ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені " Қазіргі кезеңдегі әлем тарихының іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет3/4
Дата25.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#157174
1   2   3   4

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы №7. Білім беру жүйесінің қалыптасуы.

Білім беру институттарының даму тарихы. Жоғары оқу орындарына сипаттама. Жоғары білім беру мектебі, дүниежүзілік білім беру тәрбие жүйесі ретінде, көптеген ғасырлық тарихи даму жолын басып өтті. Ежелгі Грецияда бірден-бір алғашқы жоғары оқу орны құрылды. Біздің дәуірімізге дейін ІV ғасырда Платон Афинге жақын жерде, Академге арналған, философиялық, кейін келе Академия деген атқа ие болған мектеп ашты. Академия бірнеше мыңдаған жылдар бойында өмір сүрді және 529 жылы жабылды. Аристотель Афинадағы Аппаллона Ликейскйде негізінен философияны, физиканы, математиканы және табиғат жөніндегі басқа да ғылымдар оқытылды. Оның қазіргі лицейдің шыққан тегі деуге болады. Институт – латын тілінен аударғанда орнату, белгілеу,құру, түзу деген мағыналарды береді. Сондықтан да, институттың басты бағыты, экономикалық саяси, құқықтық, рухани, қоғамдық өмірді сипаттайтын әлеуметтік және қоғамдық қарым-қатынастар мен адамдардың мінез-құлық, әлеуметтік өмір сүру ережесі болып табылады.



Университет – ғылым негіздерін құрайтын пәндердің жиынтығы көрініс табатын, құрамында бірнеше факультеттері бар оқу-ғылыми жоғары оқу орны. Академия – ғылыми, оқу және көркем өнер сипатындағы ғылыми мекеме. Жоғары оқу орындарында оқу үрдісін жоспарлау құжаттары. Мемлекеттік міндетті білім стандарты. Оқу жоспары.Университетте оқыту процесі – тек оқу сабақтары ғана емес, ол өзара байланысқан аудиториялық сабақтар; студенттердің өзбетінше жұмыстары және олардың қоғамдық еңбек іс-әрекеттері бөліктерін құрайды. Стандарт - Қазақстан Республикасы жоғары білім жөніндегі мемлекеттік стандарттың бір бөлігі болып табылады. Ол «Кәсіби оқыту (профильмен)» мамандығы бойынша негізгі жоғары білімнің мемлекеттік компоненттік, түлектердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды студенттердің оқу жүктемесінің максимал екенін, кәсіби білім беру бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумын, оқуға түсушілерге қойылатын жалпы талаптарды, негізгі жоғары білім алған адамдарды пайдалану сферасын белгілейді.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы №8. Ежелгі қоғамдардағы адамгершілік пен идеологияның қозғалысы.

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықар. ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетариудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени лық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;

2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:

а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;
ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;
б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;
в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;
г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;
ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;

4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;

5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Рыноктар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10—12%-ке түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды. Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.



Ұсынылатын әдебиеттер

1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы №9. Феодолизм генезисі.

Феодализм - XVIII ғасырда Ұлы француз төңкерісі кезінде "Ескі тәртіп" (шексіз монархия, дворяндар үстемдігін) білдіретін ұғым; марксизмде - капитализмнің алдындағы әлеуметтікэкономикалық формация. Қазіргі тарих шымында феодализм Батыс және Орталық Еуропада орта ғасыр дәуірінде өмір сүрген әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылады, алайда, феодализм әр дәуірде әртүрлі елдерде кездесті. Феодализм негізіне - вассал (бағынышты) мен сеньор, азамат мен зереннің, шаруа мен ірі жер иеленушінің ара қатынастары жатады. Феодализмге құқықпен бекітілген сословиелік, заңдық теңсіздік, рыцарлық әскери ұйым тән. Феодализмнің идеологиялық және өнегелік негізі ортағасырлық мәдениеттің мазмұнын анықтаған христиандық болды. Феодализмнің қалыптасуы V-IX ғасырлар. Рим империясын варварлар жаулап алғанынан кейін жүрді. Феодализмнің гүлденген дәуірінде (ХII-ХӀӀӀ ғасырлар) қалалар және қалалық тұрғындар экономикалық және саяси нығая түседі, сословиелік, өкілеттік жиналыстар құрылады (ағылшын парламенті, француз Бас штаттары және т.б.), сословиелік монархияның ақсүйектердің ғана емес, сословиелердің мүдделерімен де санасуына тура келеді. Қалалық экономиканың дамуы аристократия үстемдігінің табиғи-шаруашылық негіздерін шайқалтты, ал еркін ойлаудың таралуы дінге күпірлік етушілердің XVI ғасыр. Қайта Өрлеуге өтуіне әкелді. Протестанттық өзінің жаңа этикасымен және құндылықтар жүйесімен капиталистік сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің дамуына қолайлы жағдай туғызды. XVI-XVIII ғасырлар төңкерістер негізінен аяқталғанын белгіледі.



Ұсынылатын әдебиеттер

1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы №10. Ортағасырлық қоғамдағы адам.

Шаруалардың ортағасырлық қоғамдағы орны- Шаруалардың қоғамда атқаратын рөлі орта ғасырларда қалыптасқан үш қауымдық топ теориясы бойынша анықталды. Ол теория қоғамды адам ағзасымен салыстыруға негізделді. Адамның өміріне жан қандай қажет болса, құдайға құлшылық етуші дінбасылар да коғамға сондай қажет делінді. Зиялы мырзалар мен ел басқарып жүрген атқамінерлер адамның колына теңестіріліп, «соғысушылар» рөліне ие болды. Ал шаруалар адамның аяғына теңестіріліп, жұмыс істеушілер деп танылды. Бұл теория бойынша адамның жаны, аяғы, қолы бір-біріне қандай қажет болса, дінбасылары да, зиялы мырзалар мен шаруалар да бір-біріне сондай қажет, олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды делінді. Сондықтан да олар әрқашан бір-бірімен тығыз байланыста, ешқандай талас-тартыссыз, ынтымақта өмір сүруі керек. Себебі адамның аяғы қолына, қолы жанына қарсы қастандық жасамайды. Сөйтіп орта ғасырларда шаруалар қоғамның ең қажетті мүшесі саналды. Шаруаларға, олардың дене еңбегіне деген осындай озық көзкарас олардың коғамдық өндіріске ынтасын арттырып, шаруашылықтың өркендей түсуіне елеулі үлес қосты.

Феодалдық құрылыс кезіндегі шаруалар басыбайлы және ерікті болып екіге бөлінді. Басыбайлы шаруалар феодалдарға толық тәуелді болды, олардың өз беттерімен шешім қабылдап, әрекет етуіне тыйым салынды. Феодалдар ондай шаруаларды сатуға, айырбастауға, сыйлауға ерікті еді. Басыбайлы шаруа қашып кетсе, қожасы оны тауып алып, өзіне қайтаратын. Басыбайлы шаруалар қатарына бірте-бірте бұрынғы құлдар да қосылды. Шаруалардың Бұл тобы Францияда «сервтер» деп аталды. Шаруалардың екінші тобына жататын жеке басы ерікті шаруалар Англияда «вилландар» еді. Олардың жағдайы біраз жеңілдеу болды. Олар өз қарамағындағы мүліктерін, еңбек құрал-жабдықтарын еркін жұмсай алды. Ерікті шаруалар өз жер үлесін мұрагерлік жолмен балаларына калдыруға құқылы болатын.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы №11. Техникалық үрдіс екпінінің жылдамадауы.

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртыныңкомпасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер,Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.

Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады.



Ұсынылатын әдебиеттер

1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы № 12. Әлеуметтік – саяси жүйенің эволюциясы.

Э. Дюркгейм қоғамды ұжымдық көзқарастарға негізделген индивидуалдыдан жоғары рухани шындық ретінде қарастырды. М. Вебер бойынша, қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған іс-әрекеттің өнімі. Американдық социолог Т. Парсонс қоғамды байланыстыратын бастауы болып нормалар мен құндылықтар табылатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі ретінде қарастырды. Осылайша, қоғамды әдет–ғұрыптар, салт–дәстүрлер, заңдар күшіне сүйенетін, олардың барлық негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін, адамдардың үлкен және шағын топтары мен қауымдастықтарының әлеуметтік байланыстардың, қарым-қатынастар мен өзара әрекеттердің тұрақты жүйесі ретінде және оларды ұйымдастырудың әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады; қоғам өзіне-өзі жеткілікті, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі өндіретін жүйе болып табылады.

Қоғамды зерттеудегі жүйелік тәсілдің негізгі мақсаты - қоғам туралы түрлі ілімдерді қоғамның жалпы теориясы болатындай етіп біртұтас жүйеге біріктіру.

Жүйе – бұл өзара байланысқан және біртұтас бірлікті құрайтын белгілі бір түрде ретке келтірілген элементтер жиынтығы.

Қоғам жүйелі, себебі, оның бүкіл элементтері өзара байланысты. Бұл өзара байланыстың мәні қарапайым, бірақ сонымен қатар күрделі: адам топтары, әлеуметтік қауымдастықтар, индивидтер жүйеге ене отырып, жаңа күшке ие болады және іс-әрекеттің тиімді тәсілін меңгереді.

Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің зерттеу пәніне қазіргі жүйелердің жалпы теориясының негізгі ережелерін енгізеді. Бұл бүтін жүйе - өзара әрекеті оны құрайтын бөліктерге, компоненттерге тән емес, жаңа интегративті қасиеттердің қалыптасуына міндетті түрде әкелетін объектілердің жиынтығы деген сөз. Жүйелік қасиет қоғамға қатысты оның міндетті түрде біртұтас болуын білдіреді.

Қоғамның жүйелік қасиеттеріне оның салыстырмалы түрде өз бетінше жеке, жалғыз қызмет ете алу қабілетін, жүйені құрайтын элементтерге тән емес жаңа интегративті қасиеттердің бар болуын жатқызуға болады.

Біртұтастылық – қоғамның жүйелендіруші қасиеті. Ол қоғамдық өндірісте жатыр: материалдық игіліктерді, идеяларды, адамның өзін өндіру. Бірақ, ең маңыздысы, әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері болып адамдар, сондай-ақ, олардың нормалары, байланыстары және қатынастары табылатындығы. Әлеуметтік жүйенің негізінде жүйенің өзін өндіруге бағытталған іс-әрекет жатыр. Әлеуметтік жүйе деп біз қоғамның өзін түсінеміз. Әлеуметтанудың бұл деңгейін «социеталды» (лат. Societas – бұл жағдайда қауымдастық) деп атайды. Онда қоғамның өзі әрқайсысын, алайда, басқа деңгейде (әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, тұлға) «әлеуметтік жүйе» деп атауға болатын, шағын жүйелердің жиынтығы ретінде болады.

Жүйелер не гомогенді, яғни біртекті, белгілі бір қасиеттерге ие, немесе гетерогенді, яғни, олардың субстраттарында адамдармен бірге индивидуалдыдан жоғары элементтер енетін (мысалы, экоәлеуметтік – географиялық аудан, немесе әлеуметтік – техникалық – қала, агломерация, кәсіпорын, т.б.) әртекті, гетерогенді бола алады.

Қоғамды тани отырып, социологтар ондағы біртұтастылықты көреді, ондағы шағын жүйелерді өзара әрекеттесетін элементтер ретінде қарастырады. Сонымен бірге, олар танудың басқа да маңызды ерекшелігін ескеруі керек: шағын жүйелердің әрқайсысы салыстырмалы жекелікке ие болатындықтан, әлеуметтану оны «дифференциацияланған таза» түрде қарастыруы керек.

Қоғамның негізгі ерекшелігі – ұйымдардың сабақтастығын, реттелуін және басқарылуын қамтамасыз ету.

Басқару – қоғамды реттеу мен жетілдіру мақсатымен оған қатысты ерекше іс-әрекет. Басқару келесі кезеңдерден тұрады: ақпаратты өңдеу және талдау, оны жүйелендіру, талдау және оған диагноз қою, мұның нәтижесінде болжамдар жасалады және мақсаттар анықталады. Содан соң, іс-әрекетті жоспарлау, ұйымдастыру және оны бақылау, мамандарды таңдау мен пайдалану арқылы шешімдерді қалыптастыру және оны нақтылау жүзеге асырылады. Осылайша, басқару жүйесі қалыптасады.

Қоғамды сипаттаудағы ерекше орынды «әлеуметтік институттар» алады. Әлеуметтік институттар – бұл әлеуметтік шындықтың белгілі бір салаларының ұйымдастырушылық формалары, кәсіби топтардың жалпы рөльдері. Осы арқылы бүкіл жүйенің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік институттар – бұл басқарудың белгілі бір құралдарына ие, оларды әлеуметтік функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын (мысалы, білім беру институты) мекемелердегі тұлғалар жиынтығы.



Ұсынылатын әдебиеттер

1. Галия М. История доколумбовых цивилизаций. М., 1990

2. Дьяконов И.М. пути истрии. От древнейшего человека до наших дней

3. Егер О. Всемирная история. Древний мир. М., 2000

4. Тойнби Дж. Постижение истроии. М., 1991

5. Тойнби Дж. Цивилизация перед судом истрии. М., 1996


Дәріс сабағы №13. Рухани өмірдегі өзгерістер.

Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, санқилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, XX ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, XX ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (XX ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т.б. мәселелері), екіншісі, XX ғасыр мәдениетінің жалпы адамза¬тық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б.).

Бүгінгі таңда дүниежүзінде 200 мемлекетке жетіп, мыңдаған халықтарға бөлінген, саны жағынан 6 млрд. жеткен адамзат баласы 2 млн. жуық өсімдіктер мен жануарлардың бір түрі ғана. Адам баласы өмір сүрген кезден бастап мыңға жуық ұрпақ ауыстырған екен. Осынша халықтың ішінде екі адамның бір-біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндік қайталанбас ерекшеліктерінің болуы да таңқаларлық жайт. Адам бір-бірінен жеке тұлға есебінде ерекшеленіп қана қоймайды, сонымен қатар топтық айырмашылықтарға да (жанұялық, жыныстық, жасына, мамандығына, ұлтына және т.б. қарай) тәуелді болып келеді. Осыншама айырмашылықтар бола тұрса да адамзат баласының басын біріктіретін не нәрсе? Ол — ең алдымен дүниенің тұтастығына негізделген «жалпы адамзаттық мәдениет».

«Дүниенің тұтастығы» дегеніміз — дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. «Дүниенің тұтастығы» — қазіргі замаңцағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын біріктіретін «жаңа заман мәде¬ниетінің» тағдыры — адамзаттық құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. XX ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығар- ған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік моно-мәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі — «дүниежүзілік пролетарлық революция»(сталинизм) идеясы. Ол таптық құнды¬лықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана ұлттық мөдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің «қарсы мәдениетке» айналуы етек алып, әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған түрі пайда болды. Осы орайда, жалпы адамзаттық мәдениетке апаратын қозғалыстың өте күрделі процесс екендігін ерекше атап өткен жөн. Орын алған қарама-қайшылықтарды шешуде түрлі мәдени бағыттарды, көзқарастарды, пікірлерді есепке алмасқа тағы болмайды. Жалпы адамзаттық мәдениет-жолындағы қайшылыққа толы алғашқы «Біз — Олар» жолы — өте күрделі процесс, ал бұл формулаға сүйенсек тағылық заманға қайтып оралған болар едік.

Жалпы адамзаттық мәдениет — көркемдік-поэтикалық, ғылыми, өндірістік қызметтің ең жетілген түрлері, әр түрлі халықтар мен ұрпақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір мен шындықты және дүниені танып білуінің бірыңғай тәсілдері. Адамзат баласы осы қағидалардың негізінде таптық және нәсілшілдік өшпенділігіне жол бермейтін, адам мен халықтар құқы бұзыл- майтын, қайыршылық пен сауатсыздық, экономикалық және мәдени отаршылдықтан ада біртұтас өркениет қүруға бағытталуда. Мәдениеттің бүл үлгілері мәдениетті қалыптастыруда басты бағдар болып отыр. Адамзаттық мәдениеттің қалыптасуын халықаралық қауымдастық мүшелерінің құндылықтарының белгілі бір жүйесін жай ғана қабылдау деп, дәлірек айтқанда, түрлі мәдениет салаларын бірыңғайлау деп қарастыруға тағы болмайды.

Өйткені, мәселе аймақтық және ұлттық мәдениеттердің өзара рухани байланысуының өсуі туралы болып отыр. Уақыт өткен сайын түрлі халықтар мәдениеттерінің арасындағы байланыстардың арнасы кеңейе түсуде, бір мәдениет саласындағы өзгеріс басқаларына да өз ықпалын тигізуде. Ғаламдық мәдени жетістіктер дүниежүзіне кеңінен тарауда. Ендеше, біз ғылымдық гуманистік қүндылықтардың дамуының мүлде жаңа кезеңіне өткенімізді мойындауымыз керек. Біртұтас әлемдік өркениеттің қалыптасуының негізі — саяси-экономикалық және мәдени байланыстардың белең алуында жатыр. Соның негізінде жаңа сапалы жүйе — жалпы адамзаттық мәдениет қалыптасып, түрлі елдер мен халықтардың арасындағы байланыс нығая түсуде, тіпті біртұтас өркениеттің бір жағында болған мәдени тоқырау құбылыстары немесе жетістіктері басқа жақтарға да өз әсерін тигізбей қоймады. Мұндай құбылысқа қарап, дүниені қабылдау тәсілдері бір ізге салынып, мәдени нормалары бірыңғай жүйеге келтіріліп, ұлттық сипат жойылып бара жатыр деген ұғым туып қалмауы керек, өйткені әрбір ұлт, әрбір әлеуметтік топ жалпы адамзаттық мәдениет қорынан тек өзіне қажеттісін ғана, өзінің даму дәрежесіне сай келетін мәдени құндылықтарды өз мүмкіндігіне байланысты ғана қабылдайды. Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отырғандығы да жоғарьща айтылған ойымызды айқындай түсетін сияқты. Әрине, қазіргі өркениетті түрлі ғаламдық өркениеттердің басын жай ғана біріктіре салу деп түсіну мүлде қате болған болар еді. Бұл процесс әрі күрделі және толып жатқан қарама-қарсылықтарға толы болып келеді. Оған дәлел ретінде, қазіргі замандағы Батыс мәдениетіне Жапония мен Таяу Шығыстың басқа да елдерінің «өндірістік мәдениетінің» зор ықпа¬лын келтіруге болады. Шындығында да, бұл аталған елдердің мәдениетіне негізделген қызметтің өндірістік түрлерінің Батыстың дәстүрлі құндылықтарымен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар екендігі айқын аңғарылады. Еңдеше, кәзіргі жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастырып, дамытуда мәдени құндылықтарды өзара байланыста игеру, мәдениетті дамытуды ғалымдық дәрежеге көтеру — бүгінгі таңдағы басты мәселе болмақ. Ал адамзаттың «біртұтас ғаламдық мәдениеті» мәселесінің ерекше қойылуының басты себептері қандай?

Біріншіден, адамзат тіршілігінің түрлері мен тәсілдерінің үлгілерінің терең өзгеріске ұшырауына байланысты ұлы әлеуметтік революция жүзеге асты. Оған дәлел ретінде, XX ғасырда дүниежүзілік көлемде дәстүрлі қоғамға тән «жеке еңбек етуден» — жалданып еңбек етуге, коллективте (ұжымда) еңбек ету және бақылау арқылы еңбек етуге көшу жүзеге асырылды. Жаппай урбанизация жағдайында адамдардың өмірді, қоршаған ортаны қабылдау тәсілдері мен түрлері өзгерді, халықтың өмір салты адам айтқысыз өзгерістерге ұшырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін цифрлар келтірейік. XX ғасырдың басында Батыстың ең алдыңғы қатарлы тоғыз еліндегі өнеркәсіп саласында еңбек етушілер халықтың 43%-і болса, XX ғасырдың ортасында бұл көрсеткіш, яғни жалданып жүмыс істеушілердің саны 60%-ке жетті, өз кезегінде бүл көрсеткішпен қатар мүндай мемлекеттердің саны да арта түсті. Мұндай қүбылыс дамушы елдерде етек алды, тіпті жалданып жұмыс істеушілердің саны жағынан олар Батыс елдерін басып озды. XX ғасырдың басында дүниежүзіндегі қала халқы адамзат баласьгның небәрі 3%-ін ғана құраса, XX ғасырдың ортасында олардың үлесі 28%-ке, ал 9 210 жылдары 40%-тен асып кетті. Кең байтақ мегополистер пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың солтүстік-шығысында (көлемі 100 мың шаршы км., халқы 15 млн.), Жапонияда Хоккайдода (70— 50—700) және т.б. Қала мәдениеті жағдайында адамның мәдени жандүниесі күрделі өзгерістерге ұшырады.[2]. Қала халқының алдында өзіндік өзгеше өмірдің есігі айқара ашылды. Адам телевидение және компьютерлік жүйелер арқылы толассыз хабарлар алу мүмкіндігіне ие болды, өмір салты, еңбек ету айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, білім берудің мазмұны мен түрлері жаңа сатыға көтерілді. Сөйтіп, ауыл-село халқының көпшілігі қалаға қоныс аударды, ал бұл жағдай түрлі ұлтгардың өзара жақындасуына, мәдени байланыстарының кеңеюіне әсер ете отырып, оларды біртұтас жалпы адамзаттық мәдениет арнасында тоғыстырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет