ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Жас ерекшелігі және әлеуметтік психологиясы»



бет1/3
Дата05.07.2016
өлшемі260.5 Kb.
#179462
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



4 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.09

/03-2010


«Жас ерекшелігі психологиясы» пәні бойынша

оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы




Редакция № 2 02.09.09. орнына Редакция №




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Жас ерекшелігі және әлеуметтік психологиясы»

«5В050300» – «Психология» мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2013



Алғысөз


ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің

“ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Бураханова А.Т.

“______” ______9___ 20 ж

2.ҚАРАЛДЫ


    1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында

Хаттама №______”__»_______ 20 жыл
Кафедра меңгерушісі:
2.2.ГФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №______”__»________ 20 жыл


Төрағасы _______
3.БЕКІТІЛДІ

3.1.Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №______”__»________ 20 жыл
ОӘК төрағасы, бірінші проректор_________

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

  1. Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.

  2. Агрессия латын тілінен тура аударғанда (aggredi) “шабуыл жасау” деген мағынаны білдіреді. Психологиялық түсінікте агрессия дегеніміз адамға немесе топ адамдарына қарсы, оларға белгілі бір психологиялық немесе физикалық қастық жасауға бағытталған жеке адамның немесе топтың әрекеті және осындай белгілер байқалатын әрекет-қылық .

  3. Әлеуметтену – баланың әлеуметтік тәжірибені оның интеллектуалдық және жеке дамуына сәйкес меңгеру процесі немесе нәтижесі.

  4. Генезис – құбылыс немесе заттың пайда болу сәтін де сол сияқты заңды даму процесі.

  5. Генотип – адамның ата-тегінен мұраға алатын қандай да бір белгілер немесе гендер жиынтығы.

  6. Гипофиз – Омыртқалы жануарлар мен адам миының астында жататын төменгі ми қосалқысы, ішкі секреция бездері.

  7. Гормондар – биологиялық белсенді заттар, ішкі секреция бездері қызметінің жемістері.

  8. Даму дағдарысы – көп жағдайда адамның бір физикалық немесе психологиялық жастан екіншісіне өтуде байқалатын қиындықтар.

  9. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  10. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  11. Инсайт – адамның қандай да бір мәселенің шешімін күтпеген жерден табуы.

  12. Инфантилдік – ересек адамда балалық жасқа тән дене немесе психикалық келбет сақталудан көрінетін дамудың кешеуілденуі.

  13. Когнитивтік сфера – сана және танымдық процестермен байланысты адам психологиясының бір бөлігі.

  14. Орта – организмнің туып, дамып және өмір сүретін сыртқы шарттар, факторлар мен объектілердің жиынтығы.

  15. Локомация – жануарлар мн адамның кеңістікте белсенді қозғалып жүруін қамтамасыз ететін қимылдар жиынтығы.

  16. Манипуляция – көбінесе заттың атқаратын міндетін ескермей-ақ жасалынатын бір немесе екі қолдың қарапайым қимылы.


2 Дәрістер

1 тақырып: Жас ерекшелік психологиясының пәні

а) Жас ерекшелік психологиясына кіріспе

б) Жас ерекшелік психологиясының пайда болуы

в) Жас ерекшелік психологиясының тармақтары


Отбасында әртүрлі жастағы балалар тәрбиеленеді. Сондықтан әр ата-ананың, отбасы мүшелерінің тәрбие мен білім беру жүйесінде балалардың жас кезеңдерін еске алуы қажетті шарттардың бірі.

Соңғы жылдар ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мәселесіне аса зор көңіл бөлуде.

Зерттеу мәліметтері бұл мәселе жөнінде әлі де болса бірыңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Педагог-ғалымдар балаларды тәрбие және білім беретін жүйенің сатылары бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мысалы, бөбек жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар.

Соңғы жылдары жас кезеңдерін атап айтқанда, жаңа туған баладан бастап, жас өспірімдік шаққа дейінгі аралыққа өзгерістер енгізілді. Олар жеті сатыдан тұрады:



  1. Жаңа туған бала (туған сәттен...бір-екі айға дейін)

  2. Нәрестелік шақ (1-2 айдан бір жылға дейін)

  3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)

  4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4 жастан 7 жасқа дейін)

  5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11-12 жасқа дейін)

  6. Жеткіншектік шақ (11-12 жастан 14-15 жасқа дейін)

Жас ерекшелік психологиясы-психология ғылымының саласы. Пәннің зерттейтіні-адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, психикалық процестің онтогенезі және жеке адам дамуының психологиялық жағдайы.

Жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып: балалар психологиясы, бастауыш мектеп психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы жатады.

Жас ерекшелік психологиясы пәні-жас ерекшеліктерінің психикалық процестерін, жеке даму факторларын оқытады. Жас ерекшелік психологиясы пәнінің жалпы оқыту объектісі-бала, жеткіншектер, жас өспірімдік кезең.

Бұл сала оқыту мен ақыл ойдың және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

Бұл сананың ең көрнекті бөлшегі-балалар психологиясы, бөбектер мен жас өспірімдердің есею процесін зерттеп, қайткенде бұлар сапа жағынан тиісті дәрежеге жете алатынын зерттейді.

Жас ерекшелік психологиясының қарастыратыны: бала психологиясы (туғаннан 18 жасқа дейін), үлкендер психологиясы (студент жасы мен гереонтология, яғни қартаюды) зерттейтін ілімі жатады. Осылардың ішінен біз тек бала психологиясына тоқталатын боламыз.

Баламен тек психология ғылымы ғана айналысып қоймайды, өзге ғалымдар да (педагогика, анатомия мен физиология) өз саласы тұрғысынан зерттейді.

Бала психологиясы тек мектепке дейінгі балалармен айналысып қана қоймай мектепте оқитындардың ұғымталдығын және ой-өрісінің, интеллектісінің қалыптасуымен де айналысады. Осыған орай «есею» деген ұғым бұрынғыдан қазір өзге мағынада қолданылады: бұл сан-алуан есептерді шығарудағы шеберлік, тапқырлық, не өзге пәндердегі мазмұнды ұғынып, солардың тиісті қорытынды жасай алуы т.б.

Жасөспірім психологиясы сол сан алуан ұғымталдық, ақыл т.б. және осыларды туғызатын жағдайлар мен факторларды және интелектінің қалайша қалыптасатынын зерттейді. Есеюге байланысты бұл жәйттерді зерттеу-балалар –бақшасы мен мектептер үшін маңызды мәселенің бірі. Өйткені әр жастағы баламен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу үшін, сол жұмыс үстінде ұқыптылық пен ақылдың қаншалықты дамитынын білу өте қажет.

Жас ерекшелік психологиясыының зерттеу үстінде тапқан мәліметтері тек оқу-тәрбие жұмысы үшін қажет емес, оның үлкен философиялық мәні бар.

Жас ерекшелік психологиясының өмірге келуі. XIX ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты.Жас ерекшелік психологиясының дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді.

Олар психиканың дамуын қайнар көздері мәселесіне зейін аудартты.

Жас ерекшелік психологиясының әдістері. Психология ғылымының саласы бола отырып, жас ерешелігі психологиясы ғылыми талдауға ұшырауы мүмкін психологиялық фактіні-бақылау мен экспериментті ашудың негізгі екі әдісін пайдаланады.

Психологиялық мәліметтерді алудың ерекше бір тәсілі-егіздер әдісі деп аталады.Оның мәні-бір жұмыртқадан өрбіген егіздердің психикалық дамуын бақылаулар мен эксперимент жағдайларында салыстырып көру. Бұл олардың тұқым қуалаушылық қорының бірдейлілігін еске ұстай отырып, орта мен тәрбие ықпалынан болатын бірқатар факторлардың әсерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады. Психиканың қалыптасу ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады.

Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері болып проблемасына зейін аудартты.

Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымын И.М.Сесенов те атап көрсетті.

Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты мәселе.

Оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, олардың аса маңызды тәсілдерін анықтап, балаға деген қарым-қатынасы ересек адамдармен салыстырғандағы оның өзіне тән ерекшеліктерін түсіну осы мәселенің шешілуіне байланысты.

XX ғасырдың басында жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әртүрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды.

Жас ерекшелік психологиясы мәселелерін ғылымды күрделі еңбектерімен байытқан белгілісоветтік психолог-ғалымдар Б.Г. Ананьев, И.И. Божович, П.Я.Галперин, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская нәтижелі зерттеді және зерттеп келеді.

Жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясы болды. Ол 50-жылдарда П.Я.Гальпериннің еңбектерінде қалыптасты.

Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының негізгі идеясы мынадан тұрады: білімдер алу оқушылардың іс-әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзеге асады.

Адам ой әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды,ол ойлауды үйренеді, ойлау операцияларын игереді. Педагогтың міндеті-осы процесті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысын да бақылап отыру.


Әр қилы психикалық процестерінің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сана мынадай тармақтардан тұрады деп айттық. Олар: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

Жеке адамның әсіресе балалық жас өспірім шақтарында дамып, жетілуі кң алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Жас ерекшелік психологиясы пәнінің негізі көңіл бөле қарайтын мәселесі жеке адамның рухани байлығы, оның көзқарасы, талабы мен әр алуан қабілеті көп жағдайда қалыптасқанына байланысты болады.

Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдері кездеседі. Нәтижелі мерзімді синзетивтік кез деп атайды.

Жас ерекшелік психологиясы пәні дамымай тұрған кезде жұрт балаларын оқытты, оқытпағанның өзінде тиісті шаруашылық салаларына (мал бағу, егін егу т.б.) үйретті. Үйретпесе де кішілер үлкендердің жұмысына еліктеп, соған ие болуға тырысты.

Осы кездерде туған туысқандары жас мөлшерімен санасып, кім жасына қарай қаншалықты ақылды, не ақылсыз екені туралы мәліметтер таратты.

XX ғасырдың басында жас ерекшелігі психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалады.

Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді.
2 тақырып: Даму факторлары


  1. Даму факторларына кіріспе

  2. Физиологиялық және әлеуметтік фактор

  3. Даму факторының адам психикасына тигізетін әсері.

Даму-баланың қоғамдық-тарихи тәжірбиені игеру процесі. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады.Жануарлар дүниесі мен адамның даму процестері мен сипаты мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі-биологиялық бекіген-тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінен жануарлардың ортаға дара икемделуі өріс алады.

Соңғы кездерде психикалық дамудың биологиялық немесе әлеуметтік факторларының ықпалы басым келеме,-осы жөнінде айтыстар болып, бірақ зерттеушілер келісімге келе алмай жүр. Оның себебі, биологиялық, не әлеуметтік факторлардың қайсысы психиканың дамуын шешеді деу пайда бермейді. Себебі, факторлардың әрқайсысы өзінше психикалық дамуында бөлек қызмет атқара алмайды: бірінің қызметі екіншісіне тәуелді.

Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды,тек психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ, кейде зерттеушілер «биологиялық» деген сөзді «тұқым қуалаушылық» мағынасында қолданады. Осылай болғанның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың: психикалық тұрғыдан қалай дамитындығын толық түсіндіре алмайды. өйткені тұқым қуалау қасиеті өзінен-өзі қызмет еттіріп «оятып» жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт. Бұл ілгеріде аталып кеткен педиология ілімі баланың ой-өрісін анықтауда тұқым арқылы берілетін қасиеттерге тек мән беріп, әлеумет ортасының, соның ішінде тәрбиенің тигізетін ықпалын жоққа шығарып келді. Осы кездерде ғылым үстірт дамығандығынан зерттеушілер «әлеумет ортасы», не тұқым қуалаушылық деген ұғымдарды таяз мағынада түсініп, соның нәтижесінде баланы зерттеуде сәтсіздіктерге ұшырады.

Адамның дамуына қоғамдық орта, тәрбие микроортасы қарым-қатынасы, іс-әрекеті мен қызметі себепші болды.

Педагогтардың сол негіздегі сәтсіздігі қолданған тәсілдерінен ғана емес, бала психикасының дамуын, 1-шіден, тұқым қуалаумен байланыстырып, бірақ осының не екенін дәлелдей алмаынан. 2-шіден, әлеуметке байланысты факторларды (тәрбие, оқыту) биологиялық факторлардан бөліп алып түсінуінен. Осы кемшіліктер қазір де ескеріліп, биологиялық және әлеумет факторларын бір-біріне қарсы қоюға болмайтыны мойындалды. Егер біз биологиялық факторды баланың туылғанынан (тұқымынан) берілген дене бөлшектері десек, осылар ешқандай роль атқармайды. Керісінше, тек адамнан адам тууы биологиялық кодтар («пішу» т.б.) арқылы берілген.

Сондықтан кейбір пікірлер бойынша, биологиялық фактор баланың өзі, оның іштен туа берілген несібесі. (шартсыз рефлекстер)

Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек түрткі, сол білінбей ұйықтап жатқан несібелерді оятып, соларды дамытуда негізгі роль атқарады.

Әлеумет ортасының атқаратын роліне келсек, мұның да бала психикасының дамуына тигізетін әсері тым үлкен.

Адамның психикалық дамуының әлеуметтік сабақтастығын түсіну, даму процесін тек біліммен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады дегенді білдірмейді. Адамныңдамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің күрделілігімен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені осылай қарастырғанда ғана даму жекелеген функциялардың жетілуі немесе сан жағынан көбеюі түрінен емес, адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді.

Адам психикасының дамуының негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру теория тұрғысынан алғанда қате болып табылады. Және практикада үлкен қиындықтарға әкеліп соқтырады, өйткені бұл жерде педагогика көпе-көрнеу пассивті роль бөлінеді. Маркстік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы адамның психикалық даму заңдары әлеуметтік жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру жағдайы мен тәрбиесінің күрделі жиынтығымен анықталады деген түсінікті басшылыққа алды.

Бұлай болған жағдайда дамудың биологиялық шарттарының, тұқым қуалаушылықтың, бала организмі дамуының нейро физиологиялық ерекшеліктерінің, оның психикасындағы дамуының ролі қандай?

Адамның психикалық (құрылымы) іс-әрекеті-өте күрделі құрылым. Оның ерекшеліктеріалдымен баланың тіршілігі және тәрбиесі мен сабақтас. Сөздік логикалық ес, ұғымды ойлау, заттық қабылдау және адамға тән басқа да жоғарғы психикалық функциялар биологиялық тұқым қуалаушылық жолмен қалыптасып берілмейді. Бұл олардың тарихи даму процесінде өзгерістерге ұшырап, жетіле түсуіне мүмкіндік береді.

Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті (ойлау-сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы, қозу мен тежелу функцияларының) процестерінің арақатынасымен ерекшеленеді. Психикалық басқа да көптеген компоненттерменен қоса осынау қарапайым функцияларды да қамтиды. Мысалы, адамның музыкалық қабілеттері мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математикалық ойлауы мен кеңістік анализі мен синтезі функциялар арасындағы байланыс белгілі. Әдетте, нышандар деп аталатын, қарапайым табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен қалыптасатын күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді.

Белгілі бір жағдайларда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс-әрекетті де айқындай бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне зақым келгенде қарапайым кеңістік синтезі бұзылады да мұның өзі есептей білуге зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір нышандар осы қарапайым функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей тәуелді емес психикалық іс-әрекет дамуы шарттарының бірі ғана болып табылады. Тіпті қарапайым функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған әсердің ықпалымен дамитындығы дәлелденіп отыр.

Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі- жоғарғы нерв қызметінің типі деп жорамалданады.

Ол нерв процестерінің күшін, қимылын және тепе-теңдігін сипаттайды. Алайда дамудың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір қалыпты болмай, өзі баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Мысалы, нерв процесінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларда тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта құру мүмкіндігінің ішінара негізі болса, 2-ші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.

Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуалай берілетін функциялар психикалық даму процесінің кейбір жақтарына әсер етуі мүмкін. Бірақ та олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны мен механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Солардың арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайы есептеледі.

Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі-ойлай білетін-адамның дүниеге келуі.

Алғашқы адамдар топтасып өмір сүрді. Кейін келе олар еңбек құралдарын бірлесіп істеп, оны бірлесіп пайдалана бастады.

Еңбек адамзат қоғамының дамуына, ұжымдық байланыстың тууына жағдай жасады.

Еңбек құралдарын жасау, онымен пайдалану адам организмінің анатомиялық құрылысына үлкен өзгерістер енгізді. Сүйектері, ми қабығының клеткалары, сондай-ақ бет әлпеті еңбек процестерінде біртіндеп даму үстінде болды.


3 тақырып: Нәрестелік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.

  1. Баланың үлкендермен қарым-қатынас ролі

  2. Сөйлеуді игерудің алғышарттарының қалыптасуы

  3. Қимыл мен іс-әрекеттің дамуы

  4. Айналасындағыларға бағдарлануды дамыту

Нәрестенің негізгі ерекшелігі-жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі. Егер органикалық қажеттілік дәрежеде қанағаттандырылса, онда олар кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа қажеттіліктер (әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым-қатынас қажеттіліктері) қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.

Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынада: оның көруі мен естуі дене қозғалысынан жылдамырақ дамиды. Баланы алдымен қозғалысы жетілетін хайуанаттар пәнінен осы ерекшеліктері ажыратады. Баланың жүйке жүйесімен сезім мүшелерінің дұрыс дамуына қажетті көру мен есту әсерінің түп негізі және бұл өте маңызды, осындай ықпалды ұйымдастырушы үлкендер болады.

Нәрестенің өмірі түгелдей үлкендерге тәуелді. Үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттігін де қанағаттандырады: оны қолына алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың қозғалғанын көруге, қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі болады. Негізгі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады.

Жадырау комплексінің өзінде-ақ баланың үлкендерге деген жағымды эмоциялық көзқарасы, онымен қарым-қатынас жасағаннан қанағат алатыны байқалады. Мұндай қарым-қатынас бүкіл нәрестелік кезең бойына ұлғая береді.

Егер бала қырсықтанып, ойнағысы келмесе, сол кезде қасына үлкен кісі жақындаса-ақ оның көңілі көтеріліп, ашуы басылады да, өзінен-өзі тағы да жалғыз қалып, алдыңғы ойыншығымен ойнай бастайды.Туғанына 4-5 ай болғанда үлкендерді таңдап, қарайтын болады. Сәби өз үйінің адамдарын басқалардан ажырата бастайды, таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады.

Дұрыс тәрбие әдістері үстінде, нәрестелік шаққа тән тікелей қарым-қатынас кешікпей белгілі бір затпен, ойыншықпен жасалатын қатынасқа ауысады да, үлкен кісі баланың бірлескен іс-әрекетіне айналады.

Үлкен адам мен баланың бірігіп қимыл жасауы үлкен адамның нәресте қимылын басқарумен, сондай-ақ сәби өзі орындай алмайтын іс-әрекетін атқару үшін үлкендерден жәрдем сұраумен сипатталады.

Бала мен үлкен кісінің бірлескен іс-әрекетінде бүкіл нәрестелік кезеңде ересектердің іс-әрекетінде еліктеу қабілеттілігі зор маңыз алады. 7-10 айда бала үлкендердің сөзін, қимылын бақылайды. Көбіне ол өзіне әсер еткен қимылды сол бойда емес, біраз уақыт өткен соң, кейде бірнеше сағаттан соң қайталайды. Бірнеше рет көрсеткеннен кейін ғана еліктеп, қайталайтын кездері аз болмайды.

Нәрестелік шақтың соңында балалар үлкендердің көптеген қимылдарын қайталап, оларда көптеген қимылдарын қайталап, оларда еліктеушілік пайда болады. Столға жайылған дастарханды шүберекпен қалай сүртетінін байқап, ыңғайы келсе, қолына түскен матамен сүрте бастайды. Баланың үлкендердің басшылығымен меңгеретін қимылдары дамудың негізін жасайды. Сонымен, нәрестелік шақтың өзінде баланың психикалық дамуының жалпы заңдылығы айқын көзге түседі, ондағы психикалық процестер мен сапалар тұрмыс жағдайының, тәрбие мен үйретудің шешуші әсері бойынша қалыптасады. Баланың болмысқа қарым-қатынасы әуелден бастап әлеуметтік, қоғамдық қарым-қатынас болады.

Үлкендермен қарым-қатынастағы қажеттіліктің артуы кейде қарама-қарсылыққа да әкеліп соғады. Бұл қайшылық сәби сөзге түсініп, өзі де сөйлей білген кезде ғана шешіледі.

Қарым-қатынастың қажеттілігі сөйлеуге еліктеудің пайда болуының негізін қалайды. Өзімен үлкендер сөйлескен кезде бала ерте бастан-ақ бірден тынышталып, көңіл қоя тыңдайды. Туғаннан кейін 3 айдан соң, егер баланың көңіл-күйі жақсы болса, ол уілдеп, дыбыс шығарады. Үлкендер балаға жақындап еңкейсе, бұл уіл күшейеді.бала өзі шығарған дыбысқа құлақ қойып тыңдайды. Кейде ол өзіне өзі еліктеп, ілкіде өзі кенеттен шығарған дыбысын ұзақ қайталайды. Бірқатар балалар дыбысты мейлінше, анық шығара алатын болады.

Үлкендер нәрестеге жақындаған сайын онымен сөйлесіп, оған кейде жылы сөздер айтады. Өзара сөйлеспейінше өмір сүру мүмкін еместігін білетіндіктен адамдар баланың жауап қатуына қол жеткізуге ұмтылады. Сөйлесудің эмоциялық үнін бала тез түсінеді. Дүниеге келген алғашқы жылдың екінші жартысында дұрыс дамып келе жатқан дені сау бала былдырлап, сөйлегіш келеді. Түрлі буынды дыбыстар шығарып, оны ұзақ уақыт қайталайды, үлкендер айтқан буындарды қайталап айтуға тырысады.

Былдырлау арқылы сәби қарым-қатынас жасауға әзірлігін білдіреді, жаңа сөздерді және айта білуді үйренеді. Осындай дыбыстар шығару балаға қызық, сондықтан ол кейде ұйықтап жатып та былдырлайды. Баланың сөздік қорының дамуы үшін бұл былдырлаудың, маңызын асыра бағалау қиын. Былдырлай жүріп, бірте-бірте ерін мен тілдің қимылы және тыныс алуы жетіле береді. Осындай әзірліктің нәтижесінде сәби келешекте кез келген тілді меңгере алады.

Егер бала дүниеге келеген алғашқы айларда үлкендер сөзді оған деген өзінің көңіл-күйін білдіру үшін пайдаланса, шамамен нәрестелік шақтың жартысынан бастап, олар баланың айтқанды түсіну үшін арнайы жағдай жасауда болады. Нәрестелік шақта балаға арналып берілген сұрақтың дауыс ырғағы сөзді түсінуіне әсер етеді.

Бала дүниеге келген бірінші жылдың соңында заттың аты мен заттың өзінің арасында байланыс болады. Байланыс сол затты іздеп табудан көрінеді. Мұның өзі сөзді түсінудің бастапқы формасы болып табылады.

Бала үлкендердің сұраған нәрсесін оған қарау үшін ғана іздемейді, қайта үлкендермен қарым-қатынасын жалғастыра беру үшін іздейді. Үлкен кісі «ана зат қайсы?»-деп сұрайды да, бала оған «ол міне!»-деп жауап беру үшін әлгі затты іздейді. Үлкендердің сөзіне түсінуге байланысты эмоционалдық қатынас жасау, әдетте, баланы зор қатынасқа бөлейді.

Заттың атын атаған сөзге құлақ асу бала мүмкіндігінің дамуына байланысты болады: әуелі бала әлгі нәрсеге жай ғана қарайды, біраздан соң оған ұмтылады, ақырында жаңағы затты үлкендерге алып береді немесе алыстан қолмен нұсқап көрсетеді.

Жылдың соңында сәби үлкендердің сөзіне жауап беруі және сөйлеу реакциясы пайда болуы мүмкін. Мұндайда көбіне-көп «Папаң қайда?»-деген сұраққа жауап ретінде сәби әкесіне бұрып: «Па-па»,-деп қуана тіл қатады.

Үлкендердің сөзін түсініп және алғашқы сөзді айта бастағаннан кейін бала үлкендермен өзі байланыс жасап, одан тағы да жаңа заттардың атын үйретуді талап етеді. Сөйтіп, нәрестелік шақтың соңында сәби сөйлеуге ықыластана кіріседі, сөйлеу баланың үлкендер мен қарым-қатынасын ұлғайтудың маңызды құралына айналады.

Бала дүниеге келген алғашқы бір жыл ішінде кеңістікте қозғалып заттар мен іс-әрекет жасауды үйрену арқылы елеулі табыстарға жетеді. Ол басын дұрыс ұстап, отырып, еңбектеп, тәй-тәй тұрып, қаз-қаз басуға үйренеді. Көзіне көрінген затқа ұмтылып, жармасады, ұстайды да, ақырында, оларды сілкілейді, лақтырады. Осы әрекеттердің бәрі адамға тән мінез-құлық формаларын біртіндеп игерудің баспалдақтары іспетті болады. Осындай прогрессивті қимылдар және іс-әрекеттермен қатар, дұрыс тәрбие болмаған жағдайда балада қимылдың тұйық түрлері қалыптасуы мүмкін, олар баланың одан әрі дамуына жағдай жасамайтыны былай тұрсын, қайта кедергі келтіреді. Қимыл мен әрекеттің прогрессивті түрлері үлкендер балаға үнемі көңіл бөліп отырғанда, оның мінез құлқына бағыт-бағдар бергенде ғана дұрыс қалыпиасады және оның психикалық дамуы үшін зор маңызы болады. Сонымен бірге, олар дамудың бала жеткен дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Әсіресе, кеңістікте еркін қозғалудың (еңбектеу, жүру), бір нәрсені ұстап әртүрлі қимыл жасаудың маңызы зор.

Еңбектеу баланың өздігінен бір жерден екінші жерге қозғалуының алғашқы түрі. Бақылаулар көрсеткендей көпшілік балалар алғашқы жарты жылдың соңында, екінші жарты жылдың басында, әлдебір тартымды ойыншықты алуға тырысқанда еңбектей бастайды. Бала ойыншыққа қарай біресе оң қолын, біресе сол қолын созып талпынады, оны ұстауға ұмтылып аздап ілгері жылжиды.

Өздігінен жүруді-бір жерден екінші жерге орын ауыстырудың адамға тән әдісін-үйрену үшін көп уақыт керек. Бұл мерзім ішінде сәби аяғынан тік басып тұруға, бірдеңені жағалап тәй-тәй басуға, ештеңеге сүйенбей тұруға, жүруге үйренеді.Еңбектеген бала ойлаған жеріне бару үшін жүруге асыға қоймайды. Сондықтан оны жүруге және қимыл жаттығуларына үлкендер әзілеуі тиіс.

Жүре бастаған балаеңбектеуін бірден қойып кетпейді. Әдетте оған жүруден гөрі еңбектегені оңай болады да, ол алысырақ жатқан нәрсеге тезірек жету үшін еңбектей жөнеледі. Алайда үлкендердің қолдауымен болған жүру әдісі кешікпей-ақ үйреншікті іске айналады. Бұл әдетте, нәрестелік шақтан кейін жүзеге асады.

Бірдеңеге жармсу туғаннан соң 3-4 ай өткенде басталады. Төсекте немесе манежде жатқан бала қолын кеудесінен жоғары көтеріп, бір қолымен екіншісін сипағандай болады.

Тек 4,5-5 айлық бала ғана ілулі тұрған ойыншыққа қолын еркін жеткізіп, көп кешікпей 6 ай болғанда бір қолымен ұстай алады. Әрине бұл бала жармасу әдісін толық меңгерді деген сөз емес. Мұның өзі әлі жетіліп болмаған. Затқа ұмтылған қол тура бармайды, доғаша иіліп, көбіне басқа жаққа ұмтылып бұрылып кетеді. Бала туғаннан кейінгі екінші жарты жылдықта жармасуды онан әрі жетілдіре түседі. 1-шіден, қолды затқа қарай тура созатын болады. 2-шіден үлкен саусақты қалған саусақтарға қарсы қоюы жетіледі., сөйтіп бала затты саусақтармен ұстауға көшеді. Қолды затқа біртіндеп жақындату шамамен балаға 8 ай болғанда, ал қолды көздеген нәрсесіне ауытқытпай тура апару 1 жасқа толғанда мүмкін болады. Затқа жармасып, онан соң саусақтардың көмегімен ұстап тұру 7-8 ай болғанда қалыптасады да, жасқа толғанша жетілдіріле береді. Саусақтардың қалай орналасуы, әдетте қандай нәрсені ұстайтынына байланысты: допты саусақтарын тарбитып, ал жіпті үлкен және сұқ саусақтарының ұшымен ұстайды, кубикті ұстағанда саусақтар оның қырларына жатады.Бірақ, кешікпей затпен қимыл жасау күрделене түседі. Тіпті қарапайым қимылдардың белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Түрлі қимылдар жасауды одан әрі дамыту дегеніміз мұнда нәресте бір емес, екі затпен бірдей әрекет жасай бастайды. Бір жастың соңына қарай баланың заттармен түрлі қимылдар жасауында жаңа маңызды ерекшелік пайда болады.

Бала қимыл мен әрекеттің жаңа түрлерін меңгеріп, оларды жетілдірген сайын, оның қоршаған кеңістіктегі, заттардың қасиеттері мен қатынасын бағдарлауы әлі де болса, бөлек сипатта болмайды. Нәрестенің мінез-құлқын сипаттаған кезде «бала бақылайды», «бала таниды», «бала түсінеді» дегенді жиі қолданамыз.

Нәрестелік кезеңнің басында көру аппараттары мен есту аппараттарының жұмысын дәлелдеу жүзеге асырылады. Оларды жаттықтыруға байланысты көру мен естуді шоғырландыру пайда болады. Нәрестелік кезеңнің басында көру мен естуді жетілдіру осы бағытта жүргізіледі. Бақылау көрсеткендей, 3-4 айға дейін, яғни еңбектегенге, бір нәрсеге жармасып, онымен түрлі әрекет жасағанға дейін бұл жетілдіру негізінен аяқталады.

Бала көріп және естіп қана қоймайды. Ол сонымен бірге көргеннен естігеннен әсералып, қанағаттанғандық сезімге бөленеді.Демек, баланың көру әлемі бірінен-бірі өзгеше ауыспалы әсерлерден тұрады. Олар кейде тартымды, 2-шісі тартымсыз болып келеді.

Нәрестенің сыртқы қимылдар мен іс-әрекеттердің көмегімен орындалатын қоршаған дүниені бағдарлауы психикалық процестердің көмегімен орындалатын бағдарлаудан бұрын пайда болады және оның негізі болып табылады. Тұрақты өзгеріп тұратын әсерден кейін заттар балаға өзін қоршаған кеңістікте тұрақты өмір сүретін және өзгермейтін белгілі бір қасиеті бар нәрсе болып көріне бастайды.


4 тақырып: Ерте сәбилік шақтағы баланың психологиялық даму ерекшеліктері


  1. Сәбилік кезеңге жалпы сипаттама.

  2. 3 жас дағдарысы.

Бұл кезеңде бала өзбеттіліктің кейбір деңгейлерін меңгере бастайды: алғашқы сөздер пайда болады, сәби жүре бастайды, заттармен әрекеті дами түседі.

Ерте балалық шақтағы әлеуметтік жағдайдың дамуы «Бала- заттар- ересектер» ретінде көрінеді.

Сәбилік кезеңде негізгі іс-әрекет болып- заттық әрекеттер табылады (алғашында ересектердің көмегімен, соңынан өзбетінше).



Бұл кезеңнің жалпы психологиялық сипаттамасы:

  • сенсомоторлық даму қарқынды жүреді: тік жүру негізінде кеңістікте бағдарлана алады; қолдарын заттармен әрекет жасау үшін, оларды зерттеу үшін босатады;

  • тіл арқылы қарым-қатынас дамиды, үлкендердің сөзін түсінеді, сөздік қоры байи түседі, сөйлем құрудың лингвистикалық және грамматикалық нормаларын меңгереді (2 жасында сөйлем құрайды, 3 жаста сөйлемдердің жалғауын дұрыс қолдана біледі);

  • сөйлеу арқылы жалпылауды үйренеді, тіл ойлау процесінің дамуына және өзінің мінез-құлқын басқаруға әкеледі;

  • балада түрлі жағдайларды білуге құмарлық пайда болады (Бұл не? Неге? Не үшін? деген сұрақтарды жиі қояды), ертегі, тақпақ, өлеңдерге қызығушылық танытады;

  • ойындық әрекеттер дамиды (үлкендерге еліктеушілік пайда болады);

  • заттардың түрін, түсін, формасын қабылдау, олардың тұрақты белгілерін ажырату- қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерін дамытады;

  • қарапайым өзіндік санасы қалыптасады («Мен-өзім»);

  • ырықты өзіндік басқару қабілеттері дами түседі;

  • тазалықты, өзінің физиологиялық функцияларын меңгере бастайды;

  • ұялу, ренжу сезімдерін меңгереді.

Үш жас кризисі туралы ең алғаш Эльза Келер өзінің «Үш жасар баланың жеке тұлғасы жайлы» еңбегінде суреттеген болатын. Эльза Келер осы жастағы кризистің бірнеше маңызды симптомдарын атап көрсетті:

  1. Негативизм. Бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасындағы жағымсыз реакция. Бала үлкендердің қойған талаптарына мүлдем бағынбайды. Негативизмді тіл алмаушылықпен алмастыруға болмайды. Тіл алмаушылық кез-келген шақта болады.

  2. Қырсықтық. Өз шешімінде тұру. Қырсықтықты табандылықпен шатастыруға болмайды. Қырсықтық баланың өзінің тілегін орындауды талап етуден көрінеді. Бұл жерде баланың талабымен санасу көрінс береді.

  3. Еріктік. Бала өз еркімен бір нәрсе істеуге ұмтылады (Мен-өзім).

  4. Үлкендерді бағаламау.

  5. Қайсарлылық (строптивость). Негативизм мен қырсықтыққа жақын, бірақ өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл үйдегі тәртіпке қарсылық көрсетумен байқалады.

  6. Қарсылық көрсету. Бұл ата-аналарымен жиі ұрсысудан көрінеді.

  7. Деспотизм (жауыздық). Егер отбасында жалғыз бала тәрбиеленсе, сол балада бұндай әрекет көрінуі мүмкін. Бала айналасындағыларға үстемдік көрсетуге тырысады және бұған көптеген амалдар ойлап табады.

Үш жас кризисінде болатын ерекшеліктер баланың өзбетімен іс-әрекет жасау тенденциясына әкеледі. Олар үлкендердің әрекетіне ұқсас қимылдар жасайды. Өйткені, ересектер өз әрекет-қылықтарымен балаға үлгі ретінде болады. Бала ересектерге қарап, еліктейді. Ересектерше өмір сүру бүкіл балалық шақта қалыптаса береді. Сәби ересектерден алшақтай отырып, олармен терең қарым-қатынас орнатады.
5 тақырып: Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері.


  1. Ойын негізгі іс-әрекет ретінде.

  2. Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері.

Мектепке дейінгі кезеңде балалрда рөлдік немесе шығармашылық ойын негізгі әрекет болып табылады. Ол баланың дамуына елеулі үлес қосады. Ойын кезінде балалар қарым-қатынас жасауға үйренеді.

Сондықтан, ойын процесі кезінде еңбек етудің нормалары мен тәсілдері қалыптасады. Бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуына үлкен мән береді.

Мектепке дейінгі балалар ойыны бірнеше сипаттаулардан тұрады:



  1. Ойын сюжеті шексіз болады. Бірақта жалпы дамуы- ойыннан-тұрмыстық әрекеттерді көруге болады. Бала қоғамдағы әртүрлі мамандықтардың іс-әрекеттерімен танысады (дәрігер, мұғалім, сатушы, комонавт және т.б.).

  2. Белгілі ережелерді сақтау.

  3. Бір затты екінші затпен алмастыру. Алғашында ойыншық пен шынайы заттың сыртқы ұқсастықтары талап етіледі, соңынан ұқсастық біртіндер өзінің маңыздылығын жояды.

  4. Баланың әрекеттері біртіндеп қысқарып, белгілерге айналады.

К. Оталора ойынның бірнеше түрін атап көрсетті:

- алданыш-ойындар- оның мақсатықатысушыларды алдандыру;

- ойын-жаттығулар- сюжет болмайды, қимылдық әрекеттер басым болады, олар бірнеше рет қайталанады;

- сюжеттік ойындар- белгілі бір жағдайдағы ойын әрекеттері;

- еліктеу ойындары- бала шынайы өмірде байқаған әрекеттерін немесе жағдайын қайталауы;

- дәстүрлік ойындар- ұрпақтан ұрпаққа берілетін ойындар.

Балалар ойыны тарихи және әлеуметтік табиғатқа ие. Әртүрлі мәдениет пен қоғамдарда ойын өз мазмұны мен формасына ие.

Мектепке дейінгі кезеңдегі 3-4 жас аралығы - өзін танумен ерекшеленеді. Мүмкін болатын реакциялар: тіл алмаушылық, қырсықтық, негативизм, қайсарлық, нарциссизм-өзін мақтау. 3-4 жасар балалар ойынды жалғыз ойнай береді (заттық, конструкторлық, сюжетті-рөлдік).



    1. жаста:

  • ересектермен қарым-қатынасы үйлесімді, ата-аналар тарапынан еркелету, жақсы көруді талап ету, басқа адамды жақсы көру сезімі дамиды;

  • балалрмен қатынасы дамиды, бірлескен ойындар ойнайды, лидерлік, бағынушылық қабілеттері қалыптасады;

  • конструкторлық ойындары дамиды, практикалық ойлау қалыптасады;

  • сурет салу, музыкалық, шығармашылық қабілеттері дамиды;

  • даралық ойлауы қалыптасады;

  • ертегілерді қабылдауы баланың жеке тұлғасының қалыптасуына эмоционалдық және ақпараттық әсер етеді;

  • білуге құмарлық;

  • басқа адамдармен диалогтық әңгімеге араласа алуы (6 жасқа таман баланың сөздік қоры 14000 сөзді құрайды, тілдің грамматикалық ережелерін толық меңгереді);

  • жыныстық ерекшеліктерге назар аударады, балалардың дүниеге қалай келетініне қызығушылық тудырады, іштей ұялу, бақылаушылық сезімдері дамиды.


6 тақырып: Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының

жалпы сипаттамасы


  1. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы

  2. Кіші мектеп оқушыларының зерттеу объектісі мен әдістері

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жас ерекшеліктері 6 жастан 10 жасқа дейін деп қазіргі кезде қарауға болады.

Мектепке дейінгі кезеңді алсақ, онда «ойын» негізгі әрекет екенін білеміз. Ал бастауыш мектеп оқушыларының мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, бастауыш сыныпты бітіргенге дейін оқу материалдары ұқсас келуі, көпшілігіне тән ұқсас психикалық қасиеттер тудырады. Сол себепті осы кезеңге «бастауыш мектеп жасы» деп бөлінуінің бірден бер себебі. Олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі. Дейтін Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға деген көзқарастары үлкен роль атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңде оқуға деген талабы өсіп, сыныптағы құрбыларымен қарым-қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамыиып, жаман-жақсыны айыра бастайды. Сонымен қатар әуелі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, оқу үстіне мына сияқты қиыншылықтар кездеседі:



  1. Режимдегі өзгерістер. Сабақтан қалмау. Сабақ үстіндк тыныш отыру, т.с.с. қиналады.

  2. Мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, соны білмей қиналады. Бірақ, көп ұзамай бала үйреніп, жатырқауын тоқтатады.

Сонымен қатар бала, оқуға кіргеніне мәз болып, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Осы кезде әке-шешесі баланы көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтан бас тартпауға, қиыншылықты жеңуге пайдасын тигізеді.

Оқу арқылы бала біртіндеп білім, дағды, икемділіктерді, тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары (ес, ойлау, қиял) эмоция, ерік-жігер т.б. процестері дами түседі.

Оқу материалдары адам психологиясына зор талап қоятыны белгілі. Өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән-жайын ұғыну өте күрделі әрекет. Баланың білімге деген қызығушылығы тапсырманы біртіндеп қиындату қажет, себебі, азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына, ақыл-ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады.

Бастауыш мектеп оқушыларының таным процесіне келсек, ол: қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану. Мектепке барғаннан бастап өзгерістерге ұшырай бастайды.

Қабылдауды алсақ,қабылдау қабілеті мектепке дейінгілерге қарағанда недәуір қалыптасып қалған,мектепке түскен 7 жасар баланың бойы әрі қарай өсе береді, салмағы артады, бұлшық еті дамиды, сүйегі қатая түседі. Біраз уақыт шаршамай жұмыс істеуге шамасы келеді, жүріс-тұрысы оңтайлана , жылдамдыққа бейімділігі бұрынғысынан әлдеқайда артады. Баланың үй іші жұмыстарын орындауға да шамасы келеді (үйді жинастыру, өсімдіктерді баптау). Осы жастағы балалар қимыл-қозғалысқа өте бейім келеді. Баланың осы табиғи қажетінің орындауына ылғи да мүмкіндік беріп отырған дұрыс. Оған үзіліс кезінде де, сабақтан келгеннен кейін де, сабақтан келгеннен кейін де жүгіріп ойнауына тыйым салуға болмайды. Мұғалім мен әрбір ата-ана 7 жастағылардың қимыл-қозғалыстарының әлі де болса, тәртіпке түспегендігін, ескеруі тиіс. Бұлардың жүрісі, мәнерлі қозғалыстары әбден оңтайлы, ширақ бола тұрса да, саусақтарының уақ еттері әлі де толық дамып жетіспеген. Сондықтан да олар дәл қимыл-қозғалыстарға шорқақ (инені сабақтай алмау, қайшы мен пышақты ұстаудағы епсіздіктер). Балаға саз бен пластилиннен мүсіндер жасату, сурет салдыру, доппен ойнату, ине , түйреуіш, пышақ, қайшымен жұмыс істеуді үйрету арқылы мұғалім оның қолының уақ еттерін шынықтыра түседі. Бірақ балаға тым ұзақ уақыт жаздырудың да қажеті шамалы.Бастауыш мектеп жасындағы балаларда миының дамуы да жедел жүріп отырады. Мысалы, 8-9 жаар балалардың миы анатомиялық жағынан ересек адамның миының структурасына жақындайды. Мидың маңдай тұсы жедел өседі, онда нервтік жаңа жолдар пайда болады. Жоғары нерв жүйесінің процестері нақтылана, тәртіпке түсе бастайды. Екінші сигнал жүйесінің мәні артады, мидың анализдік, синтездік қызметі күрделенеді, тежелу процесі (оның актив, шартты түрлері) нығая түсетін болады. Осы айтылғандардың бәрі оқушылармен оқу процесін күрделендіре жүргізуге болатындығын жақсы көрсетеді. Мектепке жаңадан түскен баланың психикасы алғашқыда әлі мектеп көрмеген баланың ерекшеліктеріне ұқсас болып келеді. Өйткені аз уақыт ішінде бала психикасында қауыртөзгерістердің пайда бола қоюы қиын. Дегенмен, мектеп есігін ашқаннан-ақ бала психикасы белгілі арнамен дами бастайды. Бала психикасының дамуында мектеп елеулі кезең екендігі даусыз.

Балаға әр кез тиісті нұсқау беріп отырмаса, онда арнайы түрде байқай алу, байқағыштық қасиет қалыптаспайды. Егер мұғалім баланың қабылдауын ұдайы бағыттап отырмаса, оның дамуы жүйемен жүріп отырмайды. Мысалы, балалрды экскурсияға шығарғанда, мұғалім осы арадағы көріністерді байқаңдаршы дер тапсырманы жиі берсе, олар көзіне не ілінсе, соны ретсіз айта береді. Кейін 2-ші экскурсияда мұғалім осы арада қандай өсімдіктер өседі екен, соны байқаңдаршы деп арнаулы тапсырма бергенде, балалардың жауабы нақтылана түсетін болады. Мұндай жағдайда оқушылар түрлі өсімдіктердің атын айтып береді, ол өсімдіктерді бұрын көрген өсімдіктермен салыстырады. Бақылаған заттың суретін салады. Мұндай әдіс затты жан жақты танып білуге мүмкіндік береді, оқушыларды байқағыштыққа үйретеді.

Заттың нақты бейнесіне сүйену-осы жастағы бала психикасының басты ерекшелігі. Сабақты үнемі көрнекілікке негіздеуге де болмайды. Сондықтан сөз бен көрнекілік ұштасып келгені дұрыс. Кіші сынып оқушылары оқығанын, көрген-білгенін есте жақсы сақтай алады. Олар көбінесе ашық боуялы, қимыл-қозғалысты, нақтылы нәрселерді ұмытпайды. Ол өзіне қажетті (әсіресе, ойынға байланысты) нәрселерді есніе сақтауға тырысады. Бірінші, екінші сыныпта оқушылар әдейілеп есте қалдырудың жолын білмегендіктен, олар материалды түгелдей жаттап алады. Мұндай жаттап-алушылық оқу тәсілін білмегендіктен, нені қалайша есте қалдыру қажетін сезінбегендіктен туындайтын қасиет.

Бірінші сынып оқушылары көбінесе, сабақта өздерін ұстай алмайды, кейде дауыстап сөйлеп жібереді, не қатты күледі, оның жылауы да мүмкін, басқа балалардың үстінен шағым айтқыш келеді. Кейбір мұғалімдер сабақ үстіндегі осындай айқай-шуды басамын деп балаларға ұрсып зекиді. Бұл-осы жастағылардың психологиялық ерекшеліктерін білмеуден туған қателік. Осындай қимыл-қозғалыстағы балаға мұғалім кейде: «Айтқанға көнбейтін қандай жаман баласың»-деп те ұрсады. Бұл да дұрыс емес. Мұның орнына мұғалім сабақ үстінде дұрыс отыруды, өзінің нұсқауын орындауды сол баладан байсалды түрде талап етсе, сөйтіп педагогтық тактіні сақтаса, бұл әдіс әлдеқайда тиімді болады. Мұғалім баланың білімін бағалауда өте әділ және өте әдіской болуға тиіс. Сабақты нашар үлгіретін баланы да көтермелеп, оның жақсы оқуға талаптана түсуіне жағдай жасауы қажет. Сынып ішіндегі қоғамдық жұмыстарды (санитар, староста, кезекші т.б.) балалардың икемділіктеріне қарай бөлу де өте ойластырылып істелгені жөн.


7 тақырып: Жеткіншектік кезеңнің психофизиологиялық даму ерекшеліктері


  1. Жеткіншектік кезеңнің бала дамуындағы алатын орны мен маңызы.

  2. Жеткіншек организімінің қайта құрылуы.

  3. Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері.

Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5-8 сыныбында оқитын кезеңмен сәйкес келеді де, 11-12 жастан, 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы 5 сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.

Жеткіншектік кезеңнің бала дамуындағы ерекше орны, оның «өтпелі», «бетбұрыс», «пубертаттық», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір кезеңінен екінші кезеңіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, танымдық және оқу іс-әрекетінің мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті әркімде әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен сипатталады. Мектеп оқушыларының өміріне екі түрлі себептер әсер етеді:



  1. ересектіктің дамуын тежейтін жайлар: балалардың көбінде тұрақты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;

  2. ересектендіретін жайлар: мазмұны жөнінен сан алуан ақпараттың орасан көп тасқыны; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін салдары ретнде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күшінің даму мен жыныстық толысудың акселерациясы.

Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оныңбелгілі бр жақтары дамуының түрлі көріністері мен айырмашылықтары келіп шығады.

Мысалы, 6-шы сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алалтын «интеллектуал» балалар да бар, сонымен қатар оқу материалының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар; болашаққа жоспары айқын емес мектеп оқушылары бар, керісінше, болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандары да бар; кейбір балалар үйінде нағыз қолқанат- жәрдемшілері болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.

Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтәк негіздері қолданылады және олардың қалыптпасуынң жалпы бағыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады.

Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп санаады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатынкөптеген сапалық өзгерістерге байланысты; бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады; мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер жеткіншектің өзінде субъективтік қиыншылықтардың болуымен сипатталады, ал келесі жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады: жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формаларышығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).

Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жағдайдың рөлі әсер ететіндіктен.Бұл проблеманың аса маңызды педагогикалық мәні бар.

2. Жеткіншек дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың барлығының сыртында организмнің морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процесі тұрады.

Организмнің қайта құрылуы эндокриндік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал мұның гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінің (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінденеғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады (жыныс органдарының дамуы және екінші жыныстық белгілердің көрінуі). Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 12-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазіргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11, ер балалар 12-13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.

Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы шеңберінің өсуі- жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары. Бұл күрт өсу деген терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда, жеткіншектің пішіні өзгереді: дене пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінде бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншектік кезеңде омыртқажылдық өсуіне байланысты бойдың ұзару қарқыны қалып қояды. 14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, шамадан тыс күш түскен жағдайда омыртқа қисайып кетуге бейім тұрады. Днен түзілісінің неғұрлым көбірек бұзылуы 11-15 жаста болады, дегенмен нақ осы жаста мұндай кемшіліктерді түзеу де одан кейінгі кездердегідей оңай болады. 20-21 жаста жамбас сүйектерінің бекуі аяқталады (қыз балалардың жыныс органдары осы сүйектердің аралығында болады).

Бұлшық ет күшінің артуынан жеткіншектің дене күшінің мүмкіндіктері ұлғаяды. Мұны ер балалардың өздері де ұғынады және олардың әрқайсысы үшін оның үлкен маңызы бар. Алайда, ересектерге қарағанда олардың бұлшық еттері тез шаршайды, сондықтан ұзақ уақыт жұмыс істейтін қабілеті болмайды. Спортпен және дене еңбегімен айналысқанда мұны ескерген жөн.

Мотор аппаратының қайта құрылуымен қозғалыстағы үйлесім жоғалады, өз денесін дұрыс ұстай білмеушілік шығады (шамадан тыс көп қозғалушылық, олардың жете үйлестірілмеуі, жалпы қолайсыздық). Бұдан қынжылу, өзіне сенімсіздік секілді жайлар туындауы мүмкін. Алайда бұл кезең қозғалыс сапалары оптимальді дамитын кезең болғандықтан спортта жетістіктерге жету мүмкіндіктері де артады.

Әртүрлі мүшелер мен талшықтардың өсуі жүректің қызметіне шамадан тыс талаптар қояды.Жүрек те өседі, әрі қан тамырларына қарағанда тез өседі. Мұның өзі жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметіндегі функциялық бұзылулардың себебі болып, жүректің қағуы, қан қысымының артуы, бастың ауыруы, бастың айналуы, тез шаршау түрінде көрінуі мүмкін.

Жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт өсуімен, ал екінші жағынан патогендік әсерлерге деген басым сезімталдықтың артуымен сипатталады.Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт нервіге күш түсу, аффектілер, күшті эмоционалдық толғаныстар(қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолйсыздықтар (етеккір циклінің уақытша тоқтауы) және нерв жүйелерінің функциялық бұзылуына себеп болуы мүмкін. Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан,жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады.Жеткіншектік шақта жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғалғыштығының мезгіл-мезгіл селқостығының, енжарлығының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклінің басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.



  1. Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері:

  • жыныстық жетілу мен дамудың қарқындауы, ағзаның физиологиялық қайта құрылуы;

  • эмоционалдық сфераның тұрақсыздығы;

  • өзінің ересектігін, өзбеттілігін нақтылау, нәтижесінде үлкендермен конфликт пайда болуы мүмкін;

  • негізгі іс-әрекеті құрбыларымен қарым-қатынас, өзін мойындатудың негізіндегі қоршаған адамдармен қатынасы және әлеуметтік нормаларды меңгеруі;

  • өзін-өзі бағалау және мінезі қалыптасады;

  • мінез-құлықтың дезадаптациялық формалары көрінуі мүмкін;

  • үлкендер диктатына қарсы тұрушылық, өз көзқарасының қалыптасуы, ерікті түрде референтті топты таңдауы;

  • шынайы өзбеттіліктің жоқтығы;

  • логикалық ойлаудың дамуы, теориялық тұрғыдан талдауға ұмтылу;

  • іс-әрекетін жопарлау және өзін-өзі бақылау әлі де әлсіз;

  • өзіндік беку әдістері ретінде тәуекелге бел буушылық, агресситілікке бейім;

  • сексуалдық елігулер мен қызығушылықтар пайда болады;

  • өзіндік саналы «Мені» қалыптасады;

  • оқудағы ғылым саласын таңдау, арнайы және жалпы қабілеттерін дамытуға сезімділігі;

  • «ересектік сезімінің» пайда болуы;

  • саналылықтың пайда болуы;

  • өзіндік анықталу мен өзіндік қарым-қатынас құруы.


8 тақырып: Жас -өспірімдік кезең психологиясы.

Жоспар

1) жас өспірімдік - әлеуметтік психологиялық құбылыс

2) өзіндік сананың дамуы

3) қарым-қатнас және эмоциялық өмір


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет