1.Потенциометриялық аналдиз қай заңға негізделген:
А. Кольрауш заңы
В. Нернст заңы
С. Фарадей заңы
D. Кулон заңы
Е. Ампер заңы
2.Электрохимиялық реакция жүретін электрод қалай аталады:
А. Индикаторлық
В. Көмекші
С. Генераторлық
D. Салыстырмалы
Е. Шыны
3.Фарадей формуласымен есептелетін шама қалай аталады:
А. Анализ уақыты
В. Ток күші
С. Электр мөлшері
D. Электролиз нәтижесінде бөлінген зат массасы
Е. Электрохимиялық эквивалент
4.Кондуктометриялық әдісте өлшенетін шама:
А. Потенциал
В. Ток күші
С. Электр мөлшері
D. Электрөткізгіштік
Е. Зат массасы
5.Меншікті электрөткізгіштікке әсер етуші факторлар:
А. Температура
В. Концентрация
С. Температура, концентрация
D. Ерітінді түсі
Е. Дұрыс жауабы жоқ
6.Тура кондуктометрия әдісі неүшін колданылады?
А. Әлсіз электролиттердің диссоциациялану константасын анықтау үшін
В. Нашар еритін қосылыстардың ерігіштігін анықтау үшін
С. Су мен ішімдіктердің сапасын анықтау үшін
D. Дұрыс жауаптар А,В, С
Е. Дұрыс жауаптар А,С
7.Кондуктометриялық титрлеу қисықтары қандай координатада салынады:
А. Меншікті электрөткізгіштік-концентрация
В. Меншікті электрөткізгіштік- титрант көлемі
С. Эквивалентті электрөткізгіштік-концентрация
D. Эквиваленттік электрөткізгіштік- титрант көлемі
Е. Концентрация- титрант көлемі
8.Кондуктометрияда қолданылатын ток түрі:
А. Тұрақты
В. Айнымалы
С. Жиілігі 50Гц айнымалы ток
D. Жиілігі 1000Гц айнымалы тоқ
Е. Тұрақты және айнымалы ток
9.Қозғалғыштығы ең жоғары иондар:
А. Н+, Na+
B. Na+, K+
C. Cl-, H+
D. H+, OH-
E. OH-, Na+
10.K2Cr2O7 кулонометриялық титрлеу кезіндегі қателік қандай:
А. Анықтау тұрақты ток күшінде жүргізілді
В. Қосымша реагент ретінде FeSO4 қолданылды (H2SO4 қатысында)
С. Платина индикаторлық электроды қолданылды
D. Болаттан жасалған көмекші электрод қолданылды
Е. ЭН потенциометр көмегімен анықталды
11.Полярографияда фондық электролитті ұяшыққа не үшін енгізеді;
А. Ерітінді кедергісін арттыру үшін
В. Ерітінді кедергісін кеміту үшін
С. Миграциялық токты жою үшін
D. В,С жауаптары дұрыс
Е. А,С жауаптары дұрыс
12.Илькович теңдеуіндегі Jd қалай аталады:
А. ток
В. диффузиялық ток
С. миграциялық ток
D.ток күші
E. диффузиялық коэффициент
13.Тамшылы-сынап электродының кемшіліктері:
А. Сынаптың зияндығы
В. Тамшы бетінің үнемі жаңаруы
С. Капиллярдың жиі бітеліп қалуы
D. А және С жауаптары дұрыс
Е. А,В,С жауаптары дұрыс
14.Полярографиядағы жартылай толқын потенциалы неге тәуелді:
А. Концентрацияға
В. Температураға
С. Тотықсызданатын ион табиғатына
D.Ток күшіне
E. Дұрыс жауабы жоқ
15.Электролизге негізделген анализ әдістері:
А. Кондуктометрия, электрогравиметрия
В. Потенциометрия, кулонометрия
С. Полярография, кулонометрия
D. Полярография, потенциометрия
Е. Полярография, кондуктометрия
16.Аддитивтілік заңын ашқан:
А. Кольрауш
В. Нернст
С. Фарадей
D. Кулон
Е. Ампер
17.Салыстырмалы электродтарға не жатады:
А. Шыны
В. Платина
С. Күміс
D. Редокс
Е. ІІ-ші текті электродтар
18.Тура кондуктометрияның сирек қолданылу себебі:
А. Электрөткізгіштікке концентрация әсер етеді
В. Электрөткізгіштікке температура әсер етеді
С. Меншікті электрөткізгіштік пен концентрация арасында тікелей байланыс жоқ
D. Элекртөткізгіштік – аддитивті шама
Е. Дұрыс жауабы жоқ
19.Толқын ұзындығы 0,01 нм бастап 100нм-ге шейін болатын спектр аймағына сәйкес электромагниттік сәуле қалай аталады:
А. Рентгендік
В. Радиотолқындар
С. УК-сәуле
D. ИК-сәуле
Е. Көрінетін сәуле
20.Флуоресценцияға тән емес: 1) өмір уақыты 10-9-10-7 сек; 2)сіңіру спектріне қарағанда спектрі толқын ұзындығы жоғары аймаққа ығысқан; 3) синглетті тербелмелі күйден негізгі күйге ауысқанда пайда болады; 4) триплетті тербелмелі күйден негізгі күйге ауысқанда пайда болады.
А. 4
В. 1,2
С. 1,2,3
D. 3
Е. 1,3
21.Фотометриялық анықтауы мүмкін болатын элементтің минимальді молярлық концентрациясы қалай аталады:
А. Сендел коэффициенті
В. Концентрациялық сезімталдық
С. Шартты сезімталдық
D. Анықтау минимумы
Е. мүмкін қателік
22.Концентрациясы 1мкг/мл ерітіндінің қабат қалыңдығы 1 см болғандағы оптикалық тығыздығына тең болатын шартты коэффициент қалай аталады:
А. Меншікті сіңіру
В. Өткізу
С. Интенсивтілік
D. Анықтау минимумы
Е. Шартты сезімталдық
23.Толқындық санды көрсететін қатынас:
А. h
B. C/
C. C/
D.10/
E. E2-E1
24.Күміс нитратының стандартты ерітіндісінің 25 мл көлемінде 5,5 мг күміс бар, оптикалық тығыздығы 0,16. Осы жағдайда анықталатын ерітіндінің оптикалық тығыздығы 0,31. Осы ерітіндідегі күмістің мөлшерін мг/мл көрсет:
А. 0,426
В. 0,375
С. 0,278
D. 0,149
Е. 0,537
25.Оптикалық тығыздық пен өткізу арасындағы тәуелділік:
А. Д/Т=1/10
В. Д=-lg T
C. T. Д=100
D. T= -Д
E. lgД=T
34.Ерітіндідегі жүзгін бөлшектерінің жарықты шашырату құбылысына негізделген абсорбциялық спектроскопия әдісі қалай аталады
А. Колориметрия
В. Турбидиметрия
С. Нефелометрия
D. Рефрактометрия
Е. Фотоколориметрия
35.Люминесцентті сәулеге тән емес: 1)ұзақтығы10-10сек кем емес; 2)жылу энергиясын пайдаланады; 3)кез-келген бағытта изотропты таралады; 4)тепе-теңдікте емес болады
А. 2
В. 1
С. 3
D. 4
Е. 1,3
36.Фотоколориметрия әдісінде монохроматты жарықты алу үшін не қолданады:
А. Призмалық монохроматор
В. Дифракциялық тор
С. Полихроматор
D. Кристалл-анализатор
Е. Жарық фильтрі
37.0,02 М ерітіндінің оптикалық тығыздығын есепте, егер Е=100, l=0,5 см болса:
А. 2
В. 0,5
С. 1
D. 1,5
Е. 10
38.Бугер-Ламберт –Бер заңына бағыну шарттары:
А. Сіңірудің молярлы коэффициентінің толқын ұзындығында тұрақты болуы
В. Қабат қалыңдығының тұрақтылығы
С. Температура тұрақтылығы
D. Толқын ұзындығының тұрақтылығы
Е. Сыну коэффициентінің тұрақтылығы
Достарыңызбен бөлісу: |