Пәннің мақсаты: Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы курсы с


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет12/22
Дата17.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#142220
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Бақылау сұрақтары :

1. Ашық тұқымдылар тұқымбүрінің құрылысы

2. Ашық тұқымдылардың ұрықтануы

3. Ашық тұқымдылардың тұқымдануы

4. Тұқымының орналасуы

5. Ашық тұқымдылардың дәндерінің құрылысы

6. Ашық тұқымдылардың классификациясы

7. Тұқымды папоротниктер класы

8. Саговниктер кластары
Тест тапсырмалары

1. Ашық тұқымдылардың белгілері.



  1. Ағаштар, сиректеу бұталар, аналық таметофиті – архегония, аталық тұқымының пайда болуы.

  2. Спорангилері сорустарға жинақталған, қос жынысты өсімдіктер.

  3. Кіндіктамырлы, жапырақтары торлы жүикелі, гүлдері бесмүшелі.

  4. Шашақ тамырлы, жапырағы паралелл жүикелі гүлдері үш мүшелі.

  5. Барлығы

2. Ашықтұқымдылардың белгілері.

  1. Ағаштар, сиректеу бұталар, аналық таметофиті – архегония, аталық тұқымының пайда болуы.

  2. Спорангилері сорустарға жинақталған, қос жынысты өсімдіктер.

  3. Кіндіктамырлы, жапырақтары торлы жүикелі, гүлдері бесмүшелі.

  4. Шашақ тамырлы, жапырағы паралелл жүикелі гүлдері үш мүшелі+.

  5. Барлығы

3. Вегетативтік оргондар.

  1. Тамыр,сабақ жапырақ

  2. Андроцей, генецей

  3. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.

  4. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары.

4. Репрадуктивтік оргондар.

  1. Тамыр,сабақ жапырақ

  2. Андроцей, генецей

  3. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.

  4. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары

5. Гинецей құрылысы.

  1. Тамыр,сабақ жапырақ

  2. Андроцей, генецей

  3. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.

  4. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары

6. Андроцей құрылысы.

  1. Тамыр,сабақ жапырақ

  2. Андроцей, генецей

  3. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.

  4. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары

7. Гүлдің ұрықтануға қабілеттсіз бөлімдері.

  1. Тамыр,сабақ жапырақ

  2. Андроцей, генецей

  3. Аналық аузы, аналық мойны, жатыны, ұрық клеткасы, жұмыртқа клеткасы.

  4. Аталық жіпшесі, тозаңдылық стаминодии.

  5. Гүлсерігі-тостағанша, күлте жапырақшалары

8. Қылқан жапырақтылар класының белгілері.

  1. Тұқым арқылы көбеюі , антеридилері жоқ, археногиялары сақталған стробилалы өсімдіктер.

  2. Гүлді өсімдіктер, тұқымдары қоршауланған сабақтарының түтікшелері бар.

  3. Шөптесін. өсімдіктер, түтікшелері жабық, бір тұқым жарнақты.

  4. Стробиді өсімдіктер , орхеногия және антеридии арқылы көбейеді

  5. Барлығы



12 – апта

(3 балл)

Тақырып : Жабық тұқымдылар немесе магнолифиттер, раушан гүлділер қос желектілер бөлімі - Maqnoliophyta.
Жоспар :

  1. Жалпы сипаттамасы

  2. Гүлдің шығу тегі

  3. Стролобилярлық теория

  4. Систематиканың қысқаша тарихы

  5. Жабық тұқымдылардың классификациясы


Сабақтың мақсаты : Студенттерді жабық тұқымды өсімдіктердің

биологиялық ерекшеліктері, классификациясы, гүлдің шығу тегі, гүлді

өсімдіктер жүйесінің тарихымен таныстыру.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Реферат тақырыптары:

1. Жабық тұқымдылардың өмірлік циклі

2. Гүлдің шығу тегі

3. Эванттық теория

4. Раушан гүлділердің мен жалаңаш тұқымдылардың айырмашылығы

5. Раушан гүлділердің классификациясы

6. Раушан гүлділердің өкілдерінің шаруашылықтағы маңызы
Тест тапсырмалары

1. Жабық тұқымдылар бөлімі.


  1. Gumnospermatophyta, pinophyta

  2. Angiospermatophyta , magnoliophyta

  3. Bryophyta

  4. Polypodiophyta

  5. Еguisetophyta

2. Раушангүлділер тұқымдасына тән белгілер.

  1. Гүлшоғыры жай шатыр, гүлі бес жоспарлы, қосжыныста актиноморфты, гүлсерігі қосарланған

  2. Гүлшоғыры сырға тәрізді, гүлсерігі қарапайым, гүлдері даражынысты

  3. Гүлшоғыры шоқпарбас, түйнек бактериялармен симбиоз құрайды.

  4. Гүлшоғыры күрделі масақ, сыпырғы, жемісі дәнек.

  5. Гүлшоғыры себет 4 шеңберлі күлтесі 5 мүшелі, жемісі тұқымша.

3. Жабық тұқымдылар бөлімі.

  1. Бауыр мүктер, нағыз мүктер кластары

  2. Плауындар, полушниктер кластары.

  3. Тұқымды папортниктер, саговниктер, бенетиттер кластары.

  4. Қосжарнақтылар, даражарнақтылар кластары

  5. Қырықбуындар класы.

4. Магнолия тәрізділер қатарлар тобы.

  1. Шамшаттар, қайыңдар талдар тұқымдастары.

  2. Итмұрындар, алмалар, раушангүлдер тұқымдастары.

  3. Алқалар, шырмауықтар, ерінгүлдер тұқымдастары

  4. Сарғалдақтар, бөріқарақаттар, тұңғиықтар тұқымдастары.

  5. Қалақайлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.

5. Қосжарнақтылар класы.

  1. Magnoliopsida dicotyledoneae

  2. Liliopsida monosotyledoneae

  3. Briopsida

  4. Riniopsida

  5. Lignopteridopsida

6. Даражарнақтылар класы.

  1. Magnoliopsida dicotyledoneae

  2. Liliopsida monosotyledoneae

  3. Briopsida

  4. Riniopsida

  5. Lignopteridopsida



13-апта

(4 балл)

Тақырып: Бұршақ тұқымдасы
Жоспар

А)Жапырағы,сабағы және тамыры

Ә)Гүлдері
ОБСӨЖ мәтіні:

Бұршақ тұқымдасы – Fabaceal – Papilonaceal 120 мыңдай түрі бар (490 туыс) полиморф. Негізгі өмірлік формалары ағаштар, бұталар, көп жылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін формалары қоңыржай климатты аудандарда, топтасқан ағаштары мен бұталары тропикалық, субтропикалық аймақтарда өседі.

Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туыс). Олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты. Бұлардың өкілдерінің көпшілігі БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық және Солтүстік қоңыржай салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер. Жабынының қалыптасуында маңызды негізгі өмірлік формалары : ағаштар, бұталар, көпжылдық, біржылдық шөптесін өсімдіктер.

Бұршақ тұқымдасы түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп

ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндігі болып шаруашылық практикасында маңызды роль атқарады. Бұршақ тұқымдастардың жапырақтары күрделі болып, олардың қосалқы жапырақтары бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлдерінің тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, бес тісті дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты бес күлте жапырақшаларының бір – бірімен бірігіп кетеді. Гинецейі бір мүшелі апокарапты, гүл түйіні жоғарғы көптеген түрлерінің гүлінің формуласы.

Са5 Со 3 +(2) А (9)+1 G1 жемісі Sos – дәні екі жағынан ашылатын немесе ішінде дәндері болатын бөліктерге бөлінеді. Дәндерінде белоктың мөлшері өте жоғары, асбұршақта (ropox -pisum) –34%, ноқатта (Cicor) – 31%. Белоктың сапасы бойынша фасоль –phascolus пен жасымақ (rerebuna- lens) жоғарғы орында тұрады. Олардың белоктық құрамында аминокислоттар бар. Бұршақтар тұқымдастары халық шаруашылығында маңызды азықтық,

жем –шөп ретінде құнды пішен немесе дәне алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген.

Егістік сиыр жоңышқа (вика посевная V. sativa) пішен, дән алу мақсатында өсірілетін бір жылдық шөптесін өсімдік. Олардың түрлері сиыр жоңышқа (вика мохнатая – V. villosa).Түкті сиыр жоңышқа вика волосатая

V. hirsut.

Асбұршақ туысы – (горох pisum). Түрлер саны белгісіз. БОР-да 6 түр бір жылдық, көп жылдық өсімдіктер.Сабақтары жұмсақ мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып өседі. Егістік асбұршақ (горох pisum). Бір жылдық шөптесін өсімдік, егісті дақыл ретінде көп таралған.

Беде туысы (клевер Trifolium) түрлер саны 300-дей БОР флорасында 65 түр, Қазақстанда 11 түрі кездеседі. Жер бетінің барлық құрлығында кездеседі. Сабақтары тік сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үш құлақ сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдері сары, қанық қызыл, ашық қызыл болып келеді. Күлте жапырақшалары түп жағынан біріккен. Жемісі


    1. дәнді екі ерінді қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.

Қызылбас беде клевер луговой –Т pratense биіктігі 30-50см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік мамырдан күзге дейін гүлдейді. Гүлдері қызыл, шоқпарбас, дәндері біреуден болады. Мәдени жағдайда көп өсіріледі.

Қызғылт беде (клевер розовый Т. Hybridum) күлте жапырағының үсті солғын қызыл түсті болады. Ақ беденің (клевер ползучий белый Т. repens) күлте жапырағы ақ түсті болады. Мал азығы ретінде пайдаланады.

Жоңышқа туысы (люцерна - Medicaqo) 100- дей түрі бар көптеген регионда өседі. Борда –36 түр, Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер жапырағы 3 құлақ, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Сортаң сор топырақтарға жақсы өседі. Мал азығы үшін маңызы зор.

Сарбас жоңышқа –(люцерна желтая – М falkata) биіктігі 100 –120см болатын күлте жапырақшасының түсі сары құрғақшылыққа, ыстыққа суыққа төзімді өсімдік. Борда жабайы және мәдени жағдайда өседі.

Фасоль туысы (Phaseolis) 200-дей түрі бар. Азия, Африка аймақтарында өседі. Бір жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары көп жағдайда шырмалып өседі. Жапырақтары 3 құлақ күрделі. Күлте жапырақшалары сары, ақ қызғыштау сары, қоңыр қызыл, сия көк түсті. Борда 20 түрі бар. Олар мәдени жағдайда өседі.

Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенный ph vulqaris) көкеніс дақылы Солтүстік Санкт Петербургте өседі.

Соя туысы – Glycine 40 түрі бар Борда бір түр уссурий соясы (соя уссурская) өседі. Шаруашылықта маңыздысы түкті соя (соя щетенистая - Ghispida) биіктігі 30-50см бір жылдық өсімдік, бір дәні болады. 1тонна дәнде 115кг май, 725кг ұн алынады.Дән құрамында 35% белок бар. Соядан әртүрлі тағамдар дайындалады.

Люпий туысы -(Lupinus) 400 түр бар шөптесін өсімдік, жартылай бұталар гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде өсіріледі.



3.Бұл топтық құрылысының барлығына ортақ белгілеріне жататын ерекшеліктері: гүлдері ұсақ, антиноморфты, дара жынысты немесе қос жынысты, гүлсерігі тостағанмен жапырақшалар түрінде болады. Гүлшоғыры симподиальды жиналып сырға түзед

Шамшаттар тұқымдасы – Faqaceal. 900 түрі бар (8-9 туыс) мәңгі

жасыл, немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отырады. Ағаштар, бұталар олар қоңыржай климаты, субтропикалық елдерінде кеңінен таралған. Жапырақ қатары тұтас немесе қауырсынды кезектесіп орналасады. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара немесе қос жынысты актиноморфты жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбас түзеді. Гүлдері 6 мүшелі бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы. Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді. Әртүрлі түске қоңыр, қызыл, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны 3+3 не болмаса 3-7, аталықтар саны гүлсерігінің санымен бірдей.

Емен туысы (дуб). Дүние жүзі бойынша 300 түр. БОР –да 19 түр,

Қазақстанда 1 түр бар. Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Діңі жуан, биіктігі 40м – ге дейін барады. Гүл формасы :Р6 АоСе (3) Р(6-8) А6-10. Кавказ, Украина, Шығыс бүгі өседі.

Қайыңдар тұқымдасы –Вetulaceae. Тұқымдас құрамында 130 түр (6 туыс) бар. Солтүстік ендікте тропикалық емес облыстарда өседі. БОР-да 64 түр, Қазақстанда 17 түр кездеседі. Өмірлік формалары жапырақтары қысқа қарай түсетін ағаш, бұталар. Гүлшоғы сырға тәрізді, дара жынысты (бір үйілі өсімдік). Гүлдері ұсақ, дұрыс және бұрыс гүлдер, гүлсерігі болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша.

Қайың туысы -(береза)- Вetulaceae. Түрлерінің жалпы саны 60, борда40, Қазақстанда 15 түр. Салқын қоңыржай климатты зоналарда кең таралған ағаштар, бұталар. Гүл формуласы : Р6, А0, С(2), Р2, А2, С0.

Аталық, аналық гүлдері 3-тен орналасқан сырға түзеді. Жемісі қанатша. Түрлері : қотыр қайың, үлкен қайың.

Орман жаңғақ туысы – лещина (Сorylus) 8 түрі бар. БОР-да 7, Қазақстанда 1 түр. Қысқа қарай жапырақтары түсіп қалады. Ағаштар, бұталар бір үйлі жапырақтары кезектесіп орналасқан. Гүл формуласы : Р40(2), Ро, А40. Аталық гүлі бір гүлден тұрады, ұзын сырғалы, анылық гүлі екі гүлді, жапырақ қолтығында жайласқан бүршіктермен қоршалып тұрады, түрлері кәдімгі орман жаңғақ, аю жаңғақ.

Талдар тұқымдасы – Salicaceae. Бұталар ағаштары Солтүстік ендіктің қоңыр жай климатты елдерінде кең таралған. Кейбір түрлері қиыр Солтүстікте төселіп өсетін аласа формалар түзеді. (карлик форма) жапырақтары кезектесіп орналасатын жай жапырақтар. Аталық, аналық гүлдері бөлек жетілген (дара жынысты). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-30 оданда көп аталықтары (тычинка) болады. Аналық гүлдерінде екі жеміс жапырақшасынан бір аналық (пестик) болады. Гүл түйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп, жемістері екі жақты ашылатын қауашақтар. Талдар тұқымдасына 400 түр жатады, олар 3 туыстан тұрады : терек (тополь -populus) – 25-30 түр, тал (ива -salix) 350-370 түр, чозеня – Chosenia –1түр.

Терек туысы – Populis. БОР –да 30 түр, Қазақстанда 14 түр. Аталық гүлі бірнеше аталықтан (тычинки). Аналық гүлінде жалғыз аналықты қоршап тұратын екі парокарпты біріккен жеміс жапырақтан түзілген болады. Гүл формуласы : Р0, А0, Се(2) Р0 , А12 – 20 Сl0. Бұл туысқа көк терек (осина), қара терек (тополь), жатады. Бұлар тез өседі, халық шаруашылығында маңызды.

Тал туысы – ива Salix. БОР –да 170 түр, Қазақстанда 46 түр. Талдың гүлдерінің түрі жағынан қоршап тұратын дискасі болады. Кейбір түрлерінде нектарниктерлер болады. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы (гинецейі) 2 мүшелі парокарпты және 2 аузы (рыльца пестика) болады. Талдар жапырақтары шықпас бұрын немесе олармен бірге гүлдейді. Олар насекомдармен тозаңдануы сиректеу желмен тозаңдайды. Түрлі заттар үшін киіз үйдің керегелері, барлық торлары үшін қолданылады. Қабықтарынан иілік заттар алынады. Олар өте оңай тамыр беріп вегетативтік жолмен көбейеді. Бал беретін өсімдік.

Чозения туысы –Chosenia 1 түрі бар. Россия қиыршығысында Жапонияда Қытайда өседі. Бұлар тал туысына жақын тұрады.

Мәңгі жасыл және жапырақтары түсіп отыратын ағаштар, бұталар, көп жылдық, бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шары құрылықтарының барлығында кездеседі. Гүлдері циклды, 4 шеңберлі, зигоморфты , сиректеу актиномортфы, қос жынысты, дара жынысты гүлесерігі қосарланған, күлте жапырақтары ашық түске боялған, қалыпты жағдайда бірігіп түтікше түзеді. Насекомдармен, сиректеу желмен тозаңданады. Қалыпты жағдайда андроцейі 5 аталықтан тұрады, бірақ редукцияға ұшырауы нәтижесінде 4 немесе 2 аталықтан тұратын гүлдері жиі кездеседі. Гинецейі ценокарпты көп жағдайда 2 сиректеу 3-5 жеміс жапырақшадан тұрады. Жемістері негізінен қауашақ тәрізді, жаңғақ тәрізді, сиректеу шырынды.

Шырмауықтар тұқымдасы – Convolaceae. 150түр 50 туысы бар. Негізінен дүниежүзінің тропиктері мен субтропиктерінде азырақ екі ендіктің қоңыржай климатты облыстарында өседі. Шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар, ағаштар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, тұтас, қауырсынды, тілімделген қосалқы жапырақшалары болмайды. Жапырақтары мен сабақтарында сүтті шырындарды бөліп шығаратын клеткалары болады. Гүлдері 5 мүшелі, сиректеу 4 мүшелі, қосжынысты, гүл асты жапырақшалары болады. Гинецейі 2 (3-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Жемістері қауашақ, жаңғақша тәрізді.

Шырмауық туысы – (вьюнок - Convolvulus). Тропикалық және субтропикалық елдерде сиректеу қоңыржай климатты облыстарда өсетін

200-дей түрі бар. Өмірлік формалары бұталар, жартылай бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. БОР флорасында 30 түр, Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Сабақтары оралып немесе тік өседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері жапырақ қолтықтарында 1-3 тен дихазиялы немесе шоқпарбасты гүл шоғында орналасады. Гүл формуласы : Са(5), Со(5), А5, Се(5). Жемістері қауашақ тәрізді. Қоңыржай климатты зоналарда – далалық шырмауық (вьюнок полевой С- arvense) өседі, көп гүлдері ақ, немесе ақшылдау – қызғылт түсті, егістіктің арам шөбі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет