ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «5В030100»- құқықтану мамандықтарына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей



бет1/5
Дата20.07.2016
өлшемі429.5 Kb.
#211565
  1   2   3   4   5

ПОӘК 042-18-20.1.20/03-2013

№ 1 баспа

беттің -беті




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-18-20.1.20/03-2013

«Қазақстан Респубикасының қаржы құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

.09.2013ж



«Қазақстан Респубикасының қаржы құқығы»



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«5В030100»- құқықтану мамандықтарына арналған


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Курстық жұмыс

  5. Студенттердің өздік жұмысы



  1. Глоссарий



Терминдік ұғым сөз

Ұғымдық мазмұны

1

Ақша жүйесі

валюталық құндылықтармен мәміле жасау тек мемлекетке тән белгісі

2

Ақша бірлігі

заңды және жеке тұлғалардың эмитентке ақша қаражаттарын бергендігін куәләндыратын және ақша қаражатардың иесіне номиналды құнын белгіленген мерзімде процентімен өтеуін растайтын бағалы қағаз

3

Аверс

ол мемлекет бекіткен валюталық шектеулермен анықталады

4

Акция

мемлекет ішінде барлық тауарлардың бағасын анықтайтын ақша белгілерінің заңмен бекітілген номиналы

5

Аккредитив

оны берушінің банкте оны ұсынушыға белгілі бір соманың төлеуін көрсететін жазбаша нұсқауды білдіретін бағалы қағаз

6

Банкнот

мемлекеттік банк шығаратын нақтылы тауар мен материалдық игіліктерді бейнелейтін және айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер

7

Валюта режимі

тауар айналымына және тауарсыз төлемдерге қызмет көрсететін қолма-қол және қолма-қол емес ақшалардың қозғалысы

8

Валюталық монополия

тарихи қалыптасқан, ұлттық заңдармен бекітілген ақшаның қызмет етуінің ұйымдастырушылық нысандары

9

Вексель валютасы

вексель түрінде ұсынылған ақша мөлшері

10

Гурт

ұлттық валютаның курсын басқа елдердің валюталарына қарағанда көтерілуі

11

Деноминация

акционердің АҚ-ң пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алу құқығын, АҚ-ды басқаруға қатысу құқығын және заңды тұлға жойылғанда оның мүлкінен бір бөлігін алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз

12

Девальвация

қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру

13

Дефляция

айналымдағы банкнот пен қағаз ақшаның сатып алу құнын күшейту

14

Қаржылар

мемлекеттің ақша қаражаттары қорлары

15

Қаржы құқығы

мемлекеттің еліміздің ақша жүйесін қалыптастыру және оның ойдағыдай жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесінде, сондай – ақ мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы

16

Ревальвация

бір несиелік мекеменің басқа бір мекемеден арнайы қаражатесебінен мәміле бойынша міндет атқаруға төлем ақы төлеудінемесе ондағы сомманы банктен алу құқығын білдіретін құжат

17

Реверс

ескі ақша белгілерін жаңа ұлттық ақша белгілеріне ауыстыру арқылы ұлттық ақшаны бекіту


2.Дәрістер

Тақырып 1. Мемлекеттік қаржы түсінігі.

1. Қаржы түсінігі.

2. Мемлекеттік және дербес қаржылардың арақатынасы.

3. Мемлекеттік қаржының түсінгі. Қаржы қызметтері, әдістері



1. Қаржы құқығы құқық саласының маңызды саласы болып табылады. Бұл қаржының қоғамның және адамның өміріндегі аса маңызымен түсіндіріледі. Ол мемлекеттің өмір сүруінің материалдық негізі болып қызмет етеді. Оның функцияларының орындалуын ақшалай қамтымасыз ету көзі болып табылады. Қаржы арқылы мемлекет елдін әлеуметтік және экономикалық дамуына әсер етеді.«Қаржы» термині латын тілінің fіnіs деген сөзден шыққан- істін аяғы, бір нәрсені төлеу мерзімі, даудың аяғы деп түсінілген. Оған латын тілідегі fіnаre деген етістік қосылған - дауды шешу, бітіру (көбінесе ақшалай). Орта ғасырда латын тілінде fіnantіo деген сөз пайда болды - табыс, міндетті ақшалай төлем деген мағына білдірген. ХYІ-ХYІІғ.ғ.Германияда fіnans сөзі жемқорлық, құлық, алдау деген маңыз берген. ХYІІІғ француз тілінде fіnansе деген сөз мемлекеттің мүлкінің жиынтығы деп түсіндірілген. Көптеген мамандар қаржыны екі жақтан қарауға болады деп санайды:

1. материалдық мысалда

2. экономикалық категория ретінде

Қаржыны материалдық мысалда «ақша» ұғымымен қатынастыра қарағанда бұл категорияның 3 манызың белгілеуге болады:

- Кең маңызда - «ақша» ұғымына синоним ретінде

- Қысқа маңызда - мемлекет пен заңды тұлғалардың қаражат құралдары ретінде. Сонымен заңды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес болғандыктан қаржыны мемлекеттік және жеке қаржыларға бөлуі туды.

- Ерекше маңызда - тек қана мемлекеттің ақшалары. Қаражат құралдарының қорларының бірлескен қоғамдық өнімді үлестіру процесінде жинақталған.Экономистер «қаржы» ұғымың, оның кең маңызыда әлде минимум ретінде қысқа манызында қолданады. Ал заңгерлер бұл ұғымды ерекше маңызында қолданады. Егерде қаржыны оның кен немесе қысқа маңызында түсінуіне келіскен жағдайда, олардың ішінен қаржы құқығана жататын бөлігін бөліп шығаруға тырысады.

Француз заңгері Поль Марк Годме қаржы құқық саласына тек қана мемлекеттік қаржы жатады деп санайды.Оның түсініктемесі бойынша мемлекеттік пен жеке меншіктің негізгі айырмашылығы келесіде - жеке қаржының жағдайы нарық экономиканың заңдарына бағынады, ал мемлекеттік қаржы мемлекеттің шешімі мен және биліктін әрекеттері мен белгіленеді.

Келесі айырмашылықтар:

- Мемлекет өз табыстарын салық салу жүйесі арқылы күштеу тәртіпте қамтамасыз ете алады, ал жеке қаржы олай қамтамасыз ете алмайды .

- Мемлекет қаржы қаражат жүйесімен байланысты, ол мемлекетпен басқарылады және жеке меншіктердің талаптарымен байланысты емес.

- Жеке қаржы табыс табуға бағытталған, ал мемлекеттік қаржы қоғамдық қызығушылықтарды орындау қуралы ретінде қолданады.- Мемлекеттік қаржының мөлшері жеке қаржының мөлшерінен әлде қайда көп.Қортындап айтқанда материалдық мағынада мемлекеттік қаржы өзімен мемлекеттік меншіктегі қаражат құралдарының жиынтығы ретінде таныстырылады.Экономикалық категория ретінде қаржыны қөбінесе «қаржылықң деп аталатын белгілі қатынастардың жиынтығы деп белгілейді. Нақтылап айтқанда «қаржың дегеніміз өзін ерекше экономикалық қатынастардың жүйесі деп таныстырады.Мемлекеттік қаржы (экономикалық мағынада) өзін мемлекеттік қаражат қорың үлестіру және қалыптастыру бойынша экономикалық қатынтастардың жиынтығы деп таныс тырады.

- Қаражат қорың қалыптастыруымен байланысты «қаржы қатынастары» мемлекет пен қаражат қорларың табу мәселесі бойынша туындайды.

- Қаражат қорың үлестіруі мен ұйымдастыру мәселесі бойынша қаржы қатынастар мемлекетпен өзінін шығындарын қаржыландырумен байланысты туындайды.

Қаржыға 2 функция тән деп саналады:

- үлестіруші

- бақылаушы

Үлестіру функцясының мазмұны болып келесі табылады: қаржы арқылы бірлескен қоғамдық өнімнің құнының үлестіруі мен қайта үлестіруі жүргізіледі, соның нәтіжесі ретінде қаражат құралдары бір тұлғадан екіншіге көшеді, өзімен қаражат қорың қалыптастыру немесе шығындандыру процесін белгілейді.

Бақылау функциясы арқасында мемлекет оны тоталитарлық экономикалық құрал ретінде және жеке заңды тұлғалардың қызметің жан - жакты бақылау ретінде қолданады.

Мемлекеттік қаржының басты мақсаты болып мемлекеттің қызметін қаражатпен қамтамасыз ету табылады. Экономикалық категория болып табылатын «қаржы» заң ғылымынаң ішінде қалыптасқан «Мемлекеттің қаржы қызметі» ұғымымен тығыз байланысқан.Бұл қызмет процесінде туындаған қатынастар қаржы қатынастар болып табылады және қаржы құқықтың пәні болып қарастырылады.Мемлекеттің қаржы қызметі саласы мемлекеттік қаражат қорымен шектеулі болуға тиіс.Мемлекеттің қаржы қызметі дегеніміз ол, елдің қаражат инфраструктурасын құруға қатысты және оның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша, сонымен қатар мемлекеттік қаражат қорың қалыптастыру, үлестіру және пайдалануын үйымдастыру бойынша құқықталған мемлекет органдар арқылы немесе өзі толықтай мемлекеттің қызметі.Мемлекеттің қаржы кызметі өзінін объектісі ретінде меншіктің әр түрлі нысанының ақшасы саналады, және ол осындай қызметті тек қана меншік иесі ретінде атқара қоймай, ол сонымен қатар бөтен меншікке қатысты билеуші болып саналады.Мемлекеттің қаржы кызметі кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде болуға тиісті емес. Мемлекеттің қаржы кызметінің негізгі мақсаты болып қоғамның әлеуметтік-экономикалық құралының дұрыс қызмет етуі үшін қолайлы жағдайларды туғызу табылады.Мемлекет қаржы қызметің атқарар кезінде 3 басты мақсаттарды шешеді:

- Қоғамның қаражат инфраструктурасың құру және оның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету.

- Өзін және өзінің қызметінің жүруін қамтамасыз ету үшін қаражаттарды табу.

- Қаражат арқылы қоғамдағы жұріп жатқан әлеуметтік- экономикалық процестерге әсер тигізу. Бірақта ол қоғам үшін жағымды болуға тиіс. Мемлекеттің қаржы кызметі қоғамның қызығушылықтарына қатысты бағынқылы және қызмет етуші болуға тиіс.Идеал ретінде мемлекеттің қаржы қызметі келесі принциптерге сәйкес құрылуға тиіс:

-Қоғамның сұранысын есепке алу және оның қызығушылықтарына бағыну.

-Ашық болуға тиіс.

-Бақылаулы және есеп берілулі болуға тиіс.

-Заңдылық

-Ғылыми белгіленуі керек, рационалдық және эффектівтік болу.

-Қаражат құралдарын шығындаған кезде экономдау.

-Жоспарлауы және нормативтенген.

-Алдын алды болжамды және қоғамдық түсінуге жеткілікті болу керек.

2. Мемлекеттің өмір сүруідің бастапқы этаптарында қаржы ешқалай бөлінбеген және «қазына» деген жалпы ұғыммен белгіленген. Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісінің, мемлекеттік аппаратының күрделенгенінен, мемлекет қызметтерінің кенеюінен, мемлекеттік қаржы кызметі саласы да кенейе бастайды,ал мемлекеттік қаржылар - құрылымданып, белгілі бір жүйеге тізіле бастады. Ақырында қаржы мемлекеттің қаражат құралының жиынтығы ретінде белгілі бір қорларға бөліне бастады.Қаражат қоры дегеніміз - белгілі бір мақсаттарға бағытталған, салыстырмалы дербес қызмет етуіне ие болған қаражат құралдарының дербес оқшауландырылған бөлігі.Материалдық мағынада қаржы жүйесі қаражат корларының жиынтығын білдіреді.Әр қор белгілі бір қаржы қатынастарының жиналымы болып табылады. Қорға байланысты катынастардың 3 тобы пайда болды.

1-ші топ - қорды қаражат пен толықтыру мен байланысты қатынастар.

2-ші топ - қордан қаражатты бөлу және олардың алушыға түсуімен байланысты қатынастар.

3-ші топ - қордан алынған қаражаттарды пайдалануын үйымдастырумен, оңы бақылаумен байланысты қатынастар.Экономикалық мағынада әр қор қаржы-экономикалық институттармен белгіленген, ол дегеніміз қаражат қорың қалыптастыруын, таратуын және пайдалануын үйымдастыратын қатынастарының жиынтығы болып табылады.Қаржы жүйесі дегеніміз - белгілі бір қаржы-экономикалық институттың жиынтығы болып табылады.Қаржы жүйесі тұралы айтар кезде, өзіне «қаржы» үғымын қай мағынада қолданам деп елестету керек - кең, қыска немесе арнайы мағынада Егерде кең мағынада қолданса, онда қаржы жүйесі институтардың үш тобымен белгіленген:

-халықтын қаражаты;

-заңды тұлғалардың қаражаты;

-мемлекеттің қаражат қоры.

Қаржының қысқа мағынада түсінген жағдайда оларды 3 ірі салаларға бөледі:

-үйымдардың, мекемелердің, қәсіпорындардың қаржылары

-сақтандыру;

-мемлекеттік қаржы.

Көптеген экономистер мен заңгерлер көзқарасы бойынша қаржы жүйесі келесі институттарды өзіне кіргізеді:

-Бюджет жүйесі;

-Бюджеттен тыс орталықтандырылған, және орталықсыздандырылған бағытталған қорлар;

-Қәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің қаржылары;

-Мүліктік және жеке сақтандыру;

-Кредит (мемлекеттік және банктық).

Жоғарыда көрсетілгендердін бәрін қосып айтқанда Қазқстан Республикасының қаржы жүйесінің қалыптастыру негізінде қаржыны мемлекеттік және жекеге бөлу жатады.

Жеке қаржылар келесі институттардан тұрады:

- ұйымдардың қаржысы ( коммерциялық және коммерциялық емес);

- сактандыру үйымдардың қаржысы;

-банктың қаржысы;

-мемлекеттік емес арнайы қорлардың қаржысы.

Мемлекеттік қаржылар келесі институтардaн тұрады:

-Бюджет жүйесі;

-Бюджеттен тыс бағытталған қорлар;

-Мемлекеттік сақтандырудың қаржысы (егер болса)

-Мемлекеттік банкілер;

-Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердін қаржылары.

Сонымен, экономикалық мағынада мемлекеттің қаржы жүйесі - әр кайсысы белгілі бір мемлекет қаражат қорың реттейтін қаржы-экономикалық институтардың жиынтығы болып табылады.Әдебиетте «қаржы жүйесі» терминінің тағы да бір мағынасы кездеседі, оңы ұйымдастырушы деп атауға болады. Бұл мағынада қаржы жүйесі деп мемлекеттік қаржы мекемелердің жиынтығы түсініледі.

Қаржы жүйесі келесі принциптерде құрылуы мұмкін:





1. Біртұтастық қағидасы

2. Бұл жүйенін институттарының автономдығы

І

Не білдіреді:

1.Қаржы басқарудың орталандыруы.

2. Қаражат қорын қатал баспалдақтауы.

3. Қаржы ресурстардың басты көздерінің ортақтығы. 4. «Жоғарыдан төменң қаржы жоспарландыруды ұйымдастыру.


1.Бір бірінен салыстырмалы тәуелсіздігі.

1. Өзіндік кіріс базасының қоры болуы.

2. Өзіндік дербес аппараты болуы.



ІІ

Тиімділігі:

1. Мемлекеттік қаржы ресурстарды бір қолда жинақтау мүмкіншілігі.

2. Көп қаражаны басты бағыттарға шағырландыру.

1. Икемділігі

2. Ақшаға қатысты ие болу. 3. Жүйенің әр бөлшегінің ынталандырмасы болуы.

4. Халық алдында өзінің қаржы қызметінің ңәтижесі үшін тұра жауапкершілік.



ІІІ

Жетіспеушіліктері:

1.Икемділігінің жоқтығы. 2.Орталықты бюрократизм. 3.Қаржы жоспарландырудың қаталдығы.

4.Қызығушылық білдірудің жоқтығы.

1.Қаражат ресурстардың жан жаққа сейілуі.

2.Бай және кедей аумақтары болуы.

3.Салық көптүрлерінің қөп сатылығы












Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі біртұтастық принципте негізделген және қаржылық орталықтандыруға бейім.

Қаржы институттары өзінін тік кесілісі бойынша көбінесе келесілерге бөлінеді:

-орталықтандырылған және орталықсыздандырулынған;

-жалпы мемлекеттік және жергілікті.



3. Мемлекеттің қаржы кызметінің әдісі деп - мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін қаражат қорын толықтыру, үлестіру және пайдалануын ұйымдастаруын мемлекет пен қолданылатын нақты әдістер мен құралдар.

І. Ақша қорын қалыптастыру әдістері:

  1. Иелерінен қаражат құралдарын күштеп және қайтарусыз алу (мыс.: салық)

  2. қаражатты күштеп алу және кейіннен қайтару арқылы алу.

  3. Өз еркімен берілетің бірақ қайтарылмайтын қаражатар;

  4. - Өз еркімен берілетің, сонынан қайтарылатын қаражат ( мыс.: мемлекеттік заем)

  5. -Мемлекеттік қызметтер үшін алынатын қаражат құралдар арқылы толтырылады. ( мыс.: мемлекеттік баж);

  6. -Мемлекеттік мүлікті пайдаланудан және өткізуден түскен қаражатты мемлекетің пайдасына еңгізу;

  7. Эмиссия.

2.Ақша қорларын бөлу әдісі:

  1. Қаржыландыру: субвенция, дотация, субсидия;

  2. Несиелендіру;

  3. Мемлекетпен өз қаржы міндеттемелерін орындау. (мыс.: сыртқы және ішкі қарыздарың өтеу).

3. Ақша қорын пайдалануды ұйымдастыру әдісі:

  1. Қаражат қорының бағытын белгілеу;

  2. Мемлекеттік қаражат қорынан алынған қаражатты пайдалану тәртібін белгілеу;

  3. Мемлекеттік кәсіпорындарының табыстарын үлестіруінің нормативтері мен тәртібін белгілеу;

  4. Қаражат құралдарының бөлінуінің қаржы нормативтері мен лимиттерін белгілеу;

  5. Қаражат қорын пайдалануын жоспарлау (мыс.: бюджет);

  6. Қаражат қорының пайдалануың бақылау мен үйымдастыру.

Мемлекеттік қаржы қызметті жүргізу барысында заңдылықты қамтамасызетудің негізгі әдістері болып келесілер табылады:

  1. Конституциялық қадағалау.

  2. Прокурорлық қадағалау.

  3. Қаржылық құқық қатынастарынан туындайтың істерді сот арқылы қарастыру.

  4. Қаржылық бақылауды жүргізу.

  5. Кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту.

  6. Заңсыз әрекеттерге шағымдану (әкімшілік немесе соттық).


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Қаржының материалдық мағынасындағы ұғымы.

2. Қаржы экономикалық категория ретінде.

3. Қаржылық және ақшалай қатынастардың карым-қатынастары.

4. Мемлекеттік және жеке қаржылардың ұғымы мен айырмашылықтары.

5. Мемлекеттік қаржылардың негізгі мақсаты.



Ұсынылатын әдебиет

1.Худяков, А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть :Учебник.-Алматы:Норма-К,2002

2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002

3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995

4.Финансове право РК. - А., 2000

5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997

6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996

7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998


Тақырып 2.Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жүйесі.

1. Қаржы құқығының пәні.

2. Қаржылық қатынастардың түрлері және белгілері.

3.Қаржы және басқада сыбайлас қоғамдық қатынастардың арақатынасы.

4. Қаржы құқығының ұғымы, көздері. әдістері, түрлері, құрылымы.



1. Алдынғы тақырыпта біз қаржы құқық объетісі болып тек қана мемлекеттік қаржы болады деген қортындыға келгенбіз. Оған келіскенде жеке қаржылардың құрамына кіретін қатынастар қаржы құқық пәні бола алмайтындығы айқындалады. Сондықтан, қаржы құқығының пәні болып барлық қаржылық қатынастар бола алмайды. Тек қана оның белгілі бір бөлігі ғана бола алады. Атап айтканда мемлекеттік қаржы қызметінің процессінде туындайтын қатынастар. Оларды біз «мемлекеттік қаржы қатынастар» деп атаймыз. Бұл қаржы қатынастарға тән болатыны, олар әр уақытта мемлекетік қорға не одан қаражаттың қозғалысын белгілейді.Жеке меншік саласындағы ақша қозғалысын реттейтін қатынастар жеке қаржы қатегориясын белгілей отырып, ешбір жағдайда мемлекетің қаржы қызметінің не қаржы құқығының объектісі болуға тиісті емес.

Азаматар мен заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастар осы қатынастарының санына жатады.Қаржы құқығының пәнін аңыктау мақсатында, айтылғаннын қортындысын жасайық:



  1. Қаржы құқығының пәні болып, мемлекеттік қаржы қызметінің процесінде туындайтын қатынастар табылады, олар өз кезегінде мемлекетік қаржымен шектелген.

  2. Мемлекетің қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар өздерінің экономикалық табиғатынан қаржылық болып табылады. Және барлық қаржы қатынастардан оны бөліп шығару мақсатында « мемлекеттік қаржы қатынастар» деп атаймыз.

  3. Жеке қаржы, қаржы құқығының пәні болып қызмет етуге тиісті емес. Егер де мемлекет жеке қаржы қорының қалыптастыруын, үлестіруін немесе пайдалануын үйымдастыру тәртібін белгілесе де, ол азаматық, әкімшілік және де басқа құқық салаларымен қарастырылады.

  4. Мемлекеттік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар егер де олар қаржылық емес болса, және сондықтан қаржы құқығының нормаларымен реттелмесе, ол басқа құқық салалармен реттелсе, олар қызмет ете алмайды.

  5. Қаржылық емес, басқа құқық салаларымен реттелетін қатынастар мемлекетік қаржы қатынастары бола алмайды.

Сондықтан қаржы құқығы толықтай мемлекеттің қаржы қызметі саласымен бірдей.Қаржы құқығының пәні болып мемлекеттік қаржы қызметі процесінде қаржы қатынастарының 2 тобы туындайды:

-материалдық

-ұйымдастырушылық

Материалдық каржылық қатынастар қаражат құралдарынын қозғалысын реттейді, өзімен мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру және үлестіру процесін белгілейді. Бұл қатынастар төлеушіден белгілі бір мемлекетік қорға немесе қордан тұтынушыға нақты ақшаның қозғалысымен байланысты. Ал, мемлекеттің ақша жүйесін біртұтастай және мемлекетің қаржы жүйесін бөлектей, мемлекетік қаржы мекемелерінің жүйесін ұйымдастыру, олардың қызметін қамтамасыз ету бойынша туындайтын қатынастар ұйымдастырушылық болып табылады.



Материалдық қаржы қатынастар келесі белгілермен мінезделінеді:

  1. Бұл қатынастар ақшалай болып табылады. Олар мемлекетің ақша қорын қалыптастыру немесе үлестіру процесін білдіреді.

  2. Бұл қатынастар құнның ақшалай нысында бір жақтық қозғаласын реттейді..

  3. Бұл қатынастар үлестіруді білдіреді.

  4. Экономикалық қатынастардың бір түрі болып табылады.

  5. Мемлекетік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар тек қана құқықтық нысанда жүзеге асырылады.

Қаржы құқығының мәнін ұғу үшін және оның қолдану шекарасын белгілеу үшін материалдық қаржы қатынастарды ұқсас экономикалық қатынастардаң айыру керек.Бірінші кезекте қаржылық қатынастарды тауар-акша қатынастарынан айыру керек :

  1. Қаржы қатынастар, өндіру процесінде, үлестіру барысынды туындайды, ал тауар-ақша қатынастары айырбас стадиясында туындайды.

  2. Мемлекеттік қаржы қатынастар әр қашанда эквивалентсіз.

  3. Қаржы қатынастар құнның қозғаласын тек қана ақшалай нысанда реттейді.

  4. Материалдық қаржылық қатынастар мемлекеттік қаржы қызметінің өнімі болып табылады және мемлекет оның негізгі субъектісі болып табылады. Ал, тауар-ақша қатын-ры мәмілелерді реттей отырып, сатушы-сатып алушы арасындағы қатынастарды реттейді.

  5. Материалдық қаржылық қатынастарында ақшаның қозғалысы мемлекетің қызығушылықтарымен белгіленеді.

  6. Материалдық қаржылық қатынастары мемлекетің болуымен белгіленеді.

  7. Материалдық қаржылық қатынастары тек қана құқықтық нысанда болады.

  8. Материалдық қаржылық қатынастарында тараптар заңды теңсіз.

Қаржы құқығы дегеніміз - мемлекет пен қаржы жүйесін қалыптастыру процесінде туындайтын және оның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуінен, сонымен қатар мемлекетің қаржы қорларын қалыптастыру, үлестіру және пайдалануын ұйымдастыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Қаржы құқығының нысаны болып, қаржы заңы табылады. Қаржы заңы дегеніміз - мемлекеттік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Бұл актілерді қаржы құқықығының қайнар көзі деп санауға болады. Ең негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституция табылады. Екіншісі ҚР заңдары, үшіншісі ҚР Үкіметінің қаулылыры, төртіншісі қаржы министірлігінің актілері және көптеген нормативтік актілер.

2. Құқықтық реттеу әдісі деп - қаржы қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттеу үшін және олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу үшін, мемлекетпен әсер етілетін әдістер, тәсілдер болып табылады. Негізгі әдіс болып императивтік әдіс табылады. Заң әдебиетінде оны басқалай түрде, бір жақты билік әдісі деп немесе әкімшілік әдісі деп атайды. Бұл әдісті қолдана отырып мемлекет өзінің ұйғарымдарын, бұйрықтарын, қаржы заңдарының нормаларында белгіленген қағидаларды сөзсіз орындауын талап етеді.Қатысушының тәртібін қатал және тиянақты реттеуімен мінезделінеді. Белгіленген құқық нормасын орындалмауы, белгіленген тәртіптен шек шыгып кету, мемлекетпен күштеу турде қамтамасыз етіледі.Императивтік әдіс келесі белгілермен мінезделінеді:

  1. Нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген ұйғарымдарды бір жақты билікті реттеу арқылы субъектінің тәртіптерін белгілейді.

  2. Бұл ұйғарымдар тараптардың тәртіптерін тиянакты реттейді.

  3. Екі жақты құқықтар мен міндеттер мемлекетпен белгіленген.

  4. Мемлекетпен белгіленген ұйғарымды орындаудан тараптар бас тартуға құқылы емес.

  5. Ұйғарымның орындалуы күштеу механизмымен қамтамасыз етіледі.

  6. Екінші жақтың тәртіпті таңдау мүмкіншілігі жоқ.

  7. Ұйғарымды орындамау заңды жауапкершілікті туындатады.

  8. Мемлекетпен өкілденген субъект, екінші субъектіге қараганда, аса көп құқықтарға ие.

Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүргізген процесінде, қаражатты тек қана күштеу арқылы таптай, сонымен қатар, төлеушінің қызығушылығына әсер тигізеді. Қортындысында төлеуші өз еркімен мемлекетке ақшаларын береді. Бұл жағдайда мемлекет өз төлеушісімен қаржылық қатынастарын құрады, сонымен қатар, келісім жүргізеді. Басқалай айтқанда диспозитівтік әдісті қолданады.

Диспозитивтік әдіс императивтік әдіске қарағанда субъектінің тәртіптеріне әсер тигізген кезде, әлде-қайда жеңіл тиеді. Бұл қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық актісі ұйғарымның толық комплексін белгілемейді. Кейбір құқықтар мен міндеттер субъектілердің келісімі арқылы белгіленеді .Қаржылық қатынастардың құқықтық реттеу әдісін тандауы мемлекетің қаржы қызметі әдісімен белгіленеді.

Диспозитивтік әдістің белгілері:


  1. Құқықтар мен міндеттер екі құқықтық бастаулар арқылы қалыптасады. Ол нормативтік құқықтық акт және келісім шарт.

  2. Мемлекеттің бір жақты билікті ұйғарымдары толық көлемді мінезді белгілемейді. Бұл қатынастардың субъетісіне өздерінің еркін білдіруіне құқық береді.

  3. Құқықтық акт бұл қатынастарды реттей отыра, субъект үшін «мемлекетті білдіретінң тек қана құқықтар емес, сонымен қатар, оларға басқа жақ алдында міндеттемелерді белгілейді.

  4. Өзінің контрагентінің тәртібін мемлекет тек қана бір жақты билік нысаны арқылы емес реттей отырып, сонымен қатар, екінші субъектіге қатысты экономикалық стимулдары және материалдық қызығушылықтарды колдана отырып, екінші субъектінің тәртібіне әрекет етеді.

  5. Қаржылық қатынастарының құқықтары мен міндеттері әлде қайда теңелген.

  6. Заңды нысаны болып қаржы құқықтық келісім шарт болып табылады және ол жақтар үшін құқықтар мен міндеттер туғызады.

  7. Қаржы құқықтық келісім шарт тек қана нормативтік құқықтық акт көздеген жағдайда жасалынуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет