ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Оқытушы коммуникативтік құзырлығының тренингі»



бет1/8
Дата17.07.2016
өлшемі1.03 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМК құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.58/03-2014



ПОӘК

Магистрантқа арналған «Оқытушы коммуникативтік құзырлығының тренингі»




Басылым №1

05.09.2014 ж.





ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Оқытушы коммуникативтік құзырлығының тренингі»

«6M050300» – «Психология» мамандығының магистранттарына арналған



ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2014


Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Магистранттың өздік жұмысы


1 ГЛОССАРИЙ

Ақыл-ой және өзіндік сфераны үндестіру принципі. Тренинг үшін бір жағынан үлкен эмоционалды күш сипат, топта өтіп жатқан жағдай қатынасушыларда шын қобалжуларын тудырады. Бұл оларды ашықтыққа итермелейді. Серігіне сенуге, бір-біріне деген қарым-қатынастарының адамгершілікті болуын тренинг, ақыл-ойды белсендендіреді – жағдайды талдау.

Аутогендік вербальдану. Мидың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі кеттіретін «материал» өзі шығады. Көзін жұмып, пациент өзін қиналдырған мәселе туралы айтады.

Аутогендік жаттығу (грекшеден аударғанда autos - өзім, genos- шығу) мағынаны білдіреді. Әдістеменің негізгі элементтері бұлшық ет релаксациялары, өзін сендіру, өзін тәрбиелеу (аутодидактика).Аутогендік жаттығуды емдеу әдісі ретінде неыроздарды емдеу үшін Шульц 1932 жылы ұсынды.

Аутогендік тазару. Психикалық жарақат себебі болып табылатын жағдайды «қайталау» тәсілі.

Әдіс – көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты.

Әдіснама – 1)ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру.

Әдістемелік тренинг – келісім процесі тренингі, басқару персоналдар үшін тренинг.

Әлеуметтік психологиялық тренинг- топтық жұмыстық белсенді әдістеріне негізделе отырып психологиялық әсер ету.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг – практикалық психологияның белсенді әдістері.

Әңгіме – 1)ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Оқушы әңгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады; 2) вербальдық (сөйлеу) қарым – қатынас негізінде ақпарат алу әдісі.

Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Б.ә.тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.

Батыру принципі. Сабақтың өткізілетін уақыты жұмыс бастамас бұрын анықталып алынуы керек. Әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізудегі тәжірибе мынандай қорытынды жасауға негіз береді: көп уақытты талап ететін жұмыс көп нәтиже береді – батыру – 3-4 сағат, бір сабаққа. Аптасына сабақты бір рет өткізу керек.

Биологиялық кері байланыс. Бұл әдістің негізіне сыртқы кері байланыс жүйесін пайдаланумен ырықсыз қызметтерін өзіндік басқарудың принципі жатады. Биологиялық кері байланыс әдісі индивидтің физиологиялық күй туралы мәлімет алу сол үшін негізгі көз болып табылғанда пайдаланылады. Мінез-құлық тренингі. Мінез-құлықтық психотерапия идеяларына негізделеді, оның мақсаты күрделі өмір жағдайларында керекті, бейімделу іскерліктеріне оқыту болып табылады.

Бос кеңістік принципі. Сабақ өтетін бөлмеде кең қозғалуға дөңгеленіп отырғанға, 3-5 адамнан микротоп құрғанға, жекеленуге жағдай жасалуы керек.

Білім берудегі мониторингі – білім беруде үнемі белгілі бір процесті оның қалаған нәтижесімен немесе бірінші болжамымен сәйкес келуінің айқындалуы мақсатпен бақылау;

Гештальт терапия – американ психологы, психотерапевт Перлс жасаған. Адам өзімен және қоршаған дүниемен тепе-теңдікте. Оны гормонияны сақтау үшін организм қажеттіліктеріне назар аудару керек, олардың жүзеге асуымен кедергі жасамау керек. Өз өзіңмен болу, өз «Менін» іске асыру, өз қажеттіліктерін, бейімділік, қабілеттерін жүзеге асыру.

Гештальт-топтары. Олар психоталдау, экзистенционалдық философия, гештальт-психология және В.Райхтың теориясы негізінде әзірленді.

Дамудың оптимистік принципі -жүргізуші диагностика және белгілі бір психикалық күйді түзету жолдарын көрсетіп қана қоймайды, ол ол тренингке белсенді түрде қатынасады, жағдайды өзгерту үшін түрлі жаттығулар қолданылады.

Жеке адамның дамуын ынталандыратын тренингтер - әр түрлі теориялық негіздері бар және жеке адамның жеке бір қасиетін дамытуға бағытталған тренингтік сабақтар жатады (өзін-өі түсіну, әлеуметтік перцепция дағдылары, мағынаны түйсіну т.б.).

Жеке тұлға – индивидті әлеуметтік қатынастарға араласуының әр қырынан сипаттайтын әлеуметтік маңызды бітістердің тұрақты жүйесі.

Зерттеулік (шығармашылық) ұстанымы

Бұл ұстанымның маңыздылығы тренинг барысында топ мүшелері психологияда белгілі ойлар мен заңдылықтарды сезініп, анықтап, ашумен қатар, өзінің бойындағы жеке мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін де сезіне түсетіндігінде болмақ.



Инновациялық процесс – жаңа технологияларды, жаңалықтарды енгізуге бағытталған шаралар комплексі;

Интеграция – жеке дифференцияланған бөліктердің байланысқан қалпы және жүйенің тұтастық қызметі;

Кәсіптік бағдарлану- әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп таңдауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-әрекеті.

Қарым-қатынас – жалпы материалды және рухани нәтижеге жету және қатынас орнату мақсатында олардың күштерін біріктіру және келісімге бағытталған адамдардың өзара әрекеттесуі;

Қарым-қатынасты диалогтау принципі. Топ сабақтарында бір-бірімен қарым-қатынастарында теңдік, қатынасушылардың бір-бірін сыйлауы, құрметтеуі, бір-біріне толық сенімділіктері.

Қалыптасу – адам тұлғасының дамуында немесе оның жеке қасиеттеріндегі белгілі бір фактордың әсер етуінен болатын өзгерістер.

Қалыптастыру – яғни, адамның өмір сүру әрекетін ұйымдастыру, тәрбие мен білім беруді жүзеге асыру, тұлғаның бойында белгілі бір қасиетті дамтуға ықпал ету.

Мақсат – күткен нәтиженің түсінілген бейнесі, оған жетуге адамның әрекеті бағытталған;

Медитативтті техникалар.Медитацияның  бастапқы түсінігі –  бұл өзіндік Меннің орталығына жақындауға мүмкіндік беретін және осыған орай  өз ойларының мазмұнына жауапкершілік  алуға мүмкіндік беретін рухани тәжірибелер жүйесі.

Мониторинг – тексеру, бақылау, қадағалау;

Негізгі компетентілік – жеке тәжірибеге кіретін білім, іскерлік, дағды, қабілеттердің амбебап жүйесі немесе жиыны, ол қандай да бір өмірлік мәселелер немесе жағдайларда шешуде іс-әрекет жемістігі немесе сапасын қамтамасыз етуі;

Оқыту – оқушыға нақты білім, дағды және іскерлікті үйрету мақсатындағы мақсатты бағытталған және жүйелі өзара әрекет;

Оқыту тренингтері – мамандыққа керек дағдыларды жетілдіруге бағытталған, онда шешуші фактор – қарым-қатынастық тиімділігі. Мұндай тренинг нақты топтың ұсынысымен қалыптасады. Мысалы: лабораториялық тренинг – психотерапевтер үшін, пациенттермен жұмыс дағдысын жасауға бағытталған.

Оқытудың жекеленуі – баланың жекелей ерекшелігін ескере отырып, оқыту процесін ұйымдастыру. Оқытудың жалпы мазмұны мен міндеттері аумағында ұжымдық оқыту жұмысы жағдайында жүзеге асырылады. Әрбір баланың потенциалды мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жағымды шарттарды құруды мүмкіндік береді;

Оңашаланғандық принципі. Қатынасушылардың оларды ешкім тыңдап тұрмағанына толық сенімділігі –сөзсіз талап болып табылады. Егер жүргізушіге сабақты аудио немесе видео жазу жүргізу қажет болса, ол топтың барлық мүшелерінің келісімін алуы керек.

Өз еркімен қатысу принципі. Бұл барлық тренингте, жекелеген сабақтарда, жаттығуларда ескеріледі. Топ жұмысының барысында өз жеке басында болатын өзгерістерге қатынасушының шынайы ішкі қызығушылығы болуы қажет.

Өзіндік баға – адамның өзін-өзі, өзінің кемшіліктерімен және жетістіктерімен, мүмкіндіктерін, қасиеттерін, басқа адамдар арасындағы өзінің орнын бағалау;

Өзіндік диагностика принципі -қатысушылардың өзін ашуы, өзінің жекелей маңызды мәселелерін осылар арқылы түсіну және қортындылау.

Педагог компетенттілігі – маманның өзінің педагогикалық және тұлғалық потенциалын жүзеге асыру дәрежесі, оның іс-әрекетінің талдауы және бағасы критериі ретінде;

Педагогикалық процесс - өсіп келе жатқан ұрпақты білімді, мәдениетті, жан-жақты дамыған адамдар қылып даярлау мақсатындағы тәрбиелеу мен оқыту процесі;

Педагогикалық тренинг – оқыту сапасын арттыруда студенттің білік пен дағдысын қалыпсатыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламамен жүргізілетін әр түрлі жаттығулар жүйесі.

Психодрама – Морено жасаған. Топтық психотерапия әдісі – рөлдік ойын сияқты, ойын барысында пациент үшін маңызды мәселемен байланысты эмоция, сезімдер аяқ астынан көрінетіндей жағдай жасау арқылы өтеді.

Психологиялық тренинг дегеніміз– топтық жұмыстың белсенді әдісіне негізделе отырып, психологиялық әсер ету.

Психожаттығу. Сөздің көмегінсіз қарым-қатынас жасап, топтың мүшелері өздерін көрсететін қосымша әдісті білдіреді.

Рефлексия – адамның өзін-өзі, ішкі психикалыө актісін, жағдайы мен ерекшелігін, өзінің ішкі әлемін тану процесі, өзі қалай басқаға қабылдануын түсіну және өзінің мінез-құлқын басқалардың мүмкін реакцияларынмен құру;

Тәрбие – тұлғаның дамуына әсер ететін арнайы ұйымдастырылған және басқарылатын процесс;

Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім – тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі . Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі,рейтинг әдісі,басқару әдісі және т.б. жатады.

Технология (педагогикалық) – 1) педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру формасы, педагогикалық шараларды жүзеге асырудың құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы; 2) алдын ала жобаланған оқу-тәрбиелеу процесін практикаға жүйелі және бірізді енгізу;

3) практикада жүзеге асатын белгілі бір педагогикалық жүйе жобасы;



Топ мүшелерінің тұрақтылығы принципі. Топ мүшелерінің құрамы тұрақты болуы керек. әрбір сабақ сайын жеке адамдардың келуі нәтижені өзгертеді.

Топтық динамика түсінігіне негізгі бес элемент кіреді: Топтың мақсаты.Топтың нормасы.Топтың құрылымы және лидер мәселесі.Топтың бірлігі.Топтың даму фазалары.

Топтың негізгі гуманистік идеясыадамды қыстамау, зорлық-зомбылық көрсетпеу, оған өзімен-өзі болуына, өзін тауып және жақсы көру, қуанышты өмір сүруге кедергі жасайтын стереотиптерді жеңуге көмектесу.

Т-топтар (тренинг-топтар) – адамгершілік қарым-қатынастардың тренингі топтары, алғашқылары 1946 жылы ұйымдасқан болатын.

Трансакт анализ – негізін салушы американ психиатры Берн. Оның концепциясы бойынша адам «алдын ала шешімдермен» бағдарламаланған. Ол өз өмірін «сценарий» бойынша сүреді, оның жақындары, ата-аналарымен жазылған. Негізгі мақсат - өмірлік позицияларын қайта қарау.

Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы, онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдыларының қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері жайлы сұрақтар шешіледі.

Тренинг – жаттықтыру, жаттығу/ ағылшын сөзі.Тренингтер - өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға бағытталған, араласушылық тренингтер, жеке адам дамуын ынталандыратын тренингтер, оқыту тренингі.

Тренинг – қалыптасқан стереотиптерді және жекелей мәселелрді шешеді.

Тренингтің мақсаты – жеке тұлғаны анықтау.

Тренингтің негізгі гуманистік идеясы – адамды қыстамау, зорлық-зомбылық көрсетпеу, оған өзімен-өзі болуына, өзін тауып және жақсы көру, қуанышты өмір сүруге кедергі жасайтын стереотиптерді жеңуге көмектесу.

Тұлғалық -бағдарланған білім беру процесі - әрбір адамның жекелігін, өзіндік бағасын, өзіндік тұрмысын қабылдау негізіне жататын оқыту;

Үнемі «кері байланыс» принципі. Тренинг барысында қатысушының өз әрекеті нәтижесі туралы топтың басқа мүшелерінен хабарды үздіксіз алып отырды. «Кері байланыстың» арқасында адам өзінің мінез-құлқын түзете алады, нәтижесіз қарым-қатынас тәсілдерін жаңа мен алмастырады, оны қоршағандарға әсер ету арқылы тексеру.

Эксперт – ақпарат, кеңес береді; теория мен техниканы жақсы біледі.

2 Дәрістер
Модуль 1. Пәнге кіріспе
Тақырып 1. Тренинг негізіне кіріспе.Тренинг түсінігі.

Жоспар:

1.Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік.

2.Тренингтің ерекшелігі және негізгі түсініктері.

Тренинг – жаттықтыру, жаттығу/ ағылшын сөзі. Тренингтің жүйелі бір классификациясы берілмеген. Тренингтер - өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға бағытталған, араласушылық тренингтер, жеке адам дамуын ынталандыратын тренингтер, оқыту тренингі.

ХХ ғасырдың екінші жарытсынан бастап психологияның қолданбалы және тәжірибелік салаларында «тренинг» түсінігі пайда болды және кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі таңда «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы болмағанмен, бұл әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылуда.

Ресейлік психолог Л.А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», ретінде қарастырады.

Осы пікірлер негізінде тренингті «психологиялық әсер ету» деп негіздеуге болатындығы айтылып жүр. Сондықтан да тренингті студенттің кәсіби үйлесімділігін және ұжымның психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертуде, білім беруде, тәрбиелеуде, жаттықтыруда көпқырлы әдіс ретінде қолдануға болады .

Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады.

Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жекебастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.

Педагогикалық тренинг жұмысының нәтижелі болуы оқыту барысында шешімін табуға тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуына байланысты. Нәтижесінде, алға қойылған мақсаттармен бірге, топтың әрбір мүшесі кері байланыс көмегімен өз-өзін жаңа қырынан ашу және өз-өзін түсіну тәжірибесін игереді. Тренинг барысында топ мүшелері өзара үйрену процесіне тартылады, сондықтанда олар әдетте жетекшіге емес бір біріне сенім артады.

Ресей ғалымы Л. А. Петровская тренингті білімге және жеке қабілеттерге үйретудің өзіндік түрі және оларды түзетудің сәйкес формасы ретінде қарастырды. Бұл формалардың алуан түрі үлкен екі класқа бөлінеді:

а) арнайы қабілеттерді дамытуға бағытталған;

б) қатынас жағдайында талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.

Болашақ маманды жеке тұлға деп қарастырсақ, ол С.И.Ожегов сөздігінде: «жеке тұлға – адам қандай да бір қасиет, қабілетті тасушы» ретінде көрсетіледі. Жеке тұлға онда екі мағынада қарастырылады: кез келген саналы адам; өзінің психикалық үрдісін, мінез-құлық, жүріс-тұрысын басқара алатын қабілетті адам. Ал, белгілі психолог Қ.Жарықбаектың пікірінше тұлға – өзіне де айналасындағыларға да өзгеріс жасай алатын адам . Олай болса, болашақ педагог маман маңайына, өзі білім беретін жеткіншектерге дамытушылық тұрғыдан әсер ететін, оның өміріне өзгеріс ендіретін адам ретінде дайын болуға тиісті. Педегог маманды қалыптастырып өзінің болашақ ісіне дайындау оңай мәселе емес екені белгілі. Қалыптасу – адам тұлғасының дамуында немесе оның жеке қасиеттеріндегі белгілі бір фактордың әсер етуінен болатын өзгерістер. Қалыптастыру – яғни, адамның өмір сүру әрекетін ұйымдастыру, тәрбие мен білім беруді жүзеге асыру, тұлғаның бойында белгілі бір қасиетті дамтуға ықпал ету.Осы ықпал етудің көптеген әдістері мен формалары бола тұра соның ішінде тренингтің мүмкіндігінің молдығын атап өтуге болады.

Ғылыми еңбектерде «Тренинг – жеке тұлғаның дамуына және өзара әрекеттестік, өзара қатынас жаттығулар жүйесі» деген анықтама беріледі.

«Тренинг» сөзі біздің педагогика ғылымына өткен ғасырдың екінші жартысында ғана ене бастады. Бұған дейін осы сөзге мағыналас «жаттығу» сөзі кеңінен қолданылып келді. Қазір осы екі термин де педагогика саласында кеңінен қолданылып келеді. Жай жаттығудан тренингтің айырмашылығы онған біліктілігі жоғары маман басшылық етуге тиісті.

Біз өз тәжірибемізде маманға теориялық білім берумен қатар оларды бастауыш сыныптарға сабақ берудің әдіс тәсілдерімен, білім беруді ұйымдастыру формаларымен таныстырып, оларды сол істі шебер орындаудың жолдарына төселтіп, жаттықтыруға тиіспіз. Бұл көптеген жаттығулардың, қайталанатын іс-әрекеттердің нәтижесінде жүзеге аспақ. Осы жағдайда қолданылатын тренингтердің түрлері көп. Солардың ішінде оқытудың белсенді әдістерін жүйелеуге қарай: оқытуды ұйымдастыруға қолданылатын әдістер мен формалардың тиімділігін анықтауға; нақты міндеттерді шешуге бағытталған. Ол үшін тренингтің мына түрлерін қолдануға тырыстық:



  1. Оқу-жаттығу тренингі;

  2. Белсенді оқыту;

  3. Тренинг-семинар ;

  4. Кәсіби-педагогикалық тренингі.

Педагогикалық тренинг – оқыту сапасын арттыруда студенттің білік пен дағдысын қалыпсатыру мен жетілдіруді көздейтін жоспарлы бағдарламамен жүргізілетін әр түрлі жаттығулар жүйесі.

Педагогикалық тренингті көбіне студенттің мамандық сапасын, жеке қасиеттерін, өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі белсендіруін білуге, өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, әріптесін тыңдауға, көпшілік алдында шығып сөйлеуге, өз ойын дәлдеп айтуға, басқалардың ойларымен санасуға үйретеді. Сонымен қатар, ұжыммен жұмыс істеуді, ұжымның жетістіктерін бағалауды, кемшіліктерін болдырмауды үйрене отырып, өз білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа жол ашады. Бұл әсіресе қазіргі кредиттік жүйемен білім беру барысында өте тиімділік көрсетеді.

Өзін-өзі басқаруға дағдылар тренингіне


  1. әр түрлі варианттардағы аутогендік жаттығулар,

  2. биологиялық кері байланыс тренингі жатады.

Бұл әдістер физиологиялық қызметтерді басқару және бақылау қабілеттерін дамытуға бағытталған, эмоциялық күйін қалыпқа келтіру және психологиялық күштенуді төмендетуге бағытталаған.

Араласушылық тренингіне мінез-құлықтық және әлеуметтік-психологиялық тренингтерінің топтық варианттары жатады. Олар жеке адамның жалпы араласушылық даярлығын жетілдіру және қалыптастыруға бағытталған. Мінез-құлықтық және әлеуметтік-психологиялық тренинг айырмашылықтары шартты. Айырмашылықтың мақсаттарының әр түрлілігі. Мысалы: нерв жүйесі ауыратындар клиникасында «мінез-құлықтық тренинг» жүргізіледі. «Әлеуметтік-психологиялық тренинг» дені сау адамдармен жұмыста жүргізіледі. Әдістердің өткізілуі әр түрлі болса да, бірақ олар міндетті екі компоненттен тұрады:



  1. рольдік ойын.

  2. топтық пікірталас.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг әр түрлі араласушылық іскерліктерінен құралады, қарым-қатынас басында керекті іскерлік (қатынасқа түсу үшін керек), қатынасты үзуге керек, психологиялық дәлелдеу іскерліктері мен дағдылары, белсенді тыңдау, қарым-қатынастағы серігінің жасырын ойын анықтау және т.б.

Жеке адамның дамуын ынталандыратын тренингтер - әр түрлі теориялық негіздері бар және жеке адамның жеке бір қасиетін дамытуға бағытталған тренингтік сабақтар жатады (өзін-өі түсіну, әлеуметтік перцепция дағдылары, мағынаны түйсіну т.б.).

Жеке адам дамуын ынталандыру тренингі


  1. динамикалық - психодрамалық топтар.

  2. гуманистік – Роджерс кездесу топтары, гештальт бағдарлану, әлеуметтік-психологиялық тренинг

  3. когнитивті - өзін-өзі тану, мінез-құлықтық бейімделу стереотиптерін сезіну.

Жеке адам дамуын іске асыратын бағыттардың бірі тақырыптық тренинг, яғни топтың зейінін қандай да бір тақырыпқа шоғырландыру, тақырыптық пікірталас (өмір мәні, кәсіби қызығушылар).

Оқыту тренингтері – мамандыққа керек дағдыларды жетілдіруге бағытталған, онда шешуші фактор – қарым-қатынастық тиімділігі. Мұндай тренинг нақты топтың ұсынысымен қалыптасады. Мысалы: лабораториялық тренинг – психотерапевтер үшін, пациенттермен жұмыс дағдысын жасауға бағытталған. Әдістемелік тренинг – топтармен жұмыс істейтін тренинг – келісім процесі тренингі, басқару персоналдар үшін тренинг.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг – практикалық психологияның белсенді әдістері.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг әр түрлі әдістемелік формалардан тұрады: видеотренинг, рөлдік оқытулар, баға және өзіндік бағаға топтық талдау, вербальды емес «әдістемелер».


Бақылау сұрақтары

1.Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік.

2.Тренингтің ерекшелігі және негізгі түсініктері.

3. Коммуникативті құзырлықты қалай түсінесіз?


Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.


Тақырып 2. Тренингтің даму тарихы.

Мақсаты: Тренингтің пайда болуымен таныстыру. Даму тарихын меңгерту. Тренингтің даму кезеңдерін қарастыру.



Жоспар:

  1. Тренинг түсінігінің пайда болуы.

  2. Тренингтің дамып, қалыптасу кезеңдері.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

Бұл дәрісте тренинг терминінің анықтамасына және тарихына сипаттама беріледі. Студенттер тренингтің даму тарихын меңгереді.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: тренинг термині, психология, адам, мінез–құлық, әдіс, топ, қарым–қатынас.

Бүгінгі күнде «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ, сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады.

«Тренинг» термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Мұндай көпмағыналық тренингтің ғылыми анықтамасына да тән. Ю.Н. Емельянов (1) тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді.

Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады және тренингке ұйымның жоспарлы белсенділігін арттыра түсу үшін оның мүшелерінің кәсіби білімі мен қабілеттілігін көтеруге бағытталған, сондай-ақ тренингті жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын ұйымның мақсаты мен іс-әрекеттерінің талаптарымен сәйкес тәсілдерге сай өзгертудің бір бөлшегі деп қарастыруға болады.

Ресейлік психологияда тренингті оқытудың немесе әлеуметтік - психологиялық тренингтің белсенді тәсілдерінің бірі деген ұғым кең таралған. Л.А. Петровская әлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «қарым-қатынаста жетіктілікті дамыту құралы», «психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады .

Г.А. Ковалев әлеуметтік-психологиялық тренингті белсенді түрде әлеуметтік-психологиялық білім беру әдістемесінің кешенді әулеметтік-дидактикалық бағыты ретінде қарастырады.

Б.Д. Парыгин топтық кеңес беру тәсілі жөнінде, оларды өмірде және жалпы қоғамдағы қатынас дағдыларына белсенді түрде топтық оқыту ретінде яғни, кәсіби пайдалы дағдылардан Мен - тұжырымдамасы мен өзін-өзі бағалауға сәйкес жаңа әлеуметтік рөлге бейімделуге дейін оқыту деп бейнелей айтады .

Бүгінгі күнде тренингті анықтау үшін көп жағдайда «психологиялық әсер ету» термині қолданылады. Ал, С.И. Макшанованың жұмыстарынан бұл терминнің тренингті әдіс ретінде дәл толықтай бейнелемейтінін байқауға болады, яғни бұл термин тек бір адамнан екінші адамға әсер ететін ақпараттардың алмасу процесін бейнелейтін түсінік ретінде ғана бола алады. Процессуалдық мінездемеге ие «әсер ету» түсінігі өзгеріс категориясының көмегімен анықталатын оның мақсаты мен нәтижесін толықтай ашпайды. Негізінен әсер етудің нәтижесін күтетін тренингтің және оны қолданушылардың негізгі мақсаты тек ғана әсер ету бола алмайды.

С.И.Макшанов ұсынып отырған «мақсатты түрде өзгерту» термині адам мен топ феноменінің психологиялық динамикасына жататын көптеген құбылыстарды бейнелеуге мүмкіндік береді. Тренингтің процессуалдық және өнімдік мінездемесін ашып, тренингтің «субъект- субъекті» мінездемесін айқындайды, оның тиімділігі тренингке сұраныс берушілер мен оған қатысушылардың және оны ұйымдастырушы мамандардың жауаптылығын сезінуімен байланысты.

Осыған байланысты тренингті адамның жеке тұрмысы мен кәсіби үйлесімділігінің мақсаты болып табылатын жеке адамның, топтың және ұйымның психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертудің көпқырлы әдісі деп анықтауға болады.

Қатынастың тиімділігін арттыруды көздеген тренинг оқытулар алғашқы рет Бетеледе (АҚШ) К. Левиннің оқушыларының ұйымдастыруымен өткен және олар Т-топ деген атқа ие болған. Оның негізінде адамдардың көпшілігі топтасып өмір сүреді және жұмыс атқарады, алайда олар көп жағдайда осы топтың жұмысына өзінің қандай деңгейде ықпал жасайтындығына, басқа адамдар оған қалай қарайтындығына, айналасындағылардың бойында оның мінез-құлқының қандай әсер тудыратындығына есеп бермейді деген ой жатты. К.Левин адамдардың мінез-құлқымен бойындағы бейімділіктердегі тиімді өзгерістер негізінде жеке контексте емес, жалпы топта бой алады, сондықтан да өзінің бейімділіктерін байқап, өзгерту үшін, мінез-құлқында жаңа формаларды қалыптастыру үшін адам өзінің жекешеленуін жеңіп, өзіне басқалардың көзқарасымен қарауға үйренуі тиіс деген ұстанымда болған.

Т - топ өзара қарым-қатынас әсерінен бой алдырған қатынас пен топтық динамиканы зерттеуді мақсат ету үшін жиналған геторогендік индивидтердің жиыны ретінде болды.

К.Левинің оқушыларының топаралық қатынас шеберханасындағы нәтижелі еңбектері АҚШ-дағы Ұлттық тренинг зертхананың негізін қалады.

Бұл зертханада тренингтік топтарының негізі қаланды. Нәтижесінде, оның жұмысының қорытындысы Т-топтың тәжірибесінде қолданылды.

Т-топтарында басқарушы қызметкерлерді, менеджерлер мен саяси көшбасшыларды өзара тиімді қарым-қатынасқа, ұйымдардағы қақтығыстарды шешуге, басқару шеберлігіне, топтық бірлестікті нығайтуға оқытты. Кейбір Т-топтарындағы оқытулар адам өмірінің құндылықтарын анықтауға, өзінің жеке жетілу сезімін күшейтуге бағытталған еді. Мұндай топтар 1954 жылы құрыла бастады және сенситивті топ деп аталған еді.

60 жылдардың аяғы мен 70 - жылдардың басында Т - топтары мен сенситивті топтар көптеп бой алды. Олардың негізгі мақсаты жұмысшы топтарындағы қақтығыстарды шешу және жұмысшы мен қызметкерлер арасындағы кәсіптік қарым- қатынасты нығайта түсу болды. 1964 жылы Т- тобының дамуындағы 17 жылдық тәжірибенің нәтижесі көрініс тапқан жинақ жарық көрді. Онда негізінен төрт мәселе: жаттықтырушылардың кәсіби деңгейі, Т-тобының әдістемесін жаңарту, зертханалық емес жағдайларда зертханалық әдістерді қолдану және теориялық зерттеу мен дамудың шыңдалуы жан-жақты қарастырылды.

60 - жылдары менеджерлердің кәсіби дайындығын арттыру үшін психологиялық қолдау көрсету мақсатында гуманистік психология дәстүріне сүйенген « К. Роджерстің » әлеуметтік және өмірлік қабілеттіліктердің (social/life skills training) тренингі қозғалысы пайда болды.

Өмірлік қабілеттіліктер тренингінде негізінен тренингке қатысушыларға өзіндік жол таба білуді айқындайтын үш модель пайдаланылды.

Бірінші модель өмірлік қабілеттіліктің жеті категориясына яғни: мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және Мен - тұжырымдамасын дамытуға сүйенді.

Екінші модель тренингтің мақсаты болып табылатын өмірлік қабілеттіліктің төрт категориясын, яғни: жеке тұлғалар арасындағы қатынас, денсаулықты қолдау, жеке ерекшелікті дамыту, шешім қабылдау мен мәселелерді шешу айқындалды.

Үшінші моделге эмоцоналдық өзін-өзі бақылау, жеке тұлға аралық қатынас, өзін-өзі тану, қаржылық өзін-өзі қаржылай қамсыздандыру, өзін-өзіне қолдау көрсету және тәжірибені тұжырымдамалау жатады.

70-жылдары Лейпциг және Йенск университеттерінде М.Форвергтің басқаруымен әлеуметтік-психологиялық тренинг атты әдіс жетілдірілді. Тренингтің құралы ретінде тиімді қатынастық дағдыларды қалыптастыруға жағдай тудыратын драматизация элементтері бар рөлдік ойындар қолданылды. М.Форверг ұсынған әдістердің практикалық қосымшасы ретінде өндірістік кәсіпорындардың жетекшілерін әлеуметтік-психологиялық дайындау болды.

Әлеуметтік-психологиялық тренинг Ресейлік психология практикасында да кеңінен таралды. Әлеуметтік-психологиялық тренинг теориялық және әдістемелік аспектілеріне арналған алғашқы монографиялық еңбек 1982 жылы жарық көрген Л.А. Петровскаяның монографиясы болды.

Бұл әдіс балалармен, ата-аналармен, әлеуметтік топтардың кәсіби мамандарымен, кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілерімен жұмыс істеуде белсенді түрде қолданылып келеді. Әдісті пайдалану тәжірибесі Ю.Н. Емельянованың, В.П. Захарованың, Г.А. Ковалеваның, Х. Миккинаның, Л.А. Петровскаяның, Т.С. Яценконың және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Әлеуметтік-психологиялық тренингтің жалпы мақсаты - қатынастағы тиімділікті арттыру- міндетті түрде қатынастағы мінез-құлықты, адамның перцептивті қабілеттілігін, жеке тұлғаның қатынас жүйесін шындай түсу және дамытумен анықталатын білімді меңгерумен, қабілеттілігі мен дағдыларын қалыптастырумен байланысты түрлі кескіндегі бірқатар міндеттермен нақтылана түседі, өйткені жеке тұлғалық өзгешелік адамның іс-әрекетін және оның вербальды және вербальды емес әрекеттерін әртүрлі түспен әрлендіретін фон болып келеді.

Тренинг топ жұмысының нәтижелі болуының бір талабы оқыту барысында шешімін табуы тиіс міндеттерге жүргізушінің ықпал ете алуы болмақ. Ықпал ету белгілеулер деңгейінде немесе қабілеттер мен дағдылар, немесе перцептивті қабілеттер және т.б. деңгейлер негізінде жүзеге асады. Бір тренингтік топтың жұмысы барысында әртүрлі міндеттерді пайдалану дұрыс емес, өйткені мұндай әрекет бір жағынан әсер етудің тиімділігін төмендетуі мүмкін, ал екінші жағынан этикалық мәселелердің орын алуын тудырады, сондықтан да тренинг барысында міндеттерді тек топтың келісімен ғана өзгертуге болады.


Әдебиеттер:

1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

2. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

4. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

5. И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.


Бақылау сұрақтары

  1. Тренинг түсінігінің пайда болуы.

  2. Тренингтің дамып, қалыптасу кезеңдері.


Дәріс №3

Психологиялық тренингтің мақсаты.

Жоспар:

  1. Психологиялық тренинг.

  2. Тренингтің мақсаттары.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

Бұл дәрісте психологиялық тренинг түсінігіне анықтама беріледі. Тренинг мақсаттары және оны қалай анықтау жөніндегі білімдерді студенттерге меңгерту.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: психологиялық тренинг, мақсат, адам, қарым қатынас, тұлға, қатысушылар.

Психологиялық тренинг дегеніміз– топтық жұмыстың белсенді әдісіне негізделе отырып, психологиялық әсер ету. Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдылардың қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері туралы сұрақтар шешіледі. Тренинг –қалыптасқан стереотип және жекелей мәселелерді шешеді. Тренинг адамның потенциалын ашады және ары қарай дамытады. «Тренинг» терминін Эмильянованың ойынша оқытудың әдістерін белгілеу үшін қолданбау керек, ол оқыту мен қабілеттіліктердің даму әдістерін белгілейді немесе күрделі іс-әрекет түрін игереді. Тренингте әрбір қатысушылардың міндеті- өз-өзінің жекелей амалы арқылы көрсетуге көмектесу, яғни өзін-өзі түсіну, қабылдауға үйрену.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі 5 бағытта жүреді:


  1. Өзін-өзі қабылдау арқылы өзін басқалармен салыстыру.

  2. Өзін –өзі қабылдаудың басқаның оны қабылдауы арқылы жүруі (кері байланыс механизімінің үнемі іске асуы).

  3. Өз іс-әрекетінің нәтижесі арқылы өзін қабылдау. Адам өзінің не істегенін бағалайды, өзіндік баға.

  4. Өзінің ішкі күйін бақылау арқылы өзін-өзі қабылдау.

  5. Өзінің сыртқы бейнесі арқылы өзін қабылдау.

Тренингтің негізгі идеясы адамдарды қыстамау, зорлық көрсетпеу, оған өз-өзімен болуына , өзін-өзі тауып, жақсы көруіне, қуанышты болып жүруіне кедергі жасау стереотипін жоюға көмектеседі.

Тренингтің негізгі мақсаты- жеке тұлғаны анықтау. Жалғастырушы мақсаттар:



  1. Қатысушылардың әлеуметтік –психологиялық компетенттілігін көтеру және қоршағандармен қарым- қатынас дамытуға жағдай жасау.

  2. Қатысушылардың белсенді әлеуметтік бағытын қалыптастыру және өмірін өзгертуге қабілетін дамыту.

  3. Психологиялық мәдениеттің дәрежесін көтеру.

Тренингтің міндеттері:

  1. Белгілі бір әлеуметтік –психологялық білімдерді меңгеру.

  2. Өзін және басқа адамдарды толық тану қабілетін дамыту.

  3. Жекелей ерекшеліктер мен іскерліктердің диагностикасы.

  4. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың жекеленген әдістерін оқу жжәне меңгеру.

Тренингке даярлықтың негізгі элементі- болашақ қатысушылармен алғашқы кездесу. Ол екі бөлімнен тұрады:

  1. Топтық әңгімелесу өткізіледі, онда кездесудің мақсаты, уақыты, мерзімі туралы айтылады.

  2. Сабаққа қатысуға ұйғарған адамдармен жекелеген әңгіме жүргізіледі.

Әңгімелесу кезінде қатысушылардың себебі анықталады.

Әдетте тренинг топтар белгілі бір мәселемен іріктеліп жиналады. Тренингке қатысушы адамдардың кез-клгенінің талабы: «Басқа адамдармен қарым-қатынас әдістерін , құпиялары мен дағдыларына үйрену». Осы мәселелер бойынша Дейл Карнегидің кітаптарында жақсы жазылған.

Анатолий Добрович әлеуметтік-психологиялық тренингте былай деген: «Адамдарға қарым-қатынасқа түсіп үйрену үшін... қарым-қатынасқа түсу керек» -кез келген тренингтің басты идеяларының бірін ол осылай тұжырымдаған.

Кез келген тренинг ережелер мен топтың өзара танысуынан басталады. Ережелер әртүрлі болып қалыптасуы мүмкін. Ережелерді топ мүшелерінің өздеріне жазғызуға да болады. Бәрі топ мүшелерінің өз еркінде немесе жүргізуші бірнеше ережелер түрін ұсынуына болады, ал топ мүшелері таңдау жасайды. Ереже бір көрнекі жерге ілінеді.

Танысу. Танысу тренингтің маңызды бөлігі. Кез келген тренинг жұмысы танысудан басталады. Топ бұрын жұмыс істеп, бір- бірін танитын адамдардан жиналған болса да, бірінші сабақ танысуға арналады. Танысу процедурасының көптеген түрлері бар. Әр топ мүшесіне таңдау бойынша кезекпен топқа ақпарат беру ұсынылады:


  • аты немесе осы жерде аталғысы келетін есімі немесе бала кезіндегі еркелететін есімі немесе өзіне ұнайтын есімі;

  • бәрі шеңбер бойынша өз есімдерін айтады. Әр адам өз атын атамас бұрын айтылған есімдерді қайталайды;

  • әр топ мүшесі өз атын атайды, өзінің бір жақсы, бір жаман қасиетін айтады, өзі жайлы айтады.

Жүргізуші топ мүшелерінің жаттығу туралы пікірлерін сұрайды. әркәм өзінің эмоциясын, ішкі сезімін айтады. Пікір айту ерікті түрде беріледі. Жүргізуші ешкімнің сөзін, ойын бөлмеуге тырысады.

Есімінен басқа әр қатысушыға келесі мәліметтерді айтуды ұсынуға болады:



  • тренингке қатысты өзінің ойлары мен күтімдері;

  • жаттығулармен байланысты өзінің үрей, қорқыныштары;

  • қандай да бір өзінің жекелей мінез бітістері;

  • қандай да бір жеке құндылықтары;

  • хобби.

Кей кезде әр қатысушының сөзінен соң топ оған бірнеше сұрақтар қояды. Ол сұрақтар тақырып бойынша, сұрақ саны бойынша немесе уақыт бойынша шектеледі. Міндетті түрде әркімнің жауап беру және жауап бермеу құқығы жайлы ескерту керек.
Әдебиеттер:

1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

2. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

4. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

5. И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.


Бақылау сұрақтары:

  1. Психологиялық тренинг.

  2. Тренингтің мақсаттары.



Дәріс №4

Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы

Жоспар:


  1. Тренинг түсінігінің пайда болуы.

  2. Тренингтің дамып, қалыптасу кезеңдері.

Әлеуметтік психологиялық тренинг дегеніміз не?

Бұл психологиялық әсер ету, топтық жұмыстық белсенді әдістеріне негізделе отырып.

Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасын, онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдыларының қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері жайлы сұрақтар шешіледі. Тренинг – қалыптасқан стереотиптерді және жекелей мәселелрді шешеді.

ӘПТ – адамдық потенциалды ашады және ары қарай дамытады, өзінің эмоциялық және сезімдік қалпын вербальдық және вербальдық емес білдіру. Бұнда «тренинг» термині Ю.Н. Емельянованың ойынша, оқытудың әдістерін белгілеу үшін қолданылмауы керек, ал оқыту мен қабілеттіліктің даму әдістерін белгілейді немесе күрделі іс-әрекет түрін игеру, мысалы, оқыту.

ӘПТ тобының міндеті қатынасушылардың өзін-өзінің жекелей амалы арқылы көрсетуіне көмектесу, бұл үшін бірінші кезекте өзін-өзі түсіну және өзін-өзі қабылдауын үйренуі қажет.

Жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуі 5 –негізгі бағытта жүзеге асады.



  1. Өзін-өзі қабылдауыарқылы өзін басқалармен салыстыру. Басқа адамды бақылау мен талдауға ыңғайлы қылып қарастырады адам. Біз өзімізге сырт жағымсыздан қараймыз, топтың басқа мүшелерімен қатар қоя отырып.

  2. Өзін-өзі қабылдауды басқаның оны қабылдауы арқылы адам өзі жайлы қоршағандардың хабарын пайдаланады. «Кері байланыс» ӘПТ – топтарында «кері байланыс» механизмі үнемі іске асады, ол қоршағандардың оның мінез-құлқы туралы пікірлерін білуге жағдай жасайды.

  3. Өз іс-әрекетінің нәтижесі арқылы өзін қабылдау, адам өзінің не істегенін бағалайды, өзіндік баға.

  4. Өзінің ішкі күйін бақылау арқылы өзін-өзі қабылдау, адам ойланады, өзімен сөйлеседі, қоршағандармен өзінің эмоциясын, түйсінулерін, ойларын, уайымдарын талқылайды. Осындай принципті айырмашылығы, Тренинг - өзіндік «Меніне» кіру.

  5. Өзінің сыртқы бейнесі арқылы өзін-өзі қабылдау, адам өз денесін, өзінің «Менін» қабылдайды.

Т-нің негізгі гуманистік идеясы – адамды қыстамау, зорлық-зомбылық көрсетпеу, оған өзімен-өзі болуына, өзін тауып және жақсы көру, қуанышты өмір сүруге кедергі жасайтын стереотиптерді жеңуге көмектесу.

Т-тің мақсаты – жеке тұлғаны анықтау, жалғастырушы мақсаттары:

1. Қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық компенттігін көтеру және қоршағандармен қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасау.

2. Қатынасушылардың белсенді әлеуемттік бағытын қалыптастыру және өмірін өзгерту қабілетін дамыту (өзінің және қоршағандардың).

3. Психологиялық мәдениетінің дәрежесін көтеру.

Міндеттер (Жеке міндеттер)


  1. Белгілі бір әлеуметтік-психологиялық білімдерді меңгеру.

  2. Өзін және басқа адамдарды толық тану қабілетін дамыту.

  3. Жекелей ерекшеліктер мен іскерліктердің диагностикасы, түзету жолдары, кедергі келтіретін жағдайларды жою.

  4. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың жекеленген әдістерін оқу және меңгеру.

Бақылау сұрақтары



  1. Тренинг түсінігінің пайда болуы.

  2. Тренингтің дамып, қалыптасу кезеңдері.

Әдебиеттер:

1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

2. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

4. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

5. И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.
Дәріс№5.

Тренингті ұйымдастыру принциптері.

Жоспар:

1. Тренингті ұйымдастыру принциптері:

*мақсаттылық принципі;

*белсенділік принципі;

*диалог принципі;

*мәселелік принципі;

*топтық және жекелей жұмыстарды байланыстыру принципі;

*зерттеу принципі.

Тренингтік топтың жұмысы өзіне тән бірқатар принциптермен ерекшеленеді:

1. Белсенділік ұстанымы

Тренинг топ мүшелерінің белсенділігі ерекше мәнге ие, оны кітап оқушы немесе лекция тыңдаушы адамның белсенділігімен салыстыруға болмайды. Тренинг барысында адамдар арнайы талқыланған іс- әрекеттерге араласады. Ол қандайда бір іс- әрекетке араласу, жаттығуларды орындау, арнайы схема бойынша басқалардың мінез-құлқын бақылау болуы мүмкін. Сондықтанда іс-әрекетке кез-келген уақытта араласуға болатындығын түсіндірген жағдайда, оған қатысушылардың белсенділігі арта түседі.

Әсіресе жаттықтырушы ұсынған ойды, мінез- құлық амалдарын сезіну және жаттығу тәсілдерін меңгеру арқылы Тренингің мақсатына жетуде топтың барлық мүшелерін белсенді түрде бірдей араласуына мүмкіндік беретін жағдайлар мен жаттығуларды қолдану тиімді болмақ.

Белсенділік ұстанымы, негізінен эксперименталды психология саласындағы белгілі адам естігенінің он пайызын, көргенінің елу пайызын, айтқанының жетпіс пайызын және өзі істегенінің тоқсан пайызын игереді деген идеяға сүйенеді.



2. Зерттеулік (шығармашылық) ұстанымы

Бұл ұстанымның маңыздылығы тренинг барысында топ мүшелері психологияда белгілі ойлар мен заңдылықтарды сезініп, анықтап, ашумен қатар, өзінің бойындағы жеке мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін де сезіне түсетіндігінде болмақ.

Осы ұстанымға сүйене отырып жаттықтырушы топ мүшелерінің өз бойларындағы жаңа мінез-құлықтарды сезініп, қалыптастыра түсуге, тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар ойлап табады, құрастырады және ұйымдастырады.

Тренингтік топта негізінен бейтараптылық жай орнаған, қандайда бір мәселе орын алған креативті орта қалыптасады.

Бұл ұстанымды жүзеге асыру әдетте қатысушылар тарапынан қарсылық тудырады. Тренингтік топқа келетін адамдар бойында мектепте, институтта алған білім арқылы берілген арнайы өмірлік ережелер мен алдағы уақыта ұстануы тиіс құндылықтардан тәжірибе жинақтаған жандар. Сондықтанда үйреншікті емес оқыту тәсілдерімен бетпе-бет келген сәтте, адамдар наразылық білдіреді, кейде тіпті наразылығы агрессивті формада болады. Мұндай қақтығысты шешуге тренинг мүшелеріне дайындықта болуын қалыптастырудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіретін және тренинг аяқталғаннан кейін өзінің мінез-құлқына, өмірге, өз-өзіне шығармашылық тұрғыда қарауға, тәжірибе жасауына мүмкіндік беретін жағдайлар септігін тигізеді.


  1. Мінез-құлықты нысаналау (түсіну) ұстанымы

Оқыту процесі барысында қатысушылардың мінез-құлқы импульсивтіліктен біртіндеп нысаналық деңгейге ауысады, бұл тренингті өзгеріске ұшыратады. Осы сәтте екі жақты байланыс мінез- құлықты нысаналаудың әмбебап құралы болмақ. Топта екі жақты байланыс орнатуға тиімді жағдай тудыру - жаттықтырушы жұмысының басты міндеті.

Қатысушылар бойында қабілеттілік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тренинг түрлерінде мінез-құлықты нысананалаудың қосымша құралдары пайдаланылады. Солардың бірі топ мүшелерінің қандай да бір жағдайда іс-әрекеттері, мінез–құлықтарының көрініс табуы бейнеленген бейнежазба болмақ, оны кейін топ мүшелері қарап шығып, талқыға салады. Бұл жерде бейне жазба негативті әсер тудыруы мүмкін күшті құрал екенін ескеру қажет, сондықтанда оны пайдаланарда өте мұқият болу керек, және кәсіби деңгейде пайдалана білу өте маңызды.



4. Әріптестік қатынас ұстанымы (субъект- субекті)

Әріптестік немесе субъект-субъекті қатынасында ең бастысы топ мүшелерінің арасындағы өзара әрекетке деген қызығушылығы, сондай-ақ олардың сезімі, көңіл- күйі, мазасыздануы ескеріледі, басқа адамның жеке құндылықтары құпталынады.

Бұл ұстанымды жүзеге асыру топ мүшелерінің арасында өз қателіктерін жасырмай, мінез-құлқын аша түсу үшін түрлі тәжірибелер жасауына мүмкіндік беретін сенімділік, ашықтық, қауіпсіздік жағдайын қалыптастырады. Бұл ұстаным топ мүшелерінің өз-өзіне толық зерттеу жүргізе алатындығына орай, шығармашылық ұстанымымен тығыз байланысты.

Біз тоқталып өткен ұстанымдардың жүйелі түрде жүзеге асуы - әлеуметтік-психологиялық тренинг тобы жұмысының тиімді болуының басты талаптарының бірі. Ол бұл жұмысты психологиялық әсер етудің және оқытудың басқа әдістерінен ерекшелендіреді. Сондай-ақ, тренингтік топтардың жұмысының өзіндік ұстанымдарымен қатар, топта орын алып отырған жағдайды тұрақты түрде үйлестіріп отыратын жаттықтырушы жұмысының өзіндік ұстанымдарын да атап кеткен жөн. Жаттықтырушы бір күндік жұмысын жоспарлау барысында, тренингті өткізуге кірісер алдында және жұмыс барысында:



  • Мен қандай мақсатқа жеткім келеді?

  • Неге мен ол мақсатқа жеткім келеді?

  • Ол мақсатқа мен қандай жолмен жеткім келеді? – деген сұрақтар қоюы

тиіс. Жаттықтырушы топпен жұмыс істеу барысында зерттеу жүргізу арқылы бұл сұрақтардың жауабын таба алады. Зерттеу нысанына төмендегілер жатады:

  • Жұмыстың мазмұнды жоспары;

  • Топтағы ұйымшылдық пен даму деңгейі, топ мүшелерінің арасында қалыптасқан түрлі мінездердің қарым-қатынасы;

  • Топтың әр мүшесінің жағдайы, оның тренингке, басқаларға және өзіне деген ойы;

  • Жаттықтырушының жағдайы.

Тренингтің тиімділігі жаттықтырушы жүргізген зерттеудің барабарлығына ғана емес, сонымен қатар, алдына қойған қандай да бір мақсатқа жету үшін қаншалықты құрал-жабдықтармен жабдықталғанына да байланысты.

Тренингтің негізгі қағидалары. Тренингтің оқыту дәстүрлердің түрлерінен негізгі ерекшелігі – психолог маңызы зор қағидаларды қолдану керек. Әдебиеттерді оқу, лекция, семинар, сияқты оқытудың дәстүрлі әдістерінен мұндай сабақтардың сапалық ерекшелігі тренингті өткізу кезінде олардың бірте-бірте жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

Көптеген авторлар тренинг топ пен тұлғаға деген психологиялық ықпалдың жалғыз бағыты емес деп ойлайды. Сонымен қатар, Л.С. Выготскийдің жалпы психологиялық теориясының базасы негізінде, А.Р.Лурия, Н.Н.Леонтьев және олардың ізбасарлары психологиялық білім берудің базалық детерминанты ретінде топтың дамуына бұрын да болған дәстүрлі психологиялық тәсілдердің негізінде әлеуметтік маңызды пәндік қызмет пайда болады. Топтың дамуына қолданылатын бұл қағидаларды өзінің топтық белсенділіктің стартометриялық тұжырымдамасында А.В.Петорвский ұсынған болатын. Өзара әлеуметтік маңызды пәндік қызметтің басты мақсаты әлеуметтік-психологиялық қайта құрумен жүзеге асырылады, ал топтық дамуға ықпал сыртқы тәжірибелік іс-әрекеттің өзгеруінің арқасында іске асады.

Топтың дамуына психологтиялық ықпалдың түрі ретінде тренингтің ерекшелігі – топтағы қарым-қатынас үрдісінің сапалық өзгеруі, топтық қалыптасу нәтижесі болатын механизм алғы шарттардың бірі болып табылады. А.И.Донцовтың пікірі бойынша, топтың дамуындағы болатын қарым-қатынастың мұндай түйінді маңызды болуы екі себептің арқасында, олар: қарым-қатынас өзара бірлескен пәндік қызметтің дамуы және жүзеге асырудың ішкі қажетті шарты арқасында дамыған топтар пайда болады, ал қарым-қатынас үрдісі маңызды алғы шарттардың бірі, сонымен қатар, тұтастай психологиялық білім беру ретінде топтың өмір сүруі мен да-

муы түрлерінің тәсілдері болып табылады .



Л.А.Петровская психологиялық білім беруді «...туынды және қосымша қасиеттердің пайда болуы, нәтижесінде өздеріне деген қосымша деңгейдің өтпелі көпсатылы күрделі жүйесі арқылы олардың іс-әрекеттерін белсендіру саласына және өз жеке бастарына ықпал етеді» деп түсіндіреді. Оның пікірі бойынша, мұндай психологиялық ықпалды олар көрсетілген нақты тәжірибеде қарқынды таратылуы қызметтік іс-әрекеттің қосымша деңгейіне сәйкес әдістер пәндік қызметтің жүзеге асу жолына қарағанда, әлдеқайда маңызды бақыланады. Соңғы жағдайда психологиялық өзгарістер өз табиғатына сай психологиялық емес факторлардың нәтижесі ретінде пайда болады. Оның көз-қарасы бойынша, базасы субъективті қағидалар болатын терең өнімді қарым-қатынас тренингттің жұмысы өтетін негізгі ортаны құрайды, сонымен қатар, бұл топтың өз қатысушыларына деген ықпалдың негізгі тәсілі және лайықты жаңа білімдер, іскерлік пен көрсетілген қарым-қатынас түрінің саласында тәжірибе түрінде мұндай ықпалдың негізгі нәтижесі болып табылады. Басқа да өте маңызды жағдай, бұл тренинг қатысушысының белсенді ұстанымы – қарым-қатынастың көрсетілген сипатынан туындайды. Бұл тұлғаның түрлі өзіндік өзгеруі, оның дамуы тек өзара қызметтің арқасында болуы мүмкін – «...мұндай іс-әрекет, адам сырттан айтылған міндет пен қызметті енжар орындаушысы емес, керісінше, белсенді субъектісі болады» (Н.М.Коряк, В.И.Шаляпин). Бұл қағиданы пайдалану тренингте топтың қатысушыларына психологтың тікелей ықпалы арқылы емес, қарым-қатынастағы құзыреттің дамуын іске асыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар, өзара коммуникативті іс-әрекетті ұйымдастыруда өзін-өзі қалыптастыру тәсілдері үшін жағдай жасаумен байланысты . Осыған орай, тікелей қатысушының белсенді жұмысы нәтижесі ретінде тиімді треннигке сәйкес болатын түрлі жаңалықтар, сонымен қатар, түзету - өзара түзетуге, диагностика - өзара диагностикаға айналады. Тренингтің негізгі ойы, «...топты ерекше көлемді айнаға немесе, дәлірек айтқанда, осы топтың өміріндегі өзіндік белгілі бір жағдайлар үрдісінде әрбір қатысушы өзін көре алатын айналар жүйесіне айналдыру». Сондықтан, айтылған сөздерді персонификациялау және тек тренинг шеңберінде ғана («енді және осында») оқиғаларды талқылауға шек қоятын маңызды ережелер болады. Соңғы ерекшеліктің мәні тұлға аралық сөздік түрлерден («Әр адам...» немесе «Барлық адамдардың пікірі бойынша, ...» сияқты) және дербестікке «Менің ойымша», «Мен ойлаймын» сияқты қарым-қатынастан бас тарту.

Келесі маңызды жағдайлардың бірі тұлға аралық кері байланыс. Л.А.Петровскаяның көптеген еңбектерінде жан-жақты қарастырылады, ол кері байланысты интевсивтендірудің тәсілдерін көрсетіп, оның ақпараттылығы мен тепе-теңдігінің артуын түсіндіреді. Сындарлы кері байланыстың шарты ретінде оның бейнелеуіш сипаты, ерекшелігі, қажеттілігі, алынатын және берілетін қажеттіліктерге релеванттілік, топтың щеңберінде оны жүзеге асыру, нақты өзгеріске ұшырайтын қасиеттерді қолдану сияқты іс-әрекеттер ұсынылады. Сонымен қатар, кері байланыс қажетті атмосфераны құру үшін қосымша тәсілдерді қолдану болып табылады. Осыдан басқа, кері байланыста «видеотренинг» деп аталатын әдістер бар.

Тренингте топтың «эмоционалды мүмкіндіктерге» айналдыру, оған қатысушылардың эмоционалды саласы жоғарғы деңгейде қызмет етуі: «Топпен жұмыс жасау кезінде қатты қиналу, оның әсерлі көптеген эмоционалды құрауыш бөліктері
Бақылау сұрақтары

1. Тренингті ұйымдастыру принциптері.

2. Болашақ педагогтың коммуникативті құзыреттілігі
Әдебиеттер:

1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

2. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

4. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

5. И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет