ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстанудың экологиялық аспектілері»



бет3/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.63 Mb.
#175737
1   2   3   4

Табиғи ресурстарқоғамның дамуын қамтамасыз етуші, табиғат сферасында қалыптасатын және оның құрамдас бөліктері болып табылатын материя мен энергияның нақты түрлері. Табиғат ресурстарына литосфераның, гидросфераның, атмосфераның және биосфеарның элекменттері кіреді.

Шаруашылық тұрғыдан жіктеу ресурстарды пайдалану әдістерінен және бағыттарынан туындайды. Олар : жалпы және мамандырылған, салалық және құрамдас бөліктерден тұрады. Өнеркәсіптік өндірістің негізін құрайтын




ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 33-сі

минералдық ресурстар, су ресурстары, агроклиматтық, рекреациялық, биологиялық және т.б ресурстар бөліп қарастыруға болады. Бір салада табиғат ресурстарының бірнеше түрлері пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, ауыл шаруашылығында жер, топырақ,су, климат ресурстарын пайдаланады. Екінші жағынан, табиғат ресурстарының бір ғана түрі әр түрлі салаларда пайдалануы мүмкін. Өзендер, көлдер өндірісінің қажетін өтеу үшін немесе жол қатынасы ретінде де пайдаланылады.

Табиғат ресурстары сарқылатын және сарқылмайтын, қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.

Табиғат ресурстары

прямая со стрелкой 1прямая со стрелкой 2

Спрямая со стрелкой 3прямая со стрелкой 4прямая со стрелкой 5прямая со стрелкой 6арқылатын ресурстар Сарқылмайтын ресурстар


Қалпына Қалпына Ғарыштық : Су,жел энергиясы,

келмейтін: су, топырақ, Күн ауа

пайдалы өсімдіктер сәулесі массалары

қазбалар мен жануарлар
Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңыздылығы – ол адамды анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстардың пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасау керек. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылуы қаупі төніп тұрған заттар жатал\ды. Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңыздылығы – ол адамды анағұрлым приориттіресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады. Бұл ресурстардың пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасау керек. Екіншіден, қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар.

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 34-сі

байлықтар мен табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы салыстармалы ұғым.

Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы салыстырмаы түо\рде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.

Ресурстардың іштерінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша (саналық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның еке сфералар (мұхит, құрлық, атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін.

Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді. Бұл олардың мөлшерінің шектеулігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.

Сонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алығ шарты болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық ресурстарға айналуы түптеп келгенде адамға, оның ыждағаты мен талантына байланысты.



Дүние жүзінің табиғи ресурстары

1

2

3




Шикізат түрі

Табиғат ресурстарын пайдалану дәрежесі мен болашағының қысқыша сипаттамасы.



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 35-сі

Энергетикалық ресурстар

1

Мұнай

Қоры 270-300 млрд т. Жылына 3 млрд т жұмсалады.

Қоры 30-50 жылға жетеді



2

Табиғи газ

Қоры 270 млрд т, мұнай эквиваленті МЭ (145 трлн м3) жылына 2300 млрд м3 жұмсалады. Қоры 30-60 жылға жетеді.

3

Көмір

Қоры 10 трлн т (105 трлн т).Жылына 5 млрд т жұмсалады. Қоры 200 жылдан астам уақытқа жетеді.

4

Тақтатас

Қоры айтарлықтай (40 трлн т МЭ). Аз пайдаланылады.Өндірілу қиындығы мен қалыңдығының молдығына байланысты болашағы аз.

5

Шымтезек

Қоры айтарлықтай (150 млрд т көміртек бойынша).Күлінің көптігі және өндіру процесінің зиянды болуына байланысты мардамсыз пайдаланылады. Әлі де болашағы бар, әсіресе дамушы елдер үшін.


6

Өзендердің су энергиясы

Шектелуі. Туындаған эколгиялық проблемаларға қарамастан қарқынды түрде пайдаланылады. Әлі де болашағы бар, әсіресе дамушы елдер үшін.

7

Атом ыдырауы мен ядро синтезі кезінде бөлінетін энергия

Қоры шексіз. Энергияның бұл түрі өндіру мен қалдықтарды заласыздандырудың сенімді жолы табылғанша аса қауіпті.

8

Геометриялық энергия (Геожылу энергиясы)

Қоры айтарлықтай.Пайдаланылуы шамалы.Болашағы бар.

9

Теңіздердің толысуы мен қайту энергиясы,теңіз ағыстары

Қоры айтарлықтай. Пайдаланылуы шамалы.Болашағы бар

10

Күн радиациясы

Қоры іс жүзінде шексіз.Пайдаланылуы энергияның биосферадан табиғи шығып кетуімен шектелген.Болашағы бар.

11

Жел энергиясы

Ежелден пайдаланылады.Жергілікті маңызға ие.Осы мәнде болашағы бар.


Минералдық ресурстар (отыннан басқа)

12

Металл кендері Металл емес пайдалы қазбалар

Қоры біртіндеп сарқылуда.Қоры 15-20 жылға жететін мыс, қорғасын, күміс, алтыннан басқаның ресурстары мол.Өндіруді, реттеуді қажет етеді.



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 36-сы

Жер және топырақ ресурстары.

13

Топырақ

Дүниежүзілік дәрежеде күшті бұзылған.Эрозияға ұшыраған.Суармалы жерлердің 20%-ы сортаңдаған. Ғаламдық антропогендік шөлдену (құрлықтың 7%-ы) жүруде. Шұғыл реттеуді қажет етеді.

14

Жер бедерінің геоморфологиялық құрылымдары

Жекелеген аймақтарда өзгеріске ұшыраған (пайдалы қазбаларды игеру,адамдардың шаруашылық әрекеті).Назар ауадруды қажет етеді.

15

Тереңдегі геоморфологиялық құрылымдар

Шектеулі түрде өзгеріске ұшыраған (бөгендерді толтырудан,жер асты суларын алудан, ірі су айдындарының кеуіп кетуінен және т.б.Көңіл бөлуді қажет етеді.)

Өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі.

16

Өсімдік биомассасы

Қоры дүниежүзілік деңгейде төмендеген.Көңіл бөлуді және реттеуді қажет етеді

17

Өсімдік жамылғысының биомассасы

Қорын шектелген ауқымда ғана жоғарылатқанда шаруашылық өнімділігі болады.

18

Өсімдіктердің гинетикалық-түрлік құрамы

Өсімдік түрінің 10%-ға дейінгі бөлігінің жойылып кету қаупі бар.

19

Жануарлар дүниесінің биомассасы

Қоры жалпы алғанда тұрақты.Көңіл бөлуді және реттеуді қажет етеді.

20

Жануарлар дүниесінің шаруашылық өнімділігі

Қоры жалпы қажетті деңгейден төмен. Молайту мүмкіндігі бар (әсіресе жеке аумақтарда).Аква және теңіз жануарларының болашағы бар.

21

Жануарлар дүниесінің гинетикалық-түрлік құрамы

Шамамен,1000-ға жуық ірі жануар түрлеріне жойылып кету қаупі төніп тұр,ал ұсақ жануарлардың шамасы белгісіз.Қорғауды шұғыл қажет етеді.

Су ресурстары

22

Мұхит және теңіз ресурстары

Мөлшері айтарлықтай өзгермеген.Таяз сулар біршама қышқылдануға ұшыраған.Дүниежүзілік деңгейде алғанда ауыр металдардың мөлшері ұлғаюда. Мұхиттың ластану деңгейі шектелген қалыптан асады деп күтілуде

23

Көлдер,бөгендер

Қоры шамамен 500 км3 су.Сулар қышқыл жаңбырлар әсерінен, қалдық сулармен ластанады.

24

Ағын сулар

Көптеген жағдайда күшті антропогендік өзгеріске ұшыраған және қарқынды пайдаланылады. Күшті ластанған.Су ағыны бұзылған.Көңіл бөлуді және реттеуді қажет етеді.

Климаттық және рекреациялық ресурстар

25

Табиғи климаттық ресурстары

Антропогендік факторлардың әсерінен шұғыл өзгеріске ұшырау қаупі бар. Реттеуді қажет етеді




26

Жалпы экологиялық теңдестік ресурстары

Қоры сарқылуға жақын. Географиялық ортаның қалпына келместей өзгеру қаупі бар. Көңіл бөлу және реттеудің шұғыл шаралары қажет.




27

Рекреациялық ресурстар

Сарқылу жылдам жүруде.Ластануда. Көңіл бөлуді және реттеуді қажет етеді.




ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 37-сі

Кеңістік және уақыт ресурстары

28

Аумақ,су,мұхит кеңістігі ресурстары

Аумақ ресурстарын пайдалануға үнемсіздік,тиімсіздік байқалуда.Қалдықтардың аса шоғырлануы байқалады. Көңіл бөлуді және шешу шараларын қажет етеді.

29

Кеңістік дәне уақыт ресурстары

Ең жеткіліксіз ресурстардың бірі.

Б.Скиннердің (1989) мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7 % болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4 %-ға ратып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, имнералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7 %-ға артып отырса, ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп келеді, бірақ оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.

Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы ерекше назар аударады. Себебі, олар энергия мен көптеген азық-түлік алудың негізі көзі болып табылады. Сонымен қатар оларды пайдалану ғаламдық мәселелер : парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б. туғызған атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының біруіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы сақталса, онда барланаған мұнай қоры шамамен 30-40 жылға, газ 40-50 жылға, көмір 70-80 жылға.

Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы. Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық,физикалық,биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын айтамыз. Ластандырушы заттарға тее улы заттар ғана емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Ластанушы жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез-келген агент ретінде бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі :


  • Шығу тегі бойынша : табиғи және жасанды (антропогенді) ;

  • Пайда болу көзіне байланысты :

а) өндірістік,ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 38-сі

ә) нүктелік (өнеркәсіптік орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіптік орын), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін) ;

  • Әсер ететін ауқымына байланысты : ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

  • Қоршаған ортаның элементтері бойынша : атомсфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулар және т.б.)

  • Әсер ететін жеріне байланысты : қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б.;

  • Әсер ету сипаты байланысты : химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті,радияциялық жылулық, шу электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б.)

  • Әсер етудің периодтылығына байланысты : бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері) ;

  • Тұрақтылық дәрежесі бойынша : өте тұрақты – жүз және мың жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы мен метан,фреондар), тарқсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртсутек, азоттың қостотығы, азон қабатындағы фреон).

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналуы эффекті жоғары. Кез-келген ластаушы заттың үш параметрі бойынша бағалауға болады : қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффектінің пайда болуы қамтамасыз етеді.

Өндірілетін ресурстардың тек 2-3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады,ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс , шлактар және т.б.)

Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесінде қоршаған оратға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 миллион органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын оларың саны бірнеше мыңға артып отырады.

Жер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы қазіргі дағадарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосферамен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұзиттың бетінің 15-25 % ластанған. Қазіргі кезде



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 39-сі

атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивтік ластануы зор қауіп төндіріп отыр.

Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.

Биосфераның жылулық байланысының бұзылуын атмосефраның шаңдануының артуын, өсімдік жабынының булануының өзгеруі,топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз ететді. Мұнайлы қабықша булануды 20-30%-ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1-3 С –ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Қазақстанның қазба байлықтары.

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазасқатн дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші орында, марганец және молибден – үшінші, мыс-төртінші, уран-бесінші, алтын-алтыншы,темір кені-жетінші, қалайы мен никель-сегізінші, көмір мен табиғи газ-тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Қазақстанда барланаған тас көмір және қоңыр көмір қоры 200 млрд. Тоннадан астам. Көмір бассейіндерінде Қарағанды, Екібастұз,Майкөбен,Обаған,Жіліншік,Теңіз-Қорғалжын,Шу,Іле және Орал-Каспий жатады.

Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі болып табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсат 15-ші, мұнай қорының өндіру -23 орында. Қазақстанның үлесіні барланаған әлемдік мұнай мен газ кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат-шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.

Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орынындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 40-сі

Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. монна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл проинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары барланған.

Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80 % Торғай,Теміркен бассейінінде орналасқан. Бассейіннің ірі кен орындарына Соколов, Сарыбай, Қашар,Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процессте темір кенінен басқа ванади, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыштар ретінде пайдаланылады. Алатау темірмарганец басейінінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылған. Бассейіндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер 80 млн тоннаны құрайды.

Марганец кендері Атасу темірмарганец бассейінінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда ,Қаратауда , Маңғыстау мен Семейде анықталған.

Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындығы 80 км, ені 0,6-30 км дейін созылған, қалыңдығы 100 –деген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60 % дейін . Бұл кен орынына дүниежүзінде тең келетін кен орны жоқ. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан 1-ші орынға шықты.

Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарағада, Ақтауда,Семейде табылған.

Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1 % және молибден 0,22 %. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадий бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатуы мен Жезқазған аймағында кездеседі.

Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда,, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланаған. Ұлытау , Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры белгілі.

Қазақстан түсті, бағалы және сирек кездесетін металдардың көптүрлілігімен, байлығыме сипатталады.

Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше оырн алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, ТОрғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты, Амангелді, Обаған, Жоғары Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.

Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері барланған.



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 41-сі

Никель және кобальт кендері Ақтөбе,Қостанай , Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейінде никель кен орындарының 30-ның ішінде 14-і жұмыс істейді. Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққараға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері Кемпірсайдан басқа Семей мен Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өңдеу барысында кобальт та алынады.

Галий Амангелді және Торғай бокситтерінде , Алтайдың полиметалл кендерінде кездеседі.

Индий Мырғалымсай, Текелі, Майқайың полиметалл кендерінен алынады.

Рений Жезқазғанның мыс кендерінен табылған. Талий Алтай кендерінен, Жезқазған және Қоңырат кен орындарынан алынады.

Қазақстанның үлесіне уарнның дүниежүзілік қорының 25,7 проценті тиеді. Уран кен орындары Созақ ауданында, Маңғышылықта, Қордайда, Атбасар ауданында және Көкшетаудың бірқатар ауданында орналасқан.

Қазақстан рудалы емес пайдалы қазбаларға да бай. Калий тұздары маңызды химиялық шикізаттық ресурстардың бірі болып табылады. Калий тұздарының қоры республикамыздың батыс бөлігінде, Жайық-Жем аймағында орналасқан.

Полиметалддық кендермен әдетте серіктес болатын барит қоры Жалайыр, Бадам, Шағанақ және т.б. кен орындарынан табылған. Жыл сайын полиметаллдық кендерден 1,1-1,2 млн тонна флотациялық бариттік концентрат өндіріледі.

Фосфориттерге Қаратау баурайы және Ақтөбе тобы бай. Қаратау тауындағы тау-кен өндірісі ертеден беогілі. Қаратау тау жотасының кен орындары мен іздері корбанаттық жыныстардың арасында орналасқан. Ащысай кен орны Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде Түркістан қаласынан 70 км жерде орналасқан. Оны 1873 жылы орыс табиғат зерттеушісі Н.А.Северцов ашқан.

Марғалымсай кен орны 1930 жылы Қарасай геолог., тау-кен барлау партиясының аға коллекторы Мырғалым Фахрезетдинов ашты. Ащысай кендерінен ерекшелігі Мырғалымсай кенінің құрамында бөліп алуға күміс, барий және т.б. пайдалы компоненттер бар.


  1. Тектоникалық бұзылулармен жарылған карстылы жыныстар белдеуіндегі жер асты сулары – Мырғалымсай, Үшбас;

Топырақты ресурстар. Негізінен жазық дала әр түрлі типті сұр топырақтармен жабылған. Ең қолайлысы – ашық сұр топырақтар. Жер

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 42-сі

биітеген сайын тоыпрақтың түрлерінде зоналылығын сақтай отырып өзгереді : нағыз сұр топырақ, күрең сұр топырақ, күлгін, қара және тау шалғындық топырақтар.

Тау етегінде табиғат жағдайлары суармалы, ал жоғары бөлігі-тәлімді егіншілік жүргіщуге қолайлы. Аралық белдеулерде екеуін де бірдей қолдануға болады. Жоғары таулы жерлер егіншілікке қолайсыз, тек жайылым ретінде ғана маңызды болып табылады.

Тауға жақын белдеу салыстырмалы түрде жақсы ылғалданған. Бұл тұрақты тәлімді жерлер. Топырақ жабыны таулы-даланың ашық және нағыз сұр топырағынан тұрады.

Ең оңтүстік бөлігін оазистік көп карбонатты сұр тоыпрақтар алып жатыр. Бұл жерлерде тек суармалы егіншілік жүргізіледі.

Агроклиматты жағынан алғанда облыс территориясын мына белдеулерге бөлуге болады.


  1. Құрғақ,ыстық шөл белдеуі. Облыс территориясының басым бөлігін алып жатыр. Бетпақдала , Мойынқұм, Қызылқұм. Оған сондай-ақ облыстың орталық бөлігі де кіреді.

  2. Өте қуаң ыстық тау етегіндегі белдеу. Түркістанның, Алғабастың, Түлкібастың , Сайрамның, Леңгірдің, Қызғұрт аудандарының тау еетгіндегі бөліктері.

  3. Таулы белдеу.Қаратау жотасы мен Батыс ТЯнь-Шаньның етегі. Түркістанның Созақтың, Алғабастың, Түлкібастың, Леңгірдің және Қазығұрт ауданының таулы бөліктері.

Табиғи шаруашылық жағынан облысты төмендегі белдеулерге бөледі :

  1. Шөлді қаракөл қой шаруашылығы дамыған мал шаруашлық белдеуі;

  2. Мақта өсіру шаруашылығы дамыған суармалы егістік белдеуі;

  3. Суармалы егіншілік дамыған тәлімді егіншіліктің таулы – дала белдеуі;

  4. Шөлді дала-Шардара су қоймасы.

Жануарлар дүниесі. Құстар. Облыс территориясында жыл құстары мен тұрақты мекен ететін құстар тіршілік етеді. Тұрақты құстарға үй құстары мен көк кептерлер жатады. Жыл құстарына - қызғылт бірқазан жатады. Наурыз айының басында ұшып келеді. Наурыздың екінші жартысында қарай 1-1,5 мыңға жетеді. Ең соңғы бірқазандар қазанның ортасында ұшып кетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзенінің бассейнінде қиқулаған аққу қыстан шығады. Қаржантау тау жоатларында, Ақсу-Жабағылы қорығында бүркіттер таралған. Өгем тау жотасында, Қызылқұмның Шығыс


ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 43-сі

бөлігінде көгілдір құс мекендейді. Сәуір айынла ұшып келеді де қазан айында ұшып кетеді.

Сүтқоректілер. Ең көп тарағаны және көп түрлілігімен көзге түсетін топ қолқанаттар отряды. Қаратаудың оңтүстік-батыс бөлігінде Қошқарата өзенінің сағаларында үнді жайрасы мекендейді. Оларға жарқанаттар жатады. Қазір олардың 10 түрі қорғау шараларын қажет етеді.

Бетпақ далада мынандай жануарлар мекендейді : қояндар, құлақты кірпі, қарақұйрық, аққұлақ, борсық, түлкі, қасқыр, арқар, ақкіс , қабан, сусар т.б.

мекендейді.

Табиғи ресурстардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік-экономикалық прогресстің шындарында шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи (немесе жараиылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресурстардың әртүрін қажетсінуін біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минетте тіршілік ете алмацды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүреді. Табиғи ресурстарды иегруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресурстарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсересе қымбат тұратын техника ме технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресурстар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады. Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары экономикалық ресурстарға айналады.

Қосымша сұрақтар:

1. Табиғатты тиімді пайдалану

2. Қоршаған ортаның ластануы


9 Дәріс. Адамзат мәселелері.

Дүние жүзі елдерін түгелдей қамтыған қаржылық, экономикалық дағдарыс кезеңінде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оны одан әрі тиімді дамыту және елімізде азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың әлеуметтік-экономикалық және саяси мәні зор болып отырғаны белгілі.

Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің қатарына енеді және өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі деңгейден 3-5 есе артық өнім өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Сонымен

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 44-сі

қатар, сарапшылар аграрлық сектор есебінен ІЖӨ-нің өсімі жаһандық дағдарыс салдарынан болып отырған кедейшілікті азайтуға басқа секторлардың ІЖӨ-нің өсуіне әсер етуі жағынан 4 есе тиімді болатынын нақты жобалармен айқындап беріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның аграрлық секторында шешімін күтіп тұрған күрделі әлеуметтік-эконо¬ми¬калық проблемалар да жоқ емес.

Елбасы өзінің 2009 жылдың 6 наурызындағы Жолдауында аталған саланы ұтымды түрде дамытуға барын¬ша мән беріп, “Агроөнеркәсіптік ке¬шен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз”, деп ерекше атап көрсетті.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені, оның негізгі құрамы – ауыл шаруашылығы, соңғы жылдары дүние жүзіне кең тараған қаржы-экономикалық дағдарыстың күшті ықпал етуі жағдайында дамып отырғаны белгілі. Дегенмен, дағдарыс аясының кеңеюі мен күрделенуі, отандық аграрлық жүйеге дер кезінде мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің нәтижесінде кейбір елдердегідей бұл сала рецессияға ұшырамай, белгілі бір деңгейде даму қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Сонымен қатар, соңғы жылдары ауылшаруашылық өнімдері көлемінің ұлғаюы байқалады. Өндірілген өнім ағымдағы бағалармен есептегенде 2007 жылы 1,1 трлн. теңге деңгейінде

болса, 2008 жылы 1,3 трлн. тең¬ге болып 18,2% өскен, ал 2000 жылмен салыстырғанда 3,3 есеге өскен.

Аграрлық секторды мемлекет тарапынан қол¬дау мақсатында 2008 жылғы бөлінген қаражат 2007 жылмен салыстырғанда 1,7 есе ұл¬ғайды, оның ішінде тікелей қолдауға (суб¬сидия) бөлінген қаржы 2,0 есе, кредит ретінде берілгені 2,2 есеге өсті. Соның нәтижесінде аса қажетті дақылдардың егістік көлемін ұлғайтуға, агроөнеркәсіп жүйесін технологиялық және тех¬никалық жағынан жарақтандыруға мүмкін¬діктер туды. Әсіресе елімізде жетіспейтін өнім түр¬лері – майлы дақылдар, қант, көкөніс, же¬міс-жидек өнімдерін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлінді, яғни өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында аса қажетті дақылдардың егістіктерін ұлғайту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда майлы дақылдар егістігі – 35%, көкөніс, жеміс-жидек – 17%, қант қызылшасының егістігі 39% өсті.

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында “Азық-түлік корпорациясы” АҚ арқылы дәнді дақылдарды мемлекеттік қорға отандық тауар өндірушілерден нарықтық баға¬мен сатып алу мақсатында бюджеттен 12,0 млрд. теңге қаражат бөлінді. Мал шаруашы¬лы¬ғы жүйесінде де оңды өзгерістердің қалып¬тас¬қаны байқалады. Мысалы, 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал 2,8% көбейген және сәйкесінше қой мен ешкі – 5,0%, шошқа – 1,0%, жылқы – 6,0%, түйе-3,4% және құс 10,5% өскен.

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 45-сі

Дегенмен мал ша¬руа¬шылығында асыл тұқымды малдың үлес салмағы әлі күнге дейін төмен деңгейде қалып отыр және оның деңгейі төмендегідей: мүйізді ірі қара – 4,3%, қой мен ешкі – 7,4%, жылқы – 2,6%, түйе – 10%. Ал ғылыми негізге немесе озық тәжірибеге сүйенсек, сапалы өнім алу үшін асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 30% кем болмауы қажет. Сонымен қатар, мал ша¬руашылығын ұтымды дамытуды тежеп отырған басқа да факторлар бар. Мысалы, 2007 жылы жүргізілген бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының мәліметтері бойынша ауыл¬дық өңірдегі үй шаруашылығында мүйізді ірі қараның – 85%, қой мен ешкінің – 77,0%, жылқы мен шошқаның 79,0% шоғырланған екен. Яғни бұл жүйеде заман талабына сай өнім өндіру мен оны өңдеудің өндірістік озық технологиясын ендіру үшін арнаулы орта және ірі кәсіпорындар жүйесін қалыптастырудың қажеттігі туындап отыр.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қазіргі орын алған экономикалық дағдарыс кезінде одан әрі шиеленісе түсуі мүмкін. Сондықтан да алда шешуін күтіп тұрған ең күрделі мәселе – бұл агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі даму деңгейін төмендетпей, одан әрі тұрақты даму үдерісін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қолдауды күшейту.

Әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін 2009-2011 жылдары республикалық бюджеттен 350 млрд. теңге болу көзделген. Оған қосымша агроөнеркәсіп кешенін қолдауға және одан әрі дамытуға “ҚазАгро” холдингінен 1,0 млрд. доллар (150 млрд теңге) көлемінде қаражат қарастырылған. Бұл іс-шараларды әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялармен біріге отырып жүзеге асыру көзделген. Мемлекет тарапынан бөлінетін инвес¬ти¬цияны бірінші кезекте жұмыс істеп тұрған және өнімі экспортқа бағытталған кәсіпорын¬дар мен салаларға жұмсау қарастырылған.

Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін толық қамамасыз ету проблемасын шешудің маңызды бөлігі – ол рыноктағы тұтыну бағасын тұрақтандырып, оны халықтың басым көпшілігінің қолы жететіндей деңгейден асырмауды қамтамасыз ету болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі дегенде, біз көбінесе отандық өнімдер көлемінің халықтың тұтыну сұра¬нысын қанағаттандыруы тұрғысынан қараймыз да, оның шешуші көрсеткіші – халықтың сол өнімдерге экономикалық тұрғыдан қол жеткізу мүмкіндігін, яғни олардың бағасының халықтың табысына сәйкес болуын ескере бермей¬міз. Демек, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайтумен қатар, халықтың әл-ауқатын жақсартуда да экономикалық даму тетіктерін жүйелі үйлестіре жүргізу қажет.

Бұл мәселені жүзеге асыруда төмендегідей жағдайларды ескеру қажет сияқты. Еркін рынок жағдайында кез келген тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде реттеледі деген түсінік бар екені белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жолымен дамыған елдерде эко¬номикалық жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін тек қана

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 46-сы

ерікті баға саясаты жүргізілмейді. Әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, соның ішінде халыққа аса қажет азық-түлік түрлерінің бағалары мемлекет тарапынан тікелей де және жанама жолдармен де үнемі реттеліп отырады. Нарықтық экономика жағдайында тауар ұсынысының көлемі мен оның сұраныс деңгейінің арақатынасы бағаны өзі реттейді деген қағиданың ғаламдық интеграция мен бәсекелестіктің күшеюі жағдайында үнемі жүзеге аса бермейтін соңғы жылдардағы күрделі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер көрсетіп отыр. Сонымен бірге оның ішкі рынокқа, жалпы еліміздің экономикасына да кері әсерін тигізетіні анық. Осы орайда айта кететін бір жәйт – ол халық арасында тұтыну ба¬ғасының өскені ауылдағы тауар өндіруші¬лер¬дің толық пайдасына шешіледі деген үстірт пікір қалыптасқандығы. Нақты мәліметтерге жүгінсек, өнімді сату бағасы жылдан-жылға өсіп келеді, бірақ оның қарқыны базардағы, дү¬кендердегі тұтыну бағасының өсу қарқы¬нынан әжептеуір кем. Сондықтан мемлекет ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауды күшейте отырып, дамыған шетелдердегідей ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік бағасын тікелей және жанама түрде реттеу механизмдерін қолдануы керек.

Дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне қарасақ, олардағы баға реттеу тетіктері тек тауар өндірушілердің ғана мүддесін емес, сонымен бірге тұтынушылардың да мүддесін қорғауға және импортты шектеуге бағытталған. Мысалы Жапония ауыл шаруашылығының негізгі өнімдерінің бірі күрішті ел ішінде өз тауар өндірушілерінен ынталандыру мақсатында әлемдік бағалардан 6-8 есе жоғары бағамен са¬тып алады. Сонымен қатар бұл өнімнің импор¬ты¬на шектеу де қойылған. Біздің республикада да азық-түліктің бағасын реттеу мен оның тұрақты қорын жасау үшін ауылшаруашылық өнімдерінің біраз көлемін (әлеуметтік маңызды түрлерін) мемлекет кепілді бағамен, өнім өндірушілерден (шаруалардан) сатып алу механизмін енгізу қажет деп ойлаймыз.

Жоғарыда аталған күрделі жағдайларды реттеу, шетелдерде мемлекеттік қорға астықты жеткілікті мөлшерде сатып алып, қажет кезінде тауарлық (астық) интервенция жүргізу арқылы ұтымды түрде шешімін табатыны белгілі. Егер мемлекет бұл мәселені өз құзіретіне алса, біріншіден, көптеген мемлекет қаржысы үнемделер еді, екіншіден, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін бұл өнімдердің кепілді, тұрақты сату көзі болып табылар еді. Қорыта айтқанда, болашақта ауыл шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлемін көбейтумен қатар, субсидия бөлу мен бағаны реттеу тетіктерін жетілдіру – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторлары болып қала бермек.

Қосымша сұрақтар:

1. Энергетикалық және шикізат ресурстарының сарқылуы.

2. Азық-түлік және су мәселесі.



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 47-сі

10 Дәріс. Қоршаған орта күйін болжау.

Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін кең көлемде жағуға байланысты атмосфеардағы бос оттегінің қоры азайып, көмірқышқыл газының мөлшері артуда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртек ацналымы бұзылды деуге болады.

Атмосфера табиғи және жасанды жолмен ластанады.

Табиғи ластану – атмосферада үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретін таьиғи процестер нәтижесінде түзіледі және минералдық, органикалық, ғарыштық болып үш түрге бөлінеді.

Тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, жанартаулар атқылауы, орман, дала және шымтезектердің өртелуі минералдық шаңның түзілуіне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар – бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары менн өсімдіктердің тозаңдары түрінде эәне өсімдіктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері түрінде болады. Табиғи ластанудың бір түрі – ғарыштық шаң атмосферадағы жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі. Бір жыл ішінде оның мөлшері 2-5 млн тоннаға дейін жеетді.

Жасанды ластану – атмосфераны ластаушылардың ең негізіглері транспорт түрлері және олардан бөлінетін жану өнімдері болып табылады. Қоршаған ортаға көміртек, күкірт және азот оксидтерімен бірге бензиннің құрамына кіретін концерогенді заттар , мысалы, 3,4 бензопирен мен қорғасын өте зиянды әсер етеді. Атмосфераға транспорттардан бөлінген газдардың құрамында 25-25 қорғасын болатыны анықталған.

Қазіргі кезде бүкіл газбен және шаңмен ластаушы жылу электр станциялары болып табылады. Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 тонна күкіртті ангидрид және 16-17 тонна күл бөледі. Атмосфераның антропогенді ластану жолдары жылу энергетикасы, мұнай, газ өңдеу өнеркісңптері , транспорт т.б арқылы жүреді.

Атмосефраның ауыр металдармен ластануы – ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды проблемаларының бірі болып отыр. Кейбір есептеулер бойынша, бүкіл адамзат қоғамы кезеңінде 20 млрд тонна темір қоршаған ортаға таралып, ластап отыр деуге болады . Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне зиянды әсерін тигізеді.

Атмосфераның радиоактивті ластануы нәтижесінде радияциялық әсерету байқалатын болғандықтан, өте қауіпті болып саналады. Радияциялық әсер –



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 48-сі

радиоактивті заттардан бөлінетін радиоактивті заттардан бөлінетін радиоактивті сәулелердің әсері. Радияциялық әсерлердің шығу көздері – қарапайым ғарыштық сәулелерден бастап, экологиялық апаттар болып табылатын ядролық қаруларды сынау, атом ядролық станциялардағы авариялар т.б.

Радиактивті элементтерді өндіру мен атом қондырғыларын, қозғалтқыштарын іске қосу жұмыстары кезінде атмосфераға өте қауіпті радиоактивті заттар бөлінуі мүмкін.

Атмосфералық ауаның ластануымен күресу – күрделі мәселлердің бірі, әрі үлкен материалдық шығын мен күшті қажет етеді. Дегнмен, ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі заманғы даму деңгейі адам ағзасы мен қоршаған ортаға зиянды әсер ететін заттардың түзілуін және бөлінуін азайтып, ластанудың алдын алудың іс-шараларын жасауға мүмкіндік береді.

Қосымша сұрақтар:

1. Әлемдік жер қойнауын пайдалану

2. Жердің ғаламдық дамуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет