Сынықтар – алғашкы көмек. Сынық – сүйек тұтастығының кенеттен бұзылуы. Сынықтар ашық және жабық болады. Алгашқы көмек. Сынған жердегі жараға залалсыздандырылған таңғыш таңу керек. Тыныштандыратын дәрі егу. Сүйек сынықтарын саусақпен жараға қарай түзетуге үзілді – кесілді тыйым салынады. Егер көп қан кететін болса, бұрау қою керек. Зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне шалқасынан жатқан күйінде тасымалдау керек
Жабық сынықтар – кезінде сынған жерде жара болмайды. Жабық сынықтардың өзіне тән сыртқы пішіні сүйек тұттастығының бұзылуы мен сынған жерде «сатының» пайда болуы болып табылады. Қалыптан тыс қозғалу, ауырсыну, сынықтың сықырлауы, icy байқалады.
Алгашқы көмек. Сынған жерді қимылсыз қалдыру, таңғыш қалақ таңу, тыныштандыратын дәрі егу, зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне жеткізу. (Таңуды киімнің сыртынан жүргізу керек.)
Танғыш қалақ арқылы танып тастау
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Талу кезіндегі алғашқы көмек
-
Қан кету – алғашқы көмек
-
Қан кетуді тоқтату кезіндегі жгут қою тәсілдері
-
Сынықтар – алғашкы көмек
-
Сынықтардың түрлері
№7 дәріс. Бас сүйектің, көздің, кеуде қуысының зақымдануы. Беттің, жақтың жұмсақ ұлпалардың, жаралануы
Жалпы сұрақтар
-
Бас сүйектің зақымдануы
-
Беттің - жұмсақ ұлпалардың, жақтың жаралануы
-
Көздің зақымдануы. алғашқы көмек
Бас сүйектің қозғалмайтын сүйектері бас миын зақымданудан қорғау. Басынан (немесе омыртқасынан) зақым алған адамдарда сал болу, сөздің бұзылуы, есте сақтаудың қиындығы, сондай – ақ психикалық ауытқулар сияқты физиологиялық немесе неврологиялық сипаттағы өзгерістер болуы мүмкін. Ал кейбір зардап шеккен адамдар өмір бойы мүгедек болып қалулары мүмкін.
Өлімге немесе мүгедектікке алып келетін бастың немесе омыртқа жарақаттың кейбір салдарын дер кезінде және дұрыс жасалған алғашқы көмек – тоқтатуы мүмкін.
Бас ауданына жасалатын таңғыштардың негізгі түрлері:
1 – бас сүйек; 2 – телпекше; 3 – бір көзіне; 4 – екі көзіне; 5 – құлағына (неаполитандық таңғыш); 6 – желке мен мойын аумағына таңылатын сегіздік тәрізді таңғыш; 7 – иек пен астыңғы жаққа (жүген); 8 – торлы бинт таңғышы (Гиппократ телпекшесі); 9 – басы; 10 – жалпы көрінісі; 11 -мұрынға; 12 – иекке; 13 - төбе аймағына; 14 – шүйдеге; 15 – бетке арналған пішінді таңғыш.
Бас сүйек күмбезінің сынуы ашық және жабық болуы мүмкін. Жергілікті белгілері – бастың шашты бөлігіндегі гематома (қан тамырларындағы ісік), ашық зақымдалу кезіндегі жара, ұстап көргендегі басқа да өзгерістер. Қысқа мерзімді ес жоғалтудан комаға дейінгі өзгерістер болуы мүмкін, бұлар тыныс алудың бұзылуына алып келеді.
Алғашқы көмек. Егер зардап шеккен адам қанағаттанарлық жағдайда болса, оны арқасымен зембілге жастықсыз жатқызу керек. Басының жарақатына таңғыш таңу керек. Егер ес – түсін білмесе, зардап шеккен адамды арқасымен жартылай көтеріп жатқызу керек, ол үшін денесінің бір бөлігіне сырт киімнен жасалған ораманы қою керек. Егер мүмкін болса басын сол жағына қарай қисайту керек, өйткені зардап шеккен адам құсқан жағдайда құсық тыныс алу жолына қарай өтпей, сыртқа ағып кетуі керек. Қысып тұрған барлық киімдерін шешу керек. Егер зардап шеккен адамда алмалы – салмалы тіс, көз әйнек болса, оларды шешу. Тыныс алуы қатты өзгерген жағдайда қолдан дем алдыру.
Бас сүйек негізінің сынуы. Басты кезеңде құлақтан, мұрыннан қан ағады, басы айналады, есінен танады. Ал өте кеш жағдайда көз ұясына қан құйылып, мұрны мен құлағынан жұлын сұйықтығы ағады.
Алгашқы көмек. Зардап шеккен адамды арқасымен жатқызып, тыныс алу жолын сілекей мен құсықтан тазартып, дем алуы бұзылған жағдайда қолдан дем алдыру; егер құлағы мен мұрынынан қан немесе жұлын сұйықтығы ағатын болса, аз уақытқа тығындап, дереу ауруханаға жеткізу керек.
Бас миының шайқалуы ең алдымен жабық бас сүйек – ми жарақатында орын алады. Ол әр түрлі ұзақтықтағы естен танумен көрінеді, адам бірнеше қас қағым сәтке немесе бірнеше минутқа дейін есінен тануы мүмкін. Есін жиғаннан кейін адамның басы ауырып, жүрегі айниды, кейде құсады. Зардап шеккен адам жарақатқа алып келген жағдайды есінен шығарады. Беті бозарып немесе қызарып кетеді, тамыр соғысы жиілеп, жалпы әлсіздік пайда болады. Бас миынын соғылуы ұзақ мерзімге есінен танумен сипатталады (1-2 сағаттан артық) және ашық және жабық бас сүйек – ми жарақаты кезінде орын алады. Аса ауыр жағдайында бас миының соғылуы кезінде тыныс алу және жүрек – қантамыр қызметі бұзылады.
Алгашқы көмек Зардап шеккен адам аз уақытқа есінен танса да зембілге жатқызу керек. Ми шайқалған немесе соғылған кездегі ашық бассүйек – ми жарақаты кезінде таңғыш тану керек. Жүрегі тоқтап қалған жағдайда, жүрекке жанама массаж жасап, «ауыздан ауызға», «ауыздан мұрынға» әдісімен жасанды дем алдыру немесе арнайы құрылғыларды қолдану.
Беттің - жұмсақ ұлпалардың, жақтың жаралануы. Беттің жұмсақ ұлпаларының жарақаттануы жара айналасының жырылуымен, қан кетумен, аурумен, ауызды ашу, сөйлеу, дем алу қызметінің бұзылуымен қоса жүреді. Жұмсақ ұлпалардың жарақаты ауру салдарынан естен танумен, қан кетумен асқынып кетуі мүмкін.
Алгашқы көмек. Қысып тұратын таңғыш тану, жергілікті суық қою. Қан кеткен жағдайда ірі артерияны саусақпен басу арқылы қанды тоқтату керек.
Төменгі жақ сүйектің сынуы. Зардап шеккен адам зақымданған жердің ауруына шағымданады, ауру аузын ашқаңда үдей түседі, тістерін бір – біріне жақындата алмайды. Астыңғы жақтың сынуы кезінде зардап шеккен адамдар жиі есінен танады.
Алгашқы көмек. Зардап шеккен адамның ауруын жеңілдету үшін тері астына 1 мл 2% промедол ерітіндісін немесе басқа да ауруды басатын дәрілерді егу керек. Зақым алған мүшені иек астына таңғыш қою арқылы тыныштандыру.
Көздің зақымдануы. алғашқы көмек. Көздің соғылуы екі түрлі болады: 1 – тікелей. Бұл жағдайда жарақаттаушы заттың көзге тікелей тиюі. 2 – жанама. Бұл жағдайда дененің және бет сүйегінің зақымдануынан орын алады. Көз соғылуының белгілері: ауыру, қабақтың ісуі, көру өткірлігінің төмендеуі.
Алгашқы көмек. Таңғыш тану.
Қабақтың зақымдануы кесетін немесе үшкір заттардың кіруінен, өтпейтін заттың тиюінен орын алады. Жарақаттанудың белгілері: әр түрлі көлемдегі жарақаттар, қабақтан қан ағу, icy, қабақ түсінің өзгеруі.
Алгашқы көмек 1% зеленка ерітіндісімен тазалау, таңғыш таңу.
Көзге бөгде заттың кіріп кетуінен болатын жарақаттар. Оған көз алмасы қабығының бүтіндігі бұзылуға алып келген жарақаттар жатады. Бұл жарақаттар өткір немесе үшкір заттардың әсерінен, шыны және т. б. заттар сынықтарының кіруінен орын алады. Жарақат ауырумен, көздің күнге шағылысумен, жас ағумен сипатталады.
Алғашқы көмек. Көзіне 30% натрий ерітіндісін немесе 0,25% левомецетин ерітіндісін тамызып, залалсыздандырылған таңғыш тану керек.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Бас сүйектің зақымдануы
-
Беттің - жұмсақ ұлпалардың, жақтың жаралануы
-
Көздің зақымдануы. алғашқы көмек
-
Таңғыш тану түрлері мен әдістері
№ 8 дәріс. Қарын мен ішкі ағзалардың, омыртқаның, жауырын мен бұғананың зақымдануы
Жалпы сұрақтар
-
Кеуде қуысының зақымдануы
-
Пневмоторакс түрлері
-
Іш пен ішкі ағзалардың зақымдануы
-
Омыртқаның зақымдануы
-
Кеуде және бел омыртқаларының, жамбас сүйектерінің зақымдануы
Кеуде қуысының зақымдануы. Өкпеге немесе өкпе айналасындағы кеуде қуысына кірген оқ ауаның кіруіне жол ашады:
1 – өкпеден шығатын ауа өкпе айналасындағы кеңістікті толтырады;
2 – сырттан келетін ауа өкпе айналасындағы кеңістікті толтырады;
3 – кеуде қуысына кірген оқ.
Кеуде қуысының енген жарақатының белгілері мен симптомдары:
-
тыныс алудың қиындауы;
-
кеуде қуысындағы ашық жарадан қан кету;
-
әрбір дем алған сайын жарадан сору дыбысының шығуы;
-
жарақат аймағының қатты ауруы;
-
сынуға тән айқын деформация;
-
қанға тұншығу.
Пневмоторакс – ауаның плевральды қуыста жиналуы. Пневмоторакс жабық және ашық болып екіге бөлінеді.
Жабық пневмоторакс кеуде қуысы жарақатының асқынуы болып табылады және өкпе жарылуының белгісі болып келеді. Өкпенің жарылуы сынған қабырғаның жарақаттауынан немесе биіктен жерге құлау кезінде алған соққы әсерінен болады. Өкпедегі жарықшақтар арқылы плевральды қуысқа ауа шығады, осының нәтижесінде өкпенің басылуы орын алып, тыныс алудан шығып қалады. Зардап шегуші ауызымен дем алып, ентігеді, тері жамылғысы көгеріп, бозарып кетеді, тамыр соғысы жиілейді.
Алғашқы көмек. 50% анальгин ерітіндісінің 2 мл ет ішіне жіберу немесе басқа да тыныштандыратын дәрі беру, зардап шеккен адамның басын көтеріңкі қылып орналастыру, мүмкіндігінше оттегі ингаляциясын жасау. Дереу ауруханаға жеткізу.
Ашық пневмоторакс кезінде кеуде қуысында үңірейген жара пайда болады, осының салдарынан плевральды қуыс сыртқы ортамен қарым – қатынаста болады. Өкпе басылады тыныс алудан шығады. Зардап шеккен адамның жалпы жағдайы ауыр болады. Терісі көгеріп, қатты ентігеді, зардап шеккен адам жарақатын қолымен басуға тырысады. Әрбір ауа сорған сайын жараның ішіне ауа кіреді.
Алғашқы көмек:
-
зардап шеккен адамды жоғарылап жатқызу;
-
зардап шеккен адамнан іштегі ауаны барынша шығаруын сұраңыз;
-
жарақатты ауа өткізбейтін таңғышпен орау, мысалы, полиэтилен пакетінің немесе пластик ормасының бөлігімен. Егер бұлар қолда болмаса, мата бөлігін немесе қандай да бір киімді алыңыз;
-
бір жағы ашық тұратындай етіп, лейкопластырмен бекітіп тастаңыз (бұның көмегімен тыныс алғанда ауа ішке кірмейді, бірақ тыныс шығарғанда ауа шыға алады);
-
оқ тиген жағдайда оқтың шығуы мүмкін тұсты іздеңіз. Егер тесік болған жағдайда жоғарыда көрсетілген алғашқы көмекті көрсетіңіз.
Іш пен ішкі ағзалардың зақымдануы. Іш қуысында өмірге аса қажетті ағзалар орналасқандықтан, бұл аумақтың зақымдануы өлімге алып келуі мүмкін. Бауырмен көкбауырдан зақымдалу кезінде қатты қан кетеді және жеңіл жарақатталады.
Кеуде қуысы мен жамбаста орналасқан ағзаларға қарағанда іш қуысында орналасқан ағзалар сүйектермен қорғалмаған.
Іш қуысы жарақатының белгілері мен симптомдары:
-
қатты ауыру, іштің ауыруы немесе жаншылу әсері;
-
көгеру;
-
құсу (кейде қан құсу немесе қара түсті), әлсіздік;
-
үлкен дәретіндегі қан (үлкен дәреті қара түсті).
Іш қуысынан қан кету ішкі және сыртқы болуы мүмкін. қан көрінбеген жағдайда да ішкі ағза жарақаттанса, ішкі қан кетудің болуын елемеуге болмайды. Ішкі қан кету естен тануға алып келеді.
Іштің жарақаты өте қатты ауырады. Оған қоса іш қуысына қанның немесе бөгде заттың түсуі аса қатты зардаптарға алып келеді.
Іш қуысының соғылуы тікелей жарақаттың салдарынан болады. Іш қабырғасы сырылу, гематома болуы мүмкін.
Іштің жабық зақымдануы қарын ішілік қан кетумен қоса жүреді. Іштен айтарлықтай күшпен ұрғанда, көлік басып кеткенде және биіктен құлаған кезде орын алады. Қан кету көзі жыртылған көкбауыр, бауыр, жіңішке және жуан ішектің қан тамырлары болып табылады. Зардап шеккен адам өте ауыр жағдайда болады, мұндай жағдайда дененің басқа бөліктері де жарақаттанады. Егер зардап шеккен адам ес – түсін білетін болса, басының айналғанына, шағымданып, денесін суық тер басады. Тігінен тұрған кезде басы айналады. Тамыр соғысы жиілеп ентігеді.
Іштің жабық зақымдануы ағзалардың жарылуымен қоса жүреді. Ең жиі жағдайда жіңішке ішек, одан кейін жуан ішек, асқазан және қуық зақымданады. Ішек – қарын ішіндегі заттың іш қуысына ағуы іштің қатты ауыруына («қанжар сұққандай») алып келеді. Зардап шеккен адам бозарып, әрбір қимылы қатты ауыртпалық тудырады. Іші қатты ауырып, тамыр соғысы мен тыныс алуы жиілейді.
Алғашқы көмек. Бұл жағдайда ең дұрыс көмек – жарақатын дер кезінде анықтап, зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жеткізу. Зардап шеккен адамды зембілге арқасымен жатқызу керек. Егер іштей қан кету болса, ішіне суық басу керек. Наркотикалық анальгетик егуге болмайды. Қуыс ағзаның жарылуы және қатты ауыру кезінде 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.
Іштің жарақаттануы. Іш қабырғасының жарақаты әр түрлі көлемде болады, іш қуысына енуі немесе іш қабырғасы аймағында тоқтап қалуы мүмкін. Ең жиі кездесетін жағдай ішек – қарынның жарақаттан шығып кетуі (көбіне ішек).
Алғашқы көмек. Жарақатты залалсыздандырылған таңғыш таңып, сыртынан лейкопластырь жолақтарымен жапсыру керек. Сыртқа шыққан ішекті қайтадан орнына салуға болмайды, оларды залалсыздандырылған матамен жабу керек. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек. Су басқа да сұйық заттарды беруге болмайды, тек ерінін сулы матамен ылғалдандыру керек. Зембілге арқасымен жатқызған күйде тасымалдау керек.
Омыртқаның зақымдануы
1 – жұлын; 2 – омыртқа бағанасы;
Омыртқаға зақым келгенін байқаған бойда құтқарушылар екеулеп немесе үшеулеп зардап шеккен адамды зембілге жатқызады, мойнына оралған киімді немесе дөңгелек резеңкені қойып, басын жоғары көтереді және кең бинтпен зембіл немесе қалқанға таңады. Егер керек болған жағдайда қолдан дем алдырады. Жедел жәрдемнің келуін күту барысында мына ережелерді қатаң сақтауы керек:
-
мүмкіндігінше зардап шеккен адамның омыртқасы мен басын қозғалтпай ұстау керек;
-
зардап шеккен адамның басын жатқан күйінде орнынан қозғалтпастан таңып тастау;
-
тыныс алу жолдарынын тазалығын қамтамасыз ету;
-
ес – түсінің түзулігі мен тыныс алуын бақылап отырыңыз;
-
керек болса, сыртқы қан кетуді тоқтату;
-
зардап шеккен адамның дене температурасын бірқалыпта ұстау;
-
зардап шеккен адам қорғағыш бас киім киген болса шешпеу керек;
-
бас киімді тек зардап шегуші дем алмаған жағдайда ғана шешу керек.
Кеуде және бел омыртқаларының зақымдануы биіктен арқасымен құлағанда, жол көлік апаттарында байқалады, ал тікелей ұрудан болған жарақаттар сирек кездеседі. Омыртқаны сипап көру кезіндегі байқалатын сынған омыртқа аумағынын ауыруы және деформациялануы.
Алгашқы көмек Зардап шегушіні орнынан қозғалту үшін көмек саны үш адамнан кем болмауы керек: біреуі бас пен мойын аумағында, екіншісі – дене, үшіншісі – аяқ аймағында болуы керек. Қолды астына салып, «ауыстырдық» деген бұйрықпен зардап шегушіні арқасымен жатқызу керек. Арқасымен жатқызып алып, қолын кеудесіне білегінен төмен, ал аяғын – тізе аумағынан және жіліншігінен байлап тастау керек. Зардап шегушіні тасымалдайтын зембілге омыртқа деңгейімен бірдей қылып орамалды немесе киімді орап қою. Омыртқа тұсының бүгіліп кетпеуін қадағалай отырып, «көтердік» деген бұйрықпен ақырындап көтеру керек. Енді бір адам зембілді дайындап тұрады, содан кейін барып қана «жатқыздық» деген бұйрықпен зембілге жатқызу керек.
Жамбас сүйектерінің сынуы жамбас сақинасының закымдануы кезінде орын алады. Жамбас сүйектерінің көптеген сынықтары көптеген жарақаттар тудырады: барынша ішкі қан кету, несеп жолы мен қуықтың зақымдануы, жарақаттан есінен тану. Зардап шегуші сегізкөз бен аралық аймағындағы қатты ауруға шағымданады. Кеуде мүшеленуі мен мықын сүйектерін басқанда шыдатпай ауырады. Зардап шеккен адам аяғын тік көтере алмайды және тік көтергенде табанын сүйретеді. Адам ес түссіз жатқанда жамбас сүйегінің сынғанын мына белгілерге қарап анықтауға болады: кеуде тұсының бұзылуы, жамбастың қандай да бір бөлігінің орнынан қозғалуы, жамбас сүйектерінің деформациялануы, белдің кішірейуі.
Алгашқы көмек. Зардап шегушіні зембілге арқасымен тізесінің астына оралған зат қойып жатқызу. Тізесін екі жаққа айырып жатқызу («құрбақа тәрізді»). Ауырғанын басатын қандай да бір дәрі беру.
Жауырын мен буғананың зақымдануы. Бұғананың сынуы биіктен қолын созып немесе иығымен құлағанда орын алады. Сынық белгілері: бұғана көлемінің өзгеруі, қимылдың бұзылуы, icy, сынған сүйек сынықтарының қытырлауы. Ендігі кезекте сіз ұстап және айқындап тұратын таңғыш тануға шешім қабылдайсыз.
Қолын дұрыстап қойып, шаршы орамал тәрізді таңғышты да тиісінше орналастырыңыз:
-
саусақтары қарама – қарсы иыққа бағытталатыңдай етіп, қолын кеудесіне көлденең қойыңыз;
-
жайылған таңғышты иығы мен саусақтарынан жоғары таңыңыз;
-
таңғыш шынтақ пен иықты жауып тұруы керек;
-
иықты ұстап тұрып, таңғыштың төменгі жағын білезік, білек және шынтақ астынан орау керек.
Таңғыштың төменгі ұшын иығын айналдырып, ұштарын байлау:
-
ұстап тұратын таңғыштың биіктігін абайлап белгілеу керек;
-
таңғыштың ұшын қарама – қарсы жағынан байлау керек;
-
жұмсақ, бірақ берік материалды дене мен қолдың арасына қою керек;
Ұстап тұратын таңғыш тану:
-
таңғышты зақымданған жақтың шынтағынан тұтас бойына созып, тартып байлау керек;
-
таңғыштың ұштарын қарсы жақтағы сау қолдың астына байлау керек.
Жауырынның сынуы көбіне тікелей ұрылған кезде орын алады. Сыныққа тән белгілер: жауырын маңының ісуі, қатты ауыру және иық буынының қимылдамауы, әсіресе қолды көтеруге талпынған кезде.
Алгашқы көмек. Қолын шаршы орамалға ілу. Ауруды басатын дәрі беру.
Бұғананың шығуы қолын тіқ созып құлағанда және иығымен құлағанда орын алады. Бұғананың сыртқы ұшы ілгері қарай шығып, ішкісі алдыға шығады. Иығын қимылдатқанда қатты ауырады.
Алгашқы көмек Қолын орамалға асып қою немесе денесіне таңып тастау. Тыныштандыратын дәрі егу.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
-
Кеуде қуысының зақымдануы
-
Пневмоторакс түрлері
-
Іш пен ішкі ағзалардың зақымдануы
-
Омыртқаның зақымдануы
-
Кеуде және бел омыртқаларының, жамбас сүйектерінің зақымдануы
№ 9 дәріс. Қолдың, аяқтың зақымдануы - шығу, сыну
Жалпы сұрақтар
-
Қолдың зақымдануы – шығу, сыну
-
Шынтақ буынындағы білектің шығуы
-
Аяқтың зақымдануы – шығу, сыну
Иықтың шығуы қолын созып немесе артына қайырып құлағанда орын алады. Зардап шеккен адамның қолы бір жағына қарай шығып кетеді. Қолын түсіру қиынға түседі, ауыру тудырады. Шыққан иық сау иыққа қарағанда ұзарып тұрады.
Алгашқы көмек. Әдетте зардап шеккен адамдар қолының ауруы басылатындай қалыпты өздері тауып алады. Жарақат алған қолын сау қолымен көтеріп ұстап тұрады. Қолын күшпен түсіруге тырыспау керек. Таңу кезінде қолтығының астына мақта – дәке орамын қойып, қолын
денесіне таңып тастау керек.
Қолының басы мен білегін орамалға асып қою керек. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.
Сыну әрқашан айқын бола бермейді.
Сыныққа жататындар: бөлшектену немесе жарылу, сондай – ақ толық
сыну.
Қолдың иық сүйектерінің сынуы. Зақымдану шынтағымен, иығымен құлағанда орын алады. Зардап шеккен адамның иығы шыдатпай ауырады. Шынтағынан денеге қарай бүгілген қолды cay қолымен ұстап тұру. Иықтың көлемі өзгеріп, қатты ауырады, ақырын сипап көргенде және қозғалтқанда сынған сүйектің дыбысы естіледі.
Алғашқы көмек. Қолын орамалға асып қою, қатты ауырса, денесіне таңып тастау. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.
Иықтың ортаңғы бөлігінің сынуы тік құламаған жағдайда (шынтақпен құлау, иықтың кенеттен бұралып кетуі), сондай – ақ тікелей жарақат алғаңда (иығынан ұрғанда) орын алады. Сынықка тән сипаттар: иықтың қысқаруы мен деформациялануы, сынған жердің қалыпсыз қозғалуы, сүйек сынықтарының қытырлауы.
Алгашкы көмек Таңғыш қалақ салу, сынықты таңып тастау. Таңғыш қалақты сау жауырыннан бастап саусағына дейін салу керек. Қолды шынтақ буынында тік бұрыш қылып бүгу. Ауруды басу мақсатымен 50% анальгин ерітіндісін немесе басқа да ауыруды басатын дәрілерді ет ішіне егу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |