ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Минералды шикізатты байыту технологиясы»



бет2/4
Дата20.06.2016
өлшемі1.81 Mb.
#149069
1   2   3   4


Елеуіштің жұмысшы беті қозғалматын, қайтымды қозғалыс жасайтын, дірілдеткіш болуы мүмкін.

Жел тартқыш қозғалмайтын елеуіш 40-45° бұрышпен орналасқан жел тартқыш торлары бар (6 – сурет). Бастапқы материал тордың алдынғы бөлігіне салынып, өздігінен төмен қарай қозғалады. Бұл кезде ұсақталған бөлшектер желтартқыш саңылауларынан өтеді. Бұл елеуіштің кемшілігі болып материалдың әлсіз ұсақталуы болып табылады, сондықтан елеуіштің елеу тиімділігі 50-60%-тан аспайды. Қозғалмайтын желтартқыш елеуіштер кен ошағынан байыту фабрикасына ұсақтаудың бірінші сатысынан бұрын түсетін кендерді елеу үшін қолданылады..

Доғал елеуіш ұсақ материалдарды елеуге арналған. Бастапқы пульпа қысыммен жүктеу құбыршасы арқылы доғал тәріздес елеуішке түседі. Жіңішке шламдар сумен бірге елеуіш арқылы жүктейтін бөлікке түседі. Тор үстіндегі өнім арнайы астаушаға жүктеледі.

Екпінді елеуіш серіппелі тірекке орнатылған елеуішті қораптан тұрады. Арнайы вибратор көмегімен қораптар қозғалады. Қорап айналма траекториямен қозғалып, материал елеуіште араласады. Қорап 25° бұрышпен орналасқандықтан, елеуіштегі материал төмен қарай қозғалып, себіледі.

Елеуіш эксплуатациясында келесі ережелерді сақтау қажет. Елеуіштің торлары бүлінген болмауы керек. Бастапқы өнім біркелкі берілу қажет. Елеуішті тоқтату қуат көзінен өшірілгеннен кейін және елеуіш материалдан толығымен босаған соң жүргізіледі. Құрғақ материалды елеген кезде өте көп мөлшерде шаң пайда болады, сондықтан елеуәш қаптамамен жабдықталған болуы керек.

3.Електі анализ.

Кен және кез келген байыту өнімі грануломерлік құраммен сипатталады - бастапқы өнім массасындағы әр түрлі іріліктегі бөлшектердің (түйіршік, бөлшек) мөлшерінің сандық қатынасы.

Сусымалы заттардың гранулометриялық құрамын анықтау әдісі електі анализ (ситовой анализ) деп аталады.

Електі анализ зертханалық әдіс болып табылады, електі анализатор көмегімен жүзеге асырылады (7 – сурет). Өнім ірілігі миллиметр және микронмен өлшенеді.

Өнімді себі уақытын алынған үлгіге байланысты тағайындалады. Егер уақыт өткен сайын жұқа електе материал салмағы 5%.-тан аспаса, себу аяқталған болып саналады.

Материалды сепкеннен кейін, електе қалған қалдықты өлшейді. Електегі қалдық ірілігі келесідей көрсетіледі:

-n+m, мұндағы
n – беткі електегі тесік өлшемі, мм (мкм);

m – осы қалдық қалған електегі тесік өлшемі, мм (мкм).

n+m ірілікті материал дегеніміз - n мөлшерлі тесікті електен өткен, m мөлшерлі тесікті електе қалған түйіршік.

Байыту үшін сол өнімнің гранулометрлік қасиетін ғана біліп қоймай, ондағы сол компоненттің мөлшерін білу де маңызды. Бұл жағдайда електі анализде алынған барлық материалға химиялық және минералдық анализ жүргізіледі.

Електі анализ нәтижесін кестеге толтырады (2 – кесте қарау). Мысал оетінде кестеде стандартты жинақтағы електегі магнетитті концентраттың електі анализ қорытындысы көрсетілген.

Есептеу келесідей жүргізіледі:

Електі анализ нәтижесінде алынған өнім салмағын 3 – бағанға жазамыз.



  1. Бастапқы өлшемді 100%-ке (200г) деп қабылдап, өнім шығымын есептейміз (4 - баған).

  2. Химиялық анализ нәтижесінде алынған Fe2O3 мөлшерін 5 – бағанға жазамыз.



  1. Іріліктің әр фракциясына γβ мәнін есептейміз (6 - баған).



  1. γβ жиынтық мәнін анықтаймыз:

Σγβ=6349,31

6. Жалпы концентрат сынамадағы Fe2O3 мөлшерін келесі формуламен есептейміз:





  1. Ірілік фракциясынан Fe2O3 бөлінуін келесі формуламен есептейміз:

+0,315 мм фракциясы үшін: 

-0,315+0,2 мм фракциясы үшін: 

-0,2+0,16 мм фракциясы үшін: 

-0,16+0,1 мм фракциясы үшін: 

-0,1+0,063 мм фракциясы үшін: 

-0,063 мм фракциясы үшін: 

Алынған нәтижелер 7 – бағанаға жазылады.



Тексеру: Бөліну мәні 100-ге тең болуы қажет.

2 – кесте. Електі анализ нәтижелері және пайдалы компоненттерді магнетитті концентраттың ірілік фракциясымен бөлу





Ірілік класы,

мм


Шығым,

Fe2О3 мөлшері β, %

γβ

ε,%

г

γ ,%

1

+0,315

2,8

1,4

22,25

31,15

0,5

2

-0,315+0,2

11,8

5,9

55,44

327,10

5,15

3

-0,2+0,16

11,6

5,8

62,03

359,77

5,67

4

-0,16+0,1

37,4

18,7

63,77

1192,50

18,78

5

-0,1+0,063

48,0

24,0

64,56

1549,44

24,40

6

-0,063

88,4

44,2

65,37

2889,35

44,50

Барлығы

200

100

63,5

6349,31

100

Берілген кесте анализ нәтижесінде келесідей қорытынды жасауға болады.


Пайдалы компонент ірілік фракциясы бойынша біркелкі емес таралған: +0,315 фракциясында оның мөлшері ұсақ кластарға қарағанда төмен (5 – баған). Концентрат сапасын арттыру үшін +0,315 фракциясын алып, концентрат классификациясын жүргізуге болады. Бұл жағдайда концентраттағы Fe2О3 мөлшері :

Егер +0,2 мм ірілік бойынша классификация жүргізсе, концентрат сапасы одан әрі жоғарылайды:



5,6- дәріс

Ұсақтау және ұнтақтау

Мазмұны:


1.Ұсақтау. Процесс жайлы мағлұматтар.

2. Ұсақтағыштардың құрылымы мен жұмыс принципі.

3. Ұнтақтау. Процесс жайлы мағлұматтар

4. Барабанды диірмендердің құрылысы



1.Ұсақтау сыртқы күштердің әсерінен материалдың мөлшерін кішірейту.

Ұсақтау процесі өзінің міндетіне қарай дайындықты және тәуелсіз болуы мүмкін.



Дайындықты ұсақтау байытуға кендерді дайындау мақсатында жүзеге асады.

Ұсақтау тәуелсіз болып саналады, егер ұсақталған өнім тауарлы өнім болса және одан ары байытуды қажет етпесе.

Ұсақтау процесінің тиімділігін ұсақтау дәрежесімен анықталады.

Ұсақтау дәрежесі - ең ірі бөлшектердің қанша есеге азайғанын сипаттайтын көрсеткіш. Байыту фабрикасына келіп түсетін кен бөлшектерінің максималды өлшемі, өндіру және тасымалдау кезінде қабылданған параметрлерге байланысты болады және олардың өлшемі 1200-1500 мм жетуі мүмкін. Байытуға өлшемі 10 мм және одан кіші өнімдер түсуі керек. Фабрикадағы кендерді ұсақтау дәрежелері 120-150 мм және одан жоғары болады. Ұсақтағышта ұсақтау дәрежесі 2-8 болады, сондықтан процесс 2-3 кезеңде жүзеге асырылады.

Бастапқы кендердің және ұсақталған өнімдердің іріліктеріне байланысты ұсақтаудың 3 түрі бар:



ірі - 1500-300мм бастап 350-100мм дейін

орташа– 350-100мм бастап 100-40мм дейін

ұсақ – 100-40мм бастап 30-5мм дейін.

Ұсақтау процесі энергияны көп қажет етеді және қымбат болып табылады, сондықтан принципті сақтау керек.

Осы принципті жүзеге асыру үшін әрбір ұсақтау кезеңінің алдында елеу арқылы ұсақ топтарды шығару керек. Ұсақтау мен елеу операциясыларының үйлесімділіктеріне қарай кенді дайындау сызбасы ашық және жабық болады.

Ашық циклде ұсақтау кезінде әрбір кеннің бөлшегі ұсақтағыштан бірақ рет өтеді (сурет 8). Жабық циклде ұсақтау кезінде ұсақталған өнімнен қиын ұсақталатын кеннің бөлшектері електе бөлінеді және сол ұсақтағышқа ұсақталу үшін қайтадан жіберіледі (сурет 9).



А Б

Ұсақтау


Алдын ала елеу

















































-

+

Ұсақтау


Сурет 8. Ашық циклдағы бір сатылы ұсақтаудың сызбасы

Алдын ала елеу






+







-































Ұсақтау



























































































Ұсақтау











































































































































Алдын ала елеу















































Тексеру елеуі




+







-




+










-

































































































Рис. 9 Жабық циклдағы бір сатылы ұсақтаудың сызбасы

Ұсақтаудың кендерге механикалық әсер ету сипатына келесідей тәсілдері бар:

Талқандау (сур. 10а) – Екі ұсақтағыш беттердің арасындағы түйірін қысу нәтижесінде бұзылу.

Жару (сур. 10б) – түйірін жою

Қажау (сур. 10в) – бір-біріне қатысты ұсақтағыш қарама-қарсы беттердің ойрандалу әрекеттері.

Соққы (сур. 10г) – қысқа мерзімді динамикалық жүктемелер әсерінен болатын жоюлу.Ол жарықтар кеннің бұзылуына әкеледі.





а)

б)








в)










г)

























Рис. 10.

а – талқандау, б –жару, в –қажау, г - соққы

Ұсақтаудың бұл әдістері ұсақтауға арналған құралдарға - ұсақтағышқа негізделген .Сондықтан ұсақтағыштар қағидасына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: конусты, жақты, білікті, балға және айналмалы.



2.Ұсақтағыштардың құрылымы мен жұмыс принципі.

Конусты ұсақтағыштарда материал қысу және үйкеу тәсілдерімен ұсақталады. Ұсақталатын материал сыртқы қозғалмайтын және ішкі айналатын конустардың аралығына беріледі. Ішкі айналатын конус сыртқы конусқа эксцентрикалы болып орналасады. Конусты ұсақтағыш ескі конус, ішкі бөлшектеу конусы, бөлшектеу конусының қолдаушы құрылғылары және жетек элементтерінен құралады. (сур. 11)



Сур. 11. Конусты ұсақтағыштардың принципиальды құрылысы



Жақты ұсақтағышта (сур. 12) материал жылжымайтын және жылжымалы жақтар арасында қысу арқылы ұсақталады. Эксцентриклі біліктің айналуы арқылы жылжымалы жақ жылжымайтын жаққа жақындайды (жұмысшы жүріс) немесе одан алыстайды (бос жүріс). Жұмыс жүрісі кезінде материал ұсақталады, ал бос жүріс кезінде ұсақталған материал төмен қарай ауырлық күштің әсерінен шығарылады. Қозғалатын жаққа қозғалыс эксцентриклі білікпен жалғанған шатунмен беріледі. Шатун алдыңгы және артқы плиталармен бекітіледі. Жетек және серіппе қозғалыс жүрісінде керіліп, бос жүріске жәрдем береді.

Сур. 12. Жақты ұсақтағыштың кинематикалық сызбасы

Білікті ұсақтағыштар ұсақталатың материал горизонталь біліктердің арасында қысу және үйкеу тәсілдерімен майдаланады. Біліктер саны әртүрлі болуы мүмкін (бір жұп немесе бірнеше жұп). Жұп біліктер бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналып, материал екеуінің арасында ұсақталады. Біліктердің беті тегіс, бұдыр және тісті болуы мүмкін. Біліктер шойыннан жасалынады да, беті тозуға төзімді марганецті болатпен қапталады.

Сур 13. Принципиальды сызбасы


Балғалы ұсақтағыштар. Мұндай ұсақтағыштардың жұмысшы органы - стерженге еркін орналасқан балғалар болады. Ұсақтағыш білігі айналғанда балғалар қоректендіргіш арқылы берілетін материалды соққылап майдалайды. Ұсақталған материал елек тесіктерінен өтеді. Ұсақтау дәрежесін електің тесігінің диаметрің және балғалардың айналу жылдамдығын өзгерту арқылы реттеуге болады.


Сур. 14. Принципиальды сызбасы


Балғамен қатаң бекітілген балғалы ұсақтағыштар айналмалы ұсақтағыштар деп аталады .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет