ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Оқытушы коммуникативтік құзырлығының тренингі»



бет4/8
Дата17.07.2016
өлшемі466.5 Kb.
#206048
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс №10.

Мектептегі педагогикалық тренинг.


Жоспар:

1.Мектептегі педагогикалық тренингтің принциптері мен мақсаттары.

2.Мұғалімдерге психологиялық көмек ұйымдастырудың кезеңдері.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Мектептегі педагогикалық тренингтің принциптері мен мақсаттары түсіндіру. Мұғалімдерге психологиялық көмек ұйымдастырудың кезеңдерімен таныстыру.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: психолог-мұғалім, педагогикалық рефлексия, ішкі позиция.

Әдебиеттер:

1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

2. Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М:1994.

3. Самаукина А.С. Практический психолог в школе. М:1997.

4. Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения М:1997.


Дәріс №11. Педагогикалық тренинг бойынша сабақ құрылымы. / 1 сағат


Жоспар:

1.Алғашқы кезең-разминка.

2.Сабақтың негізгі кезеңі.

3.Қорытынды кезең.



Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Педагогикалық тренинг бойынша сабақ құрылымындағы кезеңдермен таныстырып, әр кезеңнің ерекшеліктеріне тоқталу.

Тақырыптың негізгі ұғымдары:презентация, рефлексия, кәсіби жағдайлар.

Әдебиеттер:

1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

2. Самаукина Н.В. Игры которые играют. Дубна 1996.

3. Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения М:1997.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

4.Кан-Калик В.А. Тренинг профиссионально-педагогического общения. М:1990.

Дәріс №12. Топты жүргізу психотехникасы.


Жоспар:

1.Топты басқару.

2.Топтық сабақ мазмұнын құру.

3.Топты психологиялық белсендендіру.

Ең басты назар аудару керек нарсе - ол тренинг топтың  құрылуына.  Бұл топтық құрылудың  екі түрі бар : «құрама» топтық ұйым, яғни мұнда  қатысушы мамандар  әртүрлі  мекеме, ұйымдардан келгендер немесе  бір ұжымдағы адамдар  қатысады,  мысалы  бір мектепте жұмыс істейтейтіндер. Екі түрлі топпен де жүргізілген жұмыс тәжірибесі бойынша, екінші топ тренингтің нәтижесінің тұрақтылығы, келесі бірлескен жұмыстың тиімділігін көтеру, инновациялық технологияларды енгізу жоспары бойынша тиімді болып келеді. Егер тренингке бір мекемеден бір адам қатысатын болса, өз потенциалын ғана жүзеге асыруға тырысады да, онда пайда болған өзгерістер өз мекемесінде қалыптасқан нормалармен және құндылықтармен сәйкес келмелей, кәсіби өзін-өзі дамытуы қиынға соғады.

Керісінше, психологиялық  тренингке бір мекеменің қызметкерлерінен құрылған топ қатысса, ол өз ұжымында жаналық енгізудің инициаторы және мекемеде өзгерістер енгізуге қабілетті  қызметкер бола алады. Сондықтан, қалыптасып қойған кәсіби ұжыммен тренинг жүргізген  тиімді. Тренингтік жұмысты ұйымның  әкімшілік қызметкерлерінен, басшылармен, директорлармен бастаған жөн. Бұл жұмыстың мақсаты басшылардың қызметкерлерімен психологиялық жұмыстың жаңа формасын қабылдауына мотивациялар тудыру.

      Сабақ өткізілетін орын дыбысты сыртқа шығармайтын және бөтен адам жұмысқа кездейсоқ кедергі келтірмейтін жерде орналасуы керек. Сабақ 10-12 сағатқа созылуы мүмкін болғандықтан, кабинетте кең, ыңғайлы болуы керек және желдетіліп отыруы қажет. Қатысушыларға ыңғайлы және жеңіл орындықтармен қатар, кабинетте үлкен парақтарынмен планшет (жүргізуші оған фломастермен бірдеңе жазуы немесе сурет салуы мүмкін), видеомагнитофон мен теледидар болуы керек. Кабинеттегі кеңістік кең болып, қатысушылардың шеңбері кабинеттің жартысын алып, ал қалған жартысында маттар мен кілем жайылып жатса ыңғайлы болады (медитация немесе денелік терапия жаттығуларын жасағанда ыңғайлы).

Жұмыс барысында бір жарым  сағат сайын 10 минут үзіліс жасалады. Екі сағаттық түскі асқа үзіліс болуы  да мүмкін.

Тренинг жұмыстарын, топтағы қатысып отырған адамдарың жұмыс орындарында емес, арнайы даярланған мекемеде өткізгені дұрыс. Тренингті қала сыртындағы санаторияда, пансионаттарда өткізуге болады. Егер де тренинг 5-6 күнге созылса қатысушылар онда тек қана өмір сүріп, тамақтанып қана қоймайды, сонымен қатар дем алып, спортпен айналысады. Марафондық-тренинг уақытында үйге түнеуге бармаған жөн. Үйге кету – теренингтағы атмосферадан және  контекстан «құлау» болып табылады. Соның әсерінен топтағы динамика тежелуі мүмкін.  Егер қатысушы құпиялық принципті сақтамай топтпғы болып жатған нәрселерді үйдегілеріне айтса, топқа зиянын келтіру мүмкін.  Тренинг өткізу барсында «сыртқы өмірімен» қарым-қатынасын азайтқан  жөн ( жұмысына, үй ішіне қоңырау салудан алшақ болған абзал).

Жұмыс өткізілетін мекеме, ешкім кедергі болмайтын орында орналасуы керек. Сабақ 10-12 сағатқа созылуы мүмкін, сол себептен  жұмыс жүргізілетін орын  кең, ынғайлы, желдетіп тұрулы керек. Қатысушыларға арналған ыңғайлы креслолар, шеңберде тұрған адамдарға арналған  планшеттер, жүргізушінің айтқан сөздерін  жазып алу үшін ақ қағазадр, фломастерлер видеомагнитофондар қажет. Жұмыс жүргізілетін орын кең болып,  бір жағынды қатысушылар жұмыс жасаса, ал екінші жағында кілем жайылып жатқаны жақсы (ол медитация, денеге бағытталған терапия жаттығуларын жүргізу үшін өте ыңғайлы).

              Тренингтік бағдарламаның мазмұндық аспектілері.

  Әр топ үшін мазмұнды  және фромальды  өздерінің  бағдарламалары құрылады. Ол бағдарлама  мыналарға байланысты : елде болып  жатқан жағдайлар,  соңғы кезед  болған нақты бір оқиғалар, өмірлік  проблеманын мәлімделуі, ортақ психологиялық  мәдениеттің деңгейі т.б. Сонымен қатар тренингтің тұрақты өзінің құрлымы бар. Тренингтің бағдарламасы  өз ара байланысатын үш тематикалық блогтан тұрады.

Бірінші блок қатысушының өзінің жеке ерекшеліетерін және оптимизациялық өзіне деген  көңіл бөлінуін сезінуіне бағытталған. Ол тренингке қатысушылардың өзінің ерекшеліктеріне, аландаушылықтарына, ойларына, өзінің үйреншікті қабілеттеріне, өзі туралы пікіріне зейін қойюға бағытталған жаттығулардан тұрады.

Осы этапта жүргізуші алдына мынандай мақсат қояды: тренинг кезінде қатысушылар өздерін айқын айнадан көріп, өз-өздерін бағалап, өз-өздеріне есеп бере алатындай, сонымен қатар айнадан топтағы қатысушылардың пікірін, өздерінің жеке қасиеттерін бағалайтындай жағдай туғызу керек. Мында өзінің ойлауы мен қайғыруының күнделікті  рефлекстік вербализациясы мүмкіндік туғызады. Осы кезеңде неадекватты өзін қабылдаудағы, әдеттегі  стереотипі бұзыла бастайды, бағалау  және өзін бағалаудың нығайтылған жүйесі күман туғызады да, аяқ астынан адамның мені ашылады.

Екінші блок қатысушылармен бірге кәсіби жүйедегі әріптестерімен , әкімшілікпен, жанұя мүшелерімен тұлға аралық қатынасқа түсінуде өзін ұғынуға бағытталған.  Тұлғаның психологияллық ерешеліктерінің дамуына, әлеуметтік  және коммуникативттік ерекшеліктеріне, әдеттегі қарым-қатынас тәсілн түсінуіге, тұлғааралық әрекеттесудегі қателеріне талдау жасауға басты назар аударады. Топтағы қатысушылар іскер әріптестерімен   жұмыста істейтін ұжым мен, әкімшілікпен іскерлік әрекеттесу және қарым – қатынасқа түсудегі ережелермен танысады.  Бұл мақсатта вербальді емес техникалар, рөлдік ойнадар қызмет атқарады.

   Үшінші блок қатысушылар өздерін кәсіби жүйедегі іс –әрекетін, осы жүйеге деген оптимимизайиялық көңіл бөлуін қабылдауға бағытталған. Тренинке қатысушыларға мынандай тапсырмалар беріледі:  кино «түсіру»немесе «мылқау» спектакль қою, роман жазу. Мұндай тапсырмаларды орындау – топты ұйымшылдандыру тәсілі және әрбір адамның шығармашылық қабілетін жүзеге асыру ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың мінез-құлқындағы өзгерістерді талдауға, олардың маскасын шешіп, өзінің шығармашылық Менін ашуға мүмкіндік беретін диагностикалық тәсіл.



Тренинг кезіндегі ойын процедуралары.

Мамандар ересек адамдармен де іскерлік және рөлдік ойындарда  ойнайды.

Іскерлік ойындар көп  жағдайда ұйымдар мен мекемелерде  ұйымдастырушылық міндеттерді шешуде, сондай-ақ, инженер кадрларды және басқарушы қызметкерлерді дайындауда қолданылады. Іскерлік ойындар өндірістік, ұйымдастырушылық-әрекеттік, мәселелік, оқулық және кешендік болып бөлінеді. Психологиялық тренингтерде іскерлік ойындар «қысқартылған» түрде қолданылады. Себебі, жүргізуші көбіне «терапевтік» процедураларға көңіл аударады.

Рөлдік ойындар Дж. Мид, Дж. Морено және Р. Линтонның ашқан  рөлдік теорияларына орай базаланған. Қазір олар психотерапияның көптеген бағыттарында қолданылады.

Ойындар тренингте психокоррекциялық  мақсаттарда қолданылады. Ескерте  кетсек, «психологиялық дамуды коррекциялау»  терминінің өзі психотерапевтік  іс-әрекеттің негізгі формасы  ретінде ең алғаш  дефектологияда ауытқулы даму нұсқаларында қолданылған. Ол бала дамуындағы ауытқулар мен жетіспеушіліктерді түзету дегенді білдірді. Кейіннен  «коррекция» түсінігін қалыпты психикалық даму аймағында да кеңінен қолданыла бастады. Психокоррекция деп диагностика шегінен шыққан психологтың кез келген практикалық белсенділігін атайтын болды.

Психологиялық ойындардың мақсаты  адамға өзіндік «Менін», өзіндік  құндылық сезімін нақтыландыруға, өзімен жұмыс жүргізуге сынақ уақытын  ұсыну. Тренинг жүргізушісі тренингтегі  кез келген қатысушының бірегей, өзінше құнды, өзіндік дамудың ішкі көздеріне ие деген жорамалда  болуы керек. Тренингтік жұмыс шешуге болатын, спецификалық мәселелер аймағын  анықтайды. Оларға мыналар жатады:

- Адекватты өзіндік бағалау, мен-образының жалпылығының бұзылуы;

- Өзіне жағымсыз қатынас және соған орай мазасыздық;

- Өзіндік реттеудің төмен деңгейі, өзіне қанағаттанбау, өз күшіне сенімсіздік;

Тренингтегі психологиялық  ойындар қатысушы топтарға басқа жағдайларда қолы жетпейтін мүмкіндіктерді ашады: ол интеллектуалдық ресурстарын, танымдық шектерін кеңейтіп, өз күшіне деген сенімін нығайтады, шығармашылық қабілеттерін дамытады, қарым-қатынасқа талантын ашады, тәжірибелік мінез-құлықтың этикалық және адамгершілік негіздерін қалайды. Тренингте маңызды рөлді қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар мен шығармашылық бастауларын ашатын ойын процесі алады.

Салттар және психиканың санадан  тыс механизмі.

Салт – бұл өз кезегінде  бір заттар немесе әрекеттер екіншісін  алмастырады, яғни басқаларының мағынасына түсетін мінез-құлықтық метафора.

Белгі – басқа зат, оқиға, іс-әрекеттің өкілі ретінде сезіммен қабылданатын зат, оқиға немесе іс-әрекет.

Архетип ( Юнг бойынша) –  ежелден пайда болған және адамдарда  санасыздық ортасында болатын қарапайым, фундаментальдық образ.

Ұзақ уақыт жұмыс істейтін топтарда салт қарапайым түрде пайда  болады және топтық үрдістің ажырамас бөлігі ретінде қалыптасады.

Сәлемдесу. Егер бұл салтты топ өзі қалыптастырса тиімді болады. Оның нұсқалары әр түрлі. Мысалы, қатысушылар сабақтың алғашқы минутында  серіктестерімен кезекпен қарсы  келетін бағытта бөлмені аралап жүреді, кезекпен тырнақтарымен, тізелерін  тигізіп және бір біріне үнсіз  күлімсірейді. Вербальды емес сәлемдесудің нұсқалары – иықтарымен, тізелерін  бір бірлеріне тигізу «әрбірі - әрбірімен» принципі бойынша жүреді. Вербальды  құралдарды да қолдану туралы келісуге болады. Мысалы, қатысушылар бір  бірлеріне міндетті түрде бірнеше  жылы сөздер айтулары керек және ол сөздер әрбір кездескен сайын  қайталанбауы керек. Бірінші күні –  сыртқы келбеттеріне мадақтау айту, екінші күні – ең басты жетістігін айту, үшінші күні – сабақ барысындағы  қандай да бір нақты әрекетіне  мақтау айту, соңғы күні – «мен сенен  не үйрендім?» деген сұраққа жауап  айту.  Жалпы сәлемдесу әдістері де қолданады: шеңбер бойында тұрып, қатысушылар жалғанып тұрған қолдарын  жоғары қарай көтереді.

Қоштасу. Топтық жұмыстың аяқталу  салтын ғана емес, сонымен қоса әрбір  сабақтың біткендігін білдіреді. Қатысушылар  шеңбер бойында қолдарын серіктестерінің  иығына қойып, бір минуттай көздерін жұмып тұрады. Осы уақытта ол өзінің позитивті эмоциялары мен жағымды  тілектерін іштей айтып тұрады. Көбіне бұл процедура жеңілдік сезімін  тудырады.

Сабақтың дәстүрлі сызбасы. Ол да  қатысушыларға өзінің қайталанушылық  күшіне ықпал ететін салтқа жатады. Сызба әр түрлі бола береді. Мысалы, мынадай сызбаға сүйенуге болады.

1. Сәлемдесу.

2. Өзін қалай сезінетіндігі туралы сауалнама (қатысушылар лезде «осында және қазір» атмосферасына еніп, өзінің эмоционалдық және физикалық жағдайын, өзінің ойлары мен күтулерін айтып, кейде көрген түстері туралы айтады).

3. Сабақтың жүргізушісіне тақырып ұсыну (кейде ол өткен қадамдар уақытындағы қатысушылар айтқан сұраулардың нәтижесінде туындауы мүмкін).

4. Жүргізушінің астарлы әңгімесі.

5. Разминкалық жаттығулар.

6. Негізгі бөлім ( пассивті сипаттағы жаттығулар қозғалмалы ойындармен жалғасады және көп жағдайда рефлексия мен талдаулармен аяқталады).

7. Сабақты қорытындылау ( қатысушылардың өздерінің актуальды жағдайлары туралы, жасалған жұмыстар туралы ойларын және жүргізушіге ұсыныстарын айтады).

8. Жүргізушіге түйіндеме ойту (қажеттілігі бойынша).

9. Қоштасу.

Қол шапалақтау. Егер топта  қандай да бір нәтижелі орындалған жаттығудан кейін, өз ойын ашық, толық, нәтижелі айтқан адамнана кейін қол  соғу жалғасатын болса, онда оны да салттар қатарына жатқызуға болады.



Медитативтті техникалар. Тренинг топтарындағы әртүрлі бағыттағы  қолданылатын «медитативті» техниканың бәрі медитация болып табылмайды. Медитацияның  бастапқы түсінігі –  бұл өзіндік Меннің орталығына жақындауға мүмкіндік беретін және осыған орай  өз ойларының мазмұнына жауапкершілік  алуға мүмкіндік беретін рухани тәжірибелер жүйесі. Шри Бхагаван Раджнеш өзінің «Оранжевая книга» атты кітабында былай деп жазады: «Медитация – бұл іс-ірекет емес, бұл еркінен  тыс жағдай. Бұл босаңсу... Медитацияда  ешқандай логикалық операциялар  мен қорытындылар талап етілмейді, сіз ерекше ештеңе де істемейсіз –  сіз тек қана барсыз... Шөпті жерден тартқылап қажеті жоқ – көктем келген соң, шөп өзі-ақ өсіп шығады. Медитация – бұл өмірді бақыламай, өз тәртіптеріңізді орнатпай,  өмірдің  өз қарапайым жолымен жүруіне  мүмкіндік беруіңіз. Игерусіз қарапайым  жағдай дегеніміз, осы медитация.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Топты басқару.Топтық сабақ мазмұнын құру.Топты психологиялық белсендендіру.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: топ басқарушысы, топтық жұмыс, психологиялық белсенділік, үзіліс.

Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2.Агеев В.С. Психология межгрупповых отношений.М.,1983.

3.Кьел Рудестам. Групповая психотерапия.
Дәріс №13.

Тренингіндегі пікірталас.

Жоспар:

1.Топтыќ пікірталас түсінігі және классификациясы.

2.Пікірталас түрлеріне мінездеме.

3.К.Роджерстіњ кездесу топтары.

Топтық пікірталас бағытының негізгі үш типін бөліп

көрсетуге болады:

1. Кәсіби - тұлғалық бағыт. Бұл пікір-талас типінде топ тұлғаның

қиындықтары жөнінде немесе бір қатысушының кәсіби өмірін талдайды. Топ

мүшелері берілген проблемаға өз ойларын білдіріп, өз сезімдерін білдіреді де

кері байланыс ұсынылады.

2. Тақырыптық бағыт. Талқылау сұрақтармен проблемаларға арналады,

оның шешімі барлық топқа қатысты болады. Тақырып жұмыс процесі

барысында белсендірілуі немесе алдынала жоспарланып дайындалуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда тақырыптық пікірталас алдынала анықталынып алынады.

Бұл жағдайда қатысушыларға берілген тақырып бойынша дайындалуларына

мүмкіндік беріледі.

3. Өзара әрекет етуге бағыттылық. Бұл пікірталас типі топтық динамикаға

бағытталған, яғни топ мүшелерінің қарым-қатынасы, қатысушылардың өзара

реакциялары. Бұл пікірталаста «қазір және осында» принципін ұстанған дұрыс.

Пікірталастың жоғарылығы топтың бірігу деңгейін көтереді, бірақ ол

тақырыпты таңдау мен сұрақтың дұрыс қойылуына тікелей байланысты

екендігін естен шығармау қажет. Сондықтан да сұрақты дұрыс қою және оны

дұрыс жеткізу өте жоғары талапты қажет етеді. Сонымен қатар кейбір

жағдайларда қатысушыларды белсендіру үшін шеңбер бойынша барлық топ

мүшелерін өз ойларын айтуларын өтінуге болады, бұл барлық топ мүшелерін

белсендендіру мүмкіндігін артырады.

Топтық жұмыс өткізудің бір нұсқасы келесідей (топ ішінде барлығы танысқаннан кейін).

Әр топ мүшесіне топ үшін өзекті тақырыпта қысқаша мәліметтермен сөйлеу ұсынылады. Қалған мүшелері тыңдаушы рөлін атқарады, олар мәліметтерді сенімділігіне және қызықтылығына қарай бағалайды. Студент - психологтарға тапсырма ретінде, олар психологияны не үшін оқиды және қандай мақсатпен институтқа түсетіндіктерін әңгімелеу ұсынылады. Сөйлеу уақыты шектеулі, қысқа. Мысалы, бір минут. Көпшілік жағдайларда жаттығу басталмас бұрын барлық топ мүшелері айтатын еш нәрсе жоқ және барлығы бір –бірінің пікірін қайталайтындығына сенімді болады. Бірақ, бұл пікір әдетте теріске шығады. Сонымен қатар, тағы бір мәселе барлық қатысушылар дерлік бір минуттан артық уақыт сөйлейді, ал серіктестері уақыт жайлы айтқанда (жүргізуші әдетте қатысушыларды бөлмейді, ол қатысушылардың белсенділігін, қызығушылығын жоғалтпауға тырысады), олар тағы біраз уақыт сұрап, өзінің топ үшін маңызды ақпараттар сөйлеуші адамның өзі үшін ғана маңызды болып табылады.

Үшінші жағдай, қатысушылар көбінесе бір-бірінің сөзін қайталамайды, ол қайталаған жағдайда түзетулер мен қосымша толықтырып ақпарат береді. Бірақ, бірінші сөйлеген адам оның мәліметтерін қате санап, дауласуы мүмкін.

Осы үш жағдайды топ мүшелеріне айту, ескерту ары қарайғы коммуникативті тренингтің жүруіне септігін тигізеді. Топ мүшелері осы ережелерді ескере отырып, бірін-бірі тыңдауға, өз пікірін нақты жеткізе білуге, сендіруге қызықтыруға тырысады.

Мұндай жаттығудың нәтижесінде: қатысушылар әр адамның ерекшеліктерін және қайталанбайтындығын түсінеді, әр адам өз пікірін қорытындылауға, нақтылауға үйренеді, себебі сөйлер алдында өз ішінен анализ жасап отырады; сөйлеп болған соң өзі босаңсу жағдайында болады; өзінің сенімді пікірінің, баасқаның ойынша қате болу мүмкіндігін сезінеді.

Пікірталастың басқаша түрі, топ ішінде проблемалық мәселе туғызу, проблемалық жағдай жасау. Психолог топ мүшелерін сөйлетуге, олардың белсенділігін оятуға тырысады. Бірақ, пікірталастың жарты сағаттан аспауына тырысу керек. Өзі сөйлей отырып, жүргізуші белсенділік эстафетасын, сөзді басқаға беруге дайын болуы керек. Қатысушылардың ойы басқаға кетсе де, ойын бөлу орынсыз. Мақсат басқада. Мұндай практикалық сабақта пікірталас тақырыбы, мазмұны, әрине мәні бар, бірақ, топ үшін ең маңыздысы пікірталас фактісі.

Сабақ соңындағы нәтиже жүргізушінің пікірталасты ұйымдастыруына тікелей байланысты. Жүргізуші топты ортақ шешімге келу ары қарай жұмыс жүргізуге қажет екендігін ескертеді. Сабақта видеотехниканы қолданған пайдалы. Видеотехниканы қолдану арқылы қызықты әрі тиімді талдау жүргізуге болады.

Пікірталас материалына және оның мүшелерінің сүйене отырып, келесідей фазаларды бөліп көрсетуге болады: бағдарлау, бағалау және қорытынды фаза. Оларға келесі этаптар сай келеді:



  1. Пікірталас тақырыбы мен мақсатын анықтау (бағдарлау);

  2. Ақпарат жинау (пікірталастың барлық мүшелерінің пікірі, білімі, талдаулары, жаңа идея, ұсыныстары), яғн талқыланып отырған проблема бойынша ақпарат жинау, оны шешу жолдарын іздестіру;

  3. Ақпартты талқылау барысындағы, шешім қабылдау кезіндегі бірлескен баға;

  4. Пікрталасты қорытындылау: алынған қорытынды бойынша мақсатқа жету (проблеманы шешу кезеңі).

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Пікірталас дегеніміз не? Тренингті ќалай бастау керек.Пікірталасты ќалай өткізуге болады. Пікірталасты ќалай пайдалануѓа болады.Пікірталастың түрлері жєне оларды пайдалану жолдары көрсету.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: пікірталас, тренинг, топ, көзқарас.

Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2. Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М:1994.

3. Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения М:1997.

Дәріс №14. Тренингтік сабақтарды тиімді ұйымдастыру әдістері.

Мақсаты: Тренингтік сабақтарды ұйымдастырудың әдістерімен таныстыру.

Жоспар:


  1. Тренинг сабақтарды өткізу және ұйымдастыру.

  2. Тренингте қолданылатын негізгі әдіс- тәсілдер.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: тренинг сабақты өткізудің тиімді жолдарына тоқталу. Тренинг барысында қолданылатын әдістерді студенттерге жеткізу.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: тренинг, сабақ, әдіс, қарым-қатынас, рөлдік ойындар.

Тренинг – бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат  ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.     Адам бойындағы мінез құлықтың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы көп жағыдайда жеке түрде емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да мінез құлықта болып жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін, жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай көретіндігін көре алатын болуы керек.

Тренинг сабақтарды  жалпы топтағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін және олардың арасындағы жиі кездесетін қақтығысуларды зерттеп болғаннан кейін жалпы жұмыс жоспарын құруға болады. Жұмыс жоспарын кезеңдерге бөліп қарастырған ыңғайлы.

1.        Диагностикалық – түзету кезеңі.

2.        Диагностикалық-аналитикалық кезеңі.

         Бұл әдістеменің негізінде тренингтік сабақтарды өткізу жолдары мен мазмұнына даралау, саралау элементтерін енгізуге және сабақтардың тиімділігін білуге мүмкіндік туады.

    Тренингтік сабақтардың мазмұндық аспектісін қарастыралық.Бұл тренинг бағдарламасын анықтау болып табылады.Біз ұйымдастырған тренингтік сабақтар 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас дағдылары мен біліктерін жетілдіруге арналған дағдылар тренингі болып табылады.Бұл психотерапия да, сензитивті тренинг те емес құрылымдық бағдарлама болды. Тренингтік бағдарлама өзара байланысты екі тақырыптық блоктардан құралған.

Балалардың коммуникативтілік дағдылары мен біліктерін дамытуға,өзара әрекеттесу мен қатынасудағы жіберілетін  қателіктерді талдауға негізделген. Бұл блок бойынша балалардың вербалды және вербалды емес коммуникациясы қарастырылады. Блок бойынша қойылған мақсатқа жету үшін балалармен сергіту, рөлдік ойындар қолданылады.Ойындар вербалды және вербалды емес құралдарды белсендендіруге бағытталған.

     Сергіту ойындарын басқаша қыздыру жаттығулары деп те атайды. Бұл ойындар балаларды топтық іс-әрекетке эмоционалды түрде келтіретін, баптайтын мақсатқа бағытталды.Сергіту ойындары әр сабақтың алдында және соңында 13-15 минуттан өткізіледі.балалардың ойынын ғана қыздырып қоймай вербалды белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін жаттығу түрлері- жаңылтпаштар. Сонымен қатар, сергіту эффектісі үшін қазақтыың ұлттық ойындары: «Тауқырайдан», «Бұғнай», «сыйқырлы таяқ», «Жаңылма», «Тақыл-тұқыл», «Мысық пен тышқан », «Қас-қағым», «Сұрақ- жауаптар», «Қостаймын, қарсымын, толықтырамын» қолданылады.

         Сюжеттік ойын тренинг мақсатының негізінде алдын-ала ойластырылып, бүкіл сабақтың жоспарын құруда ескерілді. Сюжеттік ойын типтік коммуникативтіситуацияларды яғни балалардың баршасына  дерлік тән жағдайлары талдауға бағытталды. Мұндай ойындарда күрделі коммуникативті ситуациялар моделденді. Әдетте имровизациялық ойынға қарағанда сюжеттік ойынға уақыт көп кетеді. Рөлдік-сюжеттік ойын барысында тренинг жүргізушінің көп кірісе бермеуі тиімді; ойын өздігінен ұйымдасатын болуы керек. Рөлдік ойындар тренингтік жұмыстың сөңғы кездесулерінде ойналады. Себебі балалардың топ ішіндегі қарым-қатынасы интенсивті болып, өздері қарым-қатынас кезінде әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана ойын тиімді болды. 5-6 жастағы балалардың тренингтік тобында ойналатын сюжеттік ойынға 1-1,5 сағат уақыт  керек.

Мүмкіндік болса сюжеттік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсірген жөн. Мұндай таспалар талдау жасағанда кейбір ойын сәттеріне қатысты туындайтын даулы жағдайларды қарастыруда аса қолайлы.

     Рөлдік-сюжеттік ойындарды сипаттағанда импровизация элементтерінің болмай қалуы мүмкін емес.

     Сюжеттік-рөлдік ойындар өзара байланысты позициялардың негізінде жинақталды.

Балалардың қарым – қатынасын жетілдіруге арналған тренингтік сабақтардың базалық әдісі – ойын пікірталас болды. Оның негізінде тренинг жүргізушінің балаларымен, балалардың өзара қарым – қатынасы жатады.

Сондықтан пікірталас контекстінен тісқары қарым – қатынасқа дағдылану мүмкін емес. Балалардың жа ерекшелігі ескеріліп пікірталас ойын формасында өтеді. Басқаша айтқанда пікіталас барысы қарым – қатынасқа ойын арқылы оқытумен сипатталады. Ойын пікірталасының құндылығы оның әрбір баланың өзін өзі көрсетуін талап ете отырып, бір – бірін, ересектерді тыңдауға, әңгіме мазмұнына назар аудару біліктерін дамытып, әңгімені толықтыруға, пікір айтуға, сұрақ қоюға, суырып салушылыққа дағдылануға мүмкіндік беретіндігінде.

Ойын – пікірталасты ұйымдастырудың қажетті шарты – топтың жұмысына психологиялық, эмоциялық қолайлы жағдай жасау. Ойын – пікірталас кезінде балалардың дөңгелене отыруы тиімді әсер береді. Ұялу қасиеттері бар балалардың да топтық пікірталасқа қатынасуы үшін сөз кезекпен дөңгелек бойынша беріледі. Жасқаншақ балалрды да ойын пікірталасқа тарту үшін, асықтырмай, ойлануға уақыт бөлінеді.

Ойын – пікірталасты ұйымдастырып, жүргізу алгоритмі төмендегідей болады:

1.     Пікірталас тақырыбы мен мақсатын тұжырымдау.

2.    Тақырып бойынша мәлімет жинау: балалрға сұрақтар беріп, пікірін тыңдау барлық балалардың пікірін білу және қысқаша қорытынды жасау.

3.    Алынған мәліметтердің ішінен ең мәндісін бөліп көрсету.

4.    Жалпы қорытынды жасап, әрбір баланың мақсатқа сәйкес пікірталас жасауда қосқан үлесінің аталып өтілуі.

Ойын – пікірталасқа 30 минут уақыт беріледі. Тренингтік сабақтың мақсатына орай, ойын пікірталас тақырыптары іріктелді.



Әдебиеттер:

1. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. -2-изд. –М.: Генезис, 2005.

2. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

3.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

4. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

5. И.Куртикова, К.Лаврова, Всеволод ли. Тренинг: руководство к действию. Теория и практика— М., 2005.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет