ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жалпы жертану» 5В011600 – «География»мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет12/12
Дата11.06.2016
өлшемі1.87 Mb.
#127596
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
6 зертханалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ : Жер бетіндегі географиялық белдеулер мен зоналар.

МАҚСАТЫ :

  1. Жер шарындағы географиялық белдеулер мен зоналардың пайда болу заңдылықтарын түсіндіре білу.

  2. Географиялық қабаттың құрылымы туралы ұғымды тереңдете түсу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

  1. Дүние жүзі контур картасына жер шарының географиялық белдеулері мен зоналарын түсір.

  2. Ендік бойынша географиялық белдеулер мен зоналардың шекараларының ауытқу себептерін түсіндір. Мына сұрақтарға жауап бер: а/ Географиялық белдеу, физгеографиялық белдеу, табиғи белдеу түсініктерінің арасында айырмашылық бар ма? б/ Жер шарындағы зоналдық пен азоналдықты қандай факторлар анықтайды? Құрлық бетіндегі зоналық неден байқалады? в/ Таулардағы биіктік белеулер қандай факторлардың нәтижесінде қалыптасады?

  3. №1 кестенің мәліметтерін пайдалана отырып Оңтүстік және Солтүстік жарты шардың географиялық белдеулерінің ауданының ара қатысын көрсететін щеңбер тәріздес диаграмма сызып, мына сұрақтарға жауап бер: а/ Жер шарында қандай географиялық белдеулер ең көп және ең аз ауданды алып жатыр, неге? б/ Жарты шарлар бойынша географиялық белдеулердің таралуында қандай заңдылық байқалады?

  4. Әрбір географиялық белдеуге қанша градус барын есептеп, оны циклограммаға түсір, ол үшін шеткі нүктелерді щеңбердің ортасымен қосу керек. Мысалы: Арктикалық белдеу- 3 3,6%= 10,8%

№1 кесте



Жарты шар

Белдеу

Ауданы млн.км ²

Жердің жалпы ауданы %

Солтүстік

Арктикалық

14,45

3




Субарктикалық

17,62

3




Қоңыржай

53,22

10




Субтропиктік

39,72

8




Тропиктік

80,77

16




Субэкваторлық

38,65

7

Оңтүстік

Экваторлық

22,07

4




Субэкваторлық

30,11

6




Тропиктік

95,10

19




Субтропиктік

33,78

7




Қоңыржай

34,47

7




Субарктикалық

26,19

5




Антарктикалық

23,93

5







510,08

100


КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Дүние жүзі атласы.

  2. Географиялық белдеулер мен зоналар картасы.

  3. Дүние жүзі контур картасы.

  4. Лабораториялық жұмыс дәптері.

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:

  1. Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардағы ұқсас белдеулерді бір түспен беруге болады, бірақ шартты белгілерінде айырмашылық болсын.

  2. Диаграмманы құрарда ауданның бір проценті қанша градусқа тең екендігін есептеп алу керек: 360°=100% х =360° =3,6 %

100 %

3. Әртүрлі белдеулер орналасқан / % / құрлықтардың қарым-қатынасын щеңбер тәріздес немесе столбикті диаграммаға түсіріп, тадау жаса.


7 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ : Құрлықтар мен дүние жүзі мұхиттарының салыстырмалы сипаттамасы

МАҚСАТЫ :

  1. Жер бетіндегі құрлықтар мен дүние жүзі мұхиттарының орналасу ерекшеліктерін түсіндіре білу.

  2. Негізгі мінездемелері бойынша құрлықтар арасындағы айырмашылықты айыра білу.

  3. Дүние жүзі мұхиттарының айырмашылықтарын түсіндіру.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ : Атласты және анықтама мәліметтерін пайдалана отырып:

  1. Лабораториялық дәптеріңе құрлықтардың ауданын көрсететін диаграмма сыз, масштабы 1 см ² = 2,5 млн.км ²

  2. Дүние жүзі мұхиттарының ауданын көрсететін диаграмма сыз, масштабы 1 см ²=10 млн.км ²

  3. Дүние жүзі контур картасына құрлықтардың шеткі нүктелерін / атауын жазып/, құрлықтардың абсолютті биіктігі ең жоғарғы , ең төмен жерлерін, дүние жүзі мұхиттарындағы ең терең шұңғымалардың атауын, тереңдігін түсіріңіз.

  4. Құрлықтарды салыстыру арқылы сипаттама бер: орналасу ерекшелігі, шеткі нүктелерінің арақашықтығы, абсолюттік биіктігі жоғары, төменгі нүктелері, құрлық жағалауының тілімденуі т.б.

  5. Мұхиттарға салыстырмалы сипаттама бер: ауданы, тереңдігі, температурасы, тұздылығы т.б.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Дүние жүзінің физикалық картасы.

  2. Дүние жүзі атласы.

  3. Дүние жүзі контур картасы.

  4. Лабораториялық жұмыс дәптері.

9 зертханалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ : Солтүсті және Оңтүстік жарты шар ендіктері бойынша ауа температурасының таралуы.

МАҚСАТЫ : Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың ендіктері бойынша ауа температурасының өзгеру себептерін түсіну.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

  1. №1 кестенің мәліметтерін пайдалана отырып миллиметр қағазға жеке-жеке Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлар үшін: а/ жер бетінде ауаның орташа температурасының өзгеруін қаңтар, шілде және орташа жылдық көрсеткіштері бойынша; б/ әртүрлі ендіктер бойынша жылдық қысымның өзгеруін көрсететін сызықтар сыз.

№1 кесте






Ендік °




0

10

20

30

40

50

60

70

80

90

Температура °С

Солтүстік жарты шар

Қаңтар

27

26

22

15

6

-7

-16

-25

-30

-41

Шілде

26

27

28

28

23

17

13

7

-1

-1

Жыл

26

27

25

21

14

5

-1

-10

-17

-23

Қысым, мб.

1010

1010

1019

1019

1016

1014

1012

1012




1014




Температура °С

Солтүстік жарты шар

Қаңтар

26

26

23

16

9

2

-3

-11




-14

Шілде

25

21

16

14

4

-10

-23

-40




-48

Жыл

25

23

19

13

6

-4

-13

-25




-30

Қысым, мб.

1012

1015

1018

1014

1004

989

991













  1. Әртүрлі ендіктердегі жылдық қысым мен ауа температурасының графиктерін салыстыр. Қысым мен температураның таралуында байланыс бар ма, жоқ па?

  2. Қандай ендіктер аралығында температураның өзгеруі төмен ал қандай ендіктер аралығында жоғары, қайда төмен? Себебін анықтап, түсіндір.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Дүние жүзінің физикалық картасы.

  2. Дүние жүзінің климаттық картасы.

  3. Размері 10  15 см миллиметр қағазы.

  4. Лабораториялық жұмысқа арналан дәптер.

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:

  1. Ауа температурасының өзгеруін көрсететін график қарағанда ординат осі бойына температура / масштаб 1 см = 10°С/, ал абцисс осі бойына ендік / масштаб 1 см = 10°С ендік/ түседі.

  2. Қысым өзгеруін ординат осіне / 1 см = 10 мб, абцисс осіне жергілікті жер ендігін түсір. Қысымды есепке алу нүктесі 990 мб тең.

10 зертханалық жұмыс



ТАҚЫРЫБЫ : Жердің жылдамдығы мен бағытын, румб бойынша әртүрлі бағытта қайталанып отыруын анықтау.

МАҚСАТЫ : Анықтай білу:

  1. Желдің жылдамдығы мен бағытын;

  2. румб бойынша желдің әртүрлі бағытта қайталанып отыруын;

  3. табиғи ортаның дамуында желдің маңызы мен ролін түсіндір.

МАЗМҰНЫ :

  1. « Циклон», «Антициклон», « Барикалық градиент», «Жер айналымындағы ауытқу күші» терминдеріне анықтама бер.

  2. Бофорт шкаласын пайдалана отырып / №1 кесте/ желдің жылдамдығы мен күшін анықта.

  3. №1 суретті пайдалана отырып жел бағытына сипаттама бер, талдау жаса.

  4. Жергілікті / бриздер, өзендер, таулы-аңғарлы және маусымдық/муссондар/ желдерге анықтама бер.

  5. Кез-келген жердің табиғи жағдайының дамуындаағы желдің маңызын анықта.


КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Географический энциклопедический словарь. Понятия и термины. М., 1988.

  2. №1 кесте. Желдің жылдамдығы мен күшін анықтайтын Бофорт шкаласы.

  3. №1 сурет. Жел бағыты.

  4. №2 кесте. Жел румбысы.


МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:

  1. Желдің бағыты горизонттың қай жағынан соқса сол бойынша анықталады. Мысалы, солтүстік жел- солтүстіктен оңтүстікке соғады, шығыс- шығыстан батысқа. Соғатын желдің бағытын нақтылы анықтау үшін горизонт жақтары румбқа бөлінген. Румбтар аталған горизонт жақтарының бас әрпімен белгіленеді / 2 кесте/. Желдің бағытын, күшін, жылдамдығын / жай көзбен / Бофорт шкаласымен анықтауға болады. / 1 кесте/.

  2. Кез-келген жердің жел бағытын анықтау үшін /ай, жыл мезгілдері, бүкіл жыл/ бір нүктеден сегіз түзу сызық сызады. Көршілес орналасқан түзу сызықтар арасындағы бұрыш 45° болу керек. Әрбір жекеленген түзу сызық белгілі бір румбқа сәйкес келеді – С, О, Б, Ш т.б. Әрбір түзу сызыққа / румбқа/ осы нүктеде қайталанып отыратын жел бағытын белгілі бір масштаб бойынша түсіреді. Қай румбта қайталанып отыратын жел бағыты көп болса сол жел басым.

Жел бағытын бірнеше жылдық бақылаулардың орташа көрсеткіші арқылы да құруға болады, ол үшін орташа көрсеткішті процентпен белгілейді. Кез- келген уақыт аралығындағы барлық бақылауларды 100 % деп белгілейді.

  1. №1 суретте 25 жыл аралығында / сәуір айы/ жел бағытының қайталануы көрсетілген, оның процентпен берілген сандық шамасы төмендегідей.



С-8 %


С-Ш- 10 %

Ш-18 %


О-Ш- 24 %

О-12 %


О-Б-12 %

Б-10 %


С-Б-3-6 %





Осы жағдайдағы басым жел оңтүстік-шығыс желдері, ал қайталануы сирек болатын солтүстік – батыс және солтүстік желдер.
№1 кесте

Желдің жылжамдығы мен күшін анықтайтын Бофорт шкаласы



Желдің әрекеті

Желдің күші / Бофорт балы /

Желдің жылдамдығы, м/с

Түтін жоғары тік, вертикальды көтеріледі. Ағаш жапырақтары қозғалмайды.

Штиль

0


0 - 0,5

Түтін қисайып көтеріледі, желдің бағытын көрсетеді. Жапырақтар қозғалмайды.

Тыныш

1


0,5 – 1

Жел соққанын сезінеміз. Флюгер жалауы қозғала бастайды.

Баяу

2


2 – 2

Жел жапырақтарды тербелтеді. Су беті қозғала бастайды.

Әлсіз

3


4 – 5

Ағаш бұтағы, тіпті оның жоғарғы бөлігі қисаяды, жерден шаң-тозаң, қағаз көтеріледі.

Қоңыржай

4


6 – 7

Ағаштың жұқа бұтақтары тербеледі, су бетінде толқындар пайда болады.

Самал жел

5


8 – 9

Ағаштың ірі бұтақтарының қозғалуы, су толқыны биіктігінің артуы.

Едәуір қатты

6


10 – 12

Желге қарсы жүрудің қиындауы, ағаш діңгегінің қозғалуы.

Қатты

7


13 – 15

Ірі ағаштардың қозғалуы, бұтақтардың сынуы.

Өте қатты

8


16 – 18

Ағаштардың сынуы, кейбір жеңіл ағаштардың қозғалуы.

Дауыл

9


19 – 21

Апатты өзгерістер

Қатты дауыл

10


22 – 25

Ірі ағаштардың тамырымен алынынп кетуі.

Өте қатты дауыл

11


25 – 29

Құрылыс объектіліеріндегі апатты өзгерістер.

Құйын

12


29 көп


Көріну шкаласы


Балл

Көріну қашықтығы

Балл

Көріну қашықтығы

0

50 м аз

5

2 – 4 км

1

50 – 200 м

6

4 – 10 км

2

200 – 500 м

7

10 – 20 км

3

500 – 1000 м

8

20 – 50 км

4

1 – 2 км

9

50 км көп

№2 кесте
Жел бағыты / румб/



Әріппен белгілеу

Румб атауы

Қазақша

Халықаралық

С

N

Солтүстік

/норд/


ССШ

NNE

солтүстік – солтүстік – шығыс

/норд- норд-ост /



СШ

NE

солтүстік – шығыс / норд – ост /

ШСШ

ENE

шығыс –солтүстік – шығыс

/ост –норд – ост /



Ш

E

Шығыс

/ ост /


ШОШ

ESE

шығыс –оңтүстік- шығыс

/ ост – зюйд – ост /



ОШ

SE

оңтүстік –шығыс

/ зюйд – ост /



ООШ

SSE

оңтүстік – оңтүстік –шығыс

/зюйд –зюйд –ост /



О

S

Оңтүстік

/ зюйд /


ООБ

SSW

оңтүстік –оңтүстік –батыс

/ зюйд – зюйд – вест /



ОБ

SW

оңтүстік – батыс

/ зюйд – вест /



БОБ

WSW

батыс –оңтүстік –батыс

/ вест – зюйд –вест /



Б

W

Батыс

/ вест/


БСБ

WNW

батыс – солтүстік –батыс

/вест- норд – вест/



СБ

NW

солтүстік – батыс

/ норд – вест /



ССБ

NNW

солтүстік- солтүстік –батыс

/ норд –норд- вест /



11 зертханалық жұмыс


ТАҚЫРЫБЫ : Қар сызығы, хионосфера.

МАҚСАТЫ :

    1. Қар сызығы орналасуының негізгі заңдылығын анықтау.

    2. Қар сызығы биіктігіне қандай факторлар әсер ететінімен танысу.

ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :

      1. №1 кестенің мәліметтерін пайдалана отырып Солтүстік және Оңтүстік жарты шар ендіктері үшін қар сызығы биіктігінің графигін түсір.

№1 кесте


/ Алисов бойынша /

ендік

град.


Қар сызығынынң орташа биіктігі, м.




Солтүстік жарты шар

Оңтүстік жарты шар

90 – 80

350

0

80 – 70

550

0

70 – 60

1100

0

60 – 50

2050

800

50 – 40

3000

1500

40 – 30

4300

3000

30 – 20

5300

5100

20 – 10

4600

5600

10 – 0

4600

5000




      1. Ендіктер бойынша қар сызығының орналасу заңдылығын анықта.

      2. Қар сызығының орналасуына қандай факторлар /климаттық, геоморфологиялық, метеорологиялық / әсерін тигізеді?

      3. Құрылған графикті пайдалана отырып мына төмендегі тауларда: Мак- Кинли / 6193 м / , Аконкагуа / 6960 м /, Килиманджаро / 5895 м /, Косйюшко / 2230 м / мәңгі қарлар бар ма, жоқ па анықта.


КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Дүние жүзі атласы

  2. Жарты шарлар физикалық картасы

  3. Лабораториялық жұмысқа арналған дәптер



12 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ : Физгеографиялық қима түсіру.

МАҚСАТЫ :

  1. Географиялық қабаттың зоналаық құрылымы туралы білімді бекіту.

  2. Тематикалық карталарды пайдалана білу.

  3. Географиялық қабаттың құрамдас бөліктері арасындағы қарым-қатынасты, байланысты түсіндіре білу.

  4. Табиғи құбылыстар мен процесстердің қалыптасу заңдылығын түсіну.

МАЗМҰНЫ :

  1. Әрбір жекелеген студент мұғалім берген меридиан бойынша физгеографиялық қима түсіру керек.

  2. Қимадағы негізгі табиғи компоненттердің қарым-қатынасты салыстыр, олардың байланысын анықта. Осының нәтижесінде қимада табиғи белдеулер мен зоналарды көрсет.

  3. географиялық қабаттың әсіресе оның негізгі ерекшелегі зоналық ендік пен ландшафттардың биіктік белдеуіне әсер ететін факторлардың рөлін түсіну үшін қимаға жазбаша түрде түсініктеме бер.

КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:

  1. Жер шарының гипсометриялық картасы.

  2. Жер шарының жауын –шашын, изотерма және изобар картасы.

  3. Жер шарының өсімдік картасы.

  4. Жер шарының топырақ картасы.

  5. Мұхиттар мен теңіздердің тұздылығын көрсететін карта.


МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:

  1. Әрбір жекелеген студент физгеографиялық қиманы жер бетінің бір мерижианы бойынша түсіру керек.

  2. Геогарфиялық қабаттың зоналық құрылымын анықтау үшін физгеографиялық қима Солтүстік және Оңтүстік жарты шарды, яғни бірнеше табиғи зоналарды кесіп өтуі қажет.

  3. Тематикалық / таырыптық / карталарды пайдалану табиғи құбылыстардағы сапалық қана емес сандық мәліметтерді де анықтауға мүмкіншілік туғызады.

  4. Қимаға жазбаша түрде қысқаша талдау жаса, зоналардың жіктелуін дәлелде. Егер жергілікті жердің табиғиғерекшелігіне байланысты зоналықтан ауытқу болса, оның себебін түсіндір.

МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ: Қимаға түсірілген барлық табиғи элементтерді / топырақ, өсімдік жамылғысы, температура / оқи білу үшін шартты белгі құрастыру керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет