ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Геоморфология» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/8
Дата13.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#133860
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/01-2013



«Геоморфология» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Геоморфология»


5В011600 – «География» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013
Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәрістер




3

Практикалық сабақтар




4

Студенттердің өздік жұмыстары





1. Глоссарий

Аңғар – табаны ылдиланып кететін ұзынша ойыс. Өзен және тау аңғары болады.

Дала – шөп басқан, батпақсыз жазық жер.

Жазық – жер бетінің біршама тегіс немесе белесті алқабы. Жазықтың әр жеріндегі биіктіктер бір – бірінен онша ерекшеленбейді.

Қырат – жер бетінің маңайындағы жазықтан оқшау көтеріліп жатқан алқабы. Абсолют биіктігі 200-500 м-ге дейін барады.

Метаморфтық тау жынысы – жер қойнауындағы жоғары температура мен үлкен қысымның әсерінен өзегріп, бір түрден екінші бір түрге айналған тау жынысы.



Ойпат – абсолют биіктігі 200 м-ден аспайтын жазық.

Сай – ұлғаюы тоқтағаннан кейін жыраның табаны тегістелген және беткейлері түйетайлыланып, өсімдік басқан кезі.

Сырғыма – тау не қыраттың беткейінен, өзен жарқабағынан, теңіз, өзен, көл жиегінен тау жынысы қабатының опырылып, төмен қарай түсіп кетуі.

Тау – жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, беткейлері қия болып келетін биік бөлігі.

Тау жотасы – ұзыннан созылып жатқан, бір – біріне қарама – қарсы беткеймен шектелген тау алқабы.

Таулы қырат – жеке жота мен тау шоғырлары биік үстірттермен тұтасып жататын, аса көлемді, орасан зор, биік тау алқабы.

Төбе – пішіні дөңгеленген не сопақша келген шағын қыр.

Түбек – құрлықтың теңізге, көлге сұғына кіріп тұрған, үш жағына сумен қоршалып жатқан бөлігі.

Үстірт – үсті тегіс не белесті, маңайындағы жазықтардан жарқабақпен оқшауланып тұратын қыраң жазық.

Шатқал – тау беткейлері қия келетін әрі терең әрі тар аңғарлары.

Альпілік тектогенез – жер қыртысының неоген дәуірінен осы кезге дейінгі тауларды жаратушы қозғалысы.

Антропоген дәуірі – жердің геологиялық тарихының қазіргі өтіп жатқан кезеңі.Бұдан 1 млн жыл бұрын басталған.

Батолит – жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузивті жыныс.

Геоморфологиялық кешен – жердің ішкі және сыртқы күштері әрекетінен түзілетін жер бедері пішінінің кешен бірлігі.

Интрузивтік тау жыныстары – жердің терең қыртысында баяу суынудан пайд аболған силикат құрамды магмалық жыныстар.

Карбонатты шөгінді – құрамында көмір қышқылының қоспалары болатын жыныстар.

Қалқанды жазық – тасты қатты жыныстан түзілген жазық. Ежелгі таулы аймақтардың үгітілп тегістелген аймағында кеңінен тараған.

Неоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайназой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдвнда өткен.

Орқаш тау – жер қыртысының жарықтары арасынан көтерілген бөлігі.

2.Дәріс сабағының тезистері
1 дәріс Геоморфология пәні, оның зерттеу объектісі. рельеф туралы ұғым.

Мақсаты: Геоморфология пәнінің зерттеу объектісі және рельеф туралы ұғыммен танысу.

Жоспар:

  1. Геоморфология пәні.

2. Геоморфология пәнінің зерттеу объектісі.
1 дәрістің қысқаша конспектісі

Геоморфология (гр. gе-жер, mогрһе-бедер, пііпін, logos-білу, тану)-рельефтің қүрылысын, жаралуын, даму тарихьн жәие казіргі динамикалық жағдайын зерттейтін ғылым, Демек. геоморфология зерттеуінің негізгі объектісі - рельеф(француздыц reliev - дөңестілік) -күрылык, беті және мүхит түбі пішіндеріміи жиынтығы. Рельефтің пайда болуына ішкі (эндогендік) және сыртк.ы (экзогендік) процестерәсеретеді. Эндогспдік процесгергс таужаралу, жер сілкіну, жанартау әрекеті, тектоникалық күбылыстар т.б. жатады. Экзогендік процестер күн жылуынан куат алады; бүған тау жыиыстарының үгілуі, жел, ағынды су, мүздық, су толқыны, адам әрекетінің әсері жатады. Сондықтан рельеф пішіндерін зерттеу үшін оларды құрайтын гау жыныстарының қүрамын, касиетін жәнс оларға әсер ететіи процестерді анық білу керек болады.

Эндогендік күштердін. әсерінен жердінң бір түсы көтеріліп, тау мен кыраттар түзіледі, ал екінші түсында темен майысып. ойпаттар пайда болады. Экзогсндік күштср тауды мүжиді, ойпат жерлерді борпылдақ материалмсн толтырып тегістейді. Бүл екі күш өзара карама-карсы әрекет жасайды және олар әр жерде. әр түрлі карқында үдайы болып жатады. Рельеф пішіндсрінің кай бағьпта дамуы (төменмен жогары өрлеу немесе ксрісінше") оның тектүрі, ерекшелігі - мүның бәрі сол жер кыртысының касиетіне байланысты. Геоморфологияның негізгі принциптерінін бірі - рельефтің географиялық компоненттерінің бірі бола түра, бүкіл табиғатпен тығыз байланыста түтас алынып каралуы, ол өзі ғана өзгеріліп коймай, жалпы табиғаттың дамуына әсер етеді. Жер кыртысы, атмосфера, гидросфера, биосфера арасындағы қатынасты аныктайтын болғандыктан, геоморфология геология, геоботаника, гляциология, топырақтану ғылымдарымен де тығыз байланысты.

Соңғы кездері жер туралы ғылыми зерттеулерде "биосфера" деген түсінік кең таралған. Биосфераны жердің бүкіл органикалык тіршілігінің жиынтығы деуге болады. Бүл кабат атмосфераның төменгі 10-12 км бөлігін (тропосфераны), гидросфераны, жер бетін және литосфераның беткі кабатын қамтиды. Осы кабатты құрайтын тірі және өлі организмдер рельеф қалыптасуында тікелей ерекше биогендік рельеф пішіндерді және геологиялық денелерді түзеді немесе жанама түрде тау жыныстарының химиялык, физикалык касиеттерін және планетамыздың ауа, су кабаттарының өзгеруіне әсерін тигізеді.

Жоғарыдағы айтылатын түсініктерге негіздей отырып, рельеф үғымын косымша аныктауға болады. Геоморфологиялык зерттеулердің объектісі бола түра, рельеф планетамыздың жер кыртысы, су, ауа және биологиялық қабаттарының күрделі сипатты өзара карым-катынастар нәтижесінде пайда болған.

Жер кұрылысында рельеф туралы айта кететін ерекшеліктердің бірі: жер шарыныц әр кабаттарын бөле түра, ол сонымен катар жердің беті литосфера, атмосфера, гидросфера және биосфера кабаттарының бір-бірімен өзара әрекеттесетін ортасы.

Рельеф географиялық ландшафттың және географиялық ортаның негізгі бөліктерінің бірі. Сондықтан рельеф географиялық ортаның өзге компоненттерімен бірге зерттелуі тиіс. Мүның өзі геоморфологияның физикалық географиямен және басқа географиялык ғылымдармен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.

Геоморфология жалпы геоморфология және аймақтық геоморфология болыл екіге бөлінеді. Жалпы геоморфология -рельефтің пайда болуы мен дамуын геоморфологиялык комплекс ретінде кен, көлемде алып карайды. Аймактык геоморфология -күрлык, мүхит, теңіз т.б. рельефінің нактылы бір немесе бірнеше бөлігін зерттейді. Геоморфологияның тағы да бірнеше салалары бар. Олар колданбалы (прикладная) геоморфология – рельефті өндіріс-шаруашылык кажетіне пайдалану жолдарын зерттеумеп шүғылданады; палеогеоморфология өткен дәуірлердегі рельеф пішіндерінің даму жолдарын зерттейді; күры л ы м л ы к геоморфология (структурная геоморфология) рельеф» түрінін морфокүрылымын (морфоструктурасын) анықтайды; климаітык геоморфология көбінесе сыртқы күштердін. әсерінен пайда болған рельеф түрлерін, яғни морфомүсінін (морфоскульптурасын) зерттеумен шұғылданады. Геоморфологиялык зерттеу экспедициялары ең алдымен геоморфологиялык картаға түсіру жүмыстарын жүргізіп, соныц негізінде жалпы жәпе арнайы карталар жасайды. Дала жағдайындағы геоморфологиялык жүмыстар геология, геотектоника, гидродинамика, климатология, картография әдістерін колданумен бірге әуе жәпе ғарышсуреттерін және тағы баска құралдарды да пайдаланады.



Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Геоморфология пәні.

2. Геоморфология пәнінің зерттеу объектісі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6
2 дәріс Рельеф туралы ұғым.

Мақсаты: Рельеф туралы ұғыммен танысу.

Жоспар:

  1. Реьефтің пішіндері мен элементтері және оның морфологиясы және морфометриясы.

  2. Рельефтің морфография мен морфомеотриясына байланысты топтастырылуы

  3. Рельефтің генезисі.

  4. Рельефтің жасы

2 дәрістің қысқаша конспектісі



Рельефтің пішіндері мен элементтері және оның морфографиясы мен морфометриясы. Рельеф - эндогендік және экзогендік процестердін өзара карым-катынас әрекетінсн калыптасқан күрлык беті және мүхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Қыскаша айтқанда, рельеф - жер беті пішіндерінің жиынтығы.

Рельеф жеке пішіндерден, ал пішіндер элементтерден құралады. Рельеф элементтері - жер бетінің жай категориясы, мысалы, жскс беткейлер, шындар, төбешіктің етегі және т.б. Бірнеше рельеф элементтсрі рельеф пішіндерін құрайды. Рельеф пішіндсрі - биіктіғі немесе тереңдігі, үзындығы немесе ендігі бар жер бетінін. көлемді табиғи күрылымы.

Рельеф пішіндері - оңаша (жеке шокы, төбешік), немесе ашык (сай, жыра), оң мағыналы (дөңес) жәнс теріс мағыналы (ойыс), жай және күрделі болып келеді. Рельеф пішіндсрінің элементтері кобіиесе табнғат агенттерінің әсерінен өздерінің морфологиялык көрсеткіштерін жоғалтып дөңгеленіп калады, күрделі түрлерінде беткейлердін. иілу аркылы пішіндері бір-біріне ауысып түрады. Экзогендік агенттер әрекетінен борпылдак жыныстар үйіліп шоғырлану аркылы аккумулятивтік рельеф пішіндерін (құм төбе, шағыл) және шайылу, мүжілу аркылы денудациялык немесе эрозиялык рельеф пішіндерін (сай, дефляциялык қазан щүңқырларды) калыптастырады.

Рельефтін. тектік түрлері (генетические типы рельефа) - белгілі бір табиғат әрекетінен пайда болған, күрылымы және сырткы бейнесі жағынан үксасжербеті пішіндерінің занды түрде үйлескен табиғат күрылыстары. Мысалы, жел әрекетінен пайда болған рельефтің эолдык, пішіндері, мүздык әрекетінен калыптаскдн биік таудағы рельефтін, мүздык пішіндері және т.б.

Рельефтің элемснттсрі мен пішіндерін зерттеп білу олардың негізгі белгілерін,яғни морфометриясын, морфографиясын, калыптасу тегін және кенелігін (мезгілін) анықтауға мүмкіндік береді. Белгілі бір аумактың рсльефін зерттеу үшін ең алдымен оның морфоғрафиялык және морфометриялык сипатын білу кажет.

Морфография - (гр. mогрһе пішін+graphy - бейнелеу, суреттеу) рельефті с ы ртқы бейнесін, оның пішінін бейнелеу Морфометрия (гр. mогрһе пішін metreo -өлшсу) рельефке сандык сипаттама беру. Морфометриялык, тәсілмен белгілі геоморфология аймақтарынын, рельеф пшіндерін өлшеу; олардып. үзындығын, енін, биіктігін, терендігін және рсльефтін. тілімделу жиілігіп аныктау арқылы жүзеге асады. Морфометриялык. мәлімсттер кебімс топографиялык жәие әуе-ғарыш материалдарып талдау нәтижесінде алынады. Жүргізілгсн өлшеулер меп есептеулер негізінде арнайы морфометриялык. карталар жасалыналы. Морфометриялык. мәліметтер әсіресе жол құрылыстарын жобалауға, эрозияға кдрсы күрес шараларын бе;ігілеуге, мұнайлы газды тектоникалык құрылымдарды іздестіруге кажет.

Рельеф иішіпдері оздерінін, молшеріне карам томендегідеи топтарға белінеді:

а) рельефтің планеталык пішіидері, 6) мегапішіпдер, в) макро-пішіндер, г) мезопішіндер, д) микропішіндер, с) нанопішінлср

Планеталык пішіндер жер бетінің жүздеген мың, тіпті миллиоидағаи шаршы километр аукымын камтиды. Бүларға мынадай планеталык. пішіндер жатады: 1) материктер; 2) геосинклинальды белдеулер: 3) мұхит түбі (тесеніші); 4) орта мүхиттык жоталар.

Материктер жер бетінің ірі дөңес пішіндері. Бұлар жер кыртысыныи. материктік түрінен құралады және олар құрлык аймағынын. Көп бөлігін камтиды.

Мұхит түбі немесе мұхит төсеніші (ложе океана) дүние жүзі мұхитының негізгі бөлігі, олардың терендігі 3 километрден төмен және жер қыртысының мұхиттык түрімен сипатталған. Мұхит түбінің аса маңызды элементтері - мұхит түбінің кең көлемді қазан-шұңқырлары мен оларды бөліп тұратын жоталар.

Казіргі геосинклинальды белдеулер, көбінеее материктер мен мүхиттар арасындағы шекарада және құрлық шегінде орналасады.

Орта мүхиттык жоталар өздерінің үзындығымен дүние жүзінде ең кең таралған таулар жүйесі болып сапалады.

Мегапішіндер жүздеген және ондаған мың шаршы километр аукымды қамтиды. Мысалы, Гималай, Альпі немесе Кавказ тау жүйелері, Батыс -Сібір жазығы, Орта Сібір кыраты, Тянь-Шань ray жүйесі, Тибет тау кыраты т.с.с.

Макропішіндср - мегапішіндердің күрамдас бөлігі. Олардың аумагы жүздеген, мыңдаған кейде он мыңдаған шаршы километрге дейін жетеді. Макропішіндерге таулы аймақтардың жеке кыраттары немесе ойыс жерлері жатады. (Іле Алатауы, Күңгей және Теріскей Алатау, БІстыккөл ойысы т.б.).

Мезопішіндердік аумағы әдетте бірнеше шаршы километр немесе ондаған шаршы километр. Бұларға жотаныы. тарамдары, жыралар. сайлар, жеке аңғарлар, ірі аккумулятивтік пішіндер (шағыл тізбектері) жатады.

Микропішіндер - ірі пішіндердің бөлшегі болъіп саналатын, кішігірім кедір-бүдыр түрлері, мысалы, карст шүңкырлар, эрозиялык казбалар, үсак құм төбелер, көлдеулер (степные блюдца) және т:б.

Нанопішіндер макро - мезо және микропішіндердін. үстін шиелендіріп бөлшектейтін өте үсак кедір-бүдырлар. Бұларға ш а л г ы н д ы к төбе ш і кте р, үса к же м і р і л ге н казы н ды л ар, кеміргіштердің індері, шағылдардын, бетінде дамыған күм иректері (эоловая рябь) т.б. жатады.

И.П.Герасимов пен Ю.А.Мещеряков рельефтің тектік топтасуында планеталык. пішіндер мен мегапішіндерді геотектура деп, макропішіндерді морфоструктура деп атаған. Олар көбінесе эндогендік процесс әрекетінен пайда болған. Ал экзогендік процестердің әрекетінен калыптаскан мезо-және микропішіндерді олар морфоскульптура (морфомүсіндер) деп атаған.



Рельефтің морфография және морфометриясына байланысты топтастырылуы. Гипсометрияльгқ сипаттама, яғни жер беті биіктігін өлшеп зерттеу рельефтің ен, маңызды морфометриялык сипаттамасының бірі. Қүрлық беті мұхит деңгейінен көтерілу мөлшеріне байланысты ойпатты (низменный) О м-ден 200 м-ге дейін, кыратты (возвышенный) 200 м-ден жоғары рельефке бөлінеді.

Ойпатты рельеф көбіиесс жазык бағытта жайласкан жас борпылдақ жыныс кабаттарынан түратын гегіс, жазык сиікабы Жер шарындағы аса ірілері - Амазонка, Батыс Сібір, Үнді-Гаш Каспий маңы және т.п. ойпаттар, Қыратты рельеф иаклті биіктігіне, геологиялык қүрылымына және тілімделу сипатына байланысты кыраттарға, қыраггы жазықтарға, үстіртгерге, таулы үстірітерге, таулы кыраттар мен тауларға ажыратылады.

К ы р а т т а р ж ә н е қ ы р а т т ы жазыктарға накты биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі жер бстінің кейбір үдкен бөліктері жатады. Олардың үсті гегіс, енкіш және дөңесті болып келеді. Морфология жағынан осы екі аймактардың іші жазықты. ойлы-кырлы, жонды-төбелі немесе белесті және сатылы болады. Геологиялык күрылысына карай - аккумулятивтік жәпе денудациялык жазыкгар деп жіктеледі.

Аккумулятивті жазыктар - жер к.ыртысынын. ойысып (иіліп) гәмен түскен түстарында борпылдак шөгінділердің Үзак уакыт жиналуының нәтижесінде қүралған.

Жаратылыс тегіне (генезисіне) карай теңіздік, аллювиалдык, пролювиалдык, эолдық, флювиогляциялдык жазыктарға боліне іі.

Денудациялык жазықтар - тау жыныстарынып, үгіліп немесе су эрозиясына үшырап тегістелуінен пайда болады. Мүндай жазыктыктарда кішігірім таулардың жүрнақтары (останцы) жиі кездеседі. Мысалы, Орталык Қазакстандағы үсак шокылы Сарыарка даласы. Осы түрғыдан В.Дэвистің Сарыарканы кәдіміі пенепленмен тендестіргені де тсгін емес.



Y с т і р т (плато) француздың plateau деген сөзінен шыккан-жазык бағытта астасқан тау жыныстарынан қүралған, тегіс бетті кыраггы жазыктар. Бүлар төмендеу жатқан ойпатты жазыктардан кертпештер аркылы шектеледі.

Геологиялық к.үрылысына карай қүрылымдык және жанартаулық үстірттерді ажыратуға болады. Жанартаулық үстірт деп магмалық жыныстардың берік қабаттарымен тысталып кашалған түрін айтады. Жанартаулык, үстірт аса зор көлемді магмалык. массалардың жер бетіме шығып, төгілуі нәтижесінде пайда болған. Индиядағы Декан үстірті, Кавказ сыртындағы кейбір үстіртгер осыған жатады.

Ал, құрылымдық үстірттің көрнекті үлгісі Арал және Каспий теңіздерінің аралығын алып жатқан кең байтак үстірт жазықтығы. Оның солтүстік-батыс бөлігі - Қазакстанға қарайды, ал шығыс бөлігі Өзбекстанның Қарақалпакстан территориясына кіреді. Үстірт теңіз деңгейінен орта есеппен 200 метрден жоғары биіктікте жатқан жазықтық. Онын. оңтүстік батыс бөлігі едәуір көтеріңкі. Үстірттің үстінде жазда кеуіп кететін ащы көлді жайпак ойыстар кездеседі. Геологиялык күрылымында үстірттің астыңғы бөлігінде - палеоген кезеңінің, ал үстіңгі жағында неоген кезен.індегі әктас, қүмтас және солардан күралған шөгінді кабаттар бар.

Т а у л ы ү с т і р т (плоскогорье) - кең ауқымды, біршама тегіс немесе белесті келген жаыпақ жаткдн немесе сәл-пәл деформацияға үшыраған жыныстардан куралған биік өлкелер. Таулы үстірттердің жәй үстірттерден айырмашылығы ңакты биіктігі 1000 м-ге дейін, немесе одан да жогары болуы және осыған байланысты терең тілімделуі. Кыратты өлкелердің ішкі жағы тегіс емес, олардыңбірқатар бөлігін ойпаттар мен жоталар алып жатады. Таулы үстірттер ежелгі таулы аймактың үзақ уакыт тегістеліп, кейін қайта көтерілуі нәтижесінде түзілген. Бүлардың мысалы - Орта Сібір, Иран, Анатолий, Шығыс Памир тау үстірттері.

Кейбір зерттеушілер таулы үстіртке жоғары көтерілген және тегістелген, деформацияланған тау жыныстарынан қүралған денудациялық жазыктарды жаткызады. Мүндай кең аукымды 3000 м-ден биіктіктегі ежелгі пенепленнің қалдықтарын Тянь-Шань тауларында "сырт" дел атайды.

Беті төзімді платформалық кабаттармен көмкерілген, жазық бағытта астасып жататын, тау жыныстарынан қүралған таулы үстірттер мен жай үстірттер жер бетінде өздерінің жазыктық сипатын сактайды. Ал үсті берік кабаттармен көмкерілмеген, жазық бағытта жатқан палеоген - неоген кезеңінің катаймаған жыныстарымен жамылған


жазыктыктарды кабатша жазыктар (пластовые равнины) дейді. Мүндай
жазыктар Торғай өңірінде кең тараған және Батыс К.азакстанның
едәуір бөлігін камтиды.

Т а у л ы к ы р а т (нагорье) - мегапішіндердің ерекше түрі, оның ішкі биіктік өлкесінде жоталар мен таулы үстірттер, ойыстар меп кемерлер күрделі түрде астасып, аралас кездесетін таулы аймактарын күрайды. Таулы кыраттар кең тараған, олардын. мысалдары - Памир, Кіші Азия, Армения, Иран, Тибет, Цайдам таулы кыраттары.

Т а у л а р дегеніміз жоғары биіктікке (8000 м-ге және одан да жоғары) өрлеген жер кыртысының к.атпарлы және к.агпарлы-жақпарлы қүрылымдармен күрделіленген теңіз деңгейімен және өзін қоршаған жазыктықтармен салыстарғанда биіктік көрсеткіштері өте жиі және күрт өзгеріп отыратын жер бетінің біршама көтеріңкі аймақтары. Таулардың үзындығы ондаған, жүздеген және мындаған шақырымға дейін иіріліп созылып жатады. Өздері алып жаткан аймактардың жалпылама аумағына орай тау сілемдері, таулы белдеу, таулы елке, таулы жүйе, таулы аудан және таулы жота деген атаулар арқылы дараланады. Таулардың пайда болуып камтамасыз ететін бірден-бір шарт - жоғары бағытталған тектоникалык козғалыстардын сол таулардың мүжылу процесіне карағанда әлдекайда қаркынды болуы. Гипсометрия бойынша биіктігіне карай олар - аласа (1000 м-ге дейін). орта (1000-3000 м) және биік (3000 м) тауларға бөлінеді. Биік тауларға, Памир, Кавказ, Гималаи Тянь-Шань, Алтай, Альпі, Кордильері және басқалар жатады.

Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңдары Гималайдағы Джомолунгма (8848 м), Каракорымдағы Чогори (8611 м), Памирдегі Коммунизм (7495 м), Тянь-Шаньдағы Жеңіс (7439 м) шындары. Биік таулардың морфологиядык түрі накты биіктігімен, ойдым-ойдымдылығымен, рельеф пішіндерінің күрт өзгеруімен үшкір басты шыңдармен және айдартүрқылас жалдармен, күлама күздардын. жене мүздык пішіндердің көптігімен сипатталады; кейде алыіілік рельеф терминінің синонимі ретінде тұсініледі. Биік тауларда тік белдеулік (вертикальная поясность), яғни климапың, топырактың, өсімдіктер мен жануарлардьщ биіктікке каран біртіндеп алмасуы байкдлады. Әсіресе Тянь-Шань және Алтай спяк.ты биік тауларда табиғаттың ландшафт белдеулері мен сатылы рельеф айкын көрінеді. XIX ғасырдың орга кезінде Ш.Уәлиханов neн П.П.Семенов - Тянь-Шанский Іле Алатауының орографиялыкеипаттамасын бейнелеп түсірген кезде, осы таудың биіктік белдеулерін алғашқы peт ашкан.

Аласа таулы рельеф биігірек таулардың бірте-бірте мүжілу нәтижесінде қалыптасқандыктан, бұлардың беткі жазықтыктары жұмырланган суайырықтармен жайпақ беткейлі тау-төбелермен аңғарлардың терең жемірілуімен сипатталады. Мұнда вертикалды ландшафты белдеулері аса айкын білінбеуімен, немесе мүлде болмауымен ерекшеленеді. Аласа тауларға Орталық Казакстандағы Сарыарқаның Баянауыл, Қарқаралы, Кент, Қу, Көкшетау, Семей тауы, Жаксы Абралы, Жаман Абралы, Кызыл- Рай, Бектау - Ата, Шыңьыстау жәнеШу -Іле

таулары жатады.

Орташа биік тауларда айкын байқалатыи биіктік белдеулер дамыған. Орташа биік тауларға Туркменстандағы Копет Даг тауы, Ресейдегі Орта жәпе Солтүстік Орал тауы, Қазакстандағы Тарбағатай тауы, Украиыпдағы Карпат тауларының бір бөлігі жатады. Мүұндай өлкелерде тегістелу жазықтыктар кеңінен етек алған, сондықтан бүларда суайрык кырлары біршама тегістеле жүмырланғаи.

Таулар жаратылу тегі (генезис) жағынан тектоникалык, эрозиялык және жанартаулык болып үш түрге бөліиеді. Қазакстанда әдетте тeктоникалық және эрозиялык тектоникалык таулар жиі кездеседі. Жанартаулык таулар Камчатка түкпірінде және Жапон аралында (Фудзияма тауы) дамыған

Теңіз және мүхит түбінің гипсометриисын батиметрия дейді (гр. bath us – терең, mctreo-өлшсу). Батиметрия айырмашылығы бойынша мүхиттүбі - неритті (0-200 м), батиал (200-3000 м), абиссалды (3000-0000 м) жәие гипабиссал (6000 м ден терең) терендік белдемдеріне бөлінеді. Нерит белдемі теңіз (мүхит) суының жарык, сәулелерімен жақсы қапыққаи. Бүл органикалық тіршілікке мейілінше бай біршама саяз өңірлерін біріктіретін, жағалауга жақын орналасқан, яки шекарасы шамамен шельф жиегіне сәйкес келеііп белдем. Батиал белдемі шельф иен теңіз табаны (төсеніші) аралығын камгитын, яки негізінен материктік беткейге жапсарлас орналасқан батиальдык фаунанын тіршілік етуіне колайлы теңіз (мүхит) децгейі. Абиссалды белдемі мүхиттар мен терең теціздердін, аоиссалдык фауна тіршілік ететін терең ойыстары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет