ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Халықаралық стандарттау және сертификаттау» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет1/4
Дата12.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#129776
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-9.1.70/03-2013




ПОӘК

«Халықаралық стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар


18.09.2013 ж.

№ 1 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология

(салалар бойынша)» мамандығы бойынша

«Халықаралық стандарттау және сертификаттау» пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



Семей

2013




Мазмұны





1

Дәрістер

3

2

Тәжірибелік сабақтар

54

3

Студенттердің өздік жұмысы

59


1 ДӘРІСТЕР
1 дәріс. Америка ұлттық стандарттар мен технологиялар институты ( НИСТ)
АҚШ – та стандарттау жөніндегі ұлттық орган - Американдық ұлттық стандарттар мен технологиялар инсттитуты ( НИСТ). НИСТ - экономитканың жеке секторында ерікті стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіретін, стандартқа ұлттық статус беру туралы шешім қабылдайтын, стандарттар дайындайтын ұйым жұмыстарына басшылық жасайтын үкіметтік емес, коммерциялықемес ұйым. НИСТ стандарттар әзірлемейді, бірақ АҚШ – тағы ұлттық стандарттарды қабылдайтын жалғыз ұйым. Бұл, жалпымемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуіне ықпал ету – НИСТ негізгі міндетіне жауап береді.

Институт мақсаты бағдарламалар әзірлейді. Бағдарламалық – мақсаттық жоспарлау сұйық отын өндіру мен тасымалдау, электр қуатын қамтамасыз ету, ядролық энергия, күн қуаты және басқа қуаттарды қолдану қамтиды. Дайын өнім стандарттарын әзірлеуге аздау көңіл бөлінеді.Себебі бұлсалада фирмалық нормативтік құжаттар жұмыс істейді.

Ұлттық стандарттарда негізінен қауіпсіздік аспектілеріне қатысты орындауға міндетті талаптар болады. Міндетті федералдық стандарттармен қатар сауда министрлігі, қорғаныс министрлігі, жалпы мақсаттағы басқару қызметі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі федералды агенттік, өндірісте еңбек пен денсаулықты қорғау жөніндегі федералдық агенттік, тағамдық өнімдер мен медикаменттер қауіпсіздігі жөніндегі федералдық басқарма, тұтыну тауарларының қауіпсіздігі комиссиясы және басқа ұйымдар – мемлекеттік басқару органдары бекітетін техникалық регламенттер іс – әрекет етеді.НИСТ осы ұйымдармен тығыз іскерлік байланыс жасайды, атап айтқанда, ақпараттық қамтамасыз ету бойынша стандарттар әзірлейтін фирмалар, жеке мекемелермен. Жоғарыда көрсетілген басқару органдарының өздеріфирмалық стандарт дайындауға аз қатыспайды және федералдық стандарттар жасауды жоспарлағанда осылай боларын ескереді. Фирмалық стандарттың олардың талаптарына қанағаттана федералдық ретінде қабылдаған жағдайлары жиі болып тұрады.

Федералдық стандарттарды Америка ұлттық стандарттар институты аккредиттеген мәртебелі ұйымдар әзірлейді. Олардың ең танымалдары: Американдық сынаулар мен материалдар жөніндегі қоғам ( ASTM); Американдық сапаны бақылау жөніндегі қоғам (ASQC); Американдық механикалық – инженерлер қоғамы (ASME); қамсыздандырукомпаниясының сынау зертханалары бірлестігі, автомобиль жасаушы инженерлер қоғамы (SAE); электротехника және электроника жөніндегі инженерлер институты (IEEE) және басқалары.Бұл ұйымдар тек қана федералдықты емес, ерікті сипаттағы стандарттарды да әзірлейді. АҚШ – та ерікті стандарттар әзірлеумен 400 аса түрлі мекемелер мен фирмалар айналысады, ал ерікті стандарттар шамамен 35 мыңнан асады.

Қазіргі кезде НИСТ құрамына 1200 аса фирмалар, 250 аса өндірістік және сауда компаниялары, ғылыми - техникалықжәне инженерлік қоғамдар мүше.

Институттың қаржыландыру құрылым, оның мемлекеттік бюджетке тәуелді еместігін көрсетеді: мүше – ұйым (6%) мен мүше – фирма (31%) жарналары 37% құрайды; мүдделі ұйымдар тапсырыстары бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеу 15 %; түрлі баспалар сатудан түсімдер 47% және басқа кірістер 1%.

Институтты Директорлар кеңесі басқарады. Оның функциясы: біржыл мерзімге президентті, үш вице – президенттерді, атқарушы вице – президентті және атқарушы комитетті сайлау. Соңғысы Директорлар кеңесі мәжілістері аралығындағы кезеңдегі институтты басқарады және бюджеттің орындалуын бақылайды. Директорлар кеңесі институт жұмыстарын жоспарлайды және стандарттаудың басты бағыттарын әзірлейді.

Директорлар кеңесіне Мүше – ұйымдаркеңесі, Мүше – компаниялар кеңесі және Тұтынушылар мүдделерін қорғау жөніндегі кеңес бағынады.

Мүше – ұйымдаркеңесі түрлі одақтар, бірлестіктер өкілдерінен, сондай – ақ федералды үкімет өкілдері немесе жеке штаттар үкіметі өкілдерінентұрады. Ұйым кеңесі ұлттық стандарттарды федералды сияқты қатысында олардың қолайлысын талдайды: жаңа нормативтік құжаттарды жаңарту мен жасауды жоспарлайды: халықаралық стандарттауға елдің қатысуына тәлімгерлік жасайды. Бұл органның басқа екі кеңесте бір – бірден өкілі болады.

Мүше – компания кеңесіне экономиканың түрлі салаларындағы мүдделі фирмалар өкілдері кіреді. Бұл органның Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі кеңесте бес, ұйымдар кеңесінде бірөкілі бар. Компаниялар кеңесі салалар мүдделерін ескере стандарттау бағдарламаларын құрастырады, жаңа мүшелер тартады, жаңа ұлттық және халықаралық стандарттар қажеттілігін анықтайды, стандарттау арқылы өндіріс пен сауда тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Тұтынушылар мүдделерін қорғау жөніндегі кеңесте екі басқа кеңестерден бесеуден мүшелер, бес мемлекеттік органдардан, тұтыну одақтарынан өкілдер болады. Бұл кеңестің негізгі міндеттері мен мақсаттары оның жұмысының ұлттық стандарттардағы тұтынушылар мүдделерін сақтауды қадағалап тұрумен анықталады.

Кеңес стандарттаудың көмегімен тауарлар ( қызмет көрсету) сапасын жақсарту қажет аумақтарды анықтайды, тұтынушылар құқығын және мүдделерін қорғау мен экономиканың дамуындағы стандарттаудың рөлін насихаттай ұғындыру жұмыстарымен айналысады. Кеңес тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін тұрған орнында тексеруге тұтынушылардың өздерін көптеп тартады. Ол үшін ерікті бақылаушы топтар құрылып, кеңес өкілдерінің жетекшілігімен ақпараттар жиналады және пікір мен ұсыныстар салып жібереді. Ол пікірлер мен ұсыныстар қаралады және көбіне нормативтік құжаттарды жаңартқанда немесе жасағанда ескеріледі.

Үш кеңестен басқа НИСТ құрамында Директорлар кеңесі жанындағы институт қызметтерінің түрлі жақтарын және көптеген тұрақты жұмыс органдары жұмыстарын үйлестіретін мынандай комитеттер болады:

- үйлестіру функцияларын атқаратын – Стандарттау жөніндегі атқарушы кеңес;

- ұлттық стандарттарды қабылдайтын, оларды жою мен қолдану мерзімін қоюға құқылыСтандарттарды қайта қарау жөніндегі кеңес;

- халықаралық ұйымдарға институт мамандарының қатысу бағыттарын анықтайтын – Халықаралық стандарттау жөніндегі кеңес беруші комитет;

- ИСО мен МЭК жұмыстарының тиімділігіне жауап беретін – ИСО мен МЭК іс – әрекеттеріне АҚШ қатысуы жөніндегі ұлттық комиет;

- НИСТ ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламалары мен жұмыс жоспарларын әзірлейтін - Стратегиялық жоспарлау комитеті;

- өзінің құзіретіне сәйкес салаларды стандарттау бойынша атқарушы кеңеске көмек жасайтын – Стандарттау жөніндегі салалық комиссиялар;

- институт жұмыстарының ақпараттық қамтамасыз етілуін үйлестіретін – Директорлар кеңесі жанындағы Стандарттау саласында ақпараттық қызмет жасау жөніндегі комитет.

Институтта қолданыстағы және әзірленіп жатқан федералдік стандарттар туралы деректер банкі бар.
2 дәріс. Британия стандарттар институты ( БСИ )

Британдық стандарттар институты механик – инженерлер, кемежасаушы - инженерлер, электрик – инженерлер және металлург – инженерлер қоғамдары бастамасымен 1901 жылы құрылды. Ол бірінші рет 1929 жылы шыққан және 1981 жылы қайта қаралған Жарғыға сәйкес іс – әрекет жасайтын тәуелсіз мекеме. БСИ негізгі функциясы - барлық мүдделі жақтар келісімі және стандарттарды қабылдау негізінде стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру.

Институт штатында 1300 жуық қызметкерлер бар. Жоғарғы заңнамалық орган – Бас конференция. Ол БСИ жұмыстары туралы есепті тыңдауға, Президент пен оның орынбасарын сайлауға, қаржы ревизорларын тағайындауға жылына біррет шақырылады.

Жоғарғы атқарушы орган - Бас конференцияға есеп беруші Басқарушы кеңес институт жұмыстарын басқарады және жұмыстардың барлық бағыттарын бақылайды.

БСИ құрамына стандарттау және стандарттарды қолдану жөніндегі жұмыстарға қатысуға мүдделі ұжымдық және жеке мүшелер кіреді.

Стандарттау, сапаны басқару, ақпараттық қызмет ету мен маркетинг бойынша БСИ жұмыстарын басқарудың жалпы мәселелері Директорлар кеңесі құзіретіне жатады. Әр жеке бағыттарға стандарттау жөніндегі мамандандырылған кеңестер басшылық жасайды.

Нормативтік құжат әзірлеу жұмыстары стандарт жасауға тапсырыс алумен басталады. Тапсырыс берушілер тұтынушы - мекемелер өкілдері, өнім дайындаушылар және басқа кез келген ұйымдар болуы мүмкін. Әр ұсынысты Басқару кеңесі қарайды және оң шешім болғанда, стандарт жобасын әзірлеуге сәйкес Техникалық комитетке тапсырылады. Стандарт жобасының біріншіредакциясын мүдделі жақтарға пікір беруге салып жіберіледі, ақырғы жоба нормативтік құжатты жариялауға рұқсат етуге құқылы сәйкес стандарттау жөніндегі комитетке келіп түседі. Егер жариялауға рұқсат етуге тәлімгерлік жасайтын сапа кеңесі мен басқару кеңесі өкілдеріқол қойса, онда стандарт қабылданды деп есептелінеді. Стандарттауды ақпаратпен қамтамасыз етуге және стандарттар туралы ақпаратты таратумен “ Standardline” автоматтандырылған ақпарат жүйесі бар орталық анықтама қызметі айналысады.

Британия ұлттық стандарттарының 25% жуығы “мұқабалық әдіспен” қабылданған халықаралық стандарттар. Жасалынып жатқан стандарттар жобаларының шамамен 70% халықаралық стандарттау бағыттарына сәйкес. Стандарттардың 16% астамы халықаралықтардың бөліктерін алған болып келеді. БСИ қаражат айналымы былай бөлінген: 50% стандарттау жөніндегі іс – әрекеттер; 33% жуығы сапаны қамтамасыз ету; қалғаны – сынау мен сертификаттау. Шығынның жартысынан көбі қызметкерлердің еңбек ақысын құрса, орташа таза пайда 5 – 6 % аспайды.

Стандарттаудан басқа, БСИ сапаны басқару мен стандарттау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды. Сапа мен сертификаттау мәселелерімен Басқару кеңесіне бағынатын Сапаны қамтамасыз ету кеңесі айналысады.

1600 аса Британ фирмалары бұйымның эксплуатацияда қауіпсіздігін мақұлдайтын “Кайтмарк” сәйкестік белгісін алу құқығына ие болды. БСИ қызметтерінің енді бір бағыты - Еуропаның біріңғай нарығы жұмысына қатысу. Ол үшін институт құрылымында 10 бөлімше құрылды.


3 дәріс. Франция стандарттау жөніндегі ассоциациясы (АФНОР)

Франциядағы стандарттау жөніндегі ұлттық ұйым – Француз стандарттау ассоциациясы (АФНОР) болып есептеледі. АФНОР – дың атқаратын функциялары:



  • Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, оған басшылық жасау және үйлестіру;

  • Стандарттарға түскен сұраныстарды талдау және жаңа стандарттар қажеттілігін анықтау;

  • Ұлттық стандарттар әзірлеу және қабылдау;

  • Стандарттардың енгізілуін бақылау;

  • Стандарттарды насихаттау және сату;

  • Эканомика дамуының ұлттық басымдылығын ескере стандарттау жөніндегі жылдық бағдарламаларды құрастыру;

  • НФ ұлттық стандартына өнімнің сәйкестік белгісін маркілеу бойынша жұмыстарды басқару;

  • Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдарға Францияны өкілеттеу. АФНОР – дың қазіргі кездегі бағыттары осындай болғанымен, бұл жағдайға негізінен 1980 – 1990 жылдары келді.

Машина жасауға арналған бөлшектердің типтерін унификаттауға өздерінің күшін бағыттаған Стандарттау жөніндегі тұрақты комиссияның үкіметтік декретімен 1918 жылы құрылуы – Франциядағы ұлттық стандарттау басталуы болып есептелінеді. Бұл АФНОР – дың алдында болған тұрақты комиссия ұзақ тұрмағаны болмаса, оның нәтижелері өте қажет және пайдалы болды.

Стандарттауды дамытудағы үкімет мүддесі айдан анық болғандықтан, бұл жұмыстарға үкіметтің көңіл бөлуі тұрақты болды. 1984 жылы үкімет декретімен жылдық бағдарлама құрастыру бойынша кеңес жүргізу мен осы бағдарламаларды бекітетін, стандарттау жөніндегі жұмыстардың басты бағытын анықтайтын және басқа министрліктермен байланыстырушы звено рөлін атқаратын өндіріс министрлігінде стандарттау жөнінідегі Жоғарғы кеңес құрылды. Француз ұлттық стандарттауында кезекті үлкен өзгерістер 1991 жылы болды. Оған түрткі болған халықаралық стандарттарда және бәрінен бұрын біріккен еуропа құрылуына байланысты еуропалық стандарттарда болатын өзгерістерге бейімделу қажеттілігі.

Францияның ұлттық стандарттау жүйесінде АФНОР – дың әдістемелік басшылығымен стандарттау жөніндегі салалық бюро жұмыс істейді. Оларды әкімшілік кеңес ұйымдастырады, мемлекеттік басқару органдары бекітеді. Францияда стандарттау жөніндегі жұмыстардың негізгі принципі бағдарламалық – мақсаттық әдісті пайдалану болып табылады. Қазіргі кезде экономикалық жұмыстардың түрлі салаларындағы басты мәселелерді шешуге бағытталған 19 ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламалар іске асырылуда. АФНОР тұрақты штатында 400 жуық қызметкер, бірақ оның жұмысына сарапшы немесе кеңесші ретінде түрлі мекеме, кәсіпорын, ғылыми орталық, зертханалар және басқа да ұйымдардан 25 мыңға жуық мамандар қарастырылады.

АФНОР жұмысындағы мәселе тудырып отырғаны француз фирмаларының нашар қатысуы. 30 мыңнан аса ұлттық фирмалардың 6 мыңдайы ғана оған мүше, оның себебі мамандардың есебінше АФНОР мен стандарттаудың пайдасы туралы фирмалардың жеткіліксіз ақпарат алуы. Бірақ ассоциацияның өзінің ақпараттық іс – әрекетінің қарқыны жеткілікті және олар тек стандарт басып шығарумен ғана шектелмейді.

АФНОР жанынан мамандарға кеңес беретін және стандарттаудың кез келген мәселелері бойынша кең көлемде ақпарат беретін “ Espace” ақпарат және көрме орталығы құрылған. Орталықтың үлкен арнайы әдебиеттер мен стандарттар қоры бар, оларды өзінен сатып алуға болады.

Францияның ұлттық ассоциациясы стандарттаудан басқа, өнімді сертификаттау және сапа жүйесін қамтамасыз ету жөнінде фирмалар мен кәсіпорындарға қызмет көрсететін сертификаттау мәселелрімен де айналысады. Сертификаттау қызметі - өнімді сертификаттау мен оған француз стандартына сәйкестік белгісінберу, кәсіпорындарда сапаны қамтамасыз ету жүйелерін бағалау мен оларға тиісті куәліктер беру, ақпараттық технлогияларды сертификаттау міндеттері кіретін үш бөлімшелерден тұрады.

АФНОР мамандары стандарттау мен сертификаттау мәселелерімен ұлттық мүдделерді бірмезгілде қорғай отыра, аймақтық және халықаралық мекемелерде де қарқынды жұмыстар атқарады. АФНОР – дың стратегиялық міндеттері түрлі салаларға қатысты. Сапа бойынша – 9000 сериялы ИСО халықаралық стандарттардың ұсақ және орта бизнес, сондай – ақ қызмет ету сферасында бейімдеу мақсатында, оларды қайта қарау. Ұйым бұл бағыт бойынша еуропалық, солтүстік америкалық және жапондық әріптестімен маслихат жоспарлайды.

Экологиялық мәселердің жаһандануының күшейе түсуіне байланысты, АФНОР қызметтерді халықаралық деігейде күшейтуді қажет санайды: СЕН – де француз мамандары “ Қалдықтар” жұмыс тобын басқарады, ИСО – да “ Қошаған ортаны қорғау және тиімді пайдалану” комитеті жұмысына қатысады.

Ұлттық стандарттау әсерінің күшейетін басқа саласы – ақпараттық технологиялар. Мұнда да халықаралық стандарттауға қатысу айқын білінеді: АФНОР бірмезгілде Еуропалық телекоммуникация төңірегіндегі стандарттау жөніндегі институты (ЕТСИ) мен ИСО/МЭК – тің “ Ақпараттық технологиялар” комитетіне жұмыстар атқарады.

Басқа елдердегідей сияқты, АФНОР – дың маңызды болашақты бағыты – көрсетілетін қызметтер сферасы және бәрінен бұрын нақты көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасы мен қауіпсіздігі талаптары.

№4 дәріс

Тақырыбы: Неміс стандарттар институты (ДИН)


Германиядағы ұлттық стандарттау жүйесінің құрылуы болып есептелінетін 1917 жылы жалпы машина жасауға арналған нормалар комитеті құрылды. Комитет атауы екі рет комитеті, 1975 жылы – Неміс стандарттау институты (ДИН).

1990 жылы өнімді стандарттау, метрология және бақылау Басқармасымен (бұрынғы ГДР ұлттық ұйымымен) қатынасты реттеуге талпыныс жасалынып, нәтижесінде халықаралық және еуропалық стандарттарға сәйкес болуына қажет болатын біріккен Германияның бірыңғай нормативтік құжаттарын әзірлеу шешімі қабылданды. Осы жылдан бастап Немістің стандарттау институты Германияның стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымы мен елдің халықаралық (ИСО мен МЭК) және еуропалық (СЕН және СЕНЭЛЕК) стандарттау жөніндегі ұйымдардағы жалғыз уәкілетті өкілі болды.

Негіз қалаушы 820 ДИН стандарты стандарттау жөніндегі неміс ұлттық ұйымы қызметтерінің принциптерін анықтайды:

еріктілік – стандартжасауға қатысуға кез келген жақтың құқығы қамтамасыз етіледі, ал нормативтік құжаттар ұсынысты сипатта;

жариялылық – стандарттардың барлық жобаларын басып шығарумен және әр сын ескертпелерге назар аударумен іске асырылады;

барлық мүдделі жақтардың (тараптар) қатысуы – стандарттауға қатысушы барлық 4 заңды тұлғалардың тең құқылығы;

бірлік және қарама-қайшылықсыздық – стандарттаудың барлық жүйесінің бірлігін қамтамасыз ететін ережелер мен тәртіптер орнату және қолданыстағы нормативтік құжаттар мен жаңа қабылданған стандарттардың өзара сыйысымдылығын міндетті тексерумен көрінеді;

нақтылық – қазіргі ғылыми-техникалық деңгейге стандарттың міндетті сәйкестігінен тұрады;

жалпы пайдаға бағыттылық – бүкіл ел үшін пайда жеке жақ пайдасынан асып түсуі ережесімен анықталады;

экономикалық шындыққа бағыттылық – стандартқа тек қана абсолютті қажетті талаптар қаланады, себебі стандарттау- жалғыз мақсат қана емес;

стандарттаудың халықаралық сипаты – ДИН жұмыстары саудадағы техникалық кедергілерді жоюға және Еуропада халықаралық және еуропалық стандарттар қолдану үшін бірыңғай нарық жасауға бағытталған.

ДИН негізгі ұйымнан және еншілес бөлімшелерден тұрады. Институттың жалпы штатында барлығы 750 адам. ДИН мүшесі – фирмалар (кәсіпорындар) немесе басқа заңды мүдделі тараптар, сондай-ақ жеке мамандар, ғалымдар және тәжірибешілер.

ДИН мүшелері жиналыста Президиум (50 адам) сайлайды. Оған президент және оның орынбасарлары, қаржы комитетінің төрағасы, институт директоры, олармен бірге өнеркәсіп, кіші бизнес, сауда мен қызмет көрсету сфералары, ғылыми зерттеу институттары, сынау зертханалары, бақылау мен қадағалау қзметтері, қоғамдық ұйымдар (тұтынушылар, кәсіптік, экологиялық одақтары) және үкіметтік мекемелер кіреді.

Жұмысшы органдары – тек ұлттық стандарттар әзірлейтін ғана емес, халқаралық және еуропалық деңгейлерде германия бөлігінің жұмыстарын да қамтамасыз ететін техникалық комитеттері болатын ДИН комитеттері.

Комитеттерде 40 мыңға жуық штаттан тыс қызметкерлер – фирмалар, институттар, кәсіпорынлар және басқа мекемелер мамандары.

Германияда ұлттық стандарттау мына салаларды қамтиды: құрылыс, электротехника, химиялық өндіріс, нақты механика мен оптика, фотография мен кинематография, құжаттамалар мен іс-жүргізу, денсаулық сақтау, атомдық техника, ауыл шаруашылығы, бояу өндірісі, машинажасау мен кемежасау, авиация, спорт пен демалыс, сағат құрастыру, зергерлік және тісемдеу істері, су шаруашылығы мен канализация және басқалары.

ДИН-нің еншілес ұйымдары – «Бойт» баспасы, ДИН «Бағдарламалық» қамтамасыз ету қоғамы, нормативтік құжаттар баспасы, ақпарат және өнім жөніндегі Неміс қоғамы, сапа жүйесін қамтамасыз етуді сертификаттау жөніндегі Неміс қоғамы, өнімді маркілеу жөніндегі Неміс қоғамы. Оларға жетекшілікті әкімшілік істері, баспа ісі мен ақпарат жөніндегі институттың Бас бөлімі жасайды.

Неміс ұлттық стандарттары ұсыныс сипатында және олар заңды нормалар сияқты емес, «техниканың жалпы танылған ережесі» болып қаралады.

Институт пен үкімет арасында келісім жасалынған. Соған сәйкес DIN бүкіл қоғам мүддесі мен саудадағы техникалық кедергілерді жоюға үлес қосуға, сондай-ақ еңбекті қорғау, тұтынушылар мен қоршаған ортаны қорғау үшін іс-әрекет етуге міндетті.

ДИН атқарып жатқан жұмыстар мүдделі жақтар – нормативтік құжаттарға тапсырыс берушілерімен келісімдер негізінде қаржыландырылады.

Стандарттау жұмыстарынан басқа, ДИН өнім сәйкестігін сертификаттаумен де айналысады. Институт қызметтерінің бұл аймағы ДИН Президиумы шешімі бойынша құрылған және ДИН (немесе халықаралық) стандарттары талаптарына өнімнің сәйкестігін сертификаттау жүйесін ұйымдастыру, басқару және қадағалаумен айналысатын Германияның өнімді маркілеу жөніндегі қоғамымен (DОWK) байланысты.

Стандарт әзірлейтін ДИН комитеттері бірмезгілде сертификаттау жөніндегі комитеттер болып та саналады. Олардың жұмысына сертификаттауға мүдделі ұйымдар өкілдері қатысады. Мәжілістер қажеттілікке байланысты шақырылады және жабық сипатта өтеді, ал қабыланған құжаттар арнайы шешімдер қабылдамайынша жарияланбайды.

ДИН-нің ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметтері 30 мыңнан аса стандарттар иен стандарттар жобалары бар стандарттар қоры негінде жүргізіледі.

ДИН-нің жыл сайынғы баспасы – техникалық ережелер каталогтары. Онда ұлттық стандарттар, стандарттар жобалары, басқа ұйымдар нормативтік құжаттары және де техникалық заңнамаларға өатысты барлық заңдар туралы ақпараттар болады.

Ақпарттық қамтамасыз етуде маңызды рөлді техникалық ережелер Ақпарттық орталығы (DITR) ойнайды. Ол ИСОНЕТ халықаралық ақпарат желісіне кіреді және стандарттау жөніндегі БСҰ кодексіне сәйкес, Германиядағы БСҰ-ның ақпарттық орталығы функциясын атқарады. Германия фирмалары банктер деректерін толықтыру үшін стандарттар туралы ақпарттарды сатып ала орталықтың көрсетілетін қызметтерін жақсы пайдаланады.
5 дәріс. Жапон өнеркәсіп стандарттары комитеті (ЖИСК)

Жапония стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымы – Жапондық өнеркәсіп стандарттары комитеті (ЖИСК) 1949 жылы құрылды. Ол ғылым мен техника Басқармасына бағынатын Сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігіне қарасты кеңес беруші орган, ал басқарманың стандарттау бөлімі негізінде ЖИСК хатшылығы рөлін атқарды.

ЖИСК құрамына – стандарттау жөніндегі Кеңес, салалық бөлімдер кеңестері, техникалық комитеттері кіреді. Стандарттау жөніндегі кеңес Комитеттің бас конференцияларын жүргізеді, жұмысты жоспарлайды және жоспарлардың орындаулуын бақылайды. Салалық бөлімдер кеңестері мен техникалық комитеттер (олар бірнеше жүз болады) өнеркәсіптер мен құрылыстардың негізгі салаларына стандарттар әзірлейді.

Барлық кеңестер мен техникалық комитеттердің мүшелерін Сыртқы сауда мен өнеркәсіп министрлігі тағайындайды. Әдетте, олар ғылым және іскерлер шеңберлерінің өкілдері, тәжірибешілер-мамандар, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, өнім дайындаушы мен тұтынушы мекемелер мамандары. Президент пен вице-президент Бас конференциямен екі жылда бір рет сайланады.

ЖИСК қызметтерін үкімет қаржыландырады.

Жапонияда «стандарттау туралы» Заңға сәйкес ұлттық өнеркәсіп стандарттары, өнеркәсіптік ассоциациясының сала стандарттары және фирмалық стандарттар қолданыста.



Ұлттық өнеркәсіп стандарттары өндіретін және өңдейтін өнеркәсіп салалары үшін ерікті сипатта болады. Бірақ медициналыұ препараттар , ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау құралдары және минералдық тыңайтқыштарға стандарттар міндетті.

Ұлттық өнеркәсіптік стандарттарды «Стандарттар туралы» Заңы бойынша уәкілетті сала министрліктері бекітеді: сыртқы сауда мен өнеркәсіп, денсаулық сақтау мен әл-қуат, ауыл және орман шаруашылықтары, балық аулау, көлік, құрылыс, ағарту, пошта байланысы, еңбек, ішкі істер. Орман және ауыл шаруашылығы өнімдері үшін Орман және ауыл шаруашылығы министрлігі бекітетін ауыл шаруашылығы стандарттары әзірленеді.

Стандартты әзірлеу тәртібі мынандай этаптардан тұрады: кез келген мекеме, ғылыми қоғам, ассоциация өнеркәсіптің сәйкес салас министрлігіне стандарт әзірлеу (немес оның құрастырылған жобасын) туралы ұсыныс береді; техникалық комитеттердің бірі жобаны талқылайды, сонан соң стандарт жобасын құптау (немесе қайтару) жөнінде соңғы шешім қабылдауға құқықты бөлім кеңесіне әрі қарай қарауға жібереді. Қиын жағдайларда жоба бойынша соңғы шешімді Стандарттау жөніндегі кеңес қабылдайды.

Стандарт жобасы бойынша комитет президентінің қолы қойылған қорытынды жобамен қоса Сыртқы сауда мен өнеркәсіп министрлігінің Ғылым мен техника басқармасына жіберіледі. Соңғы жоба ұлттық стандарт ретінде бекітуге сала министрлігіне түседі. Жаңа қабылданған немесе қайта өңделген стандарттар туралы ақпараттар стандарттар жөніндегі Жапондық ассоциация басып шығаратын үкімет газетінде жарияланады.

Ұлттық өнеркәсіп стандарттарын үш жылда бір рет қайта қарайды.

Өнеркәсіптік ассоциациялардың салалық стандарттары тәртіп бойынша ұлттық стандарттардың бөлшектенуі сияқты болып келеді.



Фирмалық стандарттарды ұлттық және салалық стандарттар негізінде әзірлейді, бірақ тәртіп бойынша фирмалық стандарттардың талаптары фирманың өндірістік мүмкіншілігі арқасында, оның тұтынушылардың белгілі бір шеңберін қанағаттандыруға тырысуы, бәсекелестерге бағыт-бағдары және басқа жағдайларға байланысты ұлттықтан өзгеше. Фирмаларда стандарттау бойынша жұмыстарды стандарттау бөлімі жүргізеді. Стандарт жобасы пікір мен ескертпелер үшін міндетті түрде фирманың бөлімшелеріне жіберіледі, сонан соң фирмалық стандарттың соңғы жобасы құрастырылады, оны фирма басшысы бекітеді.

Жапонияда «Өнеркісіптік стандарттау туралы» Заң негізінде өнеркәсіптік өнімнің ұлттық стандартқа сәйкестігіне сертификаттау жүргізіледі. Бұйымдардың сәйкестігінің куәсі – «JIS» белгісі. Өнімді стандартқа сәйкестігі белгісімен маркілеу құқығы мен сертификат беруге рұқсатты, сол өнімнің сапасына салалық инспекциялық бақылау мен өндірістік процесс жағдайын бағалау жүргізілуін кәсіпорындағы аттестациялау нәтижелері бойыынша сала министрлігі береді.

Қазіргі кезде 16 мыңнан аса жапондық кәсіпорындар өздерінің ұлттық стандарттарға сәйкестік белгісімен маркілеу құқығына ие болды.

1980 жылдан бастап стандартқа жапондық сәйкестік белгісін пайдалану құқығының сертификаты шетелдік кәсіпорындарға да беріле бастады. Соңғы 10-15 жылдар көлемінде 20 аса елдің 150 аса кәсіпорындарының осындай құқыққа ие болуы стандарттау жөніндегі БСҰ кодексін қабылдаудың нәтижесі болады.

Жапондық фирма, мәлімдеме бергеннен орташа 3 айдан соң сертификат алады, ал шетелдіктер – жарты жылдан кейін. Сертификаттау бойынша барлық шығынды мәлімдеме берумен өтейді.

Жапонияда бірде бір дайындаушы үкіметтік органдардан немесе беделді компаниядан мәртебелі тапсырыс ала алмайды, егер оның өнімінде «JIS» белгісі болмаса. «JIS» белгісіне сертификаттау – машина жасау, электртехника, кеме жасау, теміржол транспорты, қара және түсті металлургия, авиация, азаматтық құрылыс пен сәулет, химиялық және целлюлозалық-қағаздық өнеркәсіп, кен өндіретін өнеркәсіп сияқты салаларды қамтиды. Салалық министрліктер сертфикаттау жөніндегі тізімге қоолданудан олардың сферасы кеңеюі мүмкін болатын және сонымен бірге жапон тауарларының қауіпсіздігі мен экологиялылығы жөніндегі мемлекеттік техникалық саясат міндеттерін шешуге мүмкін өнім түрлерін ғана қосады.

Жеке секторлардағы стандарттауға үлкен мән берілуде, әсіресе фирмалық стандарттаудың нәтижелерін ұлттық нормативтік құжаттарға енгізуде. Екі үштылық дәрежесін төмендету үшін дайын бұйым фирмалық стандартын пайдалануда, оынң құралатын бөліктеріне стандарт әзірлеу қажет екені мойындалады. Фирмалық стандарттың ұлттық ретінде қабылдау мерзімін қысқарту, нормативтік құжат талқылау кезеңін қысқарту арқылы да болады. Жеке сектордағы стандарттаудың дауасын табу үшін фирма жеткен нәтижелерді пайдаланудағы ақысыз (тегін) принципі қайта қаралады.

Жеке секторда жеткілікті көп мөлшерде стандарттар әзірленеді, бірақ оларда қоршаған ортаны қорғау жөнінде талаптар жоқ, әлеуметтік мәселелерге және халықаралық стандарттармен әділ бәсекелесу мен үйлесуге жағдай жасауға бағытталмаған. Жеке нарықтық сигменттерде жұмыс істейтін фирмалар, стандарттар көмегімен өзінің нарық үлесін ұстап қалуға тырыса жеткен жағдайын сақтайды және нормативтік құжаттарды униыикаттау қажеттілігін сезінбейді. Осындай жағдайларға байланысты стандарттауды дамытуда мемлекеттің рөлі, онда да жеке секторға әсер ету жоспарында күшеюі қажет. Стандарттау процесін, сондай-ақ нормативтік құжаттың өзінің мазмұны мен деңгейін де жетілдіру үшін толық және қажетті ақпартты фирмаларға беруге жағдай жасау керек.

Бірақ экономидағы жеке сектор үлесінің көбею процесі, стандарттаудағы мемлекет рөліне әсер етеді және оған стандарттау ортасының жаңа жағдайында өз іс-әрекеттерін қайта қарауға тура келеді. Мемлекет стандарттың өте жетілген вариантын таңдауға мүмкіндігінше оны әзірлеу сатысында әсер ету қажет.

Халықаралық стандарттау ұйымдары:

Халықаралық байланыстардың үздіксіз кеңейе түсуі, стандарттаудың жеке мемлекет шеберінде шектеліп қалуына мүмкіндік бермейді. Түрлі елдердің саудалық, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықта жетістіктерге жетуіне, бірінші кезекте халықаралық стандарттаудың маңызы орасан. Халықаралық стандарттарды әзірлеу қажеттілігінің әбден көзіне көріне түсу себебі халықаралық сауданың өсу қарқыны ұлттық экономиканың дамуынан 3-4 есе асып тұрса да әлемдік нарыққа ұсынылған бірдей өнімідердің ұлттық стандарттарындағы айырмашылықтар халықаралық сауданың дамуына бола берді.

Мысалы, өткен ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен көптеген басқа елдердің теледидар стандарттарының айырмашылықтары болуына байланысты АҚШ өз теледидарын экспортқа шығарудан бас тартты. Голландияның «Филипс» фирмасына импорт алатын ел талаптарын қанағаттандыру үшін бір радиоқабылдағыштың 12 вариантын (кернеу,жиілік, тоқтың күші және т.б. бойынша) жасау қажет болды. Тіпті бір кездері фирманың конструкторлық схеманы ауыстырып көптеген қосымша бөлшектер, бақылау-өлшеу құралдарын пайдалануына тура келді. Ол әрине көп уақыт пен қаражат жұмсауына әкеліп соқты.
6 дәріс. ИСО халықаралық стандарттау ұйымы

Ұйым 1947 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. ИСО-ның стандарттаудағы қызмет аясы өте кең, бірақ оған МЭК құзіретіне жататын электроника мен электртехникалары ғана кірмейді.ИСО жұмысына 120-дан аса елдер қатысады.КСРО ұйымды алғашқы қалаушылардың бірі болды.ИСО-ның қаражат қоры мүше-елдер жарнасы,стандарттар мен басқа басылымдар сату,сондай-ақ қайырымдылықтардан құралады.ИСО басшы органдары - Бас ассамблея ,ИСО Кеңесі, Кеңес комитеттері, Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық;ИСО-ның жоғары органы – Бас ассамблея (16-сурет).

Бас ассамблея - мүше-комитеттермен тағайындалған лауазымды тұлғалар мен делегаттар жиналысы.Әр мүше-комитеттен үшеуге дейін делегат қатысуға құқылы, бірақ олардың бақылаушылары еріп барады. Мүше-корреспонденттер мен мүше-абоненттер бақылаушы ретінде қатысады.

Бас ассамблеяның сессия аралық кезеңінде ұйымның жұмысына стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың өкілдері кіретін Кеңес жетекшілік жасайды.Кеңес қарамағындағы ИСО техникалық комитеттеріне басшылық жасайтын атқарушы бюро құрылған.

Халықаралық стандарттар жобаларын техникалық комитет шеңберінде іс-әрекет жасайтын тікелей жұмысшы топтары әзірлейді.

ИСО өз міндеттерін тауарлар және көрсетілетін қызметтермен халықаралық алмасуын қамтамасыз ету, сондай-ақ интеллекті, ғылыми-техникалық мен экономикалық салалардың ынтымақтастығын дамыту мақсатында дүниежүзінде стандарттауды және стандарттаумен сабақтас қызметтер түрлерін дамытуға ықпал етумен анықтайды.




Стандарттаудың негізгі нысандары мен стандарттар мөлшері (жалпы мөлшерден алынған % -ы)ұйым мүдделерінің кең диапазонын сипаттайды:

Машина жасау.............................................................29

Химия.............................................................................13

Металл емес материалдар............................................12

Кендер мен металдар......................................................9

Ақпараттық техника.....................................................8

Ауыл шаруашылығы.....................................................8

Құрылыс...........................................................................4

Арнайы техника..............................................................3

Денсаулық сақтау мен медицина ...............................3

Негіз қалаушы стандарттар..........................................3

Қоршаған орта................................................................3

Тауарларды буып –түю мен тасымалдау....................2

ИСО стандарттары әлемде өте кең көлемде пайдаланылады.

Олар 100 млн асады, ал жыл сайын 500-600 стандарттар қайта қаралып және қабылданып жатады.

Техникалық комитетер (ТК)- жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласында жұмыстар атқаратын комитеттерге бөлінеді.Жалпы техникалық комитет (ИСО-да олар 26) жалпы техникалық және салааралық міндеттерді шешеді.Оларға , мысалы,''Өлшем бірліктері” 12ТК, “Ұнамды сандар”19ТК, “Терминология”37ТК және т.б комитеттер жатады. Техниканың нақты салаларында жұмыстар атқаратын ТК (140 жуық), мысалы, “Автомобильдер” 22ТК, “Станоктар” 39ТК және т.б кіреді. Атқаратын қызметтері саланы (химия , авиациялық және ғарыштық техника және т.б) түгелдей қамтитын техникалық комитет бөлімдер мен жұмысшы топтарын ұйымдастырады.

ИСО-ның әр мүшесі мүдделілік дәрежесіне қарай әр техникалық комитет жұмысына өзінің қатысу статусын анықтайды. Олар бақылаушы ретінде де белсенді мүше болуы керек.Халықаралық стандарт жобасы техникалық комитеттің белсенді мүшелерінің көпшілігінен (75%) күптау алса,онда ол қабылданды деп есептелінеді.

Қазір шамамен 11 мың ИСО халықаралық стандарттары қолданыста.ИСО халықаралық стандарттарының 75% негіз қалаушы стандарттар, немесе сынау әдістерінің стандарттары

Халықаралық стандарттау тәжірибесінде өнім стандарттарын әзірлеудегі негізгі күш өнімге бірыңғай сынау әдістемелерін, маркілеу, терминдеу талаптарын орнату, яғни өнімді қай ел өндіретіні мен пайдаланатынына қарамай дайындаушы мен тұтынушының өзара ұғынулары оларсыз мүмкін еместей болатын аспектілерге аса көңіл бөлу болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық стандарт өнімнің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіздігі, өзара ауыс-тырымдылығы мен техникалық сыйысымдылығына қатысты талаптарын қою. Нақты өнім сапасына қойылатын басқа талаптарға келетін болсақ, онда оларды халықаралық стандарттың белгілеуі қажет емес. Тұтынушы-лардың түрлі категориялары үшін нақты өнім сапасының нақты норма-сы тікелей келісім-шарттағы (контракт) баға арқылы қалпына келтіріледі.

ИСО-ның жалпы техникалық және салааралық техникалық комитет-тер қызметтерінің нәтижелерін қарай отырып халықаралық өлшем бірлігі жүйесін әзірлеуі, бұраманың метрлік жүйесін, барлық көлік түрлерімен жүк салатын контейнерлердің стандарттық размері мен конструкциясы жүйесін қабылдау оның үлкен жетістіктері екенін атап өту керек. Қазір-гі кезде 1979жылы құрылған “Сапаны қамтамасыз ететін жүйелер” 176ТК-нің жұмысы ерекше көңіл аудартады. Оның міндетіне сапаны қамтамасыз ететін жүйе жасаудың негіз қалайтын принциптерін стандарттау мен үйлестіру кіреді.1987 жылы кәсіпорындардағы өнім сапасы мәселелерін шешудің бірыңғай жолына бағытталған 9000 серия-лы ИСО-ның төрт стандартының бірінші ұқсамы, ал 1994 жылы өзгерту-лер енгізуден кейін - екінші, ал 2000жылы келесі ұқсамы жарияланды.

ИСО Кеңесіне жеті комитет – ПЛАКО, СТАКО, КАСКО, ИНФКО, ДЕВКО, КОПОЛКО және РЕМКО кіреді.

СТАКО халықаралық стандарттар әзірлеу принциптері мен әдістемеле-рі бойынша ИСО Кеңесіне әдістемелік және ақпараттық көмек жасауға міндетті.Комитет күшімен берілген салада қолайлы нәтижелерге жету бойынша ұсыныстар дайындау мен стандарттаудың негіз қалаушы принциптерін зерттеу жүргізіледі.Сонымен қатар, СТАКО терминология мен сауданы дамыту үшін халықаралық стандарттар пайдалану жөнінде семинарлар ұйымдастырумен айналысады.

ПЛАКО жұмыстың техникалық жақтарын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша ИСО жұмыстарын жоспарлау жөнінде ұсыныстар дайындайды. ПЛАКО жұмыстарының сферасына техникалық комитеттерді құру мен тарату жөніндегі ұсыныстарды қарау, комитеттердің айналысуы қажет стандарттау ауқымын анықтау кіреді.

КАСКО – өнім, көрсетілетін қызмет, процестер және сапа жүйелерінің стандарттар талаптарына сәйкестігін мақұлдау мәселелерімен айналысады осы іс- әрекеттердің тәжірибесін зерттейді және ақпаратты талдайды. Комитет өнім, көрсетілетін қызмет, сапа жүйелерінің сәйкестігін бағалау (сертификаттау) мен сынаулар, сертификаттау жөніндегі сынау зертханалары мен органдарының құзіреттілігін растау бойынша нұсқау-лар әзірлейді. КАСКО жұмыстарының маңызды аясы - ұлттық және ай-мақтық сертификаттау жүйелерін өзара мойындау мен қабылдау, сондай-ақ сынау мен сәйкестікті мақұлдау төңірегінде халықаралық стандарттар-ды пайдалануға ықпал ету.

КАСКО мен МЭК бірлесіп ИСО мен МЭК мүше –елдері кеңінен пай-даланып жатқан сертификаттаудың түрлі аспектілері жөніндегі бірқатар нұсқауларды әзірледі. Ол құжаттардағы келтірілген принциптер ұлттық сертификаттау жүйелерінде ескерілді және де аймақтардағы елдердің сауда- экономикалық байланыстарында өзара жеткізілетін өнімдер сәйкес-тігін бағалау жөніндегі келісімдер үшін негіз болды.Сонымен қатар КАСКО сынау зертханаларын аккредиттеу мен аккредиттейтін органдар жұмыстарының сапасын бағалау бойынша аудиторияларға жалпы талап-тар дайындау және өнім мен сапа жүйелері сәйкестігі сертификаттарын өзара мойындау мәселелерімен айналысады.

ДЕВКО дамып келе жатқан елдердің стандарттау төңірегіндегі сұраныс-тарын зерттейді және сол елдердің осы саласына ықпал етуге ұсыным-дар әзірлейді.

ДЕВКО-ның басты функциясы:

-дамып келе жатқан елдерде стандарттаудың барлық аспектілерін кең көлемде талқылаулар ұйымдастыру, дамыған елдердің тәжірибелерін алмасуға жағдайлар жасау;

-дамыған елдердің түрлі оқып – үйрету орталықтары базасында стандарт-тау жөнінде мамандар даярлау;

-дамып келе жатқан елдердегі стандарттаумен айналысатын ұйымдар ма-мандарын тәжірибе жинақтауға жіберуге ықпал ету;

-дамып келе жатқан елдер үшін стандарттау жөнінде оқу құралдар дайындау ;

-стандарттау және метрология төңіреңінде өнеркәсібі дамыған елдер мен дамып келе жатқан елдердің екі жақты ынтымақтастығының дамып – жетілуіне себепші болу.Бұл бағыттарда ДЕВКО БҰҰ-мен қызметтес бо-лып келеді. Біріккен әрекеттердің, әсердің нәтижелерінің бірі халықара-лық оқыту орталықтарын құруы мен оның қызмет етіп жатуы.

КОПОЛКО міндеттеріне мыналар кіреді:

-өнімді стандарттаудан өте жоғары әсер алатын, сондай-ақ ұлттық және халықаралық стандарттауға тұтынушылардың өте кеңінен қатысулары үшін қарастырылуы қажет шараларды анықтау;

-тұтынушыларды ақпараттармен қамтамасыз етуге, олардың мүдделерін қорғауға бағытталған ұсыныстарды және де стандарттау мәселелері бойынша оларды оқытып – үйрету бағдарламасын стандарттау позиция-сында жасап шығару;

-стандарттау, тұтыну тауарларына стандарттарды қолдану (пайдалану) және тұтынушылар мүдделеріне қажетті басқа да стандарттау мәселелері бойынша жұмыстарға тұтынушылардың қатысу тәжірибелерін жинақтау.

КОПОЛКО қызметтерінің нәтижесі - мекемелері мүддесіне қажетті ұлттық және халықаралық стандарттар тізімдерін басып шығару және де тұтыну тауарлары сапасын бағалау басшылықтарын нұсқауларын да-йындау. Олардың кейбіреулерін көрсетейік:

12 нұсқау “Тұтыну тауарларын салыстырмалы сынаулар”;

14 нұсқау “Тұтынушыларға тауар туралы ақпарат”;

36 нұсқау “Тұтыну тауарларының эксплуатациялық сипатын өлшеудің стандартты әдістерін әзірлеу”.

ИНФКО құзіретіне мыналар жатады:

-ақпараттық қызмет көрсетулер , деректер базалары, маркетинг, стандарттар мен техникалық регламенттер сату төңіректерінде ИСО мен мүшелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру;

-стандарттарды үйлестіру мен басқа жоғарыда аталған мәселелер бойынша саясат әзірлеу жөнінде ИСО Бас ассамблеясына кеңес беру;

-ИСО ақпарат желісі (ИСОНЕТ) жұмыстарын бақылау және басшылық жасау.

Осы негізгі міндеттерден басқа, ИНФКО ақпараттық іс- әрекеттеріне байланысты көп мөлшерде мынандай жұмыстар атқарады:

-стандарттау жөнінде ақпараттық орталықтар ұйымдастыру мен ақпараттық орталық жұмысы бойынша нұсқаулар әзірлейді;

-ақпараттық және маркетингтік қызмет көрсетулер нарығына талдау мен зерттеулер жасайды;

-ақпарат жинау, сақтау, іздестіру, алмасуларының жалпы принциптері бойынша ұсынымдар құрастырады және таратады;

ИСО-ға құжаттар жасау мен тарату мен жүйелерін ұйымдастырады және жүргізеді, осы жүйелердің өзара әрекеттеріне ықпал етеді;

-ақпараттық қызмет көрсетулер төңірегіндегі халықаралық стандарттарды көпшілікке танымал етеді және оларды пайдалануда мадақтайды;

-түрлі ақпараттық орталықтар жұмысы туралы тәжірибе мен ақпарат алмасуды ұйымдастырады;

-ақпарат және оған байланысты қызметтер мәселелері бойынша халық-аралық ұйымдармен қызметтес болады;

-ИСОНЕТ мүшелерін қабылдау мен тіркеу бойынша әрекеттер жасайды.

Осындай кең көлемдегі жұмыстар комитеттің қазіргі атауына негіз болды (бұрынғы атауы Ақпарат жөніндегі комитет).

ИНФКО-ның мүшесі ИСО мүше – комитеттердің кез келгені бола алады, егер оның жұмыстарына қызығушылық танытатын болса. Мүшелік үш категорияға бөлінеді: нағыз мүше (Р), бақылаушы (О), мүше-корреспондент

ИНФКО құрамына Басқару кеңесі мен ақпарат, жүйелер және марке-тинг жөніндегі топтар кіреді.

ИНФКО жақын болашаққа мынадай мәселелерді белгілейді:

-стандарттар туралы халықаралық электронды қ ақпарат қызметін жасау жөніндегі ұсыным әзірлеу;

-ақпаратты қағаз жүзіндегі және электрондық тасымалдаудағы авторлық құқықтарды қорғау бойынша жалпы басшылық прициптер дайындау;

-халықаралық стандарттау төңірегінде маркетингтің стратегиясын жоспар-лау мен шешу міндеттері, оның ішіне Комитеттің өзінің қызметтерін жетілдіруге байланысты міндеттерде кірді.

Комитет 61 нағыз – мүшелер мен 16 бақылаушы – мүшелерден тұрады.

ИСОНЕТ ақпараттық жүйесі ИНФКО ақпараты жөніндегі топ құрамына кіреді.

ИСОНЕТ-тің басым мақсаттары:


-халықаралық және ұлттық стандарттар туралы, стандарттау жөніндегі құжаттар туралы, стандарттау төңірегіндегі кітаптар, анықтамалар мен оқулықтар басып шығару туралы ақпараттар алмасуды қамтамасыз ету;

-басқа халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЮНЕСКО, МАГАТЭ және басқалары) ақпарат жүйелерімен байланыс орнату және бірыңғай ақпарат тілі – тезаурусты жасау.

ИСОНЕТ-тің 60 аса ұлттық мүшелері, 10 жуық ассоциациялық пен ха-лықаралық мүшелері және ИСО/МЭК ақпарат орталығы бар.

РЕМКО стандартты үлгілерге (эталондар) қатысты мәселелер бойынша сәйкес нұсқаулар әзірлеумен ИСО-ға әдістемелік көмек жасайды. Оған “Халықаралық стан­дарттардағы стандарттар үлгілеріне сілтеме”, “Стан-дартты үлгілерді аттестациялау. Жалпы және статистикалық принциптер” және тағы да басқа стандартты үлгілер анықтамалары мен бірнеше нұсқаулар жатады. Бұлардан басқа, РЕМКО стандартты үлгілер бойынша ИСО қызметтерін халықаралық метрологиялық ұйымдармен үйлестіруші, атап айтқанда МОЗМ - Заңнамалық метрология халықаралық ұйымымен.

Ақпараттық қамтамасыз етуде ұлттық стандарттар нұсқауларын дайын-дауға әдістемелік негіз болатын стандарттау жөніндегі халықаралық жік-теуіштің маңызы зор. Бірнеше елдер (Канада, Исландия, Ирландия, Италия және басқалары) стандарттау жөніндегі халықаралық жіктеуішке өздері-нің ақпараттық жүйелерін енгізіп қойған.Қазақстан бұл жүйеге жақын болашақта енуге іс- әрекет етуде.

ИСО-ның қазіргі кездегі өте маңызды, мәні зор міндеті – стандарттар қоры құрылымын жетілдіру .90-шы жылдардың басында машина жасау, химия (12,5%жуық) салаларының стандарттары асып артылды. Ал, денсаулық сақтау мен медицина төңірегіндегі стандарттардың барлық үлесі 3,5% болса, қоршаған ортаны қорғау 3% төңірегінде. Салыстырмалы онша көп емес (10,5% жуық) информатика, электроника және ақпараттық қамтамасыз ету салалары стандарттары алды.Болашақта әлеуметтік сфералар (қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау) , сондай-ақ ақпараттық технологиялары ИСО қызметтерінде басты болуы қажет.

Нақты өнімнің әлемдік дайындаушылары болатын елдер мен фирмалардың бүкіләлемдік нарықтағы қызу бәсекелестігі халықаралық стандарт әзірлеу этапында басталады және көрінеді. Стандарттау жөнін-дегі аймақтық және халықаралық ұйымдардың арасында көшбасшылық үшін тартыстар ұдайы жүріп жатады және солай болғандықтан да экономикасы дамыған елдердің нақты халықаралық стандарт жобасына сәйкес ұлттық стандарттарын көру толық әділдік және олар осы жоба-да өздерінің ұлттық мүдделерін көрсету үшін күреседі.Барлық техника-лық комитеттер әзірлеген ИСО халықаралық стандарттарының жалпы мөлшерінің 70% астамы әлемдегі өндірісі жетілген елдердің ұлттық немесе фирмалық стандарттарына сәйкес болуы кездейсоқтық емес.

Қандай да болмасын елдердің халықаралық стандарт әзірлеуде көшбас-шы болуы, көп жағдайда олардың мамандарының ИСО, МЭК, ЕО жұмыс органдары – техникалық комитет, комитет бөлімі, жұмыс тобында қатысу дәрежесімен анықталады.

Қазіргі кезде ИСО-ның 3 мыңға жуық жұмысшы органдары болса, оның ішінде 185 техникалық комитеттер, 636 комитет бөлімдері, 1975 жұмыс топтары мен 36 мақсатты топтар қызмет атқарады.

Халықаралық стандарттар жасау жұмыстарымен тікелей тнхникалық комитеттер мен оның бөлімдері және нақты бағыттағы жұмыс топтары айналысады.

ИСО-ның ресми тілдері – ағылшын, француз және орыс. ИСО-ның жалпы халықаралық стандарттарының 70% жуығы орыс тіліне аударылған.

Халықаралық стандарт дайындау схемасы мынадай тәртіппен жүргі-зіледі; мүдделі тараптар мүше – комитет, техникалық комитет, Бас ассам-блея комитеті (немесе ИСО-ға мүше емес ұйым) атымен ИСО-ға стан-дарт әзірлеуге тапсырыс жібереді. Бас хатшы мүше – комитеттермен келі-сім бойынша Техникалық басқару бюросына сәйкес техникалық комитет құру туралы ұсыныс береді. Техникалық комитет мынандай жағдайларда құралдардың мүше комитеттеріне жақтап дауыс берсе және олардың бесеу-ден кем емесі сол комитетке белсенді мүше болуға емеурін танытса, ал Техникалық басқару бюросы болашақ стандарттың халықаралық маңыз-дылығына күмән келтірмесе. Әдетте, жұмыс процесінде барлық мәселе-лер техникалық комитет қызметтеріне белсенді қатысушы мүше – коми-теттер консенсусы негізінде шешіледі.

Стандарт жобасына қатысты консенсусқа жеткеннен соң, техникалық комитет оны дауыс беруге барлық мүше – комитеттерге жіберу мен тіркеу үшін Орталық хатылыққа өткізеді. Егер жобаны дауыс берушілер-дің 75% құптаса, ал халықаралық стандарт ретінде жарияланады.

ИСО техникалық жұмыстарына әлемнің түрлі елдерінен 30 мыңнан аса сарапшылар қатысады. ИСО әділ және бейтарап ұйым ретінде әлемдік беделге ие ірі халықаралық ұйымдар арасында өте жоғары статусты.

ИСО халықараық стандарттары міндетті емес, яғни әр ел оларды толық қолдануға, ккейбірін жекелеп қолдануға немесе тіпті қолданбауға құқы-лы. Бірақ, әлемдік нарықтағы қызу бәсекелестік жағдайларында, өнім да-йындаушылар өздерінің бұйымдарының бәсекелестікке қабілеттілігін сақ-тауға тырысып, халықаралық стандарттарды пайдалануға мәжбүр болады. Шетелдік мамандардың бағалауынша алдыңғы қатарлы өндірісі дамыған елдер ИСО-ның барлық фондының 80% дейінін қолданады. Экономикасы көп дәрежеде сыртқы саудаға байланысты басқа елдердің де халықара-лық ұйымдары ИСО стандарттарын өте кеңінен пайдаланады. Оларға сыртқы саудасының үлесі өндірісінің жалпы көлеміне қатынасы 40-50% құрайтын Нидерланда, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания жатады. Бұл елдер халықаралық стандарттар бар салаларға өздерінің ұлттық стандарттарын жасамауға тырысады.
7 дәріс. Халықаралық электртехникалық комиссия (МЭК)

МЭК - электртехника, радиоэлектроника, байланыс салалары стандарттарын әзірлейді. Ол 13 ел қатысқан халықаралық конференцияда бұдан бір ғасыр бұрын 1906 жылы, яғни ИСО - дан бұрын қүрылды.МЭК мен ИСО - ның әр мезгілде құрылуы мен түрлі бағыттылығына, екі ірі халықаралық ұйымның бір қатар бағытта қызмет етіп келе жатыр.

ИСО мен МЭК - тің міндеттерінің ортақтығы мен кейбір органдар қызметтерінің қосақталу мүмкіндігін ескере, бұл екі ұйымның арасында бір жағынан қызметтер аясын шектеу, ал басқа жағынан техникалық қызметтерді үйлестіруге бағытталған.

МЭК мүшелерінің мөлшері (60 жуық) ИСО - дан кем. Бұл көптеген дамып келе жатқан елдерде электртехника, электроника және байланыстардың мүлдем болмауы немесе нашар жетілгендігінен. КСРО 1922 жылдан бастап МЭК мүшесі болған.

МЭК - тің жоғары басқару органы- барлық ұлттық комитеттер кіретін Кеңес (17-сурет). Кеңестің жыл сайынғы мәжілістері МЭК мүше елдерінде кезекпен өткізіліп, ұйымның қызметтерінің барлық кешенді мәселелерін шешуге арналады. Шешімдер жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар бөлінуі тең болған жағдайда Президент шешуші дауыс құқығына ие.

МЭК ұйымына мүше елдердің көпшілігі стандарттау жөніндегі ездерінің ұлттық ұйымдарымен кірген, кейбір елдерде (Франция, Германия, Италия, Бельгия және басқалаларын стандарттау жөніндегі ұлттық ұйым құрылымына кірмейтін МЭК - ке қатысу жөніндегі арнайы комитеттер құрылды.

МЭК ресми тілдері - ағылшын, француз және орыс.

Ұйымның өз жарғысымен анықталған негізгі мақсаты - халықаралық стандарттар мен басқа құжаттар әзірлеу арқылы электротехника және радиотехника төңірегінде стандарттау және онымен сабақтас мәселелер жөнінде халықаралық ынтымақтастыққа ықпал ету. Іс - әрекет комитетіне бағынышты кеңес беруші топтар жұмыс істейді. Комитет оларды техникалық комитет жұмыстарына нақты мәселелер бойынша үйлестіру қажеттілігі туындағанда құруға құқылы. Екі кеңес беруші топтар қауіпсіздік нормаларын әзірлеуді өзара бөлісіп алған: АКОС - электр қауіпсіздігін, АСЕТ - электроника мен байланыс мәселерін.

МЭК - тің негізгі стандарттау нысандары:

- электртехника өнеркәсібінің материалдары (сұйық, қатты, газ тәрізді дтэлектриктер, мыс, аллюминий және олардың балқымалары, магнитті материалдар);

- өндірістік мақсаттағы электртехника жабдықтары (дәнекерлеуші аппараттар, қозғағыштар, жарық техникалық, жабдығы, реле, төменгі вольтті аппараттар, желілер және басқалары);

- электрэнергиялық жабдықтар (булық және гидравликалық турбиналар, электрбайланыс сымдары, генераторлар, трансформаторлар);

- электрондық өнеркәсіп бұйымдары (интегралдық схемалар, микропроцессорлар және басқалары);

- тұрмыстық және өндірістік мақсаттардағы электрондық жабдықтар;

- электраспаптар;

- байланыс серіктеріне арналған жабдықтар;

- терминология.

МЭК құрамындағы электрондық және электртехникалық жабдықтар шығаратын радиокедергілерді өлшеу әдістерін стандарттаумен айналысатын Радиокедергілер жөніндегі Халықаралық арнайы комитеттің (СИСПР) біршама ерекше статусы бар. Ондай кедергілер жіберілуі мүмкін деңгейлер іс - жүзінде барлық дамыған елдердің тікелей техникалық заңнамаларының нысандары. Электрондық және электртехникалық жабдықтардың СИСПР стандарттарына сәйкестігі сертификатталады.

СИСПР - ге тек ұлттық комитеттер ғана емес, халықаралық комиттер де қатысады: Еуропалық радиохабар одағы, Халықаралық радио мен теледидар ұйымы, Халықаралық электротехникаларын өндіретін және тарататын одақ, Халықаралық ірі электртехникалық жүйелері жөніндегі конференция, Халықаралық теміржол одағы, Халықаралық қоғамдық көлік одағы, Халықаралық электртермия жөніндегі одақ. Комитет жұмысына бақылаушылар ретінде Халықаралық радио байланыс комитеті мен Халықаралық азаматтық авиация комитеті қатысады. СИСПР халықаралық нормативтік құжаттар, сондай - ақ ақпараттық құжаттар да әзірлейді.

МЭК-тің негізгі үйлестіруші органы – Іс-әрекеттер комитеті. Бұл комитет өзінің басты міндеті техникалық комиттер жұмыстарын үйлестіруден басқа, жұмыстардың жаңа бағыттары қажеттілігін анықтайды, техникалық жұмысты қамтамасыз ететін әдістемедік құжаттар әзірлейді, басқа ұйымдармен қызметтесу мәселелерін шешуге қатысады және Кеңестің барлық тапсырмаларын орындайды.

МЭК бюджеті ИСО - кі сияқты, осы ұйымға мүше - елдердің жарнасы мен халықаралық стандарттар сату түсімдерінен құралады. МЭК техникалық органдарының құрылымы да ИСО сияқты-техникалық комитет, комитет бөлімдері және жұмыс топтарынан тұрады. МЭК-те 80 техникалық комитет бар, олардың бір бөлігі (ИСО-дай) жалпы техникалық және саларалық сипаттағы халықаралық стандарттар, ал басқа бөлігі нақты өнім түрлерінің халықаралық стандарттарын әзірлейді.

Қазіргі уақытқа дейін МЭК 3000 аса мемлекеттік стандарттар әзірледі. Тұрмыстық электрбұйымдары мен машиналаларға арналған қауіпсіздік талаптары жөніндегі жұмыстарды МЭК атқаруының маңызын атап өткен жөн. Әр елдерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолының түрліше болуына байланысты «Тұрмыстық электраспаптары қауіпсіздігі» 61 ТК барлық электраспаптары мен машиналарға талаптар қойған 40 аса мемлекеттік стандарттар шығарды. МЭК халықаралық стандартына электраспаптар мен машиналардың сәйкестігін сертификаттау жүйесін МЭК - те құруына байланысты, осы сала бойынша стандарттар әзірлеудің маңызы ерекше.

Болашақта кейбір мамандардың болжамдары бойынша МЭК пен ИСО - ның іс - әрекеттері бірте - бірте жақындай түседі: бірінші этапта - мемлекеттік стандарттар даярлаудың бірыңғай тәртібін әзірлеу, бірлескен техникалық комитет құру; ал екінші этапта-бірігіп кетуі мүмкін, ИСО мен МЭК ұйымдарына көпшілік елдер тіпті бір органдар - ұлттық стандарттау жөніндегі ұйымдармен кірген.

ИСО мен МЭК халықаралық стандарттарын даярлау мерзімдерін қысқарту маңызды міндет, себебі қазіргі кезде оларды әзірлеуге орташа 4 - 5 жыл кетеді. Өнімнің моральді ескіру мерзімінің қысқарға ыңғайлануы, стандарттарға халықаралық сауда сұраныстарының шапшаң әсерінің қажеттілігі халықаралық стандарттар әзірлеу мерзімін күрт қысқрту міндетін қояды. Халықаралық стандарттар жобасын телеконференция шеңберінде талқылау тәртіптері тәжірибеде жиі қолданыла бастады. Телеконференциялардың әр елдер мамандарының іс - сапармен келіп қатысатын дәстүрлі мәжілістерінен айырмашылығы, олар жиі, ұйымшылдықпен және тез өткізіледі. Мамандардың бағалауынша, дәстүрлі тәртіп шеңберінде мемлекеттік стандарт әзірлеумен салыстырғанда телеконференцияда қаражаттың 80%, уақыттың 60% үнемделеді. Шетелдік тәжірибедегі «стандартттар әзірлеу тәртіптерін электрондау» процесі уақыт өте келе дәстүрлі стандарттар әзірлеу кезеңінен толық бас тартуға әкелуі мүмкін: «жобапікір - пікірді ескерту» тізбегінің орнына стандарттар редакциясын жасап бітіруге барлық мүдделі тараптар шын көпжақтылық тікелей қатысу режимінде жұмыс жасау жоспарлануда.

Халықаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарға ИСО, МЭК, МАК - пен бірге (стандарттау жөніндегі жұмыстарға мамандандырылған ұйымдар ретінде) басқа ұйымдар да қатысады.
8 дәріс. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК)

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы- БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС ООН) органы. Ол бастапқыда 1947 жылы соғыстан зардап шеккен елдерге көмек көрсету үшін уақытша мекеме ретінде құрылды. Бірақ 1951 жылы БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесі еуропалық экономикалық комиссиясының БҰҰ шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы негізгі бағыттарын айқындап, оның өкілдігін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Ол өзінің механикалық көліктер (транспорт) қауіпсіздігі талаптарын стандарттау төңірегіндегі қызметтерімен кең танымал. БҰҰ ЕЭК ережелері (олар 80 - нан асады) халықаралық стандарттар статусы және отандық жүйелерінің нормативтік базасы.

БҰҰ ЕЭК ұйымы ИСО - мен бірге басқару, сауда және транспорттағы деректерді электронды алмастыру жөніндегі әсбебап ережелерге халықаралық стандарттар әзірледі. Оның соңғы әзірлемесі халық тұтынатын тауарлар төңірегіндегі сиыр және шошқа еттерінің стандарттары.

Еуропалық экономикалық комиссияға (ЕЭК) мүше - елдерден (олар шамамен 40) басқа, оның жұмыстарына бақылаушылар немесе кеңес берушілер ретінде БҰҰ мүше - елдердің кез келгені қатыса алады.

Стандарттау төңірегінде БҰҰ ЕЭК басты міндеті - үкіметтік деңгейде стандарттау бойынша саясаттың басты бағыттарын әзірлеу және сол салада басымдылықтарды айқындау.

БҰҰ ЕЭК ұйымы ИСО, МЭК және басқа халықаралық ұйымдармен өзара іс- әрекеттер етумен осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын «Стандарттау бойынша БҰҰ ЕЭК тізімдерін» басып шығарады. Бұл басылымның мақсаты - ЕЭК мүше - елдері үкіметтеріне ұлттық стандарттаудағы туындап тұрған мәселелерді шешуге көмеутесу және де басты салалардағы халықаралық стандарттауды жеделдету мен стандарттар мәселелерімен айналысатын барлық елдер күштерін үйлестіру.

Осыларға байланысты БҰҰ ЕЭК ұйымы мыналарды қажет санайды:

- халықаралық стандарттар енгізуге ықпал ету;

- бірыңғай терминологияларды пайдалану;

- халықаралық стандарттар негізінде саудадағы техникалық кедергілерді жою;

- бәрі бір өнім (көрсетілетін қызмет) халықаралық стандарттарын әзірлейтін ұйымдар (мекемелер) арасында тығыз байланыстар орнату;

- халықаралық және аймақтық стандарттарды толық немесе ЕЭК сарапшылары ұйғарымымен енгізуді жеделдететін жеке элементтері бойынша унификаттау.

Үкіметтерге халықаралық деңгейде ұсынылады:

- халықаралық стандарттау жөнінде іс - әрекеттердің белгілі бір принциптерін сақтау бойынша шаралар қолдану;

- жаңа стандарттар жасауда мүмкіндігіне қарай халықаралық деңгейден аймақтыққа бару керектігі бар стандарттар төңірегіндегі ақпараттарды жұмыс бастамас бұрын жинау мен талдау қажеттігі. Егер бұл аймақтық қажеттілікті өзінің ерекшелігіне қарай қанағаттандыра алмайтын болса, онда бұлай жасалмайды.

ЕЭК негізгі жұмыс органы - стандарттау саласындағы саясат мәселелері бойынша жұмыс топтарымен қатар стандарттау, сертификаттау және сапада болатын мәселелермен басқа мынандай органдар (негізгі және көмекші) айналысады: көліктерді жаңарту бойынша БҰҰ ЕЭК ережесін жасайтын көлік жөніндегі комиссия; ауыл шаруашылығы (ауыл шаруашылығы өнімдерін стандарттау мен сертификаттау) жөніндегі комитет; орман (орман өнімдерін стандарттау, сапасын бақылау, сертификаттау) жөніндегі комитет; тұрғылықты пунктер (құрылыс өнімдері сапасының бірыңғай нормасы туралы келісім) жөніндегі комитет, көмір (көмір жіктелуі халықаралық жүйелері) жөніндегі жұмыс топтары және басқалары.
9 дәріс. БҰҰ азық - түлік және ауыл шаруашылығы мекемесі (ФАО)

ФАО - БҰҰ үкіметаралық арнайы мекемесі ретінде 1945 жылы құрылды. Оған 160 жуық ел мүше. Мекеменің Жарғыға сәйкес мақсаты - халықтардың азықтану мен өмір сүру деңгейін көтеру үшін жеке және бірлесіп іс - әрекеттену арқылы жалпы әл - ауқатын көтеруге, азық - түліктік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен таратудың тиімділігін арттыруға, бүкіләлемдік экономиканы дамытуға септігін тигізетін ауыл тұрғындарының тіршілік жағдайын жақсартуға ықпал ету.

ФАО осы салаларға нормативтік құжаттар әзірлеуде шамамен 25 - тей ИСО - ның техникалық комитеттерімен қызметтік қатынаста. Мемлекеттік стандарттар бақылау әдістерін (мысалы, балық шаруашылығы мен изотоптарды пайдалануда), сапа талаптарын (судың, балық аулайтын траулерлердің, ауылдық жерлер тұрғын үйлерін және т.б) унификаттауға қатысады. Сүт тобы сүт өңдеуге арналған жабдықтар мен әдістерді стандарттаумен айналысады.

Тағамдық өнімдерге халықаралық стандарттар жасауға ФАО - ның Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымымен (ВОЗ) бірлескен жұмыстары, оның стандарттау жөніндегі іс - әрекеттерінде үлкен орын алады.



Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ). Ол БҰҰ - ның экономикалық және әлеуметтік кеңесі бастауымен 1948 жылы құрылды және БҰҰ мамандандырылған мекемесі болып есептелінеді. ВОЗ - дың Жарғысымен белгіленген мақсаты - денсаулықтың (денсаулық- толық физикалық, жандық және әлеуметтік әл - ауқатының жиынтығы сияқты айтылады) жоғары деңгейіне жалпы халық болып жету. ВОЗ ұйымына 180 аса мемлекет мүше.

ВОЗ айналысатын кең көлемдегі мәселелердің ішінде басты назар денсаулық сақтау қызметтерінің дамуына аурулардың алдын алу мен олармен күресуге, қоршаған ортаны сауықтыруларға бөлінеді. ВОЗ - дың көптеген жұмыстары стандарттаумен байланысты екені белгілі. Сондықтан ондағы денсаулық және қоршаған орта бөлімі стандарттау мәселелерімен айналысады.

ВОЗ - дың ИСО - дағы статусы, кеңес беру және ол 40 аса техникалық комитеттер жұмыстарына қатысады. Атап айтқанда, ішетін су сапасына назар аудара сол суға арналған құбырларды стандарттау жұмыстарына, суға арналған пластмассалар мен оларға талаптар орнату зерттеулеріне қатысты. Стандарттаумен тікелей ВОЗ ФАО – мен бірге «Кодекс Алиментарус» комиссиясы бағытында айналысады.

«Кодекс Алиментариус» Комиссиясы және басқалары. ФАО мен ВОЗ ұйымдастырған «Кодекс Алиментариус» комиссиясы азық - түлік тауарларының халықаралық стандарттарын даярлау жөніндегі бірлескен бағдарламаны іске асыруға арналған. Комиссия өз жұмыстарында ФАО комитеттерімен қабылданған ұсынымдарды негізге алады. Оның міндеті - стандарттар жобаларын дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру.

ФАО/ВОЗ бірлескен бағдарламасын іске асыруға 130 аса мүше - елдер қатысады.

Комиссияның негізгі міндеттерінің бірі негізгі тағамдық стандарттар бойынша халықаралық келісім жасауға ықпал ету мен сол стандарттарды ұлттық стандарттау жүйесіне қабылдау. Тағамдық өнімдерді стандарттаудың негізгі аспектілері - құрамы, қоспалар, ластауыштар, минералдық тыңайтқыштар қалдықтары, гигиена, шөкім алу, талдау, этикеткілеу.

«Кодекс Алиментариус» мақсаттары - тағамдық өнімдерді стандарттау жөніндегі үкіметтік және үкіметтік емес мекемелер жүргізетін жұмыстарды үйлестіру; тұтынушыны денсаулық үшін қауіпті өнімдер мен алаяқтықтан оқшаулау; тағамдық өнімдер саудасында әділ нормалардың орындалуын қамтамасыз ету; стандарттар жобаларын толық жетілдіру мен оларды үкіметтік органдар қабылдағаннан кейін аймақтық немесе халықаралық стандарттар ретінде жариялау; тағамдық өнімдермен халықаралық сауданы жеңілдетуге ықпал ету.

ФАО/ВОЗ комиссиясы қабылдаған халықаралық стандарттарды «Кодекс Алиментариус» деп аталатын басылыммен жариялайды. Онда- халықаралық стандарттар тізімі, ұсыныс сипатындағы қағидалар, сонымен қатар тағамдық өнімдер гигиенасы мен сіңімділік құндылығы, микробиологиялық нормалар, тауарлық түр мен этикеткілеу және басқалар жөніндегі ақпараттар да келтіріледі. Комиссия «Кодекс Алиментариус» жариялау, стандарттарды үйлестіруге ықпал ету арқылы тағамдық өнімдермен халықаралық сауданың тәртіптерін жеңілдетуге болады деп есептейді.

Комиссия қызметіндегі техникалық жұмыстарды үкіметаралық болып мүше - елдер өкілдері басшылық жасайтын немесе ФАО/ВОЗ шеңберінде, болмаса оның БҰҰ ЕЭК органдарымен бірлесіп жұмыс жасайтын қосымша органдар атқарады.

ФАО/ВОЗ комиссиясы қызмет ету кезеңдерінде 300 аса халықаралық стандарттар, ережелердің 40 аса түрлерін, тағамдық өнімдердің минералдық тыңайтқыштар қалдықтарына қатысты көптеген шектеу ұсынымдарын, тағамдық қоспаның тазалықтары дәрежесін анықтайтын ережелер қабылдады. Комиссияның Еуропалық бөлімшесі тағамдық өнімдерге татымдық қоспаларды (тұтынушыларға қоспалар орамындағы Е103, Е210 тағы сол сияқты белгілерімен таныс. Ондағы «Е» әрпі «Europe» сөзінен қиып алынған) пайдалану мүмкіндігін анықтайды.

«Кодекс Алиментариус» жануарларды сойғанға дейін және сойғаннан кейін тексеру ережелері жинағын, жаңа, консервіленген және тоңазытылған өнімдерді, сондай - ақ табиғи минералды суларды сақтау ережелерін, гигиеналық ережелерді әзірлейді. Бұл әзірлемелерді үкімет факультативалық басшылық ретінде ұсынады.

ФАО/ВОЗ ИСО - ның оншақты техникалық комитеттері жұмыстарына белсенді араласып қызметтеседі, ондағы бірлескен жұмыстарды ИСО үйлестіреді.

Өздерінің құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі жұмыстарға ООН - ЮНЕСКО, МАГАТЭ жанындағы және басқа да халықаралық ұйымдар қатысады.

Халықаралық сауда палатасы (МТП) сауда құжаттамаларын унификаттау бойынша жақсы танылған. Сауда терминдерінде халықаралық ережесі «ИНКОТЕРМС» жинағы сыртқы саудамен айналысатын мамандардың «столдық кітабы».

Өнімнің жеке түрлерін өндіретін (олар 40 асады) халықаралық кәсіби бірлестіктер стандарттарын шартты түрде халықаралық стандарттарға жатқызуға болады.

Ұлттық стандарттар әзірлеуде Жүзім шаруашылығы және шарап дайындау халықаралық ұйымы. Бутилденген су өндіретін халықаралық ассоциация және тағы басқа да осындай ұйымдардың талаптарын ескереді.
10 дәріс. ТМД Мемлекетаралық Кеңесі (ТМД МК)

1992 жылы қабылданған үкіметаралық болып есептелінетін ТМД шеңберіндегі стандарттау, метрология және сертификаттау жұмыстарын «Стандарттау, метрология және сертификаттау ауқымында келісімді саясат жүргізу туралы» Келісімге сәйкес жүргізу үшін ТМД құрамына кіретін барлық елдердің Ұлттық ұйымдары бірігіп Мемлекетаралық Кеңес құрды. Мемлекетаралық Кеңес мамлекетаралық стандарттар (МСТ) қабылдайды.

1995 жылы ИСО Кеңесі ТМД елдерінің Мемлкетаралық Кеңесін аймақтық стандарттау ұйымы деп таныды.

Мемлекетаралық Кеңес ұйымындағы стандарттау ТМД елдері Ұлттық стандарттау органдарынан түскен ұсыныстарды жалпылау негізінде |Мемлекетаралық Кеңес құрастырған жоспарға сәйкес жүргізіледі. 1996 жылдың аяғына дейінгі кезеңде 2 мыңнан аса мемлекетаралық стандарттар қайта қаралды және жаңасы жасалынды. Ұйымдастыру мәселелері мемлекетаралық ретінде қабылданған «Мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу тәртібі. Жалпы шарттар» 1.0 МСТ сәйкес шешіледі. Қосымша «Мемлекетаралық стандарттау тәртібі», «Стандарттау мемлекетаралық нормативтік құжаттарын басып шығаоуға дайындау және тіркеу тәртіптері» және басқа оларға негіз болатын нормативтік құжаттар қабылданады.

Сертификаттау төңірегінде, сертификаттау бойынша 21 құжаты бар (тағамдық өнімдер мен шикізаттар, ойыншықтар, асханалық құралдар, темекі, шай, байланыс құралдары және басқалары) басты өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына бірегей тәртіп қойылған мемлекетаралық нормативтік құжаттар тізімі қабылданады. Тізімге туризм, техникалық қызмет көрсету, автокөліктерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету, қонақжай сервисі және басқа көрсетілетін қызметтер құжаттары кіргізілді. Құжаттардың жартысын әзірлеу |Ресейге тапсырылды.

ТМД шеңберінде «Сертификаттау нәтижелерін өзара мойындау туралы Келісім» іске асырылуда. Бірақ, бұл төңіректе көптеген ведомствовалық сертификаттау жүйелері ережелерінде алшақтықтардан туындайтын мәселелер бар.

Мысалы, қиындық тудыратын мәселелердің бірі, Ресей тауарларды маркілеуде жүретін сәйкесиік сертификатын сәйкестік белгіге ауыстыруға көшетінінде.

1988 жылы аккредиттеу сияқты маңызды құжатқа қол қойылды. Аккредиттеу төңірегіндегі жан- жақты ынтымақтастық туралы хаттамаға ТМД - ның барлық елдері (Украинадан басқа) қол қойды. Стандарттаудың аймақтық ұйымы - Мемлекетаралық Кеңесін халықаралық қауымдастықтың мойындайтын белгілері пайда бола бастады: ынтымақтастық туралы МЭК пен СЕН келісімдеріне қол қойылды. Ынтымақтастық туралы келісім жобасы ИСО - ға жіберілді.

Мемлекетаралық Кеңесте ТМД елдеріне тікелей еуропалық стандарттарды мемлекетаралық стандартт ретінде қолдану жағдайлары туралы мәселе қаралды. Ол үшін мынандай тәртіптер сақталуы қажет:

- қандай еуропалық стандартқа ТМД стандарты сәйкес келетіні туралы форзацта нұсқау болуы керек;

- шығатын деректерде құжатты кез келген құралмен қайта шығару тек қана СЕН - нің келісімімен мүмкін екендігі көрсетілуі қажет;

- ТМД елдерінің еуропалық нормаға қарама қайшы барлық ұлттық стандарттары айналымнан алынып тасталуы керек|;

- еуропалық норманың тікелей қолданылуы болатын стандартттардың барлық көшірмелері міндетті түрде СЕН - ға жіберілуі қажет.

Мемлекетаралық Кеңес пен СЕН шеңберіндегі келісімдердегі тікелей қолданылатын еуронормалар Мемлекетаралық Кеңеске тегін беріледі. Стандарттау, сериификаттау, метрология және аккредиттеу бойынша төрт ғылыми - техникалық комиссиялардың құрылғаны Мемлекетаралық Кеңес бастықтарының қызметтес пен нақтылау тәжірибесінде алға жылжығандығы болып есептелінеді.

Метрология төңірегінде бірнеше бағыттарды бірлескен жұмыстар бағдарламалары іске асырылуда: физикалық шама бірліктерінің размерлерін беру, метрологиядағы негізін қалайтын мемлекетаралық нормативтік құжаттарды қайта қарау мен зарттеп дайындау, заттар мен материалдар құрамы мен қаситеттерінің стадарттық үлгілерін жасау мен пайдалану; бақыаудың бұзылмайтын әдістері.

Мемлекетаралық кеңестің бірінші кезектегі болашақ міндеттерінің ішінен мыналарды атап көрсетуге болады: стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша ИСО,МЭК, СЕН және басқа халықаралық және аймақаралық ұйымдар мен қыметтестікті дамыту; Мемлекетаралық кеңес шеңберінде сынақ зертханаларын аккредиттеу Еуроазиялық аймақтық ұйымын қүру; бірегей кеңістіктегі стандарттау, сертификаттау және метрология жұмыстарын атқаратын болашақ мамандарды оқытатын, осы қызмет түрлері бойынша олардың «бәрегей кеңістіктегі» жұмыстарын ескере, оқу пәндерін унификаттау мәселелерін шешу.


11 дәріс. Жалпы еуропалық стандарттау жөніндегі ұйымдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет