Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Апаттық құтқару ісі» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің


Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері. Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары



бет10/10
Дата26.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#159755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері. Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары. Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда АҚ мобильді күштерін, әскери және инженерлік әскерлер бөлімін жұмысқа тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы апаттың салдарын жою үшін келесі шаралар ұйымдастырылады:

  • зақымдау ошағын ажырату, кешенді барлау жүргізу;

  • халыққа қорғаныс құралдарын жедел жеткізу, малдарды айдауға, халықты эвакуациялауға көмек көрсету, апат аймағында коменданттық қызмет жасау;

  • жергілікті жерді, жабдықты, техниканы, өндіріс орындарын дегазациялау; ластанған топырақты, қарды жинау, шығару және оларды залалсыздандыру;

  • дегазациялайтын ерітінді, ҚХЗ бейтараптандыру үшін су жеткізу.

Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде ӘКУЗ мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері ӘКУЗ табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде ӘКУЗ көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар, шахталар, қазандықтар ) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдау аймағы болып табылады. ӘКУЗ шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан. Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі менжәне енімен сипатталады.

Химиктер – барлаушылар химиялық ластану ошағының қандай ҚХЗ мен уланғанын, ғимараттың, нысанның зақымдалу деңгейін анықтайды және ошақ шекарасын, оны айналып өту жолдарын белгілейді.

Залалсыздандыру топтары ең алдымен химиялық ластану ошағын оқшаулайды, нысандарға жету жолдарын дегазациялайды, зақымдалған орындардан адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізед. ҚХЗ залалсыздандырылған кезде олардың кейбірінің дегазациялау заттарымен реакцияға түсіп, үлкен жылу мөлшерін бөлетіндігін есте ұстау керек, бұл өрттерге немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.

Мұндай жағдайда залалсыздандыруды дегазациялайтын затқа құм немесе топырақ қосу арқылы жүргізеді. Өрт сөндіру топтары АҚ құрамаларымен бірге салынған жолдарды пайдаланып және бөгеттерді айнала жүріп өрт орындарына жетеді. Ең алдымен апаттық құтқару және басқада қалпына келтіру жүргізуге бөгет жасайтын бөліктердегі өрттерді сөндіреді. Одан ары қарай аппаратура орналасқан жоғары қысымды нысандардағы өрттерді сөндіреді. Химиялық өндіріс нысандарындағы технологиялық жабдық апаттары жанғыш сұйықтықтың ағуымен бірге жүреді. Бұның нәтижесінде өртке үлкен аудан ұшырауы мүмкін. Мұндай өрттерді сөндіргенде ең алдымен сұйықтықтың ары қарай төгілуінің алдын алу шаралары қолданылады. Апат кезінде ХҚО байланыс пен хабарлау құралы жұмысшыларды, қызметшілерді және төңіректегі халықты зақымдау қаупі туралы дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік беруге тиіс. Хабарлау үшін электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі телефон байланысы мен жылжымалы қатты сөйлейтін қондырғылар пайдаланады. Өз уақытында хабарлау мен ұйымдастыру жауапкершілігі АҚ және ХҚО ТЖ штабтарына, ТЖ жөніндегі басқару оргагдары мен олардың қызметтегі бастықтарына жүктеледі. Хабарлау үшін шешім қабылдау құқығы ХҚО ның кезекші диспетчеріне беріледі. Апатты тоқтату, адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты тікелей басқарушы келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен апаттық қызметінің кезекші ауысымының бастығы немесе жұмысты басқару үшін тағайындалған басқа адам басшылық етеді. Қала халқы, елді мекенді



Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару. Радиациялық барлаудың мақсаты, міндеті. Барлау күштері мен жабдықтары. Барлауды ұйымдастыру және жүргізу реті. Барлау әдістері мен жұмыс түрлері. Дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары. Радиологиялық барлауды жүргізу үшін құтқарушылар арнайы құралдарды ( ДП-5А, ДРГ- 01Т, ДП- 22В) пайдаланады. Құтқарушылардың радиоактивті ластанған жерлерде болуы арнайы шамалармен есептелген кестелер арқылы жүргізіледі.

Арнайы шамаларға радиоактивті сәулелену және қозғалу мен қорғану құралдарының әлсіздену коэффиценті жатады. Өлшеулер әрбір 50-100 м сайын қайталанып отырады. Бұл кезде құрал жер деңгейінен бірдей қашықтықта (10-15) болуы керек. Топырақтың, судың, құылыстың ластануының дәл деңгейін алу үшін барлаушылар ластану аймағынан тыс жерлерде зерттелетін үлгілер алады. Үлгіні радиация деңгейі ең жоғары жерден алу керек. Әрбір өлшеу нәтижесі, дәл уақыты тіркеу журналына енгізіледі.



Радиация мен химиядан қорғау шаралары. Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ құзырына жатады, олар мынаны қамтиды:

  • қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау;

  • радиациялық барлау приборларымен ( ДП 5В, ИПД 21 );

  • химиялық барлау приборларымен ( ВПХР, ПХР, ХУЗ ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен;

  • залалсыздандыруды осы құралдарды әзірлікте ұстау;

  • радиациялық және химиялық аухалды анықтау мен бағалау;

  • радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою;

  • халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарларды, азық-түліктің, мал мен өсімдіктердің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру:

Радиациялық қауіпті объекті – ғылыми, шаруашылық немесе қорғаныс объектісі, апаттар немесе бүлінушіліктер кезінде адамдардың, хайуанаттардың, өсімдіктердің жаппай радиациялық зақыдануға ұшырауы және қоршаған ортаның радиоактивті ластануы мүмкін.

Радиациялық апат- радиоактивті өнімдердің тасталуының немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын тиімді пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған апат.

Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді.

Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсермен, радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид құрамымен және тасталған радиоактивті зат мөшерімен бағаланады.

Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен ұзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді:


  • радиоактивті заттардың табиғи ыдаруы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы;

  • метеорологииялық және климаттық факторлар;

  • аварияның салдарын жою жөніндегі жұмыс нәтижелігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шаралары.

Авариядан кейінгі бастапқы кезеңінде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырататын қысқа мерзімімен радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармай шыққан элементтерді ұқсату және радиоактивті көму өндірісін тоқтауға алып келеді. Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті заттың шектен тыс тығыздығымен сипатталады және аудан бірлігіне орай радионуклид белсенділігімен өлшенеді.

«Баршаның назарына» ескерту дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала екі нұсқадан тұратын барлық ескерту шараларын тез, саспай, мұқият орындау қажет.

Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау:


  • тұрғын үймен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қымтау жөніндегі жұмыстарды орындау:

  • жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;

  • қорғаныс ғимараттарын пайдалану;

  • қозғалысты шектеу;

  • Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;

  • йодтың немесе калий йодының 3-5 проценттік пайдаланып, и»одтық сақтандыру жүргізу;

  • суды, азық-түлікті қорғау, оларды шаң өтпейтін ыдысқа сақтау;

  • ықтимал көшуге даярлау:

Екінші нұсқада көшу шараларына қатысу қажет, яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету.

Тұрғылықты жерде ластану деңгейі нормадан асатын болса, алайда қауіпті шектен аспаса өзін-өзі ұстаудың арнайы режимі сақталады. Шаңды болдырмау, жеке шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуді сақтандыру, радиоактивті заттардың азық түлікпен және сумен организмге өтуінен сақтандыру шаралары өткізіледі.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Өртке қарсы шараларды дайындау, өртті барлаудың мақсаты мен міндеті.

  2. Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері

  3. Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару. Радиациялық барлаудың мақсаты, міндеті

  4. Барлау бөлімшелерінің құрамы, олардың техникалық жабдықталуы. Зақымданғандарды іздестіру және көмек көрсету.

  5. Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары. Барлау күштері мен жабдықтары.

  6. Барлауды ұйымдастыру және жүргізу реті.. Дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары.

14 Тәжірбиелік сабақ. Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары.


Жоспар: Техногенді және табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары. Халықты құтқарудың негізгі әдістері. Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан құтқаруы ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.

Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі бар: жер слкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты табиғи апаттар жиі болып жатады. Жер сілкінісі кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Жеңіл үйіндінің астында қалғандарды тез арада босатып, балалардың, ауруларды, қарттардың қауіпсіздігіне назар аударылады. Ғимаратқа кірер алдында баспалдақтың, қабырғаның қауіпінің бар-жоқтығына назар аударылады. Адамдарды құтқарудың ең қиыны жанып жатқан мекемелерден қауіпсіздік шараларын сақтай отырып алып шығу.

Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: Сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау.

Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау.

Сел қаупіне тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек.

Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер құруға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті. Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірлеген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары таратылады.

Қар көшкіні қауіпі кезінде тауға шығу қажетті жағдайда кезек күттірмейтін жұмыс үшін, атап айтқанда құтқару жұмысы үшін тік жартастан, оның ең биік бөлігіне немесе жартасқа жақын тар жерден өту қажет. Бұл беткейді шамалы сілкінтеді. Зардап шегушіні қазып алғаннан кейін оның бетінің алдын бос кеңістіктің бар жоғын немесе бетіне қардың қатып қалмағандығын анықтау қажет. Бірден жүректің соғысы мен құрсақтың қысылу дәрежесін тексеру керек.



  • ауызбен мұрындағы қарды кетіріп «ауызға ауыз» немесе «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет.

  • бір уақытта зардап шегушіні қйықтау қапшығына салып жылыту керек.

Дауылдан кейінгі негізгі жұмыстар

  • зардап шеккендерді іздеу, жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару;

  • жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардан адамдарды құтқару;

  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу;

  • шыққан өртті сөніру;

  • өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық энергетикалық желелердегі аварияларды жою.

Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері:

Көмекті кешіктірмеуге қажет. Жасанды тыныс алу мен жүректі сылауды бір минуттан артық тоқтатпай, зардап шегушіге өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру қажет.

Су тасқынынан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар.

Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басылуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету, су түбін тереңдету, ғимараттар мен үй жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, құтқару құралдарын жасау және даярлау. Құтқару жұмыстары кезінде халық ұстамдылық сақтап құтқарушылар талаптарын қатаң орындауға тиіс.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Табиғи спаттағы төтенше жағдайлар

  2. Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары

  3. Халықты құтқарудың негізгі әдістері

15 Тәжірбиелік сабақ. Техногендік сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары.


Жоспар: Техногенді және табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары. Халықты құтқарудың негізгі әдістері. Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан құтқаруы ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше.
Халықты құтқарудың негізгі әдістері мыналар:

  • қорғаныс ғимараттарына жасыру;

  • халықты таратып қоныстандыру және көшіру;

  • жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын пайдалану;

  • дер кезінде хабарландыруды ұйымдастыру;

  • азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық зақымданудан қорғау;

  • радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;

  • өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;

  • зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыспен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;

Қорғаныс ғимараттарына жасыру – халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе әуе шабуылынан, сол сияқты қауіпті жағдайдан қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі.

Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық , биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы құтқару жұмыстары.

Әуеден шабуыл болғанда радиоактивтік немесе химиялық зақымданғанда – біріншіден АҚ штабынан қауіптер туралы хабар түседі. Төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құрылады.



  • барлау топтары – 15-16 адамнан тұрады

  • қоғамдық тәртіп қорғау топтары

  • санитарлық дружина -25 адам

  • санитарлық бекеттер -2-3

  • құтқарушы топтар 30-35 адам

  • бірнеше өрт сөндірушілер топтары, әрқайсысында 4-5 адам

Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары. Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің, коммуналды энергетикалық және технологиялық қондырғылардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендігі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары АҚ басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады. Қозғалыс жүргізу жұмыстарын жүргізгенде бір жақты қозғалыс үшін биіктігі -1мм, ені -3-3.5м, жол ашса, ал екі жақты қозғалыс үшін ені -6-6.5м эксковаторлар жол ашып, өрт сөндіргіш машиналармен біруақытта жұмыс атқара отырып өрт сөндіріледі. Осындай жұмыстардың артынша дереу іздестіру құтқару жұмыстарын қолмен немесе кіші механизация құралдарын қолданумен іске асырады. Құтқарылғандарға алғашқы көмек көрсетіледі.


Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. Халықты құтқарудың негізгі әдістері

  2. Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы құтқару жұмыстары.

  3. Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет