Халықаралық ұйымдар
Ұйымның аты
|
Құрылған жылы
|
Штаб-пәтері орналасқан жер
|
Мүше елдер
|
Мақсаты мен міндеттері
|
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)
|
1945
|
Нью-Йорк
|
188 ел енеді
|
Әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбір өмірге төнген қауіптің алдын алу немесе бетін қайтару, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді реттеу
|
МАГАТЭ,
Атом энергети-касы жөніндегі Халықаралық агенттік
(БҰҰ-ның шешімімен құрылған ұйым)
|
1987
|
Вена
|
120-ға жуық ел енеді
|
Дүние жүзі елдерінің атом энергиясын бейбіт мақсатта және ядролық қауіпсіздік талаптарына сай неғұрлым кең пайдалануына қол жеткізу.
|
ФАО,
БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі арнайы ұйымы
|
1945
|
Рим
|
160-ға жуық ел енеді
|
Әлемдегі аштықпен күрес, адамдардың тамақтануын жақ-сарту мен өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал жасау, ауыл шаруашылығының, балық және орман шаруашылығының өнімділігін арттыру, азық-түлік-пен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру
|
ЮНЕСКО, БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымы
|
1946
|
Париж
|
183 ел енеді
|
Білім беру, ғылым және мәде-ниет саласында халықаралық ынтымақтастықты қолдау
|
ЮНКТАД, БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы
|
1964
|
Швейцария
|
168 ел енеді
|
Экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі әртүрлі мемлекеттер арасындағы халықаралық сауда қатынастарын қолдау
|
Солтүстік Атланттық келісім ұйымы (НАТО)
|
1949
|
Брюссель
|
АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Дания, Исландия, Канада, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Португалия, Грекия, Түркия, ГФР, Чехия, Венгрия, Польша
|
Біртұтас қорғаныс жүйесін құрайтын әскери-саяси одақ
|
Еуропалық Одақ (ЕО),
1993 ж дейін Ортақ нарық
|
1957
|
Брюссель
|
Франция, ГФР, Италия, Бельгия, Нидерланд, Португалия, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Швеция, Финляндия, Австрия.
|
Біртұтас экономикалық одақ құру арқылы елдер арасындағы тауар, қаржы, жұмыс күшінің еркін айналымына жағдай жасау
|
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН)
|
1967
|
Джакарта
|
Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппин, Бруней, Вьетнам, Лаос, Мьянма
|
Оңтүстік-Шығыс Азиядағы бейбітшілік пен тұрақты-лықты орнату, экономи-калық-әлеуметтік және мәдени өрлеуді жеделдету
|
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК)
|
1960
|
Вена
|
Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері, Венесуэла, Габон, Индонезия, Ирак, Иран, Катар, Кувейт, Ливия, Нигерия, Сауд Арабиясы, Эквадор.
|
Мұнай өнімдерінің әлемдік нарықтағы бағасын тағайындау және оның өндірілуі мен сатылуына бақылау жасау
|
№1 СОӨЖ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Елдерді топтастыру
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Елдердің топтары мен оларға тән белгілерді анықтау. Негізгі түсініктер мен терминдерге тоқталу. Дүние жүзінің саяси картасының объектілері туралы түсінік қалыптастыру
САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.Дүние жүзінің саяси картасы
2.Жеке таратылатын дүние жүзінің картасы
3.Дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары
4. Статистикалық мәліметтер
ТАПСЫРМА:
-
Мемлекеттік құрылым мен басқару формалары бойынша кесте құрастырып, картадан көрсету, есте сақтау.
-
Мемлекет аумағы бойынша 10 алып және шағын мемлекеттерді кескін картаға түсіріп,
-
ел аумағын игеруде;
-
экономикалық дамуына;
-
мемлекеттік шекаралардың қауыпсіздігіне саяси баға беру.
-
Дүние жүзіндегі елдерді экономикалық даму деңгейі бойынша топтастырып, ЖІӨ көлемі жөнінен жетекші 10 елді атап, диаграмма құрастыру.
-
Глоссарий жазу
1. Теократтық грекше theos-құдай, kratos – билік деген мағынаны білдіреді.
2. Республика латынша respublica – қоғамдық іс деген мағынаны білдіреді
3. Унитарлы – латынша unitas – бірлік
4. Федерациялы – латынша foederatio – одақ, бірлестік
5. Отарлар – латынша colonia – қоныс
6. Протектораттар – латынша protector – қамқоршы
6. «Қазақстанның қазіргі дүние жүзі саяси картасындағы орны» тақырыбында хабарлама дайындау.
Дүние жүзінің саяси картасының объектілері
Тәуелсіз мемлекеттер
Тәуелді аумақтар
Монархиялар
Республикалар
Мемлекеттік құрылым туралы
Федерациялы мемлекет
Унитарлы мемлекет
Бақылау формасы: Студенттердің сабаққа белсенді араласуын қадағалап, СӨЖ берілген тапсырмаларды қабылдау.
№2 СОӨЖ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Дамыған елдер. «Үлкен Жетілік елдері»
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Дамыған елдер, «Үлкен Жетілік елдері» және олардың даму тенденциялары туралы түсінік қалыптастырып, студенттердің интеллектуалдық ой-өрісін жан-жақты дамытуда пікір алмастыру.
САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.Дүние жүзінің саяси картасы
2.жеке таратылатын дүние жүзінің картасы
3.дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары
4. Статистикалық мәліметтер
Сұрақтар:
1. ЖІӨ және ЖҰӨ өндірудің айырмашылығы неде, олардың әр түрлі топ елдеріндегі көрсеткіштерінің айырмашылығы неге байланысты?
2. Олардың экономикалық даму типіндегі және сыртқы сауда қатынастарындағы өзгешеліктері қандай?
3. Батыс Еуропа қандай алғышарттар негізінде дүние жүзілік экономикалық дамудың орталығына айналды.
-
Дамыған елдердің қазіргі экономикалық жағдайына баяндама дайындау.
Тапсырмалар:
1. Басты капиталистік елдер «Үлкен Жетілік елдеріне» презентация дайындау.
2. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне баяндама дайындау.
3. «Қоныс аударған капитализм» елдеріне хабарлама дайындау.
Бақылау формасы: Берілген тапсырмаларды орындалуын қадағалап, презентацияларын қабылдау.
№ 3 СОӨЖ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Орташа дамыған елдер.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Орташа дамған елдерге жан-жақты сипаттама беріп, олардың әлеуметтік және экономикалық даму тенденцияларына баға беру.
САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.Дүние жүзінің саяси картасы
2.жеке таратылатын дүние жүзінің картасы
3.дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары
4. Статистикалық мәліметтер
Тапсырмалар:
1. Батыс Еуропаның орташа дамыған елдерінің саяси-экономикалық жағдайлары мен табиғи-ресурстық потенциалына баға беру.
2. Шығыс Еуропадағы өтпелі экономика елдеріне жан-жақты сипаттама беру.
3. Батыс және Шығыс Еуропаның экономикасының дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтау.
4. Батыс және Шығыс Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарына хабарлама дайындау.
5. Еуропадағы халықаралық туризм орталықталықтарына презентация дайындау.
Бақылау формасы: Берілген тапсырмаларды орындалуын қадағалап, презентацияларын қабылдау.
№4 СОӨЖ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Дамушы елдер
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Дамушы елдер және олардың әлеуметтік және экономикалық даму тенденциялары туралы түсінік қалыптастыру
САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.Дүние жүзінің саяси картасы
2.жеке таратылатын дүние жүзінің картасы
3.дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары
4. Статистикалық мәліметтер
Тапсырмалар:
1. Кестені пайдалана отырып, дамушы елдердің негізгі топшаларына сипаттама беру.
- жетекші дамушы елдер;
- жаңа индустриялық елдер;
- плантациялық шаруашылық елдер;
- мұнай экспорттаушы елдер;
- «жалға пәтер беруші» елдер;
- даму деңгейі төмен елдер.
2. Дамыған және дамушы мемлекеттерді салыстырып, экономикалық-әлеуметтік жағдайына баға беру.
Бақылау формасы: Студенттердің сабаққа белсенді араласуын қадағалап, СӨЖ берілген тапсырмаларды қадағалау.
№5 СОӨЖ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Географияда статистикалық модельдер құрастыру.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Берілген мәліметтер бойынша модельдер құрастыруды үйрену.
САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.Дүние жүзінің саяси картасы
2.Жеке таратылатын дүние жүзінің картасы
3.Дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары
4. Статистикалық мәліметтер
Тапсырмалар:
-Дүние жүзі елдердің жалпы ішкі өнімі бойынша;
-жан басына шаққанда ЖІӨ көлемі бойынша;
-жер көлемі бойынша;
-халық саны бойынша;
-халық санының ұдайы өсімі бойынша;
-ауыл шаруашылығы көрсеткіші;
-өндірістік өнеркәсіп үлесі бойынша 10 елдің ең төмеңгі және ең жоғарғы көрсеткіштерін алып, рангке жіктеу.
-
Мұндағы, х -интервал
Мах – ең жоғарғы көрсеткіш
Мin – ең төмеңгі көрсеткіш
Рангтерге бөлу тәртібі:
1) Мin-нан у-ке дейін (у = Мin+х)
2) у-тен Z-ке дейін (Z= у+х)
3) Z-тен Мах-ға дейін
2. Қызмет көрсету саласы бойынша дүние жүзінің 10 елінің ең төмеңгі және ең жоғарғы көрсеткіштерін алып, рангке жіктеу. Нәтижесі бойынша кескін картаға 1-рангктегі елдерді – қызыл түспен, 2-рангктегі елдерді – сары, 3-рангктегі елдерді жасыл түспен кескін картаға бояу.
№6 СОӨЖ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Қазіргі замаңғы ғаламдық процестер
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Ғаламдану және аймақтық ы
САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.Дүние жүзінің саяси картасы
2.жеке таратылатын дүние жүзінің картасы
3.дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары
4. Статистикалық мәліметтер
ТАПСЫРМА:
-
Халықаралық экономикалық байланыстар.
-
Халықаралық ынтымақтастық ұйымдары.
-
Дүние жүзілік шаруашылықтың ғаламдануы.
-
Халықаралық байланыс жүйесігі Қазақстанның орны тақырыптарына хабарлама дайындау.
Бақылау формасы: Студенттердің сабаққа белсенді араласуын қадағалап, СӨЖ берілген тапсырмаларды қадағалау.
№7 СОӨЖ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Дүние жүзінің ғаламдық проблемалары
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Ғаламдану және аймақтық ынтымақтастық жайлы білімдерін толықтыру
САБАҚҚА КЕРЕКТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.Дүние жүзінің саяси картасы
2.жеке таратылатын дүние жүзінің картасы
3.дүние жүзінің атластар мен жаратылыстану-математика бағытындағы оқу құралдары
4. Статистикалық мәліметтер
ТАПСЫРМА:
-
ғаламдық демографиялық проблемалар;
-
азық-түлік проблемасы;
-
энергетика және шикізат проблемалары;
-
дамушы елдердің артта қалушылығын жою проблемасы;
-
Дүние жүзілік мұхитты пайдалану проблемасы;
-
Ғарышты бейбіт мақсатта игеру тақырыптарына пікір-талас өткізу.
Бақылау формасы: Студенттердің сабаққа белсенді араласуын қадағалап, СӨЖ берілген тапсырмаларды қадағалау.
3.2. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
-
Қазіргі дүние елдерін мемлекет құрылымы бойынша қандай топтарға бөледі?
-
Анклав деген не?
-
Тәуелді аумақтар қандай түрлерге бөлінеді?
-
Халықаралық және аймақтық ұйымдарға мысал келтір, олардың ерекшеліктерін ата
-
Қандай мемлекеттерде тәуелсіздік жарияланғанымен, егемендік халықаралық деңгейде танылмаған?
-
Дүние жүзі елдерін жерінің ауданына қарай қандай топтарға бөледі?
-
Экстремум елдер дегеніміз не?
-
Дүние жүзі елдерін жерінің пішіні, теңізге қатынасына қарай қандай топтарға бөледі?
-
Әлем елдері экономикалық даму деңгейіне қарай қалай жіктеледі?
-
Экономикалық даму деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді ата
-
Жиынтық ішкі өнімнің жалпы көлемі дегеніміз не?
-
Қандай елдер ЖІӨ көлемі бойынша әлемде алдыңғы орындарда, оның себебі неде?
-
Қандай елдердің ЖІӨ көлемі өте аз, себебін түсіндір
-
ЖІӨ құрылымы мен ел экономикасы типінің және даму деңгейінің арасында байланыс бар ма?
-
«Постиндустриялық» елдерге тән қандай белгілерді білесің?
-
Жоғары дамыған елдерге тән белгілерді ата
-
Шағын капиталистік елдердің ерекшеліктері қандай?
-
«Қоныс аударған капитализм елдері» ұғымын түсіндір, бұл топтамаға қандай елдер жатады?
-
Өтпелі экономика қандай елдерге тән, оның ерекшеліктері қандай?
-
Жетекші дамушы елдер топтамасына енетін елдерді ата, олардың басты ерекшеліктері қандай?
-
«Жаңа индустриялық елдер» ұғымын түсіндір, оған қандай елдерді жатқызуға болады?
-
«Мұнай экспорттаушы елдер» топтамасына тән басты белгілерді ата, оған қандай елдер жатады?
-
«Мешеу елдер» топтамасын қандай елдер құрайды, оларға тән белгілер қандай?
-
Ғаламдық экологиялық проблемалар қалай пайда болады, олардың қатарына қандай мәселелерді жатқызуға болады?
-
Елдердің экологиялық-экономикалық типтері дегеніміз не?
-
Дамушы елдер мен дамыған елдердегі демографиялық проблемалар мен демографиялық саясаттың айырмашылықтары қандай?
-
Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру проблемасының ғаламдық сипат алуы немен байланысты?
-
Бейбітшілікті сақтау проблемасының адамзат дамуы үшін маңызын ата
-
Дамушы елдер мен дамыған елдердегі азық-түлік проблемасының ерекшеліктерін ата
-
Шикізатпен қамтамасыз ету проблемасының елдер бойынша ерекшеліктері қандай?
«Қазіргі дүние географиясы» пәні бойынша
тест тапсырмалары
1.Даниядағы мемлекет құрылымы
А) парламенттік республика
В) федеративті республика
С)) конституциялық монархия
D) абсолютті монархия
E) Теократиялық монархиz
*****
2.Британ империясы құрамындағы өзін өзі басқаратын отар:
А) доминион
В) республика
С) анклав
D) метрополия
E) протектарат
*****
3.Қай елдер НАТО құрамына енеді?
А) Австрия
В) Финляндия
С) Бельгия
D) Швейцария
E) Англия
*****
4.Еуропалық Одақтың штаб-пәтері қай қалада орналасқан?
А) Вена, Австрия
В) Брюссель, Бельгия
С) Стокгольм, Швеция
D) Женева, Швейцария
E) Мадрид, Испания
*****
5.Біріккен Ұлттар Ұйымының ғылым, білім және мәдениет бойынша ұйымы:
A) ЮНЕСКО
B) ВОЗ
C) ОПЕК
D) МАГАТЭ
E) АСЕАН
*****
6. Қай елдер тобында тек корольдіктер берілген?
A) Италия, Монако, Сан-Марино
B) Мальта, Португалия, Нидерланд
C) Дания, Швеция, Ұлыбритания
D) Польша, Франция, Греция
E) Испания, Исландия, Ирландия
*****
7. НАТО-ға мүше азиялық мемлекет
А) Үндістан
В) Израиль
С) Жапония
D) Түркия
E) Қазақстан
*****
8.Малайзияның мемлекеттік құрылымы
А) республика
В) Ұлыбритания құрамындағы доминион
С) конституциялық монархия
D) абсолютті монархия
E) Теократиялық монархия
*****
9.Республиканы ата
А) Кувейт
В) Иордания
С) Оман
D) Ливан
E) Судан
*****
10. Бразилияның мемлекеттік құрылымы
А) федеративті республика
В) конституциялық монархия
С) абсолютті монархия
D) доминион
E) протектарат
*****
11.Парижде қай ұйымның штаб-пәтері орналасқан:
A) НАТО
B) ЮНЕСКО
C) АСЕАН
D) НАФТА
E) ВОЗ
*****
12.Солтүстік Африкадағы монархия:
A) Египет
B) Алжир
C) Марокко
D) Мали
E) Лесото
*****
13. Батыс Европадағы республика:
A) Монако
B) Франция
C) Испания
D) Люксембург
E) Швейцария
*****
14.Монархияны тап:
A) Норвегия
B) Финляндия
C) Исландия
D) Швейцария
E) Франция
*****
15.Британ Бірлестігіне кірмейтін елді тап:
A) Канада
B) Австралия
C) ЮАР
D) Мексика
E) Жапония
*****
16. Шетелдік Европадағы мемлекет саны:
A) 40
B) 50
C) 60
D) 70
E) 80
*****
17.Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік-Батыс Азиядағы астаналарды ата:
A) Бангкок
B) Кито
C) Лима
Д) Коломбо
Е) Джакарта
*****
18.Аталған елдер арасынан федерациялық республиканы табыңдар:
А) Франция
В) АҚШ
С) Қазақстан
D) Ливан
Е) Австралия
*****
19.Урбандалу деңгейі нені көрсетеді:
А) халықтың жалпы санындағы қала халқының үлесін
В) экономикалық даму деңгейін
C) елдің даму тарихын
D) экономикадағы ауыл шаруашылығының үлесін
Е) елдің әлеуметтік деңгейін
*****
20.Батыс Еуропа елдеріне тән болатын құбылыс:
А) туу көрсеткіші жоғары, өлім көрсеткіші төмен
В) туу және өлім көрсеткіштері төмен
С) туу және өлім көрсеткіштері жоғары
D туу көрсеткіші төмен, өлім көрсеткіші жоғары
Е) туу және өлім көрсеткіші жоғары
*****
21. Саны жағынан көп тіл семьясы:
А) қытай-тибет
В) афразиялық
С) нигер-кордофан
D) үндіеуропалық
Е) Алтай семьясы
*****
22.Еуропадағы халық саны ең көп ел:
А)Ұлыбритания
В) Германия
С) Италия
D) Франция
Е) Испания
*****
23. Үндістандағы урбандалу деңгейі:
А) 50%
В) 15%
С) 70%
D) 26%
Е) 25%
*****
24.Аталған мемлекеттердің қайсысында урбандалу деңгейінің ең төмен көрсеткіші байқалады?
А) Үндістан
В) Непал
С) Ауғанстан
D) Қытай
Е) Пәкістан
*****
25.АҚШ-тың халқы ең көп мегалополисі:
А) Калифорния (“Сан-Сан”)
В) Көл маңы (“Чиппитс”)
С) Солтүстік-Шығыс (“Босваш”)
D) Оңтүстік
Е) Оңтүстік-шығыс
*****
26.Еуропалықтар мен үндістердің некесінен туған ұрпақтар:
А) самбо
В) мулаттар
С) креолдар
D метистер
Е) негрлер
*****
27. Канаданың халқы негізінен елдің қай бөлігінде шоғырланған:
А) орталық
В) солтүстік
С) оңтүстік-шығыс
D) оңтүстік
Е) солтүстік-батыс
*****
28. Үндістер мен қара нәсілділердің некесінен туған ұрпақтар:
А) метистер
В) самбо
С) мулаттар
D) креолдар
Е) негрлер
*****
29.Латын Америкасындағы халық саны жөнінен ең ірі қала:
А) Мехико
В) Рио-де-Жанейро
С) Буэнос-Айрес
D) Сан-Паулу
Е) Бразилия
*****
30.Латын Америкасы елдері арасында үндіс халықтарының үлесі ең көп ел:
А) Боливия
В) Бразилия
С) Гватемала
D) Мексика
Е) Аргентина
*****
31.Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс:
А) Дамыған елдердегі халықтың жас құрылымында балалар үлесі жоғары болады
В) Дүние жүзі елдерінің көпшілігінде халықтың жыныстық құрылымында әйелдердің үлесі жоғары болады
С) Азияның барлық елдерінде басым дін ислам болып табылады
D) Дамушы елдердегі халықтың жас құрылымында егде адамдар үлесі жоғары
Е) Еуропаның халық санының үлесі жоғары
*****
32. Дүние жүзі халқының санына болжаудағы басты көрсеткіш.
А) дүние жүзі мен аймақтары халқының өсу қарқыны
В) дамушы елдер халқының орташа жылдық өсу қарқыны
С) дүние жүзі елдері халқының тығыздығы
D) дамушы елдердің демографиялық саясатының сипаты
Е) дамыған елдердің демографиялық саясатының сипаты.
*****
33.Халықтың қоғамдық денсаулығының негізгі көрсеткіші:
А) халық саны
В) өмір сүру ұзақтығы
С) табиғи өсім
D) жас-жыныстық құрылымы
Е) Экономикалық белсенді халық
*****
34.АҚШ халқының мекен ететін басым бөлігі
А) қала типтес кенттерде
В) қалаларда
С) ауылды жерлерде
D) фермаларда
Е) шағын аудандарда
*****
35. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елдерде жұмыспен қамтылған халықтың
А) құрылымында кімдердің үлесі жоғары
В) өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің
С) білім беру саласының қызметкерлерінің
D) ауыл шаруашылық қызметкерлерінің
Е) банк қызметкерлерінің
*****
36.Латын Америкасы елдерінде ең кең таралған дін:
А) католиктік
В) иудаизм
С) православие
D) протестанттық
Е) ислам
*****
37.Үндістан халқына тән белгі:
А) халықтың ұлттық құрамының біркелкілігі
В) халықтың жыныстық құрылымында әйелдердің басымдылығы
С) өмір жасының ұзақ болуы
D) көп ұлттылық
Е) халық санынын көптігі
*****
38.Солтүстік Еуропа елдерінде кең тараған дін:
А) православие
В) протестанттық
С) католиктік
D) ислам
Е) иудаизм
*****
39.Қала халқының үлесі көп ел:
А) Бельгия
В) Португалия
С) Ирландия
D) Франция
Е) Польша
*****
40.Азияның қай елінде халықтың тығыздығы 1 шаршы км-ге 800 адамнан асып түседі?
А) Қытай
В) Үндістан
С) Бангладеш
D) Корея Республикасы
Е) Тайланд
*****
41.Халық саны ең көп ел:
А) Үндістан
В) Бразилия
С) АҚШ
D) Қытай
Е) Жапония
*****
42.Африкадағы халық саны ең көп ел:
А) Египет
В) Нигерия
С) ОАР
D) Эфиопия
Е) Мали
*****
43. Маори қай елдің байырғы тұрғындары
А) Жаңа Зеландия
В) Багам аралдары
С) Мальдив аралдары
D) Мадагаскар
Е) Филиппин аралдары
*****
44.Шығыс Еуропаның урбандалу деңгейі ең жоғары елі:
А) Македония
В) Эстония
С) &Чехия
D) Польша
Е) Латвия
*****
45.Депопуляция (халық санының кемуі) процесі қай аймаққа тән
А) Шығыс Еуропа
В) Солтүстік Еуропа
С) Оңтүстік Еуропа
D) Батыс Еуропа
Е) Орталық
*****
46. Шетел жұмысшылары – “гастарбайтерлердің” саны көп ел:
А) Ұлыбритания
В) Италия
С) Испания
D) Германия
Е) Франция
*****
47. Еуропадағы дамудың “орталық білігі” бойында қанша адам өмір сүреді:
А) 20 млн адам
В) 60 млн адам
С) 80 млн адам
D) 120 млн адам
Е) 150 млн адам
*****
48.Шетелдік Азия елдерінде халықтың ұдайы өсуінің қай типі басым
А) аралас
В) бірінші
С) екінші
D) халық санының кемуі
Е) халық санынын өсуі
*****
49.Африкадағы біршама жақсы дамыған ел.
А) Чад
B) Мали
C) Уганда
D) ОАР
Е) Ангола
50. Шетелдік Азияның экономикалық белсенді халқының басым бөлігі қай салада жұмыс істейді
А) өнеркәсіпте
В) ауыл шаруашылығында
С) өндірістік емес салада
D) ауыл шаруашылығы мен өндірістік емес салады
Е) кен орындапрында
*****
51. Әлемдегі ең ірі мегалополис қайда орналасқан:
А) Үндістанда
В) Қытайда
С) Сингапурда
D) Жапонияда
Е) Кореяда
*****
52. Зейнеткерлердің “қарлы белдеуден” “күн белдеуіне” қоныс аударуы қай елде байқалады
А) Канадада
В) АҚШ-та
С) Германияда
D) Норвегияда
Е) Мексика
*****
53. Халқының 4/5 бөлігі теңіз деңгейінен 3 мың м биіктікте өмір сүретін ел:
А) Чили
В) Эквадор
С) Перу
D) Боливия
Е) Колумбия
*****
54.АҚШ-тағы халық саны ең көп штат:
A) Флорида
B) Вермонт
C) Пенсильвания
D) Виргиния
Е) Арканзас
*****
55. Батыс Еуропадағы ең ірі порт:
А) Марсель
В) Гавр
С) Роттердам
D) Неаполь
Е) Гронинген
*****
56.Батыс Еуропадағы мұнай өндірілетін негізгі аудан:
А) Париж алабы
В) Балтық теңізі қайраңы
С) Уэльс ауданы
D) Солтүстік теңіз қайраңы
Е) Норвегия жағалауы
*****
57. Дүние жүзінде қант құрағын ең көп өндіретін ел:
А) Куба
В) Индонезия
С) АҚШ
D) Бразилия
Е) Қытай
*****
58. Бұл елді Еуропаның “сүт фермасы” деп жиі атайды.
А) Венгрия
В) Дания
С) Ұлыбритания
D) Финляндия
Е) Норвегия
*****
59.Шетелдерде өндірілетін мұнайдың төрттен үші тиесілі:
А) еуропалық елдерге
В) дамыған капиталистік елдерге
С) дамушы елдерге
D) Шығыс Азия елдеріне
Е) Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне
*****
60.Азияның қай елі мұнай өндіруден жетекші орын алады
А) Кувейт
В) Иран
С) Ирак
D) Сауд Арабиясы
Е) Катар
*****
61.Сингапур экономикасының дамуына ықпал ететін негізгі фактор:
А) экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы
В) ірі көлемдегі шетелдік инвестициялар
С) өнеркәсіптің жоғары деңгейде дамуы
D) бұрын отар болғандығы
Е) Кен байлықтарынын көптігіне байланысты
*****
62.Дүние жүзінде қай ел ірі қара мал саны жөнінен 1-орын алады
А) Қытай
В) Үндістан
С) Түркия
D) Таиланд
Е) Банкок
*****
63.Бұл мемлекеттердің қайсысы ОПЕК ұйымына енбейді
А) Индонезия
В) Катар
С) Бахрейн
D) Оман
Е) Кувейт
*****
64.Экономикалық дамудың “қытайлық үлгісінің” мәні:
А) орталықтан жоспарлау
В) инвестициялық әрекеттің кеңеюі
С) жалпы индустрияландыру
D) орталықтан жоспарлауды нарықтық экономика элементтерімен ұштастыру
Е) бірлескен кәсіпорындардың, құрылуымен
*****
65.Дүние жүзіндегі ең қуатты СЭС қай елде салынуда
А) Үндістан
В) Қырғызстан
С) Қытай
D) Жапония
Е) Ресей
*****
66. Қай қала АҚШ-тағы автомобиль жасаудың орталығы болып есептеледі
А) Чикаго
В) Детройт
С) Нью-Йорк
D) Лос-Анджелес
Е) Флорида
******
67.Солтүстік Америка елдерінде жұмыспен қамтылғандардың құрылымында кімдердің үлесі жоғары:
А) ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің
В) өңдеуші өнеркәсіпте істейтіндердің
С) өндіруші өнеркәсіпте істейтіндердің
D) қызмет көрсету саласында істейтіндердің
Е) мемлекеттік лауазымда жұмы істейтіндердің
*****
68.Канада қандай ауылшаруашылық өнімін экспортқа шығарудан көзге түседі:
А) ет
В) бидай
С) жүн
D) картоп
Е) сүт
*****
69.Жан басына шаққанда электр энергиясын өндіруден жетекші орын алатын ел:
А) Норвегия
В) АҚШ
С) Мексика
D) Жапония
Е) Германия
*****
70.Балық шаруашылығы қай елдің халықаралық мамандану саласы
А) Чехия
В) Венгрия
С) Норвегия
D) Бразилия
Е) Финляндия
*****
71.Латын Америкасының қай мемлекеті НАФТА ұйымына енеді:
А) Венесуэла
В) Бразилия
С) Мексика
D) Аргентина
Е) Чили
*****
72.Детройт, Нижний Новгород, Вольфсбург қай саланың даму орталығы:
А)кеме жасау
В) автомобиль жасау
С) радиоэлектроника
D) станок жасау
Е) химия өнеркәсібі
*****
73.Бразилиядағы ірі жер иелігі:
А) фазенда
В) гасиенда
С) минифундия
D) эстансия
Е) участок
*****
74. Ресурспен жақсы қамтамасыз етілген және экономикалық даму деңгейі жоғары ел:
А) Жапония
В) Канада
С) Бразилия
D) Ресей
Е) АҚШ
*****
75. Дүниежүзілік шаруашылықтың ғаламдануы ең алдымен неден көрінеді:
А) бірыңғай ақша бірлігінің енгізілуінен
В) бірыңғай энергетикалық жүйенің жасалуымен
С) бірыңғай қорғаныс саясатының жүргізілуімен
D) бірлескен кәсіпорындардың, ұлтаралық бірлестіктердің құрылуымен.
Е) бірінғай ұйымдардың құрылуымен
*****
76.Аустралия, Гвинея, Ямайка, Ресей - әлемдегі жетекші өндірушілер:
А) боксит
В) табиғи газ
С) уран
D) мұнай
Е) темір
*****
77. Ауыр машина жасау қай елдің халықаралық мамандану саласы болып табылады
А) Малайзия
В) Бразилия
С) Индонезия
D) Португалия
Е) Швейцария
*****
78.Дүние жүзінде шошқа саны жөнінен бірінші орын алатын ел:
А) Германия
В) Қытай
С) Бразилия
D) Үндістан
Е) Жапония
*****
79.Талшықты дақылдарға қайсылары жатады:
А) зығыр, мақта, джут
В) күріш, жүгері, сорго
С) какао, шай, жержаңғақ
D) тары, арпа, кофе
Е) сұлы, арпа джут
*****
80.Өсімдік шаруашылығы қай елде ауыл шаруашылығының басты саласы болып табылады
А) Дания
В) Германия
С) Ұлыбритания
D) Италия
Е) Испания
****
81.Қазіргі заманғы мұнай өңдеудің теңіз порттарына жақын орналасуының себебі неде?
А) сырттан әкелінетін арзан шикізатқа бағдарланады
В) қызметкерлер санының жеткілікті болуы
С) мұнай өндірудің қысқаруы
D) мұнай тасымалдау құнының артуы
Е) мұнай тасымалдау көзінің тиімділігінде
*****
82.Халықаралық сауданың 80%-дан астамын қамтамасыз ететін көлік:
А) темір жол
В) автомобиль көлігі
С) теңіз көлігі
D) әуе көлігі
Е) құбыр көлігі
*****
83. Табиғи газды ірі көлемде экспортқа шығарушылардың тізімінен қате табыңдар:
А) Нидерланд
В) Марокко
С) Норвегия
D) Канада
Е) Сауд Аравиясы
*****
84.Африкадағы фосфоритті ірі көлемде экспортқа шығаратын ел:
А) ОАР
В) Эфиопия
С) Замбия
D) Марокко
Е) Эфиопия
85.Нигерия, Ливия, Алжир қай өнімді экспортқа шығарады:
А) темір кені
В) мұнай
С) тас көмір
D) мыс кені
Е) уран
*****
86. ОПЕК және АСЕАН құрамына енетін мемлекет:
А) Алжир
В) Нигерия
С) Малайзия
D) Индонезия
Е) Катар
*****
87.Шетелдік Еуропаның тас көмір алаптары арасында ең ірісі:
А) Шотландия
В) Оңтүстік Уэльс
С) Рур
D) Донецк
Е) Солтүстік теңіз қайраңы
*****
88. Еуропадағы ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі “химияланған” ел:
А) Швеция
В) Франция
С) Германия
D) Португалия
Е) Италия
*****
89.“Азиялық жолбарыстар” қатарына жататындар:
А) Корея Республикасы, Индонезия, Малайзия
В) Жапония, Корея Республикасы
С) Филиппин, Сауд Арабиясы
D) Таиланд, Қытай
Е) Вьтнам, Таиланд, Жапония, Қытай
*****
90. Шетелдік Азияның өсімдік шаруашылығының құрылымында мына дақылдарды өсіру А) жетекші рольге ие болады:
В) мал азықтық
С) техникалық
D) дәнді дақылдар
Е) сергітетін
*****
91. Дүние жүзінде кеме жасаудан екінші орын алатын ел:
А) Корея Республикасы
В) Жапония
С) Израиль
D) Филиппин
Е) Индонезия
*****
92.Қазіргі кезде “экономикалық керемет” болып жатқан елдер:
А) Жапония мен Филиппин
В) Корея Республикасы мен Сингапур
С) Үндістан мен Қытай
D) Сауд Арабиясы мен Түркия
Е) Малайзия мен Индонезия
*****
93.Әлемдегі “тау-кен өндіретін ұлы державалар” қатарына енетін ел:
А) Малайзия
В) Пәкстан
С) Сауд Арабиясы
D) Аустралия
Е) Норвегия
*****
94.“Мыс белдеуі” қай жерде орналасқан:
А) Африканың солтүстік бөлігінде
В) Африканың шығыс бөлігінде
С) Африканың батыс бөлігінде
D) Африканың оңтүстік-шығыс бөлігінде
Е) Африканың орталыцқ бөлігінде
*****
95. Әлемдегі ең ірі О’Хэйр әуежайы қайда орналасқан?
А) Вашингтонда
В) Сан-Францискода
С) Майамиде
D) Чикагода
Е) Сеулде
*****
96. Уран, мырыш және асбест өндіруден дүние жүзінде бірінші орын алатын ел:
А) Канада
В) Бразилия
С) АҚШ
D) Аргентина
Е) Мексика
*****
97.Дүние жүзіндегі банан өсіретін жетекші елдер:
А) Бразилия, Чили, Эквадор
В) Коста-Рика, Колумбия, Эквадор
С) Куба, Колумбия, Бразилия
D) Ямайка, Панама, Эквадор
Е) Бразилия, Куба, Колумбия
*****
98.Латын Америкасындағы индустриялық үшбұрышты құрайтын қалалар:
А) Сан-Паулу, Мехико, Рио-де-Жанейро
В) Мехико, Лагос, Гавана
С)Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу, Белу-Оризонти
D) Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу, Бразилиа
Е) Панама, Белу-Оризонти, Лагос
*****
99.Батыс Еуропаның қаржы орталықтары:
А) Париж, Амстердам
В) Женева, Цюрих
С) Лондон, Цюрих
D) Лондон, Брюссель
Е) Амстердам, Брюссель
*****
100.Шетелдік Еуропа аумағында ең солтүстікте орналасқан мемлекет:
A) Исландия
B) Норвегия
C) Финляндия
D) Швеция
Е) Италия
*****
6.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер -
Петрова Н.М. География: современный мир. М., Форум-Инфра-М., 2007.
-
Мировая экономика. Под ред. А.С.Булатова. М., Экономика, 2007.
-
Алисов Н.В., Хореев Б.С. Экономическая и социальная география мира (общий обзор). М., Гардарики, 2004.
Қосымша әдебиеттер -
Ә.Бейсенова, К.Каймулдинова, С.Әбілмәжінова, Ж.Достай География. Дүние жүзіне аймақтық шолу. Оқулық. – Алматы, “Мектеп”, 2007
-
Искакова К.А., Утекешова Р.К. Практические задания по курсу «География мирового хозяйства» (для студентов географических специальностей ВУЗов Республики Казахстан). Алматы, «Казак университет!», 1998.
-
Шреплер Х.А. Международные организации: Справочник / Пер. с нем. С.А.Тюпаева – М. Международные отношения, 1999.
-
К.Каймулдинова, Б.Асубаев, Б.Әбдіманапов. География. Тест тапсырмалары. – Алматы: “Мектеп” баспасы, 2006.
-
Родионова И.А., Холина В.Н. Пособие по географии для поступающих в ВУЗы. Политическая карта мира. М., 2004.
Анықтамалық әдебиеттер -
Страны мира: Справочник/ под общей ред. И.С. Иванова – М.: Республика, 2004.
-
Большая иллюстрированная энциклопедия географии. Русское издание. – М., Махаон, 2005
7. Интернет ресурстардың тізімі
1. http:/countries.ru
2. http:/wordls.ru
3 http:/geograf-ru.narod.ru
4 http:/krugosvet.ru
Достарыңызбен бөлісу: |