Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Жану және жарылыс теориясы» пәнінен 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған



бет1/6
Дата15.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#136846
  1   2   3   4   5   6



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.45/03-2011


ПОӘК «Жану және жарылыс теориясы» пәнінің оқу әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

30.09.11.





Пәннің оқу-әдістемелік кешені
«Жану және жарылыс теориясы» пәнінен 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған

Оқу әдістемелік материалдары

Семей


2011

1 Гласарий

Ауада өздігінен жанатын зат – сары фосфор және сұйық сутектік фосфор.

Табиғи өрт – апаттық түрде пайда болатын және табиғи ортада таралатын бақылаусыз жану процесі.

Ландшафтық өрт – географиялық ландшафтың әртүрлі бөлігін қамтитын өрт.

Орман өрті – орман ауданымен таралатын өрт.

Дала өрті – далада табиғи түрде пайда болатын немесе жасанды түрде туындайтын өрттер.

Шым өрттері - күн сәулесінің қыздыруы кезінде немесе адамдардың отты абайсыз пайдалануы нәтижесінде шым батпақтың үстіңгі қабатының жануы.

Өрт аймағы – апатты құбылыс, авария немесе қирау, адамдардың отты абайсыз пайдалануы нәтижесінде белгілі бір аймақта өрттің пайда болуы мен таралуы.

Өртті сөндіру - күштер мен құралдардың тартылу процесі, сондай-ақ өртті сөндіру үшін әдістер мен тәсілдерді пайдалану.

Өртті жайылтпау – жанудың ары қарай жайылу мүмкіндігін болдырмау және қолда бар күштер мен құралдар арқылы оның жетістікті жойылуына жағдай жасалуға бағытталған іс-әрекет.

Өртті жою - жануды түкпілікті жоюға, сондай-ақ оның қайта жану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған іс-әрекет.

Мемлекеттік орман күзеті - ормандарды қорғауды іске асыру үшін ұйымдастырылған орман шаруашылығы мен қала ормандарының, орман – қорықтарды және бекітілген ормандардың күйін қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдардың арнайы қызметі.

Өрт – адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі.

Өрт қауіпсіздігі - халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлар мен өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етунормативті құқықтық актілерді, өрт қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын қабылдау және сақтау, сондай – ақ өртке қарсы іс – шараларды жүргізу.

Нысанның өрт қауіпсіздігі регламенттелген мүмкіндікпен өрттің тууы мен дамуы және адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігін болғызбау кезіңдегі нысанның жағдайы, сондай–ақ материалдық құндылықтарды қорғау қамтамасыз етіледі.

Өрт қаупі - қандай да бір затқа, жағдайға және процесске бекітілген өрттің пайда болу және даму мүмкіндігі. Дұрысында, өрттер жанғыш және жарылыс қаупі бар заттардың жарылысымен қатар жүреді.

Өрт қауіпсіздігінің талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күші бар заңдар жиынтығында немесе нормативті – техникалық құжаттарда арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдармен бекітілген, арнайы шарт немесе ұйымдастыру және (немесе) техникалық сипаттағы ереже.

Өртке қарсы іс-шаралар - өртке қарсы режимінің сақталуына, өртті алдын ала болдырмауға және жылдам сөндіруге жағдай жасауға бағытталған ұйымдастыру мен техникалық сипаттағы іс – шаралар.

Өртке қарсы режим - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың іс - әрекетінің, жұмысты орындау мен нысанды (өнімді) пайдалану ережесінің бекітілген жиынтығы.

Өрт қорганысы - адамдардың өмірі мен денсаулығын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны өрттер алып келетін төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында бекітілтен тәртіппен құрылған, басқарушы органдарды, күштер мен құралдарды біріктіруші өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі бөлімі.

Өрт жаралыс қауіпті нысан – техногенді төтенше жағдайдың тууына нақты қауіп – қатер тудыратын тез тұтанатын және жарылыс қауіпі бар заттар өндірілетін, пайдаланылатын, өнделетін, сақталатын немесе тасымалданатын нысан.

Жарылыс – заттардың физикалық және химиялық араласуының жылдам жүретін процессі, үлкен көлемдегі энергияның қысқа уақыт аралығында шектеулі мөлшерде шығуы. Ол лезде кеңейген кезде қоршаған денелерге соққы әсерін (соққы толқын, қысым, қирату) туғызатын өте жоғарғы қысымды қатты қызған газдың (плазманың) түзілуін алып келеді. Қатты ортадағы жарылыс оның қирауы мен бөлшектелуіне алып келеді, ауада немесе суда болса, ауалы гидрологиялық соққы толқын туғызады, олар өз кезегінде сол жерде орналасқан нысандарға қиратушы әсерін тигізеді.

Жарылыс ңауіпті нысан (ЖҚН) - белгілі жағдайларда жарылыс қауіпі бар заттар (өнімдер) сақталатын, пайдаланылатын, тасымалданатын нысан.

Жарылыс қауіпі бар заттар - оттың, сілкінудің, үйкелудің әсерінен жарылуы мүмкін зат.

Соққы толқын – жарылыстың зақымдаушы факторларының бірі болып табылатын заттың кенеттен тығыздығы, қысымы мен температурасының жоғарылауы жүргенде, жоғарғы дыбыстық жылдамдықпен таралатын ауыспалы аймақ.

Соққы толқын фронтындагы артық қысым сокқы толқын фронтындағы максималды қысым мен осы фронт алдындағы қалыпты атмосфералық қысым арасындағы айырмашылық.

Жарқ етіп жану-қатты және газ күйіндегі заттардың жоғарғы жағында пайда болған булардың тез жануы;

Тұтанып жалындау – заттардың қайнау температурасына дейін қызып жануды қолдайтын заттардың булануына дейінгі кезеңді айтады. Тез жалындайтын 47-50С жанатын 50-80С ;

Өздігінен жалындау – заттардың басқа жылу көздерінен қызып, өзіндік қызуға айналуы.

Өздігінен жану – заттардың өздігінен қызуы арқылы болған жануды айтады.

Атылып жану – заттардың тез арада көп мөлшерде жылу шығарып, газ қысымының жоғарлауын айтады.

Жанбайтын зат – атмосфералық ауада жануға қабілеті жоқ заттар. Оларға материалдар, қоспалар, бұйымдар.

Жанатын өнім бөлетін заттар немесе сумен және бір-бірімен әрекеттескенде жылу бөлетін заттар.

Тотықтырғыштар: калий пермаганаты, натрий оксиді, хром оксиді, қорғасын оксиді, азот қышқылы, сұйық оттегі.

Қиын жанатын зат – тұтатқыш немесе жанғыш көздің әсерінен жануға қабілетті заттар.

Жанатын зат - жанғыш заттар ( сутек, метан, пропан, этан).

Сұйық жанғыш заттар ( ацетон, бензин, бензол, диэтил эфир.

Жанғыштық тобы – заттарды және материалдарды жану қабілеттілігіне жіктеуде пайдаланылатын өрт қауіптілігінің негізгі көрсеткіші.

Оңай тұтанатын заттар – төмен энергиялы жану көзінің аз уақыттағы (30 сек дейін) әсерінен тұтана алатын заттарды және материалдар.

Оталу температурасы – жанғыш заттың беткі қабатында арнайы сынақтар өткізгенде жану көзі арқылы тұтануға мүмкіндігі бар булар мен газдар пайда болады.

Оталу температурасы – сұйықтарды өрт қауіптілігі бойынша жіктегенде өндірістегі жарылыс және өрт қауіпінің деңгейін белгілеуде пайдаланылады.

Тұтану температурасы – арнайы сынақтар шарттарында зат өзінен булар мен газдарды тұрақты жанатын жалын тудыратын жылдамдықпен бөлетін ең төмен температура.

Өздігінен тұтану температурасы – арнайы сынақтар шарттарында жалынды жануымен аяқталатын экзотермиялық реакциясының жылдамдығы бірден артуы болатын зат температурасы.

Өрт таралуының жоғарғы және төменгі концентрациялық шегі – «Жанғыш зат-тотықтырғыш орта» қоспасындағы жанармайды минимал (максималды) мөлшерінің болуы.

Өздігінен қызу температурасы – заттың өздігінен қызуы бықсуға немесе жалындап жануға қабілетсіз болатын ең төмен температура.

Бықсу температурасы – бықсу пайда болып, аяқталатын экзометриялық тотығу реакцияларының жылдамдығының бірден өсуі болатын температура. Оталудың минималды энергиясы – газдың, будың, шаңның ауамен араласқан оңай тұтанатын қоспасын оталдыруға қабілетті электр разрядының энергиясының мәні.

Оттег индексі – арнайы зерттеулер жағдайында заттардың шырақ тәрізді жануы мүмкін болатын оттегілі-азотты қоспадағы оттегінің минимал мөлшері.

Күлге айналу жылдамдығы – уақыт бірлігінен жанып кететін жанғыш зат мөлшері.

2 Дәрістер
1 дәріс. Кіріспе. Пәннің жалпы мазмұны. Жану теориясы. (2 сағат)
Жалпы сұрақтар

  1. Жану және жарылыс процесстерінің физико-химиялық негіздері.

  2. Негізгі түсініктер, анықтамалар.

  3. Жану, жарылыс. Жану мен жарылысқа қажетті жағдайлар.

  4. Тұтану көздері. Жану түрлері


Пәннің жалпы мазмұны. «Жану және жарылыс теориясы» пәні адамзаттың техногендік әрекеттерімен жүретін жану және жарылыс процестері заңдылықтары туралы студенттерге білім береді. Өрт бұл адамдардың, жануарлардың қаза болуына алып келетін бақылаусыз жану процессі. Заттардың немесе материалдың өрт және жарылыстың қауіпінің сипаттамасына жеткілікті және қажетті көрсеткіштер санын, олардың өндіру өңдеу, тасымалдау, сақтауына байланысты нысанның өрттік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйесін жетілдіруді анықтайды. Пән «Жану теориясы» және «Жарылыс теориясы» деген екі бөлімнен тұрады.

Пәнді оқытудың міндеттері. Заттардың және материалдардың өрт және жарылыстық қауіпі, оның агрегаттық күйі және пайдалану жағдайларына тәуелді болатын көрсеткіштермен анықтау, техногендік заттарды жағу және жару процестерін сипаттауға қажетті сандық бағалау параметрлері туралы мәліметтер алу.

Пәнді оқу барысында студент білу қажет. Жану процестерінің анықтамасын, жану сипатына байланысты матаериалдардың жіктелуін, әртүрлі заттар мен материалдардың жану және жарылыс процесстерінің физико-химиялық негіздерін, авариялық, ядролық, детанациялық, дефлаграциялық. жарылыстың түрлерін білуі қажет.

Пәнді оқу барысында студент істей алуы қажет.

Жалын көзі немесе тотықтырғыш аумағындағы әртүрлі қатынасындағы жарылыс пен жанудың пайда болуы қауіпін болжай білу, газ және газ қоспаларының өртке қауіптілігін анықтай білу, Төтенше жағдай кезіндегі жарылыс параметрлерін және өрт кезіндегі өнімдердің жану құрамын болжай білуі қажет.


Жану процессінің анықтамасы. Жанудың түрлері.

Жану дегеніміз- күрделі физико-химиялық процесс. Жану кезінде жанатын затпен тотықтырушылар қосылады да, жылу және жарық бөледі. Қандай да болмасын жану процесі үшін мөлшерлі және тотықтырғыштар керек.

Тотықтырғыштар: оттегі, хлор, бром, азот қышқылы, бертоле тұзы.

Жанатын заттар: қатты, сұйық, газ күйінде кездесуі мүмкін. Бұл заттардың барлығы жанған кезде жарық және жылу шығарады.



Жанудың түрлері. Жанудың бірнеше түрлері бар:

  • Жарқ етіп жану-қатты және газ күйіндегі заттардың жоғарғы жағында пайда болған булардың тез жануы;

  • Тұтанып жалындау – заттардың қайнау температурасына дейін қызып жануды қолдайтын заттардың булануына дейінгі кезеңді айтады. Тез жалындайтын 47-50С жанатын 50-80С ;

  • Өздігінен жалындау – заттардың басқа жылу көздерінен қызып, өзіндік қызуға айналуы.

  • Өздігінен жану дегеніміз – заттардың өздігінен қызуы арқылы болған жануды айтады.

  • Атылып жану дегеніміз – заттардың тез арада көп мөлшерде жылу шығарып, газ қысымының жоғарлауын айтады.

Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары 3 түрге бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын, жанатын.

Жанбайтын зат дегеніміз – атмосфералық ауада жануға қабілеті жоқ заттар. Оларға материалдар, қоспалар, бұйымдар. Жанбайтын заттардың көпшілігі өртке қауіпті. Оларды мынандай топтарға бөлуге болады

Жанатын өнім бөлетін заттар немесе сумен және бір-бірімен әрекеттескенде жылу бөлетін заттар. Олар: кальций карбиді, металл күйіндегі натрий, қортылмаған әк , сұйытылған қышқылдар ( күкірт және тұз)

Тотықтырғыштар: калий пермаганаты, натрий оксиді, хром оксиді, қорғасын оксиді, азот қышқылы, сұйық оттегі.

Ауада өздігінен жанатын зат – сары фосфор және сұйық сутектік фосфор.

Қиын жанатын зат дегеніміз – тұтатқыш немесе жанғыш көздің әсерінен жануға қабілетті заттар. Бұл заттар жанғыш көз жойылғаннан кейін жанбайды.

Жанатын зат дегеніміз- жанғыш заттар ( сутек, метан, пропан, этан) . Сұйық жанғыш заттар ( ацетон, бензин, бензол, диэтил эфир) . Қатты заттар қатты заттар (полистиролл,ағаш өнімдері,қағаз бұйымдары)

Жану процесінің физико-химиялық негіздері. Жану процесінің түрлері, кедей және бай қоспалар, химиялық жану процесінің түрлері.

Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу мен жарық бөліну мен өте тез жүретін химиялық тотығу реакциясы. Жану реакциясы болу үшін жанғыш заттың көп мөлшері және тұтатқыш көзі болуы керек. Жану процесі гомогенді және гетерогенді деп екіге бөлінеді.

Гомогенді жану дегеніміз – бастапқы заттар бір агрегаттық күйде болатын жану. Мысалы: газ-газ, сұйық-сұйық. . Гетерогенді жану дегеніміз- бастапқы заттар әртүрлі агрегаттық күйде болады және жанғанда бөліну шекарасы байқалады. Мысалы: қатты және сұйық заттың оттегі қатысында жануы. Жанудың жалынының таралу жылдамдығына байланысты дефлаграциялық (ондық м\с), жарылыстық (жүздік м\с), детонациялық (мыңдық м\с) бөледі, көбінесе өрттер дефлограциялық жанумен ерекшеленеді. Жанғыш және тотықтырғыштардың қатынасына байланысты қоспаларды кедей және бай қоспалар деп бөледі. Кедей қоспалардың құрамында тотықтырғыштар көп болады, ал бай қоспалардың құрамында жанғыш заттардың мөлшері көп болады. Өздігінен тез жүретін химиялық жану реакциясының 3 түрі бар: жылулық, тізбектік, комбинирленген.

Шынайы жану процесі комбинирленген, тізбектік, жылулық механизм бойынша өтеді. Жану процесінің пайда болуының бірнеше этапы бар: тұтану, жарқ етіп жану, тұтанып жалындау, өздігінен жану, атылып жану.


Жанудың және жарылыстың физико-химиялық негіздері. Жану және жарылысқа қажетті жағдайлар.

Жану – жылу және жарық бөлінуімен бірге жүретін тотығудың химиялық реакциясы. Үрдістің жүру жылдамдығына байланысты жану өздігінен жану және жарылыс түрінде болуы мүмкін.

Жарылыс – қалыпты мөлшерде жарық пен жылудың аз уақытқа бөлінуімен жүретін жанудың жеке түрі.

Жану процесі үшін:



  • Жанғыш заттан және тотықтырғыштан тұратын жану ортасы

  • Жалын көзі болуы керек.

Жану үрдісі пайда болуы үшін жану ортасы жалын көзінің көмегімен белгілі температураға дейін қыздырылған болуы керек. Жану пайда болғаннан кейін жану аумағы жанудың тұрақты көзіне айналады. Жанудың пайда болуы немесе жалғасуы жанғыш зат пен оттегінің белгілі жану көзінің жылулық энергиясының қоры болғанда ғана мүмкін болады. Тұрақты жанудың үлкен жылдамдығы таза оттегіде байқалады, ең азы ауада 14-15 пайыз оттегі болғанда байқалады. Ауада оттегі аз болғанда заттардың үлкен бөлігінің жануы тоқтайды.

Жанудың келесі түрлері:



  • толық- оттегінің жеткілікті немесе артық мөлшеріндегі жану;

  • толық емес – оттегі жетіспгендегі жану.

Толық жану кезінде көміртегі оксиді, су, азот, күкіртті ангидрид, фосфорлы ангидрид жану өнімдері болады. Толық емес жануда өткір иісті, улы жанғыш және жарылысқа қауіпті заттар түзіледі: көміртегі оксиді, спирттер, қышқылдар, альдегидтер т.б. Заттардың жануы тек оттекті ортада ғана емес, сонымен қатар хлорлы, бром буы бар күкіртті орталарда да жану жүруі мүмкін.

Жанғыш заттар үш агрегаттық күйде болады: сұйық, қатты, газ тәрізді. Жеке қатты заттар қыздырғанда ериді де, буланып кетеді, тағы біреулері ыдырайды және газ тәрізді өнімдер мен көмір түріндегі қатты қалдық бөледі, келесілері ыдырамайды және балқымайды. Жанғыш заттардың көпшілігі агрегаттық күйіне тәуелсіз қыздырған кезде газ тәрізді өнімдер түзеді, олар оттегімен араласқанда жанғыш ортаға айналады. Жанармайды және тотықтырғышты агрегаттық күйіне байланысты былай бөледі:



  • гомогенді жану – газ тәрізді тотықтырғыштыортада газдардың және бу түзуші жанғыш заттардың жануы.

  • жарылғыш заттардың және күкірттің жануы

  • гетерогенді жану газ тәрізді тотықтырғышты ортада сұйық және қатты жанғыш заттардың жануы

  • сұйық жанғыш қоспа – сұйық тотықтырғыш жүйесіндегі жану


Жалынның таралуы. Жану теориясының негізгі сұрағы. Жалынның таралуының келесі режимдерін қарастырады:

  • жанудың қалыпты режимі;

  • дефлеграционды жану;

  • детонация.

Жанудың қалыпты режимі екі фазалы диффузионды гетерогенді жану кезінде байқалады. Жану жылдамдығы оттегі дифузиясының жану аумағына жанғыш заттарға жетуімен анықталады. Жалынның таралуы жалынның алдыңғы нүктесінен оның жазықтығының нормасымен анықталады. Мұндай жануды және жазықтың бойымен қозғалмайтын қоспа арқылы жалынның таралу жылдамдығы қалыпты деп аталады.

Жанудың қалыпты жылдамдықтары үлкен болмайды. Мұндай жағдайда қысымның артуы және соққы толқынының пайда болуы да болмайды.

Нақты шарттарда ішкі үрдістердің және сыртқы асқындырушы факторлардың әсерінің нәтижесінде өрт фронтының бұрылуына әкеледі, бұл жану жылдамдығының өсуіне әсер етеді. Өрттің таралуы секундына 10-100м жеткенде жарылысты жану болады. Жарылысты жануда жану өнімдері 1,5-3000 градусқа дейін қызады, ал жабық жүйелердегі қысым 0,6-0,9мПА-ға дейін артады.

Жану реакциясының жарылыстық режимге дейін жету үшін газдарда 0,1 сек, буларда 0,2 сек, шаңда 0,5 сек жеткілікті.

Кейбір жағдайларда жарылысты жану детонациялы процеске айналуы мүмкін, мұнда өрттің таралу жылдамдығы дыбыстың таралу жылдамдығынан асып кетеді және 1-5 км/сек болады. Бұл жағдай өрт фронтының бұрылуына және өрт бетінің үлкейуіне әкелетін материалды ағындардың үлкен турбулизациясы кезінде туады.Бұл кезде соққы толқыны пайда болып, қоспа температурасының тығыздығы және қысымы бірден өседі. Қоспаның осы параметрлері артқан кезде детонациялық толқын пайда болады.

Қоспаның детонациялық бұлтының шегіндегі артық қысым 2мПА-ға дейін жетеді.

Жанғыш заттардың соққы толқынымен енгізілетін және энергияның тез бөлінуімен қоса жүретін химиялық процесс детонация деп аталады.


Өзін өзі тексеру сұрақтары:


  1. Пәннің жалпы мазмұны, міндеттері.

  2. Негізгі түсініктер, анықтамалар

  3. Жану процессінің анықтамасы. Жанудың түрлері.

  4. Жану түрлері: түгелдей, жартылай, гомогенді, гетерогенді, дефлаграциялық жарылғыштық, детанациялық.

2 дәріс. Жану өнімдерінің құрамы. (3 сағат)


Жалпы сұрақтар

  1. Жану кезіндегі ауаның шығыны.

  2. Адиабаттық жану температурасы.

  3. Жанудың тізбектік реакциясы. Реакция жылуы.


Жану кезіндегі ауаның шығыны. Жануэнергияның қарқынды бөлініп, қоршаған ортамен жылу және масса алмасуы арқылы жүретін физикалық-химиялық реакция. Жану реакциясы жүру үшін жүйеде активті аралық заттардың (тізбекті жану) немесе жылудың (жылулық жану) жинақталуы шарт. Ең көп тарағаны — жылулық жану Жылулық жану — әр түрлі формада өтетін күшті экзотермиялық реакция. Жануға: жүйенің бүкіл көлемінде реакция жылдамдығының өздігінен үдеуі (өздігінен тұтануы); сырттан әкелінген энергия көзінен шағын көлемде реакция жылдамдығының өздігінен үдеуі (отпен тұтату); кеңістікте тарайтын реакцияны тар аймақта жүргізу; белгілі бір көлемде алғашқы заттарды әкеліп, реакция өнімдерін алып кетіп отырғанда өздігінен қызуы болатын жоғары температурада жүретін стационарлық немесе квазистационарлық реакциялар жатады. Жанудың және оны өшірудің мынадай жағдайлары бар: температураны, қысымды, жүйе өлшемін, т.б. аздап өзгерткенде баяу жүретін реакцияның жану режиміне өтуі немесе, керісінше, жану тоқтауы мүмкін. Реакция гомогенді жануда реагенттердің молекулалық деңгейде араласқан қоспасында, ал гетерогенді жануда жануға қатысатын заттардың бөліну шекарасында жүреді. Буланатын сұйық жанғыш заттардың ауамен жанасуы кезінде пайда болатын гетерогенді жану кең таралған. Жану өнімдері газ, конденсацияланған заттар түрінде болуы мүмкін. Конденсацияланған фазадағы газсыз жануда бастапқы және аралық заттар, реакция өнімдері болады. жанудың химиялық табиғаты әр түрлі. Жану, негізінен, оттек қатысуымен жүреді. Сондай-ақ, оттексіз жану реакциялары да белгілі: ацетиленнің, жарылғыш заттардың, бір компонентті реактивтік отынның ыдырауы; металдарды хлорлау, фторлау, азоттау және гидрлеу; элементтерден карбидтерді, боридтерді, силицидтерді тікелей синтездеу, т.б.
Өрт немесе жарылыс қауіпі бар материалдар мен құралдар көрсеткіші. Заттардың және материалдардың өрт немесе жарылыстың қауіпі оның агрегаттық күйі және оны пайдалану жағдайларына тәуелді болатын көрсеткіштермен анықталады.

Заттардың және материалдардың өрт және жарылыстық қауіпінің сипаттамасына жеткілікті және қауіпті көрсеткіштер саны олардың өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтауына байланысты нысанның өрттік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйесін жетілдірушімен анықталады.

Төменде заттардың және материалдардың негізгі көрсеткіштері және олардың тәжірбиеде пайдалану облысының түсініктері келтірілген.

Жанғыштық тобы- заттарды және материалдарды жану қабілеттілігіне жіктеуде пайдаланылатын өрт қауіптілігінің негізгі көрсеткіші. Жанғыштығына байланысты заттар мен материалдар 3 топқа бөлінеді: Жанбайтын – ауада жануға қабілетсіз заттар мен материалдар: қиын жанатын – жану көзі арқылы ауада жанатын, бірақ жану көзі болмаса, өздігінен жанбайтын материалдар мен заттар. Жанатын - өздігінен жана алатын, жану көзінен де жанатын және жану көзі болмаса да, өздігінен жана беретін заттар мен материалдар. Жанғыш заттар мен материалдар тобынан оңай тұтанатын заттар мен материалды бөліп қарастырады. Оңай тұтанатын заттар деп төмен энергиялы жану көзінің аз уақыттағы (30 сек дейін) әсерінен тұтана алатын заттарды және материалдарды айтады. Жанғыштық тобы материалдарды жанғыштығы бойынша бөлу кезінде бөлмелердің және ғимараттардың өрт және жарылыс қауіпінің сапасын анықтауда, жарылыс қауіпі бар аймақтардың кластарын белгілеуде, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды әзірлеуде қолданылады.

Оталу температурасы – жанғыш заттың беткі қабатында арнайы сынақтар өткізгенде жану көзі арқылы тұтануға мүмкіндігі бар булар мен газдар пайда болады. Ең төменгі температура. Оталу температурасы ұғымы сұйықтардыөрт қауіптілігі бойынша жіктегенде өндірістегі жарылыс және өрт қауіпінің деңгейін белгілеуде пайдаланылады.

Тұтану температурасы - арнайы сынақтар шарттарында зат өзінен булар мен газдарды тұрақты жанатын жалын тудыратын жылдамдықпен бөлетін ең төмен температура. Тұтану температурасы ұғымы заттардың жанғыштық топтарын белгілеуде, жабдықтардың және технологиялық процестердің өрт қауіпін бағалауда пайдаланылады.

Өздігінен тұтану температурасы- арнайы сынақтар шарттарында жалынды жануымен аяқталатын экзотермиялық реакциясының жылдамдығы бірден артуы болатын зат температурасы. Бұл ұғым заттардың өрт және жарылыс қауіпінін бағалауда, жарылыстан қорғалған электр жабдығының типін таңдауда қолданылады.

Өрт таралуының жоғарғы және төменгі концентрациялық шегі- «Жанғыш зат-тотықтырғыш орта» қоспасындағы жанармайды минимал (максималды) мөлшерінің болуы.

Өрттің таралуының температуралық шегі заттың қаныққан буының нақты тотықтырғыш ортада концентрация түзетін температура өрттің таралуының концентрациялы шегіне сәйкес.

Өздігінен қызу температурасы – заттың өздігінен қызуы бықсуға немесе жалындап жануға қабілетсіз болатын ең төмен температура.

Өздігінен қызу температурасы ұғымы затты қыздырудың қауіпсіз шарттарын таңдауда, технологиялық процестердің өрттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолданылады.

Бықсу температурасы- бықсу пайда болып, аяқталатын экзометриялық тотығу реакцияларының жылдамдығының бірден өсуі болатын температура. Бұл ұғым өрттің себептерін сараптауда кеңінен қолданылады.

Жылулық өздігінен тұтану жағдайлары қоршаған орта температурасы, зат массасы және оның өздігінен тұтану сәтіне дейінгі уақыт арасындағы тәжірбие арқылы алынған қатынас. Жылулық өздігінен тұтану жағдайларын бағалау нәтижесі өздігінен тұтанатын заттарды сақтау және тасымалдаудың қауіпсіз жағдайларын таңдауда пайдалану керек.

Оталудың минималды энергиясы- газдың, будың, шаңның ауамен араласқан оңай тұтанатын қоспасын оталдыруға қабілетті электр разрядының энергиясының мәні. Бұл ұғым технологиялық процесстердің электростатикалық және ұшқын шығару қауіпсіздігіне қолданылады.

Оттег индексі – арнайы зерттеулер жағдайында заттардың шырақ тәрізді жануы мүмкін болатын оттегілі-азотты қоспадағы оттегінің минимал мөлшері. Оттегі индексі мәні төмен жанғыштыққа ие полимерлі композицияларды өңдеуде және қатты заттардың жанғыштығын бақылауда қолданылады.

Сумен, оттегімен және басқа заттармен әсерлескенде жарылу және жану қабілеті-кейбір заттардың ерекше өрттік қауіпсіздігін сипаттайтын сапалық көрсеткіш.

өрт таралуының қалыпты жылдамдығы өрт фронтының беткі қабатында перпендикуляр бағытта жанбаған газға қатысты өрт фронтының ауысу жылдамдығы. өрт таралуының қалыпты жылдамдығы мәні газды, булы қоспалардың жарылыс қысымының көтерілу жылдамдығын есептеуде қолданылады.

Күлге айналу жылдамдығы –уақыт бірлігінен жанып кететін жанғыш зат мөлшері. Күлге айналу жылдамдығы өрт жағдайларында заттың жану қарқындылығын сипаттайды.


Жану өнімдерінің улылық көрсеткіші – жану кезінде тәжірибе жануарларының 50 процентін өнімге әкелетін өнімнің жабық кеңістіктің көлем бірлігіне қатынасы. Жану өнімдерінің улылық көрсеткішінің мәні полимер материалдарды салыстырып бағалауда қолданады.

  • төтенше қауіпті – улылық көрсеткіші-13г/м3

  • жоғары қауіпті – улылық көрсеткіші- 13 тен 40 г/м3 дейін

  • қалыпты қауіпті - улылық көрсеткіші- 40 тан 120 г/м3 дейін

  • аз қауіпті - улылық көрсеткіші- 120 г/м3 тан жоғары.

Минималды жарылыс қауіпі болатын оттегі мөлшері – қоспада жанғыш заттардың қандай концентрациясы болса да қоспаның тұтануы мен жануы мүмкін болмайтын концентрация. Бұл технологиялық жабдықтың өртке және жарылысқа шыдау режимін таңдауда, пневмокөліктің қауіпсіз жұмыс жағдайларын таңдауда қолданылады.

Жұмыстың максимал қысымы – газ, бу, шаңды қосылыстың жабық ыдыста 101,3 кПА бастапқы қысымда жарылуының ең жоғары қысымы. Бұл технологиялық процестердің өрт және жарылыс қауіпсіздігінің шараларын қарастыруда қолданады.

Жарылыс кезінде қысымның арту жылдамдығы- шаңды, газды, булы қоспаның жарылыс қысымына тәуелді болатын жарылыстың өнімділік қысымы. Қысымның арту жылдамдығын сақтандырғыш құрылғылардың есептеулерінде пайдалану керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет