ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет14/14
Дата09.06.2016
өлшемі0.99 Mb.
#124612
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Бақылау сұрақтар:

Минералдардың химиялық құрамы бойынша жіктелу ерекшелігі?

Тау жыныстарының түрлері?

Жер бедерінің негізігі формаларын ата?


Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

12. Тақырып: Жердің су қабығы.



Мақсаты: Жердің су қабығымен танысу.

Міндерттері: Жердің су қабығына жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

Гидросфера. Қазіргі күні гидросфера деп үш түрлі агрегаттық күйде болатын сұйық, қатты, газ тәріздес, Жердің су қабығын айтады. Гидросфераның төменгі шегі ретінде мантияның жоғарғы шекарасы (Махоровигич беті), ал жоғарғы шекарасы – атмосфераның жоғарғы қабаты қабылданған. Гидросфераның құрамына дүние жүзілік мұхиттар, құрылық сулары - өзендер, көлдер, батпақтар, мұздықтар, атмосфера ылғалы, көлдер мен теңіздердің қазан-шұңқырларының түбіндегі және мәнгі мұздықтардың астындағы сулар енеді.

Жер бетіндегі сулардың 0,006% - ы өзендердің, 0,25%-ы тұщы көлдердің, 0,03%-ы атмосфераның үлесіне тиеді.



Дүние жүзілік мұхит.

Жер шарының су қабығы – Дүние жүзілік мұхит деп аталатын біртұтас бет. Оның ауданы 361,3 млн км2 (жер бетінің 71%) , орташа тереңдігі 3,7 км, көлемі 1 370 000 000 км3 (гидросфера көлемінің 94%).



Теңіз дегеніміз – көршілес бөліктерден физикалық және химиялық қасиеттерімен, (тұздылығы, температурасы, мөлдірлігі т.б.) экологиялық жағдайымен, ағыстары мен толысуларының сипатымен ерекшеленетін мұхиттың аздыкөпті оқшауланған бөлігі. Морфологиялық және гидрологиялық ерекшеліктеріне байланысты теңіздер шеткі, жерорталық (ішкі құрылықтық және құрылық аралық) және арал аралық деп жіктеледі.

Шығанақтар – судың құрылыққа еніп жатқан бөлігі. Шығу тегіне, жағалауларының құрылысына, формасына қарай шығанақтар: фьорд, бухта, лиман деп те аталады.

Мұхиттарды, теңіздерді және шығанақтарды бір-бірімен бұғаздар жалғастырып жатыр. Өте енді және терең бұғаз – Дрейк бұғазы (Оңтүстік Американың оңтүстігінде) – орташа еңі 986 км, орташа тереңдігі 3111 км, ал ең ұзын бұғаз Мозамбик бұғазы – 1760км.



Көлдер және батпақтар.

Көл қазан шұңқырларының пайда болуы әр түрлі. Тектоникалық көлдер (Байкал, Ладога, Онега, АҚШ-тағы Ұлы көлдері) жер қыртысының төмен ойысқан жерлерінде; вулканды көлдер (Камчатка көлдері) сөнген вулкандардың кратерлерінде; мұздық көлдер (Ильмень, Селигер) мұздықтар жырып кеткен немесе мореналық төбелер аралықтарындағы қазан шұңқырларға іркіліп жиналған



Батпақтар. Көлді шөп басып, ыза суы деңгейінің артуынан, астыңғы қабаты су өткізбейтін жыныстардлан құралған жерлерде жауын-шашынның қатты жаууынан, т.б. жағдайлардан батпақтар ойпат жерлердеші батпақтар және үстірттік батпақтар болып екіге бөлінеді. Ескі көл орнындағы қазан шұңқырлар мен өзен жайылмаларына ойпаттық батпақтар пайда болады. Үстірттік батпақтар су айрықтарда және көбіне бұрын құрғақ болған, көтерінкі жерлерде болады. Үстірттік батпақтарда ылғалдығы мол болатын шымтезек мүгі көп өседі де, алғаш тамырларының ауамен тыныс алуына мүмкіндік бермейді, сөйтіп, олар шіріп, құлайды.Тұтасқан мүк қабатынан топыраққа жылу де өте алмайды, ал өсімдіктер топырақтан суық суды сіңіре алмайтын болғандықтан „физиологиялық куаңшылыққа“ тап болады.

Мұздықтар.

Құрылық аумағының 11% -тін мұздықтар алып жатыр. Материк мұздықтары және тау мұздықтары болады.

Антарктида, Гренландия және Антарктиканың кейбір аралдарын материктік мұздықтар жауып жатады. Гренландиядағы мұздықтың қалындығы 2000 м-ге дейін барады.

Тау мұздықтарының көлемі әлдеқайда кіші, олар өздері бойлай түскен аңғар пішіндес болады. Мәнгі қарларының төменгі жиегін қар жиегі деп атайды. Олар сол жердегі таулар мен рельефтің климатына байланысты әр түрлі биіктерде болады.



Өзендер және жер асты сулары.

Өзендер жылғаларда уақытша ағып жанатын су мен шағын өзендердің үздіксіз тасқын суға айналуынан пайда болады. Пайда болуына байланысты жер асты суларын бірнеше типтерге бөледі:



  • Инфильтрациялық су атмосфера ылғалының су өткізгіш қабатқа сіңуінен түзіледі;

  • Конденсациялық су аудағы будың жердегі жыныс құыстарында, жарықтарында шық тәрізді қоюлануынан түзіледі;

  • Седиментациялық су деп жыныс шөккен кезде арасына сіңіп қалған теңіз суын айтады;

  • Ювенильды деп магмадан бөлініп шыққан суды айтады. Магмадан бөлінген су буы терең тектоникалық жарықшақтарды бойлап жоғары көтерілген кезде қоюланып, газдар мен түрлі қосындыларға бай суға айналады.


Бақылау сұрақтар:

Гидросфераға жалпы сипаттама.

Ішкі су қоймалары.

Дүние жүзілік мұхит.

Жер шары гидросфераның түрлі бөліктері туралы не білесіңдер?

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

  2. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

13. Тақырып: Атмосфераның құрамы және құрылысы.



Мақсаты: Атмосфераның құрамы және құрылысымен танысу.

Міндерттері: Атмосфераның құрамы және құрылысына жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

Геосфераның ең жоғарғы қабаты атмосфера болып табылады – ол Жердің ауалы немесе газды қабығы.

Атмосфераны температуралық көрсеткіштерге орай бес сфераға бөледі. Ең төменгі қабат тропосфера деп аталады. Онда барлық ауа массасының 80% -ке жуығы шоғырланған, сондықтан ол ең тығыз қабат.

Тропосферадан кейінгі тікбағыттағы қабат стратосфера деп аталады. Оның төменгі жағы тропопаузамен (өтпелі қабат) шектеледі, ал үстіңгі денгейі 50-60 км болады.

Стратосфера қабатының үстінде, шамамен 50-80 км биіктікте, мезосфера жатады. Бұл қабаттағы температура нольден бірнеше ондаған градусқа төмендейді.

Мезосферадан жоғары жүздеген километрге дейінгі биіктікте ионосфера қабаттары созылып жатады. Бұл қабаттардағы ауа өте сирек болады.

Ионосферада поляр шұғыласы және түн аспанын сол тәрізді жарқырататын сәулелер байқалады: ионосферада магнит өрісінің кенеттен ауытқуы нәтижесінде магниттік дауылдар болып өтеді. Ионосфераның 800 км биіктегі температурасы жүздеген градустарға жетеді. Сондықтан ионосфераны термосфера деп те атайды.

800-1000 км-ден жоғарыда болатын атмосфера қабаттары экзосфера деп аталады.



Күн радиациясы. Жер бетінің белгілі бір ауданына келіп түсетін күн радиациясына сандық көрсеткіш – энергиялық жарықтануы немесе радиация ағының тығыздығы, яғни белгілі бір ауданға белгілі бір уақыт аралығында келіп түсетін сәулелі энергия шамасы.

Ауа температурасы. Атмосфераның төменгі қабаты Жер бетінің жылуынан қызады. Сондықтан тропосфераның төменгі қабаттарындағы ауа температурасы оның жердің бетіне қалай орналасқанына да байланысты болады.

Атмосферадағы ылғал. Ауадағы ылғалдылық үнемі су буы түріндеболады. Ауа температурасы жағарылаған сайын, ылғалдық та арта береді. Белгілі жағдайдағы ылғалдықта су буына қаныққанауадан су тамшысы немесе қатты түйіршікті жауын-шашын пайда болады. Ауадан Жерге шық, қырау, жаңбыр, қиыршық, бұршақ, қар түрінде жауған ылғал атмосфералық жауын-шашын деп аталады.

Ауа ылғалылығының көрсеткіштері абсолют және салыстырмалы ылғалдылықтар болып табылады.



Атмосфералық қысым. Ауаның салмағы болады, сондықтан ол Жер бетіне қысым түсіреді. Ауа қысымы теңіз деңгейімен есептегенде биіктігі 760 мм болатын сынап бағанасының салмағына тең.

Бақылау сұрақтар:

Атмосфера құрамы, құрылысы?

Күн радиациясы?

Атмосферадағы ылғал?

Атмосфералық қысым?

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

  2. С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  3. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

14. Тақырып: : Климат туралы түсінік.



Мақсаты: : Климат туралы түсінікпен танысу.

Міндерттері: Климат туралы түсінікке жалпы сипаттама беру.

Методикалық нұсқаулар:

Ауа райы және климат. Кез келген жердің, ауа райы ауаның температурасы, атмосфералық қысым, желдің бағыты мен күші, күннің бұлттылығы мен ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын түрлері мен мөлшері жайындағы мәліметтер бойынша сипатталады. Жоғарыда көрсетілген метеорологиялық элементтер болатын кез келген жердің атмосфералық күйі ауа райы деп аталды.

Климат дегеніміз белгілі бір жердегі географиялық жағдайға байланысты сол жерге тән көпжылдық ауа райының режимі. Географиялық жағдайға тек ендік, теніз денгейінен биіктік қана емес, сондай-ақ жер бетінінің сипаты, топырақ жамылғысы,т.б. жатады.

Бақылау сұрақтар:

Ауа райы және климат дегеніміз не?



Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ж.Н. Мукашев Жалпы жер тану. Оку құралы. Алматы. "Қазак университеті" 2002.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.

С.А. Қусаинов Жалпы геоморфология. Алматы. Қазак университеті. 1998

  1. Неклюкова Жалпы жертану. Алматы., 1980

15. Тақырып: Табиғатты қорғау.



Мақсаты: Табиғатты қорғауымен танысу.

Міндерттері: ҚР ҚЫзыл кітабына жалпы сипаттама. ҚР-ның табиғатта қорғау туралы заңдарына жалпы сипаттама.

Методикалық нұсқаулар:

ҚР Қызыл кітабы. 1963 жылы Қызыл кітаптың 1 -басылымы, 1966 жылы 2-басылымы жарық көрді. Қазақстанның жануарларына арналған алғашқы Қызыл кітабы 1978 жылы жарық көрді. Ол толықтырылып 1991 жылы 2-рет шығарылды. Осы кітаптың 3-ші басылымы 1996 жылы қайта өңделіп, әрі толықтырылып шығарылды.

Оған дүниежүзілік Қызыл кітаптағыдай:

- ақ беттеріне сандары азайып келе жатқан, бірақ құрып кету қаупі жок, сирек түрлер енгізілді.

- сары беттерінде саны күрт азайып отырған түрлер жазылған.

- жасыл беттерінде табиғатқа ұқыптылықпен қарау нәтижесіңде сандары қалпына келтірілгендер орналастырылған.

Қазақстанда өсімдіктің 5,6 мыңнан аса түрі бар. Оның 760-тан астам түрі өсімдіктер, 1500 түрі азықтық техникалық өсімдіктер, 385-тен астамы "Қызыл кітапқа" енгізілген.

Жануарларға жойылу қаупін тудыратын себептер де сан алуан:

а) ірі жануарлар, киттер, пілдер, жолбарыстар терісі, еті үшін ауланады;

ә) коллекционерлерге, әуесқойларға зоопарктерге кейбір жануарларды: көбелектерді, құстарды, маймылдарды және кейбір өсімдіктерді: кактустерді сату табиғатқа үлкен зиян экеледі;

б) кейбір жануарлар табиғатта бәсекелесе алмайды, мысалы алып тасбақа жабайы қояндармен бэсекелесе алмайды, себебі екеуінің де қоректері бірдей;

в) алып панда - өте сирек жануар. Олар тіршілік ететін ормандар ауылшаруашылық далаларын тазалағанда көпшілігі өліп қалды. Қалған азын-аулағының өліп қалуына кейбір аурулар себеп болды;

г) адамның орманды, шөл далаларын игеріп, жаңа шаруашылықтарды салуы, жаңа қалалар, жолдар, шахталар т.б. тұрғызуы, қоршағап ортаны ластауы табиғатқа үлкен қауіп төндіретін әрекет.

Табиғатты қорғау жолдары.

а) Қорықтарда адамның шаруашылық әрекетіне тыйым салынған. Қазақстанда 9 ірі қорық бар: Алматы, Алакол, Аксу-Жабағылы, Барсакелмес, Үстүрт, Марқакөл, Батыс Алтай, Қорғалжың, Наурызым.

э) Заказниктерде табиғаттың белгілі бір бөлігі, мысалы сирек кездесетін өсімдіктер немесе жануарлар қорғалады. Онда адамның шаруашылық әрекетіне толық тыйым салынбайды, тек шектеледі.

б)Ұлттық парктер - қорықтарға ұқсас, олардың арасындағы негізгі айырмашылықтар: егер қорықтар туристерге жабық болса, ұлттық парктер

керісінше оларды қызықтырады, өзіне тартады. Онда туристерге арналған топ серуендік жолдар, қызықтайтын алаңдар, қонақ үйлер, автомобилъдер қоятын жерлер ұйымдастырылады. Сонымен қатар ұлттық парктерде табиғаттың адам жіберілмейтін, тимейтін бұрыштары болады.

в) Табиғат ескерткіштері - орманның өте бағалы бөлімі, жекелеген көне ағаштар, сарқырамалар, табиғатты көркем жартастар, тағы басқалар.

г) Көптеген сирек кездесетін жануарларды қорғауда ботаникалық бақтардың, ал сирек кездесетін жануарларды қорғауда зоопарктердің маңызы зор.

ҚР-ның табиғатта қорғау туралы заңдары

Еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және ондай аумақтарда табиғат байлықтарын корғау, сақтап қалу жэне көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты жүргізіліп келеді.

Қазіргі кезде республикамызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына мынадай табиғат байлықтары жатады.

1. Мемлекеттік табиғи қорықтар. Оған бұрынғы қорықтардың негізінде ұйымдастырылатын биосфералық қорықтар да жатады.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.

3. Мемлекеттік табиғи саябақтар. Табиғат қорғаудың мұндай формасы өзінше біздің елімізде ұйымдастырылған жоқ.

4. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Ондағы қорғауға алынған табиғат байлығының ғылыми, тарихи және табиғи маңызына байланысты республикалық және жергілікті мәні бар табиғат ескерткіштері деп бөлінеді.

5. Мемлекеттік қорықтың белдемдер. Табиғат қорғаудың мұндай жолы көбіне мемлекеттік қорықтармен шекаралас алқаптарда ұйымдастырылады.

6. Мемлекеттік табиғи қорықшалар (заказник). Мұндай аумақтардағы қорғалатын табиғи объектілердің ерекшелігіне сәйкес олар — кешенді зоологиялық ботаникалық, геологиялық ландшафтылық және т.б. бөлінеді.

7. Мемлекеттік зоологиялық саябақтар (зоопарк). Қазіргі таңда еліміздің үш ірі қаласында (Алматы, Қарағанды, Шымкент) зоологиялық бақ ұйымдастырылған.

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар (ботсад).

9. Мемлекеттік дендрологиялық саябақтар.

10. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аумақтар. Оған Теңіз Қорғалжың және Ырғыз-Торғай аумақтары жатады.

ІІ.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы.

12.Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми тұрғыдан құнды су айдындары

13.Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи, табиғи жағынан ерекше алқаптары.

14.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры.

15. Ерекше қорғалатын табиги аумақтар саласындагы бақылау.



Бақылау сұрақтар:

ҚР Қызыл кітабына енген өсімдіктер мен жануарлар?

ҚР-ның табиғатта қорғау туралы қандай заңдарын білесіңдер?

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер


  1. Қазақстаннаң Қызыл Кітабы..

  2. Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.

Қосымша әдебиеттер

  1. Естествознание и основы экологии. М., 2000.


Тақырыптар тізімі:

Өздік жұмыс жазба түрінде орындалады (реферат)




  1. Биология концепциялары Генетикалық кодтың жүзеге асуы немесе «Тұқым қуалау информациясын оқу».

  2. Гепатит, рак, СПИД..

  3. Биологиялық эволюция және адам..

  4. Эволюцияда гоминидтер бұтағының бөліну мәселесі.

  5. Ми және сана. Сананың құрылысы. Адам миының құрылымындағы иерархиялық принцип.

  6. Церебральды қыртысының физиологиялық анатомиясы. Кейбір спецификалық қыртыс аудандарының функциялары.



3.СӨЖ тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұскау.

Негізгі талаптар:

1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы кажет.

4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

4. Фактілер, фактілік материалдарды ірікгеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау — шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және төрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару — маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттін, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толыктырады, өзгертеді.



4. Студенттердін өздік жүмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уакыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.



5. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

• Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

• Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

• Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

• Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

• Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

• Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуте дағдыландыру;

• Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;



• Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет