Пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Ғарыштықтық түсірімдер классификациясы



бет6/8
Дата24.02.2016
өлшемі4.12 Mb.
#13788
1   2   3   4   5   6   7   8

Ғарыштықтық түсірімдер классификациясы
Масштабы бойынша

Өте ұсақ масштабты

1:10 000 000-1:100 000 000

Ұсақ масштабты

1:1 000 000- 1: 10 000 000

Орташа масштабты

1:100 000-1:1 000 000

Ірі масштабты

1:10 000-1: 100 000



Көрнекілігі бойынша

Ғаламдық (планета)

S =n10 8 км L=10 000 км

Ірірегиональды

S=n10 6 км 2 L=500-3000 км

Региональды

S=n 10 4 км 2L=50-500 км

Локальды

S=n 10 2 км 2 L=10-50 км

Кеңістікте рұксат етілуіне

Төменгі рұқсат етілі түсірімдері

R m n 1000м

Орташа рұқсат етілі түсірімдері

R m= n 100 м

Биік рұқсат етілі түсірімдері

R m= n 10 м

0-100 м- салыстырмалы биік

10-30-биік

Өте биік рұқсат етілі түсірімдері

R m= n 1 м


Аса биікрұқсат етілі түсірімдері

R m= n 1 м кіші

S- түсірім қамтығын аудан

L- қамтыған жолақ кеңдігі

n- 1+9

R m –жергілікті рұқсат етілуі



* Жер ландшафтысы компонентерін бір түсірімде кешенді бейнелеу картаграфияланатын обьектілердің кеңістіктегі байланыстарын дұрыс берілуін камтамасыз етеді.

Осыған байланысты аэрокосмостық түсірімдер, картографияда топографиялық карталарды жедел жаңарту, тақырыптық және фотокарталарды құру және аз зерттелген, түсірілуі қиын аудандарды картографиялауда қолданыс тапты.

Түсірілімдер ультракүлгін, көрінетін және жақын қызылкүлгін, орташа қызылкүлгін, жылылық қызылкүлгін спектрдің радиотолқындарында жүргізіледі. Көрінетін және жақын қызылкүлгін диапазондар, обьектілердің шағылыстыру қабылетіне сәйкес шағыстырылатын күн сәулелерін тіркейді.Түсірілімдерде обьектілердің оптикалық сипаттары бейнеленеді- олардың спектралды жарықтығы.Түсірілімдер тек жарық жағдайларда ғана жүргізіледі. Жылылық қызылкүлгін спектр диапазондары, Жердің өзіндік шағыстырылуы мен обьектілердің температуралық сипаттарын тіркейді. Бұл диапазондағы түсірілімдер жарыққа тәуелді емес кез-келген кездерде тіпті түндеде жүргізіле береді, дегенмен бұлттылық кедергілік жасайды. Радиодиапазонды түсірілімдерде, радиотолқындар шағылыспай тұман мен бұллттардан еркін өтетін болғандықтан түсірілімдер тәуліктің кез-келген уақытында, ауа райы жағдайына карамастан жүргізіле береді. Суреттерден жер беті рельефі мен кедір-бұдырлары, ылғалдылығы, жер асты құрылымдарын көруге болады. Әртүрлі спектральды диапазондардағы түсірілімдерде түрлі технологиялар қолданылып, түрлі типтегі суреттер алынады.

Көрінетін және жақын

инфрақызыл (жарық) диапазондардағы түсірілімдер




Жылулық инфроқызыл

Дипазондар

дағы


түсірілімдер




Радио


диапазондағы түсірілімдер








Жылулық инфроқызыл радиометрлік түсірілімдер

Фото





ЗҚБ

(ПЗС)







Радиолокациялық


Сканерлік

Микро

толқынды радиометрліікк



40-сурет. Спектральды диапазондар бойынша аэрокосмостық түсірілімдер классификациясы және түсірілімдер технологиясы (А.М.Берлянт бойынша)

Фотографиялық түсірімдер –жер обьектілері шағылыстырған күн сәулелерін фотопленкаларға кадрлар арқылы тіркеу нәтижелері. Аэрофототүсірілімдерді ұшақтар мен тік ұшақтар, космостық түсірілімдерді- спутниктер, космостық кемелер мен орбитальдық станциялар, суасты түсірілімдерді- тереңге түсірілген фотокамералар, жерасты түсірілімдерді-фотодеодолитер көмегімен түсіру арқылы алады.

