ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жалпы жертану» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет11/12
Дата11.06.2016
өлшемі1.87 Mb.
#127596
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Зертханалық жұмыстардың тақырыбы

  1. Жер шарының градус торы.

  2. Жердің геометриялық және физикалық сипаттамасы.

  3. Жердің өз осіне және Күнді айналуы, оның географиялық салдары.

  4. Бақылау нүктесінің биіктігіне байланысты көкжиектің көрінуі қашықтығын анықтау.

  5. Күннің шығуы мен бату кезеңдерін, таң сәрі мен қараңғы түсуін анықта.

  6. Жер бетіндегі географиялық белдеулер мен зоналар.

  7. Құрылықтар мен дүние жүзі мұхиттарының салыстырмалы сипаттамасы.

  8. Дүние жүзі мұхит түбінің батиграфиялық қимасын жасау.

  9. Солтүстік және Оңтүстік жарты шар ендіктері бойынша ауа температурасының таралуы.

  10. Желдің жылдамдығы мен бағытын, румб бойынша әртүрлі бағытта қайталанып отыруын анықтау.

  11. Қар сызығы. Хионосфера.

  12. Физгеографиялық қима түсіру.

1 зертханалық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ: Жер шарының градус торы

МАҚСАТЫ: Карта немесе глобус бойынша географиялық объектілердің ендігі мен бойлығын немесе керісінше географиялық координаттарды пайдаланып географиялық объектілердің орнын анықтай білу.

МАЗМҰНЫ:

  1. Лабораториялық жұмысқа арналған дәптерге жер шарының градус торын түсіріп, оған анықтама бер.

  2. Географиялық координаттарға, оның құрамдас бөліктері: ендік пен бойлыққа анықтама бер.

  3. Төмендегі құрлықтардың шеткі нүктелерінің географиялық координаттарын анықта: Евразия, Африка, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Австралия, Антарктида.

  4. Жер шарындағы ендік пен бойлықты есептейтін нүктені анықта.

  5. Жер шарында орналасу ерекшелігін анықтағанда тек қана бір координатты көрсету жеткілікті нүкте – ол қандай нүкте?


КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Глобус

  2. Дүние жүзінің физикалық картасы

  3. Дүние жүзі атласы

  4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. Алматы, «Ғылым» 1966.

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Географиялық объектілердің координаттарын анықтау үшін интерполяция әдісін пайдалану қажет. Мысалы, А және О нүктесі арасындағы қашықтықты анықтау керек дейік. Чертеждағы АБ қашықтығына 10° бойлық сәйкес келеді / 40°-30°=10°/ ол үшін мына пропорцияны шешеміз: АБ = 10°, АО = х°

х°= АО10°

АБ


АБ және АО нүктелерінің мағынасын қойып, теңдікті шешеміз де Х-ті табамыз.

2 зертханалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ : Жердің геометриялық және физикалық сипаттмасы.

МАҚСАТЫ :


  1. Күн системасы планеталарындағы Жер планетасының орнын анықта.

  2. Жердің геометриялық және физикалық мінездемесімен танысу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

  1. Кестенің мәліметтері бойынша : а/ Жер тобына жататын планеталар мен алып планеталардың диаметрі мен массасын, орташа тығыздығын салыстырып, негізгі өзгеру заңдылықтарын түсіндір. б/ Күн системасындағы қай планетаның массасы көп, қайсысының орташа тығыздығы жоғары?

  2. Неліктен Күн системасындағы планеталар екі топқа жіктелген?

  3. 2 кестенің мәліметтерін пайдалана отырып, Жердің негізгі көрсеткіштерін схема түрінде түсір.

  4. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардағы құрлықтар мен мұхиттардың таралуын салыстыра отырып / 3кесте/, құрлық пен мұхиттардың осындай қарым – қатынасының географиялық салдарын анықта.

Осындай кестені Батыс және Шығыс жарты шарлар үшін құр.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. № 1,2,3 кесте мәліметтері

  2. Жарты шарлар картасы

  3. Геренчук К.Н. и др. Общее землеведение. М., «Высшая школа», 1934.

  4. Мильков Ф.Н. Общее землеведение. М., «Высшая школа», 1990.

  5. Лабораториялық жұмысқа арналған дәптер.

№1 кесте / Геренчук және т.б., 1984/



Планета

диаметр

Масса

Күннен ара қашықтығы

орташа тығыздық г/см³

Жер тобы планеталары

Меркурий

0,38

0,055

0,387

5,52

Шолпан

0,95

0,815

0,723

5,22

Жер

1,00

1,000

1,000

5,5117

Марс

0,53

0,107

1,524

3,97

Алып планеталар

Юпитер

11,11

317,82

5,203

1,30

Сатурн

9,41

95,28

9,539

0,68

Уран

3,93

14,56

16,19

1,32

Нептун

3,88

17,28

30,06

1,84

Платон

0,47

0,11

39,75

6

Кесте №2


ЖЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

  1. Жерден Күнге дейінгі ең аз ара қашықтық / перигелийде, қаңтардың басы/..........................................147 млн. км.

  2. Жерден Күнге дейінгі ең көп ара қашықтық / афелийде, шілденің басы/...............................................152 млн. км.

  3. Жерден Күнге дейінгі орташа ара қашықтық / астрономилық бірлік/................................................. 149,6 млн. км.

  4. Жердің Күнді айналу ұзақтығы / тропиктік жыл/............................................ 365 сөтке, 5 сағат 43 мин. 46 секунд.

  5. Жер орбитасының ұзындығы................................................................................................................ 939 120 мың км.

  6. Жердің орбита бойынша орташа қозғалу жылдамдығы.............................................................................29,765 км/с.

  7. Эклиптиканың экваторға орташа құлау бұрышы 23°26 33,6 = 23,442664°

  8. Жердің өз осін толығымен айналып шығу уақыты / жұлдызды сөтке/................................ 23 сағ. 56 мин. 4,09 с.

  9. Жер масасы ...........................................................................................................................................5,975· 10 ² ¹ кг.

  10. Жердің орташа тығыздығы ...........................................................................................................................5518 кг/м³

  11. Жер элипсойдының сығылуы.............................................................................................................................1:298,3

  12. Тартылыс күщінің орташа мағынасы...............................................................................................................9,797558

  13. Жер көлемі...................................................................................................................................................1,083· 10² км³

  14. Жалпы жер беті........................................................................................................................................510,2 · 10 км²

  15. Құрлық беті.................................................................................................................................................149,1 млн. км²

  16. Судың беті...................................................................................................................................................361,1 млн.км²

  17. Меридиан ұзындығы......................................................................................................................................40008548 м

  18. Экватор ұзындығы ...........................................................................................................................................40075704 м

  19. Экватор радиусы ...............................................................................................................................................6 378245 м

  20. Полярлық радиус ..............................................................................................................................................6356 863 м

  21. Жердің орташа радиусы .......................................................................................................................................6 3710 м

№3 кесте


Жер шарындағы құрлықтар мен сулардың таралуы

Жалпы жер шары

Солтүстік жарты шар млн.шаршы км., %

Оңтүстік жарты шар млн.шаршы км., %

Бүкіл жер

млн.шаршы км., %



Құрлық

100 39

49 19

149 29

Су

155 61

206 81

361 71

Барлығы

255 100

255 100

510 100

3 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ : Жердің өз осін және Күнді айналуы, оның географиялық салдары.

МАҚСАТЫ :

  1. Жердің өз осін және Күнді айналуын дұрыс көрсете білу.

  2. Күн мен түннің, жыл мезгілдерінің ауысуы мен Күннің шығуы мен батуын дұрыс түсіндіру.

  3. Күннің өз осі мен Күнді айналуының геогрфиялық салдарын көрсете білу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

  1. Күн нұрының сәулесі түсіп тұрған / параллельді сызықтар қатары / Жерді градус торымен түсіру керек. Түн болып тұрған жағын бояп / 1 сурет/, стрелка арқылы Жердің айналу бағытын көрсет /егер жоғарыдан қарасақ, онда сағат тіліне қарсы/. Осы суреттің қай бөлігінде түн, күн, таңертең, кешкі уақыт екендігін көрсет / әріптер арқылы: Т, К, Таң, Кеш /.

  2. Күнмен салыстырғанда Жердің 21 январьда, 22 маусымда, 27 қыркүйекте және 22 желтоқсанда қай бөлікте болатынын көрсет. Солтүстік және Оңтүстік поляр щеңберлерін сызу арқылы осы төрт жағдайдағы Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың жарық алуы анықта. / 2 сурет/

  3. № 1 және №2 суреттерді пайдалана отырып: а/ Түн мен Күннің, жыл мезгілдерінің ; б/ Күн мен түннің ұзақтығы, Жердің жылдық айналымында Солтүстік және Оңтүстік жарты шардағы Күн биіктігінің өзгеруін; в/ Солтүстік және Оңтүстік тропик сызықтары мен Солтүстік және Оңтүстік поляр щеңберлерін жүргізудің; г/ ыстық , қоңыржай және суық белдеулерінің орналасу себептерін анықта.

  4. Төмендегі №1 кестеде көрсетілген ендіктер үшін ең қысқа Күннің ұзақтығын есепте.

№1 кесте


Ең ұзақ күн, сағ.



Солтүстік ендік °

0

10

20

30

40

50

60

12 сағ.

12 с

35 м


13 с

13 м


13с

56 м


14 с

51 м


16 с

04 м


24 с

  1. Осы кестенің мәліметтерін пайдалагна отырып, Солтүстік жарты шардың әртүрлі ендіктері үшін ең қысқа және ең ұзақ күндерінің ұзақтығын көрсететін сызық сыз.

  2. Осы графиктен Алматы, Мәскеу, Рига және Мурманск қалалары үшін ең қысқа және ең ұзақ күндерінің ұзақтығын анықта.


МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:

  1. Графиктер мен суреттерді лабораториялық жұмыс дәптеріне қара қарындашпен түсірген жөн.

  2. График сызу үшін мынадай ұсыныс енгізілген: күн ұзақтығы абцисса осі бойынша масштабы 1 см =2 сағат, ал ординат осі бойынша жердің ендігі, масштабы 1 см = 10 °с.е.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Глобус.

  2. Теллурий.

  3. Жарты шарлар картасы.

  4. Дүние жүзі атласы.

  5. Лабораториялық жұмыс дәптері.

4 зертханалық жұмыс


ТАҚЫРЫБЫ : Бақылау нүктесінің биіктігіне байланысты горизонттың көріну қашықтығын анықта.

МАҚСАТЫ : Кез-келген бақылау нүктесінің биіктігіне байланысты горизонттың көріну қашықтығын анықтай біліп, осы құбылыстың / процесстің / географиялық салдарына талдау жаса.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

  1. №1 кестенің мәліметтерін пайдалана отырып Жердің шар тәріздес бетіндегі бақылау нүктесінің биіктігінен горизонттың көріну қашықтығын анықтап / 1сурет /, оған талдау жаса.

1 кесте




Бақылау нүктесінің биіктігі, м.

0

100

500

1000

3000

5000

10 000

Горизонттың көріну қашықтығы, км.

0

38,6

86,4

122,1

211,5

273,1

386




  1. График бойынша / 1 сурет/ төмендегі биіктіктер үшін горизонттың көріну шегін анықта: 8849 м /Джомолунгма тауы/, 7495 м / Коммунизм шыңы/, 5642м / Эльбрус тауы/, 1545м /Роман-Кош тауы/

  2. Графикті / 1 сурет/ және картаның масштабын пайдалана отырып: а/ Эльбрус шыңынан Каспий теңізін; б/ Қырым тауының ең биік нүктесі Роман- Кош тауынан Турция жағалауын: в/ Биіктігі 1000 м Чукотка түбегі жағалауынан Аляска түбегінің жағалауын көруге бола ма, соны анықта.

  3. 2 кестенің мәліметтерін пайдалана отырып Жердің жазық, тегіс бетіндегі бақылау нүктелерінің биіктігінен горизонттың көріну қашықтығын анықта / 2 сурет/ және оған талдау жаса.

№ 2 кесте






Бақылау нүктесінің биіктігі, м.

Горизонттың көріну қашықтығы, км.

100

500

1000

344

1720

3440

5. Жердің шар тәрізді және жазық бетінен горизонттың көріну қашықтығының өзгеруін салыстыр / 1 сурет және 2 сурет/

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Мөлшері 1520 см миллиметр қағазы.

  2. Дүние жүзі атласы.

  3. Глобус.


МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:

  1. Горизонттың көріну қашықтығын абцисса осіне, ал бақылау нүктесінің биіктігін ординат осіне түсіру керек.

  2. Ұсынылатын масштаб: а/ 1 сурет үшін 1 см =25 км / горизонтальды/, 1 см = 1000 м / вертикальды/

  3. Барлық графиктер қара қарындашпен жазылып, нақтылы атауы болуы керек, міндетті түрде шартты белгілері түсірілгені жөн.

5 зертханалық жұмыс


ТАҚЫРЫБЫ : Күннің шығуы мен бату кезеңдерін, таң сәрі мен қараңғы түсуін анықта.

МАҚСАТЫ :

  1. Күннің шығуы мен бату уақыттарының, таңның атуы мен қараңғы түсуінің графиктерін түсіріп үйрену.

  2. Құрастырған графиктерді әртүрлі ғылыми және практикалық мақсатта пайдалана білу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

  1. 45° ендік үшін 1 көкектен 28 қыркүйекке дейінгі уақыт аралығына Күннің батуы мен шығуы мезгілдерінің және таң атуы мен қараңғы түсу графигін жаса.

  2. Осы графикті пайдалана отырып 1 мамыр үшін; а/ Күннің шығуы мен батуын; б/ таң атуы мен қараңғы түсу уақытын; в/ Күннің шығуы мен батуы және таң атқаннан қараңғы түскенге дейінгі аралықты анықта.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. « Восход и заход солнца и продолжительность сумерек»

  2. Мөлшері 20  30 см миллиметр қағазы

  3. Лабораториялық жұмысқа арналған дәптер

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:

  1. Графиктерді размері 20  30 см қағазға түсіру керек. Қағаздың 20 см жағына ай күндерін / әр сантиметр 1 күн/, ал 30 см: сол жағына күннің шығуы мен жарықтың пайда болуын, оң жағына күннің батуы мен қараңғының түсуін / әрбір бір сағат уақыт – 5см/. Екі жақта да уақыт төменнен жоғары көбеюі қажет. Сызықтар график щеңберінен шығып кетпеу үшін өте ерте таң ату / 20 мамыр/ мен өте кеш қараңғы түсу уақыттарын / 20 мамыр / анықта. Оң және сол жақтағы уақыт шкаласын / 20 мамыр/ график щеңберінен шығып кетпейтіндей етіп орналастыру керек. Графикте күннің батуы / қараңғының түсуі/ ең жоғарғы, ал таңның атуы ең төменгі деңгейде болуы керек.

  2. Кестені пайдалану мысалдары: 1. Мысалы, Берілген нүктенің географиялық ендігі 43° дейік осы нүкте үшін таңның атуы мен қараңғы түсуін 16 көкекке анықтау керек. Кестені пайдалана отырып 43° ендікте 11 көкекте күннің шығу уақыты 6 сағ. 26 мин., 21 көкекте 6 сағ. 10мин. екендігін анықтаймыз.Сондықтан 16 көкеекте күннің шығу уақытының 16 көкекте 6 сағ. 18 мин. екенін анықтау оңай, осы күні күннің батуы – 19 сағ. 42 мин, ымырт ұзақтығы 36 мин; яғни таңның атуы 6 сағ. 18 мин.-36 мин.= 5 сағ. 42 мин. қараңғы түсу уақыты: 19 са. 42 мин.+ 36 мин. = 2 сағ. 18 мин.

№1 кесте


Ай

Күн

43°

45°







Күн шығуы

с.мин


Күн батуы

с.мин


Ымырт ұзақтығы

мин.


Күн шығуы

с.мин


Күн батуы

с.мин


Ымырт ұзақтығы

мин.


Қаңтар

1

8

31

17

35

38

8

38

17

28

39




11

8

31

17

45

38

8

37

17

39

39




21

8

26

17

57

37

8

32

17

51

38




31

8

18

18

11

36

8

22

18

05

37

Ақпан

10

8

06

18

23

35

8

10

18

19

37




20

7

52

18

38

34

7

55

18

34

36

Наурыз

2

7

36

18

49

34

7

38

18

47

35




12

7

19

19

02

33

7

20

19

01

35




22

7

02

19

13

34

7

02

19

14

35

Сәуір

1

6

44

19

24

35

6

43

19

26

36




11

6

26

19

36

36

6

24

19

39

36




21

6

10

19

48

36

6

07

19

52

37

Мамыр

1

5

56

19

59

38

5

54

20

04

39




11

5

42

20

10

38

5

37

20

16

40




21

5

32

20

22

39

5

26

20

28

41




31

5

24

20

30

41

5

18

20

37

44

Маусым

10

5

20

20

37

42

5

13

20

45

45




20

5

10

20

42

43

5

13

20

50

45




30

5

24

20

42

43

5

16

20

50

45

Шілде

10

5

28

20

40

41

5

22

20

Та8


43




20

5

37

20

34

40

5

31

20

41

42




30

5

47

20

24

39

5

42

20

30

42

Тамыз

9

5

58

20

12

38

5

53

20

17

40




19

6

09

19

58

36

6

05

20

02

38




29

6

20

19

41

35

6

17

19

45

36

Қырқүйек

8

6

31

19

24

35

6

29

19

26

36




18

6

42

19

06

35

6

1

19

07

35




28

6

53

18

48

35

6

53

18

48

35

Қазан

8

7

04

18

31

34

7

05

18

30

35




18

7

15

18

15

34

7

18

18

12

35




28

7

28

18

00

34

7

32

17

56

36

Қараша

7

7

41

17

46

35

7

45

17

42

36




17

7

54

17

36

36

7

50

17

30

37




27

8

06

17

28

37

8

12

17

22

38

Желтоқсан

7

8

16

17

26

37

8

24

17

19

39




17

8

25

17

27

38

8

32

17

19

40




27

8

30

17

32

38

8

37

17

24

40



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет