Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Жану және жарылыс теориясы» пәнінен 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған


ГОСТ 6382-2001 (ИСО 562-98, ИСО 5071-1-97). Межгосудар-ственный стандарт. Топливо твердое минеральное. Методы опреде-ления выхода летучих веществ. М.: ИПК Издательство стандартов, 2002. – 6 с



бет5/6
Дата15.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#136846
1   2   3   4   5   6

5 ГОСТ 6382-2001 (ИСО 562-98, ИСО 5071-1-97). Межгосудар-ственный стандарт. Топливо твердое минеральное. Методы опреде-ления выхода летучих веществ. М.: ИПК Издательство стандартов, 2002. – 6 с.


4 тәжірбиелік сабақ «Сұйық отынның жарқ ету және тұтану температурасын анықтау»
1 Жұмыстың бағыты
Жұмыстың мақсаты – мазуттың (жанармайдың) жарқ ету және тұтану (жалындау) температурасын анықтау. Алынған көрсеткіштерді мазуттың негізгі көрсеткіштерімен салыстыру, тегін (маркасың) анықтау.
2 Теориялық сипаттама

Жарқ ету (вспышка) температурасы деп, сұйық отынның (немесе басқадай мұнай өнімдерінің, мысалы, жанармайдың) нақтылы жағдайда қыздырылғанда бөлінетін будың мөлшерінің қоршаған ауамен қоспасының жалынды жақындатқанда тұтану температурасын айтады. Бұл жағдайда отынның өзі әлі жанбайды.

Егер отынға жалынды жақындатқан кезде будың тұтануынан кейін (5 сек кем емес) отынның өзі жанса, ол температура тұтану (воспламения) температурасы деп аталынады. Бір мұнай өнімдері үшін екі температуралық айырмасы аса үлкен болмайды, әдетте 60-70°С аспайды. Отынның жарқ ету және тұтану (жалындау) температурасы қайнау температурасының қысымы азайған кезде артады.
3 Зертханалық қондырғының сипаты

Қондырғының құрамында: (3 сурет) ішкі құмыраша (1); сырты құмыраша (2); термометр (3); штатив (4); барометр (5); үш деңге дейін қыздыратын электрлі қыздырғыш (6):

1 – ші деңгей – қуатты максималды – 800 кВт, 2 – ші деңгей – орта қуатты – 400 кВт, 3-ші деңгей – аз қуатты – 200 кВт.
4 Жұмысты орындау тәртібі

Мазуттың жарқ ету және тұтану (жалындау) температурасы 4333-87 мемлекеттік стандартқа (ГОСТ) сәйкес, ашық құмырашада төмендегідей анықталады:

1 Бензинмен жуылған таза және құрғатылған құмырашаның 20°С температурасына дейін газды қыздырғышта қыздырып, қыздырылған құм салынған сыртқы құмырашаға (тигельге), орналастырады. Ішкі құмырашаға мазутты шеңберлі (кольцевой) деңгейге дейін құяды.

Сурет 3 – зертханалық қондырғы


2 Ішкі құмырашаға, термометр құмырашының ішіндегі отынның дәл ортасында болғандай етіліп тігінен орналастырылады.

3 Сыртқы құмырашаны қыздыратын электрлі қыздырғышты екінші деңгейіне қойып мазутты 50 °С дейін, минутына 10 °С жыл-дамдықпен қыздырады.

Температура 50°С жеткізілген отынға сусыздандыру үшін, қатты қызып тұрған ас тұзы мен немесе калций сульфаты қосылады. Сусыздандырылған отынды 90°С температураға дейін минутына 4°С көтеріп қыздыру үшін электрлік қыздырғышты үшінші деңгейге қою керек.

4 Мөлшері 90°С температурада (тұтану температурасы шамасында 10°С төмен) білтені (фитиль) жағып, мазуттан 10-14 мм қашықтықта құмырашаның шетінен екінші шетіне дейін жалынды екі-үш секундта айналдыру керек. Бұндай тәжірибені әрбір екі градус сайын, температураны көтеріп отырып, бірінші тұтануға дейін қайталау керек. Тұтану кезіндегі термометрдің көрсеткіші кестеге кіргізіледі.

5 Отынның тұтану температурасын анықтаған соң, оны әрбір 2°С температураға көтеріп жаға отырып, минутына 4°С жылдам-дықпен қыздыру керек.

Жалындау температурасынан, сол сәтте термометрмен дәлелденетін температура алынады. Ол сыналатын отынға жалынды тигізген кезде пайда болады және ол кем дегенде 5 секунд жанады.

Сынау көрсеткіштері төмендегі кестеге кіргізіледі.

Кесте



Тәжірибенің жасалу уақыты, минута.

Қыздыру жылдамдығы,

град/мин


Термометр көрсеткіші,

°С


Тәжірибенің басталуы
















5 Өлшеу көрсеткіштерін өндеу

Тұтану мен жану температурасы, t'жарқ ету және t'тұтану сәйкес белгіленіп, тәжірибенің нәтижесінде анықталады. Алынған көрсеткішке ∆t деген түзету енгізіледі, егер армосфералық қысымы (давление) бірқалыпты қысымнан (760 мм. сынап бағанасы) ауытқуы болса мына өрнек ( формула) бойынша анықталынады


∆t=0,0345*(760-Р), °С
мұнда: 0,0345 – атмосфералық қысым 1 мм сынап бағанасына өзгерген кездегі жарқ ету температурасының өзгеруі; Р- тұтану температурасы белгілі болғандағы қысым, мм с.б.

Жарқ ету мен тұтану температурасы түзету есебімен

tжарқ ету = t'жарқ ету ± ∆t, °С,

tтұтану =t´тұтану ± ∆t, °С.


Түзетуді барометрлік қысым 760 мм сына бағанасынан төмен болған кезде қосады да, ал егер ол 760 мм сынап бағанасынан жоғары болса алып тасталынады.
6 Зертханалық жұмысқа дайындық үшін тапсырма

Бұл жұмысты алғаш орындайтын студенттер, жұмыстың орындалу нұсқауымен танысуы керек, жұмыстың мазмұны мен сипаттамасымен және де бақылау сұрақтарында қойылған сұрақтарды пысықтап, тиісінше жауап бере білу керек.


7 Бақылау сұрақтары

1 Отынның жану жылулығы дегеніміз не?

2 Шартты отын дегеніміз не?

3 Қазан агрегаттының жандыру қондырғыларында сұйық отынның қайсысы жанады?

4 Мазуттың қандай таңбалары (маркалары) болады?

5 Мазуттың жарқ ету температурасы дегеніміз не?

6 Отынның төменгі жану жылулығы Qрн оның Wp ылғалдылығымен қалай байланысты?

7 Мазутты қайдан алады?

8 Мазуттың таңбасындағы М100, М40... әрпінің артындағы сандар нені көрсетеді?

9 Сұйық отын тамшыларының жануы мен қатты отын жануының механизм арысындағы айырмашылық неде?

10 Тұтану температурасы дегеніміз не?
8 Қолданылған әдебиеттер

1 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых электростанций. – М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.

2 Панкратов Г.П. Сборник задач по теплотехнике. М.: «Высшая школа», 1986. – 248 с.

3 Белосельский Б.С., Вдовченко В.С. Контроль твердого топлива на электростанциях. Учебник для вузов. – М., 1987. – 176 с.

4. Мунц В.А. , Павлюк Е.Ю.  Основы теории горения топлив : Учеб. пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. – 102 с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет