1 Өлшеу – физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен арнайы техникалық құралдың көмегімен табу.
Өлшеуді жүзеге асыру үшін мыналардың болуы қажет:
-
физикалық шаманың;
-
өлшеу әдісінің;
-
өлшеу құралының;
-
оператордың;
-
өлшеуді жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың.
Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты – физикалық шаманың мәнін қолдануға ыңғайлы түрде алу.
Физикалық шама мөлшерімен, мәнімен, сандық мәнімен, нақты және дәл мәндерімен сипатталады.
Физикалық шаманың мөлшері – нақты материалдық объект, жүйе, құбылыс немесе процеске тән физикалық шаманың сандық белгісі.
Физикалық шаманың мәні – физикалық шаманың мөлшерін ол үшін қабылданған бірліктің бірнеше саны түрінде беру (25 кВт).
Физикалық шаманың сандық мәні – шама мәніне кіретін сан.
Шаманың мөлшері және мәні арасында айырмашылық бар. Шаманың мөлшерін осы шаманың кез келген бірлігімен сандық мәні арқылы көрсетуге болады. Сандық мән таңдалған бірлікке байланысты өзгереді, ал физикалық шаманың мөлшері бірқалыпты болады.
Физикалық шаманы оның нақты мәнімен сипаттайды. Нақты мән объекттің тиісті қасиетін сапалық және сандық жағанан идеалды түрде көрсетеді.
Дәл мәні деп физикалық шаманың эксперимент арқылы табылған және нақты мәнге соншалықты жақын - оны нақты мәннің орнына қолдануға болады.
Өлшеу түрлері
Физикалық шаманың сандық мәнін табу әдісі бойынша барлық өлшеулер 4 негізгі түрге бөлінеді: тура өлшеу, жанама өлшеу, совокупный өлшеу және совместный өлшеу.
Тура өлшеу кезінде физикалық шаманың мәні тікелей тәжірибелік мәліметтерден алынады (мысалы, салмақты таразымен, бөлшек ұзындығын микрометрмен өлшеу).
Жанама өлшеу – физикалық шаманың мәнін өлшенетін шамамен функционалды байланыстағы басқа физикалық шаманы тура өлшеу нәтижесінің негізінде анықтау.
Жанама өлшеу мына жағдайларда жүргізіледі:
-
өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеуге қарағанда жанама өлшеу арқылы табу жеңілге түседі;
-
шаманы тура өлшеу мүмкүн емес;
-
жанама өлшеу тура өлшегенге қарағанда төмендірек қателік береді.
Біріккен өлшеу – бірнеше аты бір шаманы бір уақытта өлшеу. Өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеу жолымен алынған теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады.
Мысалы, наборға кіретін әр гирянің массасын олардың біреуінің белгілі массасы бойынша және гирялардың әртүрлі сочетаниесінің массаларын тура салыстыру нәтижесінде табу.
Қатарынан жүргізілетін өлшеу - екі немесе бірнеше аттары басқа шамаларды олардың арасындағы функционалдық тәуелділікті табу үшін бір уақытта өлшеу. Мысалы, дененің ұзындығының температурадан тәуелділігін табу, қайнау және балқу температурасының қысымнан тәуелділігін табу және т.б.
2 Өлшеу әдісі – өлшенетін заттың құрамы немесе қасиеттерін немесе өлшенетін физикалық шаманы белгілі заттың құрамы немесе қасиетімен немесе физикалық шама бірлігімен таңдалған өлшеу принципіне сәйкес салыстыру амалы немесе амалдар жиынтығы.
Өлшеу әдістері былайша жіктеледі.
А) Өлшеу нәтижесін алудың жалпы амалдары бойынша:
тура әдіспен өлшеу – тура өлшеу кезінде жүзеге асырылады;
жанама әдіспен өлшеу – жанама өлшеу кезінде жүзеге асырылады;
Б) Өлшеу жағдайлары бойынша:
контактты әдіспен өлшеу - өлшеу құралының сергіш элементіобъектімен контактта болады (дене температурасын термометрмен өлшеу);
2) контактсыз әдіспен өлшеу - өлшеу құралының сергіш элементі объектімен контактта болмайды (объектке дейінгі қашықтықты радиолокатормен өлшеу, домна пешінің температурасын пирометрмен өлшеу).
В) Өлшенетін шаманы оның бірлігімен салыстыру тәсіліне байланысты:
1)тікелей бағалау әдісі; 2) өлшеммен салыстыру әдісі.
Тікелей бағалау әдісі бойынша шаманың мәнін тікелей өлшеу құралының көрсетуі бойынша анықтайды (термометр, вольтметрдің). Бұл өдіс бойынша өлшеу жылдам жүргізіледі, бірақ оның дәлдігі шектеулі б.т.
Аса дәлдікпен өлшеу керек болған жағдайда өлшеммен салыстыру әдісі қолданылады. Бұл әдіс бойынша өлшенетін шаманы өлшеммен берілетін (ұдайы қайталанатын) мөлшермен салыстырады. Мысалы, тұрақты токтың кернеуін қалыпты элементтің электр қозғалтқыш күшімен компенсатор арқылы өлшеу.
Бақылау сұрақары:
1 Өлшеу дегеніміз не?
2 Қандай өлшеу әдісі бар?
3 Өлшеу әдісі.
4 Әрбір әдіске мысал келтіріңіз?
№ 13 дәріс
Тақырыбы: Метрология негізі
Дәріс жоспары:
1 Өлшеу құралдары туралы түсінік
2 Өлшеу сапасы жайлы түсінік
1 Өлшеу құралдарын түрлі ғылым мен техникада қолданады. Өлшеу құралдары тәуелсіз көп ортақ белгісін айқындауға болады. Өлшем бірлігін қаматамсыз ету жүйесі бойынша өлшеу құралдары келесі түрлерге бөлінеді:
А метрологиялық, метрологиялық мақсатқа бағытталып, бірлікті жаңартып және оны сақтау немесе өлшеу құралдары жұмыс бірлік өлшемін тасымалдауға негізделген;
• жұмыстық, өлшем бірлік берілісімен байланыссыз өлшемге бағытталған.
Басым көпшілік тәжірибеде қолданылған СИ екінші топқа жатқызылады. Метрологиялық өлшеу құралы тіптен шағын ғана. Олар арнайы ғылыми-зерттеу орталықтарында өндіріліп жасалып және тасымалданады.
Барлық өлшеу құралдары автоматтандыру деңгейі бойынша үш топқа бөлінеді:
• автоматтандырусыз;
•автоматтандырылған, өлшеуші операцияның бір бөлігін автоматтандырылған жағдайда жүргізу;
• автоматты, сигналды қабылдауды өңдеп немесе тіркеп барлық өлшеуді автоматты жағдайда жүргізеді. Қазіргі жағдайда өлшеу құралдарында автоматтандырылған және автоматты түрде жүзеге асады. Бұл өлшеу құралдарын электронды және микропроцессор техникасында кең қолданады.
Стандартизация деңгейі бойынша өлшеу құралы бөлінеді:
стандартталған, салалық стандарт немесе мемлекеттік талапқа сәйкес жасалады;
• стандартталмаған (бірегей), арнайы өлшеу тасырмасына негізделіп, стандарт талабын қажетсіз жасалынады.
Негізгі өлшеу құралдары стандартталған. Олар сериялы түрде, міндетті мемлекеттік бақылаудан өткізіліп, өнеркәсіпте шығарылады. Стандартты емес өлшеу құралы арнайы ғылыми-зерттеу ұйым мен бірлік дана шығарылып дайындалады. Олар мемлекеттік бақылаудан өткізілмейді, метрологиялық аттестация бойынша анықталып сипатталады.
• Физикалық шама өлшеміне қарай өлшеу бөлінеді: негізгі — бұл өлшеу құралдары физикалық шама, өлшеу тапсырмасына сәйкес алынған;
• қосымша— бұл өлшеу құралы негізгі өлшеу құралы немесе объект өлшеу үшін дәл талапты өлшем нәтижесін алуға септігін тигізуші, физикалық шама.
Өлшеу үрдісі мен негізгі қызметті атқарушы негізгі болып табылады.
2 Өлшеу нәтижесінің сапасының негізгі мінездемелеріне: 1) дәлме-дәлділік 2) анық-қанық; 3) дұрыстық: 4) жинақтылық; 5) өлшеу нәтижесін жаңғырту. болып табылады;
Дәлме-дәлділік - өлшеу оның нәтижесінің жақындығын өлшенетін аумақтың ақиқаттық мағынасына қайтарушы сол сапасы. Өлшенетін биік дәлме-дәлділігі - жас систематическалы және көлденең кемшіліктермен сипаттайды. Дәлме-дәлділік салыстырмалы кемшіліктің модульсының қарама-қарсы аумағымен бағаланады.
Өлшеу кемшілігінің 10 оның дәлме-дәлділігі тең 10 болады
Дәлме-дәлділіктің көтермелеуінің жолдары өте күрделі, қымбат, бейнетті. Бірақ көбіне биік дәлме-дәлділік жөнсіз. Арада бас-басы нақты уақиғада өлшеу дәлме-дәлділігінде қарауға қажет.
Дәлме-дәлділіктің көтермелеуінің жолдары өте күрделі, дорогостоящи, бейнетті. Бірақ көбіне биік дәлме-дәлділік жөнсіз.
Дұрыс өлшеуде нолге системалы жақын қателік өлшеу сапасын айғақтайды.
Жинақтылық –бір-біріне мәні жақын бірдей нәтиже алынған бұл өлшеу сапасы.
Өлшеу нәтижесін жаңғырту – әртүрлі жағдайларда алынған нәтижелер бір біріне дәлдік жақын өлшеу сапасы болып табылады (әртүрлі әдіс және өлшеу құралдары, түрлі орта, уақытта).
Бақылау сұрақары:
1 Өлшем құралы туралы не білесің?
2 Қандай өлшеу әдісін білесің?
3 Өлшеу сапасы деген не?
4 Өлшеу сапасын сипаттаушы не?
№ 14 дәріс
Тақырыбы: Метрология негізі
Дәріс жоспары:
1 Эталон жайлы түсінік
2 Өлшеу нәтижесін өңдеу
1 Эталон – тексеру сұлбасы бойынша төменде тұрған оның өлшемін беру және бірлікті ұдайы өсіру және сақтау үшін тағайындалған, өлшеулер құралы (немесе ӨЖ кешені). Эталондардың жіктелуі, тағайындалуы және оларды құруға, сақтауға және қолдануға қойылатын жалпы талаптарды МСТ 8.057-80 «МӨЖ. Физикалық шама бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелер» анықтайды.
Эталон өзара байланысқан үш қасиетті иелену керек: тұрақтылық, ұдайы өсушілік және салыстырмалылық.
Тұрақтылық – эталонның ұзақ уақыт бойында ұдайы өсіретін бірлігінің өлшемін тұрақты етіп ұстап тұратын қасиеті, бұл кезде сыртқы шарттарға тәуелді болатын барлық өзгерістер, дәл өлшеуге қол жетерлік шамалардың функциялары болу керек.
Ұдайы өсушілік – өлшеу техникасын дамытудың қолданылып жүрген деңгейі үшін ең аз қателігі бар физикалық шаманың бірліктерін ұдайы өсіру мүмкіндігі.
Салыстырмалылық–өлшеу техникасын дамыту деңгейі үшін ең жоғары дәлдікпен тексеру сұлбасы бойынша төмен тұрған басқа өлшеу құралдарының эталонымен салыстыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі.
Эталондардың келесі түрлерін ажыратады:
-алғашқы реттік – бірлікті ең жоғары дәлдікпен ұдайы өсіруді және сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл теңдессіз күрделі өлшеу кешендері, олар өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізін құрайды;
-арнайы – бірлікті ерекше жағдайларда ұдайы өсіруді қамтамасыз етеді, оларда бірлік өлшемін алғашқы реттік эталоннан талап етілетін дәлдікпен тура беру жүзеге асырылмайды, және осы шарттар үшін алғашқы реттік эталон болып табылады;
-мемлекеттік – бұл ел үшін бастапқы ретінде басты метрологиялық органмен ресми бекітілген, алғашқы реттік немесе арнайы эталон. Оларды орталық ғылыми институттар құрайды, сақтайды және қолданады, оларды басқа елдердің мемлекеттік эталондарымен кезең сайын салыстырады;
-екінші реттік – сәйкес физикалық шаманың алғашқы реттік эталонымен салыстырумен алынған бірлік өлшемін сақтайды. Екінші реттік эталондар тексеру жұмыстарының қажеттілігі кезінде және мемлекеттік эталонның сақталуын және аз тозуын қамтамасыз ету үшін құрылады.
Метрологиялық тағайындалуы бойынша екінші реттік эталондар мына түрде бөлінеді:
-эталон-көшірме – бірлік өлшемін жұмыстық эталонмен беру үшін тағайындалған.
-эталон-салыстыру – қандай да бір себептер бойынша бір-бірімен тікелей салыстырыла алмайтын, эталондарды салыстыру үшін қолданылады;
-эталон-куәгер – мемлекеттік эталонның сақталғандығы мен тұрақтылы-ғын тексеру және бүлінген немесе жоғалған жағдайда оны ауыстыру үшін тағайындалған. Қазіргі уақытта тек килограмм эталонының ғана эталон-куәгері бар. Ол негізгі эталонның тұрақтылығын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
-жұмыстық эталон – бірлік өлшемін жұмыстық өлшеулер құралдарына беру үшін қолданылады. Ведомстволардың, министрліктердің зертханаларында және территориялық метрологиялық органдарда ең көп таралған.
Қазақстан Республикасы аймағында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасы аймағына енгізілетін, сондай-ақ жөндеуден шығарылған және қолданыстағы және сақтаудағы өлшем құралдарына салыстырып-тексеру жүргізуді ұйымдастыруға және тәртібіне қойылатын негізгі талаптар ҚР СТ 2.4 белгіленеді.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді өлшем құралдарын белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау және де олардың қолдануға жарамдылығын бекіту мақсатында жүргізеді.
2 Өлшеу әдісінің қателігі – бұл теориялық қателік яғни, жеңілдік пен рұқсат ету болып табылады.
Субъективті қателік кез келген индивидуалды адамнан кететін қателік:
♦ ағзаның ерекшелігі;
♦ дұрыс емес дағдыға әдеттену;
♦ алынған сигналға жылдамдық реакциясы.
Жүйелі қателік тұрақты, барлық уақытта мағынасы мен белгісін өзгертпейді. Айнымалы уақыт ішінде мағынасы мен белгісін өзгертеді. Переменные погрешности могут быть:
♦үдемелі – әрдайым үнемі немесе өспелі, немесе кему;
♦ мерзімді – белгі мен мағынаның мерзімді өзгеруі (секундометр, сағат тәрізді индикаторы т.с.с осьтің бағыттаушы центрмен шкала центрмен сәйкес келмеуі)
♦ қателік, күрделі заңға сәйкес өзгеруі.
Өлшеудің жүйелі қателігіне жатады:
♦ өлшеуге дейінгі қателік дерек көздерін шектеу (термостатирлеу, экранда көрсету, жерге қосу, амортизаторды орнату);
♦ өлшеу үрдісінде қателікті шектеу (аспаптық қателікті шектеу, дұрыс орнатылмаған жағдайда, белгі бойынша қателік ақысы, салыстыру, симметриялы салыстыру т.с.с.);
♦ өлшеу нәтижесінде түзетулер енгізу;
♦ жүйелі қателік қалдығы
Кейдесоқ қателік –қайталай өлшеуде кездейсоқ туындайтын шама қателігі.
Бақылау сұрақары:
1 Эталон деген не?
2 Қандай эталон түр өзгешелігін білесіз
3 Қателік деген не?
4 Қателіктің түріне сипатама бер?
№ 15 дәріс
Тақырыбы: Метрология негізі
Дәріс жоспары:
1 Метрологиялық қамтамасыз ету
2 Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету принципі
1 Метрологиялық қамтамасыз етуге ғылыми және ұйым негізін орнату, техникалық құрылғы, норма мен заң, өлшеу дәлдік талабына сәйкес бірлікке қол жеткізу жатқызылады.
Ғылыми негізгі метрологиялық қамтамасыз етуге метрологиялық — өлшеу ғылымы, бірлікті қамтамасыз ету әдісі және дәлдік талапқа сәйкес жету. Метрология негізіне: жалпы өлшеу теориясы, физикалық шама бірлігі және оның жүйесі, дәлдік өлшеуді анықтау, өлшеу құралы мен үлгі эталонды жасау.
Негізгі метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру— метрологиялық қызмет, яғни мемлекеттік метрология қызметі мен физикалық және заңды тұлғаның метрологиялық қызметінен тұрады.
Техникалық негізгі метрологиялық қамтамасыз етуге жатады: мемлекеттік эталон физикалық шама бірлігі, жоғары дәлдікті қамтамасыз ету; үлгі өлшеуші құрал көмегімен физикалық шама бірлікті эталонның барлық өлшеу құралына беріледі; жұмыс құрал өлшемін өндірісте шығару, өңдеу; мемлекеттік бақылау өлшем құралы; мемлекеттік тексеру немесе метрологиялық аттестация өлшем құралы; заттық материал қасиеті мен стандарттық үлгі құрамы; заттық материал қасиеті мен физикалық тұрақты шама жайлы стандартты анықтама мәліметтер.
Маңызды ғылыми техникалық тапсырма шешімін, сонымен қатар өнім сапасын қамтамасыз ету мәселесі, дұрыс өлшеу мен бірлікке байланысты болып келеді. Өлшем бірлік –бұл өлшеу процесінің жағдайы, өлшеудің барлық нәтижесі заңдастырылған өлшем бірлік пен дәлдікті сақтандырылған сенімді ықтималдықпен қамтамасыз етілген. Жақында қабылданған салыстырмалы қарапайым өлшеу әдісі қателік нәтижесі толығымен өлшеу құралының қателігімен анықталады. Сол себептен өлшем бірлікке қол жеткізуде біріңғай өлшем құралы заңдастырылған өлшем бірлік, метрологиялық нормаға сәйкес қамтамасыз етілген.
2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі принциптеріне жатады:
Заңдастырылған физикалық шама бірлікті ғана қабылдау (ФШ);
ФШ мемлекеттік эталонмен жасап шығару;
- Заңдастырылған өлшем құралын қабылдау яғни, мемлекеттік сынақтан өтіп бірлігі берілген ФШ мемлекеттік эталоны;
- міндетті мерзімді бақылау белгілі орнатылған уақытта өлшеу құралына қабылданған;
- өлшеудің аттестатталған әдісі мен тексерілген өлшеу құралын пайдалану өлшеудің дәлдік жарамдылығын қамтамасыз етеді;
- қателіктің ықтимал мәні болған жағдайда өлшеу нәтижесін пайдалану;
- өлшеу құралын ведомствалы бақылау және мемлекеттік бақылау, метрологиялық заң мен нормасын сақтау жүйелі бақылау.
Бұл принциптерді ғылыми, техникалық және негізгі ұйым Мемлекеттік қызмет өлшем бірлігін қаматамасыз етуші жүзеге асырады.
Ведомствалы деңгейінде метрологиялық қызметтің барлық түрі дәлдікті өлшеу және бірлікпен қамтамасыз етеді.
Негізгі өндірісте МҚ-дің қызметіне мыналар жатады:
- өндірісте МҚ өлшеу жағдайын анализдеу мен өндеуді жаңарту;
- бақылау мен сынау, заманауи өлшеу әдісін орнату, дәлік өлшемнің оптималды нормасы, өлшеуші параметр номенклатурасын рационалды орнату;
- стандарттарды енгізу, дәлдік өлшеу нормасын регламенттеу;
- метрологиялық нормативтік-техникалық сараптаманы, конструкторлық технологикалық құжаттаманы жүргізу;
- өлшеу құралын метрологиялық аттестаттау және тексеру (СИ);
- өндірісті бақылау, жағдайын, жөндеу жұмыстарын қабылдау СИ.
Өндірісте өлшеу құралына инженер-эксплуататор жауапты болса, кәсіпорында – жетекші жауапты болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1 Метрологиялық қамтамасыз ету негізі?
2 Өлшем бірлікті қамтамасыз етуді реттейтін заң қандай?
3 Құралға кім жауапты?
№ 16 дәріс
Тақырыбы: Метрология негізі
Дәріс жоспары:
1 Технологиялық процесті метрологиялық қамтамасыз ету
2 Техникалық құрылғы параметрін бақылау және өлшеу қажеттілігі
1 Технологиялық процесс параметрін өлшеуші рационалды анықтау бойынша негізгі критерий— өнеркәсіптің технологиялық процестің толық деңгейі жайлы ақпарат және объектілі ақпаратпен қанағаттандыру.
Бақыланатын параметрдің негізгі критериі технологиялық процесте нақты бақылаушы нүкте саны орнатылауы қажет. Берілген ақпаратқа сай нақты технологиялық процесі бойынша өлшеудің жалпы санын анықтап, метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыс көлемін орнату.
Техникалық және конструкторлы құжатты, метрологиялық сапаршы нормативті-техникалық процестерді рационалды номенклатура өлшеуші параметрі тексереді.
Берілген тапсырмаға сәйкес шешімді бақылайды:
өлшеуші параметр номенклатура мен сапа көрсеткіштері стандарт талабына сәйкес болуы;
техникалық процес немесе өнім тағайындалған номенклатураға сәйкестігі; қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігін бақылау дұрыстығы;
сапа көрсеткіші мен параметрдің жіберілетін технологиялық ауытқуы нормаланған дәлел;
жіберілетін шекара интервалы немесе номиналды параметрдің рұқсат етілетін ауытқуы көрсетілуі тиіс (форма "... дейін").
Егер артық немесе кем параметр рұқсат етілсе, форма мынаны көрсетеді "артық емес..." немесе "кем емес..." сәйкес;
Мақсатқа сай таңдалған дәлдік номенклатура бақылау шығынын азайтады.
2 Объективті тексеру мүмкіндігі техникалық параметр талабын дұрыс толық формалауға мүмкіндік береді.
Әрбір техникалық талап тексереді:
(түрлі талқылауда) тапсырма әдептілігі;
-
Талап стандартты терминде, жалпыға қабылданған ғылыми
техникалық әдебиет түрінде болуы тиіс.
-
Спецификалық терминдер, жалпыға қабылданған емес және түрлі
мағынада болыуы мүмкін, сол себептен оны алдын ала сілтеме ретінде құжатта немесе оған анықтама жасалынуы тиіс;
-
Өлшеуді тексеру жолында физикалық шама талабы органолептикалық
(түс, иіс, дәм, иілгіштігі және т.б.) бақылау талабына ауысу мүмкіндігі бар;
-
Өлшеу параметрін реттеп және автоматтандыру бақылауын қабылдағанда, өндіруші еңбегін арттырып және өлшеу шығынын төмендеуі тиіс;
-
Экономикалық және техникалық мақсатта орталықтан басқарылатын құрал қолданылады (цехтағы пуль, өндірістегі диспетчер т.б).
Бақылау сұрақтары
1 Техникалық процесті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі тапсырмасы?
2 Техникалық процесті метрологиялық қамтамасыз етуде кім жауапкершілікке алады?
3 Өндірісте техникалық процесті метрологиялық қамтамасыз ету мақсаты?
№ 17 дәріс
Тақырыбы: Халықаралық электротехникалық комиссия
Дәріс жоспары:
1 ХЭК жалпы анықтама
2ХЭК жалпы құрылымы
1 ХЭК - электртехника, радиоэлектроника, байланыс салалары стандарттарын әзірлейді. Ол 13 ел қатысқан халықаралық конференцияда бұдан бір ғасыр бұрын 1906 жылы, яғни ИСО - дан бұрын қүрылды. ХЭК мен ИСО - ның әр мезгілде құрылуы мен түрлі бағыттылығына, екі ірі халықаралық ұйымның бір қатар бағытта қызмет етіп келе жатыр.
ИСО мен ХЭК - тің міндеттерінің ортақтығы мен кейбір органдар қызметтерінің қосақталу мүмкіндігін ескере, бұл екі ұйымның арасында бір жағынан қызметтер аясын шектеу, ал басқа жағынан техникалық қызметтерді үйлестіруге бағытталған.
ХЭК мүшелерінің мөлшері (60 жуық) ИСО - дан кем. Бұл көптеген дамып келе жатқан елдерде электртехника, электроника және байланыстардың мүлдем болмауы немесе нашар жетілгендігінен. КСРО 1922 жылдан бастап МЭК мүшесі болған.
ХЭК - тің жоғары басқару органы- барлық ұлттық комитеттер кіретін Кеңес (17-сурет). Кеңестің жыл сайынғы мәжілістері ХЭК мүше елдерінде кезекпен өткізіліп, ұйымның қызметтерінің барлық кешенді мәселелерін шешуге арналады. Шешімдер жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар бөлінуі тең болған жағдайда Президент шешуші дауыс құқығына ие.
МЭК ұйымына мүше елдердің көпшілігі стандарттау жөніндегі ездерінің ұлттық ұйымдарымен кірген, кейбір елдерде (Франция, Германия, Италия, Бельгия және басқалаларын стандарттау жөніндегі ұлттық ұйым құрылымына кірмейтін МЭК - ке қатысу жөніндегі арнайы комитеттер құрылды.
ХЭК ресми тілдері - ағылшын, француз және орыс.
Ұйымның өз жарғысымен анықталған негізгі мақсаты - халықаралық стандарттар мен басқа құжаттар әзірлеу арқылы электротехника және радиотехника төңірегінде стандарттау және онымен сабақтас мәселелер жөнінде халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету. Іс - әрекет комитетіне бағынышты кеңес беруші топтар жұмыс істейді. Комитет оларды техникалық комитет жұмыстарына нақты мәселелер бойынша үйлестіру қажеттілігі туындағанда құруға құқылы. Екі кеңес беруші топтар қауіпсіздік нормаларын әзірлеуді өзара бөлісіп алған: АКОС - электр қауіпсіздігін, АСЕТ - электроника мен байланыс мәселерін.
ХЭК - тің негізгі стандарттау нысандары:
- электртехника өнеркәсібінің материалдары (сұйық, қатты, газ тәрізді дтэлектриктер, мыс, аллюминий және олардың балқымалары, магнитті материалдар);
- өндірістік мақсаттағы электртехника жабдықтары (дәнекерлеуші аппараттар, қозғағыштар, жарық техникалық, жабдығы, реле, төменгі вольтті аппараттар, желілер және басқалары);
- электрэнергиялық жабдықтар (булық және гидравликалық турбиналар, электрбайланыс сымдары, генераторлар, трансформаторлар);
- электрондық өнеркәсіп бұйымдары (интегралдық схемалар, микропроцессорлар және басқалары);
- тұрмыстық және өндірістік мақсаттардағы электрондық жабдықтар;
- электраспаптар;
- байланыс серіктеріне арналған жабдықтар;
- терминология.
ХЭК құрамындағы электрондық және электртехникалық жабдықтар шығаратын радиокедергілерді өлшеу әдістерін стандарттаумен айналысатын Радиокедергілер жөніндегі Халықаралық арнайы комитеттің (СИСПР) біршама ерекше статусы бар. Ондай кедергілер жіберілуі мүмкін деңгейлер іс - жүзінде барлық дамыған елдердің тікелей техникалық заңнамаларының нысандары. Электрондық және электртехникалық жабдықтардың СИСПР стандарттарына сәйкестігі сертификатталады.
СИСПР - ге тек ұлттық комитеттер ғана емес, халықаралық комиттер де қатысады: Еуропалық радиохабар одағы, Халықаралық радио мен теледидар ұйымы, Халықаралық электротехникаларын өндіретін және тарататын одақ, Халықаралық ірі электртехникалық жүйелері жөніндегі конференция, Халықаралық теміржол одағы, Халықаралық қоғамдық көлік одағы, Халықаралық электртермия жөніндегі одақ. Комитет жұмысына бақылаушылар ретінде Халықаралық радио байланыс комитеті мен Халықаралық азаматтық авиация комитеті қатысады. СИСПР халықаралық нормативтік құжаттар, сондай - ақ ақпараттық құжаттар да әзірлейді.
ХЭК-тің негізгі үйлестіруші органы – Іс-әрекеттер комитеті. Бұл комитет өзінің басты міндеті техникалық комиттер жұмыстарын үйлестіруден басқа, жұмыстардың жаңа бағыттары қажеттілігін анықтайды, техникалық жұмысты қамтамасыз ететін әдістемедік құжаттар әзірлейді, басқа ұйымдармен қызметтесу мәселелерін шешуге қатысады және Кеңестің барлық тапсырмаларын орындайды.
ХЭК бюджеті ИСО - кі сияқты, осы ұйымға мүше - елдердің жарнасы мен халықаралық стандарттар сату түсімдерінен құралады. МЭК техникалық органдарының құрылымы да ИСО сияқты-техникалық комитет, комитет бөлімдері және жұмыс топтарынан тұрады. МЭК-те 80 техникалық комитет бар, олардың бір бөлігі (ИСО-дай) жалпы техникалық және саларалық сипаттағы халықаралық стандарттар, ал басқа бөлігі нақты өнім түрлерінің халықаралық стандарттарын әзірлейді.
Қазіргі уақытқа дейін МЭК 3000 аса мемлекеттік стандарттар әзірледі. Тұрмыстық электрбұйымдары мен машиналаларға арналған қауіпсіздік талаптары жөніндегі жұмыстарды МЭК атқаруының маңызын атап өткен жөн. Әр елдерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолының түрліше болуына байланысты «Тұрмыстық электраспаптары қауіпсіздігі» 61 ТК барлық электраспаптары мен машиналарға талаптар қойған 40 аса мемлекеттік стандарттар шығарды. МЭК халықаралық стандартына электраспаптар мен машиналардың сәйкестігін сертификаттау жүйесін МЭК - те құруына байланысты, осы сала бойынша стандарттар әзірлеудің маңызы ерекше.
Болашақта кейбір мамандардың болжамдары бойынша МЭК пен ИСО - ның іс - әрекеттері бірте - бірте жақындай түседі: бірінші этапта - мемлекеттік стандарттар даярлаудың бірыңғай тәртібін әзірлеу, бірлескен техникалық комитет құру; ал екінші этапта-бірігіп кетуі мүмкін, ИСО мен МЭК ұйымдарына көпшілік елдер тіпті бір органдар - ұлттық стандарттау жөніндегі ұйымдармен кірген.
ИСО мен МЭК халықаралық стандарттарын даярлау мерзімдерін қысқарту маңызды міндет, себебі қазіргі кезде оларды әзірлеуге орташа 4 - 5 жыл кетеді. Өнімнің моральді ескіру мерзімінің қысқарға ыңғайлануы, стандарттарға халықаралық сауда сұраныстарының шапшаң әсерінің қажеттілігі халықаралық стандарттар әзірлеу мерзімін күрт қысқрту міндетін қояды. Халықаралық стандарттар жобасын телеконференция шеңберінде талқылау тәртіптері тәжірибеде жиі қолданыла бастады. Телеконференциялардың әр елдер мамандарының іс - сапармен келіп қатысатын дәстүрлі мәжілістерінен айырмашылығы, олар жиі, ұйымшылдықпен және тез өткізіледі. Мамандардың бағалауынша, дәстүрлі тәртіп шеңберінде мемлекеттік стандарт әзірлеумен салыстырғанда телеконференцияда қаражаттың 80%, уақыттың 60% үнемделеді. Шетелдік тәжірибедегі «стандартттар әзірлеу тәртіптерін электрондау» процесі уақыт өте келе дәстүрлі стандарттар әзірлеу кезеңінен толық бас тартуға әкелуі мүмкін: «жобапікір - пікірді ескерту» тізбегінің орнына стандарттар редакциясын жасап бітіруге барлық мүдделі тараптар шын көпжақтылық тікелей қатысу режимінде жұмыс жасау жоспарлануда.
Халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарға ИСО, МЭК, МАК - пен бірге (стандарттау жөніндегі жұмыстарға мамандандырылған ұйымдар ретінде) басқа ұйымдар да қатысады.
№ 18 дәріс
Тақырыбы:
Достарыңызбен бөлісу: |