ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Стандарттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар



жүктеу 1.92 Mb.
бет2/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырыбы: Техникалық реттеудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы.Үкіметтің құзыреті

Дәрістің мазмұны:

1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы

2 Құзыретті орган құзыреті

3 Уәкілетті орган құзыреті

1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкiлетті орган;

3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;

3-1) аккредиттеу жөніндегі орган;

4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;

5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы;

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;

8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар;

9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры құрайды.

2 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң техникалық реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құру;

3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

4) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекіту;

5) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру;

6) техникалық регламенттерді бекіту;

6-1) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібін белгілеу;

7) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;

7-1) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту.

8) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі ережені және тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру ережесін бекіту;

9) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау;

10) кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті органды (ұйымды) белгілеу;

11) өнiмдi таңбалау тәртібін белгiлейдi;

11-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту;

12) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

3 Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:

Техникалық реттеу саласында:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;

2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

4) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді;

5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;

6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысады;

8) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;

10) Ақпарат орталығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;

11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін айқындайды және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ осы сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;

13) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн жыл сайынғы тексеруді жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады.

Стандарттау саласында:

1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды;

2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;

3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;

4) мемлекеттік стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртібін белгiлейдi;

5) стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттардың мемлекеттік тiлдегi және орыс тiліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.

6) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді;

7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

8) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды;

9) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің мазмұны?

2 Құзыретті органның атқаратын қызметтері?

3 Уәкілетті органның құзыреті.

Ұсынылатын әдебиет:

1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы (03.12.2013 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

№ 8 дәріс

Тақырыбы: Техникалық реттеудің уәкілетті органы, оның стандарттау саласындағы құрылымы мен функциялары

Дәрістің мазмұны:

1 Уәкілетті органның құрылымы.

2 Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары.

1 Уәкілетті орган.

Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында “Нормативтік-құқықтық актілер туралы” заңда, сондай-ақ осы органдардың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесін айқындайтын заңдарда белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға құқылы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Уәкілетті органның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.

2 Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:

Стандарттау саласында:

1) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жiктеуiштерiн әзiрлеудiң, келiсудiң, есепке алудың, бекiтудiң, сараптаудың, өзгертудiң, жоюдың және қолданысқа енгiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;

2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;

3) халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн белгiлейдi;

4) мемлекеттік, халықаралық және өңiрлiк стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;

5) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;

6) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады.

7) өнімді таңбалау тәртібін белгілейді және оларды бақылауды жүзеге асырады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Уәкілетті органның құрылымы?

2 Уәкілетті ораганның атқаратын функцияларының маңызы?

Ұсынылатын әдебиет:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003г. 450с

2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000г. 465 с.

3«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.

№9 дәріс


Тақырыбы: Техникалық реттеу комитеті және метрология.

«Метрология» деген сөз гректің «метрон» - өлшем, «логос»- ілім дейтін екі сөзінен құралған.

Метрологияның сөзбе-сөз мағынасы - өлшеу туралы ілім. Қазіргі кездегі анықтама бойынша,метрология- өлшеу туралы, бірегейлігін және дәлдігін қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері туралы ғылым.

Өлшеу деп тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының (арнаулы техникалық құралдар) көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін анықтауды айтады. Табиғаттың тылсым сырларын ашу жолдарының бірі өлшеу жүргізу болып табылады. Әртүрлі өлшеу әрекетін жүргізу арқылы біз айналамыздағы материалдық дүниені сандық жағынан сипаттап, табиғаттың түрлі заңдылықтарын ашамыз. Метрологияның негізін қалаушы Д.И. Менделеев былай деген: «Ғылым өлшеуден басталады. Өлшеусіз дәл ғылымдардың болуын елестету мүмкін емес». Шынындада өлшеулер жүйесінсіз ғылым мен техниканың ешқандай саласы өмір сүре алмайды. Мәселен, зерттеуші-химик, технолог-химик, инженер-химиктердің қызметі түрлі өлшеулерді жүргізумен байланысты болатыны белгілі. Ұзындық, аудан, көлем, масса, температура және уақыт сияқты физикалық шамаларды өлшеу ерте заманнан басталған. Қазіргі кезде өлшенетін шамалардың саны әлдеқайда көп. Мысалы, механикалық, жылулық, электрлік, оптикалық, магниттік және басқа да физикалық шамаларды айтуға болады. Қандай да бір физикалық шаманы өлшеген кезде оның размері бірлік эталонының размерінен неше есе көп не аз екенін білеміз. Мысалы, ұзындықтың эталоны метр, олай болса берілген L ұзын дықты өлшеу деп ұзындықтың осы мөлшерінде неше метр барын білуді айтамыз. Сол сияқты, берілген m массаны өлшегенде оның массасының эталоны- бір килограмнан неше есе артық не кем екенін білеміз. Әрине, өлшейтін шаманы мемлекеттік метрологиялық мекемелерде сақталатын арнайы эталондармен әрдайым салыстырып жатудың қажеті жоқ. Оның орнына сол эталондармен алдын-ала салыстырылған өлшеуіш аспаптар пайдаланылады. Оларға ұзындықты өлшейтін (сызғыш, микрометр, өлшеуіш микроскоп), уақытты өлшейтін (сағат), массаны өлшейтін (таразы), электр мөлшерін өлшейейтін (амперметр, вольтметр), тағы басқа өлшеуіш аспаптар жатады. Әр жерде, әр түрлі уақытта, әр түрлі өлшем құралдары мен тәсілдерін қолданып өлшенген өлшем нәтижелерін бір- бірімен салыстыру үшін өлшем бірегейлігінің сақталуы өте қажет. Сөйтіп кез- келген физикалық шаманы өлшегенде ылғи да белгілі қателікпен өлшейміз. Өлшеу үрдісінде шаманың сандық мәнін табумен қатар өлшеу кезінде жіберілетін қатені анықтау қажет болады. Осыдан, метрологияның басты мақсаты өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету екенін көреміз.

Метрология - өлшеулер мен олардың бірлігін қамтамасыз ету әдіcтepi мен құралдары және қажетті дәлдікке жету жолдары туралы ғылым. Өлшеу деп белгілі бip физикалық шаманың мәнін өлшеу құралының көмегімен табу арқылы физикалық объектінің қасиеттерінің сандық сипатын анықтауды айтады. Өлшеулер бірегейлігі деп нәтижелері заңдастырылған шама бірліктерінде көрсетілген және өлшеу қателігі берілген ықтималдықпен белгіленген шектегі өлшемнің жай-күйін түсінеді. Өлшеулер түрлері Өлшеулердің бірнеше түрі болады. Өлшеулерді өлшенетін шаманың уақытқа тәуелділік сипатына қарай, өлшеу мәліметінің дәлдігіне әсер етуші шарттарға байланысты және алынған мәліметті өңдеу әдістеріне қарай жіктейді. Уақытқа тәуелділігіне байланысты өлшенетін шама статистикалық және динамикалық болып бөлінеді.

Өлшеу барысында уақыт бойынша физикалық шаманың мәні тұрақты болса, мұндай өлшеу - статистикалық деп аталады. Мысалы: денелердің: геометриялык өлшемдерін, массасын, ыдыс ішіндегі тұрақты қысымды, т.б. өлшеу. Егер өлшеу барысында өлшенетін шаманың мәні өзгеріп отыратын болса, онда мұндай өлшеуді динамикалық өлшеу деп атайды. Мысалы: өшетін тербелістің амплитудасын, жылдамдықтың лүпілін, т. б. өлшеу. Өлшеулер мәліметтерін алу әдісі бойынша өлшеулер тікелей, жанама, жиынтықты және үйлecімдi болып бөлінеді. Тікелей өлшеу деп ізделініп отырған мәнді тәжірибе барысында өлшеу құралының көмегімен бірден анықтауды айтады. Бұл жағдайда физикалық шаманың мәні өлшегіш құралды объектіге жанастыру (тиістіру) арқылы табылады. Мысалы: дененің өлшемін микрометрмен, уақытты секундомермен табу т.б. Жанама өлшеу деп табылатын шаманың мәнін өлшегіш құралды объектіге жанастырмастан, тікелей өлшеу нәтижелері мен ізделініп отырған шамалардың арасындағы белгілі функциялық тәуелділіктің көмегімен табуды айтады.

Жанама өлшеуді мынадай формуламен өрнектеуге болады: Q1fx ,Q2 ,Q3 ,... , мұнда х - табылатын шаманың мәні, Q1, Q2, Q3,… - тікелей әдіспен табылған шамалар. Жиынтықты өлшеу деп бірнеше аттас шамаларды бір мезгілде өлшеуді айтады. Бұл жағдайда, осы шамаларды олардың әр түрлі терулері үшін тікелей өлшеп, ізделетін шаманы теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады. Yйлecімді өлшеу - екі немесе одан да көп әр аттас шамаларды бip мезгілде өлшеп, олардың арасындағы тәуелділікті табу. Үйлесімді өлшеуге мысал ретінде 20°С температурадағы өткізгіштің кедергісін және әр түрлі температурада өлшегіш резистордың температуралық коэффициентін бip мезгілде өлшеуді келтіруге болады. Алынған мәліметтің дәлдігіне байланысты өлшеулер үш класқа бөлінеді:

1. Ең жоғарғы дәлдікті өлшеулер. Бұларға эталондық өлшеулер, физикалық тұрақтыларды (әcipece, әмбебап тұрақтыларды) өлшеу жатады.

2. Бақылау-сәйкестеу өлшеулер. Бұларға өлшеу техникасының жүйелік қателігінің белгілі мөлшерден асып кетпеуін және тағайындалған стандартқа сәйкес келуін қадағалайтын мемлекеттік бақылау лабораториялары жүргізетін өлшеулер жатады.

3. Техникалық өлшеулер. Олардың дәлдігі өлшеу құралдарының сипаттамаларымен анықталады. Техникалық өлшеуге ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы, өндірістегі т.б. өлшеулер жатады.


Ұсынылған әдебиеттер:

1 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б

\

№10 дәріс



Такырыбы: Стандарттау бойынша техникалық комитет.

Техникалық комитеттер.

ҚР-да стандарттау бойынша техникалық комитеттердің әрекеті мен функцияларының негізгі ұстанымдары ҚР 1.15-2005 «Стандарттау бойынша техникалық комитеттер. Құрастыру және қызмет ету тәртібі» СТ нақтыланған. Осы құжатқа сәйкес ТК бекіту туралы негізделуі бар ұсыныстар бір немесе бірнеше министрліктермен, ведомстволармен немесе шаруашылық субъекттерімен дайындалып, стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органға жолданады.


Ұсыныстар құрамына кіру керек:

- ТК бекітілетін стандарттау нысандарының тізімі немесе әрекет ету саласы;

- нормативті-техникалық құжаттар, соның ішінде ТК бекіту керек әрекет ететін құжаттар;

- болжамдалатын жұмыс бағдарламасы;

- ТК болжамдалатын мүшелерінің тізімі.

 Көрсетілген мәліметтер қарастырылған соң ТК бекіту немесе көрсетілген ұсыныстан бас тарту туралы сұрақ шешіледі.

ТК бекіту ТК құрау туралы ұсыныс берген стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органның және министрлік, ведомство немесе шаруашылық субъектінің келісілген қаулысымен толтырылады. 

ТК бекітілгеннен кейін бір ай ішінде ТК жауапты хатшысы стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органға нағыз ережеге сәйкес құрастырылған анық бір ТК құрылымы мен ережелерін келісімдеу мен тіркеуге жолдайды.

ТК тіркеуде оған екі белгіден тұратын сандық нөмір беріледі.

ТК атауы «ҚР стандарттау бойынша техникалық комитеті» сөздерінен және мемлекеттік стандарттау нысанының немесе әрекет ету саласының атауынан тұру керек.

ТК негізгі функциялары:

- өнімнің бекітілген номенклатурасы немесе әрекет ету салалары бойынша стандарттау саласында техникалық саясатты құрастыру;

- мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ) және техникалық шарттар жобаларын құрастыру, қарастыру, келісімдеу және бекітуге дайындау; стандарттар мен техникалық шарттарды қайта қарау мен өзгертулерді дайындау, сонымен қатар стандарттар мен техникалық шарттарды алмастыру бойынша ұсыныстар дайындау;

- ҚР СТ өндірістік-дамыған шетелдердің және ТМД елдерінің мемлекетаралық, халықаралық, ұлттық стандарттарымен үйлестіру және үндестіру;

 - әрекет етудің ұқсас облыстарында ұйымдармен және техникалық комитеттермен әріптестілікті жүргізу;

- өнімнің бекітілген номенклатурасы бойынша мемлекеттік стандарттаудың дайын жоспарын құастыру, мемлекетаралық стандарттау және кешенді стандарттау бағдарламаларын құрастыруға қатысу;

 - талаптардың қолданылуы мен сақталуы бойынша кәсіпорындармен және стандарттарды пайдаланушы-ұйымдармен әріптестікті жүргізу;

- ТК бекітілген НТҚ техникалық деңгейін бағалау;

- стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекеттік органға жыл ішіндегі ТК жұмысы туралы ақпаратты дайындау және ұсыну;

- ТК енетін шағын комитеттер және жұмыс топтарының жұмысын үйлестіру;

- стандарттау саласында стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің ережелеріне сәйкес басқа нормативті құжаттарды құрастыру.

ТК органдыры мен лауазымды тұлғаларының функциялары, құқықтары мен жауапкершілігі ТК туралы Ережені ескерумен нақтыланады.

Төрағалар, төраға орынбасарлары, жауапты хатшылар құзырлы өкілдер мен мамандар өздерінің құзырлықтары мен әрекеті шегінде НТҚ және басқа құжаттарда құрастырылатын, өзара пайдалы сауда талаптарына сәйкес келетін, өнімнің бәсекелестік қабілетін, ҚР «Стандарттау мен сертификаттау туралы» заңына сәйкес халық денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ететін талаптардың бекітілуі бойынша жауапкершілікке жүктеледі.

ТК жұмысының қаржыландырылуы салалық және республикалық мүдделі кәсіпорындар және ұйымдармен келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар құрамында жүргізілетін жұмыстар мемлекет бюджетімен қаржыландырылады.

ТК стандарттау, метрология және сертификаттау туралы мемлекеттік орган қаулысымен, егер ТК атқаратын барлық жұмыстар істелген болса, таратылады.

«Техникалық реттеу туралы» заңның негізінде стандарттау бойынша техникалық комитеттер мемлекеттік органдар және мүдделі жақтардың ұсынысы бойынша салааралық деңгейде стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін экономика саласында құрастырылады. Стандарттау бойынша техникалық комитет құрамына мемлекеттік органдар мен мүдделі жақтардың өкілдері кіреді.

Техникалық комитеттердің құзырлығыа кіреді:

1) бекітілген нысандар мен әрекет бағыттары бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің негізгі даму бағыттарын анықтау бойынша ұсыныстарды дайындау;

2) бекітілген тәртіпте шетел мемлекеттерінің техникалық-экономикалық ақпаратының жіктегіштері мен мемлекеттік стандарттарды және олардың өзгертулерін құрастыру мен сараптауға қатысу;

3)  техникалық реттеу және мемлекеттік стандарттар саласында нормативті құқықтық акттерді құрастыру бойынша мемлекеттік жүйесінің даму бағдарламаларына ұсыныстарды дайындау.  

Стандарттау бойынша техникалық комитеттердің құрастырылу, жұмысының, жойылуының тәртібі өкілетті органмен бекітіледі.


Ұсынылған әдебиеттер:

1 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.

3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б


11 дәріс



Техникалық регламенттер Техникалық регламентті қабылдаудағы мақсат.Техникалық регламенттің түрлері.Жалпы техникалық регламенттер.Арнайы техникалық регламенттер.

Дәрістің мазмұны:

1 Техникалық регламенттер жөнінде жалпы мәліметтер

2 Техникалық регламенттердің мазмұны


1 Техникалық регламенттер Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.

Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.

Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.

Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.

Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.

Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.

Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.

Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.

Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.

2 Техникалық регламенттердің мазмұны

Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.

Техникалық регламентте:

1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;

2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.

Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.

Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.

Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.

Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.



Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;

2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;

3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.



Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.

Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi



Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.

Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.

Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.

Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.

Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:

1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;

2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:

1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;

2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;

3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.

Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.

Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.

Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1Техникалық регламенттің маңызы?

2 Техникалық регламенттердің қолданылу саласы?


Ұсынылатын әдебиет:

1 Техникалық регламент.



2 «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы.2000ж.


12 Дәріс.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет