ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Басқару және тұрақты дамудың географиялық негіздері» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/6
Дата01.07.2016
өлшемі363.5 Kb.
#170597
  1   2   3   4   5   6



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-34.1.56

/02-2013


ПОӘК

« Басқару және тұрақты дамудың географиялық негіздері » пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 1 басылым

18.09.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Басқару және тұрақты дамудың географиялық негіздері»


5В011600 – «География»мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013


Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

9

3

Практикалық сабақтар

52

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


Глоссарий
Аймақ (лат. Regio - облыс) – бұл термин «аудан» түсінігіне синоним ретінде және нақты шекарасы көрсетілмеген аймақты сипаттау үшін пайдаланылады.
Анклав- (француз.enclave) – жан-жағынан басқа мемлекеттің аумағымен қоршалған бір мемлекет аумағының бөлігі.
Ассимилияция – (лат. Assimilatio-бірігу, ұқсастыру)- бір халықтың басқа халықтың тілін, мәдениетін үйреніп, бірлесуі; өзінің тілін, мәдениетін және ұлттық сана- сезімін жоғалтуы. Табиғи ассимилация халықтардың этникалық топтарының аралас үйленуі барысында жүзеге асады; күштеу арқылы жүретін ассимилация-қысым көрсетудің нәтижесінде жүзеге асады. (мысалы, туған тілінде кітап басып шығаруға және білім алуға тыйым салу, т.б)
Аудан (rayon – тікелей аудармасы шырақ, радиус) – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық әкімшілік белгілі көрсеткіштері негізінде бөлінетін аумақ.
Әкімшілік – аумақтық бөлінуі (лат.adminstratio – басқару, басқарма) – мемлекеттің аумақтық жүйесінің ұйымдастырылуы, соның негізінде мемлекеттік басшылық пен билік жүйесінің жұмыс атқаруы.
Геосаясат – елдің географиялық жағдайы және басқа физикалық, экономикалық, географиялық факторлармен шартталатын мемлекеттің сыртқы саясаты мен халықаралық қатынасты саяси, әскери-стратегиялық, экологиялық, халықаралық байланыстарға тәуелділігін зерттейтін ғылыми бағыт.
Дезурбанизация – урбандалу процесіне белгілі бір қарама- қарсы жағдай, халықтың қаладан тыс жерге шоғырланбауы және қоныстану процесі.
Демография – (грекше demos-халық және grafo - жазу) – халық санының өсуі және халықтың ұдайы өсуі. Демографиялық жарылыс – туудың жоғары қарқынын сақтау арқылы өлімнің шұғыл төмендеуі нәтижесінде, халық саны өсімінің күрт артуы.
Депопуляция – (depopulation- халықтың азаюы) - халық санының төмендеуі, азаюы.
Еңбек өнімділігі - адамның еңбек әрекетінің жемісі, өнімділігі. Бір жұмысшының белгілі уақытта жасап шығарған өнім мөлшері немесе белгілі өнімді жасауға кеткен уақыт бірлігімен есептеледі.
Еңбек ресурстары- еңбек ету үшін білім, ойлау қабілеті, қажетті физикалық дамуы бар ел халқының бір бөлігі.
Иерархия – (грекше – hierarchia-әулие, arche- билік) – тұтастық элементтері және бөліктерінің жоғарыдан төменге қарай орналасу реті.

Импорт (ағыл. Import - әкелу) - басқа мемлекеттерден елге тауар әкелу, тасу.
Индустриалиизация (лат. Industria – ынта, жігер) – шаруашылықтың барлық салаларында, өнеркәсіпте, әсіресе ірі машиналық өндірісті жасау нәтижесінде елдің аграрлықтан индустриялдық құрылымға өтуі.
Инфрақұрылым (лат.infra – төмен және structura - орналасу)- халықтың күнделікті сұранысын қамтамасыз ету үшін қажетті жүйелер мен қызметтер, құрылыстар, ғимараттар, т.б жиынтығы. Өндірістік инфрақұрылымға: көлік, байланыс, энергетика, сумен қамтамасыз ету; әлеуметтік инфрақұрылымға (қызмет көрсету сферасы)- білім беру, денсаулық сақтау, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, т.б жатқызылады.
Кооперациялау- белгілі бір өнімді дайындауды бірлесіп атқаратын дербес кәсіпорындар мен жекелеген шаруашылық салалары арасындағы тығыз өндірістік байланыс. Ол өндірісті мамандандырудың күшеюі және қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы нәтижесінде өрістеуде. Ол даяр бұйым шығаратын жетекші кәсіпорын тапсырмасымен бірнеше өндіріс орындары бірігіп, оларды түйіндермен тетіктермен, дайындамалармен, сондай-ақ агрегаттармен, шала фабрикаттармен қамтамасыз ету ісін қамтиды. Аумақтық жағынан жақын жатқан кәсіпорындардың өзара байланыс тиімділігінің жетілдіруді ұйымдастыру тұрғысындағы іс- шара.

Мұның да мамандандыру түрлеріне сәйкес 3 түрі бар. Ол аумақтық (аудан іші немесе ауданаралық) немесе салалық (сала ішіндегі немесе салааралық) принцптер бойынша ұйымдастырылады, өнеркәсіптің экономикалық ұтымдылығын арттыруға бағытталған өндірісті ұйымдастырудың аса маңызды формаларының бірі.


Құрамдастыру – бір кәсіпорын аясында әр түрлі өнімдер шығаратын бірнеше өндірісті технологиялық жағынан аумақтық және ұйымдық тұрғыда біріктіретін өндірісті ұйымдастырудың прогресшіл түрі. Ол келесі үш түрде: шикізат өнімдерінсатылап өңдеу; шикізат пен отынды кешенді пайдалану; қалдықтарды қолдану бағытында жүзеге асырылады. Бұл форма-металлургия, химия, жеңіл өнеркәсіп тамақ, ағаш, мұнай өңдеу, т.б. салаларда кеңінен қолданылады. Мысалы: толық циклді металлургия камбинатында бірнеше (шойын, болат, прокат, кокс, химиялық өнім, цемент, т.б.құрылыс материалдарын өндіру)өндіріс түрлері біріктірілген.
Қызметкерлердің тапшылығы (лат. defecit - жетіспеу)-қызметкерлердің жетіспеуі, жұмыс орынының жұмыс істеуге ынталылардан көп болуы.
Мамандану (лат.specialis дара, ерекше)- Ауданның мамандануы-ауданда белгілі өнім өндірісі немесе белгілі қызмет көрсету түрінің шоғырлануы.
Мамандандыру- белгілі бір дайын өнімді, оның жеке бөліктерін даярлау немесе дербес технологиялық операцияларды орындау ісі арнайы бір салаға, оқшауланған кәсіпорныға оның ішіндегі құрылымдарға жүктелуі. Осы тұрғыдағы оның 3 түрі ажыратылады: заттық немесе нақтылы бір дайын өнім шығаруға мамандандыру (станок, автомабиль жасау, аяқкиім, т.б.); тетіктік немесе өнімнің жеке бір тетігін жасауға мамандандыру (поршень, шарик-подшипниктер, реле, т.б.); технологиялық кезеңдерге немесе стадиялық мамандандыру (құрастыру) цех, иіру фабрикасы, құю зауыты, т.б.
Мегалополис (грекше megas-үлкен және polis – қала; бұл атау 35 мекеннің қосылуынан пайда болған ертедегі грек қаласы Мегалоаполь атымен аталған) – бірнеше қала агломерациясының бірігуінің нәтижесінде пайда болған ең ірі қоныстану формасы.
Мигарция (лат. migratio – көшіп - қону)- халықтың аумақтар бойынша көші-қоны (қоныс аудару, мезгілді және тербелмелі көші-қоны).
Миграция сальдосы (итал. saldo өтемақы, есеп, қалдық) – халықтың механикалық өсімі тәріздес белгілі аумаққа қоныс аударып келушілер мен белгілі уақыт аралығында қоныс аударып кетушілер саны (бір жыл ішінде) айырмашылығы.
Нәрестелер өлімі – туған мың нәрестеге шаққандағы бір жасқа дейінгі өлгендердің саны.
Негізгі өндірістік қорлар-материалдық өндірістің машина жасау, құрал-жабдықтар, өндірістік ғимарат, құрылыстар салуда пайдаланылды.
Өнеркәсіп – адамзат қоғамының өндіргіш күштерінің даму денгейіне ықпал етуші шаруашылықтың жетекші саласы. Ол өзі үшін де, шаруашылықтыңбасқа да салалары үшін де әрі адам игілігіне қажетті өзге де материалдық құндылықтарды өндіретін бірегей кешен. Ол шикізат пен материал, отын мен энергия өндірумен бірге өзінің құрамындағы түрлі салалардан алынған немесе ауыл шаруышылығында өндірілген өнімді ары қарай өңдеумен де айналысатын сан мыңдаған арнаулы кәсіпорныдардың жиынтығы. Құрылымы өте күрделі осы кешеннің салаларын атқаратын міндеті мен технологиялық ерекшеліктеріне қарай өндіруші және өнеркәсіп түрлеріне топтастырамыз. Өз кезегінде өндіруші өнеркәсіп өзінің еңбек затын табиғаттан алса, өндіруші өнеркәсіп еңбек өніміне айналған заттарды ғана өңдейді.
Өнеркәсіп орталықтары - өнеркәсіп салаларының шоғырланып орналасуымен ерекшеленетін қала немесе кент аумағы. Өнеркәсіп орталықтары, негізінен, өндірістің ауқымдылығымен және құрамының күрделілігімен ерекшеленеді. Ол индустриялдық мазмұндағы қызметімен қоса әрі көлік қатынасында маңызды рөл атқарады. Әдетте, өндіруші өнеркәсіп орталықтары (шахталар, кеніштер, т.б.) өңдеуші өнеркәсіп орталықтарымен (машина жасау, химия, т.б.) салыстырғанда тар профильді болып келеді. Өйткені өндіруші өнеркәсіп орталықтары белгілі бір шикізат түрін немесе табиғат қорын пайдаға жарату мен ғана шектеледі, ал өндәруші өнеркәсіп орталықтарының өндірістік профилі өзінің жан – жақтылығымен сипатталынады. Өнеркәсіп орталықтары өзі орналасқан аумаққа қатысты үйлесімді ұйымдастырушылық рөл атқара отырып, сол жердегі өндіргіш күштердің қарқынды дамуына да зор ықпал жасайды.
Өнекәсіп торабы – ортақ мүдделі жағдайда бірыңғайлы көліктік географиялық орнымен, өзара өндірістік – технологиялық байланыстармен бірлестірілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың серіктесіп орналасқан аумағы. Өнеркәсіп торабы бірнеше қаалар мен олардың маңында орналасқан кенттерді қамтиды, өте сирек жағдайда бір қаланың аумағымен де шектелуі мүмкін. Атқаратын қызметіне қарай өндіруші өнекәсіп торабы және өңдеуші өнеркәсіп торабы болып бөлінеді. Өндіруші өнеркәсіп торабы: көмір, мұнай, қара металлургия, т.б салаларға, ал өңдеуші өнеркәсіп торабы: машина жасау, химия, тоқыма және басқа да тармақтарға бөлінеді.
Өнеркәсіптің кооперациялануы (лат. cooperatio – ынтымақтастық, әріптестік)-белгілі бір өнімді бірлесіп шығаратын маманданған кәсіпорындардың арасындағы өндірістік байланыс.
Өндіруші өнеркәсіп - минералдық ресурстар, кен байыту, құрылыс материалдарын, басқадай шикізат түрлерін өндіру, балық аулау, ағаш дайындау, т.б. салалары жатады.
Өндірістік ұйымдастыру - сапалы өнім шығару, оның түрлерін көбейту, еңбек өнімділігін арттыру, өндірістік шығындарды азайту, еңбек жағдайын жақсарту және мамандардың біліктілігін көтеру негізінде өндіріс орынының тиімділігін көтеру мақсатындағы еңбек процесі мен өндіріс заттарын уақыт пен кеңістікте ұтымды ұштастыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Ол негізгі, көмекші, қызмет көрсетуші өндірістер мен басқару процестерін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыруда түйдекті, дара және партиялық әдістер қолданылады, соңғысында алғашқы екі әдіс ұштастырылады. Өндірісті ұйымдастырудың маңызды формаларына: құрамдастыру, шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау жатады.
Өңдеуші өнеркәсіп – аралық өнімдер мен даяр бұйымдар алумен шұғылданатын: металлургия, химия, машина және құрал-жабдықтар жасау, металл және ағаш өндеу, тоқыма тамақ т.б. өнеркәсіп салаларынан тұрады. Өнеркәсіп өзі шығаратын өнім түрлеріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді: 1) «А»тобына немесе ауыр өнеркәсіп бөлігіне өндіріс құрал-жабдықтарын (станок,прокат, минералдық тыңвйтқыш, целлюлоза т.б.) жасап шығаруға; 2) «Б» тобына немесе жеңіл өнеркәсіпке күнделікті тұтыну заттарын (тігін, балық, астық өнімі, тағамдар, үй мүліктері, дәрі-дәрмек, т.б.) жасайтын салалар кіреді. Аталмыш қос салалық топ бірнеше кешенді салаларға бөлінеді, ал олар өз кезегінде тармақталып жекеленген өндіріс түрлеріне жіктеледі. Мысалы, машина жасау өнеркәсіп кешені – ауылшаруашылық, энергетикалық, көліктік машиналар, станок, аспаптар жасау, т.б. салаларға бөлінеді, олардың өзі ары қарай жеке өндіріс түрлеріне (көліктік машина жасау-автомабиль, авиация кеме жасау,т.б.), олар өз кезегінде жеке (автомабиль жасау – автобус, жүк, жеңіл, спорттық,т.б) арнайы бағыттарға тармақталады.
Приватизация (лат. privatus - жеке)- мемлекеттің меншігіне жеке қожайындарға беру, жекешелендіру.
Рекрация (recreatio – қалпына келтіру). Рекрациялық ресурстар – адам денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, жақсы демалыс үшін жасайтын ресурстар.
Субсидия (лат. subsidium –көмек, қолдау)- мемлекеттен әлдебір аймаққа, әлеуметтік топтарға, салаларға бөлінетін ақша қоры.
Терминал (лат. terminus – шектен шығу, соңы) – көлік торабының жекешеленген, маманданған бөлігі (мысалы, теңіз портындағы мұнай айлағы, т.б.).
Урбанизация (лат. urbanus - қалалық)- қала халқының үлес салмағының өсуі, қалалар рөлінің артуы және қалалық өмір салтының таралуы процесі.
Халықтың аймақтарға шоғырлануы (лат. concentratio – жинақталу, үйірілу)-халықтың жеке, орталық, зона, аудандарға шоғырлануы. Шоғырлану процесі халықтың әркелкі орналасуын күшейтеді.
Халықтың табиғи өсімі – туу мен өлім саны аралығындағы айырмашылық.
Шаруашылықтың салалық құрылымы - өнімнің бағасы, негізгі өндірістік қордың бағасы және жұмыс істейтіндердің саны бойынша әр түрлі өнеркәсіп салаларының арасындағы өзара арақатынасы.
Шоғырландыру - өндірісті ірілендіру мақсатында өндіріс құрал-жабдығының, еңбек қорларының және өндірілетін өнімінің барынша іргелі кәсіпорындарға тоғыстырылып жинақталуы. Осындай кәсіпорын аясында – еңбек құралдарын, т.б. жарақатарды жетілдіріп жаңғыртып отыру еңбек және шикізат ресурстарын үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру, тиімді. Олардың ұсақ немесе орта кәсіпорындарға қарағанда техникалық-экономикалық, т.б. артықшылықтарымен қатар пайдасы да мол, бәсекеге қабілеті де зор.
Экономикалық аудан- экономикалықгеографиялық жағдайы, табиғи, еңбек ресурстары мамандануы. Өндірістің өзара байланыстылығы бойынша айырмашылығы бар аумақ.

Экологиялық жағдай – белгілі аумақтағы қоршаған ортаның табиғи жағдайы. Адамның тіршілік әрекеті жағдайларымен бағаланады. Экологиялық жағдайдың нашарлауына қарай қанағаттанарлық, дағдарысты, ауыр, апатты және шиеленіскен экологиялық жағдайлар деп бөлінеді.
Экологиялық белсенді халық – жұмыспен қамтылған халық (жұмыс істейтіндер) пен жұмыссыздарды біріктіреді (белсенді түрде жұмыс іздеушілер және еңбекке даярлау).
Экспорт (ағыл. Export – сыртқа шығару)- басқа елдерге тауар шығару.
Этнос (ағыл.ethnos - халық) – адамдардың – тайпа, халық, ұлыс тарихи қалыптасқан тұрақты топтары.
Лекция 1

Тақырыбы: АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Аймақ әлеуметтік-экономикалық басқарудың объектісі түрінде
Мемлекетті дамуытуда аймақтардың және олардың өкімет органдарының ролін жоғарылату - маңызы зор дүниежүзілік тенденция болып келеді. Ол (тенденция) бірнеше жағдайлармен ескертілген:

- шешуші роль өмірдің әлеуметтік аспектілеріне, адамдық факторларға нықталып келеді;

- өзара территориялық байланыстың маңызы өсіп келеді;

- еңбек қорларының мобильділігі жоғарылайды;

- аймақтың өндіріс құрылымы және инфражүйесі күрделенеді;

- еңбектің территориялық бөлінуі тереңдетіліп, оның халықаралық аспектісінің маңызы жоғарылап барады.

Бұл тенденцияның дамуы біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасындағы басқару функцияларын лайықты қайта бөлуге және, екіншіден , мемлекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды үйлесімді үйлестіру қажеттілігіне әкеледі.

Бұл мінезде Қазақстанға лайық. Себебі, республикамызда мемлекеттікті жасау экономикалық дамыған аймақтарсыз, тармақты әлеуметтік инфражүйесіз мүмкін емес.

Аймақтық басқарудың методологиялық аспектілерін қарастыра отырып, арнайы сөздікті анықтап алу маңызды. Ең алдымен « аймақ »ұғымын.

Шетелдік және біздің ғылыми әдебиетте аймақтық ғылымның анық анықтамасы жоқ.Бұл сөзсіз, Қазақстанда және шет елдердегі аймақтық зерттеулер бағыттарының және методологиялық концепциялардың әр алуандығы себептерінен. Мысалы, «аймақ» ұғымының жүзден аса түсіндірулері бар. Экономикалық әдебиетте барлығынан жиірек аймақтың екі ұғымы кездеседі. «Аймақ» және «аудан» ұғымдарының арасында жиі теңдік белгісі қойылады. Міне осыдан да ұғым анықтамасы екі жақты. «аймақ». Осылай, Кожурин Ф. «аймақтық басқаруды толық жетілдіру» кітапшасында «біріншіден, аймақ ұғымында елдің георгафиялық шарттармен ерекшеленетін табиғи мамандандырылған бөлігін түсіндіреді. Бұл аудандар өндіріс – техникалық, дәл осылай экономикалық жағынан салыстырмалы тұйық болып келеді. Екінші ұғым, елдің әкімшілік бөлу бірлігі: облыс, қала» көрсетеді.

Аймақтық экономика облысындағы белгілі маман Некрасов Н. «өзін-өзі басқару», яғни әкімшілік - территориялық бөлу категориясын назарға қабылдамай, аймақты әлеуметтік - экономикалық позициядан анықтап қарайды. «Аймақ астында елдің ірі аумағы, біршама біркелкі табиғи шарттармен, ал ең алдымен өндіріс күштерінің дамуы мінездемелі бағыттылығымен және перспективалы әлеуметтік инфражүйемен ерекшеленеді» - деп, Некрасов Н. белгілеп қояды.

Біздің көзқарасымызша әлеуметтік - экономикалық басқару мақсаттарына келетін «аймақ» ұғымының анықтамасы: «аймақ - өндірістің белгілі құрылымын сипаттайтын, әр түрлі меншік түрлері бар, халық концентрациясы, жұмыс орындарды, сонымен қатар адамдардың белгілі бір рухани өмір ережелері бар; аумақ тұрғындарының тіршілігін жеңілдететін өзін-өзі басқару және жергілікті басқару органдары бар әлеуметтік - экономикалық кеңістік».

ҚР «Қазақстан Республикасының әкімшілік - территориялық құрылғысы туралы » заңына сәйкес «аймақ – республика қажеттілігіне құрылған және басқарылатын бірнеше қоныстанған пунктілер қосылған республика территориясының бір бөлігі. Республикалық әкімшілік - территориялық құрылғының негізгі буындары ретінде облыс, аудан және ауылдық округ аймақ болып келеді.

Тәуелсіз мемлекеттің аймақтық саясаттың айқын проблемасын анықтауы заңды болып келеді . Бұл саясаттың негізі өндіруші мен тұтынушының экономикалық және творчестволық қызметіне бостандық беру. Ақыр соңында, тауар өндіруші тиісті экономикалық жауаптылықты ведомтствоның алдында емес, тек қана тұтынушының алдында тартады.

Аймақ экономикасын басқару және барлық шаруашылық механизмі өзімен территориясында жеке басқару деңгейі бар объектілері орналасқан шаруашылықты басқарудың ұйымдық - экономикалық жүйесін құруы керек.

Аймақтардың және шаруашылық етуші бірліктердің өздігінен дамуына арналған міндетті шарттары өзін-өзі басқару, серіктерді таңдау бостандығы, өндіріс құралдары нарығы, валюталық құралдар және демонополизациланған шаруашылық етудің басқа элементтері болу тиісті. Аймақтық басқару облыстардың және республиканың бірбүтін ерекшеліктерінің барлық түрлерін барынша есепке алады. Басқаруды стандарттау ұлттық өндірістің тарихи құндылықтарын қиратуға бара-бар.

Аймақтау принципін және ұлттық шаруашылық ерекшеліктерін елемеу бұрынғы ССРОда, орталықта бірыңғайлы басқаратын шешімдер іздеу және қабылдау әрекеті үлкен зиян әкелді. Халықаралық еңбек бөлінісіне қатысудың және дамудың түбіріне балта шапты.

Кез-келген мемлекетте (федералды және унитарлы) иерархиясы ұлттық деңгейден төмен территориялық құрылымдардың екі түрі бар болады :

- аралық территориялық құрылым және оларға лайықты өкімет және басқару органдары;

- төменгі (негізгі) әкімшілік - территориялық бірліктер және жергілікті өкімет және басқару органдары. Қабылданған терминологияда екі деңгейлердің де басқару органдары жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жатады.

Басқарудың аралық органының кез-келген мемлекеттегі анықтамалары - оның дербес болу мүмкіншілігі:

- автономдық бюджет;

- территориялық бөлімшелердің үстінен әкімшілік бақылау.

Осындай аралық органдар болып өз функцияларын орталық үкіметтің ведомствосына қарастыбөлімінен тәуелсіз жүзеге асыратын аймақтардың, облыстардың басқару органдары болып келеді. Ондай құрылымдар АҚШ, Германия, Швейцария, Австрия сияқты федералды мемлекеттерде, сонымен қатар дәл осылай Франция, Швеция, Жапония сияқты унитарлы мемлекеттерде болады.

Жергілікті өкімет органдары өз функциясын қалалық немесе ауылдық аудандарда жүзеге асыратын төменгі әкімшілік бірлік болып келеді. Оларға бағынышты аумақтар аралық территориялық құрылымдарға кіреді. Аралық және жергілікті өкімет органдарын қаржыландыруда үш негізгі табыс көзі бар:

- салықтар - міндетті мемлекетке тегін төлемдер;

- салықсыз табыстар – салықтардан, жәрдем ақшадан (мемлекет немесе қандай болмасын мекеме ұсынатын әдетте ақшалы жәрдемақы түрі) және займдардан басқа барлық табыстар;

- субсидия - басқа өкімет органдарының қаражаттарынан пайызсыз тегін жәрдем.

Қазақстан экономикасының нарықтық реформасымен байланысты маңызды проблема - біртұтас халықшаруашылығы кешенінде әрбір аймақ нәтижелі жұмыс жасауы тұрады. Қазіргі заманда аймақтық деңгейде басқарудың функциясы және әдістері экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік көзқарасқа негізделген. Нарықтық реттеу әдістері танымал маркетингі жүйелері және мемлекеттің экономикалық рычагтардың және стимулдар арқылы арқылы реттеуінен шығады. Аймақтық экономиканы аймақ аумағында орналасқан және онымен өзара байланысқан шекаралас барлық экономикалық субъектілердің нәтижелі жұмысын қамтамасыз ету позициясынан қарастыру керек. Жүйе мақсаттары жағынан қарастырғанда аймақтық экономика өз құрылымымен қайшы. Ол ең алдымен барлық республиканың пайдасына дамиды. Сонымен қатар аймақтың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа ерекшеліктерін ескере отырып, аймақтықтарға қолдау көрсету керек. Осыған байланысты аймақтық экономика тек аймақтық экономикалық субъектілердің назарларын қорғап қана емес, сонымен қатар бөлек аймақтардың назарларын есепке алу механизмінің болуына жағдай жасауы керек. Қазіргі уақытта европалық одақ елдерінде « территорияны ұйымдастыруда аймақтың дамуын тікелей мемлекеттік реттеудің орнына аймақтарда « автономиялық механизмдардың » болуын ынталандыру сияқты жаңа әдіс қолданылады және жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетіледі. Бұл механизмнің функциясы - аймақтың ішкі потенциалын сондай ынталандыру. Тегістеу концепциясы нәтижелілік концепциясымен алмастырылған.

Қазақстандағы өткізілетін негізгі өзгертулердің бірі экономикалық децентрализация, аймақтардың әлеуметтік - экономикалық даму сұрақтарын шешу құқығын және жауаптылығын кеңейту болды. Біртұтас ауылшаруашылық кеңістігін сақтауда республика аймақтары реформаларды өткізу екпіндігімен, кәсіпкерліктің және нарық инфражүйелерінің дамуымен, сыртқы экономикалық қызметттерімен, шетел капиталын тартуымен ерекшеленетінін еске алу маңызды.

Біздің ойымызша облысты басқару жүйесі тек қана шаруашылық етуші субъектілердің өзара қатынастарына сай болып және жеке, корпоративті нарық бөлігіне сәйкес келіп қана емес, сонымен бірге, өз элементарлық әрекеттестігімен экономикалық нәтижелерінің және әлеуметтік аймақтық өндіріс нәтижелілігінің жоғарылауын қамтамасыз ету керек.

Облысты басқару жүйелерінің кіріс мінездемелері ретінде талдап, қорытындыланған, өткенді шолатын экономикалық және әлеуметтік ақпарат (5-6 жылдың бағаларын салыстыруға болатын) болуы керек.Сонымен қатар заттық - техникалық, еңбектік , қаражаттық қорлардың сандық және сапалық көрсеткіштері, белгілі бір уақыт аралығында басқару процесінде оларды қолдануға кеткен шығын мөлшері. Облыс сияқты әкімшілік - территориялық құрылымның әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы ақпараттың болуы, біздің ойымызша, аймақпен басқару жүйелері элементтінің әрекеттестігін жан-жақтыландырудың қажетті шарты. Ол алдағы ағымдағы, перспективалы және стратегиялық әлеуметтік - экономикалық даму, өндіріс нәтижелілігін талдау, тұтынылу қорларының экономикалық өсу резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің көзқарасымызша, облысты басқару жүйесінде әрекеттестіктің негізгі элементтері басқару түрлері (ағымдағы, перспективалы және стратегиялық), басқару функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау), функцияларды толтырылу мақсатындағы оларға лайықты және бағытталған басқару әрекеттестігіне нақтылы іс-әрекеттер, сонымен қатар әдістер‚ тәсілдер және облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқару стратегиялары болу керек.1,2

Бір-бірімен әрекеттесетін облыстың дамуын басқару жүйесінің ресурстық құраушысы ретінде барлық иерархия деңгейлерінің (олар: функцияларды орындаудың аралық және тікелей процесіне қатысатын; облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың барлық түріне арналған негізгі қорлар, материалдық, қаражаттық және ақпараттық қорлар). басқару персоналы шығады:

Облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқару жүйесі құрастырушысының қорлық әрекеттесуінің екінші нұсқасы, біздің көзқарасымызша, мөлшері анағұрлым аз, тек қана облыс әкімі - әкімшілігі деңгейінде басқаруға қатысушы қорлармен көрсетілуі мүмкін.

Сондықтан облысты басқару жүйесінің қорлық құрамын барлық иерархия деңгейлерінің жиынтығы ретінде кеңірек қарастырғанда, элементтердің әрекеттестігінің жүйелік талдауы әлеуметтік - экономикалық дамуды басқаруға қатысушы қорлардың толық құрамын қосады.

Облыстың әлеуметтік - экономикалық дамуын басқарудың әртүрлі деңгейлерінің қорлық құрастырушылары басқару жүйесінің басқа әрекеттесуші элементтерімен әр түрлі деңгейде, бірақ тығыз байланысқан. Осылай, мысалы, басқарудың әкімшілік - шешуші әдістері аймақты тікелей басқаруы керек. Осы әдісті сипаттайтын кең таралған мазмұнды бөлімдері болып аймақтық және республикалық сипаттағы нормативті – заңдық актілер, бұйрықтар, қаулылар табылады.

Сондай әкіммен аймақтық деңгейде қабылданушы басқаратын шешімдерді негіздеу мақсатында, мысалы, мына басқару тәсілдері: үйлесімді, аналитикалық, еліктеу, болжаушылық, ұйымдық шешімдердің деңгейін көтеруге мүмкіндік беретін аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуына реттеуші шешімдер.

Аймақты басқарудың лайықты өлшеммен толықтырылған функцияларының әрбірі (жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, есеп және талдау) аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуына тура және жанама басқаруға әсер етеді. Барлық қажетті жоспарлау-есептеу негіздемелерінің барлық түрлері аймақтың ауылшаруашылығының экономикалық және әлеуметтік өсуінің қажетті динамикасы салыстырмалы даму жоспарлылығын сақтауға бағытталған.

Ақыр соңында, әлеуметтік - экономикалық саясат халықтың әл-ауқаттын жоғарылатуға бағытталуы тиіс. Ол елдің тұрақты экономикалық дамуы негізінде барлық аймақтардың талпыныстарын біріктіруі кезінде мүмкін.

Аймақты басқарудың әлеуметтік жағы әлеуметтік әділеттілік және азаматтардың тең құқылығы сияқты демократиялық қоғам принциптарында көрсетіледі. Мына позициядан балансталған аймақтық даму өмір сапасы адамдарға өмір сүруге және жұмыс істеуге тура келетін аймақтан тәуелді болмайтынына кепіл болуы тиісті.

Сайып келгенде, аймақтық саясатқа сай аймақ «дискриминациясы» үшін әлеуметтік көзқараста, азаматтардың мекен-жайы бойынша құқықтарына шек қоюларынан құтылуға қажеттілікпен ақталуы мүмкін. Сәйкесінше, аймақтық саясат халық табыстарында, жұмыссыздық деңгейінде, әлеуметтік инфражүйеге, транспорттық жүйеге, коммуникацияларда , қоршаған орта күй-жағдайында және т.б. аймақ аралық ерекшеліктердің тегістеуіне тиісті бағытталған болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет