ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешенін “ҚҰрылыс материалдарын өндіру технологиясы”



бет5/6
Дата17.06.2016
өлшемі466 Kb.
#141505
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер.

1.Бутт Ю.М. Технология цемента и других вяжущих материалов Учебник для инж. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Стройиздат., 1976. – 407 стр..: ил.

2. Лабораторный практикум по курск «Минеральные вяжущие вещества» Буров Ю.С. идр. М.; Стройиздат, 1974г.

3. Сатекев Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. 1,2 том


11 дәріс. Темірбетон бұйымдарын арматуралау және бетондық араласпаны нығыздаудың физика- механикалық негіздері.



Дәріс жоспары:

1.Темірбетон бұйымдарын арматуралау.

2.Бетондық араласпаны нығыздаудың физика- механикалық негіздері.

Арматура деп конструкция жұмыс сипатына сай бетон массасына орналастырылатын кұрыш шыбықтары немесе- қаңқалары және торлары. Темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын арматуралау үшін арматуралық болатты шыбықтардан және сымдардан жасалынатын, арматуралық элементтерін, пісірілген жазық торларын және қаңқаларын, кеңістік қаңқаларын қолданады. Жасалынатын жиналмалық темірбетон бұйымдарын және конструкцияларын көтеру үшін монтаждық ілмектерін, ал оларды өзара құрастыру үшін - салатын бөлшектерін пайдаланады



Салынатын бөлшектер конструщиясы. Жинақталмалы темірбетон бұйымдарына жыл сайын жүздеген - тонна - металл жаратылады. Панельдік үй құрылысында барлық металл шығынының 20 % үй элементтерін бірін - біріне түйістіре беріктейтін осы салынатын бөлшектерді жасауға жұмсалады. Салынатын бөлшектері, конструкциясы бойынша штампталынған және пісірілген болып жіктеледі. Штампталынған салынатын бөлшектер конструкциялары пісірілгендердікімен салыстырғанда жеңілдеу, себебі оларды қалыңдығы 8 мм табақ орнына 4 - 5 мм табақтан жасайды.

Салынатын бөлшектерді құрыш жолағынан жасау мүмкін болмайтын жағдайда штамптауды пайдаланады, ол арматуралық шыбықтарды пісіруді флюс қабаты астында электр доғамен немесе контактылы - рельефтік тәсілдермен орындайды. Соңғысы ең тиімді, себебі жұқалау табақтарды пайдалануға мүмкіндік тудырады, 30 % дейін құрыш үнемдеуге болады.

Салынатын бөлшектерді жасарда - оларды шаблон бойынша кесу жэне автоматталынған кешендерді пайдалану арқылы едәуір металды үнемдеуге мүмкіншілік туады.

Құрыштан жасалынатын арматуралар - өңдеу тэсілдері бойынша-ыстықтай өңделінген, термиялық біріктелінген жэне суықтай деформацияланған болып, қолдану жағдайлары бойынша - алдын-ала кернеуленген жэне кернеуленбеген, профилі бойынша - тегіс жәнё периодтық профилімен болып жіктелінеді және механикалық қасиеттеріне байланысты арматуралық құрышты кластарға бөледі.

Алдын-ала кернеуленген арматура. Алдын-ала кернеуленген бұйымдар жасарда бетонда бүкіл қимасы бойынша немесе тек созғыш кернеулі зонасында ғана алдын- ала қысымдық туғызады. Бұл қысу кернеу шамасы конструкцияны пайдаланар мезгілінде бетонда пайда болатын созу кернеуінен басымдау болуы қажет. Әдетте бетонды алдын-ала қысу 5-6 МПа, ал темірбетондық қысымдылық құбырларды жасарда - 10+12 МПа кернеулікпен қысымдайды. Бетон қысымдалынуы кернеулендіре тартылған арматураны босатқаннан кейінгі серпінділік күш әсерінен болады. Мұндай күш бетонның арматурамен ілінісуі есебінен немесе анкерлік құрылымдар көмегімен бетонга беріледі, нәтижесінде бетон қысылып қалады. Бетон қысылып қалуы үшін колданылатын арматураның серпінділік деформациясы оның ағу шегінің 85 - 90 % құруы тиісті, ал айқын ағу шегі жоқ көміртекті құрыштар үшін - үзуге мықтылық шегінің 65 - 70 % құрайды.

Кернеуленетін арматуралар ретінде сымдық және шыбықтық арматуралық құрыштарды қолданады, ал кернеуленбейтін қосымша арматуралар ретінде, мұндайлар егер кернеуленетін бұйымдарда орын алатын болса, пісірілген торлар жэне қаңқалар жарамды болады.

Алдын-ала кернеуленген бұйымдарды жасарда жеке шыбықтармен (стерженьдермен) немесе сымдар иірмелерімен бетонды бірбіліктілікпен қыспалдауды және екі немесе бірнеше багытта тартыла кернеуленген сымдармен көлемдік қыспалауды қолданады. Конструкцияларда қолданылатын арматуралық элементтер арматурадан, созар кезде арматураны бекітетін кұрылымдарынан және арматуралық элементтерін құрастыратын жеке шыбықтарды және сымдарды жобалық орындарында мызғытпай ұстататын тетіктерден тұрады. Арматураны бекітуге арналған кұрылым конструкциясы арматуралық элементін жасау үшін қолданатьн машина мен тетіктерді, типтермен байланысты болады. Бұл тетіктердің екі түрін қолданады - қысқыштарын жэне анкерлерін (қазықшаларын). Арматураларды бекіту тәсілдері бойынша бұлар былайша жіктелінеді: сыналықтар, жалпақтар, сопақтылар, толқындықтар, ілмектер, бұрамалықтар, жабықтылар. Келтірілген тетіктерде арматуралық иірілме ұштарын жұмсақ кұрыш дөңгелек сақинаға кіргізіп престейді. Бұрамалықтан (оймалықтан) басқа келтірілген тетіктердің барлығы стерженьдерді және периодтік профильді стерженьдерді бекіту үшін қолданады.

Шыбықтық (стерженьдік) арматураны ұстату жэне бекіту үшін винттік оймасы бар немесе профильдері созылдыра тартылатын арматура профиліне кері профильдегі түрлі «сына тэрізді кескінді» қолданады. Қысқыш құрылымдардың прогрессивтік конструкциясына алдын-ала механикаланған жолымен сымдық пакеттерді құрастырарда қолданатын топтық қысқыштары жатады. Әрбір шыбықты (стерженьдерді), сымдар таралымын немесе олардың топтамасын бекіту үшін қысқыштарын қолданады. Сым иірмелері үшін анкерлер тарту тәсілі және ұштарын бекіту бойынша ажыратылады. Иірілмелерді бекіту үшін қазықшылардың (анкерлердің) екі түрін: конус тәріздісін - екіжақты эсерін домкратпен арматураны тартады және гильзалықты - арматураны стерженьдік домкратпен тартарда қолданады.



Алғашқы кернеуді арматурадан бетонға беруді үш тәсілмен жүзеге асырады: біріншісі - диаметрі 2,5 -3 мм арматура мен бетон ілінісуі арқасында; үлкен диаметрдегі арматураның бетонмен ілінісуін сым бетінде жаншылған ойықтар қалдыру арқылы немесе екі - үш сымнан иірілме кұру есебінен, не болмаса периодтық профильдегі арматураны қолдану арқылы жетілдіреді. Екіншісі - қазықшылар құрылымымен нығайтылған арматураның бетонмен ілінісуі арқылы; үшіншісі - арматура мен бетон ілінісуін ескермей-ақ, арматуралық элементтері ұштарындағы қасықшылар құрылымдары арқылы тартылу күшін бетонга көшіру, жолымен. Арматураны тарту тәсілі механикалық және электромеханикалық болып екі топқа жіктеледі. Механикалық тэсілде домкрат көмегімен арматура біліктік күшпен тартылады. Алдымен арматура жобалық кернеудің 50% тең күшпен тартылады. Осы қалпында қысқыш құрылғысын жэне арматураларының орындылықтарын тексеріп пысықтайды. Сосын арматура тартылу шамасын жобалық тартылуынан 10% асатынға жеткізеді, бірақ сымның созуға мықтылық шегінің 85% аспайтындай болуы керек. Осындай күйінде 5 мин ұстап тұрады, бұдан кейін тартуды жобалық - шамасына дейін төмендетеді. Кернеуленген арматураны босатуды (бетонды қыспалау) бетон бұйымы талапқа сай мықтылығына жеткенде және бетондағы сымдардың ұштары бекімдіктерін тексеріп барып жібереді. Дәл бетон мықтылығын байқаулық үлгілерін сынаумен анықтайды. Арматураны жіберер уақытына таялғанда, әдетте, бетон мықтылығы жобалығының 70%о құрайды. Тартылуын жіберуді стендада біртіндеп екі-үш этапта жүргізеді. Тартылынған сымды біртіндеп жіберу мүмкін болмаған жағдайда, бұйым қиығы білігіне симметриялығын сақтай отырып, сымдардың жалпы санының бірден, 10-Н5 %- дан кесу арқылы кернеу бетонға беріледі. Механикалық тәсіл бойынша әдетте, арматура арнаулы стендада тартылады. Электрикалық тәсіл құнды жабдықтарды қажет етпейді жэне еңбек сыйымдылығы шамалы. Мұндай тәсіл шыбықтық (стерженьдік) класс арматуралық құрышты, аса берік құрыштық сымдардан жасалынған сымдық жэне иірілмелі арматураларды, суықтай өңделінген, диаметрі 4-5 мм периодтік профильдік сымды жэне жеті талшықты сымдар иірілмелерін тарту үшін қолданады. Электрикалық тәсілмен арматураларды созу үшін бірінен кейін бірін немесе бірңеше стерженьдерді бірден тартатын қондырғыны қолданады. Бұдан басқа стержндерді қалыптан тыс немесе тікелей соның ішінде қыздыратын қондырғылар да болады. Қалыптан тыс шыбықтық арматураларды электрмен қыздыру қондыргысында диаметрі 12-5-14 мм, бұйымдардағы санына сай келетін бірнеше құрыш шыбықтарын бірден қыздыруға мүмкін болады. Қондырған екі контактылық тұрғыдан (бірі жылжымайтын, екіншісі жылжымалы) және бір аралық тіректен тұрады. Әрбір контактыда екіден губкалары бар: біреуі токжүргізуші, ал екіншісі - қыспалық. Шыбықтардың қыздырылуын автоматикалық жолмен бақылайды, қыздырылган шыбықтары (стерженьдерді) қондырғьщан алып қалыптардағы тіректерге тиеп орналастырады. Осы қалыптардағы тіректер арматура суый келе, қысқаруына кедергі болады. Конструкция нығыздалып қалыпталынған бетон қатайғаннан кейін арматураны тірегінен босатып арматурадағы тартылу күші бетонға беріледі. Нәтижесінде бетон алдын-ала кернеуленген болып қалады. Арматураны үзіліссіз механикалық және электромеханикалық тәсілмен тарту (созбалау) мәнісі мынада: берілген шамаға дейін алдын-ала кернеуленген сымды қабылдалынған арматуралау схемасына сәйкес қалып тығырығына (поддонға) орналастырады. Тартылған сымды сол күйінде бекітуді тығырық периметрі бойынша орналасқан қазықшаларға ұштарын орау жолымен қамтамасыз етеді. Тартылудан пайда болатын күш конструкциядағы бетон қатайганға дейін қазықшалар арқылы стендаға немесе қалыпқа беріледі. Бетон қатайып қажетті мықтылығына жеткеннен кейін сымдар ұштарын кесіп босатады, нэтижесінде сымдардағы тарту кернеулері тікелей бетонға беріледі де алдын-ала кернеуленіп қалады. Бұйым білігіне қатысты арматура байлығымен немесе көлденең, қиыстыра немесе диогналымен орналастырылуы мүмкін. Мұндайда, бетон екі-үш қабатты және тіпті көлемдік алдын-ала қыспалануы мүмкін. Бетон кеуектілігі жоғары, жарықтары болса және қорғаныс қабат қалыңдығы жеткіліксіз болып қалған жағдайларда арматура коррозияға ұшырауы мүмкін. Оның үстіне ауа ылғалдылығы 80% айналасында коррозия процесі өте үдемелі жүреді, әсіресе климаты ыстық және ылғалды теңіз-көлдер аймағында коррозия асқынып кетуі әбден мүмкін. Металл және металл бұйымдары тарауында айтқанымыздай, коррозияны жеделдететін қосымша фактор болып бетон мұздануына қарсы және қатаюын үдемелету үшін араласпаға енгізілетін хлорлық кальций ерітіндісі екені айқын. Темірбетон конструкцияларында хлоридолардың мөлшері 2% аспағаны абзал, ал алдын-ала кернеуленген конструкцияларында, диаметрі 5 мм кем сыммен арматураланған конструкцияларда, сондай-ақ, ауа ылғалдылығы 60% жоғары жағдайларда пайдалануға арналған конструкцияларда оларды қолдануға мүлде болмайды. Салынатын детальдарын коррозиядан қорғау мақсатында арнайы өңдеуден өткізеді. Бірқатар жағдайларда, мысалы, ұялы бетондарда бүкіл арматураларды арнаулы слақтармен және ерітінділермен бүркеп коррозиядан қорғайды. Кернеуленбейтін арматураларды жасау мынандай операциялардан тұрады: құрыш сымды және шыбықты даярлау -тазалау, түзеу, кесу, түйістіру, майыстыру; стерженьдерден жазық торларды және қаңқаларды қүрастыру, көлемдік арматуралық қаңқалар жасау, оларға жинақтау ілмелерін, салынатын деталдарын, тіреулерін (фиксаторларын) орындарына пісіру жэне т.б. ілеспе жүмыстардан. Шыбықтық арматура қүрыштары (диаметрі 10 мм дейінгісін) зауытқа бухта түрінде жеткізіледі, ал диаметрі 10 мм жоғарыларын ұзындығы 6-12 м шыбықтар түрінде немесе тапсырма -келісімге сай өлшенетін ұзындықта жеткізіледі. Бухтадағы арматуралық сым бүтін бір кесіндіден тұруы керек. Шыбықтық арматуралық құрышты берілген ұзындықтағы стерженьдерге кеседі, қажет болса пісіре жалғастырады. Жалғастыруын түйістік электрпісіру арқылы орындайды. Үлкен диаметрдегі стерженььдерді түйістіру үшін электр доғамен пісіруді қолданады. Электрмен түйістіре пісіруді стерженьдердің жалғасатын жерлеріндегі ұштарын электр тоғымен балқыту тәсілімен орындайды. Мұндайда стерженььді бір - біріне қысып тұрып пісіреді. Монтаждық ілмелерді, қамыттарды, салатын детальдарды және т.б. пішіндегі арматуралық элементтерді жасарда шыбықты жэне сымдық арматуралық құрыштарды кескеннен соң тиісті бұйымдарға бейімдеп имелейді. Құрыштық арматуралық стерженьдерден торларды және қаңқаларды құрастыру үшін нүктелеп электр пісіру тәсілін қолданады. Мұндай пісіруді арнаулы пісіруші аспаптар көмегімен орындайды. Бұлар өзара трансформатор қуаттылығымен, бір уақытта пісіретін нүктелер санымен (бір және көпнүктеліктер), пісірілетін стерженьдер қысу үшін пайдаланатын құрылғы сипатымен ерекшеленеді. Пісіруші машиналар басқа машиналар мен қондырғылар құрамында дайын арматуралық элемент түрінде жазық торларды жасайтын, кеңістік қаңқаларды жасау үшін,шалафабрикаттар жасайтын автоматталынған тасқындық созынды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ені кең торлар жасайтын автоматталынған созындық келтірілген. Созындық құрамына бойлық және көлденең бағытта сым созуға топтастыра бухталар ұстағыштар, түзеткіш кұрылымдары, кесетін кұрылымы бар пісіру машинасы және т.б. кондырғылар кіреді. Көлденең және қосымша бойлық стерженьдерін беруге электромагниттік программаланған жүйесі карастырылған. Торларды көлденеңнен кесу үшін пневматикалық қайшысы, салынағын детальдарын пісірткізу және тіректерін, бекітетін құрылым постылары бар. Бетондық араласпаны тыгыздау оның бүкіл құрылыстык касиеттерінің қалыптасуына негіз болатын басты өндірістік фактор. Шала тығыздау бетонның мықтылығын жэне мэңгілігін төмендетеді және тағы басқа қасиеттерін нашарлатады. Сондықтан, бетон араласпасын тығыздаудағы мақсат - оны қалыпқа тығыздап салу. Тығыздалған бетонның структурасы біркелкі болады және кейбір ауалық кеуектер мен қуыстар көлемі мүмкіндігінше аз болады.

Тығыздау сапасын, бетон араласпасының дэл (фактлық) орташа тьіғыздығының оның теориялық тығыздығына қатынасы, демек арқылы сипаттайды. Егер Кт > 0,98 болса, тығыздау деп саналады. Мұны тығыздалынған бетонда ілестірілген ауа көлемі 2% аспайды деп түсінуге болады.

Бетон араласпасының қаттылыгы неғұрлым жоғары болса, оны тығыздау үшін соғұрлым энергетикалық шығын көп болады. Бетондық араласпаны тыгыздау тэсілдерінің ішінде дірілдете тығыздау өндірісте кең орын алған. Жиналмалық, темірбетон зауыттарында бұйымдарды жэне конструкцияларды арнаулы дірілдек алаптарында тығыздай қалыптайды. Жылжымалы бетон араласпасынан тұтастық конструкция құярда, бетонды тереңдік немесе сырт беттік дірілдетпелермен тығыздайды. Дірілдеткен кезде, бетон араласпасының түйіршіктеріне механикалық тербеліс беріледі де, жеке түйіршіктер аралығындагы байланыс ылғи бұзылуда болады, іштік үйкеліс жэне ілінісу күштері азаяды. Бетондық араласпа ауыр сұйық тәрізді жұмсақ-қою болып ағатын қасиетке ие болып, салмақ күшінің әсерімен, қалыпты біркелкілікпен толық толтырады және тығыздалынады

Жайпақ конструкцияларды тығыздау үшін, алаптық немесе рейкалық дірілдетпелерді, массасы ауыр конструкцияларды тыгыздауға тереңдік дірілдетпелерді, қолданады. Тығыздалатын конструкцияларында тығыздалынбаған жері қалмайтындай, ұқыптылықпен дірілдетпелерді жылжытады. Дірілдете нығыздаудың тиімділігі дірілдету үдемділігі мен ұзақтығына байланысты келеді. Дірілдету үдемділігі У тербелудің амплитудасына а және жиілігіне Ғ байланысты болады, олардың бірлесе тигізетін әсерін В.Н.Шмигальский белгісімен ескереді:

У = /ш2/3

Мұндағы к - пропорционалдық коэффициент.

Өте қатты бетон араласпасын тығыздау үшің жүк бастыра дірілдету, дірілдете пресстеу және дірілдете штамцалау тәсілдерін колданады. Құбырларды және құбыр тәрізді конструкцияларды калыптау үшін центрифугалау тэсілін жиі қолданады. Барлық калыптау тәсілдеріне қойылатын талап - бетонараласпасының берілген ныгыздалу (тыгыздалыну) дәрежесін қамтамасыз ету. Кәдімгі ауыр бетон үшін тығыздалу коэффициенті 0,98 кем болмауы қажет Әрбір бетондық қоспа үшін өзінің оптималдық дірілдету үдемелігі болады, одан асып кеткенде бетон керісінше босанып кетеді, демек бетон араласпасының сипаттамасына сэйкес, дірілдетудің тербелу жиілігін Г жэне амшштудасын таңдау қажет. Тербелу жиілігі 3000 тер/мин жиі пайдаланады, майда түйіршікті араласына 6000-10000 тер/мин. Ірі түйіршікті ауыр бетон араласпасы үшін тербелу амплитудасы, әдетте, а = 0,3-0,7 мм, және де араласпа қаттылыгы жоғарылаған сайын, оны үлкейте береді (қаттылығы 15-20 с болғанда а - 0,3-0,4 мм, қаттылыгы 30-40 с болғанда а = 0,6-0,7 мм). Майда түйіршікті бетондық араласпа үшін амплитуда 0,15-0,4 мм тең. Тым үлкен амплитуда, бұйым үстіне жүк салмай дірілдете нығыздағанда, бетон структурасын керісінше қопсытып, бетонның құрылыстық қасиетін нашарлатып жібереді.Қабылданған тербеліс параметрінде эрбір бетон араласына тэн оптималдық дірілдету үзақтығы болады. Дірілдету ұзақтығы жетімсіздеу болғанда, бетон онша ныгыздалынбай мықтылыгы төмендеуі байқалады, аса үзақ дірілдету тыгыздыгын және мықтылығын айтарлықтай асырмайды, сондықтан, оның оптималдык шамасын тэжірибелік жолмен анықтаған оңды. Практика жүзінде дірілдету ұзақтығы 30-40 с-тен 3-5 мин. дейін ауытқуы мүмкін.

Кейінгі жылдары төмен жиіліктік, оның ішінде тербелістің зсинхрондық түрі, және бетон араласпасын соғып нығыздайтын тәсілдер кеңінен орын алуда. Бұл тығыздау тәсілдері энергияны үнемдеуді, жұмысшыларға дірілдетудің залалды эсерін жұмсартуды, жэне дірілдеткен мезгілде бетон араласпасына ауа іліктіруді төмендете беті теп-тегіс бұйым шығаруды қамтамасыз етеді.

Соғып нығыздау тэсілімен бұйымдар жасарда бетон араласы салынған қалып шамалы биіктікке көп рет көтеріліп жэне қайта салмағымен еркін түседі. Сөйтіп бетондық араласпа біртіндеп тыгыздалады. Бұл тэсілмен қалыңдығы (биіктігі) едәуір және күрделі пішінді бұйымдарды нығыздауға мүмкіндік туады, бірақ жұмсақ немесе жылжымалылығы аздау бетондық араласпаны қолдануды қажет етеді. Дірілдету жэне соғу эсерлерін үйлестіре бетондық араласпалардың, оның ішінде қатты бетон араласпасының тығыздалу тиімділігін жоғарылату әбден мүмкін. Қондырғы жұмысының тиімділігін жоғарылату жэне энергия шығынын төмендету үшін, оның жұмысын резонанстық режимде қамтамасыз етуге тырысады. Кейінгі жылдары бетон араласпасын дірілдетусіз нығыздау тэсілдері дамып келеді. Ол тэсілдерге жататындар: құйма тэсілІ, центрифугалау, роликпен домалатып ныгыздау және т.б. Құйма тэсілі бойынша бетон араласпасын құбыртізбесімен тасымалдап, тікелей қалыптарға кұяды. Мұнда араласпалар дірілдетуді қажет етпейді, қалыпты жақсы толтырады, бірақ, бұл жағдайда бетон араласпасы бөлектеніп кетпеуін қамтамасыз ететін шараларды жүргізуді қажет етеді, мысалы химиялық немесе ұнтақталған арнаулы су ұстағыш қоспаларды қолдану керек. Бұл сияқты бетондық араласпалар, көп су ұстағандығынан, берік әрі ұзақ жасайтын бетондар алуды қиындатып жібереді. Дегенмен, кұйылма тәсіл өнімділігі жогары келеді жэне кейінгі кезде белгілі болган тиімді химиялық супержұмсартқыштарды қолдану мүмкіншілігін ескерсек, бұл тәсіл кіші және орташа маркалы бетондар алуға әбден ыңғайлы.
Әдебиеттер.

1.Бутт Ю.М. Технология цемента и других вяжущих материалов Учебник для инж. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Стройиздат., 1976. – 407 стр..: ил.

2. Лабораторный практикум по курск «Минеральные вяжущие вещества» Буров Ю.С. идр. М.; Стройиздат, 1974г.

3. Сатекев Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. 1,2 том

12 дәріс. Силикаттық құрылыс материалдарының түрлері. Шикізат материалдарын қазып алу және оларды дайындау.

Дәріс жоспары:

1.Силикаттық құрылыс материалдарының түрлері.



2.Шикізат материалдарын қазып алу және оларды дайындау.

Силикаттық қаптаушы плиталар ұнтақталынған,сөндірілмеген әк пен құм араласынан жасалынады. Плиталардың мықтылығын және мәңгілігін асыру үшін екі тәсілмен ұнтақталынған құм қосылады: диірменде құмды сумен араластыра тартып алынған шлам түрінде және кұрғақтай әкпен аралас күйінде. Шламдағы су мөлшері 30-35%, ал тартылмаған құмға қарағандағы шламның мөлшері – 10-15%. Құрғақ тәсілді қолданғанда 20-30% құм қосылған сөнбеген әк тасын шар тәрізді диірменде ұнтақтайды. Даярланған құрғақ аралас шығындық әк салмалысына жіберіледі, одан дозатор арқылы ерітінді араластырмашыға салынып, ылғалдылығы 14-48% біркелкі етіп араластырылған әктілі-құмдық араласпа алынады. Силикаттық қаптаушы плиталарды дірілдемелі алабында (площадкада) қалыптап тығыздайды. Қалыпталынған бұйымдарды толық ұстасып болғанша 4-8 сағат бойы 18-20 С ортада ұстайды, сосын қажет болған жағдайда, бұйымдардың бет жағын өңдеп барып автоклавқа тиейді. Автоклавта 12-14 сағат бойы қатайғаннан кейінгі плиталардың қысқандағы мықтылық шегі 20 МПа және одан жоғары шамаға жетеді. Қаптаушы плиталарды булау тәртібі мынадай: будың қысымын 0,8 МПа дейін көтеру - 4 сағат бойы, осы қысымдықта ұстау - 6 сағат, қысымдықты төмендету – 2-4 сағат бойы. Бұйымдардың қатаю процесінің жалпы ұзақтығы – 18-22 сағат созылуы мүмкін. Дайын қаптаушы бұйымдар, оларға қойылатын негізгі екі талапқа сәйкес болулары керек: мәңгілігі және уақыт өткен сайын өзгермейтін декоративтік сапасы жағынан. Олардың түсі таза ақ немесе кез келген минералдық сілтіге тұрақты пигменттермен оңай боялатын болуы мүмкін. Плиталардың тығыздығы – 1900-1950 кг/м3, қысқандағы беріктік шегі -20-30 МПа, сусіңіргіштігі, массасы бойынша - 16% көп емес, аязга шыдамдылығы - Ғ25 кем емес. Оларды тұрғын, азаматтық және өнеркәсіптік үйлер қабырғаларын қаптауға қолданады.


Силикаттық бетоннан жасалынатын ірі мөлшердегі қүрылыстық бүйымдар.
Силикаттық бетон өндірілетін көлемі бойынша конструкциялық материал ішінде үшінші орын алады. Техника және технология жағынан жақсы ұйымдастырылған, қазіргі ТМД елдеріндегі зауыттарда цементтік бетондардан қандай элементтер жасалынатын болса, сондай элементтер түрлерін силикаттық бетоннан жасау тәсілдері меңгерілген. Силикаттық бетоннан жасалған ішкі қабырғалық панельдер, блоктар, жабындық панельдер, баспалдақтар, тіректер, арқалар және т.с.с. конструкциялар түрлі үй құрылыстарында, 9-12 қабаттық тұрғын үйлер құрылысында, қолданылып келеді. Бұл бұйымдар тығыз және кеуекті денелі болуы мүмкін.

Тығыз денелі силикаттық бұйымдарды кварцтық құмнан (70-80%), ұнтақталынған кұмнан (8-45%) және ұнтақталынған сөңдірілмеген әктен (6-10%) тұратын араласпадан қалыптап және автоклавта өңдеп шығарады. Мықтылығы 10-15 МПа дейінгі силикаттық бұйымдар үшін 6-10% әк қосып құмды ұнтақтамай-ақ қолдана береді. Силикаттық бетон бұйымдарын жасау мынандай негізгі операциялардан тұрады: күйдірілген әк тасын майдалаудан; әкті, құмды және гипсті біріктіріп домалақ диірмендерде ұнтақтап әктілі-құмдық байланыстырушыны даярлаудан; еріксіз араластыратын бетонараластырғышта ұнтақталынған әктілі-кұмдық байланыстырушыны құммен біркелкі араластырып силикаттық бетон араласпасын даярлаудан; дірілдетілме столда бұйымдарды қалыптап және белгілі бір уақыт бойы ұстаудан; қалыпталынған бұйымдарды автоклавта берілген режимде өңдеуден. Ірі мөлшердегі дірілдетіле тығыздалынып қалыпталынған силикаттық бұйымдар тығыздығы 1800-2300 кг/м3 және мықтылығы 15+50 МПа, аязға шыдамдылығы - Ғ50 және одан да жоғары, жұмсару коэффициенті бойынша суға шыдамдылығы - 0,75 кем емес. Әктілі- кұмдық араластағы құмның ұнтақтылығын (2500 см2/г және одан жоғары) және мөлшерін жоғарылату арқылы, тығыздығын нығайту және тиісті тәртіппен автоклавта өңдеу жолымен силикаттық бетон мықтылығын 100 МПа дейін жеткізуге мүмкіншілік бар. Дегенмен, силикаттық бұйымдардың өздеріне тән кемістіктері де бар -деформациялануы басымдау, соның салдарынан серпінділік модулі цемент негізінде ірі толтырушыларды қолдана жасалынған бетондыкінен 1,5-2 есе төмендеу. Бірақ жылжымалы деформация сипаты (деформации ползучести) цементтік бетондағыдан 1,5-3 рет төмен болады. Бұл екі түрлі бетондардың жалпы деформациялық шамалары (қысқа және ұзақ уақыттық) өзара бірдей. Сондықтан, кәдімгі цементтік бетонның орнына тығыз силикаттық бетонды қолданарда, конструкция қимасын және олардың арматуралануын өзгерту қажет емес. Силикаттық тығыз бетонның суға және аязға шыдамдылығы кәдімгі тығыз цементтік бетондыкінен біраз төмендеу болғанымен, азаматтық және өнеркәсіптік үйлерінің сыртқы конструкцияларына қойылатын талапты толық қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда, силикаттық бұйымдардың мықтылығын және аязға шыдамдылығын кепілдікпен жетілдіру үшін әктілі-құмдық араласқа 10-15%-дай шамада портландцемент қосады.Тығыз силикаттық бетоннан жасалынған конструкциялардағы және бұйымдардағы арматураның ылғалдылығы 60% жайларда коррозияға ұшырайтын қауіптігі жоқ. Әрине жоғарғы ылғалдылықта және өзгеріп тұратын тәртіпте (режимде) пайдаланатын жағдайда коррозияға карсы сылайтын заттармен арматураны міндетті түрде қорғау қажет. Сонымен, силикаттық бетон және силикат темірбетон бұйымдары кәдімгі цементтік бетон және темірбетондармен пара-пар дәрежеде тұрғын, өнеркәсіптік және қоғам үйлерін салуға қолданылады, тек ылғалдылығы жоғары жайларда (үй фундаменті және іргесі үшін) қолдануға жарамсыз. Силикаттық бетон және силикат темірбетон конструкцияларының айтарлықтай басымдығы да бар: шикізат құны төмен, цемент шығынынан әк шығыны екі есе аздау, шикізат материалдарын тасымалдау радиусы шамалы, өнімнің өзіндік құны төмен. Оның үстіне силикаттық кұрылыс бұйымдарын жасайтын кәсіпорын салу үшін жүмсалатын меншікті қаржы кэәімгі темірбетон бұйымдарын жасайтын сондай кәсіпорнын салумен салыстырғанда 15-30% аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет