ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені 5В080700 «Орман шаруашылық ісі» мамандығына арналған



жүктеу 2.14 Mb.
бет1/6
Дата13.06.2016
өлшемі2.14 Mb.
  1   2   3   4   5   6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ОӘКҚ 042-18.21.

/03-2013




ПОӘК

«Орманды қалпына келтіру».


№1басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В080700 «Орман шаруашылық ісі»

мамандығына арналған

«Орманды қалпына келтіру» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ –2013


МАЗМҰНЫ

  1. Глоссарий



  1. Дәрістер




  1. Тәжірибелік сабақтар




  1. Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі.


1.Глоссарий

Орманды қалпына келтіруде ҚОЛДАНАТЫН НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР МЕН ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР:

1.1 агроорман-мелиорациялық екпе - ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;

1.2 орманды қайта жаңғырту - сүрекдiңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесiлген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерiнiң пайда болуының табиғи процесi;

1.3 орманды молықтыру - орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алқаптарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу;

1.4 орман - ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және жанды табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен;

1.5орманды өңiр - қайсыбiр аумақта орман өсуiнiң жердiң жалпы алаңына орман өскен жердiң қатысы арқылы анықталып, процентпен белгiленетiн дәрежесi;

1.6 орманшылық - орман иеленушiнiң өз шекарасында орналасқан, орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемiн есептеуге арналған құрылымдық бөлiмшесi;

1.7орман шаруашылығы - орман қорын күзету мен қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi iс-шараларды қоса, орман қорын зерттеу және оның есебiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын экономика саласы;

1.8 орман өсiру - бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерiн қолдан отырғызу және өсiру;

1.9 орман шаруашылығы iс-шаралары - орман орналастыру материалдары негiзiнде жүргiзiлетiн орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi кешендi ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар;

1.10 орманның жинақталмаған ағаштары - жасанды жолмен өсiрiлген (себiлген немесе отырғызылған), бiрақ орманды алқаптарға көшiрiлмеген ағаштар;

1- дәріс. Орман дақылдарын өндіру бойынша жалпы мәліметтер
Мақсаты: Орман екпелерін өсіруді дұрыс жоспарлау, барынша тіршілікке шыдамды, ұзақ өмір сүретін және жоғарғы өнім беретін екпелерді қалыптастыру үшін өсу орнының жағдайна қарай орман егу жұмыстарын аудандастру.
Дәріс жоспары:

1. Орман өсіруді аудандастыру және орыны жағдайларының түрлері

2. Орманды қолдан өсірудің негізгі бағыттары
Орман өскіндерін жасау және өсіру негізінде өсімдік организмдері мен өмір сүру ортасы бірлігінің өзара байланысы жатыр. Ол табиғи және орман өсіруді аудандастырудан, өсу жағдайлары үлгілерінің ерекшеліктерінен, екпе ағаш алаңының санаттарынан құрама екпе ағаш қорынан, сүректі және бұталы тұқымдас ағаштардың биоэкологиялық қасиеттерінен және орман шаруашылығы өндірісіне қойылатын талаптардан құралады.

Орман екпелерін өсіруді дұрыс жоспарлау, барынша тіршілікке шыдамды, ұзақ өмір сүретін және жоғарғы өнім беретін екпелерді қалыптастыру үшін өсу орнының жағдайна қарай орман егу жұмыстарын аудандастру қажет.

Аудандастыру – бұл аумақты топырақты-климатты жағдайлар бойынша тым біртекті емес аумақты біршама бір біріне жақын бір тектес аумақтарға, кіші аймақтарға аудандарға т.б. бөлу.

С.Ф.Курнаевтің орамн өсіру жағдайын аудандастыру бойынша Бұрынғы Одақтың барлық аудандары кіші аумақтары бар 11 аймаққа бөлінген. Қазақстан аумағы далалық аумаққа жатқызылған, оған батыс, солтүстік және шығыс облыстары кіреді және республиканың қалған аумағы жартылай шөлейт және шөлейт аймақтарға жатады.

Алайда, орман өсіруді аудандастырудың бұл схемасы айтарлықтай ауқымды аймақта қамтиды және аумағы бойынша ұсақ аудандардың топырақты-климатты ерекшеліктерін ескермейді.Сондықтан орманды орналастыру мен олардың табиғатына байланысты факторладың ауқымды факторларын ескере отырып, барынша бөлшектелген және барынша дәл орман өсірудің жергілікті аудандастыруы әзірленді.

Климаттық және топырақты жағдайларды ескере отырып, Қазақстан аумағында мынадай орман өсіру аймақтары бөлініп алынады:



  • орманды алқапты аймақ ормандары;

  • алқапты аймақ ормандары;

  • шөлейтті аймақ ормандары;

  • Алтай және Сауырдың таулы ормандары;

  • Солтүстік Тянь-Шань таулы ормандары;

  • Батыс Тянь-Шань таулы ормандары.

Республика солтүстігіндегі өзендерді бойлай орналасқан жайылмалы ормандар мен оның солтүстік бөлігіндегі тоғайлар аймақ аралық және аймақішілік ормандар болып табылады.

Орман өсіретін аймақтар, кіші аймақтар, аудандар шегіндегі аудандастыру және орман екпе ағаш жұмыстарын жобалай орман типологиясы болып табылады.

Орман үлгілері туралы ілім орман шаруашылығын ұтымды және дұрыс жүргізуге ғылыми негіз болады. Орман үлгісі ормандағы шаруашылық объектісі болуы тиіс. Орманның белгілі бір үлгісіне қатысты ағаш кесу, табиғи жаңарту, екпеағаш жұмыстары т.б. боыйнша шарушылық іс-шараларының нақты жүйесін әзірлеу қажет.

Орманның жасанды түлеуіне арнлаған телімдерді жалпы экологиялық бағалау үшін Е.В.Алексеев – П.С.Погребняктың (8.1-кесте) орман өскіндерінің өсу орнының жағдайлары үлгілерінің жіктемесі барынша оңтайлы болып табылады, онда топырақ құнарлығының екі өзекті факторы – топырақтың құнарлылығы мен ылғалдылығы негізге алған. Бұл екі деректеме эдафикалық, яғни орман телімдері үлгілері жіктемесінің топырақ кестесі негізін құрайды.

Бұл жіктеменің өсу орындары жағдайының үлгілері (эдатоптар) Қзақстанның орманды-далалық және далалық аймақтарының жазықтарындағы, қазақ сексеуілін қоса алғанда, орман және орманды емес алаңдардың сипаттамасын кезінде қолдануға болады.

Келтірілген схемадағы солдан оңға көлденеңінен А-дан Д-ға дейін топырақтың құнарлылық дәрежесі трофогенді құрай отырып, өсе түседі. Бұл қатарда телім топырағының құнарлылығы бойынша 4 градация болып көрсетілген: А-орманды, В-қосалқы орманды, С-қосалқы жоталы, Д-жоталы, олар тирофотоптар мдеп аталады. Жоғарыдан төменге қарай тігінен гигрогенді қатар құрай отырып, олардың ылғалдылы дәрежесә өсе береді. Бұл қатарда топырақ ылғалдылығының 6 градация бөліп алынған: 0 - өте құрғақ, 1 – құрғақ, 2 – жас, 3 – ылғал, 4 – сызды, 5 – сулы. Бұл топтар гигротоптар деп аталады. Гигротоптар мен трофотоптар қатарларының қиылысы эдатопты құрайды (эдафичиялық немесе топырақты орын), яғни телім үлгісі. Эдатоптардың атаулары трофотоптардың және гигротоптардың тиісті атауларынан қалыптасады. Мысалы: А0 – өте құрғақ орманды, В2 – жас қосалқы орманды, С3 – ылғал қосалқы жоталы т.б..


8.1-кесте – Е.В.Алексеев – П.С.Погребняк бойынша өсу орны жағдайлары үлгілерінің жіктеме схемасы

Гигротоптар



Трофотоптар

А-орманды

В-қосалқы орманды

С-қосалқы жоталы

Д-жоталы

0 – өте құрғақ

А0

В0

С0

Д0

1 – құрғақ

А1

В1

С1

Д1

2 – жас

А2

В2

С2

Д2

3 – ылғал

А3

В3

С3

Д3

4 – сызды

А4

В4

С4

Д4

5 – сулы

А5

В5

С5

Д5

Мұндай жіктеме орман екпелерін жобалау кезінде ыңғайлы, өйткені оның көмегімен орман көмкерген алаңды ғана емес, екпеағаш қорының басқа да санаттары – орман алаңқайы, орман алаңдары, ашық дала т.б. топырағының құнарлылығы мен ылғалдылығын бағалауға болады.

Алайда, екпеағаш алаңдарын бағалау кезінде Е.В.Алексеев – П.С.Погребняктың орман өсу орны жағдайлары үлгісінің жіктеме схемасы тік белдеу, тік еңіс және бөктерлердіңэкспозициясы сияқты көрсеткіштерді, олардың инсолирлену дәрежесі және басқада бірқатар факторларды ескермейді.

Солтүстік Тянь-Шань таулы шырша ормандары үшін профессор А.Н.Медведев орман көмкерген алаңдардың өсу орын жағдайларының үлгілерін жеткізуді әзірледі. Екпе ағаш тәжірибесінің ыңғайлылығы үшін мұнда 4 биіктікті-климатжолағы бөлініп алынған:

- суық сызды климат(теңіз деңгейінен 2800-2400 м жоғары);

- салыстырмалы түрде суық ылғалды климат (2400-2000м);

- баяу жайлыы климат (2000-1600 м);

- Ылғалдылығы жеткіліксіз баяу жылы климат (теңіз деңгейінен 1600 м төмен).

Тау бөктерлеріндегі экспозиция мен тік еністіктің бірінші кезектегі маңызды болуына байланысты 8 негізгі экспозиция бөлініп алынады: солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс, солтүстің-шығыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік шығыс бөктерлердің тік еңістігінің 4 градация пайдаланылған:10 градус дейінгі алаңқайлар, 10-20 градус ылди, 20-35 градус құлама және тік құлама 35-45 градус.

Бөктерлердің инсолирирлену дәрежесі бойынша тіршілік ету орындарының инсолиирлену шәкілі жасалған: а) әлсіз, б) орташа, в) күшті, г) өте күшті. Инсолирирлену шәкілі 8 экспозиция бойынша бөктерлердің құламалығымен байланыстырылған.

Өсу жағдайның үлгілерінің ерекшелігі топырақтың құнарлылығы мен ылғалдылығымен – эдатоптармен ( гигро- және трофотоптар) де айқындалады.Топырақ трофтылығының 5 тобы қабылданған : өте құнарлы – Д, құнарлы –С, жұтаң –В, орман өсіруге болатын өте жұтаң, - А және оорман өсіруге болмайтын өте жұтаң – А.

Ал гигротоптардың ылғалдылық дәрежесі бойынша 6 топ бөлінген: 0 - өте құрғақ, 1 – құрғақ, 2 – жас, 3 – ылғал, 4 – сызды, 5 – сулы.

Солтүстік Тянь-Шань таулы ормандары үшін өсімдік өсу жағдайларының үлгілеріне қарай А.Н.Медведев Шренка шыршасы, кәдімгі қарағай, Сібір жалпақ жапырақты қарағайы және салпыншақ қайың басты тұқымдар бар екпеағаш санатьтары алаңдарының 4 санаты бойынша орман ағаштарының 27 үлгісін ұсынады.
2. Орманды қолдан өсірудің негізгі бағыттары

Қолдан орман өсірудің негізгі бағыттары орманды молықтыру және орман өсіру олып табылады. Орманды молықтыру – бұл бұрын орманмен көмкерілген алаңдарда орман екпелерін өсіру. Мұндай алаңдарға, әдетте әр түрлі жастағы ағаштар кесілге, өртенген және көшеттер қурап қалған алаңдар жатады. Орман өсіру – бұл бұрын орман өспеген жерлерге орман екпелерін өсіру, орман өсіру тек қолдай, ағаш өсіру және отырғызу тәсілімен жүзеге асырылады. Орманды молықтыру кезінде өсірумен және отырғызумен қатар жекелеген тұқымдастарды табиғи жаңарту да пайдаланылуы, яғни ол аралас түрде жүргізілуі мүмкін. Аралас молықтырудың айрықша түрі екпе ағаш әдісімен құндылығы төмен ағаш тұқымдары мен бұталарды шаруашылықта бағалы екпелермен ауыстыру мақсатында жас екпелерді қайта құру болып табылады.

Орманды молықтыру және орман өсіру кезінде орман екпелерін өсірудің 4 жүйесі пайдаланылуы мүмкін:


  • бастапқы орман ағаштары;

  • орман қолтығы екпеағаштары;

  • ағаш кесілген және өртенген алаңдарда кейіннен орман дақылдарын отырғызу;

  • бұрын орман болмаған алаңдарда ағаш өсіру.

Бастапқы орман ағаштары – бұл таяу жылдары кесуге түсетін жетілген екпелерді аусытыру үшін егілетін дақылдар. Мұндай дақылдарды қалыптастыру жетілген, ал кейде толысқан екпелердің орнындағы алаңқайда басталады.Ағаштар кесілгеннен кейін алдын ала егілген екпелер толықтырып, нәтижесінде ашық алаңдарда егілетін тұтас екпе ағашатар жасалады. Олардың басымдығы сол, онда тұқымдардың қалаусыз ауысымының алды алынады, орман жағдайына қолайлы жағдайлар барынша пайдаланылады, екпеағаштарды отырғызу мен өсіруге кететін шығын төмендейді.

Орман қолтығындағы екпеағаштарды тығыздығ төмен екпелердің өнімділігі мен орнықтылығын арттыру үшін егу ұсынылады. Әдетте оларды жасы екінші, кейде үшінші сыныптағы жас және орта жастағы алқа ағаштарда отырғызады. Өнімділікті арттырудан басқа орман қолықтары екпеағаштарының топырақты қорғау, су сақтау,алқа ағаштардың санитарлық-гигиеналық және сәндік қасиеттерін күшейтетін мелиративті маңызы бар, олар аңшылық-кәсіпшілік хайуанаттар дүниесінің жемдік қорын жақсартады. Бұл көзқарас бойынша жасыл аймақ және айрықша қорғалатын табиғи аймақтардың рекреациялық аймақтарында орман қолтығы екпе ағаштарын отырғазу пайдасы зор.

Ағаштар кесілген және өртенген жерлерде кейіннен отырғызылатын екпеағаштар басты тұқымдармен молықпайтын немесе қанағаттанарлық түрде молықпайтын кеспеағаштардағы алқаағаштарды кескеннен кейін отырғызылып, өсіріледі. Олардың негізгі басымдығы барлық жұмыстарды механизациялау мүмкіндігі және құрамы мен құрылымы бойынша күрделі алқа ағаштар егу болып табылады.

Бұрын орман болмаған алаңдарда орман өсіру. Екпеағаштар орманмен көмкерілмеген, орманды емес алқаптар – алаңқайларда, алаңдарда, бос жерлерде, аралық аралдық орманды далаларда т.б. егіледі. Орман екпеағаштары алаңының бұл санаты орман екпе ағаштарын егу жұмыстарына кешенді механизацияны барынша толық қолдануға мүмкіндік береді. Алайда, мұндай алаңдарды игеру кезінде ағаш кесу орындарын егжей-тегжейлі зерттеу және тұқымды іріктеуді негіздеу қажет болады.


Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. Қазақстан Республика –

сының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексі.

  1. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А. К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы. 1996.-244 с.

  2. «Земледение с основами почвовединие и агрохимии».

  3. А.М.Лыков, А. А. Коротко, Т. Г. Громокова «Земледение с почво –

веденим».

  1. А. М. Дурасов, Т. Т. Тазабеков «Почвы Казахстана».

  2. В. В. Добролький География почвы».

  3. Нестеров В.Г. Общее лесоводство. – М.: 1954. – 432 с.

  4. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: курстық жұмысты орын –

дауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Павлодар: Кереку, 2008. - 20 б.

  1. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1953. – 426 с.



2-дәріс Орман дақылдары қоры, орман дақылдары алқаптарының түрлері мен санаттары, олардың игерудің кезектілігі
Дәріс жоспары:

1 Орман дақылдары

2. Тұтас және ішінара орман дақылдары

3. Таза және аралас дақылдар
Орман дақылдары алаңы деп орман дақылдарын егуге арналған телім түсініледі. Шаруашылық немесе өңір шегіндегі орман екпеағашы алаңдарының жиынтығы орман дақылдарының қорын құрайды.

Орман екпеағаштары алаңдарының мынадай түрлері бар:



  • жас және көне ағаштарды кесу;

  • нашар молығатын немесе молығуы қажетсіз құндылығы төмен тұқымдарды кесу;

  • жаңадан өртенген және бұрын өртенген жерелер;

  • селдірлі;

  • алаңдар, алаңқайлар, бос жерлер, ашық еңістер;

  • ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды және жарамсыз алаңдар;

  • орман өсіруге жарамды құмдар, жобалар, аңғарлар және басқа да орманды емес жерлер;

  • пайдалы қазбалар алынғаннан кейін орман өсіруге жарамды жағдайға келтірілген алаңдар.

Телімнің нақты жағдайына және топырақты дайындау тәсіліне қарай барлық орман екпеағаштар алаңы 4 санатқа топтастырылады:

«а» - ауыл шаруашылығы үшін пайдаланудан шыққан бос жерлер, алаңқайлар мен алаңдар, молықпайтын, шіріген немесе түбірлері тұтастай өңдеуге рұқсат етілген еңістігі 60 дейінгі ылдилар;

«б» - 600 дана/га дейін түбірлер саны бар, молықпайтын, ағаш кесілген, ағашы селдір және өртенген жерлер, сондай-ақ топырақты жолақтармен немесе атыздарменішінара дайындауғаболатын еңістігі 6-120 дейін ашық ылдилар;

«в» - 600 дана/га дейін түбірлер саны бар, молықпайтын, ағаш кесілген, ағашы селдір және өртенген жерлер, сондай-ақ топырақты алаңдармен немесе атыздарменішінара дайындауғаболатын еңістігі 12-200 дейін ылдилар;

«г» - ағашы есілген немесе өртенген, әдетте басты немесе құндылығы аз жұмсақ жапырақты тұқымдастармен қанағаттанарлықтай молықпайтын немесе бұталар өсіп кеткен, қою майда ағаштары бар алқа ағаштары сирек жерлер, онда екпе ағаштарды өсіру жолымен басты тұқымды ағашты көбейту үшін алдын ала дәліздер жасау, одан соң топырақты жолақтармен, атыздармен немесе алаңдармен ішінара дайындау қажет болады.Бұл санаттағы екпеағаш алаңдары басты тұқымды ағаштың дақылын өсіру үшін алаңдар немесе биотоптар пайдаланылады не құндылығы төмен алқаағаштарын ( қарағаш, көктерек, бұта нуы) барынша шаруашылық үшін құнды тұқымдармен ( қарағай, шырша, емен) ауыстыру мақсатында қайта құру үшінтағайындалады.

Орман дақылдары қоры алаңдарының әрқайсысы үшін өсу орны жағдайларының үлгісін, сондай-ақ экономикалық орындылығын ескере отырып, орман екпеағаш жұмыстарының сипаты айқындалады, атап айтқанда: ағаш тұқымдарын іріктеу, үлгілері мен ауыстыру схемасы, өсіру тәсілі, отырғызу немесе егу орындарының орналасуы, күтім іс-шаралары, яғни орман дақылдарын өсірудің негізделген жобасы әзірленеді. Орман дақылдары қорының алаңын бірыңғай есепке алу мен тексеру орман орналастыру уақытында жүргізіледі.

Орман дақылдары қорын бірінші кезекте игеруге мыналар жатады:


  • қылқан жапырақты тұқымдардың жаңадан кесілген алаңдары және шөптесін өсімдіктер тез өсетін өртенген алаңдар;

  • жоғарғы сыныптағы бонитетті алқа ағаштарын өсіру үшін жарамды құндылығы жоғары топырағы бар орман көмкермеген алаңдар;

  • топырақтың жел және су эрозиясына ұшырайтын телімдер;

  • онда шаруашылық жүргізуге бағалы ағаштар тұқымдарын өсіру көзделген құндылығы төмен молыққан жұмсақ жапырақты тұқымдас ағаштарды немесе бұталарды кесу;

  • пайдалы қазбалар алынған және орман өсіруге жарамды жағдайға келтірілген жерлер;

Орман дақылдары қорын игерудің нақты кезектілігі орман орналастыру және жобалау іздестіру жұмыстары кезінде айқындалады.
2. Тұтас және ішінара орман дақылдары
Отырғызылатын немесе егілетін ағаш тұқымдарынан тұтастай екпе ағаштар өсіру кезінде олар болашақта өсірілетін алқаағаштармен толықтай көмкеруді қамтамасыз ететін алаңға тең орналастырылады.Бұл молықпайтын ағаш кесілген жіне шіріген, әр түбірлері алынған өртенген жерлердегі екпеағаштар, сондай-ақ орман өсіру кезінде пайдаланылатын екпеағаштар. Тұтастай орман екпеағаштары құрамы, қоюлығы, топырақты дайындау, тұқымдастарды ауыстыру және орналастыру тәсілі бойынша сан алуан. Мұндай екпеағаштар оларды күту үшін барынша қолайлы.

Оларды өртке қарсы шыдамдылығын арттыру мақсатында тұтастай екпеағаштарды өсіру нұсқасының бірі ретінде оларды орман екпеағаштары алаңына орналастырудың арқаулық-ықтырма әдісі ұсынылады. Бұл әдіс әсіресе қазақ сексеуіл алабында, Ертіс жағалауының жолақ ормандарында және Қостанай облысының шоқ қарағай ормандарында қарағай ағаштарын өсіру кезінде қолайлы. Оның мәні – қарағай ағаштарын дәстүрлі жаппай егуден ерекшелігі бойынша оны 10 – 25 га алаңы бар жекелеген блок телімдерден тұратын көлемі жағынар ірі өртенген жерлер мен орман көмкермеген алаңдарда егіледі, оларды орман екпеағаштары алаңдарында орналастыру өрт қауіпті кезеңдерде өктем желдің бағытымен байланысты болуы тиіс. Блоктар арасындағы өртке қарсы үзілім ені өктем желдерге перпендикуляр 80-100 м, көлденеңінен – 50-70 м. Өктем желдерге қатысы бойынша блок аралық үзілімдер бағытынан ауытқуға рұқсат етіледі, бірақ ол 30 градус аспауы тиіс. Өртке қарсы үзілімдердің мұндай орналасуы нәтижесінде ағаш телімдері тұтастай массив құрамай, орман екпеағашы алаңында шамамен шахмат тәртібінде орналасады.

Ішінара орман екпеағашы шаруашылыққы құнды тұқымдардың қанағаттанарлық түрде молықпайтын кесілген және өртенген жерлерде өсіріледі. Бұл ретте, әдетте орманды қолдай өсіру оның табиғи молығуымен қоса жүреді; оның үстіне негізінен тек басты тұқымдас ағаштар егіледі, ал жанама ағаштар мен бұталар табиғи молығу есебінен қалыптасады. Ішінара екпеағаштары кезінде топырақта өндеу атыздармен, жолақтармен, алаңдармен жүзеге асырылады. Ішінара екпеағаштарын өсіру кезінде механизацияны қолдану шектеулі.

Таза және аралас дақылдар


Таза орман дақылдары – бұл ағаш тұқымының немесе бұталардың бір түрінен тұратын дақылдар. Олар әдетте, өсу жағдайлары қандай да бір тұқымның талаптарына ғана сәйкес болатын алаңдарда өсіріледі.

3.Таза және аралас дақылдар

Таза ормандар дақылдары- бұл ағаш тұқымның немесе бұталардың бір түрінен тұратын дақылдар. Олар әдетте, өсу жағдайлары қандай да бір тұқымның талаптарына ғана сәйкес болатын алаңдарда өсіріледі.

Қазақстан жағдайында мынадай жағдайларда таза дақылдар өсіру орынды болады:



  • Қостанай обылысының аралдық ормандарындағы жұтаң орманды құмдарда және Ертіс жағалауындағы жолақ ормандарында (қарағай);

  • Шоқ қайыңды ормандары аймағындығы миялы және мия басқан топырақтарда (қайың);

  • Жайылма және тоғайлы ормандардағы өзен жағасы аллювиалды сорғыларында (бұталы талдар);

  • Бөктерлі жартылай тоғайлы құмдарда және сұр топырақты шөлейт ормандарда (сексеуіл);

  • Батыс Тянь-Шань таулы ормандарының оңтүстік экспозициясы еңістерінде (пісте,бадам);

  • Жанама тұымдас ағаштарды пайдалану орынсыз Солтүстік Тянь-Шаньның табиғи шыршалы орман жағдайында (Шренка шыршасы);

  • Құрғақ далалы байрақты орман және жартылай шөлейт аймақтарындағы миялы топырақта (жиде, тамарикс).

Бұл жағдайларда мұндай дақылдар барынша шағымды және ықтимал болатын өсімдіктер ішінде жалғыз шыдамды ағаштар. Таза дақылдарды мақсатты шаруашылық жүргізу кезінде де өсіреді.

Мысалы, сүректі жедел өсіру үшін теректердің плантациялы есепағаштары немесе дәрілік шикізатқа арналған шырғанақ плантациясы.



Аралас орман дақылдары- бұл ағаштар немесе бұталардың екі немесе одан да көп түрлерінен тұратын дақылдар. Олар басты және жанама тұқымдарда, көбіне бұталардан тұрады. Аралас дақылдарды өсіру кезінде әдетте, алқаағаштары құрамында олардың қатысу үлесі кемінде 50% болуы тиіс бір басты тұқым енгізіледі. Басты тұқымды ол үшін қолайлы өсу орны жағдайларын ескере отырып,іріктейді, ол кейіннен алқаағаштардың жоғары қолтығын құрайды және сүректің негізгі,барынша бағалы массасын беруі тиіс.

Жанама тұқым басты тұқым үшін оңтайласқан болып табылады, алқаағаштарда екінші қатар құра отырып, оның өсіміне жақсы жағдай туғызады.

Екпеағаштарға бұталарды көбіне шөптесін өсімдіктерді өсірмеу үшін отырғызады. Қазақстанның солтүстік жазықты жағдайларында аралас орман дақылдарын өсіру кезінде бұталар қарағайды қайың бұтағының желмен зақымдауының алдын алу үшін қарағайлы-қайың алқаағаштарында беткі тұқым ретінде отырғызылады.

Тұқымды дұрыс таңдау және қолайлы орман өсіружағдайлары кезінде аралас алқаағаштар топырақтың қоректік қорынбарынша толық пайдаланады, қолайсыз факторларға қарсы барынша шыдамды, барынша шығымды болады және барынша тиімді су қорғау және топырақ қорғау қасиеттеріне ие болады.


  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет