ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3-деңгейдегі құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-7.1.29/03-2015
|
«Киім және аяқ киім гигиенасы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
|
№1 басылым
15.09.2015 ж.
|
«Киім және аяқ киім гигиенасы»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы үшін
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2015
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
|
2
|
Дәрістер
|
|
3
|
Тәжірибелік және зертханалық сабақтар
|
|
4
|
Курстық жұмыс (жоба)
|
|
5
|
Білім алушының өздік жұмыстары
|
|
-
ГЛОССАРИЙ
Гигиена грек сөзі – Gugieinos емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым.
Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0,1мм, драп-5мм, табиғи жүн-30-50мм).
Матаның массасы – матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі (мыс. крепдешин-25г/м2, драп-77г/м2, табиғи жүн-1000,0г/м2) сақталған және массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.
Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар, қалыңдығы бірдей маталардың жылусақтау қасиетінің критерийі болып табылады, яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді (мыс. жүн трикотаж-0,07г/см3, брезент-0,6-0,7г/см3).
Кеуектілік - кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады және ол көлемдік масса көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді. Матаның кеуектілігі оның жылылық қасиетін анықтайды (мыс. драп-50%, жүн трикотаж-93-95%, жартылай жүннен жасалған ватин-97%, мақта мата-99%, мақта матадан жасалған ватилин-99%).
Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм3) арқылы өлшенеді және 1м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді. Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі әртүрлі болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің сыртқы қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111дм3/м2, табиғи жібек секундына-341дм3/м2, капрон секундына-125дм3/м2).
Бу өткізгішітік - 1м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды. Әсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталар сағатына-16,2г/м2, табиғи жібек сағатына-4,62г/м2, капрон сағатына-1,09г/м2 бу өткізедіт.с.с.).
Гигроскопиялылық - матаның су буларын сіңіру қасиеті, пайызбен алынады. Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың жақсы қасиетіне жатады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді. Атмосфералық ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін, қыс және күз киімдерінің сыртқы қабатына арналған маталардың гигроскопиялылығы төмен болғаны дұрыс (мыс. бәтес, шыт->90%, мақта матадан жасалған мадополам->18%, жеңілдетілген драп->17,2%, табиғи жібек->16,5%, репс->7-8%, су өткізбейтін заттармен қанықтырылған репс->1,2%, капрон->5,7%, лавсан->0,5% т.с.с.).
Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауаөткізгіштікті белгілі деңгейге жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.
Гидрофильділік - матаның суды толық және жылдам сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Дененің тері қабатына тиіп тұратын және тері бетіне пайда болатын су буларын сіңіретін маталардың гидрофильділігі жоғары болғаны дұрыс .
Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет. Сыртқы киімдерге әсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған киімдердің гидрофобтығы жоғары болуы керек.
Липофильділік - матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Әсіресе синтетикалық маталарға тән қасиет, талшықтар арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып табылады. Жылуөткізгіштік - матаның жылусақтау қасиетін сипаттайды; бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды.
Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен (сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.
-
ДӘРІСТЕР
Модуль - 1. Кіріспе. Жалпы гигиена талаптары
1-дәріс. Кіріспе. Гигиена
Гигиена грек сөзі – Gugieinos емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер – гигиенистер дайындалады.
Гигиена – аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігімен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге, биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты – адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда, адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар. Дәрігер – гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе көріністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсаттарымен жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді. Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының табиғи және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерімен қалыптасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмосфералық ауа, су, жер, космостық факторлар, әлеуметтік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек, төсек орын жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шарап ішу, темекі шегу, есірткілік заттармен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.
Дене тазалығы – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі. Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе, кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің қаншалықты рөл атқаратыны белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90%-ы тырнақ астында жиналады, оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұру қажет. Бет пен мойынды таңертең, ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал, егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, ланолині бар сабындарды да пайдаланса тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі.
Шаш ерекше күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады. Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойған да дұрыс. Шашты жылы суға жуып, белгілі бір сусабынды пайдалану керек. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың түсі өзгеріп, жарқырап жайнамайды. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен немесе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк сабын шашты дезинфекциялап, шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Сусабынмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият шаяды. Шаштарыңыз жарқырап тұру үшін1 литр суға асханалық қасықпен 2 қасық 8%-ды сірке қышқылын қосып, шашты шаяды. Шашты тарағанда тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты ыстық сумен сабындап жуып, оны таза ұстаған жөн. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.
Тырнақ күтімі. Аяқ және қол саусақтардың тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақты күту – гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланады. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.
Тіс және ауыз гигиенасы. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мыналар жатады:
Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отыру керек;
Қызыл иекті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс;
Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.
Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді;
Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған дұрыс.
Тіс пасталары мен ұнтақтарының құрамында гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций-хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтары) бар. Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етеді. Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шаю керек.
Гигиеналық тұрғыдан қарағаңда киiм адамды сыртқы әсерлерден қорғап, денеге қажетті жағымды жағдайларды қамтамасыз етiп қана қоймай, жеңiл, еңбекте, шаруада, қозғалыста қолайлы болу керек. Киiм тiгiлетiн маталардың жылу мен ауаны өткiзгiш, ылғал сіңiру мен өткiзу, серпiмдiлiк қасиеттерi маңызды. Аяқ киім табанды тоңазудан, судан, түрлі механикалық жағымсыз әсерден, кipдeн сақтайды. Оның пiшiнi, мөлшерi аяқтың табанына сәйкес болғаны жөн. Гигиеналық тұрғыдан қарағанда аяқ киiм жеңiл, ықшам болып, ауаны жақсы өткiзiп, аяқты дұрыс желдетуге және қажеттi жылулықты сақтауына қолайлы, қозғалысқа кедергi жасамайтындай болуы тиic. Аяқ киiмнiң, әcipece жылуды сақтау және су өткiзбеу қасиеттерi ауа райына сай болғаны жөн.
Киім-кешек және аяқ киім тазалығы. Адамның барлық денесі, киім-кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Алдымен аяқ киімге көңіл бөлу қажет. Аяқ киім киюге өте қолайлы болып, аяқты қыспау керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жиі киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяқ дерттерін туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдан жасалады. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт үнемі тар джинсы киіп жүргендіктен пайда болады.
Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, сирен түсті киімдерді кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал, жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін.
2-дәріс. Аяқ киімдерге жалпы
гигиеналық талаптар
Аяқкиім түрлері олардың жасалған материалына, тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты жасалады. Аяқ киімнің өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған жайттарға байланысты болады. Аяқ киімнің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері болады.
Дәстүрлі ортада аяқ киім тігумен тері, қайыс өңдеумен айналысқан маманданған адамдар айналысқан. Олардың атадан балаға беріліп отыратын өзіндік технологиясы, яғни тәсілдер жүйесі болды. Жылқышылар, отардағы малшылар, шанамен жолға шыққан жолаушы жылы аяқ киімінің сыртынан киеді.
Өкшелі аяқ киімдерге саптама етік, мөкі (киіз қонышты саптама), сырма киіз етік тәрізді өкшесі әртүрлі пішінді етіктер жатады. Әйел мен еркектер киюіне ыңғайластырылып тігіледі. Оларды өкшесіне қарай жуан өкше, қазық өкше, биік өкше, жез (тойнақпен қапталған) өкше, шоңқайма, мықшима деген түрлерге де бөледі.
Жергілікті тілде жұмыс aяқ киімдерінің бір сұқпай (шәркей), көн шабата (кебіс орнына киетін аяқ киім), қайыс етік, қалың, қатты көннен тігілген шоқай - шоқай, шапаты, шәркей, шәтиөр, шәрке, шепік, мөкі кебіс (кебістің шарық сияқты түрі) секілді жеңіл түрлерінің атаулары кездеседі. Былғарыдан етік киюге шамасы келмейтіндер, әсіресе, жасы үлкендер жазда, қыста сірімен қаптаған киіз байпақпен жүрген. Көн шабата, шабата, көн шарық, көн шоқай жазда киетін жұмыс aяқ киіміне жатады.
Дәстүрлі қазақы ортада аяқ киімдердің мынадай негізгі түрі таралған: етік, кебіс, мәсі, салтама, байлақ, шоқай және т.б. Кебіс пен мәсінің сан алуан ыңғайлы да, әдемі түрлері тігілген. Кебіс көбінесе малдың сауыр терісінен тігіліп, қалыпқа қатырылады.
Аяқ киім гигиенасының ережелері
Аяқ-киім ыңғайлы, берік, сәнді әрі гигиена талаптарына және киілу шарттарына сай келіп, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет.Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл –қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет.Жаңа аяқ-киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек.Аяқ-киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы шарт. Башпайдың аяқ-киім тұмсығына сәл жетпей тұрғаны жөн. [3]
Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:
1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;
2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;
4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;
5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;
6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден қорғауы керек.
Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ыңғайсыз.
Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін аяқ киім, туфли,панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан: поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.
Бұдан басқа, жасанды терінің құрамына, технологиясының талаптарына сәйкес, стабилизаторлар, пластификаторлар, толықтырғыштар, ағартқыштар, бояғыштар, фунгицидтер де кіреді. Ауаның жоғары температурасы, ультракүлгін сәулелері, механикалық немесе химиялық факторлар әсерінен жасанды терінің ескіруі немесе бүлінуі кезінде жасанды терінің көптеген кұрамдарын, соның ішінде, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, әр түрлі мономерлер - дивинил, стирол, акрилат және т.б. сияқты, зиянды химиялық заттар аяқ киім ішіне бөлінеді.
Жасанды терінің, табиғи теріге қарағанда, ауа- және бу өткізгіштігі төмен болуына байланысты, бұндай аяқ киімді кигенде, аяқ қатты терлейді, бұл қоршаған ортаның температурасына байланысты, аяқ ұшының қызуына немесе салқындауына, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюіне, аяқтың қажалуына, дерматиттердің пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, поливинилхлорид пен кейбір басқа да синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киім ауаның 10ºС-қа дейін температурада тиісті жылу сақталуды қамтамасыз етпейді, ал 35ºС жоғары температура кезінде аяқ ұшының қызуына әкеледі. Сондықтан, сыртқы ортаның мұндай температура параметрлінде табиғи материалдардан тігілген аяқ киімдерді пайдалану қажет.
3-дәріс. Киімнің жылу сақтау қасиетіне әсер ететін факторлар
Киім – дәуірдің, адамның жеке индивидуалдылығын көрсететін және қоршаған ортаның әсерлерінен қорғай-тын адам денесінің жасанды жабындысы, материалдар қабаттар жүйесі. Киімнің құрастырылуы киім моделін құрастыруды дайындау, яғни бір бұйымның конфигурация бөліктерін келісімді орналас-тырып тұрғызу. Құрастыру-дың нәтижесі ретінде сызба-лар, суреттер, есептерді жат-қызуға болады. Адам қоғамы-ның дамуымен бірге киімнің түрлері және формасының өзгеруі болды. Ерлер мен әйелдердің, қыздардың және тұрмыстағы қыздардың киім-дері пайда болды, күнделікті, салтанатты, үйлену тойына жерлеу рәсіміне арналған және тағайындалуына байла-нысты оның да басқа түрлері шықты. Еңбектің бөлінуі әр түрлі кәсіби киімдерді шығаруға әкелді. Өнеркәсіп өндірісінің, ғылымның және техниканың дамуы ең алды-мен атқаратын функциясына байланысты ажыратылатын жаңа киім түрлерінің шығуына әсер етті. Киімнің алғашқы кезде денені жағымсыз климаттық және атмосфералық әсерден қорғау ретінде шыққан, бірақ түрлі тарихи және экономикалық жағдайлардың, ұлттық ерек-шеліктердің ықпалынан көптеген өзгерістерге ұшыра-ды. Қазіргі таңда ол көркем-өнердің сабағына айналды және оның кейінгі дамуы әр түрлі көркем стильдердің дамуымен бірге жүретін бол-ды. Осылайша, киім бұл климаттық және өндірістік ортаның жағымсыз әсерлері-нен қорғау мақсатында және утилитарлы емес, сонымен қатар эстетикалық функцияны да атқаратын адамның киетін бұйымдардың жиынтығы.
Үлбір, теріні - киім ретінде қолдану алғашқы материал болып есептелінеді. Өзінің жылусақтағыш қасиеттері, жоғары тозуға төзімділігіт және сыртқы келбетінің әдемілігіне қарап, табиғи үлбір қазіргі кезде түрлі әрлеулерге, өңдеуге және тігін бүйымдарын сәндеу үшін кең қолданылады.
Қазақстан Республикасының әлемде ең бай мамық-үлбірлі база- сы бар: елде 100 астам үлбірлі өндірісте өңделетін түбітті аңдар мен жануарлардың түрлері кездеседі. Аң өсірушілік, қаракөл шаруашылығы, қоян өсіру, бағалы түбітті аңдарды жерсіндіру және қоныстандыруға үлкен көңіл бөлінеді. Табиғи үлбір ерте кездерден ең жақсы жылусақтағыш материал болып есептеледі, бірақ жылусақтағыш іштік ретінде сирек қолданылады. Көптеген табиғи үлбірлер түрлері жоғары жылу сақтағыш қасиетімен қоса әдемі түр келбетімен де ерекшеленеді. Сондықтан, киімде көбінесе сырт мата ретінде қолданылады. Тек, табиғи үлбірдің кейбір түрлері, мысалы, қоян, үй қоянының терісі, күзеннің және кейбір басқа жануарлардың терісін жылуды өткізбейтін іштік немесе астарды дай- ындауда пайдаланылады.
Мақта
Тағайындалуына байланысты мақта матасы төрт түрге бөлінеді ол: киімдік, жиһаздық, медициналық және техникалық. Киімдік мақтаны төменгі сүрыптарынан және (ІУ-УІ сүрып), мақта мамығынан, мақта иіру және тоқымашылықтан шыққан қалдықтардан өңдейді.
Мақтаның жоғары сүрыптары (люкс, прима) қысқа талшықты мақтаның мамық қалдықтардың кішкене мөлшерінің қоспасынан дай- ындалады. «Тігін» мақтасы негізінен мамықтан, қалдықтардан, ескі талшықтардан және төменгі сүрып мақтаның кішкене мөлшерінен өңделеді. Түсі бойынша мақта маталы мақта ақ (люкс), дөрекі (прима) және меланжды (тігін) болып өңделеді.
Жылу шығармайтын іштікті жоғары серпімді және талшықтардың жақсы ілінуімен ерекшеленетін қысқа талшықты «түкті»мақтадан жасайды. «Түкті» маталар бүйымдарының жылу шығармайтын жақсы қасиеттері болады.
Трикотажды, тоқыма тігісті және тығызды күспе түрлерін бөледі. Трикотажды күспе желі тоқушы арқау жіпті трико өрімді рашель-машинасында шығады.
Трикотажды күспе бір жақты немесе екі жақты дөрекі немесе боялған түкті болып өңделеді. Күспенің сапасын бағалауда техникалық шартта көрсетілген қасиет көрсеткіштерінің нормаға сәйкестігін белгілейді және баллмен бағаланатын сыртқы түрінің ақауларын анықтайды. I сүрыпқа 15 балл, II сүрыпқа- 30 балл рүқсат етіледі.
Тоқыма-тігісті күспе тоқыма-тігісті машиналарда 25текс *2(№40/2) қалыңдықты мақта маталы иірімді белгілі қалыңдықты талшықты қабатты тігу жолымен алады. Күспе ені 135-150см, салмағы 1м2 -250- 400г, тігістер ара-қашықтығы 10мм болып шығарылады. Бүл күспенің стандартты ылғалдылығы 11% болады.
Тығыз енгізілген күспені жүннің қыл-қыбырынан, мақтаның төменгі сүрыптарынан және (10см-80 жіп) негіз және арқау бойынша аз тығыздықты штапель талшықтарынан, сиректілген мақта матасынан жартылай жүнді мақта тарамын қарау арқылы алады. Өндіріс бір жақты немесе екі жақты қақпалы күспені шығарады. Тігін өндірісінде көп қолданылатыны салмағы 1м2 300г болатын, қүрамындажүнталшығынын 30% қақпалы күспе. Мата қүрамында әлсіз бекітілгендіктен енгізбелі күспені қосымша дәкемен жауып тігеді.
Іштік маталар сырт киімдерде өңірге, алдыңғы бойға, жағаларға, жеңдерге және басқа киім бөлшектерін бүйымның (пальто, пиджак, жакет) пішінін жақсы сақтау үшін қолданылады. Іштік маталарды негізгі мата мен астар арасына салады. Бүл материалдар ылғалды жы- лумен өңдеуге жақсы пластикалы және форма бергенде түрақты болуы керек, сондықтан олар берік, аз созылатын, қатты және сырт матаның отыруымен сәйкес болады.
Классикалық іштік матаға коленкор, мақта матасы, зығыр және жартылай зығыр қатырғылар, желімді және ара- лас әдіспен дайындалған беймата материал: - флизелин, прокламелин, фильц, жартылай жүнді арқаулы немесе синтетикалық талшықтар қосылған қатырғы маталар, жағалық маталар түкті табиғи және жасан- ды маталар. Көбінесе іштік маталар ақ, қара, сүр және қою сары бола- ды, түсті түрлері көбінесе сирек кездеседі.
Іштік маталар желімді және желімсіз болып келеді. Желімді түрінде бір жағы арнайы жабынды жағылады, ол үтік әсерінен балқиды және матаны іштікке бекітеді. Желімсіз іштікті машина немесе қол тігісімен тігеді. Іштікті матаның қасиеттеріне қарай таңдайды. Үтікпен ыстық өңдеуге келмейтін маталарды тек қана желімсіз іштікпен бекітеді.
Трикотаждық іштік - трикотажды , матаны бекіту үшін қолданады. Іштік арқасында мата қалыңдайды және аз мыжылады, бірақ жүмсақ болып келеді. Трикотажды іштікті бүтін бөлшекке және олардың кейбір керек тұсына желімдеуге болады.
Арқау жібі қалың іштіктер - көлденең бағытта ғана созылады, серпімділігі жоғары болады және өзінің бастапқы қалпына қайта келеді. Мұндай іштікке бекітілген мата шынайы күлтеленеді. Матаны тұрақтандыру үшін іштікті негіз бойымен, жұмсақ, еркін қынамалық үшін – көлденең бағытта пішіледі. Арқау жібі қалың іштіктерді жіңішке және орташа тығыздықты маталарда қолдану керек. Мөлдір беймата іштік - ең жіңішке, нәзік, жіңішке маталар үшін арналған. Мұндай іштіктер түрлі-түсті, сонымен қатар дене түстес болып келеді, бұл іштікті оң бетінен білінбейтін болады.
Маталы іштік - жай маталар сияқты негіз және көлденең жіптерден тұратындықтан, оларды сырт матамен бірдей бағытта пішеді. Егер іштікті қиғаш пішсе, мата жұмсақ күлтеленеді.
Жайғақ - орташа тығызды және тығыз маталар үшін маталы желімді іштік-пиджак және пальтоға арналған стандартты материал болады. Жайғақ қатты, дөңес форманы жақсы сақтайды.
Созылмалы беймата іштіктер кез келген бағытта пішіледі. Олар түрлі тығыздықты, жұмсақ және қатты қырлы болады. Көлденең бағытта қатты созылатын желімді беймата іштіктер кездеседі. Созы- лып кететін қасиетті олар жабыстырылғаннан кейін сақтайды. Мұндай іштіктер арнайы трикотаж үшін арналған.
Жиекті беймата іштік - майда бөлшектердің жиектерін қатырмалау үшін - белдіктерде, қаттамада, өңіржиекті түймеліктерде және етек қиықтарды бүгуде қолданылады. Іштіктегі тесулерді тігістермен және матадағы бүгілулерде теңестіреді.
Қорытындылай келе киімдердің жылу сақтағыш қасиеттері ең алдымен оның қандай материалдан тігілгеніне тікелей байланысты. Киімдердің жылу сақтап тұру қасиеті адам денсаулығына тигізетін әсері мол, сол себепті жылу сақтағыштығы, киімге қойылатын ең негізгі талаптардың бірі. Сондықтан киімді таңдауда оның жылу сақтағыш қасиетіне баса назар аударған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |