ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет5/5
Дата27.06.2016
өлшемі2.74 Mb.
#160318
1   2   3   4   5

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Зертханалық жұмыс №1

Тақырыбы: Сабақты жобалау кезеңдері

Мақсаты: Сабақты кезеңдерге бөліп отырып, сабақ жоспарын құру.
Тапсырмалар:

    1. Тақырып 1 сүйене отырып, сабақ жоспарын құрыңыз.

    2. Сабақ тақырыбын Қосымша 1-де көрсетілген өз нұсқаңызды алыңыз.

    3. Сабақ жоспарын А4 фоматта қағаз түрінде тапсырасыз.

    4. Тақырып 1-де көрсетілген мысалға қарап орындаңыз.


Бақылау сұрақтары

  1. Сабақты жобалау дегеніміз не?

  2. Жобаның жоспардан ерекшеілігі қандай?

  3. Сабақтың мақсатын анықтау үшін қандай талаптар қойылады?


Зертханалық жұмыс №2

Тақырыбы: Педагогикалық әрекетке практикалық дайындық

Мақсаты: MS PowerPoint-та презентация құрып үйрену
Тапсырмалар:

  1. Алдыңғы зертханалық жұмыстағы құрған сабақ жоспарыңызға сүйене отырып, осы тақырыпты түсіндіруге көмекші құрал ретінде презентация құрыңыз.

  2. Ол үшін Тақырып 2 теориялық материалын оқып, сондағы мысалды орындап көріңіз.

  3. Осы мысалға қарап отырып, өз тақырыбыңыз бойынша презентация құрыңыз.

  4. Презентация кем дегенде 7 слайдтан тұруы керек.

  5. Презентация Тақырып 2 теориялық материалындағы Презентацияны құруға қойылатын талаптарды қанағаттандырсын.


Бақылау сұрақтары

  1. Презентация не үшін қолданылады?

  2. Оның ерекшеліктері қандай болуы керек?

  3. Қалай қолданудың маңыздылығы бар ма?

  4. Визуалды құралдың маңыздылығы неде?

  5. Негізгі сүйенетін принциптер қандай?

Зертханалық жұмыс №3

Тақырыбы: Педагогикалық программалық құралдарды (ППҚ)

құрудың психологиялық аспектілері

Мақсаты: MS Word-та Веб-бет құрып үйрену
Тапсырмалар:

  1. Тақырып 3 теориялық материалмен оқып танысыңыз, гиперсілтеме құруға берілген мысалды орындаңыз.

  2. Алдыңғы сабақта құрған өз сабақ жоспарыңыздың электронды нұсқасын ашыңыз.

  3. Осы жоспарды Тақырып 3 теориялық материалына сүйене отырып, сабақ жоспарыңызды Веб-бет түрінде сақтаңыз.

  4. Оған гиперсілтемелер орнатыңыз. Гиперсілтеме сіздің жоспарыңыздағы практикалық жұмыстарға орнатылсын. Яғни, Веб-бетте тек сабақ жопары жазылуы керек, ал практикалық тапсырмалар, сұрақтар, қолданылған әдебиеттер басқа беттерде орналассын. Осы беттерге гиперсілтеме құрыңыз. Гиперсілтемелерге түсініктеме жазыңыз.

  5. Мұғалімге электронды нұсқасын тапсырыңыз.


Бақылау сұрақтары

  1. ТП MS Word гиперсілтеме қалай құрылады?

  2. Веб-бет дегеніміз не?

  3. Бірнеше файлдарды гиперсілтеме арқылы байланыстыруға болады ма?

  4. Құжат ішінде қандай да бір бөлімне сілтеме құруға болады ма?

  5. Гиперсілтеме орнатылған сөзді қалай ажыратуға болады?


Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: Информатиканы оқыту үрдісін белсендіру әдістері

Мақсаты: MS FrontPage-да Веб-беттер құрып, оларды

байланыстырып үйрену


Тапсырмалар:

  1. Тақырып 4 теориялық материалын оқып танысыңыз.

  2. Осы материалға сүйене отырып, мысалды орындаңыз.

  3. Өзіңіз құрған сабақ жоспарын және презентацияңызды пайдалана отырып, осы программада электронды жинақ құрыңыз. Яғни, MS FrontPage-да Веб-беттер құрып оларды байланыстырып сабақ жоспарынан, осы сабақты өткізуге қажетті практикалық материалдардан және презентациядан тұратын электронды жинақ құрыңыз.

  4. Орындаған жұмысыңыздың электронды нұсқасын мұғалімге өткізіңіз.

Бақылау сұрақтары

  1. MS FrontPage қандай программаға жатады?

  2. Бірнеше файлдарды гиперсілтеме арқылы байланыстыруға болады ма?

  3. Құжат ішінде қандай да бір бөлімге сілтеме құруға болады ма?

  4. Гиперсілтеме орнатылған сөзді қалай ажыратуға болады?


Зертханалық жұмыс №5

Тақырыбы: Жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер

жұмысындағы ақпараттық өзара әсерлесу

Мақсаты: HTML тілінде электродны оқулық құрып үйрену.
Тапсырмалар:

  1. Тақырып 5 теориялық материалдарын оқып танысыңыз.

  2. Осы теориялық материалдардағы мысалдарды орындап, нәтижесін мұғалімге көрсетіңіз.

  3. Қосымша 2 тақырыптарды қараңыз. Осы өзіңіздің нұсқаңызда қандай тақырып тұр, сол тақырыпты толықтырып электронды оқулық құрыңыз.

  4. Электронды оқулық 15 беттен тұрсын.

  5. Оқулықты құру барысында HTML тілінің барлық теориялық материалдағы көрсетілген мүмкіндіктерін қолданыңыз.

  6. Сурет қою, сырғымалы жол, фреймдарға бөлу, кесте құру тегтарын қолданыңыз.

  7. Электронды оқулықты құрған студент жайлы ақпарат жеке бір бетте кесте түрінде берілсін.

Бақылау сұрақтары

  1. HTML құжаты дегеніміз не?

  2. HTML құжаты жазылатын негізгі тегтарды атаңыз.

  3. Құжатты Веб-бет түрінде ашу үшін қандай форматта сақтау керек?


Зертханалық жұмыс №6

Тақырыбы: Жобалар әдісі

Мақсаты: Сабақ жоспарын дәстүрлі емес әдіспен құру.

Ойын элементтерін қосып, сабақ өткізу.


Тапсырмалар:

    1. Тақырып 6 теориялық материалын оқып танысыңыз.

    2. Осында аталған дәстүрлі емес сабақ өткізу әдістеріне өзіңіз білетін әдістер болса, қосыңыз.

    3. Екі студенттен бірігіп, өз еріктеріңізбен 7, 8, 9 сыныптарда өтілетін бір тақырыпты таңдап, сол сабаққа дәстүрлі емес ойын әдісін қолданыңыздар.

    4. Сабақ жоспарының қағаздаағы нұсқасын тапсырасыздар.

    5. Осы сабақты толық 45 минутқа есептеп, топ студенттері арасында өткізуге дайындалыңыздар.

    6. Ойын элементтері, дидактикалық материалдар, дайын ойын программаларын қолданыңыздар.

    7. Көрнекілік материалдар қолданыңыздар.

Вариант номерлері:

1 және 6

2 және 7

3 және 8

4 және 9

5 және 10

Бақылау сұрақтары

  1. Дәстүрлі емес әдіс дегеніміз не?

  2. Қандай дәстүрлі емес әдістерді білесіз?

  3. Ойын элементтерін қолданудың тақырыпты меңгеруге көмегі қандай?


Зертханалық жұмыс №7

Тақырыбы: Информатиканы оқыту үрдісінде психологиялық

мәселелерді шешу әдістері

Мақсаты: Информатиканы оқуға ынталы оқушыларды анықтау үшін

тест құрастыру. Тест программасын кез-келген программалау тілінде құру.


Тапсырмалар

  1. Информатикаға ынталы оқушыларды анықтап алуға арналған тест сұрақтарын құрыңыз. Ол сұрақтар оқушының білімін және логикалық ойлау қабілетін тексеруге мүмкіндік беретін болсын.

  2. Тестте 30 сұрақ және әр сұрақта 5 жауап нұсқасымен құрыңыз.

  3. Құрылған тест сұрақтарын бағалау шартын көрсетіңіз.

  4. Осы тест сұрақтарын тесттік программаға енгізіңіз. Программа ретінде Тақырып 5 көрсетілген мысалды алуға, толықтыруға немесе өзіңізге басқа программалау тілінде құруыңызға болады. Сұрақтарға байланысты сызбалар немесе суреттер бар болса, оны міндетті түрде тест программасына қосыңыз.

  5. Тест сұрақтарына оқушы жауап бергенде оның информатика сабағына бейімділік мөлшері бағалансын.


Бақылау сұрақтары

  1. Информатикаға ынталы оқушыларды анықтауда қандай талаптарға сүйенесіз?

  2. Тесттің нәтижесін бағалауды қалай ұйымдастыруға болады?

  3. Тестті білімді бағалауға қолданған дұрыс деп есептейсіз бе?


СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ҚАТЫСУМЕН ОРЫНДАЛАТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1-өздік жұмыс

Тақырыбы: Microsoft PowerPoint терезесі. Слайд құру.

Анимация. Презентацияны көрсету.
Презентация құру дегеніміз мәтіндер, графика, суреттер орналасқан слайдтар жиыны. Презентация құруға арналған Microsoft Power Point программасы басқа да офистік программалар сияқты өте жеңіл және қарапайым. Бұл программа өзі көптеген шаблондар мен дизайндардың нұсқаларын ұсынады. Программаны іске қосу үішн Іске қосу – Программалар - Microsoft Office - Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз (Сурет 1).



Сурет 1. Microsoft PowerPoint негізгі терезесі

Басқа да офистік программалар сияқты Microsoft Power Point терезесінің құрылымы тақырып жолынан, әр түрлі тақталардан, қалып күй қатарынан тұрады. Оң жақта орналасқан Есептер облысы көмегімен немесе мәзір қатары командаларының көмегімен Microsoft Power Point-та презентация құру орындалады. Осы терезеде презентация құрудың шаблонын таңдауға, бос презентация құруға, Автомазмұн шебері (Мастер автосоздания) арқылы презентация құруға болады.



  1. Есептер облысынан Өңдеу шаблондары (Шаблоны оформления) таңдаймыз. Ашылған шаблондардың ішінен ОКЕАН шаблонын таңдаңыз. Осы шаблонның қасындағы бағыттауыштан Тек еркшеленген слайдқа қою (Только к выделенным слайдам) командасын таңдаңыз. Сонда таңдаған шаблон тек бір слайдқа орнатылады.

  2. Есептер облысынан Слайд құрылымы (Разметка слайда) командасын ашыңыз. Осы жерден Тек тақырыбы (Только заголовок) түрін осы слайдқа ғана орнатамыз. MS Power Point стандартты объектілерді орналастырудың 27 стандартты түрлерін ұсынады.

  3. Тақырыбын енгізіп, мәтінді форматтаңыз (Сурет 1). Мәтінді форматтау үшін MS WORD мәтіндік процесорын өткеннен білетін, Форматтау тақтасы немесе Формат мәзірін қолданасыздар.



Сурет 1. Слайд 1

  1. MS Power Point-та слайдтарды қараудың қарапайым режимі бар. Презентация құрғанда MS Power Point өте көп слайдатр құруға мүмкіндік береді.

    • Қарапайым режим – ең алғаш ашылған терезе. Онда қарау режимі, слайдтар ржеимі, құрылымы орналасқан.

    • Слайдтарды сұрыптау (Сортировщик слайдов) – барлық слайдтарды кішкентай көлемде көрсетеді.

    • Слайдтар – жеке слайдатрды құруға өңдеуге қолайлы режим.

    • Құрылым (Структура) – презентацияның мәтіндік құрылымын және мазмұнын көрсететін режим.

    • Ескерту беттері (Страницы заметок) – қолданушыға енгізетін материалдарын жеңіл енгізуге, түсінуіне мүмкіндік береді.




  1. Жаңа слайд қосу үшін Форматтау тақтасынан Слайд құру (Создать слайд) компонентін таңдаңыз. Егер ол жоқ болса, Форматтау тақтасындағы кішкентай қара бағыттауышқа барып, сол жерден керек компонентті таңдап алыңыз. Сол кезде автоматты түрде екінші слайд ашылады.

  2. Осы слайдқа Кірістіру (Вставка) – Сурет (Рисунок) – Файлдан (Из файла) командасын орындаймыз. Жұмыс столындағы СГПИ.jpg файлын таңдаймыз. СМПИ суреті ашылады. Кескінді өңдеу (Настройка изображения) тақтасының көмегімен суретті өңдеп слайд ортасына орналастырамыз. Ал шаблон түрі ОБЛАКА (Сурет 2).



Сурет 2. Слайд 2

  1. Тағы да үшінші слайд қосамыз. Бұл слайдқа СМПИ-дің факультеттерін енгізіп жазыңыз. Ол үшін Слайд құрылымына (Разметка слайда) Тақырып немесе ұйымдастырылған диаграмма (Заголовок или организационная диаграмма) түрін таңдаңыз. Немесе мәзір қатарында Слайдта пайда болған батырмасына екі рет шертеміз. Ашылған терезеден үшінші диаграмма түрін таңдаңыз (Сурет 3). ОК батырмасын шертіңіз.



Сурет 3. Диаграммалар кітапханасы терезесі

  1. Диаграмма слайдқа орналасқан соң, ашылған диаграмма тақтасынан Фигура қосу (Добавить фигуру) батырмасына 3 рет шертіп, фигура қосыңыз.

  2. Фигураларға сәйкес мәтінді теріп, форматтаңыз. Ал өңдеу шаблонына ЗАТМЕНИЕ түрін таңдаңыз (Сурет 4).



Сурет 4. Слайд 3

  1. Осы ретпен төртінші слайд қосамыз. Шаблон – Скругленный. Слайд құрылымы – Бос слайд (Сурет 5).



Сурет 5. Слайд 4

  1. Бесінші слайд Информатика кафедрасы жайлы ақпаратты файлдан алып қою. Ол үшін жұмыс столынан КАФ_Инф.doc файлындағы мәтінді көшіріп алып, слайдқа қоямыз. Слайд шаблоны – Слои. Слайд құрылымы – Тек тақырып жолы (Только заголовок) (Сурет 6).



Сурет 6. Слайд 5

2-өздік жұмыс

Тақырыбы: Анимация. Презентацияны көрсету.
1-өздік жұмыс бойынша құрылған СМПИ презентациясын көрсетуге дайындау үшін анимациялар қосу керек. MS Power Point көптеген анимация түрлерін ұсынады. Ол презентацияның көрнекілігін арттырады. Яғни, әрбір объектінің презентация барысында пайда болуына әр түрлі эффектіер орнатамыз. Ол үшін объектіні белгілеп алып Есептер облысынан Анимацияны реттеу (Настройка анимации) командасын таңдау керек немесе сол объектінің жанама мәзірінен осы команданы таңдау керек. Бірінші слайдқа анимация орнатайық. Ол үшін тақырыптың жанама мәзірінен Анимацияны реттеу командасын таңдаңыз (Сурет 7).



Сурет 7. Анимация құру терезесі

  1. Эффект қосу (Добавить эффект) батырмасын басып керек анимация түрін таңдаңыз. Мысалы: Кіру (Вход) – ВЫЛЕТ, Ерекшелеу (Выделение) – ВРАЩЕНИЕ, Шығу (Выход) - ЖАЛЮЗИ. Осы есептер облысындағы Қарау (Просмотр) батырмасын шертіңіз. Ерекшелінге эффектілерді өзгерту бөлімінде (Изменение выделенного эффекта) Басы (Начало) өрісіне Алдығыдан кейін (После предыдущего) деп таңдаңыз. Сол кезде анимациялар өзі ретімен орындалып отырады. Ал сол өрісте Шерту арқылы (По щелчку) таңдасақ, әр эффектіден кейін тышқанмен шертіп отыру керек болады.

  2. Презентацияны құрып болған соң оны реттеу керек. Ол үшін Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) – Презентацияны реттеу (Настройка презентации) командасын орындаймыз (Сурет 8).



Сурет 8. Презентация реттеуі

  1. Бұл терезеден презентацияны көрсету кезінде толық экранға ма әлде терезеден көрсету керек пе, қай номерлі слайдтарды көрсеут керек, уақыт бойынша ма, әлде қолмен көрсету керек пе осы параметрлерді орнатыңыз. Енді құрылған презентацияны көру үшін үшін Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) – Көрсетуді бастау (Начать показ) командасын немесе F5 пернесін басыңыз.

  2. Слайдтардың параметрлерін Файл – Параметры страницы командасы арқылы өзгертуге болады (Сурет 9).



Сурет 9. Бет параметрлері терезесі

  1. Слайдатрды номерлеуге, енін және биіктігінің мәндерін беруге, слайдтардың бағытын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жерден слайдтар номерленеді, құрылым терзесінде ал слайд бетіне номер қойылмайды.

  2. Слайдқа номер қою және колонтитул енгізу үшін Кірістіру (Вставка) – Слайд номерлері (Номера слайдов) немесе Түр (Вид) - Колонтитулы командасын орындаймыз.



Сурет 10. Колонтитулдар

  1. Слайд номерін шығарыңыз және төменгі колонтитутл жеріне СМПИ сөзін жазыңыз. Енді Қолдану (Применить) батырмасын бассаңыз тек сол слайдқа ғана орналасады, ал Барлығына қолдану (Применить ко всем) батырмасын бассаңыз барлық слайдтарға орналасады.

  2. Презентацияда басқару батырмаларын орнатуға болады. Ол үшін Слайдтарды көрсету – Басқарушы батырмалар (Управляющие кнопки) командасын орындаймыз (Сурет 11)



Сурет 11. Басқарушы батырмалар

  1. Егер сіз құрған перзентация көптеген слайдтардан тұрса, онда батырмаларды орнату қолайлы. Мұнда, мысалы, өңделетін (настраиваемая), үйге (домой), анықтама (справка), алыдға (вперед), артқа (назад) т.б. батырмалар орналасқан. Осы батырмаларды керек слайдқа орнатып, оған қандай да бір әрекетті бекітуге болады.

  2. Мысал ретінде, бірінші слайдқа соңына (в конец) батырмасын таңдап, орнатыңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 12).



Сурет 12. Әрекетті реттеу терезесі

  1. Осы терезеден батырманың әрекетін орнатыңыз. Мысалы, Гиперсілтеме арқылы көшу жеріне белгі қойып, Соңғы слайд таңдаймыз. Ок батырмасын шертіңіз. Енді презентацияны көрсету кезінде тышқанмен шертсеңіз көрсету бірден соңғы слайдқа көшеді.

  2. Презентацияны СМПИ атымен өз бумаңызда сақтаңыз.



3-өздік жұмыс

Тақырыбы: Презентация құруға қойылатын талаптар
ПРЕЗЕНТАЦИЯ – бұл сендіру, коммуникация формасы. Оның мақсаты шектеулі. Түсін таңдау, түзулерді орынды пайдалану, сәйкестік, әртүрлілік, жеке , ерекше үлгі қолдану презентацияның сапасын көтереді. Бір-біріне ұқсас презентацияны әр тақырыпта мәтінін өзгертіп қолдана беру, оқушының да қызығушылығын тудырмасы анық. Презентация әртүрлі формада және әртүрлі программаларда жасалуы мүмкін. Ол автордың біліктілігіне байланысты. Презентацияны дәріс, практикалық, зертханалық жұмыстарды өткізгенде қолданған тақырыпты бекітуге, жете түсінуге көмектеседі.

  1. Презентацияны жоспарлау.

Бүгінгі жасалған жақсы жоспар ертеңгі, жасалмаған керемет жоспардан жақсы.

А.Блох

Жоспарлау әрине автордың аудиторияға нені жеткізуі керек, соны анықтаудан басталады. Ол уақытты да, аудиторияны да тақырып өзектілігін де ескеруі керек. Өз сөзіңізді дайындау – жоспарлаудың бірінші кезеңі. Презентацияның титулы автордың атынан және тақырыптың көрнекі жазылуынан басталуы керек. Бұл кезеңде аудиторияның назарын презентацияға аудару ары қарайғы оның дұрыс бағытта қабылдануына әсер етеді. Екінші этап онда қандай бөлімдер және қандай ретпен орналасады соны қарастыруы керек. Жоспарлау барысында топтарға бөлуді де ескеру керек.:



  1. Ең маңыздысы қосылуы керек

  2. Қажеттісін қосу керек

  3. Нені қосымша айтуға болады, оны уақыт қалса айта кету керек.

Барлығын презентацияға сыйдырып, өзіңіз тақырыпты ашуға тырысу үлкен қателік болады. Жоспар құрып, бөлімдерге бөлген соң, көрсету барысында ауызшада айтып, аудиторияға ие болу керек. Қызықсыз және жалықтыратынды қосуға болмайды. Өте қызықсыз деп саналатын тақырыптан да қызықты кезеңдерін таууға тырысып, презентация құндылығын арттыра білу керек. Жоспарлаудың үшінші кезеңі – оны аяқтау. Логикалық аяқтауды ойластыруда өте маңызды. Қорытындылау кезінде аудитория өздеріне түсініксіз болып отырған сұрақтарға жауап та алуы керек. Слайдқа қоштасу сөздерін жазу керек емес. Қорытындыға не кіреді:

  • Көрсетілген факторлар мен аргументтердің қысқаша сипаты

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі

  • Сұрақ қою ұсынылуы керек

  • Тыңдағандары үшін рахмет айтылуы керек

Жоспарлау кезінде келесі дидактикалық принциптерге сүйену керек:

  • ғылымилық;

  • көрнекілік;

  • түсініктілік;

  • жүйелілік;

  • екпінділік;

  • тұрақтылық;

  • теория мен практиканың байланысы;

  • интерактивтілік;

  • жеке тұлғалық ерекшелік;

  1. Кіріспе сөзді дайындау.

Жоспарлау кезінде біз аудиторияны тыңдаушылар ретінде қарастырамыз. Ал сөйлеу барысында оларды қатысушылар ретінде қарастырып көру керек. Презентацияның жақсы болуында сіздің сөзіңіз, кіріспеңіз өте үлкен орын алады. Әйтпесе оның дұрыс қабылданбауы әбден мүмкін. Ал нашар презентацияның өзін автордың ораторлық, ұйымдастырушылық қасиеті тамаша етуі әбден мүмкін.

Негізгі кезеңдерді ескере кетейік:



  • кіріспенің құрылымын зерттеу;

  • аудиториямен сөйлесудің әртүрлі тәсілдерін іздеу;

  • аудиторияның жас ерекшелігін ескеру;

  • презентация өтуі барысында аудиторияны қаратудың сәйкестігі.

3. Қолданылатын визуалды құралдар

Мен естідім де ұмытып қалдым, көрдім де есімде сақтадым.
Ағылшын мақалы

Визуалды құралдар – презентацияны көрсету құралы, бірақ мақсаты емес. Спецэффектілермен қатты әуестеніп кетіп, презентация тақырыбынан ауытқу болмау керек. Визуалды ақпараттан адам тек 25%, аудиодан – 12% қабылдайды екен. Ал екеуінің сапасы сәйкес болса, онда 65% ақпарат қабылдайды. Келесілерді ескеру керек:



  • Визуалды құрал сөзбен айтылмайтын ақпаратты тез және көркем беруі керек;

  • Олар презетацияларды көрнекі ету керек;

  • Көрініс қарапайым болуы керек;

  • Сөздерді көлденең орналастыруы керек;

  • Түсті таңдағанда ойлану керек;

  • Слайдты көп ақпаратпен толтырмаңыз;

  • Бағандарға бөлу керек;

Түстердің адамға әсері:

  • Қызығушылық: көк, сары, жасыл.

  • Қуаныш: қызыл, сары.

  • Жалығу: қоңыр.

Келесі сұрақтарға мән беріңіз:

  • өткізу орыны өте үлкен болған қызықсыз;

  • дайындық жүргізу керек;

Қорытынды сөз барлығын жақсы қабылдануы керек. Автордың шығармашылығы да басты орын алады.
4-өздік жұмыс

Тақырыбы: Сабақ жоспарын құру тақырыптары



7 сынып бойынша

    1. Ақпаратты кодтау

    2. Есептеу техникасының даму тарихы

    3. Компьютердің құрылысы

    4. Windows-тың басқару элементтері

    5. Терезе элементтері

    6. Файлдар мен қапшықтар

    7. Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту және көшіру

    8. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу

    9. Редактордың командалары

    10. Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер


5-өздік жұмыс

Тақырыбы: Сабақ жоспарын құру тақырыптары
8 сынып бойынша

  1. Санау жүйелері. сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру

  2. Логикалық операциялар

  3. Дербес компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі

  4. Операциялық жүйелерді жіктеу

  5. Windows типті операциялық жүйелер

  6. Мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды ұсыну

  7. Файлдар мен қапшықтарды іздеу

  8. Компьютерлік ақпаратты қорғау

  9. Графикалық ақпарат туралы түсінік

  10. Windows-ты баптау


6-өздік жұмыс

Тақырыбы: Электронды оқулықтар тақырыптары


  1. MS Word мәтіндік процессоры (1, 6 вариант)

  2. MS Excel кестелік процессоры (2, 7 вариант)

  3. MS Access мәліметтер қоры (3, 8 вариант)

  4. Turbo Pascal программалау тілі (4, 9 вариант)

  5. Paint графикалық редакторы (5, 10 вариант)



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ



Тақырыбы

дайындау формасы

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі/ қосымша



Балл

Жұмысты өткізу уақыты

1

Ақпараттық технологияның қазіргі заманғы қоғам өміріндегі орны

бақылау

[1-8]

5

2-апта

2

Мұғалімдерді дайындау

жүйесінде информатиканы

оқыту әдістемесінің орны


Ауызша

[1-20]

5

4-апта


3

Электрондық оқулықтар және оны жасауда қойылатын дидактикалық талаптар

ауызша

[1-30]

5

6-апта


4

Жаңа педагогикалық

технология арқылы оқушы білімін бағалау



бақылау

[1-10]

5

8-апта


5

Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті

бақылау

[31-40]

5

10-апта


6

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

реферат қорғау.

[1-28]

3

3 апта

7

Оқушыларға информатиканы оқытуда педагогикалық бағдарламаларды қолдану әдістемесі.

Электрон-ды формада

[1-15]

3

5 апта

8

Орта мектеп оқушыларының ақпараттық компетенттілігін қалыптастыру

Презента-ция

[1-24]

3

7 апта

9

Информатиканы тереңдетіп оқуға бейім оқушыларды оқытудың негізгі бағыттары.

Электронды формада

[1-30]

3

10 апта

10

Жаңа оқыту технологиялары және концепциялары дамуының қазіргі заманғы тенденциялары

ауызша

[1-30]

3

13 апта

11

Оқушылардың педагогикалық бағдарламалық құралдарды қабылдау аспектісінің психологиялық негіздері

ауызша

[31-40]

3

15 апта


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет