ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешенін “ҚҰрылыс материалдарын өндіру технологиясы”



бет3/6
Дата16.06.2016
өлшемі467 Kb.
#138462
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер.

1.Бутт Ю.М. Технология цемента и других вяжущих материалов Учебник для инж. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Стройиздат., 1976. – 407 стр..: ил.

2. Лабораторный практикум по курск «Минеральные вяжущие вещества» Буров Ю.С. идр. М.; Стройиздат, 1974г.

3. Сатекев Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. 1,2 том


8дәріс. Темірбетон бұйымдарының номенклатурасы және техника- экономикалық көрсеткіштері.

Дәріс жоспары:

1.Темірбетон бұйымдарының номенклатурасы.

2. Техника- экономикалық көрсеткіштері.
Бетон даярларда қолданатын толтырғыштардың көпшілігі стандарттар талабына толық сэйкестенбейді. Темірбетон конструкцияларын жылумен өңдерде көптеген ыстық бу пайдаланусыз далаға шығындалады, қалып паркінің жаңалануы нашар, бетондық араласпаны даярлауға эбден жарайтын өндіріс қалдықтары әлі де болса аз пайдаланады. Өндірісте, эсіресе қалыптау жэне арматура жасау цехтарында еңбек сыйымдылығы осы уақытқа шекті жоғары болып келеді, қолмен істелінетін жұмыс көлемі көптеу, өнеркэсіп құрылысына қолданатын конструкцияларды жасарда, қол жұмысының үлесі 40% жетеді. Төменгі класстар бетондарынан жасалынатын конструкциялар үлесі айтарлықтай, сонымен қатар, жоғары мықтылық бетондардан жасалатын тиімді конструкциялар небэрі 0,1-0,2% аралығында. Жеңіл және кеуекті бетондардан жасалатын жинақты жүккөтерімші жэне қоршаушы конструкциялар көлемі бар болганы 15-20% аспайды. Көптеген нысандар тым ұзақ салынып, техникалық - экономикалық көрсеткіштері төмендеу болатыны жиі кездесіп тұрады. Оның үстіне ғылым және техника- технология жетістіктерін шаруашылық салаларына енгізу жұмыстары бүгінгі күннің талабына сәйкестенбейді. Осы келтірілген құрылыстағы олқылықтарды жою негізінде бағдарлама жасап, күрделі кұрылыста бұдан былайғы уақытта индустриялау процесін дамыту жэне еңбек өнімділігін асыру бойынша пэрменді шара жүргізу құрылысшы мамандар мен ғалымдардың маңызды мақсаттары мен міндеттері болып саналады.

Қазіргі нарықтық жағдайда құрылыс саласындағы эрбір маман міндеті қаражат шығынын, эрбір еңбек сағатын, эрбір материал (цемент, бетон, металл, темірбетон жэне т.б.) өлшемін тиімділікпен пайдалануды дәл есептеу. Өндіріс экономикасын тереңірек түсінбей, өнеркэсіп өндірісінің тиімділігін асырудың жолдары мен негізгі багыттарын таңдау жэне бағалау тэсілдерін меңгермейінше, материал жэне еңбек қорларын үнемдеу амалдарын білмейінше, бұл міндеттерді шешу мүмкін емес. Бетон және темірбетон онімдерін қүрылыста қолданудың бастапқы негіздері. қазір бетон жэне темірбетон неше түрлі үй жэне ғимараттарды тұрғызу үшін кеңінен қолданатын материалдар мен бұйымдар. Бетонды құрылыста кеңінен қолданудағы бастапқы негіз, ол байланыстырушыны жэне толтырғыштарды өндіруге қажет табиғи шикізаттың таусылмас қорының барлыгы; байланыстырушы мен толтырушыны жасау үшін өнеркэсіп өндіріс қалдықтарын пайдаланудың экологиялық маңыздылығы; түрлі толтырғыштарды, оның ішІнде жасанды кеуекті толтырғыштарды қолдана отырып, бетон орташа тығыздығын кең аралықта өзгерту мүмкіншілігі; азаматтық жэне өнеркэсіптік құрылыстардың, оның ішінде жерастында, суастында және суүстінде пайдаланатыны, ғимараттардың қатаң жэне түрлі талаптарын қанағаттандыру мүмкіншілігі. Темірбетон конструкцияларына қажетті архитектуралық жэне пайдаланарлық қасиеттерін беру мақсатында қолданатын көптеген құрылыс жэне өңдеме материалдарымен бетонның сыйысушылығы. Темірбетон өнеркэсібінің дамуына қозғаушы күш болған факторларды екі топқа бөлуге болады: біріншісі конструкциялық шешімдерді жетілдіруге немесе жаңа конструкциялардың пайда болуына мүмкіндік беретін факторлар; соның арқасында жетерліктей тиімді жэне сенімді тэсілдермен конструкциялық жетілдіру жагын шешу мумкін болып, темірбетон бұйымдарын жасау жэне тұтас конструкциялық тұрғызу көлемі көбейе түсті. Әртүрлі құрылыс саласына керекті темірбетон бұйымдары номенклатурасының құрамын кеңейтуге, сондай-ақ, жобалық шешімдерді эрі қарай жаңалау бағыттарына эсер ететін және конструкциялар мен ғимараттарды жетілдіру қажеттігін анықтайтын факторлар.

Бірінші топтағы факторларға жататындар: бетон жэне темірбетон ғылыми теорияларын ескерудің тәжірибелік тэсілдерінің дамуы; турлі бетондардың (ауыр, жеңіл, ұялык, ыстыққа төзімді жэне т.б.), тиімді арматуралық құрыштары мен арматуралық бұйымдардың жасалынулары, белгілі технологияларды жэне өндіріс процестерін дайындау жэне жетілдіру, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын зауыттық жағдайда жасау үшін тарамдалған мықты өнеркәсіптерінің кұрылуы. Екінші топтағы факторлар онеркэсіптік, қоғамдық жэне тұратын үйлердің аумақтық жоспарлық шешімдерін дамытуды, конструкцияларды унификациялауды және типизациялауды, құрылыстардың жаңа түрлеріне (көліктер, байланыс, атомдық энергетика ғимараттарына жэне т.б., жерастында және суастында ерекше жағдайларда салынатын ғимараттарда) темірбетон конструкцияларын қолдануды кеңейту мүмкіншілігін қамтиды.

Бетон жэне темірбетон конструкцияларының беріктілігі мен мэңгілігінің жоғарылығы, олардың жоғары температура жэне агрессивтік орта әсерлеріне тұрақтылығының жоғарылығы, су

астында бетоннның қатайып мықтылығын жоғарылататын қабілеті, бетонның жэне темірбетонның үйлерді, ғимараттарды және конструкцияларды арналуына жэне пайдалануына сәйкестендіре салу жэне тұрғызу мүмкіншілігі кұрылысшыларды ертеден қызықтырған.

Ресейде темірбетонды XIX ғасырдың 80 - ші жылдарынан бастап қолданатын болған. Көбінесе, темірбетонды көпқабатты өндірістік жэне азаматтық үйлерді, порттық ғимараттарды жэне көпірлерді саларда қолданған. Бірқабатты жэне көпқабатты өнеркэсіптік үйлердің жүк тиеліп тұратын басты конструкцияларын (іргесін, баганасын, кранасты арқалығын, жабынын және тіпті қабырғасында, арқалық және арқалықсыз жабындыларды) біртұтас темірбетоннан орындаған, сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлерді, элеваторларды, салмаларды, сыйымдықтарды, жерасты ғимараттарын тұтастандырған темірбетоннан салған.

Жиналмайтын темірбетонды кең қолдану үйлер мен ғимараттарды типтік жобалар бойынша салуға көшуді талап етті. Бетон араласпаларының неше бір түрлерін дайындау мүмкіндіктері пайда болды. Мұншама түрлі бетон араласпаларын іске пайдалану дірілдете тығыздаудың нешебір тэсілдерін, тауар бетон зауыттарында және жинақшыл темірбетон кэсіпорьіндарында цемент пен толтырушыларды автоматикалық тэсілмен дозалауға көшу, еріксіз араластыратын бетон араластырғыштарын өндіріске енгізу жэне т.б. техникалық прогресс арқасында мүмкін болып, бұл өндіріс саласында ТЭК жақсартуға қол жеткенді.

Темірбетон бұйымдары мен конструкциялар типтері

Жиналмақшы темірбетон бұйымдары мен конструкциялары құрылыс комбинаттарында және темірбетон зауыттарында жасалынатыны белгілі. Сондықтан, оларды жобаларда бұйымдардың зауыттық технологиялығына қойылатьін талаптары ескеріледі. Бұл талаптар элементтердің шектік массасын, олардың геометриялық мөлшерлерін, пішінін және элементтер қимасын, олардың арматуралануын, зауыттық дайындык дэрежесін анықтауға негіз болып табылады. Көліктік жэне жүккөтермелік жабдықтар шарты бойынша элементтер ұзындығы, әдетте 25 м, ені 3 м жэне массасы 25 т. аспайды. Типтік жиналмақ конструкцияларының номиналдық мөлщерінен рұқсат етілетін ауыткуын стандарттармен және техникалық жағдаймен тағайындайды, әдетте ±5- 10 мм құрайды.

Өндірісте цемент үнемдеу мақсатында бұйымдарды минустық рұқсатымен шығаруға талаптанады. Жиналмақ темірбетон бұйымдары ұзындық, жазықтық, блоктық, кеңістік түрінде шығарылады. Бірінші түріне бағаналар (тіреуіштер) ригельдер, арқалықтар, прогондар, қадалар, фермалар жатады, екіншісіне - жамылтқы және жабынды плиталары, қабырға жэне қалқа панельдері, бункерлер, резервуарлар қабырғаларыдіреуіш қабырғалар; үшіншісіне - массалық бұйымдар іргетас, құрама іргетастар, жертөле қабырғалары, қоршаушы конструкциялар; төртіншісіне - санитарлық көлемдік кабиналар, көтергіштер (лифталар), блок - бөлме, құдықтар сақиналары, силостардың коробкалық элементтері жатады. Жиналарлық темірбетондардың жалпы көлемінің 80 % астамын азаматтық жэне өнеркәсіптік құрылыс бұйымдары құрайды.

Азаматтық үйлер қүрылысына арналган темірбетон бұйымдары. Ірге тастар үшін іргетастық блоктарды қадаларды пайдаланады. Қабырғалар астына текше (ленталық) іргетастарын трапеция түріндегі (іргетас ені 0,6-0,8 см) жеке блоктардан орындайды. блоктар ұзындығы 0,78 - 2,38 м, биіктігі 30^50 см, массасы 0,5^4 т., Блоктарды М150 - М300 ауыр бетондардан жасайды. Жертөле қабырғаларын МІОО - М150 ауыр бетондардан жасалынған бүтін немесе қуысты блоктардан орындайды, олардың ұзындығы 2,5 м, биіктігі 70 см, ені 50 см дейін, кұрыш торларымен арматураланған болады. Блоктардың көлденең бүйірлерінен тік ойықтар қалдырады. Бұларын блоктарды тиісті жеріне орналастырғаннан соң, ерітіндімен немесе бетонмен толтыра конструкцияны біртұтастайды.

Бағана астына арналған іргетастар маркалары М200 М300 ауыр бетоннан жасалынған массалық элементтер - астынгы (табаны) жазық. Оларды нығыздалынған жерге немесе дайындалған бетон үстіне орнатады, үстіңгі бетіне бағананы (тіректі) кигізу үшін арнаулы ұя - стакан типтес құрылым отыргызады. Темірбетон бағанасын жақтары 30 см төрткілдік (квадраттық) қимасымен, ұзындықтары 20 м дейінгі ұзындық элемент түрінде шығарады.

Тұрғын үйлерінің сыртқы панельдерін бүтіндей немесе терезелік жэне есіктік ойықтарымен жасайды. Біркабаттық панельдер кеуекті толтырғыш негізіндегі тығыздығы 700 - 1000 кг/м , маркалары М50 М100 жеңіл бетоннан, сондай-ақ, тығыздығы 500-700 кг/м , маркалары М35-М150 ұялы бетоннан жасалынады. Құрылыста кеңінен қолданылатындары мөлшері бөлменікіне сэйкес келетін панельдер: ұзындығы 3,6 м, бикітігі 2,9 м, қалыңдығы 40 см, массасы 4т. мөлшері екі бөлмелік панельдердің ұзындығы 6-6,6 м және массасы 8 т дейін.

Сыртқы қабырғалардың жылуқоршағыштық қасиетін жақсартып, массасын төмендету мақсатында ортанғы қабаты жылуқоршағыщ материалдардан (пенополистиролдан, минералдық мақтадан, ұялық бетоннан жэне т.б.) жасалынган үшқабатты панельдерді қолданады. Мұндай панельдердің қалыңдығы 25+30 см дейін кішірейген, ал массасы 50 % дейін төмендеген болады. Панельдердің маңдай беттерін (қасбеттерін - фасадтарын) зауыттық жағдайда керамикалық плиталармен қаптайды, атмосфераға тұрақты бояуларымен бояйды немесе декоративтік материалдармен өңдейді. Ішкі қабыргалары үшін маркалары М150+М 300 ауыр бетондардан немесе маркалары М200 -М200 конструкциялық жеңіл бетоннан бірқабатты панельдері жасалынады. Оларды түтастай жэне есіктік ойықтарымен ұзындығы 6 м, биіктігі 2,9 м дейін және. қалыңцығы 20 см мөлшерлерімен шыгарады. Қабырғалық блоктар тұтас немесе ішкі қуыстарымен, тығыздығы 1200 кг/м3 дейінгі, маркалары М50 - МІОО жеңіл бетоннан жасалынады. Блоктардың сырты декоративтік қабатпен, ішкі жағынан сылақпен өңделінген болады. Бұлар сыртқы және ішкі қабырғаларды тұрғызуға арналған. Блоктар өлшемдері қабырғаларының конструкциялық тіліктеріне сэйкес анықталады. Блоктар конструкциялық арналуы бойынша: аралықтар (есік, терезе аралықтарындағы), бұрыштықтар, терезеастындағылар, маңдайшалар (есік, терезе ойықтарының жоғары жағына орналасатындары) карниздіктер, (үй қабырғасының, терезенің сыртқы ернеуі - жоғары жағындағы белдік), цокольдіктер (іргетас үстіндегі үй қабырғасының төменгі бөлігі) болып өзара ерекшеленеді. Көпқабатты үйлер баганалары қимасы 30x30 немесе 40x40 см, ұзындығы К4 қабатқа есептелінген тікбұрышты конструкциялық түрінде жасалынады. . Мұндай бағана үшін маркалары М200 - М 500 бетон пайдаланады, оны кеңістік каркастарымен арматуралайды, бағана ұштарында бойлық арматуралары шығып тұрады, бұлар бағананы ұштастыра жинағында пісіріледі. Көпқабатты қаңқаларындағы ригельдерді жабындық плиталары таянуы үшін төменгі жагында текшесі немесе бүйір қырларынан шыгып тұратын текшесі бар тавролық қимасымен жасап шығарады. Ригельді 6 м аралық үшін ұзындығын 5,5 м, қима биіктігі 45 см.; 9 м аралық үшін -ұзындығын 8,5 м., қима биіктігін 65 см өлшемінде жасайды. Ригельдер үшін маркалары М400 - М 500 бетон қолданады. кернеуленген арматурасымен жасаиды.,

Үлкен аралықгар үшін 2Т типтегі ұзындығы 15 м дейін, ені 3 м дейін және биіктігі 60 см болатын қабырғалы плиталар шығарылады. Бұл плиталарды жасауға маркалары М200 - М400 бетонды, алдын -ала кернеуленген немесе кэдімгідей арматураны қолданады. Плиталармен қатар бөлмеге жамылдық панельдерін де жасайды, бұларда бүтін, қуысты және қабырғалы болулары мүмкін.

Баспалдақ басқыштары, кертпе профильдері бар арнаулы темірбетон элементтерінен жасайды. Кейінгі кездерде сатылық ортаңғы бөліктен және жазық алаңнан құралып отыратын басқыш алаңын құрастыратын баспалдақ баскыш кеңінен қолданып келеді.

•■■

Тұрғын үйлер үшін бір немесе екі бөлмелік көлемдік элементтер шығару тэсілі практикаға енгізілген (сурет 16.3, б,в). Суретте керсетілген, көлемдік блоктар санитарно - техникалық, блок -пәтерлер және лифтлер шахтасы үшін құрылыста мүмкіндігінше қолданылып келеді.



Өндірістік гимараттары үшін темірбетон конструкциялары. Өнеркэсіптік ғимараттарына азаматтық үйлер құрылысындағы темірбетон номенклатурасына ұқсас бұйымдары мен конструкцияларын қолданады, бұлар тек өлшемдерімен, арматурасымен және пішіндерімен ерекшеленеді. Өнеркәсіптік ғимараттары бірқабатты, бір - жэне көпаралықтықтары, биіктігі 3,6 -18 м көпқабаттылар болулары мүмкін.

Биіктігі 10,8 м жэне жүккөтерімдігі 20 т дейінгі крандары бар үйлер үшін қимасы тікбұрышты 40x60, 40x80 және 50x80 см жэне биіктігі 4,5 - 11,8 м темірбетон бағаналарын жасайды; биіктігі (құрылыс конструкциясы астына дейінгі 10,8-И8 м жүккөтерімдігі 50 т дейінгі көпірлік крандары бар үйлер үшін - екітармақты (двухветвовые), ұзындығы 11,85 - 19,35 м, кранастындағы бөлігінің қимасы 40x100 жэне 60 - 190 см бағаналар жасалынады. Қолданылатын бетон маркалары М300 - М500. Массасын төмендету мақсатында алдын - ала кернеуленген, қимасы екітавролық жэне сақиналық бағаналар жасалынып практикада қолдаңуда. Бірқабатты үйлер үщін, темірбетон іргетастық блоктары жэне арқалары, итарқа жэне итарқа асты арқалықтары, фермалары, жамылтқы плиталары жэне кабырға панельдері шығарылады. Іргетастық арқалықтарын бағаналары 6 жэне 12 м қадамдарындағы ішкі жэне сыртқы қабырғалары астына қолданады. Тиісінше ұзындығы 5,95 және 11,96 м қимасы трапеция тәрізді немесе тавролық түріндегі арқаларды кернеуленбеген немесе алдын - ала кернеуленген арматурасымен жасайды. Крансаты арқаларын алдын - ала кернеулеп, тавролық қимасымен ұзындығы 5,95 м жэне екітавролық қимасымен ұзындығы 11,95 м маркалары М 400- М600 бетоңнан жасайды. 6 м аралық үшін - арқа биіктігі 80 см текше ені 60 см және қалыңдығы - 12 см. Қабырға қалыңдығы 20 см, үстіне қарай қалыңдалуы 25 см жэне таянышында 30 см дейінгі қалыңдалуы болатын - конструкциялары да пайдаланады.

12 м аралық үшін - арқа биіктігі 120 см үстіңгі текше ені 65 және төменгі текше ені 34 см. Кранасты рельстерді бекіту үшін арқалар текшелерінде крандық жүкті беру үщін құбырлар кесінділері бекітілген ұзьшдығы 75 см тесіктері орналастырылған.

Кейде жамылтқы ретінде темірбетон қабыршығында (оболочка) пайдаланады. Ол қисық сызықты арматураланған, периметрі бойынша қаттылық қабырғамен көмкерілген, мөлшері 10x10 м, қалыңдығы 3 -4 см жұп - жұқа темірбетон плитасы. '

Қабырғалы алдын - ала кернеуленген жамылтқы плиталар қүлама жэне жазық шатырлар үшін арналған. Плиталар қимасы П тэрізді және бойлық, көлденең қабырғалар жүйесімен тұтастай байланысқан, қалыңдығы 3 см жазық текшелерден тұрады . Плиталар өлшемдері 3 хб және 3x12 м, бойлық қабырға биіктігі 30 см, эрбір 1-1,5 м кейін орналасқан көлденең қабырға биіктігі 15 см. қазіргі кезде, алдын-ала кернеуленген, аралыққа есептеліне жасалынған мөлшері 3 х 18 және Зх 24 м, текше қалыңдығы 3 см жетерліктей тиімді плиталар кеңінен қолдануда.

Бұлардың екі түрі шығарылады: КЖС типтегі күмбез тэрізді плита - қабыршық жэне П типтегі азеңкішті жазық текшелі плита Әрқайсысы қүрылыстық конструкциялар және жазық кабырғальі жабындық плиталар қосағынан орындайды. Жылытылатын үйлердің қабырға плиталары жазық бірқабатты ұялы бетоннан немесе кеуекті толтырғыщ негізіндегі жеңіл бетоннан жасалынады. Багана қадамы 6 м болғанда плита үзындыгы 6 м биіктігі 0,9 - 1,8 м., қалыңдыгы 16-30 см. Жылытылмайтын үйлер үшін осы өлшемдегі қалыңдыгы 7 см плиталарды қолданады. Бағана қадамы 12 м болганда алдын - ала кернеуленген, өлшемдері; ұзындыгы 12 м, биіктігі 1,2; 1,8 және 2,4 м, қалыңдығы 3 см қырлы плиталарды қолданады.

Көцқабатты өндірістік үйлері үшін темірбетон бүйымдары ңоменклатурасы қанқалар жэне жабындықтар элементтерін қамтиды: бағаналарын, ригельдерін, жабындық плиталарын, технологиялық жабдықтар астындағы арқаларын, баспалдақ басқыщтарын, қоршаушы панельдерін және т.б. элементтерін. Түрлі арналудағы үйлер үшін мөлшері, арматуралау жүйесі, бетон маркалары жэне басқа мэліметтері бар типтік темірбетон бүйымдары альбомы өңделген. Осы албомдарды пайдалана отырып, салынатын үйлер мен ғимараттар жобалары бойынша қажетті темірбетон бұйымдарына тапсырма беріледі.

» Инженерлік гимараттар ңурылысына темірбетон буйымдары. Арналулары бойынша әртүрлі инженерлік ғимараттар кұрылысына да типтік темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын қолданады. Көлік кұрылысы үшін алдын-ала кернеуленген щпалдарды, маркасы М500 бетоннан жэне түйіспелік (контактылық) желілер тіректерін, маркасы М400 жэне аязға тұрақтылық маркасы ҒЮО т- Ғ200 бетоннан жасайды. Түйіспелік желілер тіректерін көпшілігінде құбырлық қимада жэне екітаворлық және швеллерлік типте торлық қабырғаларымен жасайды. Автожол жэне әуежайлары үшін маркалары М300 және М 150 бетондардан жасалынған мөлшері 1,75 х 3 м жэне қалыңдығы 13-17 см дейінгі алдын-ала кернеуленген плиталарды пайдаланады. Көпірлер үшің көпірлер тірегіне бағаналарды жэне тиімді қимасы (қос Т жэне тавролық және т.б) алдын - ала кернеуленген аралық құрылымдарды (пролетного строения) қолданады. Метрополитен немесе басқа түрлі туннельдер үщін тюбиннгілерді, түннелдерді өңдеуге блоктар, қабырга блоктарын, баганаларын және метрополитен станциясына жабындық блоктарын зауыттарда шығарады. Бұл бұйымдар маркалары М200- М400 ауыр бетоннан алдын-ала кернеулендіре немесе кэдімгідегідей арматуралануымен жасалынады. Сушаруашылығына арналған ғимаратар үшін бетон жэне темірбетон кұбырларын қолданады. Диаметрі 10-60 см және одан улкен, ұзындығы 1 - 2 м кұбырларды арнаулы технология бойынша жасайды. Оларды қысымсыз су ағызар және канализациялар желілерін төсеу үшін колданады. Диаметрі 50 - 120 мм жэне одан үлкендеу, ұзындығы 4--6 м құбырларын дірілдетумен, центрифигалаумен, престеумен жасайды. Оларды арналуы бойынша қысымсыз жэне қысымдық құбырлар деп жіктейді.



Әдебиеттер.

1.Бутт Ю.М. Технология цемента и других вяжущих материалов Учебник для инж. специальностей строительных ВУЗ-ов. – 5-е изд. перераб. и доп. – М.: Стройиздат., 1976. – 407 стр..: ил.

2. Лабораторный практикум по курск «Минеральные вяжущие вещества» Буров Ю.С. идр. М.; Стройиздат, 1974г.

3. Сатекев Б.С. Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. 1,2 том


9 дәріс. Шикізат материалдары. Бетон қоспасын дайындау.Ауыр бетон құрамын жобалау.

Дәріс жоспары:

1.Шикізат материалдары.

2. Бетон қоспасын дайындау.

3.Ауыр бетон құрамын жобалау.

Бетондық араласпасын өндіруді нысандар басындагы бетонараластырғыш түйіндерде, бетон зауыттарында немесе темірбетон бұйымдарын жасайтын зауыттардың бетон араластырғыш цехтарында жүргізеді.

Бетондық араласпаны өндіру процесі бастапқы материалдарын даярлаудан, оларды дозалаудан жэне араластырудан тұрады.



Даярлық операцияларына цементті активтеу (қосымша ұнтақтау), химиялық қоспалар ерітіндісін дайындау, қыс мезгілінде толтырғышты жібіту және жылыту процестері жатады. Химиялық қоспаларды дайындау операциясы оларды суда ерітіп, ерітінді концентрациясын берілген шамасына жеткізу болып табылады. Мұны, ерітіндіні қысымдықтағы ауамен араластыру үшін, құбырлар жүйесімен, ал қажетті жағдайда - жылыту үшін булық регистрлармен жабдықталган арнаулы сыйымдықтарда орындайды. Қоспалар ерітіндісін' дайындағаннан кейін, деңгейлік датчикпен жабдықталынган шыгындық сыйымдылыққа айдайды, сонымен катар, кажеттілігі бойынша - дозалаушы арқылы бетон араластырғышына да беріп отырады. Толтырғыштарды жылытуды бункерлерде, кейде тікелей жабық коймаларда жүргізеді. Ол үшін бункерлерде орналасатын булық құбырлар көмегімен түйістік (контакталық) тэсілді қолдана қыздырады немесе тікелей толтыргыш арқылы ыстық бу, ыстық ауа немесе газ жібереді.

Материалдарды дозалау, ягни, араластырғыштың бір араласына материалдар шығындарын және суды, қоспаны өлшеп салу маңызды технологиялық іс-эрекет болып есептеледі. Қазіргі бетондық зауыттардың басым көпшілігінде таразылық дозалаушыларды пайдаланады. Бұл дозалаушылар цементті, суды жэне химиялық қоспаларды ±1% дейінгі дэлдікпен, толтырғыштарды - ±2 % дәлдікпен өлшейді, мұндай дэлдік тек массасы бойынша дозалаганда гана қамтамасыз етіледі.

Бетондық араласпаның түріне жэне сипаттамасына байланысты түрлі араластыру тәсілдерін қолданады. Тыгыз тау жынысынан алынған толтырғыш негізіндегі ірі түйіршікті жылжымалы бетон араласпасын даярларда, еркін істейтін гравитациялық бетон араластырғышын қолданады. Мұндай араластырғышта

компоненттердің араласуы, барабан -араластырғыштың айналуына сэйкес дүркін-дүркін материалды көтеріп барып, кейбір биіктіктен тастап отыру нэтижесінде жүреді.

Гравитациялық араластырғыштар қатты бетондық араласпаларды даярлауға жарамсыздау келеді; мұндайда еріксіз араластыру қондырғысын қолданады .

Минутына 6-7 айналатын (6-7 айнал/мин) араластырғыш астауында оған қарама-қарсы бағытта айналатын қалақтар орналасқан. Араласпаның компоненттер өте күрделі траекторияда еріксіз қозғалады, соның арқасында, біркелкі бетон араласпасы алынады. Осылайша кеуекті толтырғыштар негізінде, қатты майда түйіршікті және жеңіл бетондық араласпаларды дайындайды. Сонымен, бетондық араласты мезгілімен және үздіксіз істейтін араластырғыштарда араластырады. Мезгіл-мезгіл істейтін араластырғыш қондырғыларда жүмысшы циклдар үзіліспен жүреді,

демек, оларға өлшенген материалдар порциялары оқтын-оқтын салынады, араластырады, сосын дайын аралас түсіріледі . Үзіліссіз істейтін араластырғышта осы үш операция үзіліссіз атқарылады. Араластыру тәсілдері бойынша араластырғыштар еріксіз және гравитациондық (еркін түсу арқылы) материал араластырушыларға жіктеледі. Гравитациялық бетонараластырғыштарда араластыру, ішінде бекітілген қалақтары бар барабан айналысымен орындалады. Барабан айналғанда, ішіндегі қалақтар бетон құрамаларын қамтыған бойы жоғары көтеріп, белгілі бір биіктіктен қайта төмен тастап отырады. Соның нәтижесінде, белгілі уақыт ішінде біркелкі бетон араласпасы шығарылады. Гравитациондық бетонараластырғыштар 100, 250,425,1200, 2400 жэне 4500 л сыйымдылықта шығарылуы мүмкін. Бетонарластырғыш сыйымдылығын дайын аралас көлемімен емес, суды қоспағандағы оған тиелетін материалдар көлемінің қосындысымен анықтайды. Еріксіз араластыратын араластырғыштарда материалдар қозғалмайтын араластыру барабанында, айналмалы білікке бекітілген қалақтар көмегімен араластырады. Бүларды қатты бетон араласпасын даярлау үшін қолданады . Қатты жэне өте қатты бетондар араласпасын даярлау үшін дірілдете араластырғыштар деп аталатын қондырғылар қазір қолдануда. Мұндай қондырғыларда бетон құрамаларын араластыруды дірілдетумен үйлестіре орындайды, ал қайсы-бірінде тек дірілдетумен гана. Бүл тэсілдің мән-жайы мынада: тиісті дірілдету режимінде бетон құрамалаушы материалдар түйіршіктері арасындағы үйкеліс күштері бұзылып, өзара ілінісуі нашарлаған кезде, олардың төмен тарту массалар күшіне қарсы араласты қайната қоздыру жағдайы пайда болады. Нәтижесінде аралас жылжымалылығын максималды жоғарылатып асылмалы күйіне көшеді, яғни үдемелі араластырылады. Кейінгі кезде бетон араласпасын атқылай ағу тэсілі бойынша араластыруды қолдану мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл тәсілдің мэнісі - энергоараластырғыштарында туындалатын псевдоқайналмалы қабаттың атқыланған турбуленттік тасқынында бетон құрамаларының қарқынды түрде өзара әрекеттесуі, араласуы нэтижесінде біркелкі бетон араласпасын алуды қамтамасыз ету. Энергоараластырғыштарға арнаулы сұйық атқын (струйный) араластырғышқа берілетін 0,3 МПа қысымдықтағы ауа температурасы 85 - 90°С аса қыздырылған бу жатады.

Бетон араласын қыздырумен үйлестіре бетон араласпасын даярлау технологиясы да практикаға ендіріле бастады. Оның мэнісі мынада: бетон араласын 60-65 С қыздыруды араластырғыш ішіне оны араластыру процесінде берілетін бумен жүргізеді. Мұндай қыздыру, әдеттегідей, суды жэне толтырғыштарды алдын-ала қыздырумен, сондай-ақ, араласпаны электроқыздырумен салыстырғанда жетерліктей қарапайым, біркелкі жэне едэуір жеделдете орындалады. Араласпа сапасына оны араластыру ұзақтығы елеулі эсерін тигізеді. Циклмен істеитін араластырғыштарда араластыру ұзақтығын барлық материалды барабанға (астауға) салғаннан бастап дайын араласпаны түсіре бергенге дейінгі уақытпен анықтайды. Араластыру ұзақтығы жетімсіз болғанда бетон біртектілігі нашарлап, мықтылығы төмендейді. Араластыру ұзақтығын оптималдығынан асыра жүргізгенде бетондық араласпасы жэне бетон сапасына онша эсер етілмейді (бетон мықтылығы айтарлықтай жоғарыламайды). Араластырудың оптималдық ұзақтығы бетондық араласының құрамына, сипатына жэне қолданылатын араластыргыш типіне байланысты болады. Ауыр бетондық араласпаны (тығыздығы 2200 кг/м жоғары) еркін түсу араластырғышында дайындағанда, араластыру ұзақтығы 1-2 мин. созылады. Аз жылжымалы жэне қаттылығы шамалы араласпалардың араласу уақытын 1,5*2 есе ұзартқан оңцы болады. Еріксіз эсерлі араластырғышта ірі түйіршікті араласпаларды араластыру, эдетте 2-3 мин. бойы жүреді, майда түйіршікті араласпаларын - 3-5 мин.

Негізінде бетон араласпасын араластыру ұзақтығы оның жылжымалылығына жэне араластырғыш сыйымдылығына байланысты екені білініп тұр. Бетон араласпасы жылжымалылығы неғұрлым аз және бетон араластырғыш сыйымдылығы неғұрлым үлкен, соғұрлым оптималдық араластыру уақыты ұзақ болады. Мысалы, сыйымдылығы 400 л дейінгі бетонараластырғыш үшін оптималдық ұзақтығы 1 мин., ал сыйымдылығы 4500 л - 3 мин. айналасында. Қатты бетон араласпасын араластыру уақытын, жылжымалылығына қарағанда 2 есе көбейтуге тура келеді. Бетондық араласпасын араластыру ұзақтығын кұрылыстық лабораторияда тәжірибелік жолмен анықтайды. Ол үшін араластырғыштан аралығы 15+30 с араласпа байқамасын алып, бақылаудың үлгілерін жасайды. Бетон қатайған соң, оның мықтылығын анықтайды және бетонның мықтылық вариация коэффициентін есептейді. Неғұрлым вариация коэффиценті кіші, соғұрлым бетонның біркелкілігі жоғары. Араластыру ұзақтығын бетон мықтылығының вариация коэффициенті 4-5% аспайтын уақыт бойынша тағайындайды. Пайдалану жағдайына байланысты, араластыргыштар көшірмелі және орнықты (тұрақты) болып екіге бөлінеді, ал жұмыс істеу жағдайы бойынша -циклды және үзіліссіз істейтіндер ерекшеленеді. Көшірмелі араластырғыштарды шамалы кұрылыстық жұмыстар көлемінде пайдаланады. Дайын аралас бойынша, олардың сыйымдылығы 165 л көп болмайды, тұрақтыларында - 330, 500, 800, 1000, 1600, 2000 л. Циклды араластырғыштарда бетондық араласпаны дайындау процесі біртіндеп жүреді. Компоненттердің эрбір келесі порциясы араластырғыш сыйымдылығына тек дайын араласпаны түсіргеннен кейін ғана салып отырады. Үзіліссіз істейтін араластырғышқа бетондық араласпа компоненттері ленталық қорландыргышпен немесе конвейерлер көмегімен үздіксіз беріліп тұрады. Дайын аралас үзіліссіз көлік қаруына тиеліп жатады. Үздіксіз істейтін араластырғышты жалғыз маркалық бетонды дайындар алдында пайдаланады, соган тиісті өлшеушілер бірқалыпты материалдардың қажетті массасын өлшеп беріп тұрады. Технологиялық жабдықтардың орналасу схемасына байланысты, бетонараластыргыш қондыргылар бірсатылық - мұнаралық (вертикальдық) немесе екісатылық - партерлік принципте кұрастырылады. Мұнаралық типтегі араластырғыш қондыргылардың технологиялық жабдықтары, вертикаль бойынша орналасқан, сол себептен, араласпа компоненттері бір-ақ рет биіктікке көтеріледі де, одан кейін төмен қарай материалдар өздерінің салмақтық күш әсерімен технологиялық циклдар бойынша жылжып отырады. Партерлік араластыргыш қондыргыларда технологиялық процестердің барысында материалдар бірнеше рет көтеріледі Бетондық зауыт құрамында бір немесе бірнеше араластырғыш қондыргылардан басқа шикізат материалдарының қоймалары және зауыт пішіндегі көліктік құралдары (конвейерлер, цементжүргізушілер, элеваторлар) болады. Зауыт қарамагында толтыргыштарды бақылаулық сорттаудан өткізетін, суды және толтыргыштарды жылытатын немесе салқындататын қондыргылар, компрессорлық манАналары, бу қазандары болуы да мүмкін.

Өндіріс процестерін басқару тэсіліне байланысты, бетонараластыргыш қондыргылары механикаландырылган жэне автоматикаландырылган болып екіге жіктеледі. Механикаландырылган қондыргыларда араласпаны дайындаудагы технологиялық операциялар қолмен басқарылатын машиналармен орындалады; автоматикаландырылгандарда - өндірістік процестерді басқаруды бір жердегі басқару пультінен адамның қатысуымен немесе қатыспауымен (багдарламалық басқару) жүргізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет