Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1.Жаттап алуға лайықталған болуы керек.
2.Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3.Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланыста болуы керек.
Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылықжақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1.Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.
2.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар.
Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:
-танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс-анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай жұмыс- анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, пробоемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
-әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсінктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар 3 кезеңнің бірінші деңгейі үшін-1,2 кезеңдерде игерілген теориялық материалды пысықтау мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған тапсырмалар және олар сынақ арқылы бағаланады.
Жоғары деңгейлер үшін-алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі «басқаруға ыңғайсыз»-делініп, сыналып жатады. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады» дейді.
Мүмкін, дәстүрлі оқу үрдісінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша өздігімен оқытуға тырысып, өздік жұмыстарын жүргізген кезде солай болса, болған шығар.
Бірақ, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:
-Оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып;
-Оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
-Барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.
Сондықтан да, жаңа технолоия бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқущылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде «екіліктер»жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.
Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?»- деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.
Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз –өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады.
Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мен бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен бағалаудың ерекшелігі неде?
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат-сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрді әртүрлі топтарға бөлуді бодырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен катар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушыныңбірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны «есепке» алынып отырылады.
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы окитындығына қарамастан, жұмысын «оқушылық», «міндетті», 1-ші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бip мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз кабілетіне қарай, өз билігіне жетедібұл нақты пән бойынша ең нашар үлгеретін оқушыға тірекбілімін ғана меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйіктіпәніжоғарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт унемдеуіне себеп болады. Нақтырак айтсақ:
Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінен барлық тақырыбы бойынша ен болмағанда міндеттібіріншідеңгейдегі игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарынын орындалуына кепілдікберіп, Казакстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді, және дәстүрлі оқытудағы окушылардың артық жуктеме тарту проблемаеын шешедь
«Есепке алу »(зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар окушылар да, кем дегенде, «окушылық» денгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байкадық. Ce6e6i ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді «Міндеттіi» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әpi қарай, iлrepi ұмтылады; өзіне өзінің ceнiмi артады.
Олардың әрқайсысы 1-деңгейлік тапсырмаларды орындауға мін¬детті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы. Осылайша әр оқушы, әcipece өзінее ұнайтын пәндерден, 6ip деңгейден келесі денгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз кабілетін де жeтiлдipeдi. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушынын күнделікті мақсатына айналады. Басқа пәндерден 1-денгейлік тапсырма¬ларды толық орындап отырса жеткілікті. Осы уақытка дейін дайындалған жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар үш деңгейде ғана берілген. Төртінші денгей тапсырмаларын (карточкалар түрінде) бәйгеден озып келген жүйріктерінің жеке кабілетіне сай құрастыру мумкіншілігін, сабақ беретін әр ұстаздың өз үлесіне қалтырдық.
Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындаганы үшін оқушылар сол деңгейді игергенше сәйкес ұпай алады: бірінші денгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін- 10 ұпай, үшінші деңгей үшін- 15 ұпай.
Әр жаңа тақырып бойынша жасалған денгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Ceбeбi, такырыпты меңгерудегі төрт денгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес кұрылғандыктан. бұл жұмыстарды толык, сабақ үстінде орындап бітруге, барлық окушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уакытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі
-бipiнші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалауы бойынша екінші, үшінші деңгейлердің тапсырмалары;
-екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға қалауы бойынша одан да жоғары денгейлік тапсырмалар¬ды жалғастырып орындай беру;
-т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле беру тапсырылады.
Ең жоғары деңгейдің шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларын, әрине, еңбекқор және нақты осы пән бойынша дарынды оқушы орындай алады.
Осылайша, сыныптан тыс уақытта оқушылардың сүйікті және өзінің қабілеті жететін пәндердің әр тақырыбы бойынша жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап, көтеріңкі баға алуына мүмкіншілік туады да, дамыта оқыту принципі орындалады.
Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемалардың шешілуіне жақсы жағдай жасайды:
-әр оқушы барлық бойынша 100 % үлгеруіне кепілдік алады, әр тақырыптың бip деңгейінің тапсырмалары міндетті түрде және дұрыс орындағаны үшін сынақ алуы арқылы жоғарыда аталғандай, артық жүктеме тарту проблемасы шешіледі;
-оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу», «үрейінің жойылуы»;
-әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблема¬сы (төрт деңгейлік тапсырмалардың сыныпта орындап үлгермегендерін үйде жалғастыра орындау мүмкіншілігін алу арқылы, сыныпта жинаған ұпай санын толықтырады, сондықтан жаңа тақырып бойынша қорытынды ұпай саны өседі) шешіледі. Бұл жерде: әр тақырып бойынша оқушы тіпті бір емес, екі қайта бағаланып отырады да журналды «бағамен толтыру жоспары» артығымен орындалады.
-оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі (өте жеңіл тапсырмалармен қатар, күрделі тапсырмалардың жауаптары дұрыс болса болады, жоғары беріле бepyi);
-оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оны қабілеті жететін саласының дарынын ашу проблемалары шешіледі.
Бұл оқушылар арасында, бip-бipiнің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жарыс тудырады. Бірақ, оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалынатын демеп жіберуге рұқсат етіледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабак әр оқушының, дұрыс орындаған барлық тапсырмаларының ұпайларын шығарумен аяқталады.
Сонымен:
-технологияның принциптері жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
- өздiгiнeн оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрган басты мақсат - жаңа технологиясынын, талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады. Мұндай оқулыктар мен дидактикалық құралдардың бip ерекшелігі - олардың, мазмұнын қысқа мерзім ішінде ешқандай беймдетусізақ компьютерге енгізуге болады. Ceбeбi, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулыктардың құрылымына ұқсас.
Дәріс 4.
Тақырыбы: Педагогикалық технологиялардың белгілері мен қасиеттері
Педагогикалық техологиялардың белгілері: мақсаттылығы, диагностикалық құралдарының болуы, педагогикалық үрдісті жоспарлауға мүмкіндік беретін оқытушы мен оқушы іс-әрекетін реттейтін заңдылықтар, оқушы мен оқытушы іс-әрекеті мен үрдістерді талдайтын құралдардың болуы.
Осыған сәйкес педагогикалық технологияның төмендегідей қасиеттері мен сипаттары болады: біртұтастылық, тиімділік, нәтижелік, кез-келген мектептің нақты жағдайында қолдануға жарамдылық.
Мақсаттылық белгісі-оқушыны оқытуда, оның жеке тұлғасын дамытуда белгілі бір нақты технологияны қолдана отырып қандай нәтижелерге жетуге болатынын нұсқайды. Технологияның диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілуі мұғалімге педагогикалық ықпалдаң барысы мен нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Талдау құралдары мұғалімге өз қызметін және оқушының өзін-өзі дамытуы мен тәрбиелеуі және олардың нәтижелерін бағалай алуы үшін қажет.
Педагогикалық технологияның келесі белгілер тобы- оқытушы мен оқушы қызметтерінің өзара қарым-қатынасын реттейтін, бір жүйеге келтіретін заңдылықтар. Көп жағдайда мұғалім түрлі талаптарды, әдістемелік нұсқауларды есепке алады да, оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын назардан тыс қалдырады. Мұндай жағдайда мұғалімге өз мақсатына жетуге ешқандай технология көмектесе алмайды.
Мұғалімнің қызметі (оның мақсаты, қажеттіліктері мен мотиві, іс-қимылдары, олардың құралдары мен іске асу шарттары т.б.) оқушының қызметі мен іс-ірекетіне (оның мақсаттарына, мүмкіндіктеріне, қажеттіліктері мен қызығушлықтарына т.б.) сәйкес келуі шарт. Тек осы негізде ғана мұғалім педагогикалық ықпал құралдарын таңдап, оларды іске асыра алады.
Аталған белгілер педагогикалық технологияның қасиеттерін анықтайды.
Технология тұтас болуы қажет- бұл технология барлық аталған белгілерге жауап беруі тиіс деген сөз. Мұғалімдер жасап шығарған авторлық технологиялар тұтастық принципіне сай емес; яғни, мұғалім ойлап тапқан бір ғана жетістікке көңіл бөлінеді де, технологияның басқа белгілері ұмыт қалады.
Педагогикалық технологияның келесі бір маңызды қасиеті-оптималдылық. "Оптималдылық" термині (латын тілінен аударғанда «optimus»-«ең жақсы» дегенді білдіреді)-белгілі бір шарттар мен міндеттерге ең сәйкесі, тиімдісі дегенді білдіреді. Ю.К.Бабанский педагогикалық үрдістің тиімділігінің бірнеше критерийлерін бөліп көрсеткен еді. Егер, педагогикалық технология сол критерийлерді қолдана отырып төмендегідей шарттарды орындаса неғұрлым тиімдірек болар еді:
-
Егер оның қолданылуы әрбір оқушының ең жақын даму зонасында білімділігін, тәрбиелілігін және дамуын қамтамасыз етсе;
-
Егер оның қолданылуы оқушы мен оқытушының ғылыми негізделген уақыт мөлшерінен артпаса, яғни, білім беру стандартымен және мектеп ережесімен айқындалған уақыт ішінде мүмкін боларлық «maximum» нәтижелерді бере алса.
Технологияның келесі бір маңызды қасиеттері- нәтижелілігі және қолдануға жарамдылығы.
Бір технологияның екіншісінен айырмасы-оны қолданудың нәтижесінде
оқушының дамуында, тәрбиесінде, білім алуында байқалатын жағымды өзгерістер. Нәтижелілік дегеніміз осы.
Кез-келген мұғалім кез келген технологияны қолдана алуы мүмкін емес, ол оның жұмыс тәжірибесіне, педагогикалық шеберлігіне, педагогикалық үрдістің әдістемелік және материалдық жабдықталу деңгейіне де байланысты. Сондықтан, нақты технологияны сипаттағанда немесе оқып зерттеген кезде оның басқа мектеп жағдайында жұмыс жасау мүмкіндіктерін, жарамдылығын ескру қажет.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз-дидактика да, тәрбие теориясы да немесе оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесі де емес. Педагогикалық технологияның ерекшелігі-осы технология негізінде құрылған педагогикалық үрдіс белгілеген мақсатқа жетуді кепілдеуі шарт. Технологияның екіші ерекшелігі-оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынастарының реттілігінде (алгоритмизация). Бұл қасиет дидактикада, тәрбие мен оқыту теорияларында немесе әдістерінде жоқ.
Педагогикалық технологиягың негізгі элементтері: педагогикалық қарым-қатынас, бағалау, талап, конфликт және ақпараттық әсер ету.
Педагогикалық қарым-қатынас 3 функция атқарады:
-баланың қарым-қатынаста «ашықтығы»-оған мектепте, сыныпта, сабақта қолайлы жағдайлар туғызу көзделген;
-педагогикалық қарым-қатынаста балаға деген жанашырлық- мұғалімнің баламен тығыз іс-әрекеті нәтижесінде туындайды;
-педагогикалық қарым-қатынаста баланы көтермелеу саясаты (стимул ретінде).
Педагогикалық бағалау дегеніміз- баланың тұтас жеке тұлғасын емес, оның дәл осы сәттегі мінез-құлқын бағалау. Жалпы бағалау дегеніміз, бір нәрсенің деңгейін, қасиетін, дәрежесін белілеу. Осы принциптерді педагогикалық бағалауда өз жұмысында шеберлікпен қолдана отырып педагог өз шәкірттері бойында құндылық қарым-қатынастарды қалыптастырады және кемшіліктерді түзетеді.
Педагогикалық бағалау функцияларына –баланың қоршаған дүниеге деген жағымды көзқарасын тәрбиелеу, осы жолдағы ұмтылыстарын қолпаштап отыру т.б. жатады. Бұл үнемі есте ұстау қажет. Педагогикалық бағалаудың түрлері- қолпаштау, қолдау, қолдамау, мақтау, материалдық қолдау, жазалау, ескерту жасау, сөгу т.б.
Педагогикалық талап-бұл тәрбие үрдісінде баладан әлеуметтік-мәдени қарым-қатынас пен мінез-құлық нормаларын талап ету. Адамның басқаларға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы субъективті еркін жағдайда, оның өмір тәжірибесі нәтижесінде қалыптасады. Педагогтың міндеті-бала позициясыныңнеғұрлым жағымды жағынан қалыптасуы. Белгілі бір жас кезеңіне сәйкес талаптар қою үшін міндетті түрде әр баланың психикалық ерекшелігін негізге алу қажет.
Дәріс 5.
Тақырыбы: Оқытудың дәстрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері
Дәстүрлі оқыту технологиялары екі негізгі әдісті қолданады:
-
Оқытудың түсіндірмелі-көрнекі әдістері, яғни, мұғалім оқу материалын көрнекі әдістерді қолдана отырып түсіндіреді.
Оған лекция, әңгіме, тәжірибелер көрсету, экскурсия т.б. жатады. Студенттің қызметі ақпарат алуға, есте сақтауға бағытталады.
-
Репродуктивтік әдіс (қайта жаңғырту)-оқытушы студенттердің білімді игеруі және қайталап айтып беруі үшін тапсырмалар құрастырады. Студент сұрақтарға жауап береді, есеп шығарады т.б.
Бұл екі әдістің де мәні-белгілі білімдерді студенттерге дайындап беру үрдісі. Дәстүрлі оқытудың көптеген кемшіліктері де бар, мысалы:
-
Материалды оқып-үйренудің орташа, жалпылама темпі;
-
Студенттер игеретін білімдердің көлемі де бірыңғай, орташа;
-
Студенттердің мұғалім арқылы білімді дайын күйінде алуы өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына кедергі жасайды;
-
Студенттің жаңа білімді игергендігі туралы мұғалімде еш ақпарат болмайды;
-
Зейінді төмендетуге әкеліп соғатын сөз әдістерінің басым болуы;
-
Студенттің жадына күш түсуі.
Осы айтылғандардың салдарынан (жаттау немесе есте сақтау әдістері) студенттер болашақта керек дағдыларды игермей қалулары мүмкін (өзіндік шешім табу үшін керекті материалдарды іздестіру, дербес шешімдер қабылдау т.б.). Осылайша, дәстүрлі оқыту әдістерінде оқу үрдісінде студентке қойылатын талаптар мен нақты кәсіби қызметте қажетті талаптар арасындағы алшақтықтар айқын байқалады.
Дәріс 6.
Тақырыбы: Бағдарламалап оқыту технологиясы
Дәстүрлі оқытудың кейбір кемшін жақтарын бағдарламалап (жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады. Бұл технология XX-ғ. 60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарның тоғысында пайда болды. Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым- 1)оқыту-басқару үрдісі ретінде;2)ақпараттық үрдісс;3)жекелендірілген үрдісс ретінде алынған.
Бағдарламалап (жоспарлап)оқыту-оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада 1)оқу материалының өзі; 2)оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті; 3)меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған. Студентбір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал қайталанып беріледі. Жоспарлап отырудың негізін салушы АҚШ ғалымы Скинер бұл технологияның негізін екі талапқа сай құрған:
-
Жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу
-
Педагогикалық жүйені оқушының өз бетімен білім алуына бейімделу.
Бұл әдіс бір бағытты деп ааталады.
Келесі әдістің авторы да-американдық ғалым Краудер. Әдіс –көптармақты деп аталады. Бұл бағдарламада студент қойылған мақсатқа өз жеке басы ерекшеліктеріне сай түрлі жолдармен жетеді. Студент бақылау сұрақтарына берген жауаптарына сәйкес не келесі бөлімге, немесе сол бөлімнің тағы бір тармағына (вариантына) көшеді. Тармақтар бірнешеу болуы мүмкін. Белгілі бір тармақты немесе бұтақты өткеннен соң студент бағдарламаның негізгі діңіне қайтып оралады. Дайындық деңгейіне, табиғи қабілетіне қарай тек қана діңмен жұмыс жасайтын студенттер де болады, ал әлсіздері тармақтарға ауысып отырады. Бірақ барлық жағдайда да нәтиже-студенттер берілген білім көлемін толық меңгеріп шығады.
Үшінші әдіс-бейімдендірілген (адаптациялық) деп аталады. Мұнда студенттің қиынырақ немесе жеңілірек тармақтарға ауысуына мүмкіндіктер қарастырылған. Қай тармаққа көшетіні студенттің алдыңғы жауаптары мен жіберген қателіктеріне байланысты. Студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай ақпаратты беру тәсілдері, күрделірек деңгейі, сұрақтардың қасиеттері өзгертіліп отырады.
Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:
-
Оқу материалының мөлшерленіп берілуі;
-
Студерттердің өздігінен белсенді жұмыстануы;
-
Студенттердің материалды меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда болуы;
-
Оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
-
Оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану мүмкіндігі.
Жоспарлап оқытудың шығуы оқытуда техникалық құралдарды қолдануға және оларды жетілдіре түсуге жағдай жасады. Жоспарлап оқытудың басты міндеті-автоматтандырылған дағдыларды және мықты білім мен біліктерді қалыптастыру.
Дәріс 7.
Тақырыбы: Бағдарламалап (жоспарлап) оқытуды компьютер көмегімен жүргізу.
Бағдарлап оқытудың екі әдісі бар: машина көмегімен және дәстүрлік әдіспен.
Дәстүрлік әдісті қолданғанда оқыту бағдарламалары, оның құрамындағы блок материалдары мен тест сұрақтары баспа қағаз түрінде беріледі. Кеңес дәуірінде компьютердің әді дами қоймаған кезде соңғы әдіс көп қолданылды.
Бүгінгі күні бағдарламалап оқыту компьютер көмегімен жүзеге асырылып отыр. Енді осы жүйені қарастыралық.
Шын мәнісінде бұл оқыту жүйесін компьютермен жүргізу өте тиімді, себебі оның көмегімен оқушының кез-келген сұраққа берген жауабы тез арада өңделіп, нәтижесі электронды түрде басылып шығады. Оқу үрдісінің дидактикалық мүмкіншіліктері де кең ашылады.
Жоғарыда көрсетілген блоктық бағдарламалап оқытудың сұлбасы компьютер көмегімен мына принципте жүзеге асырылады.
Дәріс 8.
Тақырыбы: Проблемалық және қарқынды күшейте оқыту технологияларының ерекшеліктері
Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты-мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі-мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе-жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский т.б.) есімдерімен байланысты.
Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық үрдістер механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да «оның мәні неде?» деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау үрдісі белгілі схемамен жүреді, яғни- болжам тастау, оны негіздеу және тексеру. Содан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың белсенділігі-проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: «субъект-объект-субъект» қарым –қатынастарына түседі.
Проблемалық оқыту- оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.
Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше ұйымдастырылуын талап етеді, ал, мұның өзі оқытудың таңдалынған әдіс-тәсілдерінен көрініс табады. Мұның бәрі оқытудың құрылымына әсер етеді. Сондықтан да, проблемалық оқытуды өзінің ерекше технологиясы бар жаңа дидактикалық жүйе деп санауға әбден болады.
Бұл дидактикалық жүйенің технологиялық негізгі ұғымдары- «проблемалық жағдай», «оқу проблемасы», «проблемалық міндет» т.б.
Проблемалық жағдай- субъектіден жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін іздестіруді талар етеді. Оны оқыту үрдісінің кез-келген кезеңдерінде (түсіндіру, бекіту және бақылау) құруға болады.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
-
Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
-
Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
-
Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;
-
Кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері төмендегідей:
-
Мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың жолдарын өздеріне қалдырады;
-
Біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
-
Сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позицидан қарастыруды ұсынады;
-
Нақты сұрақтар қояды;
-
Проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;
-
Проблемалық міндеттерді қояды.
Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына ауысуы,
проблемалық міндеттердің құрастырылуы-проблемалық оқытудың бастапқы кезеңдері ғана, әрі қарай оқушылар оқытушының бағыттауымен келесі шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс:
-
Проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту;
-
Болжамдарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;
-
Қорытынды жасау;
-
Шешілген проблеманың дұрыстығын тексеру.
Сонымен, проблемалық оқыту технологиясы бірнеше кезеңдерден өтеді.
Оның негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін түсінуге алып келетін проблемалық жағдай. Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай дәрәжеде болуы шарт. Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен бірінші кезең аяқталады. Екінші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу үшін жетпейтін ақпараттарды белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті білімдермен қарулана отырып проблеманы шешіп, алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра отырып тексереді.
Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
-
Проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті мотвациямен қамтамасыз ету;
-
Әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);
-
Шешілетін проблеманың оқушы маңыздылығы;
-
Педагогтың оқушымен диалогының өзара түсіністік пен сыйластыққа құрылуы.
Проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар екенін
атап өтуге тиіспіз. Бұл технолгияның артықшылығына-оқушының өзіндік шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері, соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушылығының, жемісті ойлау қабілеттеріне дамуы жатады. Ал, кемшін жағына-кей кездерде үрдіске қатысушылардың танымдық іс-әректтерінің әлсіз басқарылуын, жоспарланған мақсатқа қол жеткізуде уақыттың шамадан тыс көп шығындалуын атап көрсетуге болады.
Оқытуды интенсивтендіру (қарқынды күшейте оқыту) дегеніміз-оқытудың сапасын да, мерзімін де өзгертпей, бірақ, оқу ақпаратын кеңірек көлемде беру. Оқу үрдісін күшейте түсу үшін тұлғаның шығармашылық потенциалын іске қосатын танымдық үрдіске жетекшілік ететін ғылыми түрде негізделген әдістерді жасау және енгізу қажет.
Оқытудың жылдамдығын арттыру үшін оқу материалының мазмұны мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мазмұнды жетілдіру үшін:
-
Оқу материалын рационалды таңдап іріктеу, яғни, оқулықтың негізгі, базалық бөлімі мен негізгі емес, қосымша ақпараттық бөлімін айқындап алу және орналастыру; соған сәйкес негізгі және қосымша әдебиет қарастырылуы тиіс;
-
Оқу материалын уақыт параметріне сәйкес бөлген кезде жаңа материалды сабақтың бас кезінде-оқушылардың зейіні мейлінше белсенді кезеңіне лайықтап беру;
-
Аудиториялық сабақтарды курстың бас кезінде басымырақ қойып, өз бетімен жемісті жұмыс жасаған кезде студентке тірек боларлық білім қорын жасақтау;
-
Бұрын берілген және жаңа ақпараттардың логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.
Күшейте оқыту үрдісі жеке-психологиялық және ұжымдық
Психологиялық факторлардың үйлесімді қарым-қатынасына негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |