ТТР ЖІКТЕЛУІ.
-
Молекулааралық немесе молекулалар арасындағы реакциялар - әр түрлі екі зат әрекеттескенде екеуінің де тотығу дәрежесі өзгереді:
6KI + 2KMnO4 + 4H2O → 3I2 + 2MnO2 + 8KOH
-
Молекулалардың ішіндегі реакциялар – бір заттың ішінде әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болады:
2KClO3→ 2KCl + 3O2
-
Өзіндік ТТР немесе диспропорциялану реакциясы – заттағы бір элементтің атомдары әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш болады:
Cl2 + H2O → HCl + HClO.
Тақырыпты бекіту:
-
Қандай реакцияларды ТТР? Тотығу, тотықсыздану, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш дегеніміз не?
-
ТТР теңдеулерін құрастырудың екі әдісіндегі негізгі принциптері?
-
ТТР жіктелуі? Мысалы келтіріңіз?
-
Реакцияда қандай бөлшек тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш екенін қалай дәлелдеуге болады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы, 1992.
-
Аханбаев К. Химия негіздері. – Алматы, 1987.
-
Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. – Алматы, 2003.
-
Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 1988.
-
Глинка Н.Л. Общая химия. – М.: Интеграл-Пресс, 2000.
-
Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 2000.
-
Хомченко Г.П., Севастьянова К.И. Окислительно-восстановительные реакции. М.: Просвещение, 1989.
№ 27,28 Дәріс. Электродтық потенциалдар. Электролиз.
Мақсаты: Электродтық потенциал деген ұғыммен танысу, гальваникалық элементтің жұмыс істеу принципімен танысу, тотығу-тотықсыздану потенциалдардың көмегімен тотығу-тотықсыздану реакциялардың бағытын анықталуын білу.
Негізгі сұрақтар:
1. Электродтық потенциалдар.
2. Электролиз.
Қысқаша мазмұны:
ЭЛЕКТРОДТЫҚ ПОТЕНЦИАЛДАР.
Кез келген металдың кристалл торы түйінінде оң зарядты металл ионы теріс зарядты бос электрондармен тепе-теңдікте тұратыны белгілі. Металл пластинасын суға батырған кезде, судың полюсті молекулалары әсерінен металл иондары беттік қабаттвн бөлініп гидраттанған күйде ерітіндіге тарайды. Металл иондары әсерінен ерітінді оң зарядталады да металл пластина, артық электрондар болғандықтан теріс зарядталады. Металл мен ерітінді арасында біршама потенциал айырмасы түзіледі. Металл иондарының ерітіндіге бөлінуі қайтымды процесс. Бір кезде онда динамикалық тепе-теңдік орнайды: .
Тепе-теңдік орнаған кездегі металл мен оны қоршаған ерітінді арасында пайда болған потенциалдар айырмасын электродтық потенциал дейді. Әр электродтың потенциалы металдың тегіне, оның иондарының ерітіндідегі активтігіне және температураға тәуелді. Бұл Нернст теңдеуі арқылы көрсетіледі:
;
мұндағы: R – газ тұрақтысы;
Т – температура, К;
n – берілген немесе қосып алған электрондар саны;
F –Фарадей тұрақтысы.
Электродтың стандартты потенциалын әр жеке электрод үшін бірден анықтау мүмкін емес. Оны басқа электродтың потенциалымен салыстырып табады. Көбінесе, салыстырмалы электрод ретінде стандарт сутегі электроды қолданылады. Стандарт сутегі электроды электролиттік түрде платина пластинкасына тұндырылған платина ұнтағынан тұрады. Стандартты электродты потенциалдың өзгеруі бойынша металдар кернеу қатарына орналасқан. Ол қатарды электрохимиялық қатар дейді (Н.Н.Бекетов қатары немесе металдардың актив қатары). Металдардың стандартты электродтық қатары олардың химиялық қасиетін көрсетеді. Металдың стандартты электродтық потециалының алгебралық мәні неғұрлым кіші болса, оның соғұрлым тотықсыздандырғыш қасиеті жоғары, тотықтырғыш қасиеті төмен болады. Қатарда сол жақта орналасқан әр металл өзінен оңға тұрған металды тұздарынан, қатарда сутегіне дейін орналасқан металдар оны қышқылдардың судағы ерітіндісінен ығыстыра алады.
Егер стандарттық электродтық потенциалдар белгілі болса, кез келген гальвани элементі үшін басқаша айтқанда кез келген тотығу-тотықсыздану реакциясы үшін электр қозғаушы күшті (ЭҚК) есептеуге болады. Ол үшін тотықтырғыштың потенциалынан тотықсыздандырғыштың потенциалын алу керек.
ЭҚК=φ(тотықтырғыш) – φ(тотықсыздандырғыш)
Егер ЭҚК > 0 болса, ТТР стандартты жағдайда өз еркімен тура бағытта жүре алады. Ал егер ЭҚК < 0 болса, ТТР өз еркімен тура бағытта жүрмейді.
ЭЛЕКТРОЛИЗ.
Электролит балқымасында немесе ерітіндісінде әр аттас иондар хаосты қозғалыста болады. Егер осындай балқымаға немесе ерітіндіге электродтар батырып оларды тұрақты ток көзіне қосса катиондар катодқа, ал аниондар – анодқа қарай жылжи бастайды.
Ерітіндіде катодта не бөлінетінін стандартты электродтық потенциалдың қатарын пайдаланып білуге болады.
-
Стандартты электрод потенциалдары сутегінікінен (φ=-0,41В) жоғары металдар (Cu2+→Au3+) тұздары электролизі кезінде катодта осы металдар бөлінеді.
-
Стандартты электрод потенциалы өте кіші металл (Li+→Al3+) тұздары ерітіндісінің электролизі кезінде катодта металл тотықсызданбайды, су молекуласы тотықсызданады.
-
Металдардың стандартты электрод потенциалы сутегінікінен төмен Al3+-ден жоғары болса, катодта металл да суда тотықсызданады.
Электролиз кезінде анодта жүретін процестер су молекуласының әсерімен қатар, анодтың материалына да тәуелді болады. Анодтарды ерімейтін және еритін деп бөледі. Ерімейтін анодта электролиз кезінде аниондар және су молекуласы тотығады. Егер аниондар оттексіз болса, олар бірінші тотығады. Аниондар оттекті болған жағдайда, анодта су молекуласы (рН=7) немесе гидроксотоптар (рН>7) тотығады. Анод ерімтал болса, электролиз кезінде ол тотығады, электрондарын сыртқы тізбекке жіберіп, өзі ериді.
рН=7: Анод (+) : 2Н2О – 4е- → О2 + 4Н+
рН>7: Анод (+): 4ОН- - 4е-→ О2 + 2Н2О
Электролиз реакциялардың мысалдары:
Балқымада:
Катод (-) Анод (+)
К++е-→К0 - тотықсыздану 2Сl— - 2e-→Cl2 - тотығу
2KCl →эл.ток 2K + Cl2
Ерітіндіде:
Катод (-) Анод (+)
К+
2H2O + 2e-→H2 + 2OH- - тотықсыздану 2Сl— - 2e-→Cl2 – тотығу
2KCl + 2H2O →эл.ток 2КОН + Cl2 + H2
Тақырыпты бекіту:
-
Гальваникалық элемент дегеніміз не?
-
Даниэл-Якоби элементіне сипаттама беріңіз?
-
Электролиз деген не? Катод пен анодта қандай процестер жүреді?
-
ТТР бағытын қалай анықтауға болады? Мысалдар келтіріңіз?
-
Актив, активтігі орташа және пассив металдардың тұздарының ерітінділерін электролиздегенде катодта қандай иондар тотықсызданады? Мысалдар келтіріңіз?
-
Оттексіз және оттекті қышқылдар мен олардың тұздарының ерітінділерін электролиздегенде анодта қандай иондар тотығады? Мысалдар келтіріңіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы, 1992.
2. Аханбаев К. Химия негіздері. – Алматы, 1987.
3. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. – Алматы, 2003.
4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 1988.
5. Глинка Н.Л. Общая химия. – М.: Интеграл-Пресс, 2000.
6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 2000.
7. Хомченко Г.П., Севастьянова К.И. Окислительно-восстановительные реакции.
М.: Просвещение, 1989.
№ 29,30 Дәріс. Қорытынды дәріс.
Мақсаты: Пәннің негізгі тарауларына шолу жасау, химияның заңдары мен химиялық ұғымдар арасындағы байланысты көрсету, пәннің ең күрделі материалын терең қарастыру.
Негізгі сұрақтар:
-
Химияның негізгі заңдары.
-
Заттардың қасиеттері мен құрылымы арасындағы байланыс.
-
Бейорганикалық химияның негізгі теориялары.
-
Химиялық реакциялардың жүру механизмін талдау.
Қысқаша мазмұны:
ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ.
Заттар массасының сақталу заңы.
Құрам тұрақтылық заңы.
Еселік қатынас заңы.
Эквиваленттер заңы.
Көлемдік қатынас заңы.
Авогадро заңы.
Газдық заңдар.
Д.И. Менделеевтің периодтық заңы.
Әрекеттесуші массалар заңы.
ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС.
Атом құрылысы.
Заттың құрылысы.
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының химиялық қасиеттері.
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛАРЫ.
Атом-молекулалық ілім.
Химиялық байланыстың теориясы.
Электролиттік диссоциация теориясы.
Қышқылдар мен негіздер теориясы.
ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ ЖҮРУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ.
1. Гиббс энергиясы.
2. Энтальпия және энтропия.
3. ЭҚК.
4. ТТР.
Тақырыпты бекіту:
-
Химияның негізгі заңдарының анықтамасы?
-
Атом құрылысы туралы теориялар.
-
Атомның негізгі қасиеттері.
-
Химиялық байланыстың негізгі типтері.
-
Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары.
-
Заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың сипатымен кристалл торларының типтеріне байланыстылығы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия. – Алматы, 1992.
2. Аханбаев К. Химия негіздері. – Алматы, 1987.
3. Шоқыбаев Ж. Бейорганикалық және аналитикалық химия. – Алматы, 2003.
4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 1988.
5. Глинка Н.Л. Общая химия. – М.: Интеграл-Пресс, 2000.
6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. – М.: Высшая школа, 2000.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ ТУРАЛЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
Зертханалық жұмысты орындау бейорганикалық химия пәнінен білімдерін бекітуді қамтамасыз етеді, студенттердің эксперимент жүргізу дағдысын қалыптастырады және студенттердің өз беті мен жұмыс істеуін дамытады. Зертханада жұмыс табысты өту үшін, химиялық практикум әдістемесінен және дәрістерінен, оқулықтан теориялық материалды алдын-ала оқып білу қажет. Сонымен бірге эксперимент техникасын сапалы түрде орындау қалыптасады, жасалған жұмыс ойластырылған, түсінікті болады.
Химия зертхансында жұмыс істеуші қауіпсіздік техникасының ережесін сақтау қажет және химиялық құралдар, ыдыстармен жұмыс істеу ережесін қатаң сақтау керек. Химиялық практикумда көрсетілген құралдар мен химиялық реактивтерді қолдану жолдарын үйрену қажет. Берілген нұсқаулар студенттің өз бетімен жұмыс істеуін және инициативасын жоғалтапай, керісінше көрсетілген нұсқау жұмысты орындау жылдамдығын арттырады, құралдардың істен шығуын, ыдыстардың сынуын, реактивтердің бүлінуін ескертеді.
Эксперимент жұмысының табысты орындалуы, жұмыс әдістемесін дұрыс таңдауға, өлшеуді орындау ретіне, өлшеуге және жүйелі түрде нәтижесін дұрыс жазуға байланысты.
Тақырып бойынша теориялық білімін мұғалім тексерген соң, зертханалық жұмыстың орындалу әдісін меңгеріп және тақырып бойынша зертханалық жұмысты жазу журналын дайындаған студент ғана зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алады. Зертханалық журналды толтырғанда келесі талаптар қойылады:
-
Зертханалық жұмысты орындау күні;
-
Зертханалық жұмыстын реті;
-
Зертханалық жұмыстын тақырыбы;
-
Зертханалық жұмыстын мақсаты;
-
Зертханалық жұмыстын барысы, байқаулары;
-
Химиялық реакциялар мен есептеулер;
-
Қорытынды.
Зертханалық жұмысты орындап болған соң студент жұмыс орнын ретке келтіріп кезекшіге немесе лаборантқа тапсыру керек. Студент зертханалық журналында жұмыс нәтижесін толтырған соң есебін оқытушыға тапсыру керек.
Бейорганикалық химия курсында көп уақыт химиядан есеп шығаруға бөлінеді. Жұмыстың бұл түрі студенттің өздігінен жұмыс істеуін, дәріс кезінде алған білімін кеңінен қолдануын қажет етеді.
Зертханалық жұмыстың тапсырмасы, бақылау сұрақтары және тақырып бойынша есептер «Практикум по неорганической химии»: Пед. институт студенттеріне арналған оқу құралы/ Л.В.Бабич, С.А.Балезин, Ф.Б.Гликина – М.: Просвещение, 1991. – 320 с. оқулығында берілген.
«ЖАЛПЫ ХИМИЯ»
ПӘНІ БОЙЫНША
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРЫ
№
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Нұсқау
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Зертханалық жұмыстарының техникасы.
-
Зертханада жалпы жұмыс істеу ережелері.
-
Эксперименталді нәтижелермен жұмыс істеу.
-
Химиялық ыдыс және басқа құралдар.
-
Таразы және өлшеу.
|
1
|
/1/, 4-23 бет
|
2.
|
Заттардың тазарту және бөлу әдістері.
-
Сүзу.
-
Қайта кристалдану.
-
Қайта айдау. Сублимация.
-
Балқу температураны анықтау.
-
Сүйық заттарды тазарту әдістері.
-
Газдарды тазарту әдістері.
|
1
|
/1/, 26, 175-179 бет, 181,182 бет
|
3.
|
Молекулалық, атомдық массаларды және химиялық эквиваленттерді анықтау.
-
Көміртегі (ІҮ) оксидінің салыстырмалы молекулалық массасын анықтау.
|
2
|
/1/, 52-54 бет
/1/, 44-49 бет
|
4.
|
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары.
1. Қышқылдардың алынуы.
2. Негіздердің алынуы.
3. Тұздардың алынуы.
|
1
|
/1/, 153-155 бет
/1/, 77-91 бет
|
5.
|
Химиялық реакцияның жылдамдығы.
-
Химиялық реакцияның жылдамдығының әрекеттесуші заттардың коцентрациясына тәуелділігі.
-
Химиялық реакцияның жылдамдығының температураға тәуелділігі.
-
Гетерогенді химиялық реакцияның жылдамдығы.
|
2
|
/1/, 99-104 бет
105-106 бет - №2, №3, №4.
|
6.
|
Химиялық тепе-теңдік.
1. Әрекеттесуші заттардың концентрациясының химиялық тепе-теңдікке әсері.
2. Әрекеттесуші заттардың температурасының химиялық тепе-теңдікке әсері.
|
1
|
/1/, 107-108 бет - №5, №6.
|
7.
|
Ерітінділер. Ерітінділерді дайындау.
-
Проценттік крнцентрациялы ерітінділерді дайындау.
-
Эквиваленттің молярлы концентрациялы ерітінділерді дайындау.
|
2
|
/1/, 109-112 бет, 116-130 бет.
|
8.
|
Электролиттердің ерітінділері.
-
Қышқылдар мен негіздер ерітінділерінің электрөткізгіштігі.
-
Қышқылдардың күштерін салыстыру.
-
Біртекті ионды қосу арқылы әлсіз электролиттің диссоциациясын төмендету.
-
Универсалді индикатормен рН анықтау.
|
1
|
/1/, 135-138 бет,
№1,№3а, №4, №5.
|
9.
|
Тұздар гидролизі.
-
Индикаторлар арқылы әртүрлі тұздар ерітінділерінің рН анықтау.
-
Тұздардың толық гидролизі.
-
Тұздар гидролизінің дәрежесіне әсер ететін факторлар.
|
1
|
/1/, 145-153 бет,
№1,№4,№5,
№7
|
10.
|
Тұңбалардың түзілу және еру жағдайлары.
-
Қиын еритін тұздардың түзілуі.
-
Біртекті иондардың концентрациясының түңба түзілуіне әсері.
-
Ионның концентрациясы азайғанда электролит тұңбасының еруі.
-
Қиын еритін электролит тұңбаларының ерігіштігі ерітікіш көбейтіндісінің мәніне тәуелділігі.
|
1
|
/1/, 143-144 бет - № 5,№6,№7,№8.
|
11.
|
Комплексті қосылыстар.
-
Жай және комплексті иондар арасындағы айырмашылығы.
-
Комплексті қосылыстарының алынуы.
-
Комплексті қосылыстарының бұзылуы.
|
1
|
/1/, 156-163 бет.
№3, №1,№2,№4 а,б,г,д,е.
|
12.
|
Тотығу-тотықсыздану реакциялар.
-
Тотықтырғыштар – элементарлы заттар.
-
Тотықтырғыштар – құрамындағы химиялық элемент жоғарғы тотығу дәрежесінде.
-
Тотықсыздандырғыштар – элементарлы заттар.
-
Тотықсыздандырғыштар – құрамындағы химиялық элемент төменгі тотығу дәрежесінде.
-
Диспропорциялану реакциялар.
-
Ішкімолекулалық тотығу, тотықсыздану реакциялар.
|
1
|
/1/, 164-174.
|
|
|
15 сағат
|
|
ӘДЕБИЕТТЕР:
-
Практикум по неорганической химии: Учеб. пособие для студентов пед. ин-тов/ Л.В. Бабич, С.А. Балезин, Ф.Б. Гликина – М.: Просвещение, 1991. – 320 с.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ.
№
|
Тақырыбы
|
Сабақтың мақсаты
|
Тақырыпты бекіту сұрақтары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Зертханалық жұмыстарының техникасы.
|
Химия зертханасындағы сақтық шаралары және жұмыс істеу техникасының ережелерін, химиялық ыдыс және құралдарды оқып білу.
|
1. Химиялық зертханасындағы сақтық шаралары, жұмыс істеу техникасы қандай?
2. Химиялық ыдыстар, құралдар және оларды пайдалану тәртібі қандай? Негізгі химиялық ыдыс және құралдардың суретін салу.
3. Химиялық реактивтер және оларды дұрыс пайдалану, реактивтерді қолдану ережелері қандай?
4. Жалынның құрылыс қандай?
5. Кипп аппаратының құрылысы және бұл құралмен жұмыс істеу принципі қандай?
|
2.
|
Заттардың тазарту және бөлу әдістері.
|
Қайта кристалдану, айдау, сүзу әдістерін, газдармен жұмыс істеу ережелерін оқып білу.
|
1. Сүзі әдісінің негізі қандай?
2. Заттың тазалығын қалай анықтауға болады?
3. Қандай әдісті қайта кристалдану, қайта айдау, айдау деп атайды?
4. Қандай әдістермен газ тәрізді заттарды тазартуға болады?
5. Заттарды қосплардан қалай тазартуға болады?
|
3.
|
Молекулалық, атомдық массаларды және химиялық эквиваленттерді анықтау.
|
Молекулалық, атомдық массаларды және химиялық эквиваленттерді анықтау эксперименттік әдістерін оқып білу және меңгеріп алу.
|
1.Менделеев -Клапейрон теңдеуін қолданып газдың молекулалық массасын қалай анықтайды?
2. Газдың салыстырмалы тығыздығы дегеніміз не?
3. Канниццаро әдісінің негізі?
4. Эквивалент, эквиваленттік көлем дегеніміз не?
5. Жай және күрделі заттардың эквиваленттік массаларын қандай формулалармен анықтайды?
6. Эквиваленттік массаны анықтау әдістері?
|
4.
|
Химияның негізгі заңдары.
Химиялық байланыстың негізгі типтері. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстары.
|
Нақты мысалдарда химиялық байланыстың негізгі типтерін талдау. Химияның негізгі заңдарына есептерді шығару. Тұздар, қышқылдар, негіздер, оксидтердің химиялық қасиеттері мен алу тәсілдерін оқып білу.
|
1. Әртүрлі байланыс типі болатын заттардың мысалдарын келтіру. Олардың негізгі қасиеттеріне сипаттама беру.
2.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының арасындағы генетикалық байланысты көрсету.
3.Бейорганикалық қосылыстардың кластарына анықтама беру және жіктелуін талдау.
|
5.
|
Химиялық реакцияның жылдамдығы.
|
Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларын оқып білу.
|
1. Химиялық реакция жылдамдығы ұғымы?
2. Әрекеттесуші массалар заңының анықтамасы?
3. Реакция жылдамдығына температураның әсері. Вант-Гофф ережесі?
4. Катализатор дегеніміз не? Реакция жылдамыдығына катализаторлардың әсері қандай?
5. Катализ дегеніміз не? Катализ түрлері?
|
6.
|
Химиялық тепе-теңдік.
|
Әртүрлі факторлардың әсерінен химиялық тепе-теңдікті ығыстыру жағдайларын оқып білу.
|
1.Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік тұрақтысы, оның физикалық мәні.
2.Ле-Шателье принципінің негізі?
3. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына концентрация, температура, қысым қалай әсер етеді? Нақты мысалдар келтіріп түсіндір?
|
7.
|
Ерітінділер. Ерітінділерді дайындау.
|
Оқытушының тапсырмасы бойынша концентрациялары әртүрлі ерітінділерді дайындау, ерітінді концентрацияларын есептеу әдістерін білу.
|
1. Ерітінділер дегеніміз не?
2. Ерігіштік дегеніміз не?
3. Қандай факторлар ерігіштікке әсер етеді?
4. Молярлы концентрацияны қалай есептейді?
5.Молярлық концентрациядан проценттік концентрацияға қалай көшуге болады?
6. Концентрациясы белгілі ерітіндіден сұйытылған ерітіндіні дайындау есептелері?
7. Ерітінділердің эквиваленттік
концентрациясы?
|
8.
|
Электролиттердің ерітінділері.
|
Электролит ерітінділердің қасиеттерін, электролиттік диссоциация дәрежесіне әсер ететін факторларды білу.
|
1. Электролиттік диссоциация дәрежесін қалай арттыруға және азайтуға болады?
2. Әлсіз электролиттердің электролитік диссоциациялану теңдеулерін жаз?
3. Электролиттік диссоциация константасы нені сипаттайды?
4. Электролит ерітінділердің рН қалай есептейді?
|
9.
|
Тұздар гидролизі.
|
Әртүрлі тұздардың гидролиз дәрежесіне әртүрлі факторлардың әсерін, гидролиз характерін анықтау білу.
|
1.Судың иондық көбейтіндісі дегеніміз не?
2. Индикаторлар дегеніміз не?
3. Қандай тұздар гидролизге ұшырамайды? Неге?
4.Гидролиз дәрежесі мен гидролиз константасы арасындағы байланыс қалай өрнектеледі?
5. Неге тұздар ертініділері әртүрлі ортамен сипатталады?
|
10.
|
Тұңбалардың түзілу және еру жағдайлары.
|
Ионалмасу реакцияларды, тұнба түзілу процесіне әсер ететін факторларды оқып білу.
|
1.Ерігіштік көбейтіндісі дегеніміз не?
2. Электролит ерітінділердегі реакциялар?
3. Ерітінділердегі реакциялар қандай жағдайда толық, аяғына дейін жүреді?
4. Қандай жағдайларда тұнба түзіледі? Есептеулерді қалай жүргізеді? Мысалы келтір.
|
11.
|
Комплексті қосылыстар.
|
Комплексті қосылыстардың құрамын және тұрақтылығын, комплексті қосылыстардың алу әдістерін оқып білу.
|
1.Қандай элементтер комплексті қосылыстарды түзе алады?
2. Қос тұздардың комплексті қосылыстардан қандай айырмашылығы бар?
3. Лигандалар дегеніміз не? Мысалы келтір?
4. Комплексті қосылыстар қалай жіктеледі?
5. Комплексті қосылыстар қалай диссоциацияланады?
|
12.
|
Тотығу-тотықсыздану реакциялар (ТТР).
|
Тотығу-тотықсыздану реакцияларды анықтау, олардың жіктелуін білу, ТТР тендеулерін әртүрлі әдістермен құрастыруын білу.
|
1.ТТР алмасу реакциялардан қандай айырмашылығы бар?
2.Тотығу, тотықсыздану процестерге анықтама беріңіз?
3. Заттарға қандай қасиеттер тән екенін қалай анықтауға болады?
4. ТТР қалай жіктеледі?
|
Достарыңызбен бөлісу: |