Жеке жоспарлық түсірілімдерден басқа, картографиялық мәліметтер көзі болып стереопаралар, фотосхемалар және фотопландар, фронтальдық (вертикальды) фотосуреттер т.б. саналады.

Космостық фототүсірілімдер жақсы геометриялық қасиеттері және аса сапалы бейнелілігімен ерекшеленеді. 2 м-ге дейін рұқсат етілген азаматтық пайдалануға болатын түсірілімдер -(барлау спутниктері арқылы 0,2 м-ге дейінгі рұқсат етілген түсірілімдер), масштабы 1:50 000, биіктігі бойынша дәлділігі 10 м ,планда 15 м топографиялық карта құруға мүмкіндік береді.Бұл түсірілімнің кемшілігі –түсірілген пленканы өңдеу үшін Жерге жеткізу қажет.

Негізгі ауқымды ақпарат көлемін сканерлік түсірімдер береді – жер беті обьектілерінің сәуле шашуын, элементтер және жолақтар бойынша тіркеу нәтижелері және оларды радиоканалдар арқылы ақпараттау. «Сканерлеу» деген сөздің өзі кез-келген участкені жүйелі бақылау үшін жарық сәулелерінің орын ауыстыруын басқару. Спутник немесе ұшақ арқылы түсірілімдер жүргізгенде сканерлік қондырғы (қозғалмалы айна) жергілікті жерді әр жолағын бірінен соң –бірін жүйелепсақтаушы қозғалысына көлбеу бақылап отырады. Фотоэлектр қабылдағышқа жарық сигналы түседіде, электрлікке қайта айналады, радиоканалдар бойынша жер беті қабылдағыш қондырғыларға цифрлар түрінде беріледі, беріледі, соңынан бейнелеу түрінде жазылады. Нәтижесінде жолды құрылымды суреттер алынады, жолдар кішкене элементтерден түзіледі- пикселдер, санерлік бейнелеудің элементарлық ұйымдары. Әрбір пиксел сканер көруінің шапшаң бұрыштық алаңына сәйкес келедін жергілікті жердің интегральдық жарықтығын қайтарады (шағылыстырады), участке ішіндегі бөлшектер айқын көрінбейді..

Ұшу кезінде жергілікті жердің кең үздіксіз жолақтарын үнемі түсіріп отырады. Сканерлік бейнеленудің сапасы фототүсірілімдерге қарағанда төменірек, дегенмен шапшаңдылығы және уақыттың нақты тәртібінде сандық формада түсірімдерді тапсыруы бұл әдістің баға жетпес құндылығын көрсетеді.
ЗҚБ (ПЗС-прибор зарядовой связи) Зарядты құрал байланысы 1980 жылдардан бастап механикалық сканерлеумен қатар, жаңа сканерлеу түрлерін пайдалана бастады, ол сәулеленуді қабылдағыш ретінде кішкене қабылдағыштар жиынтығынан тұратын зарядты құрал байланысы негізіндегі сызғыштар еді.Бұл бүтіндей жол бейнелерін , ал сақтаушы аппарат қозғалысы- жолдарды жинақтайды. Конструкцияның қозғалмалы элементтерінің болмауы , жақсы сапалы геометриялық бейнелеуді қамтамасыз етеді, ал қабылдағыштардың шамалы мөлшері- өте биік құрсат етілген бейнелеуді қабылдауға мүмкіндік береді.

Жылулық инфроқызыл радиометрлік түсірілімдер (суреттер. Суреттерді жылулық инфрақызыл диапазонында түсіру нәтижесінде алады..Инфрақызыл радиометрлер, механикалық жолмен Жердің өзіндік жылу шығаруын снанерлейді. Түсірілімдердің рұқсат етілуі жоғары емес, он метрден аспайды.

Микротолқынды радиометрлік түсірілімдер механикалық сканерлеу принцпін пайдалана отырып, қысқатолқынды (өте жоғары жиілік) радиодиапозондарда алынады. Сәулеленуді қабылдаушы қызметін антенналар атқарады., рұқсат етілу бірнеше километрге дейін шектелген.

Радиолакациялық түсірілімдер түсірілімдердің белсенді әдісі арқылы алынады, түсірілімдік жүйенің антенналары радиосәулешашуды реттген уақытта, ол беттен сәуле қайтарылады, оларды тіркеу аппаратуралары қабылдайды. Сигналдардың шағылысуы жер бетінің рельефіне, оның кедір-бұдырлығына, аналық жыныстың құрамы мен құрылымына, өсімдік жамылғысы сипаты мен топырақ ылғалдылығына байланысты болады. Белгілі бір радиотолқын ұзындықтарында, олар жер бетіне еніп, қайтадан шағылысуға қабылетті, мысалы, жер асты суларының линзалары. Түсірілімдердің рұқсат етілуі антеннаның мөлшеріне байланысты, антенна ұзындығы бірнеше метр болғанда 1-2 км құрайды.Антеннаны жасанды ұзартқанда (жасалған апература құрастырады), 20 м дейінгі рұқсат етілу түсірілімдерін жүргізеді. Ұшақтар мен космостық сақтаушылар,бүйіржақ шолу радиолакаторларын пайдаланады, олар

түсірілімдерді сақтаушы қозғалысының бағытына көлденең жүргізеді. Сондықтан ойлы-қырлы рельеф радиокөлеңке береді де, мәнерлі бейнелейді. Радиолақациялық түсірілімдердің негізі ерекшелігі – ауа райын талғамауы: мұхиттарды зерттеуге өте ыңғайлы- толқу, ластану. Радиолакацияны планеталарды зерттеу ( Венераны үнемі бұлт торлап жатады) үшін қолданады.

Бүйір жақ шолу принцпін гидролакациялық түсірілімдер үшін де пайдаланады, оны дыбысты толқындарды тіркеуші аппаратуралар көмегімен жүргізеді. Жаңа локациялық бейнелеу түрлеріне , лазерлік локаторлар –лидарлер көмегімен алынатын түсірілімдерді жатқызуға болады.

Көпзональды түсірілімдедің маңыздылығы ерекше, себебі, спектрлердің бірнеше аймақтарында территория біруақытта фотографияға түсіріледі және сканерленеді. Аймақтық түсірілімдерді қосып, синтезделген түсті суреттер алынады, мысалы, түрлі типті ормандар, ауыл шаруашылық жерлер, ылғалданған териториялар т.б. Көпзональды түсірілімдер материалдары-тақырыптық карталарды құрастыруда аса құнды мәліметтер көзі.

Соңғы кезде тағы бір түсірілім түрлері – гиперспектральды түсірім қолданылады, сәулелер, тар көп сандық (10 нм) спектральдық аймақтарда тіркеледі- бірнеше ондаған және жүздеген. Ол тау жыныстарының минерологиялық құрамын анықтауға, мұхиттар мен атмосфераның ластануын зерттеуге мүмкіндік береді. Гиперспектральды түсірілімдер материалдары эклогиялық мониторинг және картографиялау үшін аса құнды болып саналады.



11.5. Табиғи бақылаулар және өлшеулер

Табиғи бақылаулар және өлшеулердің кез-келген тақырыптық карталар үшін маңызы ерекше. Ешқандай жанама және дистанциялық әдістер, табиғи бақылауларды ауыстыра алмайды.

Табиғи бақылау формалары әртүрлі. Гидрогафиялық бақылаулар – бұл өлшемдер нәтижелері журналдар мен кестелерге енгізіледі, физико-географиялық зерттеулерде – сипаттамалар, фотографиялар, суреттер есеп пен күнделіктерде көрсетіледі, геология-геоморфологиялық зерттеулер – кескіндер, скважиналардың бұрғылау мәліметтері, шурфтардың суреттелуі т.б.түрде, геофизикалық түсірілімдерде- физикалық параметрлер бақылау мәндері жазылады.

Табиғи бақылаулар мәліметтерін локализациялау (жайылтпаушылық) нүктелік- жеке пунктер, скважиналар, ашылған жыныстар т.б.; маршруттық- таңдалып алынған бағыт бойынша (профиль, жол, өзен, т.б.) және аудандық – бүкіл зерттелетін территорияны қамтитын. Ерекше, стационарлық бақылау түрі ажыратылады, мысалы геофизикалық полигон, биостанция, экологиялық мониторинг пунктері т.б. Стационарлық бақылау орындары тұрақты, бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі. Бақылаудың ұзақ қатарлары құбылыстар мен процестер динамикасын картографиялау үшін қажет.

Сонымен қатар, маңызды зерттеу материалдары болады, олар бір немесе бірнеше квадрат километрді алып жатқан кіші участкелерді ірі масштабпен өте жғары дәлділікпен жекелеп көрсетеді. Маңызды зерттеулер, кең ауқымды территорияларды бүтіндей қамту мүмкіндігі болмаған жағдайларда қолданылады. Ауқымды, бір типті территорияларға заңдылықты түрде таралған, типтік қатыс бар маңызды, эталонды участкелер зерттеледі

11.6. Гидрометеорлогиялық баұқылаулар

Метеорологиялық, гидрологиялық, океонологиялық станциялар мен посттарда бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер картографиялаудың көптеген түрлерінде кеңінен қолданылады. Бұл мәліметтер жүйелі түрде жүргізілетін өлшемдер арқылы алынады, мысалы, атмосфераны , атмосфералық процесстер, жеке метеорологиялық элементтер (температура, қысым, жауын-шашын, күннің нұр шашуы, жел, бұлттылық т.б.), өзендер, көлдердің, су қоймаларының гидрологиялық режимдері, теңіз және мұхит суларының физико-химиялық сипатамалары және т.б. көрсеткіштер өлшемдері. Өлшемдердің орташа тәуліктік, айлық, маусымдық, жылдық мәндері және атмосфераның түрлі биіктік деңгейлері мен көлдер, теңіздер, мұхиттардың стандарттық горизонттарының және басқа да туынды көрсеткіштері анықталады.

Бақылаулар гидрометеорологиялық желі пунктері мен жер шарына біркелкі таратылып орналастырылған кемелер борттарында жүргізіледі.

Гидрометеорологиялық және окенологиялық мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау жұмыстарын үйлестіру үшін халықаралық ұйымдар – Дүниежүзілік ауа райы қызметі және Океандық станциялардың ғаламдық біріккен жүйелері құрылған. Алынған ақпараттар өңделіп, бақыланып ақпарат сақтауларларында жинастырылады.


11.7.Экономика-статистикалық мәліметтер

Әлеуметтік-экономикалық тақырыптағы карталар мен атластарды құруда негізігі мәліметтер көзі болып бұқаралық мәліметтер: өндіріс ресурстарының динамикасы мен жағдайы, оларды пайдалану, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы, транспорт, энергетика, финанс және халық шаруашылығының басқа да салаларының , халық, білім, мәдениет, қызмет көрсету сфералары т.б. туралы сандық мәлімдемелер саналады.

Негізгі әлеуметтік-экономикалық мәліметтер көзіне мемлекеттік статистикалық және халықаралық ұйымдар жариалаған, мысалы БҰҰ мәлімдемелер жатады. Мемлекеттік статистиканы біріңғай әдістеме бойынша бекітілген бағдарламаға және мерзімге сәйкес жүйелі түрде барлық мемлекеттерде орталық және жергілікті (аймақтық, аудандық, муниципальды) органдар жинайды. Мемлекеттік статистикалық мәлімдемелерді арнайы автоматтанған жүйелер жинақтайды, сақтайды, өңдейді және таратады.

Тұрғындар, мәдениет және қызмет көрсету карталардың мәліметтер көзі болып, кезеңді жүргізілетін халық санағы материалдары жатады, санақ барысында мемлекет және жеке территория тұрғындары туралы демографиялық, әлеуметтік-экономикалық мәлімдемелер жинақталады. Халық санағы біріңғай әдістеме және бағдарлама негізінде барлық территорияларда бір уақытта жүргізіледі де, біркелкі ақпаратпен қамсыздандырады.

Әлеуметтік –экономикалық мәлімдемелер тек картаға түсіру үшін ғана емес, сонымен қатар өндірістік көрсеткіштерді есептеуге, құрамалар сипаттамалары және синтетикалық бағалаулар үшін қолданылады.Өз кезегінде бұл мәліметтер синтетикалық әлеуметтік –экономикалық карталар құру үшін пайдаланылады.
11.8.Мәтіндік мәліметтер көзі

Мәтіндік немесе әдеби-географиялық көздерге, табиғи бақылау немесе теориялық зерттеу процесстері барысында жиналған, әртүрлі географиялық суреттеулер (геологиялық, тарихи т.б) жатады. Әдетте олар белгілі бір формаға келтірілмеген, координаттық байланыс нүктесі болмайды, дегенмен бейнелік және көрнекілігімен ерекшелініп, карталанатын обьект туралы түсінік бере алады. Картографиялауға қолданылатын көптеген мәліметтік көздерді талқылауға, экспедиция есептері, монографиялық еңбектер, мақалалардағы теориялық және нақтылы материалдар пайдаланылады.



Дәріс № 12 Аэроғарыштық картография
12.1.Аэрофототүсірімдер

30жылдардан бастап Ресейде түсіріле бастады, ол аудандардың объектерінің динамикасын зерттегенде қажетті болып табылады. Аэрофототүсірімдер материалдары негізінен елдің топографиялық картографиялау кезінде қолданады, сонымен қатар геологияда, ауыл, орман шаруашылығында қолданылады.



12.2. Ғарыштық түсірімдер

60жылдардан бастап түсіріле бастады. Ғарыштық түсірімдер материалдары әртүрлі.Оның екі технолгиясы бар: фотографиялық және сканерлік жүйені пайдалану. Ол арнайы құрылғылар және датчиктер арқылы жүзеге асырылады. Датчиктер белсенді және белсенсіз (пассивный) болып бөлінеді.Белсенсіз датчиктер нақты шағылыстыруды көрсетеді, ал беосенділер өздеріне қажетті сигнал оның шағылысуын объекттен көрсетеді.

Белсенсіз датчиктерге оптикалық және сканерлік құрылғылар, ультракүлгін, инфрақызыл диапазондары жатады.

Белсенді датчиктерге радарлы құрылғылар, сканерлік лазерлер, микротолқынды радиометрлер және т.б. жатады.

Жер бетін 80-90% бұлттылық жапқан кезде микротолқынды зондылау бұлттың арасынан шағылысуды тіркейді. Сонымен қатар сантиметрлік диапозон атмосфераның әсерін көрсетеді.

2001жылы 18 қазанда Quick Bird -2 ғарыштық аппараты жіберілді.

2001жылы 22 қазанда UCS TES Үндістан тәжірибелік спутник жіберілді. KA TES Үндістанның Министрлік қорғау тапсырысы бойынша жасалынды. Спутниктің негізгі қажетті салмағы - панхроматикалық оптика – электрондық жүйе, бейнелеуді 1 метр кеңістік рұқсатымен алуға мүмкіндік береді.

2004жылы ИСЗ Cartosat -2 жіберді, ол жер бетінің стереобейнелеуін 1 метр рұқсатымен және биік метрлік сипатта үлкен масштабты топографиялық карталарды жасауды және жаңартуды жүзеге асырады.

Соңғы жылдары гиперспектральді түсірімге көп көңіл бөлінеді.

ИСЗ ЕО-1 борт гиперспектральді датчик Hyperion орналасқан, ол 220 зонада көрнекті (видимый) және ИК облысында (0,4 -2,5мкм)

Спектрінде жұмыс істейді.

Мемлекеттік мәліметтерде статистикалық көрсеткіштер топтары қолданылады. Олар: өндіріс, табиғи ресурс және қоршаған орта, техникалық прогресс, ауыл шаруашылығы, транспорт және байланыс, сауда, еңбек және еңбек ақы, халқы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтылуы, халық білімі, ғылым және мәдениет, халық бюджеті, халықты тұрмыстық қызмет көрсету, финанс.

Әр саланың өз көрсеткіштері болады. Мысалы ауыл шаруашылық көрсеткішін қарастырайық. Жер статистикасы мелиорация, химизация, ауыл шаруашылық жұмыстарын өткізу және де өндірісте ресурстарды пайдалану.

Мәліметтер базасында қолданылатын талаптар:



  • сақталып жатқан мәліметтер саны;

  • толық мәліметтер категориясы, математикалық картографиялық модельдеу;

  • позициялық дәлдік;


Дәріс №13 Картаны пайдалану әдісі
Картография –бейне белгі моделі, обьектілерді, табиғат құбылыстарын кеңістікке таралу заңдылықтары бойынша зерттеп картаға түсіру.

Әр ғылымның екі жақты байланысы болады..

а)танымдық, пәнді меңгеру танып білу

б)танып білу әдістері

Картографияның өзіндік танымдық обьектілері, олар: материалдық заттар мен құбылыстарының өзара орналасу тәртібінің барлығы; бұл тәртібтің уақытша өзгеруі.

Картографияның танымдылық құралы (пәні) картаға график тілімен түсіру-нақтылы жағдайды бейне белгі моделі бойынша.

Картография –карта көмегімен кеңістік пен уақытты тоқтатып, жаңартуға, әр дәуірдің ерекшеліктерін, техниканың даму дәрежесін, қоғамды көрсете алады.

Тарихи қалыптасқан картаның екі түрі бар:

1)жалпы географиялық- дүние жүзі құрылымы мен қоғамды көрсетеді;

2)топографиялық, инженерлік, арнаулы карталар күнделікті өмірде, адам қызметінде қолданылады;

3)картографиялық зерттеу әдістері- картадағы құбылыстарды танып білу және талдау

Карта жасаудағы заңдылық

Географиялық карталарды жасаудың ерекше математикалық заңы болады. Географиялық картаның бірнеше ерекшелігі бар: Бірінші, картографиялық проекциялардың көмегімен карта жасау жер бетіндегі объектілердің орны, пландағы мөлшері және пішіні туралы дәл деректер алуға мүмкіндік береді.



Екінші, картографиялық белгілерді картаның ерекше тілі ретінде пайдалану:

а) жер бетінің бір бөлігін, немесе оны түгел қамту үшін қажетті масштабта кішірейтіп алуға мүмкіндік береді және картада алынған масштабта кішірейтіп көрсетуге келмейтін, ал өзінің маңызы жағынан қалдырып кетуге болмайтын объектілерді көрсетуге жағдай жасайды. ә) картада жер бедерін көрсетуді, яғни белгілі бір жердің ойлы-қырлы екендігін кескіндеуді жеңілдетеді;

б) Географиялық картада заттардың сыртқы бейнесімен қатар, олардың ішкі қасиеттерін де (мысалы, теңіз картасында судың физико-химиялық қасиеттерін, ағыстарды т. б.) көрсету оңайға түседі;

в) адамның сезім мүшелері қабылдай алмайтын құбылыстардың (магнит бұрылысы, ауырлық күшінің аномалиясы т. б.) таралуын, тікелей көруге қиын байланыстар мен қатынастарды (шикізат көзі мен оны өңдейтін кәсіпорындардың арасындағы) көрнекі түрде көрсетуге болады;

г) жеке объектілердің ұсақ-түйек жақтарын алып тастап, бәріне ортақ және ең маңызды белгілерін (елді мекендерді халқының саны мен әкімшілік маңызы жағынан сипаттау) көрсетуді оңайлатады, яғии абстракция әдісін қолдануға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, Географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, ягни картографиялық генерализацлялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласынпа пайдаланылады. Ол — жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Халық шаруашылығының- көптеген міндеттерін шешу — географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т. б.— Географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геологиялық құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол— құбылыстардың кеңістіктегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.

Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің толық картасының (топографиялық картасының) мазмұнына: жер бедері, суы, өсімдігі, топырағы, елді мекендері, жол қатынасы, байланыс құралдары, мемлекет және әкімшілік шекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдени объектілері кіреді. Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, еңістікті т. б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т. б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады.

Географиялық картаның құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар Географиялық картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принцптер мен идеяларда. Ал бұл принцптер мен идеялар жаңа не ескі, дұрыс не бұрыс болуы мүмкін.

Географиялық карта планетамыздың және оның жеке бөліктері- құрылықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті және тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, аса бағалы құрал болып табылады.

Сонымен қорыта айтқанда, географиялық карта жер бетінің жазықтықта кішірейтіліп, жинақталып кескінделуі. Географиялық обьектілер онда шартты белгілер арқылы көрсетіледі. Географиялық карталарда тұтас мемлекет, кейде бірнеше мемлекет, тіпті бүкіл жер шары да кескінделеді.

Қазіргі қолданылатын географиялық карталар алуан түрлі. Осы карталарды топтарға, түрлерге бөлгенде олардың мынадай ерекшеліктері еске алынады.

1) карталардың территорияны қамту жөніндегі айырмашылықтары;

2) карталардың мазмұны жөніндегі айырмашылықтары;

3) карталардың масштабына байланысты айырмашылықтары.

Карталардың территорияны қамту жөніндегі айырмашылығы төрт топқа бөлінеді:

а) дүние жүзінің картасы және бүкіл жер шарының бетін кескіндейтін жарты шарлар картасы;

б) жеке материктер картасы;

в) материктер аймақтарының (бөліктерінің) картасы, мысалы,Солтүстік, Оңтүстік Европа картасы;

г)топографиялық карталар.

Карталардың мазмұны жөніндегі айырмасына қарай жалпы географиялық, арнаулы және комплексті карталар болып бөлінеді.

Жалпы географиялық карталарда рельеф, өзендер, көлдер, теңіздер, қалалар қатынас жолдары, ал кейде мемлекеттердің шекаралары да көрсетіледі.Бұл карталарға топографиялық және материктердің көптеген оқулық карталары жатады.

Арнаулы тақырыптық карталарға табиғаттың белгілі бір компоненті (құрамдық бөлігі) немеме халықтың орналасуы, мемлекеттердің алып жатқан орны баса көрсетіледі, мысалы, климат, топырақ карталары, саяси карта ж.т.

Комплексті карталарға, жалпы географиялық элементтердің мазмұнынан басқа, халықтың шаруашылық әрекеті мәселесі, мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығыный негізгі салаларының орналасуы көрсетіледі. Артадағы әрбір сызықшаның , әрбір таңбаның атқаратын қызметі болады.Сондықтан картаны пайдаланбас бұрын оның шартты белгілерімен аңызымен (легенда) танысып алу керек.

Карталардың масштабына байланысты айырмашылығына қарай карталар ірі масштабты 1:200 000 және одан ірісіса 1:200 000-1: 1 000 000 орта масштабты карталар, масштабы 1: 1 000 000 нан ұсағы ұсақ масштабты карталар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет