ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 050608– «Экология» мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 0.64 Mb.
бет1/3
Дата17.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

Е ПОӘК 042-14.4.05.

1.20.15.03 - 2013 ж.



ПOӘК

«Өнеркәсіптік экология» пәннінің оқу-әдістемелік матриалдар



«30»09. 2013 ж.

№ 2 басылым




«ӨНЕРКӘСІПТІК ЭКОЛОГИЯ»




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050608– «Экология» мамандығына арналған




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013
Кіріспе
1. ҚҰРАСТЫРУШЫ

Құрастырушы: техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қоргау» кафедрасының профессор м.а.

Сарсембенова О.Ж. ____________ « 28 » 08 2013 ж.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедра отырысында


« 3 » 09 2013 ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі,доцент ____________ Кабышева Ж.К.
2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро отырысында

Хаттама № 1 «__18_» __09___ 2013ж.

АФ ОӘБ төрағасы _________ доцент м.а. Тлеубаева А.В.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады

Хаттама № 1 «_18__» ___09__ 2013ж.


Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы,

оқу – әдістемелік жұмысы бойынша проректор профессор Искакова Г.К.



4 №2 басылым 30.09.2009 ж. ауыстыруға кіргізілді. Кешен Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандарты МЖБС негізінде жаңартылған 5.04.019.-2011. Бакалавриат.

Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәріс сабақтары




3

Лабораториялық-практикалық сабақтар




4

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары









































I. Глоссарий
Қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстарырдың жанды әрі жансыз жиынтығы;

Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталғал мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі;

Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның зандармен қоғалатын құрамдас бөліктері;

Табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;

Қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға щудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

Қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;

Экологиялық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және номративтік-техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметте орындалуға міндетті шектелулер және ондай қызметке тыйым салу ;



Жалпы жоспар – бұл жер учаскесінің барлық негізгі, көмекші, тұрақты, уақытша, жобаланатын, реконструкцияланатын ғимараттардың, инженерлік торлар мен коммуникациялардың, жолдардың, өтетін жерлердің, алаңдардың және көгалдандырудың ауданы.

Жел розасы – жылдың жаз мезгілінде бағытталған желдің қайталануының берілгендері бойынша өнеркәсіп орналасқан жердегі қала үшін жел розасын салады.

II. Дәріс сабақтары

Дәрістер негізгі маќсаты пән бойынша таќырыптарды теориялыќ негізде жеткізе білу болып табылады.


Дәріс № 1

Тақырыбы: Кіріспе. «Өнеркәсіптік экология» пәннің мақсаты. Терминдер мен анықтаулар.

Мақсаты: «Өнеркәсіптік экология» пәннің мақсаты, терминдер мен анықтаулармен танысу.

Жоспар


  1. Кіріспе

  2. Пәннің мақсаты

  3. Негізгі терминдер мен анықтаулар

«Өнеркәсіптік экология» курсы 050608– «Экология» мамандықтары үшін негізгі пәндердің біріне жатады.

«Өнеркәсіптік экология» пәні 050608– «Экология» мамандығы бойынша оқытылатын студенттерге арналған. Студенттерді курс мазмұнымен, оның өзектілігі мен қажеттілігін, оқу процесінде игеретін курс саясатымен таныстырады.

Бұл курста арнаулы пәндерден алған мәліметтер, өндірістік ғимараттарды жобалау, оларды дұрыс пайдалану, тұрмысқа қажетті бөлмелерді іріктеу және санитарлық жабдықтарын есептеу үшін қолданылады.

Пәннің мақсаты студенттерді тек қана дипломдық жобаны орындауға бағыттау емес, сонымен қатар олардың ой-өрісін өсіру, қажетті есептерді техникалық жолмен өздігімен шешуді үйрету.

Оқу жоспары бойынша бағдарламадағы келтірілген сұрақтар 3 курста, курстің негізгі бөлімдерінен дәріс және тәжірибе сабақтары ретінде берілуі жобаланған. Студенттердің пәнді оқу процессінде алған білімі сынақ кезінде берілген сызбаны орындаумен және ауызша тексеріледі.



  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет