ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені физикалық химияны және электрохимияны оқытудың әдістемелік аспектілері «6М011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет6/10
Дата15.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#136789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырыпты бекіту:

  1. Асыл газдардың периодтық жүйедегі орналасуын сипатта?

  2. Асыл газдардың атомдарының құрылымын сиптатта және олардың химиялық тұрақтығын түсіндір?

  3. Инертті газдардың атомдарының иондану потенциалдары қандай?

  4. Асыл газдардың қандай қосылыстарын білесін? Қосылыстарда байланыстың қандай түрі болады және атомдардың тотығу дәрежелері нешеге тең болады?

  5. Табиғатта асыл газдар қайда кездеседі?

  6. Асыл газдарды қалай алады?

  7. Инертті газдардың молекулаларының түзілуін түсіндір?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.

19 Дәріс. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі негізгі топша элементтерінің қасиеттеріне жалпы сипаттама.

Мақсаты: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі негізгі топша элементтерінің қасиеттерінің жалпы сипаттамасымен танысып білу.
Негізгі сұрақтар:

  1. Негізгі топшаларда және периодтарда элементтер атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.

  2. Негізгі топша элементтерінің жай заттарының қасиеттерінің өзгеруі.

  3. Негізгі топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерінің өзгеруі.


Қысқаша мазмұны:

НЕГІЗГІ ТОПШАЛАРДА ЖӘНЕ ПЕРИОДТАРДА ЭЛЕМЕНТТЕР АТОМДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

Валенттік энергетикалық деңгейдің құрылысы топ нөміріне сәйкес болады, электрондар ns және np деңгейлерде орналасады. Элементтер s- және р- топтарға жатады.



Топтарда атомның ядро заряды артқан сайын:

  • Атом радиусы артады;

  • Электртерістілік кемиді;

  • Иондану энергия кемиді;

  • Электронға жақындық кемиді.

Энергетикалық деңгей саны период нөміріне сәйкес болады.

Периодтарда атомның ядро заряды артқан сайын:

  • Соңғы электрондық деңгейдегі электрондар саны артады;

  • Атом радиусы кемиді;

  • Электртерістілік артады;

  • Иондану энергия артады;

  • Электронға жақындық артады


НЕГІЗГІ ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ЖАЙ ЗАТТАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ.

Топтарда атомның ядро заряды артқан сайын:

  • Металдық қасиеттері артады;

  • Тотықсыздандырғыш қасиеттері артады.

Периодтарда атомның ядро заряды артқан сайын:

  • Бейметалдық қасиеттері артады;

  • Тотықтырғыш қасиеттері артады.

І – IV топ элементтерінің сутекті қосылыстарындағы валенттілігі I-ден IV- дейін өзгереді, V-VII топ элементтерінің – III-ден I –дейін. Әр бір период элементтерінің гидридтерінің негіздік қасиеттері кемиді, қышқылдық қасиеттері артады. Байланыс характері иондық байланыстан коваленттік полюстікке дейін өзгереді.
НЕГІЗГІ ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ОКСИДТЕРІ МЕН ГИДРОКСИДТЕРІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ.

Қосылыстарда элементтердің жоғары валенттілігі топ нөміріне сәйкес болады, бірақ кейде ерекшеліктер болады. Екінші период элементтерінің максималды валенттілік мүмкіндігі IV тең болады. Ең төменгі оң зарядты тотығу дәрежеде болатын элементтердің тұрақтылығы негізгі топшаларда ядро заряды артқан артады. 1-3 топ элементтерінің тотығу дәрежелері оң және тұрақты болады (бірақ ерекшеліктер де орын алады). 4-7 топтағы элементтердің тотығу дәрежелері төменгіден (теріс), сыртқы энергетикалық деңгейді аяқтауға жетіспейтін электрондар санына сәйкес жоғарыға (оң), топ нөміріне сәйкес келетін дейін өзгереді.



Топтарда атомның ядро заряды артқан сайын:

Оксидтердің және гидроксидтердің негіздік қасиеттері кемиді, амфотерлікке ауысады, қышқылдық қасиеттері артады.


Тақырыпты бекіту:

  1. Негізгі топшаларда және периодтарда элементтер атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары қандай? Мысалы келтір.

  2. Негізгі топша элементтерінің жай заттарының қасиеттерінің өзгеруі қандай? Мысалы келтір.

  3. Негізгі топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерінің қасиеттерінің өзгеруі қандай? Мысалы келтір.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.

20,21 Дәрістер. Тақырыбы: I топтың қосымша топша элементтері.



Мақсаты: I топтың қосымша топша элементтерінің жалпы сипаттамасымен, табиғатта таралуымен, молекулаларының құрылымымен, өндірісте және зертханада алу тәсілдерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен және маңызды қосылыстарымен танысып білу.
Негізгі сұрақтар:

  1. Элементтер атомдарына жалпы сипаттама.

  2. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері.

  3. Мыс, күміс, алтынның маңызды қосылыстары.

  4. Негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиеттеріне салыстырмалы сипаттама.

Қысқаша мазмұны:

ЭЛЕМЕНТТЕР АТОМДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

I топтың қосымша топша элементтеріне мыс (Cu) күміс (Ag) және алтын (Au) жатады. Мыс топшасындағы үш металл да ауыр металдар, табиғатта бос күйінде кездесуіне байланысты өте ерте заманнан белгілі, мыстан басқа екеуі сирек, бытыраңқы металдар қатарына жатады. Үшеуінің де сыртында бір электрон болғандықтан бір валентті; бірақ сырттан екінші 18 электронды қабат жаңа толған, әлі қалыптасып тұрақты күйге келгендіктен кей (d) электрондарын химиялық байланыс түзуге бере алады. Бұл элементтердің электрондық конфигурациясы келесі формуламен өрнектеледі (n-1)d10ns1.

Cu +29 …….3d104s1

Ag +47…….4d105s1

Au +79……..5d106s1

Сондықтан мыс бір валенттілікпен қатар екі валентті болады, тіпті оның ондай қосылыстары тұрақтырақ. Алтын да үш валентті бола алады. Күміс көбіне бір валентті болғанымен, екі және үш валентті қосылыстары да бар.

ЖАЙ ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

I топтың қосымша топша элементтері жұмсақ, пластикалық, түрлі-түсті болады. Олар диамагнитті және электр тогын өте жақсы өткізеді. Химиялық жағынан бұл металдар активсіз. Тотықсыздандырғыш қасиеті мыстан алтынға қарай кемиді. Олардың оң иондары өте оңай бейтарап атомдарға айналады. Қалыпты жағдайда бұл металдар ауа және су әсеріне тұрақты. Сутегімен, көміртегімен, азотпен тікелей әрекеттеспейді.

Металдардың кернеу қатарында сутегінен кейін орналасқандықтан, олар сұйық қышқылдардан сутегін бөле алмайды. Азот қышқылы мен концентрлі күкірт қышқылы мысты, күмісті ерітеді; алтын тек «патша суында» ғана ериді.

МЫС, КҮМІС, АЛТЫННЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

I топтың қосымша топша элементтерінің Э2О оксидтері тұрақсыз. Қыздырғанда ыдырайды, негіздік оксидтер. Сонымен қатар, олар +2 тотығу дәрежесін көрсететін оксидтер де ЭО түзе алады.

Cu2O – қызыл түсті зат, сәл негіздік қасиеті бар, бірақ суда ерімейді, жанама жолмен алынған СuOH –та суда ерімейтін зат. CuO – мысты ашық ауада қыздырса қара түсті оксид түзіледі, бірақ оны қаттырақ қыздырса, мыс (I) оксидіне айналады.

Cu(OH)2 – екі валентті мыс тұзы сілтімен әрекеттескенде түзіледі. Cu(OH)2 – көк түсті, суда еруі қиын зат, әлсіз негіздік қасиеті бар.

Оксидтеріне сәйкес гидроксидтерін олардың тұздарына сілтімен әсер етіп алады. Олардың сульфидтері Ag2S, CuS, Au2S3, галогенидтері AgCl, CuCl2 белгілі.

Бұл металдар басқа d-элементтер сияқты комплекс қосылыстар түзе алады.



НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМА.

Бұл элементтердің ең сыртқы электрондық деңгейінде сілтілік металдар сияқты бір электроны болғанымен, олар сілтілік металдарға ұқсамайды, период жүйесінде өздерінің алдындағы элементтерге, әсіресе, палладийға ұқсас. Бұл элементтердің атом радиустары І топтың негізгі топша элементтеріне қарағанда кіші екені белгілі. Олардың тығыздықтары және балқу температуралары сол себептен жоғары. Атом радиустарының күміс пен алтын үшін тең болуы лантаноидтық сығымдалу әсері. Ол сығымдалу балқу температурасына, тығыздыққа т.б. қасиеттерге әсер етеді.


Тақырыпты бекіту:

  1. I топтың қосымша топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді? Мысалы келтір.

  2. Элементтердің табиғатта таралуы.

  3. Металдардың алу тәсілдері қандай?

  4. Металдар мен олардың қоспаларының қолданылуы?

  5. I топтың қосымша топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерін, тұздарын алу жолдары, химиялық қасиеттері қандай?

  6. Мыс, күміс, алтынның маңызды қосылыстары?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.

22,23 Дәрістер. Тақырыбы: II топтың қосымша топша элементтері.



Мақсаты: IІ топтың қосымша топша элементтерінің жалпы сипаттамасымен, табиғатта таралуымен, молекулаларының құрылымымен, өндірісте және зертханада алу тәсілдерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен және маңызды қосылыстарымен танысып білу.
Негізгі сұрақтар:

1. Элементтер атомдарына жалпы сипаттама.

2. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері.

3. Мырыш, кадмий, сынаптың маңызды қосылыстары.

4. Негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиеттеріне салыстырмалы

сипаттама.


Қысқаша мазмұны:

ЭЛЕМЕНТТЕР АТОМДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

IІ топтың қосымша топша элементтеріне мырыш (Zn), кадмий (Cd), сынап (Hg) жатады. Олар 4,5,6 периодтардағы d-элементтердің соңғылары. Бұл элементтердің электрондық конфигурациясы (n-1)d10ns2.

Zn +30 ………3d104s2

Cd +48……….4d105s2

Hg +80……….5d106s2

Мырыш пен кадмий тек +2, ал сынап кейде формальды +1 тотығу дәрежесін көрсетеді. Сынап элементінде лантанойдтық сығымдалу нәтижесінде атом радиусы кадмийдікіне жақын болады.



ЖАЙ ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

Мырыш, кадмий, сынап диамагнитті металдар, олардың тығыздығы рет номеріне орай артады, балқу температуралары кемиді. Бұл элементтердің тотықсыздандырғыш қасиеті төмен, ол мырыштан сынапқа қарай одан да кеми түседі. Мырыш пен кадмий қышқылдармен әрекеттесіп сутегін ығыстырады. Сынап қышқылдардан сутегін бөле алмайды.

Бұл элементтер оттегімен ЭО оксид түзеді. Тек сынап қана Hg2O оксидін түзе алады. Олар галогендермен галогенидтер ЭГ2 түзеді. Мырыш пен кадмий гидроксидтері амфотерлі.

МЫРЫШ, КАДМИЙ, СЫНАПТЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Бұл топ элементтерінің хлоридтері, сульфаттары, нитраттары суда еріп гидролизденеді. Басқа тұздарының судағы ерігіштігі нашар.

Мырыш, кадмий, сынап комплексті қосылыстар түзе алады. Онда сынап 4, ал мырыш пен кадмий 4 және 6 деген координациялық сандары болады.

НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМА.

Сыртқы электрондық конфигурациясы бойынша ІІ негізгі топша элементтері ІІ қосымша топша элементтерімен ұқсас. Алайда, ІІ негізгі топша элементтерінің ішкі деңгейінде сегіз (s2p6), ал ІІ қосымша топша элементтерінде 18 (s2p6d10) электрон бар. Сол себепті ІІ қосымша топша элементтерінің сілтілік-жер металдарынан айырмашылығы бар.

ІІ қосымша топша элементтерінің d-орбитальдары толық болғандықтан, ол орбиталь біршама тұрақты болады да, ол электрондар химиялық байланыс түзуге қатыспайды. Демек, бұл элементтердің тек сыртқы s-электрондары ғана химиялық байланыс түзуге қатысады, сөйтіп олар +2 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Тақырыпты бекіту:


  1. IІ топтың қосымша топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйдегі валенттіліктерін анықта. Олар қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  2. Элементтердің табиғатта таралуы.

  3. Металдардың алу тәсілдері қандай?

  4. Металдар мен олардың қоспаларының қолданылуы?

  5. IІ топтың қосымша топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерін, тұздарын алу жолдары, химиялық қасиеттері қандай?

  6. Мырыш, кадмий, сынаптың маңызды қосылыстары?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.

24,25 Дәрістер. Тақырыбы: VI топтың қосымша топша элементтері.



Мақсаты: YI топтың қосымша топша элементтерінің жалпы сипаттамасымен, табиғатта таралуымен, молекулаларының құрылымымен, өндірісте және зертханада алу тәсілдерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен және маңызды қосылыстарымен танысып білу.
Негізгі сұрақтар:

1. Элементтер атомдарына жалпы сипаттама.

2. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері.

3. Хромның маңызды қосылыстары.

4. Негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиеттеріне салыстырмалы

сипаттама.


Қысқаша мазмұны:

ЭЛЕМЕНТТЕР АТОМДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

Cr +27…3d54s1

Mo +42…4d55s1

W +74…4f 145d4 6s2

Ядро заряды артқан сайын лантаноидтық қысымның әсерінен атомның радиусы (0,127, 0,139, 0,140), электртерістілік (1,6, 1,8, 1,7), иондану потенциал ( 6,8, 7,1, 8,0) біртекті, бірдей емес өзгереді. Тотығу дәрежелері: +2, +3, +4, +5, +6. Хром үшін +3, +6 тотығу дәрежедегі қосылыстары тұрақты; молибден мен вольфрам үшін +6 тотығу дәрежесі.

ЖАЙ ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

Хром, молибден, вольфрам өздерінің көптеген физикалық және химиялық қасиеттері жағынан ұқсас келеді. Бұлар қиын балқитын (мысалы вольфрамның балқу температурасы 33900С), өте қатты металдар. Кәдімгі температурада бұл металдар ауада және суда өзгермейді, сутекпен қосылыстарды түзбейді. Қыздырған кезде бұлар оттекпен, галогендермен, фосформен, көміртекпен әрекеттеседі. Концентрлі күкірт және азот қышқылдарында пассивтеледі. Хромнан вольфрамға дейін химиялық активтіліктері кемиді. Хром – активтілігі орташа металл, алюминийге ұқсас; молибден және вольфрам – активті емес металдар. Хром бейметалдармен әрекеттесіп үшвалентті қосылыстарды түзеді; сұйытылған қышқылдармен әрекеттесіп сутегін ығыстырады; оттегінің қатысуында балқыту кезде сілтілермен хроматтарды түзе әрекеттеседі. Молибден және вольфрам бейметлдармен әрекеттескенде көбінесе алтывалентті қосылыстарды түзеді; тотықтырғыш қышқылдармен анионды формаларын түзе әрекеттеседі.



ХРОМНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Хром үш оксид түзеді:

CrO – хром (II) оксиді. Суда ерімейтін, қара түсті, негіздік оксид. Қыздыру барысында хрома (III) оксидіне және хромға дейін диспропорцияланады. Бұл оксидке сары түсті, ерімейтін, негіздердің қасиеттерімен сипатталатын хром (ІІ) гидроксиді сәйкес келеді. Хромның қосылыстары анаэробты жағдайларда түзілу мүмкін. Ылғалды ауада Cr(OН)2 Cr(OН)3 айналады. Хромның (ІІ) тұздары ерітінділерде гидролизге ұшырайды, сулы ерітінділері қышқылдық қасиеттермен сипатталады.

Cr2O3 (III) – хром (III) оксиді. Амфотерлік оксид, қалыпты жағдайларда суда, қышқылдарда, сілті ерітінділерінде ерімейді. Балқыту кезінде сілтілермен әрекеттесіп хромиттерді түзеді. Бұл оксидке ерімейтін, амфотерлік қасиеттерімен сипатталатын, жасыл түсті хром (ІІІ) гидроксиді сәйкес болады. Балқыту кезінде сілтілермен әрекеттесіп хромиттерді, ал сілті ерітінділерімен әрекеттесіп гексогидроксохроматтарды (III) түзеді. Хром +3 тотығу дәрежесінде анионды және катионды ( аква-, амминокомплекстер) комплексті қосылыстарды түзеді.

CrO2 – хром (IV) оксиді. Тұрақсыз, практикалық жүзінде қолданбайды, хром (ІІІ) оксидін қыздырғанда оттегімен тотықтыру арқылы алады.

CrO3 – хром (VI) оксиді. Қызыл түсті, қышқылдық оксид, суда ерімейді. Бұл оксидке хром қышқылы Н2CrO4 және дихром қышқылы Н2Cr2O7 сәйкес болады. Бұл қышқылдардың тұздары хроматтар және дихроматтар деп аталады. Хроматтар сары түсті және сілтілік ортада тұрақты; дихроматтар оранжевый түсті және қышқылдық ортада тұрақты. Хромның +6 тотығу дәрежедегі қосылыстар қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарда күшті тотықтырғыш қасиеттерімен сипатталады. Калий дихроматы мен концентрлі күкірт қышқылының қоспасын хром қоспасы деп атайды, бұл зат күшті тотықтырғыш және химиялық ыдыстарды тазарту үшін қолданады.



НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМА.

Екі топша элементтерінің жоғары тотығу дәрежесі +6 (оттегіден басқалары) тең болады. Негізгі топша элементтерінде үстіден төменге қарай металдық қасиеттері артады, ал қосымша топшаларда керісінше кемиді.

H2SO4 - H2CrO4 - H2MoO4 - H2WO4 қатарында қышқылдардың күші кемиді.

H2SO4 - H2SeO4 – H6TeO6 – қатарында қышқылдардың күштері баяу кемиді.


Тақырыпты бекіту:

  1. Хром, молиблен, вольфрам атомдарының электрондық формулаларын жаз?

  2. Алтыншы топтың негізгі және қосымша топша элементтерінің электрондық құрылымы мен қасиеттерінде қандай айырмашылық бар?

  3. Cr (II) Cr (III) Cr (VI) қатарындағы хромның оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық табиғаты қалай өзгереді?

  4. Хром (ІІІ) гидроксидінің қышқылдар және сілтілермен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жаз?

  5. Хром-комлекстүзушінің тотығу дәрежесі мен координациялық саны нешеге тең болады? Хромның комплексті қосылыстарының мысалдарын келтір?

  6. Қандай жағдайларда ерітінділерде хроматтар мен дихроматтар тұрақты? Реакция теңдеулерін жаз?

  7. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында Cr (III), Cr (VI) қосылыстары қандай қасиеттермен сипатталады? Қандай ортада мұндай процестер жүреді? Мысалы келтір. Реакция теңдеулерін жаз?



Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.

26,27 Дәрістер. Тақырыбы: VII топтың қосымша топша элементтері.



Мақсаты: YIІ топтың қосымша топша элементтерінің жалпы сипаттамасымен, табиғатта таралуымен, молекулаларының құрылымымен, өндірісте және зертханада алу тәсілдерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен және маңызды қосылыстарымен танысып білу.
Негізгі сұрақтар:

1. Элементтер атомдарына жалпы сипаттама.

2. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері.

3. Марганецтің маңызды қосылыстары.

4. Негізгі және қосымша топша элементтерінің қасиеттеріне салыстырмалы

сипаттама.


Қысқаша мазмұны:

ЭЛЕМЕНТТЕР АТОМДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

Mn +25…3d54s2

Te +43…4d55s2

Re +75…4f 145d5 6s2

Ядро заряды артқан сайын атом радиусы артады (0,130 нм, 0136 нм, 0,137 нм), электртерістілік артады (1,5, 1,9, 1,9), иондану потенциал лантаноидты қысымның әсерінен шамалы ғана өзгереді (7,4, 7,28, 7,87).

Тотығу дәрежелері: +2, +3, +4, +6, +7. Марганец үшін +2, +4, +7 тотығу дәрежедегі қосылыстары тұрақты; технеций мен рений үшін - +7 тотығу дәрежедегі қосылыстары.



ЖАЙ ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

Марганец кернеу қатарда сутегіге дейін, технеций мен рений сутегіден кейін орналасады. Ақ түсті, қиын балқитын металдар. Қалыпты жағдайда ауа мен суда өзгермейді. Үстіден төменге қарай химиялық активтіліктері кемиді. Қыздырғанда марганец судан сутегін ығыстырады, сұйытылған қышқылдармен әрекеттесіп сутегін ығыстырады; технеций мен рений тотықтырғыш қышқылдармен әрекеттеседі.



МАРГАНЕЦТІҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Марганец бірнеше оксидтерді түзеді:

MnО –марганец (II) оксиді. Негіздік оксид, суда ерімейді, жасыл түсті, ауыспалы құрамды. Бұл оксидке ақ түсті ерімейтін марганец (ІІ) гидроксиді сәйкес келеді; кристаллогидраты – қызғылт түсті, амфотерлік (негіздік қасиеттері басым) қасиеттерімен сипатталады. Ауада қоныр түске боялады, себебі ылғалды ауада тотығып кетеді, нәтижесінде марганец (ІҮ) гидроксиді түзіледі. Марганец +2 тотығу дәрежеде тотықсыздандырғыш қасиеттермен сипатталады.

MnО2 –марганец (IV) оксиді. Амфотерлік оксид, суда ерімейді, қара-қоныр түсті. Балқыған сілтілермен әрекеттесіп манганиттерді түзеді. Қышқылдармен әрекеттескенде тотығу-тотықсыздану реакциялар жүреді, нәтижесінде тұрақты екі валентті марганец тұздары түзіледі. Mn(ОН)4 амфотерлік қасиеттермен сипатталады. Сілтілермен балқытқанда және ерітіндіде әрекеттесіп манганиттер мен гексагидроксоманганаттарды (ІҮ) түзеді. Қышқылдармен марганец (ІҮ) оксиді сияқты әрекеттеседі. Марганец +4 тотығу дәрежесінде тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш екі жақты қасиеттермен сипатталады.

MnО3 –марганец (VI) оксиді. Тұрақсыз оксид. Бұл оксидке Н2MnО4 марганецті қышқыл сәйкес болады. Тұздары – манганаттар деп аталады, сілтілік ортада тұрақты.

Mn2О7 –марганец (VII) оксиді. Қышқылдық оксид, май тәрізді қара түсті сұйық. Бұл оксидке НMnО4 марганец қышқылы сәйкес болады. Тұздары – перманганаттар деп аталады. Марганец + 7 тотығу дәрежеде – қышқылдық, сілтілік және бейтарап орталарда күшті тотықтырғыш. Қыздырғанда перманганаттар оттегін түзіп ыдырайды.


НЕГІЗГІ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ТОПША ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМА.
Екі топ элементтері үшін ең жоғары тотығу дәреже +7 тең болады (фтордан басқасы). Негізгі топшада үстіден төменге қарай бейметалдық қасиеттері кемиді, қосымша топшада – металдық қасиеттер кемиді.

HMnO4 – HTeO4 – HReO4 қатарында қышқылдардың күші кемиді, тотықтырғыш қасиеттері кемиді.

HClO4 – HBrO4 – HIO4 қатарында қышқылдардың күші баяу кемиді, тотқтырғыш қасиеттері артады.
Тақырыпты бекіту:


  1. Марганец катионының электрондық формуласын жаз. Қандай орбитальдар арқылы марганец атомы химиялық байланыстарды түзеді?

  2. Марганецтің максималды коваленттілігі нешеге тең болады? Қосылыстарында марганец қандай тотығу дәрежелерде бола алады? Мысалы келтір.

  3. Қалай марганец сұйытылған және концентрлі азот, тұз, күкірт қышқылдарымен суықта және қыздырғанда әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жаз.

  4. Марганецтің оксидтері мен гидроксидтерін қалай алады? Реакция теңдеулерін жаз. Қайсылары бос күйінде бөлініп алынған?

  5. Марганецтің тотығу дәрежесі артқан сайын оның оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық характері қалай өзгереді? Түсіндірме бер.

  6. Марганецтің қандай қосылыстары химиялық реакцияларда тек қана а)тотықсыздандырғыш б) тотықтырғыш в) тотықсыздандырғыш және тотықтырғыш бола алады? Түсіндірме бер.

  7. Mn (II) қосылыстары тотығу-тотықсыздану реакцияларда қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз. Қандай ортада бұл қосылыстар тұрақты болады? Мысалы келтір.

  8. MnO2 концентрлі тұз, күкірт қышқылдармен және сілтілермен балқытқанда әрекеттескенде қандай заттар түзіледі? Бұл реакцияларда MnO2 қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз.

  9. Марганец (VI) қосылыстарын қалай алады? Реакция теңдеулерін жаз. Бұл қосылыстардың тұрақтылығы қандай?

  10. Калий перманганатының тотықсыздану өнімдерінің құрамы қандай факторларға тәуелді? Реакция теңдеулерін жаз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.

28,29 Дәрістер. Тақырыбы: VIII топтың қосымша топша элементтері.



Мақсаты: YIІІ топтың қосымша топша элементтерінің жалпы сипаттамасымен, табиғатта таралуымен, молекулаларының құрылымымен, өндірісте және зертханада алу тәсілдерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен және маңызды қосылыстарымен танысып білу.
Негізгі сұрақтар:

1. Элементтер атомдарына жалпы сипаттама.

2. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері.

3. Темір, кобальт және никельдің маңызды қосылыстары.

4. Темірдің маңызды құймалары: шойын, болат.

Қысқаша мазмұны:

ЭЛЕМЕНТТЕР АТОМДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

Элементтердің үш триадасы:

Fe +26…3d64s2

Co +27…3d74s2

Ni +28 …3d84s2
Ru +44…4d75s1

Rh +45…4d85s1

Pd +46…4d105s0
Os +76…4f 145d6 6s2

Ir +77…4f 145d7 6s2

Pt +78…4f 145d9 6s1
Екі топ элементтері:


  • темірлік металдар – темір, кобальт, никель

  • платиналық металдар – қалған металдар.

Топта тік бойынша ұқсастық байқалады: рутений- осмий, родий – иридий, палладий – платина.

Темірлік металдар қатарында атомдарының радиустары кемиді; +2,+3 тотығу дәрежелері тән болады; платиналық металдар қатарында атомдарының радиустары артады; рутений мен осмийға +6, +8; иридий мен родийға +4; палладийға +2, +4, платинаға +4, +6 тотығу дәрежелері тән болады.



ЖАЙ ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

Жалпы қасиеттері: тотығу дәрежелері әр түрлі, әр түрлі қосылыстар, каталиттік активтілік, жақсы комплекстүзушілер, ерімейтін оксидтер, әлсіз негіздер. Атомдардың радиустары артқан сайын оттекпен реакцияласу қабілеттері кемиді.

Темір – күміс тәрізді, ақ түсті металл, парамагниттік қасиеттермен сипатталады. Темірдің бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері белгілі. Таза темір химиялық инертті, қоспалар химиялық активтілігін арттырады. Темір – активтілігі орташа металл. Бейметалдармен қыздыру барысында әрекеттеседі. Темір оттегімен әрекеттесіп Fe3O4 (FeO*Fe2O3) оксидін түзеді. Хлормен әрекеттескенде валенттіліктері III тең қосылыстарын түзеді. Су буымен әрекеттескенде сутегін түзеді. Сұйытылған қышқылдардан сутегін ығыстырады. Концентрлі азот және күкірт қышқылдар темірді пассивтендіреді, қыздырғанда бұл қышқылдармен әрекеттесіп үш валенттік қосылыстарды түзеді, сутегі бұл жағдайда түзілмейді. Ылғалды ауада темір коррозияға ұшырайды. Бұл реакция нәтижесінде ең алдымен темір (ІІ) гидроксиді түзіледі, сосын ол темір (ІІІ) гидроксидіне дейін тотығып кетеді.

ТЕМІР, КОБАЛЬТ ЖӘНЕ НИКЕЛЬДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

Темір екі оксид түзеді:

FeO – темір (II) оксиді. Қара түсті, суда ерімейтін негіздік оксид. Бұл оксидке сарғылт-жасыл түсті ерімейтін Fe(OН)2 гидроксиді сәйкес келеді. Темірдің +2 тотығу дәрежедегі қосылыстары анаэробтық жағдайда тұрақты болады. Ауада олар үш валенттік қосылыстарға дейін тотығып кетеді. Темірдің +2 тотығу дәрежедегі қосылыстары тотықсыздандырғыш қасиеттермен сипатталады. Ерітіндіде екі валентті темір тұздары гидролизге ұшырайды, нәтижесінде қышқылдық орта береді. Екі валентті темір комплекстүзуші бола алады, координациялық саны 6 тең болады. Екі валентті темірге сапалық реакция – калий (ІІІ) гексацианофератымен әрекеттесуі, нәтижесінде көк түсті тұңба түзіледі KFe2+ [Fe3+(CN)6] (турнбулев көгі).

Fe2O3 – темір (III) оксиді. Қою-қызыл түсті амфотерлік оксид, суда ерімейді. Бұл оксидке қоңыр түсті, суда ерімейтін гидроксид Fe(OН)3 сәйкес болады. Темір (ІІІ) оксид балқыған сілтілермен әрекеттесіп фериттерді түзеді; темір (ІІІ) гидроксиді балқыған сілітілермен және сілтілердің ыстық концентрлі ерітінділерімен әрекеттесіп фериттер мен гексагидроксофераттар (ІІІ) түзеді. Темірдің (ІІІ) қосылыстары тотықтырғыш қасиеттермен сипатталады. Үш валентті темірдің тұздары гидролизге ұшырайды, сулы ерітінділері қышқылдық ортаны көрсетеді. Үш валентті темір комплекстүзуші бола алады, координациялық саны 6 тең болады. Үш валентті темір иондарына сапалық реакция - калий (ІІ) гексацианофератымен әрекеттесуі, нәтижесінде көк түсті тұңба түзіледі

KFe3+[Fe2+ (CN)6] (берлин лазурі). Fe3+ ионын калий роданидімен де анықтауға болады, нәтижесінде қанды-қызыл түсті тұңба түзіледі Fe (CNS)3.

Темірдің +6 тотығу дәрежесіндегі қосылыстары белгілі: калий фераты К2FeO4 . Калий фераты – күшті тотықтырғыш, тұрақсыз зат.



ТЕМІРДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰЙМАЛАРЫ: ШОЙЫН, БОЛАТ.

Темірдің маңызды кұймалары: болат пен шойын. Шойынды алу үшін шикізат ретінде темір кендері (Fe2O3), флюс (СаСО3), кокс (С) қолданылады. Шойынды домна пешінде алады.

Негізгі сатылары: көміртекті көміртегі (ІҮ) оксидіне дейін тотықтыру; көміртегі (ІІ) оксидінің көмір қышқыл газының кокспен әрекеттесу нәтижесінде түзілуі; темір (ІІІ) оксидінен көміртегі (ІІ) оксидімен темірді тотықсыздандыру; құр жыныстын (негізінде SiO2) флюспен әрекеттесуі, яғни қиын балқитын қоспалардың оңай балқитын қосылыстарға айналуы (негізінде СаSiO3). Дайын шойынның құрамында көміртегінің мөлшері 1,5-2% және оданда жоғары болады.

Болаттың құрамында көміртегінің мөлшері 2% артық болмайды. Болатты шойыннан алады. Ол үшін шойынның құрамындағы көміртек пен басқа элементтердің мөлшерін азайту керек. Сұйық шойын құйылып, ол арқылы ауа үрленеді де, қоспалар оттекпен тотығады: темір FeO дейін тотығады, сосын FeO шойынның құрамындағы көміртекпен тотықсызданады.


Тақырыпты бекіту:

  1. Кобальт, никель, темір атомдарының электрондық формулаларын жаз.

  2. Темір, кобальт, никель үшін қандай тотығу дәрежелер тән болады?

  3. Зертханалық жағдайларда темірді қалай алуға болады? Бұл жағдайда қандай тотықсыздандырғыштар қолданылады? Реакция теңдеулерін жаз.

  4. Темірлік металдардың химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз.

  5. Темірлік металдардың оксидтері мен гидроксидтерін қалай алады? Реакция теңдеулерін жаз.

  6. Темір, кобальт, никель тұздарының қасиеттерін (түсі, суда ерігіштігі, гидролиз, ауаның оттегісіне қатысы) сипатта?

  7. Темір, кобальт, никель қосылыстары тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай қасиеттермен сипатталады? Реакция теңдеулерін жаз.

  8. Платиналық металдардың химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз.

  9. Темірлік және платиналық металдардың комплекстүзушілер ретінде қарастыр. Реакция теңдеулерін жаз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.

30 Дәріс. Лантаноидтар және актиноидтар.



Мақсаты: Лантаноидтар мен атиноидтардың жалпы сипаттамасымен, табиғатта таралуымен, молекулаларының құрылымымен, алу тәсілдерімен, физикалық және химиялық қасиеттерімен және маңызды қосылыстарымен танысып білу.
Негізгі сұрақтар:

  1. f – элементтері қатарының атомдарының электрондық құрылысының ерекшеліктері.

  2. Лантаноидтар. Жай заттардың физикалық және химиялық қасиеттері.

  3. Актиноидтар. Жаңа элементтер синтезі.

  4. Уранның алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері.


Қысқаша мазмұны:

f – ЭЛЕМЕНТТЕРІ ҚАТАРЫНЫҢ АТОМДАРЫНЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Лантаноидтар лантаннан (№ 57) кейін орналасады. Актиноидтар актинийден (№89) кейін орналасады. Бұл элементтерде f - деңгей тола бастайды. Барлық элементтерде сыртқы s – деңгейде екі электроннан орналасады. d – деңгейде электрон саны әр түрлі болады, себебі d және f деңгейлердің байланыс энергиясы бір-біріне жақын болады, сондықтан электрондар ауысу мүмкін. Атомдардың радиусы біртіндеп кемиді (лантаноидтық қысым); иондану потенциал, иондану энергия артады.



ЛАНТАНОИДТАР. ЖАЙ ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

f – деңгейдегі электрондар химиялық байланыс түзуге қатыспайды, сондықтан f – металдардың химиялық қасиеттері ұқсас болады. Лантаноидтар церий және тербий топшаларына бөлінеді. Лантаноидтар сирек-жер элементтерге жатады. Лантаноидтар күміс тәрізді, ақ металдар, химиялық активті, +3 тотығу дәрежеде бола алады. Оксидтер мен гидроксидтері негіздік қасиеттермен сипатталады (амфотерлік қасиеттері әлсіз болады).



АКТИНОИДТАР. ЖАҢА ЭЛЕМЕНТТЕР СИНТЕЗІ.

f – деңгейдегі электрондар химиялық байланыс түзуге қатыспайды, сондықтан f – металдардың химиялық қасиеттері ұқсас болады. Актиноидтар торий және берклий топшаларына бөлінеді. Табиғатта уран, торий және протактиний кездеседі; қалғаны жанама жолмен алынған. Торий топшасындағы металдар ауыспалы тотығу дәрежелермен сипатталады; берклий топшасындағы элементтер лантаноидтарға ұқсас, +3 тотығу дәрежеде болады. Химиялық активті, ауада оксидтік қабатымен қапталады.



УРАННЫҢ АЛЫНУЫ, ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.

№ 92 элемент – радиоактивті элемент, табиғатта кездеседі. U – радиактивтік жанғыш зат. Бұл элемент үшін ең бірінші нейтрон әсерінен тізбектік ыдырау реакциясы белгілі болды. Кен таралған элемент, құрамында уран бар 100 минералдар белгілі. Сұр-болат тәрізді түсті активті металл, қосылыстарда +2 ден +6 дейін тотығу дәрежелерде бола алады. Ауыспалы құрамды оксидтерді түзеді. UO22+ уранил тұздары сары түсті болады. Диуран қышқылдың (H2U2O7) тұздары уранаттар алынған.


Тақырыпты бекіту:

  1. Лантаноидтар мен актиноидтардың химиялық қасиеттерінің ұқсастығын қалай түсіндіруге болады?

  2. Қандай қосылыстар түрінде табиғатта лантаноидтар мен актиноидтар кездеседі? Таза металдарды қалай алуға болады?

  3. Лантаноидтардың химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз.

  4. Актиноидтардың химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жаз.

  5. Уранның табиғатта таралуы? Алынуы, қасиеттері, қослыстары?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы: Ана тілі, 1991.- 640 бет.

  2. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. - Алматы, 2003.- 320 бет.

  3. Аханбаев К. Химия. – Алматы: Ана тілі, 1993. - 280 бет.

  4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия.-М.: Высшая школа, 1988.

  5. Глинка Н.Л. Общая химия / Под ред. Рабиновича В.А.- Л.: Химия, 1988. - 704 с.

  6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия.М.: Высшая школа, 2000.- 527 с.



ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Зертханалық жұмысты орындау бейорганикалық химия пәнінен білімдерін бекітуді қамтамасыз етеді, студенттердің эксперимент жүргізу дағдысын қалыптастырады және студенттердің өз беті мен жұмыс істеуін дамытады. Зертханада жұмыс табысты өту үшін, химиялық практикум әдістемесінен және дәрістерінен, оқулықтан теориялық материалды алдын-ала оқып білу қажет. Сонымен бірге эксперимент техникасын сапалы түрде орындау қалыптасады, жасалған жұмыс ойластырылған, түсінікті болады.

Химия зертхансында жұмыс істеуші қауіпсіздік техникасының ережесін сақтау қажет және химиялық құралдар, ыдыстармен жұмыс істеу ережесін қатаң сақтау керек. Химиялық практикумда көрсетілген құралдар мен химиялық реактивтерді қолдану жолдарын үйрену қажет. Берілген нұсқаулар студенттің өз бетімен жұмыс істеуін және инициативасын жоғалтапай, керісінше көрсетілген нұсқау жұмысты орындау жылдамдығын арттырады, құралдардың істен шығуын, ыдыстардың сынуын, реактивтердің бүлінуін ескертеді.

Эксперимент жұмысының табысты орындалуы, жұмыс әдістемесін дұрыс таңдауға, өлшеуді орындау ретіне, өлшеуге және жүйелі түрде нәтижесін дұрыс жазуға байланысты.

Тақырып бойынша теориялық білімін мұғалім тексерген соң, зертханалық жұмыстың орындалу әдісін меңгеріп және тақырып бойынша зертханалық жұмысты жазу журналын дайындаған студент ғана зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алады. Зертханалық журналды толтырғанда келесі талаптар қойылады:



  • Зертханалық жұмысты орындау күні;

  • Зертханалық жұмыстын реті;

  • Зертханалық жұмыстын тақырыбы;

  • Зертханалық жұмыстын мақсаты;

  • Зертханалық жұмыстын барысы, байқаулары;

  • Химиялық реакциялар мен есептеулер;

  • Қорытынды.

Зертханалық жұмысты орындап болған соң студент жұмыс орнын ретке келтіріп кезекшіге немесе лаборантқа тапсыру керек. Студент зертханалық журналында жұмыс нәтижесін толтырған соң есебін оқытушыға тапсыру керек.

Бейорганикалық химия курсында көп уақыт химиядан есеп шығаруға бөлінеді. Жұмыстың бұл түрі студенттің өздігінен жұмыс істеуін, дәріс кезінде алған білімін кеңінен қолдануын қажет етеді.

Зертханалық жұмыстың тапсырмасы, бақылау сұрақтары және тақырып бойынша есептер «Практикум по неорганической химии»: Пед. институт студенттеріне арналған оқу құралы/ Л.В.Бабич, С.А.Балезин, Ф.Б.Гликина – М.: Просвещение, 1991. – 320 с. оқулығында берілген.

«ЭЛЕМЕНТТЕР ХИМИЯСЫ»

ПӘНІ БОЙЫНША

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРЫ.



Тақырыбы

Нұсқау

1.

СУТЕГІ. СУТЕГІНІҢ АСҚЫН ТОТЫҒЫ.

  1. Сутегіні металға қышқылдың әсерімен алынуы.

  2. Алюминийдің сілтімен әрекеттесу арқылы сутегіні алу.

  3. Калий перманганатын атомарлы сутегімен тотықсыздандыру.

  4. Сутегінің асқын тотығын алу.

  5. Сутегінің асқын тотығын ашуының реакциясы.

  6. Сутегінің асқын тотығының ыдырауы және оның жылдамдығына катализатордың әсері.

  7. Сутегінің асқын тотығының тотықтырғыш қасиеттері.

  8. Сутегінің асқын тотығының тотықсыздандырғыш қасиеттері.

/1/, 186 бет - № 1, №2,

188 бет - №6.

205 -206 бет - №5, №6, №7, №8.


2.

ХЛОР ЖӘНЕ ХЛОРСУТЕГІ.

1. Хлордың алынуы.

2. Хлордың металдармен әрекеттесуі.

3. Хлордың бейметалдармен әрекеттесуі.

4. Хлордың органикалық заттармен әрекеттесуі.

5. Хлор суы және оның қасиеттерін анықтау.

6. Хлорсутегін алу және оның қасиеттерін анықтау.


/1/, 189 -192 б.

1а,б, 2а,б, 3б, 4, 5а,б,в, 6



3.

ХЛОДЫҢ ОТТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Жавель суын алу.

2. Жавель суының тотықтырғыш қасиеттері.

3. Ағартқыш ізбесті алу және оның қасиеттері.



/1/, 194 б.

1 а,б, 2 а,б,в,г,

3 в,г,д.


4.

БРОМ, ЙОД ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Бром мен йодты алу.

2. Бромның қасиеттері.

3. Йодтың қасиеттері.

4. Калий иодидіне, калий бромидіне хлор суының әсері.

5. Бром және йод иондарына реакциялар.



/1/, 197 б.

1 а,б,в,г,

2 а,б,в,г,д, 4,7.


5.

КҮКІРТ. КҮКІРТТІ СУТЕГІ. СУЛЬФИДТЕР.

1. Пластикалық күкіртті алу.

2. Күкіртті сутегін алу және оның жану қасиетін зерттеу.

3. Күкіртті сутегінің суын алу.

4. Күкіртті сутегінің тотықсыздандырғыш қасиеттері.

5. Металл сульфидтерін алу және қасиеттерін зерттеу.



/1/, 207 б.

3,6,7,8,9а



6,7.

КҮКІРТТІҢ ОТТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Күкірт (ІУ) оксидін алу.

2. Күкірт (ІУ) оксидінің қасиеттері.

3. Күкірт қышқылының қасиеттері.



/1/, 213 б.

1б, 2а,б,в, 7а,б,в,г,д



8.

АЗОТ ЖӘНЕ ОНЫҢ СУТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Азотты алу және оның қасиеттері.

2. Аммиакты алу.

3. Аммиактың қасиеттері.

4. Аммоний ионына реакция.

5. Аммоний тұздарының термиялық ыдырауы.

6. Аммоний хлоридінің қайта айдалуы.


/1/, 220 б.

2б, 3б, 4а,б,в, 5,6а,7.



9,10.

АЗОТТЫҢ ОТТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Азот (ІІ) оксидін алу.

2. Азот (ІІ) оксидінің қасиеттері.

3. Азот (ІУ) оксидін алу.

4. Азот (ІУ) оксидінің қасиеттері.

5. Азотты қышқылдың алынуы және ыдырауы.

6. Қыздырғанда нитраттардың ыдырауы.


/1/, 227 б.

2, 3в,г, 5а, 6б, 7,

8а,б, 12б,в.


11.

ФОСФОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Фосфордың аллотропиясы.

2. Фосфор (У) оксидін алу.

3. Фосфор қышқылының иондарына реакциялар.

4. Фосфор қышқылдарын алу.

5. Ортофосфор қышқылының тұздары.



/1/, 236 б.

1а, 3,4а,б,в, 5а,б,

6а,б.


12.

КӨМІРТЕГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Көмірдің тотықсыздандырғыш қасиеттері.

2. Көміртегі (ІУ) оксидін алу және оның қасиеттерін анықтау.

3. Көмір қышқылының тұздарының түзілуі.



/1/, 248 б.

2а,б, 3, 7а,б,в, 9,10,11а,б.



13.

КРЕМНИЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Кремний қышқылдарын алу.

2. Кремний қышқылының тұздарының гидролизі.


/1/, 255 б.

3а,б,в, 5а,б, 6.



14,15.

БОР, АЛЮМИНИЙ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Ортобор қышқылын алу және оның қасиеттері.

2. Бор қышқылдарының қасиеттері.

3. Алюминийдің оттегі мен әрекеттесуі.

4. Алюминийдің сілтілер мен әрекеттесуі.

5. Алюминийдің қышқылдар мен әрекеттесуі.

6. Алюминийдің су мен әрекеттесуі.

7. Алюминий гидроксидін алу және оның қасиеттері.

8. Алюминий тұздарының гидролизі.


/1/, 275 б.

2а,б,в, 3а, 5, 7а,б,в, 8а,б,в, 9а,б,в,г.



16,17.

БЕРИЛЛИЙ, МАГНИЙ, СІЛТІЛІК-ЖЕР МЕТАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Бериллий гидроксидін алу және оның қасиеттері.

2. Бериллий гидроксидінің қышқылдық және негіздік қасиеттерін салыстыру.

3. Металдық магнийдің тотықсыздандырғыш қасиеттері.

4. Магнийдің оксидін және гидроксидін алынуы және қасиеттері.

5. Магний тұздарының қасиеттері.

6. Кальцийдің тотықсыздандырғыш қасиеттері.

7. Сілтілік-жер металдардың гидроксидтерін алу.

8. Сілтілік-жер металдардың тұздарының алынуы және қасиеттері.

9. Судың кермектігі және оны жою жолдары.

10. Сілтілік-жер металдардың тұздарының жалынды бояуы.


/1/, 269 б.

1, 2 а,б, 3а,б,в, 4б,в, 5а,б,в, 6, 7 а,б, 8а,г, 9а,б,в,г, 10.



18,19.

СІЛТІЛІК МЕТАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Сілтілік металдардың сумен әрекеттесуі.

2. Натрий перокидінің сумен әрекеттесуі.

3. Сілтілік металдардың тұздарының гидролизі.

4. Калий карбонатынан калий гидроксидін алу.

5. Сілтілік металдардың тұздарының жалынды бояуы.




/1/, 265 б.

2,3,4,7,8.




20,21

МЫС, КҮМІС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Мыстың алынуы.

2. Мыстың қасиеттері.

3. Мыс (ІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттерін зерттеу.

4. Мыс (ІІ) тұздарының гидролизі.

5. Мыс (ІІ) комплексті тұзын алынуы және қасиеттері.

6. Мыс (І) оксидін және гидроксидін алу.

7. Мыс иодидін алу.

8. Күмісті алу.

9. Күміс оксидін алу.

10. Күміс нитратының ерітіндісінің лакмусқа әсері.


/1/, 282 б.

1б, 2а,б,3,4,5,6,7,9,10,12



22,23

МЫРЫШ, КАДМИЙ, СЫНАП ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

  1. Мырыштың қышқылдармен

әрекеттесуі.

  1. Мырыштың сілтілермен

әрекеттесуі.

  1. Мырыш гидроксидінің алынуы

және қасиеттері.

  1. Мырыш тұздарының гидролизі.

  2. Кадмий гидроксидінің алынуы

және қасиеттері.

  1. Кадмий сульфидінің алынуы

және қасиеттері.

  1. Кадмий тұздарының гидролизі.

/1/,287-291 б.

1,2,3,6,8,9,11



24,25.

ХРОМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Хром (ІІІ) оксидін алу және қасиеттерін зерттеу.

2. Хром (ІІІ) гидроксидін алу және қасиеттерін зерттеу.

3. Хром тұздарының гидролизі.

4. Хром (ІІІ) қосылыстардың тотығуы және тотықсыздануы.

5. Хром (ҮІ) оксидін алу және оның қасиеттері.

6. Хроматтар мен дихроматтардың ерітіндіде болу жағдайлары.

7. Хром қышқылының тұздарын алу.

8. Хром (УІ) қосылыстарының тотықтырғыш қасиеттері.


/1/, 291 б.

1а,б, 2а,б, 3а,б, 4а,б,6, 7, 8, 9а,б,в.



26,27.

МАРГАНЕЦ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Марганец (ІІ) гидроксидін алу және оның қосылыстары.

2. Марганец (ІІ) тұздарының қасиеттері.

3. Марганец (ІУ) оксидінің күкірт қышқылы мен әрекеттесуі.

4. Калий перманганатының қасиеттері.


/1/, 296 б.

1,2,3,6.


28-30.

ТЕМІР, КОБАЛЬТ, НИКЕЛЬ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.

1. Темірдің қышқылдармен әрекеттесуі.

2. Темірді пассивтендіру және оксидтеу.

3. Темір (ІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері.

4. Темір (ІІ) тұздарын алу.

5. Темір (ІІ) тұздарының гидролизі.

6. Fe2+ ионына реакция.

7. Темір (ІІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері.

8. Темір (ІІІ) тұздарының гидролизі.

9. Fe3+ ионына реакция.

10. Темір (ІІ) қосылыстарының тотығуы.

11. Темір (ІІІ) қосылыстарының тотықсыздануы.

12. Ферраттарды алу және олардың қасиеттерін зерттеу.

13. Кобальт (ІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері.

14. Кобальт (ІІІ) оксидін алу және оның қасиеттері.

15. Кобальт (ІІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері.

16. Кобальттың комплексті қосылыстарын алу.

17. Никель (ІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері.

18. Никель (ІІІ) гидроксидін алу және оның қасиеттері.


/1/, 299 б.

3,4а,5а,б,6,7а,б,8,9а,б,

10/1/, 305 б.

16,17,18,19,20,21а,б,в,12,13,14,15




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет