ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 0.9 Mb.
бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042–18-9.1.54/03-2013


ПОӘК

«Стандарттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар



18.09.2013 ж.

№ 1 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология

(салалар бойынша)» мамандығы бойынша

«Стандарттау» пәнінен


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013





Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік сабақтар

Дәріс сабағының құрылымы:
№1 дәріс

Тақырыбы: Кіріспе


Дәріс сабағының мазмұны:

1 Пәннің мақсаты мен қарастыратын мәселелері.

2 Стандарттаудың тарихына қысқаша мәліметтер.
1 Осы курстың мақсаты стандарттау саласында табысты қызмет істеу үшін студенттерге теориялық білім және тәжірибелік дағдылар беру.

Осы курсты оқудың негізгі мәселесі - стандарттау саласындағы негізге алынатын стандарттарды меңгеру және олардың талаптарын тәжірибе жүзінде қолдануды үйрену. 2 «Стандарт» деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі, эталон, модель дегенді білдіреді, яғни басқа ұқсас объектілердің эталондарымен салыстыруға арналған.

Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын, стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану – бұның бәрі сол заманда стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел.

Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, «стандартты» өлшемі бар кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады.

Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері – дүниежүзіне танымал болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған.

Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен әдістерін сол кезден бастап қолданған.

Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды.

1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын – 50 данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері. Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала берді.

Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13,9 мм тең болды.

19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.

Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды.

1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті құралдары бірыңғайланды.

1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді.

1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты өлшемдері орнатылды.

1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты.

Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады. Ұлттық және халықаралық стандарттаудың бұл алғашқы жетістіктері өндірістік күштің дамуына үлкен тәжірибелік әсерін тигізді.

19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айнала бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды.

Англияда 1901 жылы стандарттар Комитеті құрылды, оның басты мақсаты – Британ империясының экономикалық күшін шикізатқа, өнеркәсіптік бұйымдарға және әскери техникаға стандарттарды дайындап, енгізу арқылы күшейту болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін көптеген мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды, мысалы, Бельгияда (1912 ж.), Голландияда (1916 ж.), Германияда (1917 ж.), Францияда, Швайцарияда, Америка Құрама Штатында (1918 ж.), Австрилияда, Швецияда, Чехословакияда (1922 ж.), Норвегияда (1923 ж.), Финляндияда, Польшада (1924 ж.), Данияда (1926 ж.) және Румынияда (1928 ж.).

Халықаралық тауаралмасу және ғылым мен техника салаларында тығыз байланыстардың кеңейту салдарынан стандарттау жөніндегі Халықаралық ассоциация (ИСА) құрылды, бірақ оның жұмысы екінші дүниежүзілік соғыстың басталысымен тоқтатылды.

1943 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шегінде стандарттау жөніндегі мәселелермен шұғылданатын Координационды комитет құрылды, оның бюросы Лондонда және Нью-Йоркте орналасты.

1946 жылы Лондонда стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) құрылды, оның құрамына 33 ел қатысты. Қазіргі кезде ИСО ірі халықаралық техникалық ұйымдардың құрамына кіреді (оның мүшелері болып 146 ел саналады).

ИСО басқа стандарттау жөніндегі жұмыстар көптеген халықаралық және өңірлік ұйымдарда жүргізіледі.

Мысалы, Еуропалық көмір және болат бірлестігінің шегінде 1953 жылы болат бойынша Координационды комиссия құрылды, ол бірлестіктің құрамына кіретін мүшелер үшін, яғни Германия, Франция, Бельгия, Италия, Голландия және Люксембург сияқты мемлекеттерге еуропалық стандарттарды дайындап шығаруға уәкілетті болды.

Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихы Кеңес одағы кезінде басталды. 1923 жылы Семейде Омбылық өлшемдер және таразылардың салыстырып-тексеру палатасының бөлімшесі ашылды. 1925 жылы Алматыда Семейлік өлшемдер және таразылар салыстырып-тексеру палатасының Алматылық бөлімшесі ашылды.

1931 жылы Алматыда стандарттау жөніндегі Қазақ өңірлік бюросы құрылып, 1938 жылы ол өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен шұғылданатын уәкілетті комитет Басқармасына өзгертілді.

Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларына 1993 жылы «Стандарттау және сертификаттау туралы» ҚР заңын, ал 1999 жылы «Стандарттау туралы» ҚР заңын қабылдау болып саналады.

2004 жылы Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қабылданып, 2005 жылдың мамыр айында ол күшіне енеді.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Стандарттаудың даму тарихы?

2 Қай мемлекетте ең алғашқы рет стандартты өлшемді кірпіштерді қолдана бастады?

3 Стандарттаудың маңызы?

Ұсынылатын әдебиет:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003г. 450с

2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000г. 465 с.

3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера.-М.: ЮНИТИ-ДАНА,2000. 487с

Дәріс сабағының құрылымы:
№2 дәріс

Тақырыбы: Стандарттау саласындағы терминдер



мен анықтамалар

Дәрістің мазмұны:

1 Стандарттау және оның интерпретациясы

2 Стандарт және оның түрлері


1 Стандарттау саласында және басқа да ғылым немесе техника салалыранда нақты ғылыми – зерттелген терминология керек.

«Стандарттау» терминінің анықтамасы кең болған соң, Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» заңында стандарттау және стандарт деген сөздерге келесі анықтамалар беріледі:

Стандарттау – нақты бір немесе әлеуметті мәселелер жайында жалпы және көп рет пайдалану үшін белгілі салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне жетуге бағытталған қызмет;

Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;



«Техникалық реттеу туралы» заңында келесі анықтамалар берілген:

Стандарт - көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгiлейтiн құжат;

Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат.
2 Алдын ала ұлттық стандарт - қолдану процесінде қажетті тәжірибені жинақтауға арналған және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді, уақытша қолданылатын стандарт;

Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарт - белгіленген және арнайы пайдалану мақсатында әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, мемлекеттік құпияларды құрайтын және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық құжат.

Консорциум стандарты - консорциум әзірлеген және бекіткен, оның мүшелері қолданатын стандарт;

Негізге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;

Өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

Ұлттық стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт;

Ұйым стандарты - ұйым дербес бекіткен стандарт;

Үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;

Үкіметтік емес стандарт - Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымы әзірлеген және бекіткен стандарт;

Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

Шет мемлекеттiң стандарты - шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетімді стандарт.

Нормативтік техникалық құжат - техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын нормативтік құжат;

Техникалық регламент - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Стандарттауға қатысты терминдердің мазмұнын ашу?

2 Стандарттардың қандай түрлерін білесіздер.

Ұсынылатын әдебиет:


Дәріс сабағының құрылымы:
№3 дәріс

Тақырыбы: Стандарттаудың заңнамалық базасы


Дәрістің мазмұны:

1 Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы заңы»

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізін жетілдіру

1 Алғашқы рет Қазақстан Республикасының стандарттаудың құқықтық негізі 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Стандарттау және сертификатау туралы» заңында бекітілді.

1993 жылы «Стандарттау және сертификатау» туралы заң қарастырылып Қазақстанның даму барысымен және нарықтық реформаның өтуімен Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» жаңа заң қабылданды, яғни 2003 жылдың маусым айының 13 – інде өзгертіліп толықтырылған заң.

2005 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» заң күшіне енді. Осы заң Қазақстан Республикасында өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. 2006 – 2008 жылдары осы заңға өзгертулер еңгізілген.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1Техникалық реттеу заңының мазмұны?

2Техникалық реттеудің мақсаттары?
Ұсынылатын әдебиет:

1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.


Дәріс сабағының құрылымы:

№ 4 дәріс

Тақырыбы: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі

Дәрістің мазмұны:

1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы

2 Құзыретті орган


1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы келесідей:

1) Қазақстан Республикасының үкіметі;

2) уәкілетті орган;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;

4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестері;

5) саудадағы техникалық кедергілер санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы;

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

7) сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;

8) сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапты – аудиторлау;

9) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды;

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыретіне мыналар жатады:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу

2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құру;

3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту;

5) қорғау технологияларын қолдану ережелерін және міндетті қорғануға жататын құжаттар мен объектілер тізбегін бекіту;

6) техникалық – экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитариесін құру және жүргізу ережелерін бекіту;

7) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделі үшін консультациялық – кеңесші органдары құру;

8) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде қабылдау оларға өзгерістер немесе толықтырулар еңгізу;

9) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу тәртібін белгілеу;

10) Қазақстан Республикасы конституциясында заңдарында және Қазақстан

Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды атқару;


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің мазмұны?

2 Құзыретті органның атқаратын қызметтері?

Ұсынылатын әдебиет:

1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.

Дәріс сабағының құрылымы:

№ 5 дәріс Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган

Дәрістің мазмұны:

1 Уәкілетті органның құрылымы.

2 Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары.


1 Уәкілетті органның құрылымы.
2 Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:

Стандарттау саласында:

1) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жiктеуiштерiн әзiрлеудiң, келiсудiң, есепке алудың, бекiтудiң, сараптаудың, өзгертудiң, жоюдың және қолданысқа енгiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;

2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;

3) халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн белгiлейдi;

4) мемлекеттік, халықаралық және өңiрлiк стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;

5) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;

6) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады.



7) өнімді таңбалау тәртібін белгілейді және оларды бақылауды жүзеге асырады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Уәкілетті органның құрылымы?

2 Уәкілетті ораганның атқаратын функцияларының маңызы?

Ұсынылатын әдебиет:


1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003г. 450с

2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000г. 465 с.

3«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.

Дәріс сабағының құрылымы:

№ 6 дәріс Техникалық регламенттер

Дәрістің мазмұны:

1 Техникалық регламенттер жөнінде жалпы мәліметтер

2 Техникалық регламенттердің мазмұны


1 Техникалық регламенттер Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.

Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.

Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.

Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.

Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.

Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.

Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.

Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.

Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.

2 Техникалық регламенттердің мазмұны

Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.

Техникалық регламентте:

1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;

2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.

Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.

Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.

Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.

Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.



Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;

2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;

3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.



Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.

Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi



Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.

Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.

Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.

Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.

Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:

1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;

2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:

1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;

2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;

3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.

Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.

Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.

Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1Техникалық регламенттің маңызы?

2 Техникалық регламенттердің қолданылу саласы?

Ұсынылатын әдебиет:

1 Техникалық регламент.

2 «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.


Дәріс сабағының құрылымы:

№ 6 дәріс

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет