Пәннің мақсаты: Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы курсы с


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет8/22
Дата17.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#142220
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Бақылау сұрақтары

1. Шығу тегі және формасы жағынан тамырдың түрлері?

2. Тамыр жүйесі дегеніміз не?

3. Тамыр қанай аймақтардан тұрады?

4. Тамыр түрлері?

5. Тамырдың анатомиялық құрылысы?

6. Тамырдың мамандануы және түрлене өзгеруі?

7. Тамырдың өсуінің алғашқы сатысы?


Тест тапсырмасы

1. Өсімдіктердің жер асты вегетативтік органдары



  1. Тамыр

  2. Бидай

  3. Үрмебұршақ

  4. Күріш

  5. Арпа

2. Тұқымнан өсіп шыққан вегетативтік органдардың бастамасы бар кішкентай өсімдік

  1. Тамыр

  2. Өскен

  3. Бидай

  4. Үрмебұршақ

  5. Күріш

3. Тұқым қауызын жарып шыққан алғашқы тамыр

  1. Негізгі тамыр

  2. Өскен

  3. Тамыр, сабақ, жапырақ

  4. Бидай

  5. Үрмебұршақ

  1. Тамырдың неше түрі бар?

А) 3

Б)2


В)1

С)4


Д)5

6. Шығу тегіне қарай тамырдың қандай типтерін ажыратамыз?

А)негізгі,жанама,қосалқы

Б)түзуші,түпкілікті

С)негізгі

Д)негізгі,жанама,түпкілікті

Е)тек қосалқы

7.Тамырдың сабақтан айырмасы?

А)жапырақтың болмауына байланысты

Б)атқаратын қызметіне байланысты

С)орналасуына байланысты

Д)жуандығына байланысты

Е)дұрыс жауабы жоқ

8.Тамырдың сыртын жауып жататын жабын ұлпсын атаңыз?

А)эпиблема

Б)сағақ


С)буын

Д)негізгі

Е)механикалық

6-АПТА

(3 балл)

Тақырып : Өркен түрлері.

Өркеннің бұтақтануы, әртүрлілігі. Өркеннің мамандануы мен түрлене өзгеруі.
Жоспар:

  1. Түрі өзгерген өркеннің атқаратын қызметтері.

  2. Өркеннің маманданған және түрі өзгерген түрлері.

  3. Түрі өзгерген өркеннің атқаратын қызметтері.

  4. Гүлшоғы өркендер жүйесінің ерекше түрленген бөлігі.


Сабақтың мақсаты: Өркен түрлерімен таныстыру.


Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Тест тапсырмасы

1. Бет жағынан экзогендік жолмен жапырақтар пайда болған



  1. Жас сабақ

  2. Өскен

  3. Тамыр, сабақ, жапырақ

  4. Бидай

  5. Үрмебұршақ

2. Бойы қысқарған, түрі өзгерген өркен

  1. Бүршік

  2. Өскен

  3. Тамыр, сабақ, жапырақ

  4. Бидай

  5. Үрмебұршақ

3. Өсімдіктер денесіндегі фотосинтез және транспирация қызметін атқаратын вегетативтік орган

  1. Жапырақ

  2. Өскен

  3. Тамыр, сабақ, жапырақ

  4. Үрмебұршақ

  5. Жас сабақ

4. Өркен бойында тұңғыш өсіп шыққан жапырақ

Жапырақ

Өскен


Төменгі жапырақ

Тамыр, сабақ, жапырақ

Жас сабақ

5. Өркеннің және сабақтың ең жоғарғы жағындағы гүлдің немесе гүл гүл шоғырының шенінде орналасқан жапырақтар



  1. Үстіңгі жапырақтар

  2. Өскен

  3. Төменгі жапырақ

  4. Тамыр, сабақ, жапырақ

  5. Жас сабақ

6. Өсімдіктердегі тақталанып біткен, жасыл түсті және ең жақсы жетілген жапырақтар

  1. Үстіңгі жапырақтар

  2. Өскен

  3. Төменгі жапырақ

  4. Тамыр, сабақ, жапырақ

  5. Ортаңғы жапырақтар

7. Өсімдіктердің денесінде болатын артық суды буландыруы

  1. Транспирация

  2. Төменгі жапырақ

  3. Тамыр, сабақ, жапырақ

  4. Ортаңғы жапырақтар

8. Жер бауырлап өсетін өсімдік өркендері

  1. Жатаған сабақ

  2. Өскен

  3. Төменгі жапырақ

  4. Тамыр, сабақ, жапырақ

  5. Үстіңгі жапырақтар


Бақылау сұрақтары

1.Түрі өзгерген өркеннің атқаратын қызметтері.

2.Өркеннің маманданған және түрі өзгерген түрлері.

3.Түрі өзгерген өркеннің атқаратын қызметтері.




7-АПТА

(5 балл)

Тақырып: Жапырақтың құрылысы мен функциясы. Өсімдік жапырағы.


Жоспар:

1.Жапырақ дегеніміз не?

2. Жапырақтың марфологиялық құрлысы.

3. Жапырақтын атқаратын қызметтері.

4. Жапырақтын формациялары.

5. Жапырақ тақтасының анатомиялық құрлысы.



Сабақтың мақсаты: Жапырақтың құрылысы мен функциясы мен таныстыру.

Сабақтың мазмұны: Жапырақ өркеннің құрамды бөлігі. Кеңістікте жапырақ сабақ пен өркенде филогенетикалық, онтогентикалық физиологиялық өзара тығыз байланыста болады. Дара- және қосжарнақты өсімдіктер жапырағының үдей дамуы жапырақ тақтасы негізіндегі қыстырмалы бой меристемасы арқылы жүреді.

Жапырақ ассимиляциялық мүше ретінде, негізінен фотосинтез , булану(транспиратция) және тыныс алу қызматтерін атқарады . Мұнан басқа олар қоректік өнімдер қорын жинақтаушы және вегетативтік көбею қызметін атқара алады.

Жасыл жапырақтың негізгі бөлімі оның тақтасы. Жапырақтың төменгі , сабақпен тұтасқан бөлігін оның негізі деп атайды. Көп жағдайда жапырақ тақтасы мен негізі аралығында жұмыр немесе жартылай жұмыр, сабақ тектес оның сағағы қалыптасады. Жапырақ сағағы су мен минералды заттарды оның тақтасына және ондағы пластикалық заттарды кері осьтік мүшелерге тасымалдауды қамтамасыз етеді. Бұған қосымша ол жапырақ тақтасын күн сәулесінің бағытына ыңғайлауға және оның салмағын көтеруге маманданған.

Сағақ жапырақтың басқа бөліктерінен кеш, оның негізінде алғашқы жапырақтың апикальды ауданында, интеркалярлеқ жолмен қалыптасады.

Көптеген өсімдіктердің жапырақ негізінде (түбінде екі бүірлік) жапырақ бөліктері қалыптасады. Жапырақтың жекелей дамуында жапырақ серіктері өте ерте қалыптасады. Жапырақтың жекелей дамуында жапырақ серіктері өте ерте қалыптасады да, тез өседі. Сондықтан олар қабыршақ тектес құрем ретінде бүршікке жамылғы және қорғаушы қызметін атқарады.

Қынапшалы жапырақ – қондырма, сағағы жоқ, саббаққа табақшаның түп негізімен бекінеді. Ал кей жағдайда табақша түбі созыла жіңішкеріп, жартылай түтік немесе науа тәріздес оське киіле қалыптасады.

Жапырақтың басты бөлігі – оның тақтасы. Егер оның сағағында бір ғана жапырақ тақтасы болса -онда жай , ал егер бірнеше болса – күрделі жапырақтар деп атайды.Күрделі жапырақтың ортақ осі рахис деп аталады.

Оның жекелеген жапырақшаларының рахисте орналасуына қарай қаурысынды және саусақ тәрізді күрделі жапырақтар болып бөлінеді. Олардан басқа үш құлақ-күрделі жапырақтарда кездеседі. Күрделі жапырақтар өркеннің бірінші, екінші, үшінші дәрежелі тарамданғаны сияқты екі – үш рет қауырсынданған күрделі немесе көп рет үш жапырақшалы болып қалыптасады.

Жапырақ өркенің бүірлік өскіні болғандықтан оның құрылысында сабақтың ұлпаларынның құрамы сақталған . Жапырақ тақтасының ең маңызды бөлігі ассимиляциялық ұлпадан тұратын мезофілі, яғни оның жұмсағы. Жұқа қабықшалы паренхималық клеткалардан тұратын жапырақ жұмсағы жоғарғы және төменгі эпидерманың аралығында орналасады. Мезофильдің жапырақтағы орналасуы, клеткалардың пішіні өте құбылмалы және әрқилы . Клетканың құрылысы және оның жатысыны қарай мезофилл бөлімі бағаналы және борпылдақ ұлпа деп, екіге бөлінеді. Жапырақта өткізгіш шоқтар сабақ тардағы шоқтардың біртұтас жүйесін құрайды. Жапырақ тақтасының сыртын жабындық ұлпадан тұратын эпидерма қаптайды.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Коллоквиум сұрақтары

1.Жапырақ дегеніміз не?

2. Жапырақтың марфологиялық құрлысы?

3. Жапырақтын атқаратын қызметтері?

4. Жапырақ өркенің бүірлік өскіні?

5. Жапырақта өткізгіш шоқтар сабақ?

6. Жапырақтың басты бөлігі?

7. Жапырақтың жекелей дамуы?

8. Күрделі жапырақтар?

9. Жапырақтың құрылысы мен функциясы?

10. Жапырақ ассимиляциялық мүше ретінде?
Тест тапсырмасы

1. Жапырақтың қай ұлпаларында лептесіктер кездеседі?

А)эпидермада

Б)бағанада

С)кеуекте

Д)өткізгіште

Е)механикалық



2.Фотосинтез кезінде қандай процесс жүреді?

А)көмірсуларды синтездеу

Б)суды буландыру

С)белоктарды синтездеу

Д)майлардың пайда болуы

Е)ДНК- ң пайда болуы



3. Күзгі жапырақтардың қызаруы және сарғаюы қандай пластидтердің болуына байланысты?

А)хромопластардың

Б)хлоропластардың

С)лейкопластардың

Д)аминопластардың
е)хлорапластардың

4. Жапырақтың түсуінің себебі неде?

А)температураның төмендеуі және күннің қысқаруы

Б)температураның жоғарылауы

С)топырақ құрамынаң өзгеруі

Д)температураның төмендеуі және күннің қысқаруы

Е)ауа құрамынаң және температураның өзгеруі

5.Жапырақтың доға, қатар жүйкеленуі

А)дара жарнақтыларға тән

Б)қос және даражарнақтыларға тән

С)қос жарнақтыларға тән

Д)бұршақ тұқымдасына тән

Е)алқа тұқымдасына тән



6.Көлеңкеге қарағанда жарық жақтағы жапырақтарда

А)борпылдақ ұлпалар жақсы жетілген

Б)бағаналы ұлпалар жақсы жетілген

С)механикалық ұпалар жақсы жетілген

Д)жабын ұлпалар жақсы жетілген

Е)түзуші ұлпалар жақсы жетілген



7.Жапырақта органикалық зат түзілу үшін не қажет?

А)көмірқышқыл газы,су,минералды тұздар,жарық

Б)су, минералды тұздар

С)су,көмірқышқыл гүазы,ауа

Д)оттегі,ауа

Е)ауа


8. Өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылыс,заңдылықтарын,сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылымды атаңыз?

А)ботаника

Б)зиготаны

С)жасушаны


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі.


  1. Мұсқұлов Т.Ботаника.А.Мектеп.1975.

  2. Мұхитдинов және т.б.Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы.А.РБК.1993.

  3. ВасильевА.С. и др.Ботаника.Анатомия и морфология растений.м.Просвещение.1988.

  4. Ағелеуов Т.Ботаника.Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы.А.Рауан.1999.

  5. ВеховВ.В. и др.Практикум по анатомий и морфологий растений.М.Изд.МГУ.1980.

  6. Әметов Ә.Ботаника.А.ҚазҰУ.2000.

  7. Хржановский В.Г.Курс общей ботаники.М.Просвещение.1982.

  8. Жизнь растений.т 1-6 М.1974-1982.

  9. Қазақстан флорасы.т 1-9.А.Ғылым.

  10. Лотова Л.П. Руководство к малому практикуму по морфологии высших растении.

Қосымша.

  1. Новиков В.С.,Губанов И.А.Атлас определитель высших растений.М.Просвещение.1991.

  2. Денисова Г.А. Таңғажайып жасыл әлем.А.Мектеп.1985.

  3. ӘлімқұловаР.,Тәртенова М. Қызықты ботаника.А.Мектеп.1979.

  4. Буш Н.А.Систематика высших растений.М.1959.

  5. Арыстанғалиев С және т.б.Қазақстанның өсімдіктері. А.Ғылым.1977.

  6. ТахтаджянА.Л.Основы эволюционной морфологии покрытосеменных.М-Л.Наука.1964.



1- курс 2 семестр бойынша
екінші аралық бақылау





Тақырыптар

Апта

Ұпай саны

Бақылау түрі

1

Сабақ өркеннің өсі

А)Сабақтың құрылысы

Ә)Сабақтың түрлері


8 апта

2 балл

Тест

Бақылау тапсырмалары



2

Өсімдіктердің ұрпақ шығру циклдері

А)Жалпы сипаттамасы

Ә)Өсімдіктердің көбею жолдары


9 апта

3 балл

Бақылау тапсырмалары

Тест


3

Гүл құрылысы

А)Гүлдің шығу тегі

Ә)Гүлдің морфологиясы


10 апта

3 балл

Глоссарий

Бақылау тапсырмалары

Тест


4

Тозаңдану және ұрықтану

А)Айқас тозаңдану

Ә)Өздігінен тозаңдану


11 апта

3 балл

Тест

Бақылау тапсырмалары



5

Жемістер

А)Жемістердің морфологиясы

Ә)Жемістердің клацификациясы


12 апта

3 балл

Бақылау тапсырмалары

Тест


6

Жабық тұқымды өсімдіктердің ұрпақ шығару циклдері

А)Жынысты көбеюдегі ядро алмасуы

Ә)Спорофит және гаметофит


13 апта

4 балл

Глоссарий

Бақылау тапсырмалары

Тест


7

Өсімдіктердің көбею жолдары

А)Көбеюдің түрлері

Ә)Олардың биологиялық маңызы


14 апта

4 балл

Коллоквиум

Тест


8

Өсімдіктердің экологиялық типтері

А)Голофиттер

Ә)Эпифиттер


15 апта

-


-



Барлығы: 2 аралық бақылау бойынша – 22 балл


Жалпы 1 курс бойынша 2- семестр 1,2 аралық бақылау

ұпай саны – 44 балл



8- АПТА

Тақырып: Сабақ өркеннің өсі.

Сабақтың морфологиясы мен анатомиясы. Сабақ және бойлап өсуі.


Жоспар:

1.Сабақ дегеніміз не.

2. Сабақтың атқаратын қызметі.

3. Сабақ түрлері.

4.Сабақтың анатомиялық құрылысы.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Тест тапсырмасы

1. Сабақтың,тамырдың ұшындағы ұлпаны атаңыз?

А)түзуші


Б)түпкілікті

С)жабын


Д)жинаушы

Е) ассимиляциялық



2. Сабақтың өзегі ұлпаның қай тобына жатады?

А)қор жинаушы

Б)жасаушы

С)жабынды

Д)ассимиляциялық

Е)қоректенуші



3. Түзуші қандай мүшелерде кездееді

А)сабақ


Б)тек сабақта

С)гүлде


Д)тамырда

Е)дұрыс жауабы жоқ



4. Сабақтың жапырақ өсіп тұрған тұсын қалай атаймыз?

А)буын


Б)лептемік

С)ұлпа


ДЕ)сабақ

5. Қысқарған сабақты өсімдік

  1. Бақ – бақ

  2. Тік сабақтар

  3. Бүлдірген

  4. Лианалар

  5. Шырмауықтар

6. Жатаған сабақты өсімдік

  1. Бүлдірген

  2. Бақ – бақ

  3. Тік сабақтар

  4. Лианалар

  5. Шырмауықтар

7. Сабақтары әрі жіңішке, әрі жеңіл, әрі ұзын болып өсетін өсімдік

  1. Лианалар

  2. Бақ – бақ

  3. Тік сабақтар

  4. Бүлдірген

  5. Шырмауықтар

8. Лианаларға жататын өсімдік

  1. Шырмауықтар

  2. Лианалар

  3. Бақ – бақ

  4. Тік сабақтар

  5. Бүлдірген

9. Өсімдік сабақтарының жұмсақ – қаттылығын, жуан – жіңішкелігін, жұқалық- етжінділігін, борпылдақ – шымырлығын, мықтылық – морттығын, тармақты – тармақсыздығын, бітеу – қуыстылығын қалай атайды?

  1. Сабақ консистенциясы

  2. Лианалар

  3. Шырмауықтар

  4. Бақ – бақ

  5. Бүлдірген

10. Шөптесін өсімдіктер сабағының жасына қарай нешеге бөлінеді?

  1. 2

  2. 1

  3. 3

  4. 4

  5. 5


Бақылау сұрақтары

1.Сабақ дегеніміз не?

2. Сабақтың атқаратын қызметі.?

3. Сабақ түрлері.?

4. Шөптесін өсімдіктер сабағы?


9-АПТА

Тақырыбы: Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы. Өсімдіктердің көбеюі.
Жоспары :

1. Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы.

2. Өсімдіктердің көбеюі. Жыныссыз көбеюі.

3. Вегетативтік көбеюі.

4. Нағыз жыныссыз жолмен көбеюі.

5. Жыныстық көбею.



Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің табиғаттағы маңызымен таныстыру.

Сабақтың мазмұны: Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн.км2. жерді алып жатады, олардың көпшілігін µсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал шµлдердің өзінде өсімдіктердің тіршілігі тоқталып қалмайды. Тек полюстердің мұз басқан кеңісткері мен тауларыдың ең биік шыңдарында ғана өсімдік болмайды.

Теңіздер мен мұхитар жер бетнің шамамен 360 млн. км. кв-дей кеңістігін алып жатады. Бұл жерлерде су өсімдіктері(негізінен балдырлар) көптеп кездеседі. Олардың біреулері микроскопиялық ұсақ басып келеді жеке судың бет жағында планктонды (судың қабатында бос жүзіп өте ұсақ өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы) құрайды, ал екіншілері су астында субстратқа бекініп шалғын түзетін-бентос(судың түбіндегі, субстартқа бекініп тұратын өсімдіктер мен жануарлар жиынтығы) болып табылады. ¤сімдіктердің басым көпшілігінің түсі жасыл болады, ол бұлардың клеткаларындағы хлорокластор деп аталатын ерекше органеллаларында немесе органойдтарында жиналатын жасыл пигмент хлорофилге тікелей байланысты болады.

Фотосинтез процесінің барысында органикалық заттардың түзілуімен қатар ауаға оттегі бөлініп шығады. Онымен біздер тыныс аламыз. Атап өткен фотосинтез процесі аса үлкен көлемде жүйе асады, өйткені бір үлкен өсімдіктің алып тұратын ауданы, осы өсімдіктің алып тұрған жер көлеміне бірнеше есе артық болады, ал бір жапырақтың хлорапласттарының алып тұратын ауданы осы жапырақтың алып тұратын ауданынан 10 есе артық болады, ал хлоропласт мембраналарының алып жататын ауданы осы өсімдіктің фотосинтез процесі жүретін жалпы ауданы тағы да 100 есеге арттырады.

Шамамен есептегенде өсімдіктер фотосинтез процесінің нєтижесінде жыл сайын 400 млрд.т. органикалық заттар түзеді жєне сол үшін олар 175 млрд.т. көміртегін пайдаланады.



Өсімдіктердің морфологиясы – ботаниканың ең үлкен жєне ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің жєне олардың жекеленген орындарының пайда болып қалыптасуының жєне єртүрлі тіршілік формаларының дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Флораграфия - бұл ғылымның міндеттеріне турлерді танып жєне сыпаттап жазу бойынша айтқанда олардың белгілерін құрастыру жатады.Флорографтар сипатап жазған турлерді,систематиктер олардың туыстық жақындықтарын көрсететін ұқсастық белгілеріне қарай топтарға бөледі. Бірақта флораграфтың да систематиктің де жұмыстарын бір ғылымның атқаруы практикада жиі кездеседі.

Өсімдіктердің экологиясы - өсімдітердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты ( климатқа, топыраққа, рельефке жєне т.б.) бірақ та өсімдіктер өз кезегінде осы ортаны түзуге қатысады. Мысалы: топырақты түзуіне қатысады, климатты өзгертеді. Экологияның міндеттеріне -өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігін қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттеу жатады. Егін шаруашылығы практикасында бұл ғылымның маңызы аса зор.

Өсімдіктердің көбеюі. Жыныссыз көбею.

Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз -өзіне ұқсас ұрпақ ағзаларының сан жағынан артуы. Барлық ағзалар оның ішінде өсімдіктер де көбейеді. Әрбір ағза белгіле мерзімде өмір сүреді. Алайда жер бетінде өсімдіктер мен жануарлар құрып кетпейді. Көбеюдің нєтижесінде олар миллиондаған жылдар бойы өмір сүруде. Өсімдіктердің көбею мерзімі мен көбею қарқыны әртүрлі. Кейбір өсімдіктердің мысалы; түйежапырақ сасыр, бамбуктың шөптесін жєне сүректі өсімдіктерге қарағанда көбею қырқыны єлдеқайда бєсең болады. Өсімдіктер көбейетіндіктен жаңа орындарға көшіп мекен ауыстырып өрісін кеңейтеді. Өсімдіктердің арасында көбеюдің қарапайым түрі –жыныссыз көбею кең таралған. Жыныссыз жолмен көбею өсімді мүшелері арқылы жүреді. Мысалы: балдырлардың денесі бөлшектерге бөлініп, олардың єрқайсысы дербес өсімдікке айналады. Мұндай қарапайым жолмен гүлді өсімдіктер де көбіе алады. Мүқ, су шырмауық , глодея өсімдік мүшелері арқылы көбею натижесінде кең таралған. Көктеген гүлді өсімдіктер тамыр, сабақ, жапырақ жєне олардың бөліктері арқылы көбеійеді. Інжугүл, жетіген, айыр, көпжылдық шөптесін өсімдіктер өсімді мүшелер арқылы көбейеді.



Өсімдіктің жынысты көбеюі.

Көптеген өсімдіктер тұқымынан көбейеді. Мұндай өсімдіктердің гүлдерінде арнайы ұжасушалар –аталық жєне аналық жыныс жасушалары түзіледі. Гүлді өсімдіктердің аталық жыныс жасушалары өте ұсақ, ал аналық жыныс жасушалары (жұмыртқа жасушалары) ірі болады. Жыныс жасушалары өсімдіктердің қай жерінде пайда болатынын түсіну үшін гүлдің құрылысын естеріңе түсіріңдер. Гүлдің негізгі бөліктері –аталық жєне аналық. Аталықта –аналық жіпшесі жєне тозаң түйіршіктері кішкене шар пішіндес. Аталық жыныс жасушалары осы аталықта түзіледі. Аналықтың құрылысымен танысыңдар. Онда аналық аузы, аналық мойны, түйін бар. Аналық жыныс жасушылары аналықта түзіледі. Түйініде аналық жыныс жасушалары жұмыртқа жасушалар түзілетін тұқымбастама болады. Гүлде жеміс пайда болып, тұқым түзіледі. Аталық жєне аналық жыныс жасушаларының қосылуын ұрықтану деп атайды. Өсімдіктер тозаңдану арқылы ұрықталады. Тозаңдану кезінде аталықтан аналық аузына тозаң түседі. Тозаңдану бұнақденелілермен жел арқылы немесе гүлдің өздігімен тозаңдануымен де жүзеге асады.

Айқас жєне өздігінен тозаңдану. Жаңа Зеландия мен Австралия ашылысымен оларға Еуропадан келген алғашқы қоныс аударушылар бұрын бұл аймақта өсірілмеген беде екті. Ол құнарлы топырақта жайылып шықты, алайда тұқым бермегендіктен көбеймеді. Сондықтан олар тұқымды ағылшындардан әкеліп себетін болды. Бедені тұқымсыз болуының басты себебі оны тозаңдандыратын араның болмауынан екені анықталды. Содан бұл жерлерге Англиядан аралар әкеліп оларды жіберген соң өсімдіктен тұқым алына бастады. Кез келген гүлді өсімдіктердің гүлдерінде тозаңдырушы бұнақденелер қонбаса, бұл өсімдіктерде жеміс пен тұқым пайда болмайды немесе өте аз болады. Керісінше, гүлдерге әртүрлі жәндіктер көп қонған сайын олардың жемісі мен ұрығы соғұрлым көбейе түседі. Тозаңдандырушы бунақденелер тәтті шырын-шірнемен тозаңмен көріктенеді. Осы сәтте тозаң олардың түкті денелеріне жабысады да аралар оны гүлден-гүлге тасымалдайды. Бунақденелердің бір гүлдегі тозаңды басқа гүлге тасымалдауынан айқас тозаңдану пайда болады.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Бақылау сұрақтары:

  1. Өсімдіктердің табиғаттағы ролі қандай?

  2. Жынысссыз көбею. Олардың қандай ерекше қасиеттері болады?

  3. Өсімдіктер морфологиясы нені зерттейді?

  4. Өсімдіктердің систематикасының міндеттеріне нелер жатады?

  5. Жыныстық көбею мен жыныссыз көбеюдің басты айырмашылығы неде?

  6. Вегетативтік көбеюдің қандай жасамды жолдары бар?

  7. Жыныстық көбеюдің мәні неде?



10- АПТА

ТАҚЫРЫП: Гүлдің құрылысы.
Жоспар:

  1. Гүлдің морфологиясы.

  2. Тұқым бүршігі.

  3. Гүл формуласы және диаграммасы.



Сабақтың мақсаты: Гүлдің құрылысы мен таныстыру.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:



ГЛОССАРИЙ

Күлте

Тостағанша

Гинецей

Андроцей

Анатропты

Амфитропты

Кампилитропты

Ортотропты

Диаграмма

Сақина

Формула
Бақылау сұрақтары

1.Гүлдің морфологиясы.

2.Тұқым бүршігі.

3.Гүл формуласы және диаграммасы.



Тест тапсырмасы

1. Раушан гүлдің жатынының орналасуы

  1. Төменгі

  2. Жоғарғы

  3. Ценокарпты

  4. Апокарпты

  5. Ағайынды

2. Раушан гүлдердің жемісі

  1. Көп сүйекті жидек

  2. Дәнек

  3. Сүйекше

  4. Қауашақ

  5. Бұршаққап

3. Тұқымдары гүлтүйінінің қабырғасына жанаса орналасқан .

  1. Біріккен желектілер қатарлар тобы.

  2. Асқабақтар, күрделігүлділер тұқымдастары

  3. Гиацинттер , жуалар тұқымдастары

  4. Астық, қиякөлек , тұқымдастары.

  5. Крестгүлділер тұқымдастары

4. Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы.

  1. Асқабақтар , күрделі гүлділер тұқымдастары

  2. Гиацинттер, жуалар тұқымдастары

  3. Астық, қиякөлеңдер қоңырбастар тұқымдастары

  4. Крестгүлділер, көкнарлар тұқымдастары

  5. Қалампырлар, алабұталар тұқымдастары.

5. Табылғылар тұқымдасы тармағы гүлінің формуласы.

  1. Са5 С05 АsG 5

  2. РО АОG(2); Р2 А2 GО

  3. Са(5)Со (5) А5G(2)

  4. Са(5)Со (5) А10G(5)

  5. Са(4)Со 4а А2+4G(2)

6. Қайыңдар тұқымдасы гүлінің формуласы.

  1. Са5 С05 АsG 5

  2. РО АОG(2); Р2 А2 GО

  3. Са(5)Со (5) А5G(2)

  4. Са(5)Со (5) А10G(5)

  5. Са(4)Со 4а А2+4G(2)

7. Шырмауықтар тұқымдасы гүлінің формуласы.

  1. Са5 С05 АsG 5

  2. РО АОG(2); Р2 А2 GО

  3. Са(5)Со (5) А5G(2)

  4. Са(5)Со (5) А10G(5)

  5. Са(4)Со 4а А2+4G(2)

8. Жұлдызшөп өсімдігі гүл формуласы.

  1. Са5 С05 АsG 5

  2. РО АОG(2); Р2 А2 GО

  3. Са(5)Со (5) А5+5G(2)

  4. Са(5)Со (5) А10G(5)

  5. Са(4)Со 4а А2+4G(2)

9. Асқабақтар тұқымдас гүлінің формуласы (қияр)

  1. Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО+

  2. Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)

  3. Р3 + 3 А3+3 G(3)

  4. Р(2 ) + 2 А3 G(2)

  5. Р3 + 3 А3 G3

10. Күрделі гүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы ( кәдімгі бақ – бақ)

  1. Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО

  2. Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)

  3. Р3 + 3 А3+3 G(3)

  4. Р(2 ) + 2 А3 G(2)

  5. Р3 + 3 А3 G3

11. Лала гүлдер тұқымдасы гүлінің формуласы (қызғалдақ)

  1. Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО

  2. Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)

  3. Р3 + 3 А3+3 G(3)

  4. Р(2 ) + 2 А3 G(2)

  5. Р3 + 3 А3 G3


12. Астық тұқымдасы гүлінің формуласы

  1. Са(5) Со (5)АО G(3) Са(5) Со(5) А(2) + (2) +1 GО

  2. Са(5) Орар Са (5)А(5) G(2)

  3. Р3 + 3 А3+3 G(3)

  4. Р(2 ) + 2 А3 G(2)

  5. Р3 + 3 А3 G3


11- АПТА

ТАҚЫРЫП: Тозаңдану және ұрықтану процестері.
Жоспар:

  1. Микроспорозенез және микрогаметогенез.

  2. Мегаспорогенез және мегагаметогенез.

  3. Тозаңдану және ұрықтану.



Сабақтың мақсаты: Тозаңдану және ұрықтану процесі.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Тест тапсырмасы

1. Тозаңдану түрлерін көрсетіңіз?

А)айқас,өздігінен

Б)өздігінен

С)гранулярлы

Д)айқас

Е)дұрыс жауабы жоқ



2. Өсімдік өркендеріне топтанып орналасқан гүлдер жиынтығы

А)гүл шоғыры

Б)гүл

С)тостағанша



Д)күлте

Е)аналық


3. Аталақ тозаңның аналық аузына барып түсуі қалай аталады?

А)тозаңдану

Б)ұрықтану

С)көбею


Д)ажырау

Е)өткізу


4. Жатында тұқым бүршіктерінің бекінген жерін қалай атаймыз?

А)плацента

Б)эпиблема

С)сағақ


Д)буын

Е)негізгі



5. Айқас тозаңданудың неше түрі бар?

А)6


Б)5

С)8


Д)9

Е)10


6. Сапалары бірдей емес гаметалар қай тозаңдануда қосылады?

А) айқас


Б)эпиблема

С)сағақ


Д)буын

Е)негізгі



7. Аталық жыныс клеткасы мен аналық жұмыртқа клеткасының бір-бірімен қосылуынан пайда болатын ұрық не деп аталады?

А) зигота

Б)эпиблема

С)сағақ


Д)буын

Е) айқас


Бақылау сұрақтары:

1.Айқас тозаңдану деген не?

2.Гаметалар дегеніміз не?

3.Өздігінен тозаңдану ерекшеліктері?

4. Тозаңдану және ұрықтану процесі ?

12- АПТА

ТАҚЫРЫП: Жемістер туралы жалпы түсінік.

Морфологиясы. Жемістерді классификациялау.

Жоспар:

  1. Жемістер туралы жалпы түсінік.

  2. Жемістерді жіктеудің негіздері.

  3. Гетерокарпия.

  4. Жемістердің таралу жолдары.

  5. Апомиксис.


Сабақтың мақсты: Жемістердің классификациялауымен таныстыру.

Сабақтың мазмұны: Жеміс тек жабықтұқымды өсімдіктерге тән мише. Ол ұрықтанғаннан кейін гүлде болатын өзгерістердің нәтижесінде пайда болады.

Жемістердің әртүрлілігі олардың 3 белгісімен анықталынады.



  1. Перикарпийдің құрылысымен

  2. Қақырау немесе ыдырау әдісімен

  3. Таралуына байланысты ерекшелігімен.

Перикарпийдің консистенциясына қарай барлық жабықтұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жеміс деп екіге бөлеміз.

Тұқымдардың жемістен босанып шығуы үшін, перикарпийдің белгілі ауданында арнайы бөлгіш ұлпалар пайда болады. Жемістердің қақырауы көбінесе көп тұқымды құрғақ жемістерге тән. Қақырамайтын жемістердің перикарпийлері механикалық немесе микроорганизмдердің әсерінен бірте-бірте ыдырап жойылады. Құрғақ жемістің перикарпийі сүректелген. Ол қақырайтын және қақырамайтын құрғақ жеміс, ал шырынды жемістер жидек жеміс және сүйекті жеміс деп екіге бөлінеді.

Қақырайтын құрғақ жемістердің ішіндегі тұқымның саны бір, бірнеше немесе өте көп болуы мүмкін. Олар өздерінің қақырау жолына, ішіндегі ұяларының санына қарай былай бөлінеді:


  1. Таптама

  2. Бұршаққап,

  3. Бұршаққын.

  4. Қорапша

Қақырамайтын құрғақ жемістерге жатады:

  1. Тұқымша

  2. Дәнек,

  3. Жаңғақ

Шырынды жемістерге жататындар:

  1. Жидек.

  2. Сүйекті жемістер

Ыдырайтын жемістерге екі топқа бөлінеді.

  1. Бөлшекті жемістер

  2. Бунақты жемістер.

Көптеген гүлді өсімдіктердің аса бір ерекшелігі бір дараның ішінде әртүрлі жемістердің пайда болуы. Ол жемістердің әртүрлігі олардың морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық және басқа белгілерінің бірдей еместігінен. Гүлді өсімдіктерді кездесетін бұл құбылыс гетерокарпия деп аталады.

Жемістердің таралуының 5 негізгі жолдары бар:



  1. Автохория.

  2. Анемохория

  3. Гидрохория

  4. Зоохория

А) Эпизоохория

В) Эндозоохория

С) Синзоохория


  1. Антропохория

Жабықтұқымды өсімдіктердегі тұқымның жұмыртқа клеткасының ұрықтануы нәтижесінде түзілуі әдеттегі дағдылы процесс, оны амфимиксис деп атайды. Бұл процесс пен қатар кейбір өсімдіктерде тұқым және жеміс Алдан-ала ұрықтанбай-ақ дамиды. Бұл құбылысты апомиксис дейді.

Апомиксистің 4 типін ажыратады.



  1. Партеногения.

  2. Апогамия.

  3. Апоспория.

  4. Қосымша эмбриония

Жемістердің тұқымсыз жетілуін партенокарпия деп атайды. Мұның екі бипі бар:

  1. Эмбриогенді.

  2. Стерильді.



Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Бақылау сұрақтары

1. Жемістер туралы жалпы түсінік?

2. Жемістердің тұқымсыз жетілуі?

3. Апомиксистің түрлері?

4. Жемістердің таралуы?

5. Ыдырайтын жемістер түрлері?

6. Шырынды жемістер түрлері?

7. Қақырамайтын құрғақ жемістерге жатады?

8. Қақырайтын құрғақ жемістердің ерекшеліктері?
Тест тапсырмасы

1. Жеміс неден тұрады?

А)жеміс серігінен және тұқымнан

Б)тұқымжарнақтан

С)тұқымбастамадан

Д)жеміс серігінен

Е)тұқымнан



2. Картоп түйнегі – бұл

  1. Өзгерген өркен ұштарының қалыңдауы

  2. Түрі өзгерген тамыр

  3. Жер асты жеміс

  4. Ұрықты өркендер

  5. Өзек жасушаларынан

3. Өзгерген өркен (столон) – бұл

  1. Түйнектері ұшында өсетін, жер асты бүршік

  2. Тамырсабақ

  3. Тірек тамырлар

  4. Түрі өзгерген жапырақтар

  5. Өзек жасушаларынан

4. Тамыржеміс түзілуіне ....... қатысады

  1. Негізгі тамыр мен сабақтың төменгі аймағы

  2. Жанама тамырлар

  3. Қосалқы тамырлар

  4. Жанама және қосалқы тамырлар

  5. Барлығы

5. Түрі өзгеріп кеткен, әрі бір жағынан өз қызметін атқаратын, әрі екінші жағынан клеткаларына қор затын жинайтын түрлерін қалай аталады?

  1. Жемдік тамыр

  2. Кіндік тамыр

  3. Тамыр мойны

  4. Өсіп шыққан тамыр

  5. Шашақ тамыр

6. Асбұршақ жемісі

  1. Боб

  2. Көп сүйекті жидек

  3. Дәнек

  4. Сүйекше

  5. Бұршаққап


13- АПТА

ТАҚЫРЫП: Жабық тұқымды өсімдіктердің ұрпақ шығару циклдері

Ұрпақ ауысу және ядро фазаларының алмасуы

туралы түсінік.
Жоспар.


  1. Мүктердің ұрпақ шығару циклдары.

  2. Папоротниктердің ұрпақ шығару циклдары.

  3. Өсімдіктердің тұқым арқылы өсіп-көбеюі.


Студенттер орындайтын тапсырмалар:



ГЛОССАРИЙ

Жыныссыз

Вегетативті

Даражарнақты эндосперм

Қосжарнақты эндосперм

Ұрық

Тұқым

Жынысты
Бақылау сұрақтары:

  1. Мүктердің ұрпақ шығару циклдары?

  2. Папоротниктердің ұрпақ шығару циклдары?

  3. Өсімдіктердің тұқым арқылы өсіп-көбеюі?

  4. Жынысты көбею ерекшеліктері?

  5. Жыныссыз көбею айырмашылығы?


Тест тапсырмасы

1. Папоротник тәрізділер класының белгілері.

  1. Тұқым арқылы көбеюі , антеридилері жоқ, археногиялары сақталған стробилалы өсімдіктер.

  2. Гүлді өсімдіктер, тұқымдары қоршауланған сабақтарының түтікшелері бар.

  3. Шөптесін. өсімдіктер, түтікшелері жабық, бір тұқым жарнақты.

  4. Споралы өсімдіктер , орхеногия және антеридии арқылы көбейеді вайалы өсімдік

  5. Барлығы

2. Таксондардың дұрыс орналасу реттілігі.

  1. Бөлім, клас, қатар, тұқымдас, туыс түр

  2. Риниофиттер, мүктер, тұқымды папоротниктер, венетиттер, жабық тұқымдылар.

  3. Оогония, аххеногия, пестик.

  4. Телом, спорангии, стробила, қарапайым гүл, күрделі гүл,

  5. Геогрофит, мезофит, ксерофит.

3. Мүктәрізділер бөлімі.

  1. Бауырмүктер, нағыз мүктер классы

  2. Плауындар, полушниктер кластары

  3. Тұқымды, папртниктер, саговниктер, бенетиттер кластары.

  4. Қосжарнақтылар, даражарнақтылар кластары.

Қырықбуындар класы

4. Мүк тәрізділер бөлімі.

  1. Gumnospermatophyta, pinophyta

  2. Angiospermatophyta , magnoliophyta

  3. Bryophyta +

  4. Polypodiophyta

  5. Еguisetophyta

5. Папоротник тәрізділер бөлімі.

  1. Gumnospermatophyta, pinophyta

  2. Angiospermatophyta , magnoliophyta

  3. Bryophyta

  4. Polypodiophyta +

  5. Еguisetophyta

6. Қырықбуын тәрізділер бөлімі.

  1. Gumnospermatophyta, pinophyta

  2. Angiospermatophyta , magnoliophyta

  3. Bryophyta

  4. Polypodiophyta

  5. Eguisetophyta +



14 – АПТА

ТАҚЫРЫП: Өсімдіктердің көбею жолдары.
Жоспар.

  1. Вегетативтік көбею

  2. Жыныссыз көбею

  3. Жынысты көбею

Өсімдіктердің сабан, жапырақ, тамыр бөліктері арқылы және пиязшық, түйнек, тамырсабақ сияқты ыегетативтік мүшелері арқылы көбеюін вегетативтік көбею деп айтамыз. Бұл жыныссыз көбеюдің бір түрі.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбею әдістері әртүрлі. Өсімдік түрінің жаңа даралары вегетативтік мүшелер есебінен дамиды. Вегетативтік жолмен көбеюдің өзін табиғи және қолмен көбейту деп. бөлуге болады.

Жыныссыз көбеюде өсімдіктердің жаңа ұрпақтары арнайы гаплоидты клеткалар споралардан өсіп жетіледі. Споралардың негізгі екі түрі болады: митоспоралар және мейоспоралар. Спора біршама тығыз қабықшалы клетка.

Өсімдіктердің споралар арқылы жыныссыз көбеюдің нәтижесінде:


  1. бір өсімдік мыңдаған және жүз мыңдаған споралар бере алады, сондықтан өсімдік өте тез көбейеді.

  2. барлық жаңа даралар аналық өсімдіктің белгілерін және қасиеттерін қайталайды да, ұрпақтар біркелкі болады.

Жынысты көбею деп. екі жыныс клеткасының қосылуы нәтижесінде, тірі организмдердің өсіп көбеюін айтамыз. Жыныс процесі кезігде жыныстық көбеюді қамтамасыз ететін арнайы клеткалар немесе гаметалар пайда болады. Әрбір спора жаңа дара бере алады, ал гамета жаңа дара бере алмайды. Екі гамета қосылып ұрықтану нәтижесінде ғана жаңа дара пайда болады. Ұрықтанудан пайда болатын клетканы зигота деп. атайды. Зигота аналық және аталық клеткалардың қосылуынан түзілетін диплоидты клетка, ол өзінің өте жоғары физиологиялық белсенділермен сипатталады. Зиготаның бөлінуінен көпклеткалы дене қалыптасып, одан бірте-бірте жаңа дара пайда болады.

Жынысты көбеюдің жыныссыз көбеюден елеулі айырмашылықтары бар және оның өсімдік түрінің зволюциясындағы биологиялық ролі өте зор. Жыныс процесінің нәтижесінде тіршілікке бейімдірек келген, жаңарған ұрпақ пайда болады. Зиготаның тұқым қуалаушылық негіді жеке гамета немесе спорамен салыстырғанда байырақ. Сондықтан жыныс процесінің нәтижесінде өмірге икемделу, өзгергіштеу, біркелкі емес және әртүрлі жағдайда өмір сүре алатын ұрпақтар пайда болады. Соған байланысты жыныс процесінің нәтижесінде пайда болған ұрпақтардың тірі қалуы жыныссыз жолмен пайда жолғандарға қарағанда жоғары. Жыныс процесінің нәтижесінде түрдің ареалы кеңейіп, жаңа түршелер пайда болады. Жақсы байқалатын жеке өзгергіштік, табиғи сұрыпталуға жеткілікті материал береді. Осы жағдайдың бәрі түрдің биологиялық тұрғыдан алға басуын қамтамасыз етуді.

Сонымен жыныс процесі жыныссыз көбеюмен салыстырғанда түрдің Санин онша көбейтпесе де сапасын жақсартып, оның өмір сүруге бейімділігін арттырады.


Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Коллоквиум сұрақтары:

  1. Жыныстық кµбею мен жыныссыз көбеюдің басты айырмашылығы неде?

  2. Вегетативтік көбеюдің қандай жасамды жолдары бар?

  3. Жыныстық көбеюдің мәні неде?

  4. Жынысты көбеюдің жыныссыз көбеюден елеулі айырмашылықтары?

  5. Зиготаның тұқым қуалаушылық негізі?

  6. Өсімдіктердің споралар арқылы жыныссыз көбеюі?

  7. Өсімдіктердің көбею түрлері?

  8. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік жолмен көбею әдістері?

  9. Жыныссыз көбеюде өсімдіктердің жаңа ұрпақтары?

  10. Ұрықтанудан пайда болатын клетка?



15- АПТА

ТАҚЫРЫП: Өсімдіктердің экологиялық типтері.
Жоспар:


  1. Өсімдіктердің экологиялық типтері.

  2. Өсімдіктердің тіршілік формалары.

  3. Өсімдіктердің жасына қарай өзгеруі.

  4. Өсімдіктердің мерзімге қарай өзгеруі.

Өсімдіктердің сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасы туралы ғылымды өсімдіктер экологиясы дейді. Өсімдік құрылымына әсер етуші табиғаттағы экологиялық факторлар әртүрлі, олар – ауа, топырақ ылғалдылығы, жарық т.с.с. Сыртқы ортаның белгілі бір факторына қатысты өсімдіктерді әртүрлі экологиялық типтерге бөледі.

Ылғалға қатысты өсімдіктердің мынадай топтарын ажыратады:


  1. Гидрофиттер.

  2. Гигрофиттер.

  3. Мезофиттер.

  4. Ксерофиттер.

Өсімдіктерді өсетін субстратқа да экологиялық топтарға бөледі.

  1. Олиготрофтар.

  2. Галофиттер.

Жарыққа қатысты бөлінеді.

  1. Сциофиттер.

  2. Гелиофиттер.

Өсімдіктің тіршілік формалары немесе биоморфа жергілікті жағдайда ұзағырақ бейімделу нәтижесінде пайда болған өсімдік ормасы ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ұрпаққа беріледі.

Өсімдіктердің тіршілік формалары (Раункиер бойынша).



  1. Финерофиттер.

  2. Хамофиттер.

  3. Гемикриптофиттер.

  4. Криптоффиттер.

  5. Торофиттер.

Өсімдіктердің өсу формасына және вегетативтік мүшелерінің тіршілік мерзімінің ұзақтығына негізделген эколого-морфологиялық жіктелуі бойынша тіршілік формаларын 3 категорияға бөледі.

  1. Ағаш өсімдіктері.

  2. Шөптесін өсімдіктер.

  3. Жартылай ағаш өсімдіктер.

Өмірінің ұзақтығына қарай бір, екі және кпөжылдық болуы мүмкін. Біржылдық өсімдіктер бір жылдан да аз уақыт тіршілік етіп, гүлдеп жеміс беріп, сонан соң бүтіндей өледі. Демек, біржылдық өсімдіктер монокарпты өсімдіктер тобына жатады.

Көпжылдық шөптесін және ағаш өсімдіктері екі жылдан артық өмір сүреді де әр жыл сайын өздерінің бүршіктерінен дамиды. Бұл өсімдіктер тобын-поликарптылар дейді.

Вегетациялық кезеңнің ұзақтығына қарай өсімдіктерді былайша бөледі:


  1. мәңгі жасыл

  2. жазғы-қысқы жасыл

  3. жазғы жасыл

  4. қысқы жасыл


Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Бақылау сұрақтары :

Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы?

Өсімдіктердің өсу формасы?

Өсімдіктердің тіршілік формалары?

Өсімдіктердің эколого-морфологиялық жіктелуі?

Өсімдіктердің жарыққа қатысты бөлінуі?

Өсімдіктерді өсетін субстратқа да экологиялық топтарға бөлу?

Ылғалға қатысты өсімдіктердің мынадай топтарын ажыратады?





  1. курс 2 семестр бойынша

бірінші аралық бақылау




Тақырыптар

Апталар

ОБСӨЖ

сабағының ұпайлары

Бақылау түрлері

1

Төменгі сатыдағы өсімдіктер:

А)Таксономиялық бірліктері

ә)Классификациясы


1 апта

2 балл

Бақылау сұрақтары


2

Дробянкалар:

А)Классификациясы

Ә)Пайдалы,зиянды түрлері


2 апта

5 балл

Глоссарий

Тест


3

Жасыл балдырлар:

А)Классификациясы

Ә)Таралу маңызы


3 апта

5 балл

Тест тапсырмалары

4

Сары жасыл балдырлар:

А)Негізгі түрлері

Ә)Классификациясы


4 апта

5 балл

Реферат тапсырмалары

Тест



5

Диатомды балдырлар:

А)Биоморфологиялық ерекшеліктері

Ә)Таралуы


5 апта

5 балл

Бақылау сұрақтары

Тест


6

Қоңыр балдырлар:

А(Таралуы,маңызы



6 апта

3 балл

Тест тапсырмалары

7

Пирофитті балдырлар:

А)Классификациясы

Ә)Табиғаттағы маңызы,индикаторлық ерекшеліктері


7 апта

5 балл

Коллоквиум сұрақтары



Барлығы: 1 аралық бақылау бойынша - 30 балл




  1. апта

(2 балл)

1. тақырып Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta.

Жоспар:


  1. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.

  2. Таксондар (систематикалық бірліктер).

  3. Төменгі сатыдағы өсімдіктер таксондарының орналау реттілігі.

4. Дробиянкаларға жалпы сипаттама.
Сабақтың мақсаты : Төменгі сатыдағы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері олардың систематикалық бірліктері, (таксондары) орналасу реттілігімен студенттерді таныстыру.

Сабақтың мазмұны: Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған көп клеткалыболады. Олар ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бөлінбейді. Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) – оогонилері және антиридилері бірклеткалы болады. Түрлер саны көптігінен бірінші орынды иеелеп, кең таралған.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық және минералды заттармен қоректенеді. Органикалық заттармен гетеротрофты организмдер (бактериялар, саңырауқұлақ, кілегейлілер). Минералдық заттармен автотрофты организмдер (балдыр, қыналар) қоректенеді.

Систематика ғылымы біздің планетамызда кездесетін өсімдіктер түрлерін сипаттап жазып, оларды туыстық топтарға біріктірумен және осы топтардың жүздеген миллион жылдарға созылған эволюциясына жауап беретіндей жүйеде орналастырумен айналысады. Қазіргі кездерде өмір сүретін өсімдіктердің жалпы саны шамамен 500 мыңдай.

2. Таксондар (систематикалық бірліктер). Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға біріктіру (классификациялау) жалпыға бірдей қабылданған таксондар деп аталынатын систематикалық бірліктің негізінде жүзеге асады.

Түр (species) - морфологиялық жағынан ұқсас особьтардың жиынтығы Туыс (qenus) жақын түрлердің жиынтығы.

Тұқымдас (lamilia) – жақын туыстардың жиынтығы.

Бұл таксондардан басқа қосымша такондарда бар. Олар туыс тармағы, тұқымдас тармағы т.б. жатады.



3. Өсімдіктер дүниесінің жоғарғы таксондарының орналасу реттілігі.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвіоnta

І Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы – Procytoвіоnta.

ВИРУСТАР Б¤ЛІМІ –Virophyta

өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы Thallobionta procaryota.

1. Дробянкалар бөлімі – Schizophyta

2. Көк- жасыл балдырлар бөлімі –Cyanophyta

ІІІ. өсімдіктер дүниесінің талломды,ядролы,пластид тармағы (төменгі сатыдағы автрофты µсімдіктер) – Thallobionta Eucaryota.

1. Жалтырауық сары балдырлар бµлімі - Chrysophyta

2. Сары- жасыл немесе әртүрлі талшықты балдырлар бөлімі – Хаnthophyta

3. Диатомды балдырлар бµлімі – Diatomophyta

4. Пирофитті балдырлар бµлімі – Pirrophyta

5. Эвгленалы балдырлар бµлімі – Enqlenophyta

6. Қоңыр балдырлар бµлімі – Phaeophyta

7. Қызыл балдырлар бµлімі – Rhodophyta

8. Жасыл балдырлар бµлімі – Chlorophyta

9. Хара балдырлар бµлімі – Choropyta

10. Қыналар бөлімі – Lichophуta


IV. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидтері жоқ (төменгі сатыдағы гетеротрофты өсімдіктер) тармағы – Thallobionta aplfstidae

1. Кілегейлілер – Myxophyta

2. Саңырауқұлақтар – Mycophyta

Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Бақылау сұрақтары :

  1. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің талломы?

  2. Жыныстық жолмен көбею органдары?

  3. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің қоректенуі?

  4. Таксондар систематикалық бірліктер?

  5. Түрлерінің жалпы саны,өмір сүру орталары?

  6. Клетка құрылыстары?

  7. Классификациялары?

  8. Негізгі кластары, өкілдері?

  9. Пішініне қарай клеткаларды қандай екі топтарға бөлеміз?

  10. Өсімдіктер клеткасын қандай екі бөлікке бөліп қарастырамыз?

  11. Хромопластың пигменттік құрамын атаңыз?

  12. Пластид типтерін атаңыз?

  13. Хромопластың биологиялық маңызын атаңыз?

  14. Ұлпа дегеніміз не?




  1. Апта

(4 балл)

тақырып: Дробянкалар

Жоспары

А) Дробянкалар классификациясының ерекшеліктері

Ә) Дробянкалардың пайдалы, зиянды түрлері
Обсөж мазмұны:

Дробянкалар Н.А. Красильниковтың (1949) системасы бойынша 5 классқа бөлінеді : нағыз бактериялар, (Eubacteria, актиномицетин, (Actinomycetes, миксобактериялар (Myxobacteria), спирохиттер (Spirochaetal), митоплазма (Mollicutes) . Бұл организмдердің мембранамен қоршалған ядросы болмайды. ДНК – сы жалғыз жіпше түзеді.Центриолдары жєне митодикалық жіпшелері болмайды. Дробянкаларда пластидтер, митохондрия болмайды. Клетка қабықшасы негізін гликопептид, муреин түзеді.

Қоректенуі автротрофты, гетеротрофты, жыныстық процесі осебьтердің бір – бірімен генетикалық материалдармен алмасу жағдайында жүреді.

Бактериялар класы. Бактериялар құрылысы қарапайым, бірклеткалы организмдер. Олардың ядросы болмайды. Клеткаларының мөлшері 0,2 – 10мкм аралығында болады. Сыртқы пішініне қарай : шар тәрізді – коккалар, таяқша тєрізді – бациляалар, иілген – виброндар, спираллалар –спирохетта тєрізді болып келеді.

Жалпы бактерияларды екі топқа бөлуге болады : грамша бояуға оны қарайтын (грамположительные) және грамша бояуға теріс қарайтын (грамотрицательные). Бактериялар клеткаларының көпшілігінің сыртын кілегейлі сауыт қаптап тұрады. Мұндай сауыттар бактериялардың ауру таратқыштық қабілетін күшейте түседі.

Бактериялар қоректену түрлеріне қарай автотрофты және гетеротрофты болып екі топқа бөлінеді.

Автотрофты қоректенетін бактериялар көп болмайды. Олар органикалық емес заттарды синтездеуіне қарай фототрофты жєне хемотрофты болып бµлінеді. Фототрофты – бактерияның маңыздысы пурпур бактериясы. Мұндай бактериялар жасыл өсімдіктерге ұқсас жарықтың энергиясын пайдаланып, ауадағы көмірқышқыл газын өзіне сіңіреді, ауаға бос оттегі бµліп шығарады да ауадағы көмірқышқыл газынан көміртегіні алады.

Хемотрофты бактерияларға лептотрикс (темір бактериясы) беггиота (күкірт бактериясы) жатады. Олар ауадағы кµмірқышқыл газынан көміртегін сіңіру үшін органикалық заттардың ыдырауы нєтижесінде, органикалық заттарды тотықтырғанда босайтын химиялық энергияны пайдаланады.

Гетеротрофты қоректенетін бактериялар кµп. Олар паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді. Паразиттері адамның, жануарлардың жєне µсімдіктердің денесінде тіршілік етеді жєне оларға түрлі жұқпалы ауруларды таратады. Ал сапрофиттері өлі органикалық заттардың өлекселерінде, өсімдіктер қалдықтарында мекендеп қоректенеді. Бактерияның кµбеюі үш түрлі жолмен өтеді : вегетативтік, жыныссыз жєне жынысты. Вегетативтік кµбею бактерияларда клетканың жай екіге бөлінуі арқылы әрбір 20-30 минут сайын қайтадан жүріп отырады. Бұл процесс бактерияның хромосомы (ДНК – ның ) екі есе артқан жағдайда жүреді. Аздаған түр бактериялар бүршіктену арқылы кµбейеді.

Жыныссыз көбею спора түзу арқылы жүзеге асады. Көптеген бактериялар қолайсыз жағдайда ДНК – ның молекуласының айналасында цитоплазманың тығыздалуының нєтижесінде қалың қабықпен қапталған эндогендік спора түзеді. Бактериялардың споралары өте нєзік тµзімді келеді, ұзақ уақыттар (20 –30 жыл бойы) өз тіршілігін жоғалтпайды.

Бактерияларда жақын уақыттарға дейін жыныстық кµбею белгісіз болып келеді. Соңғы кездегі зерттеулер нәтижесінде олардың жыныстық көбеюі болатыны анықталды. Ол екі клетканың бір – бірімен тікелей түйісуінің нєтижесінде жүреді. Мұндай клеткалардың бірінен (аталықтың қызметін атқаратын донор клеткасынан) арнайы өсінді (кµпірше) пайда болады. Ол арқылы аталық клетканың материалы (ДНК), реципиенті – клеткасына (аналықтың қызметін атқаратын клеткаға) өтіп құйылады. Мұны капуляциялық процесс деп атайды.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:


Глоссарий

        1. Дробиянка

        2. Систематика

        3. Классификация

        4. Таллом

        5. Таксон

        6. Түр

        7. Тұқым

Тест тапсырмалары

1. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында не болмайды?


  1. Клетка қабықшасы

  2. Көлденең перделер

  3. Зооспоралары

  4. Ұлпасы

  5. Хлорофилл

2. Саңырауқұлақ денесі қандай компоненттерден тұрады?

  1. Тарамдалған жіпшелерден (гифа)

  2. Жіп тәрізді балдырлардан

  3. Қаттамалардан

  4. Өлі жасушалардан

  5. Талшықтардан

3. Саңырауқұлақтардың тіршілік циклінде көбеюдің қай түрі басым ?

  1. Жыныссыз

  2. Жынысты

  3. Вегетативті

  4. Гаметалар арқылы

  5. Жыныссыз, жынысты вегетативті

4. Қандай саңырауқұлақтар ағаштардың тамырларымен симбиотік тіршілік етеді?

  1. Қайыңқұлақ

  2. Қыстауыш

  3. Ашытқы

  4. Ақ зең

  5. Ағаш құлақ

5. Синкитриум қайсы өсімдіктің паразиті

  1. Алманың

  2. Өріктің

  3. Қызанақтың

  4. Сәбіздің

  5. Картоптың

6. Фитофтора қайсы өсімдіктің жапырағында паразит өмір сүреді?

  1. Сәбіздің

  2. Жуаның

  3. Қызанақтың

  4. Қауынның

  5. Картоптың

7. Оомицеттердің негізінен өмірлік циклі қайсы ортад а өтеді?

  1. Сулы ортада

  2. Топырақта

  3. Ауада

  4. Батпақты ортада

  5. Құрғақ ортада

8. Мукор саңырауқұлағы қайсы субстраттарда өседі?

  1. Нанда

  2. Көкеністерде

  3. Жылқы тезегінде

  4. Көңде

  5. Барлығында

9. Зогомицеттердің қолайсыз жағдайда гифалар бөліктер не деп атайды?

  1. Мицелий

  2. Гифа

  3. Спора

  4. Зооспора

  5. Опдим

10. Қалталы саңырауқұлақтарды (аскомицеттер) жыныссыз көбеюі

  1. Конидиялар арқылы

  2. Споралар арқылы

  3. Зооспоралар арқылы

  4. Мицелиялар арқылы

  5. Гифалар арқылы




  1. апта

(3 балл)

ТАҚЫРЫП: Жасыл балдырлар бөлімі

Жоспар:


1. Жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы

2. Жасыл балдырлардың классификатциясы

3. Протококты балдырлар класы
Сабақтың мақсаты : Жасыл балдырлардың биологиялық айырмашылығы, таксономиялық бірліктері. Негізгі өкілдерінің сипаттамасымен студенттерді таныстыру.

Студенттер орындайтын тапсырмалар:

Тест сұрақтары

1. Жасыл балдырларды басқа өсімдіктермен жалпы бірлестігі



  1. Оксиген фотосинтезіне қабілеттілігі

  2. Яросының болмауы

  3. Хромотофорасының болмауы

  4. Вакуолясының, клетка шырындысының болмауы

  5. Клетка қабырғасының ультраструктурасы

2. Циандар талломының формалары

  1. Бір клеткалы, колониалды, көп клеткалы

  2. Пластинкалы

  3. Сифональды, сифонокладальды

  4. Бір клеткалы, коккоидты (қозғалмайтын)

  5. Ризоподикальды

3. Көк – жасыл балдырларда қандай пигменттер болады?

  1. Хлорофилл а, каротиноидты, билихромопротейдтер

  2. Хлорофилл а және в, каротиноидтар, ксантофиллдер

  3. Хлорофилл а,с, каротин, ксантофилл, диаболейн

  4. Хлорофилл а, д, фикобилиндер, карабинолды, ксантофилдер

  5. Хлорофилл а,с, каротиндер, ксантофиллдер, фикобилиндер

4. Циандердің қандай көбею формалары белгілі?

  1. Вегетативті көбею

  2. Вегетативті, жыныссыз және жынысты көбеюлер

  3. Жыныссыз, жынысты

  4. Вегетативті, жынысты

  5. Вегетативті, жыныссыз формалар, жынысты көбею жоқ

5. Балдырлардың қолайсыз жағдайларда вегетативті көбеюдегі маманданған формалары

  1. Гетероцисталар

  2. Гормогониндер

  3. Эндоспоралар

  4. Экзоспоралар

  5. Акинеттер

6. Жасыл балдырлар қандай споралар арқылы көбейеді?

  1. Моно -, тетра -, полиспоралармен

  2. Зооспора, автоспора

  3. Гонидия, коккамен және планококкамен

  4. Зооспоралармен және конидиялармен

  5. Аско және базидиоспоралармен

7. Жасыл балдырлардың маманданған клеткалары

  1. Вегетативті көбеюде және азот фикцация процессіндегі гетероцистер

  2. Изогаметалар жыныстық көбеюде

  3. Жыныссыз көбеюде зооспоралар

  4. Гетерогамды жыныстық процессте гетерогаметалар

  5. Оогамды жынысты процессте жұмыртқа клеткалары және сперматозоидтар





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет