ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ОӘК 042-14.1.1.3.20.01-2013
|
ПОӘК
«Кәсіптік қазақ тілі» пәнінің оқу-әдістемелік материалдар
|
№ 1 басылым
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»
мамандығына арналған
«Кәсіптік қазақ тілі» пәнінің
Оқу-әдістемелік материалдар
Семей, 2013 ж.
Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРҒАН:
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филол.ғ.к. Баймұханбетова М.Б
2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.
Хаттама № 1___ «_19__» ___09________20_13_ ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Каримова Б.Ж
2.2 Гуманитарлық факультеттің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.
Хаттама №___ «___» ___________20__ ж.
Төрайымы ________________ ф.ғ.к Кеңесбаева Ш.С
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді.
Хаттама №___ «___» ___________20__ж.
Оқу - әдістемелік жұмыстар жөніндегі
Проректор, профессор _________________ Искакова Г.К
4 «____» __________ 20__ж. шыққан ПОӘК-нің
№ 1 БАСЫЛЫМЫ
Мазмұны
1.Глоссарий...............................................................................................................3
2.Практикалық сабақтар..........................................................................................4-
3.Студенттердің өздік жұмысы...............................................................................
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................
Пән бойынша глоссарий:
-
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың классификациясы-классификация гласных, согласных
-
Үндестік заңы-закон сингорманизма
-
Буын үндестігі-созвучие слогов
-
Дыбыс үндестігі-созвучие звуков
-
Лексика. Сөз мағынасы-лексика. Значение слов
-
Мақал-мәтелдер – пословицы, поговорки
-
Тұрақты сөз тіркестері-фразеологизмы
-
Сөз құрамы-состав слова
-
Жұрнақтар-суффиксы
-
Зат есім -имя существительное
-
Жіктік жалғаулар-личные окончания
-
Көптік жалғаулар-окончания множественного числа
-
Тәуелдік жалғаулар-притяжательные окончания
-
Септік жалғаулар-падежные окончания
-
Сын есім-имя прилагательное
-
Сын есімнің шырайлары –степени сравнения прилагательных
-
Сан есім –имя числительное
-
Есімдік-местоимение
-
Есімше-причастие
-
Көсемше-деепричастие
-
Үстеу-наречие
-
Етістік-глагол
-
Етістіктің шақтары-времена глагола
-
Шылаулар-союзы
-
Сөйлем мүшелері-члены предложения
-
Құрмалас сөйлемдер-сложные предложения
Тәжірибелік сабақтар мазмұны
№1.Тақырыбы:Қазақ тілі туралы түсінік.
Мақсаты: Қазақ тілі туралы мағлұмат беру.
Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Ол түркі тілдерінің тобынан шыққан қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт тілдері бір-біріне өте жақын. Өйткені бұлар жалпы түркі тілдерінің бір тармағы –қыпшақ- ноғай тобынан өрбіген тілдер.
Қазақ тілі – «Ер Төстік», «Аяз би» сияқты ертегілермен, «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Алпамыс» сияқты батырлар жырымен, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» секілді ғашықтық жырларымен, мақал-мәтелдермен, жаңылпаштармен бай тіл.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қай топқа жатады?
2. Қазақ тілінің ерекшеліктері
3. «Тілдер заңы» қай жылы қабылданды?
4. Тіл туралы мақал-мәтелдер жазу, жаттау.
Әдістемелік нұсқау:
Қазақ тілі туралы, қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері туралы мағлұмат алу. «Тілдер заңындағы» баптармен танысу. Берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау: Тіл туралы мақал-мәтелдерді жаттау. (орысша варианттарын білу)
Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
Мәтін: Тіл туралы заң
Тіл туралы Заң
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң жайында мағлұмат беру. Тұрмыстық, қоғамдық-саяси, оқу, ғылыми мәселелерде қазақ тілінде сөйлей білу қажет екендігін түсіндіру. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беруге, мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру.
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңнан үзінді
1 тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық);
ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;
орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi;
топонимика - ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;
транслитерация - бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру;
терминологиялық комиссия - экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;
уәкiлеттi орган - тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға жауапты орталық атқарушы орган.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
Сөздік
Ана тілі- родной язык
Мемлекеттік- тіл государственный язык
Зерттеу-исследовать
Парыз- долг
Іс қағаздары-делопроизводство
Меңгеру-
Сөздікпен жұмыс
қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi; Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Сөйлесу
-Мына сөз қалай жазылады?
Это слово как пишется?
Бұл сөз былай жазылады.
Это слово пишется так.
Мына сөз қалай дыбысталады?
Как произносится это слово?
Бұл сөз былай дыбысталады.
Это слово произносится так
Тағы да дыбысты қайтала
Еще раз повтори произношение
Қате, тағы да қайтала
Ошибка, еще раз повтори
Қайтадан жаз
Еще раз перепиши.
Еще раз напиши
Дұрыс емес, міне қате
Неправильно, вот ошибка
Жаттығу жұмысы
Мен дұрыс тыңдаймын (отырамын, сөйлеймін, айтамын, білемін, ашамын, жабамын, жазамын, қайталаймын)
Cен дұрыс тыңдайсың (отырасың, сөйлейсің, айтасың, білесің, ашасың, жабасың, тыңдайсың, жазасың, қайталайсың)
Сіз дұрыс тыңдайсыз (отырасыз, сөйлейсіз, айтасыз, білесіз, ашасыз, жабасыз, тыңдайсыз, жазасыз, қайталайсыз)
Ол дұрыс тыңдайды (отырады, сөйлейді, айтады, біледі, ашады, жабады, тыңдайды, жазады, қайталайды)
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
1. Топонимика дегеніміз не?
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп нешінші бапта жазылған?
3. Диаспора дегеніміз не?
Әдістемелік нұсқау:
«Тілдер заңындағы» баптармен танысу. Берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындау
Бақылау түрі: мәтінмен жұмыс
Үлестірмелі материалдар: үлестірмелі карточкалар мен тест-сұрақтар.
Әдебиеттер тізімі: Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. Алматы, -2002. – 6 б.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007
№2.Тақырыбы: Қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері.
Қазақ тілінің қазіргі әліпбиі. Қазақ жазуы туралы
Мақсаты: қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері туралы: род категриясының жоқтығы, екпіннің соңғы буынға түсуі, т.б. ерекшеліктері туралы мәлімет беру
ә,ө,ү,ұ,і,қ,ғ,һ,ң-дыбыстары тек қазақ тіліне ғана тән дыбыстар.
Қазақ тілінде екпін соңғы буынға ғана түседі.
Қазақ тілінде заттың меншіктілігін білдіру үшін тек есімдіктер ғана емес, олармен бірге тәуелдік жалғаулар да қолданылады: менің үй-ім, сенің
ана-ң.
Қазақ тілінде предлогтар жоқ.
Орыс тіліндегі предлогтардың мағынасы қазақ тілінде септеулік шылаулар және жалғаулар арқылы беріледі: для экономики-экономика үшін;
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
-
Қазақ тіліне тән дыбыстар.
-
Қазақ тіліндегі жалғау түрлері, олардың жалғануы
-
Қазақ тілінде род категориясы, предлогтар бар ма?
-
Қазақ тілінде баяндауыш сөйлемнің басында кездесе ме?
-
Қазіргі қазақ әліпбиі неше әріптен тұрады?
-
Орыс тіліндегі предлогтар қазақ тілінде қалай беріледі?
-
Мысалдар келтіріңіз?
Әдістемелік нұсқау:
Қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері туралы оқу, олармен танысу. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білу керек, оларға мысалдар келтіру.
Орыс тіліндегі предлогтар қазақ тілінде қалай берілетіні туралы мәліметпен танысып, мысалдар келтіру.
Әдебиеттер:
Г.Қарақұсова., З.Күзекова .Қазақ тілі.А.-1997
А.Аяпова. Қазақ тілі 1-2 кітап. А.-1997
Қазақ тілі. А.С.Сейдімбекова . А-1999
К.Сариева Қазақ тілі және елтану. Алматы, 2000
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай Практикалық қазақ тілі
Н.Беріков Қазақ тілі сабақтары. А., 1994
А.Ш.Бектұров, Ш.К.Бектұров Казахский язык для всех. А, 2002
Мәтін: Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет
Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру. Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң 1991 жылғы желтоқсан айының 16-сы күні Жоғары Кеңестің VII сессиясында қабылданды. Бұл күн – Республиканың Тәуелсіздік күні деп жыл сайын тойланады. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды. Қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қайта түлетіп, дамыту, ұлттық қадір-қасиетін нығайту мемлекеттің аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының өз мемлекеттік рәміздері – Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Еліміз Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.
Республика өкіметі адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясында халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адамның құқылары мен бостандықтарының үстемдіктерін мойындайды. Қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқын растайды. Ол бейбітшілік саясатын ұстанады, ядролық қаруды таратпауға, қарусыздануға шақырады. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүйелі жүргізеді.
Тапсырмалар, сұрақтар:
1.Мәтінді оқыңыз.
2. Мәтінге сұрақтар қою арқылы сұхбаттасыңыз.
3. Мәтінді мазмұндаңыз.
Бақылау түрі: мәтін бойынша диаграмма сызып, толтыру.
Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу, әңгімелесе білу, сұрақтарға жауап беру, мәтін бойынша әңгімелесе білуге, мәтіннің әрбір бөліміне қысқаша резюме бере білуге арналады. Сөйлемді дұрыс құра білу үшін, қазақ тілінің грамматикалық заңдылығын, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін жақсы меңгеріп, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануы қажет.
Үлестірмелі материалдар: мәтін
Әдебиеттер тізімі: Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. Алматы, -2002. – 126 б.
3-жаттығу. Өлеңді жаттаңыз.
ТӨРТ АНА
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамға өз анасынан басқа да ,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Жебеп тұрар,
Демеп тұрар арқада
Болу керек қасиетті төрт ана:
Туған жері –түпқазығы, айбыны,
Туған тілі – мәңгі өнеге айдыны.
Жан байлығы, салт-дәстүрі – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі және
Туған тарихы.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана-
Тағдырыңның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес –
Күрестердің ұлысы.
(Мұхтар Шаханов)
Қазақстан Республикасы: егеменді тәуелсіз мемлекет
Тұңғыш президенті: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев,
1991 жылы 1 желтоқсанда
сайланған.
Бірінші конституциясы 1993
жылы 28 қаңтарда, екінші Конституциясы: конституциясы 1995 жылы
Ұлттық ақша: теңғе 30 тамызда қабылданды
№3.Тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар, олардың жіктелуі
Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы, олардың жіктелуі туралы мағлұмат беру.
-
Тілдің жақтың (иектің), еріннің қатысына қарай дауыстыларды мына таблица арқылы көрсетуге болады:
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
|
Еріннің қызметіне қарай
|
Иектің қызметіне қарай
|
Тілдің қызметіне қарай
|
Еріндік дауыстылар: о,ө,у,ұ.ү
Езулік дауыстылар: а, ә,е, э, ы, і, (и)
|
Ашық дауыстылар:
а, ә, е, о
|
Қысаң дауыстылар:
ы, і, ұ, ү,и
|
Жуан дауыстылар:
а, о, ы, ұ, (и, у)
|
Жіңішке дауыстылар:
ә, ө, ү, і, е,(и), (у)
|
-
И, у дыбыстары буын ыңғайына қарай, сөздің жуан, жіңішкелігіне қарай бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады.
-
Дауыссыз дыбыстар: ұяң, үнді, қатаң болып бөлінеді.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
-
Қазақ тіліне тән дыбыстар.
-
Қазақ тіліндегі жалғау түрлері, олардың жалғануы
-
Қазақ тілінде род категориясы, предлогтар бар ма?
-
Қазақ тілінде баяндауыш сөйлемнің басында кездесе ме?
-
Қазіргі қазақ әліпбиі неше әріптен тұрады?
-
Орыс тіліндегі предлогтар қазақ тілінде қалай беріледі?
-
Мысалдар келтіріңіз?
Әдістемелік нұсқау:
Дауысты, дауыссыз дыбыстарға мысалдар келтіру, олардың жіктелуі туралы малұмат алып, кесте жасау.Қазақ тіліне тән дыбыстардың нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз? Т.б. сұрақтарға жауап беру.
малар:
Әдебиеттер:
Абай энциклопедиясы. Атамұра,2000.
Орысша-қазақша сөздіктер.
М.Бисенбаев. Абайдың республикалық мәдени-мемориалдық музейі. А.-1984
С.Мәмекбаев.,Қ.Алиева. Қазақстан Республикасы.А.1993
Мәтін: Қазақстан Республикасының Президенті
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті тралы мағлұмат беру
1991 жылғы 1- желтоқсан қазақ халқының тарихында айтулы күн болып жазылатыны хақ. Тұңғыш рет бүкл халықтық сайлау өтіп, өз Президентімізді таңдадық. Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғанындай,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерейі үстем болды. Ол дүниежүзінің президенттері қызығарлықтай дауыс алды. Бұл үлкен жеңіс -халық сенімі.
Сұрақтарға жауап беріңіз
-
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
-
Ата заңның қай бабында Президент жайлы айтылған?
-
Президент қай жылы сайланды?
-
Президенттің халыққа жолдауы туралы не білесіз?
Бақылау түрі: сұхбат
Әдістемелік нұсқау: Сұрақ-жауап арқылы жұмыс жүргізу, мәтіндегі қиын сөйлем, сөздерді талқылау, түсіндіруге бағытталады.
Үлестірмелі материалдар: мәтін
Әдебиеттер тізімі: Н.Оралбай, К.А.Құрманәлиев. Қазақ тілі. –Алматы, 2007.
№4.Тақырыбы: Үндестік заңы
Мақсаты: Үндестік заңы туралы, дыбыстардың үндесуі туралы түсінік беру.
-
Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы дейміз.
-
Үндестік заңы екі түрлі болады-буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
-
Соңы ог, уг, рк, нк, нг, ке, кт, ек, лк, нкт, кль, брь, бль сиқты дыбыстар тіркесіне біткен кірме сөздерге жалғанатын қосымша әр уақытта жіңішке болады: педагог-ті, парктен, банк-ке, пунк-тен т.б.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
Үндестік заңы дегеніміз не?
Дыбыстардың үндесуі дегеніміз не?
Үндестік заңы қалай бөлінеді?
Жуан, жіңішке сөздерге мысалдар келтіріңіз, оларға қосымшалар жалғаңыз да, олар қалай жалғанып тұрғанын түсіндіріңіз.
: Әдістемелік нұсқау:
Үндестік заңымен танысу. Дыбыстардың үндесуі туралы малұмат алу. Тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсрымаларды орындау. Мысалы, адам+дар, кілем+дер, табиғат+ты, көктем+де т.б.
Әдебиеттер:
Н.Төреқұлов. Қанатты сөздер. Алматы, 1977
С.Қалиев, М.Оразалиев.Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Рауан.- 1994
Қазақ Совет энциклопедиясы. А.-1972
Мәтін: Қазақстан Республикасының Конституциясы
Мақсаты: Еліміздің егемендігінен мағлұмат беру, тәуелсіздіктің ұлттық қасиеттеріне тәрбиелеу.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
КОНСТИТУЦИЯСЫ
Конституция - еліміздің Негізгі Заңы. Ол күллі қазақстандықтарға қызмет етеді. Конституцияда Республикамыздың ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттары белгіленген. Бейбітшілікке құштарлығымыз, барлық, мемлекеттермен тату көршілік пейліміз жазылған. Ұлтына, дініне, нәсіліне қарамай, адамның, азаматгың құқығы ардақ тұтылатыны айтылған. Біздің Конституция мемлекетіміздің құқықтық негіздерін, оның саяси жүйесін айқындайды. Азаматтардың құқығын мен бостандығын қамтамасыз етеді.
ПРЕЗИДЕНТ
40-бап
-
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
-
Республиканың Президенті — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әpi кепілі.
-
Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс icтeyiн және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
(Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995, 15-бет)
7-бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі.
(Сонда, 6-бет)
9-бап
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық, заңмен белгіленеді.
(Сонда, 7-бет)
Тапсырмалар, сұрақтар:
1.Мәтінді оқы.
2. Мәтінге сұрақтар қою арқылы сұхбаттас.
3. Мәтінді мазмұнда.
Бақылау түрі: ауызша (мазмұндау).
Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу, әңгімелесе білу, сұрақтарға жауап беру, мәтін бойынша әңгімелесе білуге, мәтіннің әрбір бөліміне қысқаша резюме бере білуге арналады. Сөйлемді дұрыс құра білу үшін, қазақ тілінің грамматикалық заңдылығын, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін жақсы меңгеріп, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануы қажет.
Үлестірмелі материалдар: карточкалар
Әдебиеттер тізімі:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007
№5.Тақырыбы: Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшалар.
Мақсаты: Буын үндестігі туралы мәлімет беру. Буын үндестігіне бағынбай жалғанатын қосымшалар туралы мағлұмат беру.
Дауысты дыбыстармен байланысты үндестік заңын ғылым тілімен сингорманизм деп, кейде буын
үндестігі деп те, атайды немесе дауысты дыбыстың бір-біріне ықпалын сингорманизм заңы дейміз.
Дауыссыз дыбыстармен байланысты үндестік заңын ассимляция немесе дыбыс үндестіктері дейміз. Сингорманизм-гректің Sun-«бірге және harmoni»- байланыстыру», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.
-
Төмендегі қосымшалар өздерінен бұрынғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанады.
мен (бен, пен) : қалам-мен, ағаш-пен;
паз: әсем-паз, өнер-паз
қор; пәле-қор
қой: сән-қой
дік (нікі, тікі): колхоз-дікі
кер: жұмыс-кер;
кеш; арба-кеш
хана: шебер-хана, дәріс-хана
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
-
Буын үндестігі дегеніміз не?
-
Сингорманизм дегеніміз не?
-
Бірнеше сөз жазып, оларға қосымша жалғаңыз, жазылған сөздерді буынға бөліңіз.
Дауыссыз дыбыстардың үндесуін ассимляция немесе дыбыс үндестігі дейміз. Дыбыс үндестігінің 2 түрі бар:
а) ілгерінді ықпал (Прогрессивті ассимляция)
ә) кейінді ықпал (Регрессивная ассимляция)
Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п дыбыстарының біріне аяқталып, оларға жалғанатын қосымша дауысты дыбыстардың бірінен басталса, онда қ-ғ-ға, к-г-ге, п-б-ға айналады:
Тарақ-ы- тарағы
Жүрек-ім- жүрегім
Мектеп –ің- мектебің
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
-
Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
-
Ассимляция дегеніміз не?
-
Ассимляция қандай екі түрге бөлінеді?
-
Күрек, есік, аяқ, сап, орындық, кітап, сынып сөздеріне тәуелдік жалғауларын жалғаңыз.
Әдістемелік нұсқау:
Дыбыс үндестігі, дыбыс үндестігімен буын үндестігінің айырмашылығы туралы мәлімет алу. Ілгерінді, кейінді ықпалдарға мысалдар келтіру. Мысалы, жүрек-жүрегі, кітап-кітабы, етік-етігі т.б.
Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
Мәтін: Тәуелсіз Қазақстанның нышандары
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның нышандары және қолданылуы жайлы мағлұмат беру
ТӘУЕЛСІ3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЫШАНДАРЫ
Ертеден қалыптасып келе жатқан дәстур бойынша әpбip жеке елдің елдік нышандары болады. Олар: елдің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны. Осы мемлекеттік нышандарға қарай сол елдің қайсы ел екені әркімге айқын. Нышандар жеке бip мемлекеттікі болғанымен, оның халықаралық мәні зор. Нышандар мемлекетаралық қарым-қатынастарда үлкен ресми және ресми рөл атқарады.
***
Сондай мемлекеттік нышандар жайы Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қайта қаралып, жұртшылықтың кең қатысуымен Жоғарғы кеңесте үлкен талқыда сарапталып, көкейге қонымды жобалары 1992 жылы мемлекеттің нышандары ретінде қабылданды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары — біздің елімізді танытатын қасиетті құжат сынды..
Республикамыздың Президенті, Қазақстан Конституциясының 9-бабына сәйкес, 1996 жылдың 24 қаңтарында " Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы" конституциялық заң күші бар Жарлық қабылдап, мемлекеттік нышандардың сипаттарымен және олардың қолданылу тәртіптерін белгілеп берді. Жарлықтың 3-бабында: "Қазақетан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны қастерлеуге міндетті делінген.
Енді осы Мемлекеттік нышандардың сипатына қысқаша, жеке-жеке тоқталып, оны қастерлеп, тағлым ету жайының тәрбиелік мәніне көңіл бөлейік.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ
"Қазақетан Республикасының Мемлекеттік Туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты, көгілдір түcтi мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп етеді. Күн, шуғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстее. Тудың eнi мен ұзындығының қатынасы — 1:2"-деп, Жарлықтың 4-бабында сипатталған. Жарлықтың 5,6-баптарында тудың қолданылу тәртібі толық айтылған. Міндет — сол қолданылу тәpтiбiн бұлжытпай сақтауда болу керек.
(К. Еламановтан)
Тапсырма
1. Нышандар туралы мәтінді оқып, түciнбereн сөздерді сөздіктен іздеп, тауып жазындар
-
Мемлекетіміздің иышандары туралы қысқаша әңгімелеп беріндер.
-
А.Бөкен, Ғ.Қайырбековтің шумақтарын жаттап алындар.
-
Ту туралы мәтінге сұрақ жазындар. Жауабын да мәтіннен тауып жазындар.
Мысалы: 1. Қазақстанның Туы қандай?
-
Қайда Тудың қолданылу тәpтiбi толық айтылған?
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы кім?
-
Ту нені танытады...?
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
Қазақстан Республикасының Елтаңба сипаты — "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы" Жарлықтың 7-бабында: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап ұықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының түрлі-түсті бейнесі екі түрлі: алтын және көгілдір көк түсті болады", — деп жазылған.
Сонымен бipre, осы Жарлықтың 8-бабында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының қандай қолданыста болатыны нақты көрсетілген.
Тапсырма
-
Метінді оқып, сөздік пен жұмыс істендер.
-
Қысқаша Елтаңба туралы түсінгендерінді қазақ тілінде айтып беріндер.
-
Бірінші рет көрген, білмейтін сөздерінді сөздіктеріне жазып жаттандар.
-
Мәтінге сұрақ қойып, сол сұрақтар арқылы әңгімелеп беріндер.
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы шығарма жазындар.
Тапсырма
-
Пырақ деп нені айтамыз?
-
Қазақта жол жүрер алдында қандай бата берілген?
-
Қазақтар қай халықтың тармағының бipi?
-
Біздің тарихымыз қайда жазылған?
-
Біздің мекеніміз қайда орналасқан?
-
Қазақтың "Пырақ" арманының icкe асуына нелер тосқауыл болды?
2006 жылдың басында еліміздің тарихында орын алатын оқиғаның екіншісі - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының өзгертілуі.
Парламент депутаттары бұрынғы Әнұранның өз міндетін орындағанын айта келіп, енді оның орнына композитор Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтің "Менің Қазақстаным" әнін, мәтінін Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың түзетуімен Республикамыздың Әнұраны етіп бекітті.
Тапсырма
-
Мәтіндерді оқып, мазмұнын айтындар.
-
Жаңа сөздермен "Сайлау"тақырыбына әңгіме жазындар.
-
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қай жылы сайланды?
-
Ең алғашқы Қазакстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны қай жылы бекітілді?
-
Ең алғашқы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының авторлары кімдер?
-
Олар туралы не білесіндер?
Бақылау түрі: ауызша
Әдістемелік нұсқау: Қазақстан Республикасының нышандары жайындағы мәліметтерді жинастыру, оларды конспектілеу қажет. Сөздердің мағынасын дұрыс түсіну, сөздерді дұрыс оқи білу, айта білуге бағыттау.
Үлестірмелі материалдар: суреттер
Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007
№ 6.Тақырыбы : Лексика
Омоним, синоним, антоним сөздер. Мақал-мәтелдер
Лексика(грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай:
-
есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді.
-
Сипаты мен көрінісі жағынан лексика былайша сараланады: 1)омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі,көркем шығарма тілі деген ұғымды дабілдіреді.Мыс.,Абайтілінің т.б Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы,
Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігі нен гөрі айырмашылықтары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.
-
Ат — жұмыс көлігі;
-
Ат — есім, атау;
-
Ат — етістік (бұйрық рай).
Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.
Қас деген төрт сөз бар:
-
қас — адамның қабағындағы қас;
-
қас — дұшпан, жау;
-
қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);
-
қас — ердің қасы
Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.
Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:
-
1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;
-
2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.
-
3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;
-
4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді.[
Антоним (гр. antі — қарсы, уnyna — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу) т.б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды.. Әсіресе,антонимдер мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, “Көз — қорқақ, қол — батыр“, “Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ“. Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.
Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінедіСинонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әр түрлі.
Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:
-
мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);
-
стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);
-
сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).
-
Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:
-
мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;
-
бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;
-
мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;
-
Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.
-
Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;
-
Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.
1-тапсырма: Төмендегі сөздердің синонимін табыңыздар:
Үлгі: Жаппай - дүйім, барша.
Жаппай, ынталану, алғыс, лебіз, міндет, беташар, жетесіз, сыйлы, алғашқы.
2-тапсырма: Бас, жас, бай, ер, қол сөздерінің омонимін табыңыздар.
Үлгі: бас – з.е., дене мүшесі.
бас - етістік.
3-тапсырма: "Нәумез болып қалу", "түп төркіні осындай", "тағзым ету", "сыйласымдылықка баулу" тіркестерін қалай түсінесіз, оларды қолдана отырып, сөйлемдер құрастырыңыздар.
4-тапсырма: Мәтіннен дыбыс үндестігіне байланысты сөздерді тауып жазыңыздар.
Үлгі: көкірегіне
5-тапсырма: Сіз көптен көрмеген досыңызды кездестірдіңіз. Екеу ара әңгімелеріңізді, жоғарыдағы мәтіндерді пайдалана отырып, диалог құрап жазыңыздар.
1. Мәтінмен танысып, мәнерлеп оқып шығыңыздар.
-
Мәтіннің студенттерге берер тәлімі қандай? Түсіндіріңіздер.
-
"Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге" - деп қараған
халқымыздың өсиетіне өз көзқарасыңыз қандай?
-
Ұлттық отбасына қатысты бірнеше мақал-мәтелдер айтыңыздар.
Мақал –мәтелдер.
Тілімізде ойды бейнелеп, әсерлеп айту үшін қолданылатын арнайы сөз тіркестері бар. Ондай тіркестердің құрамындағы сөздердің орын тәртібі берік, тұрақты болады. Сондықтан оларды тұрақты тіркестер немесе фразеологизмдер деп атайды. Осындай тұрақтылық қасиет, астарлы мағына мақал мен мәтелдерге аяқталған сөйлем болып қолданылады: қолы қимылдағанның аузы қимылдайды т.б.
Қазақтың ескіден келе жатқан ауыз әдебиетін алсақ, үлкен бір саласы болып саналатын түр ақыл, нақыл сөздер деуге болады. Күні бүгінге шейін бұл екеуі қосылып, бірнеше рет қазақ тілінде кітап етіліп шығарылды. Бірақ олардың ешқайсысында айтуға тұрарлықтай бұл мәселелерге талдаулар берілген емес. Халық әдебиетіндегі аз сөзбен көп мағына беретін қысқа-қысқа терең мағыналы сөздерді нақыл сөз, не мақал-мәтел деп атап, жинап бастырумен ғана қанағаттанып келінді.
Мұның екеуі де негізінде, аты белгісіз халық даналарының өмірді бақылай келіп айтқан үлкен ой, терең пікірлерінің жиынтығы. Тәжірибе жемісі. Нақыл сөздерді де түгелдей халық туғызды десек, қате болар еді. Өйткені халық дегенде, біз еңбекші халықты ұғамыз. Әрине, нақыл сөздерге үстем таптық идеясын үндейтіндері де толып жатыр. Сондықтан да біз «негізінде» деп, әдейі ескертіп отырмыз.
Бізше, күні бүгінге дейін «мақал-мәтел», «нақыл сөз» делініп келген, не олай деп айтылынбаса да, сол тектес сөздерді мағынасына, құрылысына қарап ақыл сөздер (дидактикалық сөздер), нақыл сөздер (афоризм) деп екіге бөлу керек тәрізді. Мақал-мәтелдер өздерінің мазмұнына қарай, кейбіреулері ақыл сөздер тобына, кейбіреулері нақыл сөздер тобына жатуға тиісті. Бұл екеуінің айырмасы қайсы? Бізше, бірі өмірді танытады. Екіншісі, өмірге жетектейді.
Ақыл сөздер - халықтың кейінгілерге қалдырған өсиет-ақылы, өмір-тіршіліктеріне жетекші басшылық. Сондықтан оның мағынасы ашық, ұғуға жеңіл, көпшіліктің бәріне түсінікті, аз сөзге көп мағына сыйғызып, көркемдеп айтылған үгіт-насихат.
Нақыл сөздер дегеніміз - үлкен ой, терең пікірге құрылған өмір туралы айтылған ел санасының қорытындысы. Ащы мен тұщы, алыс пен жуық, жақсы мен жаман - осылар сықылды өмірдің әртүрлі жақтарын ой елегінен өткізіп, олар жөніндегі халықтың шығарған үзілді-кесілді өкімі, өмірдегі әр алуан құбылыс, іс-әрекеттерді өзінше әбден бақылап, сынай келе, «қатесіз», өмірде тап солай болатындығына көздері жетіп, өмір шындығына айтқандары дәл келетін етіп кейінгі ұрпаққа қалдырған халық даналығының сәулесі, ой түйіні.
Нақыл сөз мағына жағынан алғанда, ақыл сөз тәрізді, мынаны істе, жақсы, ананы істеме, жаман демейді, өмірдегі өзінің көргенін, сезгенін, бақылағанын қорытып айтады да қояды.
«Жаманға жүзің салма,
Малды екен деп.
Жақсыдан қолыңды үзбе,
Жарлы екен деп».
(ақыл сөз)
«Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар».
(нақыл сөз)
Алдыңғысында адамның кімнен қашып, кімнен қол үзбеу керектігін айтса, соңында ол жоқ. Өнерлі жігіт пен өнерсіз жігіт туралы өзінің бақылай келе қорытқан пікірін айтады. «Мынаны ал, ананы алма» демейді. Оқушы, тыңдау- шы өзінше ойлап, өзінше түюлері керек.
тапсырмалар, сұрақтар:
-
Мақал мен мәтелдердің ерекшеліктері
-
Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не?
-
Мақал-мәтелдер тақырыбы
-
Отан, білім, достық туралы мақал-мәтелдерді жаттау.
-
Фразелологиялық сөздікпен жұмыс жүргізу.
Мәтін: Қазақстан Республикасының Парламенті
Мақсаты: Қазақстан Республиксының Парламенті жайлы
қазақ тілінде түсінік беру
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Тапсырмалар, сұрақтар:
1.Мәтінді оқы.
2. Мәтінге сұрақтар қою арқылы сұхбаттас.
3. Мәтінді мазмұнда.
Бақылау түрі: ауызша (мазмұндау).
Әдістемелік нұсқау: Ауызша сөйлеу, әңгімелесе білу, сұрақтарға жауап беру, мәтін бойынша әңгімелесе білуге, мәтіннің әрбір бөліміне қысқаша резюме бере білуге арналады. Сөйлемді дұрыс құра білу үшін, қазақ тілінің грамматикалық заңдылығын, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін жақсы меңгеріп, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануы қажет.
Үлестірмелі материалдар: мәтін
Әдебиеттер тізімі:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова. Қазақ тілі. –Алматы, 2002.
Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева, Б.Шалабай. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993.
Ақтанова А.С., Рахымбаева Р.Е. Қазақ тілі – Семей, 2007
Тапсырма: Төраға, мәжіліс, кезекті сайлау, палата депутаттары сөздерімен сөйлем құраңыз
№ 7. Тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау. Аралық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айта, оқи білу керек.
Звук «Ғ» -согласный, глубокозадне язычный, целевой, звонкий сочетается с твердыми гласными.
2. Төл дыбыстарды дұрыс айтпаса, сөз өз мағынасын жоғалтады. Оң (правый) –он (десять), мең (родинка), мен (я), сең (лед на реке)-сен (ты)
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:
-
Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
-
Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?
-
Төл дыбыстарға бірнеше мысалдар келтіру
Әдістемелік нұсқау:
Фонетика тақырыбына байланысты өтілген тақырыптарды қайталау, жаттығулар тапсырмаларды орындап, карточкалармен жұмыстар жүргізу. Жіңішке дауыстылармен, жуан дауыстылармен мысалдар келтіру: аурухана, емші, ғалым, ғарыш, жұлдыз кеме т.б.
Әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров, А.Ш.Бектұрова, Қазақ тілі . А.-2002.
З.С.Күзекова. Қазақ тілі. А.-2002
Г.Қ.Рысбаева. Қазақ тілі грамматикалық анықтағыш. А.-2000
№8.Тақырыбы: Морфология. Сөз таптары. Сөз құрамы. Қосымша: жұрнақ, жалғау.
Морфология (биология) - ағзаның пішіні мен құрылымы туралы ғылым. Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.
Сөз таптары орыс. части речи — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердін негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:
-
а) Белгілі топка жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістік/етістікке қимылдық атаулар жатады);
-
ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
-
б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.
Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөзтабы, ал қазақ тілінде 9 сөзтабы көрсетіліп жүр:
-
Зат есім
-
Сын есім
-
Сан есім
-
Есімдік
-
Етістік
-
Үстеу
-
Еліктеу сөздер
-
Шылау
-
Одағай
Сөз құрамы орыс. состав слова – сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі – түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын) қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады.[1]
Жұрнақ[1] – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
-
сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;
-
сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.