың қасиетері мен қолдануы. Қатты резольды шайырлар және резольды лактардың өңдірісі. Эмульсиялық шайырлар өңдірісі. Фенолоспирттер өңдірісі.



2

Аминоформальдегидті шайырларының және олардың негізінде пластмассалар өңдірісі

Аминоформальдегидті шайырларды алу шикізаті. Мочевина- және меламин-формальдегидті шайырлардың түзілу реакциялары және олардың қасиеттері. Жартылай мерзімді және үздіксіз әдіспен мочевиноформальдегидті пресс-ұнтақтардың өңдірісі.



1

Зертханалық сабақтар

Полиэфир шайырын фтал ангидриді мен глицеринді поликонденсациялау арқылы алу

2

Фенол мен формальдегидті сілтілік ортада поликонденсациялау (резол шәйірлерін алу)

1

СОӨЖ

Қысыммен құю: құю машиналар, өндіру технологиясы

1

Пресстеу: пресстер, таблеткалық машиналар, технология

1

Полимерлерді виброформалау

1

Микромодуль 5 – Күрделі эфирлер мен эпоксидті шайырлар өңдірісі

Дәріс сабақтары

Күрделі полиэфирлер өңдірісі

Қаныққан полиэфирлер. Күрделі полиэфирледі алу шикізаттары. Полиэтилентерефталатты алу. Поликарбонаттар өңдірісі. Полиарилаттар. Қанықпаған полиэфирлер.



1

Эпоксидті шайырлар өңдірісі

Эпоксидті шайырлар сипаттамасы. Эпоксидті шайырларды алу. Эпоксидті шайырларды қатайту. Эпоксидті шайырлардың қасиеттері мен қолдануы. Циклоалифатты эпоксидті шайырлар.



1

Зертханалық сабақтар

Фенол мен формальдегидті сілтілік ортада поликонденсациялау (резол шәйірлерін алу)

1

Фенол мен формальдегидті қышқылдық ортада поликонденсациялау (новолак шәйірлерін алу)

1

СОӨЖ

Пластмассалардан өнімдерді механикалық өңдеу: сваркалау және желімдеу

1

Экструзия: қабықшалар, түтікшілер өңдірісі

1


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ТІЗІМІ
5.1 Полимерлерді синтездеу әдістері (4 апта)

5.1.1 Синтетикалық полимерлерді алу әдістері

5.1.2 Радикалды полимерлену және сополимерлену

5.1.3 Иондық полимерлену

5.1.4 Поликонденсациялану

5.1. 5 Полимерлерді химиялық түрлендіру



5.2 Полимерлер синтезінің типтік процестері (7 апта)

5.2.1 Массада полимерлену

5.2.2 Еріткіштерде полимерлену

5.2.3 Суспензиялық полимерлену

5.2.4 Эмульсиялық полимерлену

5.2.5 Дисперсионды ортада поликонденсациялану



5.3 Полимерлер өңдірісінің негізгі процестері (10 апта)

5.3.1 Экструзия

5.3.2 Қысым астында құю

5.3.3 Виброформолау

5.3.4 Пресстеу

5.3.5 Механикалық өндеу



5.4 Полимерлердің физикалық құрылымы (13 апта)

5.4.1 Полимерлер тізбектерінің иілгіштігі

5.4.2 Полимерлердің агрегаттық және фазалық күйлері

5.4.3 Полимерлердің молекула үстілік құрылымы

5.4.4 Полимерлер реологиясының негізі

5.4.5 Полимерлерді пластификациялау


6 ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
3кесте

Тақырыбы

Көрнекті құралдар, ТСО, плакаттар, зертханалық тақталар

Бақылау нысаны

Дәріс сабақтар

Практикалық сабақтар

1

2

3

4

Полимерлер химиясынан жалпы мәліметтері


Полимерлік материалдардың технологиялық қасиеттерін зерттеу

Модельдер, плакаттар

Есеп шығару

Полиэтилен (ПЭ) өңдірісі


Химиялық ыдыс, реактивтер

Есеп шығару

Полипропилен (ПП) және полиизобутилен (ПИБ) өңдірісі

Резиналық қоспаларды дайындау

Химиялық ыдыс, реактивтер

Есеп шығару

Полистирол (ПС) өңдірісі


Полистирол синтезі

Химиялық ыдыс, реактивтер

Есеп шығару

Поливинилхлорид (ПВХ) өңдірісі


Каучуктердің ерігіштігін анықтау

Химиялық ыдыс, реактивтер

Есеп шығару

Фторланған қанықпаған көмірсутектер негізінде пластмассалар өңдірісі

Поливинилацетатты алу және оны талдау

Химиялық ыдыс, реактивтер

Есеп шығару

Поливинилацетат және поливинил спиртінің өңдірісі

Полиэфир шайырын фтал ангидриді мен глицеринді поликонденсациялау арқылы алу


Химиялық ыдыс, реактивтер

Есеп шығару

Акрил және метакрил қышқылдарының полимерлер мен сополимерлерінің өңдірісі

Химиялық ыдыс, реактивтер

Есеп шығару

Жай эфирлер өңдірісі

Фенол мен формальдегидті сілтілік ортада поликонденсациялау (резол шәйірлерін алу)

Химиялық ыдыс, реактивтер

Есеп шығару

Фенолоальдегидті шайырлар және олардың негізінде пластмассалар

Модельдер, плакаттар

Есеп шығару

Күрделі полиэфирлер өңдірісі

Фенол мен формальдегидті қышқылдық ортада поликонденсациялау (новолак шәйірлерін алу)

Модельдер, плакаттар

Есеп шығару

Эпоксидті шайырлар өңдірісі

Модельдер, плакаттар

Есеп шығару


7 ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ КАРТАСЫ

4 кесте


Оқулықтардың, оқу әдістемелік құралдардың атауы

Даналардың саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз етілу пайызы

1

2

3

4

1. Брацыхин Е.А., Шульгина Э.С. Технология пластических масс.- Л.: Химия, 1982, 328 с.

30

6

100%


8 ӘДЕБИЕТ:
8.1 Негізгі әдебиеттер:

8.1.1 Николаев А.Ф., Крыжановский В.К., Бурлов В.В. и др. Технология полимерных материалов. Учебное пособие. – Киев.: Профессия, 2008. -544с.

8.1.2 Брацыхин Е.А., Шульгина Э.С. Технология пластических масс.- Л.: Химия, 1982, 328 с.
8.2 Қосымша әдебиеттер:

8.2.1 Галыгин В.Е. Технология переработки полимерных материалов.:Лабораторный практикум – М.: Химия, 2001. -132с.

8.2.2 Заикин А.Е. Практикум по технологии переработки и испытаниям полимеров и композиционных материалов. Колос, 2011.-191с.

8.2.3 Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 368 с.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет