ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту әдістемесі» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет27/30
Дата17.07.2016
өлшемі1.3 Mb.
#205012
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Орта мектептің физика курсында электромагниттік өріс ұғымын қалыптастыру базалық курста басталып, бағытты мектептің жоғарғы кластарында аяқталады. Базалық курста электромагниттік құбылыстар жайындағы элементар мағұлыматтарды ендіру кезінде электр және магнит өрістер жайындағы алғашқы түсініктер беріледі, ал жоғарғы класта электромагниттік құбылыстарды сандық зерттеу жүргізеді, электромагниттік өрістің жеке жағдайларын, олардың қасиеттері мен сипаттамаларын қарастырады, электромагнитік өріс ұғымы енгізеді; электромагниттік толқындарды меңгеру кезінде еркін электромагниттік өріс ұғымы енгізіледі, толқындық оптика мен кванттық физиканы меңгеру кезінде электромагниттік өріс жайындағы түсініктері кеңейтіледі және жалпыланады.

Әдетте электр өрісі ұғымын электростатикалық құбылыстарды меңгеру кезінде енгізеді және тыныштықтағы зарядтармен байланыстырады, ал магнит өрісі ұғымын тұрақты токты меңгеру кезінде енгізеді және токпен немесе қозғалыстағы зарядтармен байланыстырады. Электромагниттік өріс ұғымын электродинамика бөлімінің әртүрлі бөлімдерінде енгізуге болады: қозғалыстағы зарядтардың магнит өрісін меңгеру кезінде, электромагниттік тербелістер мен толқындарды меңгеру кезінде. Электромагниттік өріс ұғымын электродинамика бөлімінің басында енгізген пайдалы.

Оқу материалын оқытуды бастағанда электродинамикаға кіріспеде, оқушыларда бар білімге сүйеніп, электромагниттік өріс жайындағы алғашқы мағұлыматтарды енгізеді. Электромагниттік құбылыстарды меңгергеннен кейін электромагниттік өріс жайындағы білімдерін тереңдетіп, кеңейтеді. Электромагниттік өріс ұғымы енгізуге болатын кейбір әдістемелерді қарастырайық. Оқушылардың физиканың базалық курсында алған электромагниттік құбылыстар жөніндегі негізгі мағұлыматтар жайындағы білімдерін жалпылап, қайталағаннан кейін, электродинамиканың ерекшелеіктерін анықтайды, ньютондық механикамен электродинамиканы салыстырады. Механикада өзара әсерлесуші денелердің қашықтығына, немесе олардың салыстырмалы жылдамдықтарына байланысты болатын тартылыс күшін, серпімділік күшін және үйкеліс күшін меңгергендерін оқушылардың есіне салады.

Сосын параллель токтардың әсерлесуі бойынша тәжірибені бақылауды ұсынады (сурет). Бұл электромагниттік әсерлесудің типтік мысалы бола алады. Оқушылар өткізгіштердің әсерлесуін қадағалайды, өткізгіштер арасындағы d қашықтық пен өткізгіштегі электрондардың салыстырмалы жылдамдықтары өзгермейтіндіктен, тартылу немесе тебілу күштерінің пайда болу себебін түсіндіре алмайды. Яғни, механикада болмаған күштер пайда болды, бұл күштер электромагниттік әсерлесу күштері болып табылады. Бұл жағдайда әрбір өткізгіштің маңында магнит өрісі туды деп айтады. Бір өткізгіштің магнит өрісі тогы бар басқа өткізгішке қандай да бір күшпен әсер етеді. Немесе керісінше.

Сосын әсерлесудің берілуі жайында сұрақ қозғайды. Ньютондық механика алыстан әсер ету принципіне сүйенеді.


Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. «Электромагниттік өріс» ұғымын қалыптастыру

  2. «Электромагниттік тербелістер» ұғымын қалыптастыру

  3. «Электромагнитік толқындар» ұғымдарын меңгерту әдістемесі


13 -тақырып. Мектепте геометриялық және толқындық оптиканың негізгі ұғымдары мен мәселелерін оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Мектепте геометриялық және толқындық оптиканың негізгі ұғымдары мен мәселелерін оқыту әдістемесін игерту.

Жоспар:
  1. Мектепте геометриялық оптиканы оқыту әдістемесі

  2. Толқындық оптиканың негізгі ұғымдары мен мәселелерін оқыту әдістемесі




Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
  1. Геометриялық оптиканы оқыту әдістемесін көрсетіңдер

  2. Толқындық оптиканың негізгі ұғымдары мен мәселелерін оқыту әдістемесін көрсетіңдер



14 -тақырып. Кванттық физиканы, атом және ядролық физиканы негізгі ұғымдары мен мәселелерін оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Студенттерге кванттық физиканы, атом және ядролық физиканы негізгі ұғымдары мен мәселелерін оқыту әдістемесін игерту.


Жоспары:

  1. Кванттық физиканың негізгі ұғымдары мен мәселелерін оқыту әдістемесі

  2. Атом және ядролық физиканың негізгі ұғымдары мен мәселелерін оқыту әдістемесі

Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Кванттық физиканың негізгі ұғымдары мен мәселелерін оқыту әдістемесін баяндаңдар

  2. Атом және ядролық физиканың негізгі ұғымдары мен мәселелерін оқыту әдістемесін баяндаңдар


15 -тақырып. Мектепте арнайы салыстырмалылық теорияны оқыту әдістемесі

Дәріс мақсаты: Мектепте арнайы салыстырмалылық теорияны оқыту әдістемесі көрсету.

Жоспар:


  1. Арнайы салыстырмалылық теорияны оқыту әдістемесі


Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Арнайы салыстырмалылық теорияны оқыту әдістемесін көрсетіңдер

3. Практикалық сабақтар
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 1

ТАҚЫРЫБЫ: Заттық құрылысы, гидро- және аэростатика элементтерін меңгерту әдістемесі

Мақсаты: Заттық құрылысы, гидро- және аэростатика элементтеріне есептер шығару.

ТАПСЫРМА:

Заттық құрылысы, гидро- және аэростатика элементтеріне есептер шығару



Жоспары:

1. Заттық құрылысы, гидро- және аэростатика элементтеріне есептер шығару.



2.Шығарылған есептерді тапсыру.
Ұсынылатын әдебиеттер мен оқулықтар

  1. Орта жалпы білім беретін мектептің жаратылыыстану-математикалық бағытындағы 10-11- сыныптарына арналаған бағдарламалар. Авторлары: Башаров Р.Б., Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгардт Б.А. -Алматы, 2006.-23 б.

  2. Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Өңд.2-бас./Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова.-Алматы: Мектеп баспасы, 2008.-256 б.

  3. Решения и ответы к «Сборник задач по физике для 7-8 кл. Общеобразовательных учреждений» В.И.Лукашика. М.: «Дом педагогики», 2000.-168 с.

  4. Кем В.И., Кронгарт Б.А. Физика және астрономия. Есептер мен жаттығулар жинағы: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған.-Алматы: Атамұра.-2003.-80 б.


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР :


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет