ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Қоршаған орта туралы ілім»



бет1/4
Дата15.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#136793
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012


ПОӘК «Қоршаған орта туралы ілім» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар

3 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ҚОРШАҒАН ОРТА ТУРАЛЫ ІЛІМ»
5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығына арналған

Оқу-әдістемелік материалдар

Семей 2013





ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 2-сі

АЛҒЫ СӨЗ

1 ӘЗІРЛЕГЕН

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға оқытушысы

Мурзалимова А. К. _________________ «..» 01. 2013 жыл.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының отрысында

Хаттама № 1 «...» 01. 2013 жыл.
Кафедра меңгерушісі _________ профессор Апсаликов К.Н.

2.2 Аграрлық факультетінің оқу - әдістемелік бюросында

Хаттама № 1 «..» 01. 2013 жыл.

АФ ОӘБ төрағасы _________ профессор м.а. Сатиева К.Р.



3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады

Хаттама № 1 «..» 09. 2012 жыл.

Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы,

оқу жұмысы бойынша проректор профессор Рскелдиев Б.А.


ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 3-сі


  1. Қолдану саласы

«Қоршаған орта туралы ілім» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамына енетін оқутышының жұмыс бағдарламасы 050608 «Экология» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған.


  1. Нормативтік сілтемелер

Бұл «Қоршаған орта туралы ілім» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамына енетін оқутышының жұмыс бағдарламасы төмендегі құжаттар талаптарына сай осы пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру тәртібін белгілейді:

  • мамандығы бойынша жалпы білім берудің мемлекеттік стандарты ГОСТ РК3.08.357-2006.23.12.2005 жылы № 779 ҚР ғылым және білім Министрлігінің бұйрығымен бекітілген.

  • СГУ 042-РГКП-СГУ-8-2007 Университет стандарты «Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және рәсімдеудің жалпы талаптары»

  • ДП 042-08.10.12-2007 Құжат «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен мазмұны»




  1. Пәннің мақсаты мен оқу процесіндегі орны.

050608 «Экология» маманданып жатқан студенттер үшін қоршаған орта туралы ілімнің тақырыбы Университеттік курс тірі организмдердің ортамен қарым –қатынас жағдайларының негізгі сәттеріне қатысты, яғни жер бетінде тіршіліктің пайда болу сәтінен осы уақытқа дейінгі аралықта қамтиды.


3.1.Пәнді оқыту мақсаты

- студенттерді қазіргі қоршаған орта туралы, оның өзгеру динамикасы мен биосфераға әсерінің осы кездегі көзқарастарымен таныстыру.


3.2. Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

- биосфераның қазіргі және болашақ жағдайында қоршаған ортаның басты маңызын көрсету;

- студенттердің курстық барлық салалары бойынша іргелі білімдерді беру; атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфераның тұрақтылығын сақтау.

Студенттер алынған теориялық білімдерін тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана алады.


3.3.Пәннің курстық бағдарламасы және қысқаша мазмұны

Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері жаратылыстың жаңа ғылыми пәндерінің жетістіктері негізінде қоршаған орта



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 4-сі

туралы ілімнің дамуы. Осы кездегі орта туралы ілімнің дамуы.осы кездегі басты экологиялық проблемаларды шешуде қоршаған орта туралы ілімнің алар орны.

1 Дәріс. Қоршаған орта-адамның тіршілік ету және өндірістік іс-әрекеті ортасы.

Табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынастың мән-мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой-толғамдар жүйесінде ерекше дүниетанымдық маңызы бар.

Адамзат тарихында даму заңдылығын ашып көрсету барысында мынадай әрі бұл тартпайтын өмірлік мысалға жүгінуге болады : адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен, т.б. шұғылданбас бұрын ең әуелі тармақтануы керек, үстіне киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап, тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» - деп халқымыздың тұжырымдағандай, қарыны аш, киімі жыртық, үйсіз-күйсіз жағдайда адамдар басқа тіршілікпен қалай айналыпақ.

Ал енді өмірге қажетті материалдық игіліктерді адамдар қалай өндіреді, неден жасайды, тиісті бұйымдарды қайдан алады ден заңды сұрақ туады. Әрине, олар дайын күйінде түспейді. Адамдар оны табиғатпен өндіреді, яғни табиғатпен байланыссыз ешқашан өмір сүре алмайды. Адам да, қоғам да – табиғаттың төл баласы, жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.

Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі, басқаша айтқанда, қоғамның пайда болуы – материя қозғалысының жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз. Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде: Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам болса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны қоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден,



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 5-сі

жануарлар табиғатпен қарым-қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін , яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекеті таза биологиялық қажеттермен туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады.

Адамның ақыл-есі, ой-санасы, өзін дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиеттік адамға ғана тән. Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытты да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды XIX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Каммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі бұл ұғым Г.В.Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиетпен орын тепті.

Географиялық орта өндіріс арқылы халықтардың тарихи дамуының қарқынына әсер етеді. Қолайлы географиялық ортада өндірістің дамуына жақсы жағдай болады да, қолайсыз ортада даму процессі көптеген қиыншылықтар арқылы өтеді. Алайда географиялық орта өндірістің, жалпы шаруашылықтың дамуына қажетті кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді пайдалану қоғамның өзіне байланысты, оның сұранымдарына, өндіріс құрал-жабдықтарының деңгейіне тәуелді.

Бұл айтылғандардың туындайтын тағы бір маңызды мәселе – географиялық ортаны ұқыпты да мақсатқа сай пайдалануда қоғамдық құрылыс сипатты рөл атқарады. Мысалға, антагонистік қайшылығы бар таптық қоғамда географиялық ортаның байлығы қалай болса солай, стихиялы түрде пайдаланылады дедік. Табиғат қорғау ғаламдық мәселеге айналған соңғы кезде ғана «жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап» деп, сан соғып, өкініп жатқан жай барлық елдерде де төн болып отыр. Географиялық ортаның қоғам дамуындағы рөлін асыра бағалауға болмайды. Жоғарыда айтылғандай, ол өндіріс арқылы даму қарқынына ғана әсер етеді. Бұл ретте соцеологияда бағыт (географиялық детерминизм)деп аталатын ағымның кең таралғанын айта кеткен жөн.



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 6-сі

Бұл жерде мынандай бір заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам болса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны қоғам игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым-қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекеті таза биологиялық қажеттермен туындайды, хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады.

Адамның ақыл-есі, ой-санасы, өзін дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиеттік адамға ғана тән. Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытты да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек.

Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды XIX ғасырдың ортасында француз географы әрі социологы, Париж Каммунасына қатысушы Элизе Реклю кіргізген болатын, одан әрі бұл ұғым Г.В.Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиетпен орын тепті.Географиялық орта өндіріс арқылы халықтардың тарихи дамуының қарқынына әсер етеді. Қолайлы географиялық ортада өндірістің дамуына жақсы жағдай болады да, қолайсыз ортада даму процессі көптеген қиыншылықтар арқылы өтеді. Алайда географиялық орта өндірістің, жалпы шаруашылықтың дамуына қажетті кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол мүмкіндіктерді пайдалану қоғамның өзіне байланысты, оның сұранымдарына, өндіріс құрал-жабдықтарының деңгейіне тәуелді.

Бұл айтылғандардың туындайтын тағы бір маңызды мәселе – географиялық ортаны ұқыпты да мақсатқа сай пайдалануда қоғамдық құрылыс сипатты рөл атқарады. Мысалға, антагонистік қайшылығы бар таптық қоғамда географиялық ортаның байлығы қалай болса солай, стихиялы түрде пайдаланылады дедік. Табиғат қорғау ғаламдық мәселеге айналған соңғы кезде ғана «жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап» деп, сан соғып, өкініп жатқан жай барлық елдерде де төн болып отыр. Географиялық



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 7-сі

ортаның қоғам дамуындағы рөлін асыра бағалауға болмайды. Жоғарыда айтылғандай, ол өндіріс арқылы даму қарқынына ғана әсер етеді. Бұл ретте соцеологияда бағыт (географиялық детерминизм)деп аталатын ағымның кең таралғанын айта кеткен жөн. Бір сөзбен айтқанда, географилық детерминизм қоғамдық дамудағы, әр халықтың тарихындағы өзгешеліктерді географиялық ортаның әсерімен түсіндіруге тырысады, яғни бұл ағым қоғам дамуының басты себебін қоғамның өз ішінен емес, сыртынан іздейді.

Империализм дәуірінде географиялық детерминизмнің жалғасы сияқты кертартпа ағым – «геосаясат» пайда болды. Геосаясат империалистік мемлекеттердің агрессиялық саясатын ақтауға тырысты. Бұл ағымды ұсынған неміс географы Ф.Ратцельдің ойы бойынша, тарихтың қозғаушы күш - «өмірге қажет кеңістік үшін күрес». Оның пікірінше, тарих дегеніміздің өзі халықтардың «өмірлік кеңістік үшін» бір-бірімен күресі. Мәселе, «геосаясат» деген сөзде емес. Оны не үшін қолдануда. Өз жерін басқадан қорғауда да – геосаясат.

Табиғат пен қоғамның өзара тұтастығы, өзара қарым-қатынасы туралы айтқанда, тек географиялық орат туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді. Адамның, бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы, әрине, көп. Ол биосфера деп аталады. Биосфера жер шарының тіршілік тараған аймағы. Оған тірі организмдер мекендейтін, жер қыртысының жоғарғы қабаты, өзендер мен көлдер, теңіздер мен мұхиттар, осндай-ақ атмосфераның төменгі қабаты жатады. Басқаша айтқанда, биосфера – адамдардың тыныс-тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта.

Қосымша сұрақтар:

1. Қоршаған орта-адамның тіршілік ету.

2. Өндірістік іс-әрекеті ортасы.





ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 8-сі

2 Дәріс. Литосфера, атмосфера, гидросфера және педосфераның құрылымы, қалыптасуы және даму заңдылықтары.

Литосфера- жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен жердің беткі мантиясы кіреді.

Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Егер де жылына ауаға дүние жүзі бойынша 1 млрд. тонна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд т ластағыштар енгізіліп отырылса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд т. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенентін болсақ, ХХ ғ 90 жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген.

Топырақтын ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ланшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік. Антропогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн. км2ден асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 процентін құрайды.

Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.

Биологиялық ластану- ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретін микрооргенизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.

Физикалық ластану- радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.

Химиялық ластану- топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.

Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар. Жылу энергетика

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 9-сы

кешені, атмосфералық жауын-шашын, анатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.

Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу прцестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.

Ауылшаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.

Топырақтың ластану дәрежесінің көрсеткіші ретінде мына формула арқылы есептеп анықталатын топырақтағы заттектің ластау концентрациясының коэффициенті қолданылады:

ЛіКК=Хі/ШРК немесе ЛіКК=Хіф

Бұл жерде ЛіКК- і- заттегіне тән ластау концентрациясының коэффициенті;

Хі –і- заттегінің мөлшері; Хф- осы заттектің фондық мөлшері;

Адамның барлық өндірістік қызметіне бірніші кезекте ең қажетті табиғи ресурс болып жер саналады. Жер қойнауынан халық шаруашылығының барлық саналарына қажетті материалдар өндіріледі, ол болмаса өндіріс дами алмайды. Өнеркәсіптер жедел қарқынмен дамыған сайын соғұрлым бүлінген жер көлемі арта түседі. Сондықтан желді пайдаланушылар оны тиімді пайдаланумен қатар, сан қырлы қорғау жұмыстарына да назар аударуы қажет.

Жер ресурстардың еғ негізгі тұтынатын саланың бірі ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығанда құрлықтың 30 пайызынан астамы игерілген, осыған осы салада пайдаланылатын ормандарды қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 60-65 процентке жетеді. Ауыл шаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрде айналуына себеп болатын жағдайлар:


  • Топырақ эрозиясы немесе дефляциясы- су мен желдің және тағы басқа табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі;



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 10-сы




  • Агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан және қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті түрде қайта айналып келмеуіне байланысты гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығының біртіндеп азаюы;

  • Құрғатымсыз жерді суландыру және бақылаусыз суды қолдану, топырақтың су астында қалуы мен екінші реттік тұздануы;

  • Топырақтың техникада қолдануда бүлінуі;

  • Топырақтың химиялық және радиациялық ластануы;

Жердің құнарсыздануы негізінен адамның шаруашылық әрекеті әсерінен топырақтың түзілу жағдайының өзгеріп, оның негізгі қасиеттерінің: қарашірінді құрамындағы гумус мөлшерінің азаюына, құрылымының бұзылуына, улы заттектермен ластануына, екінші реттік сортандануына, қышқылды жаңбырдың жаууына, малдың жайылымды шамадан тыс жайылуына, пайдалы қазбалардың ашық әдіспен өндірілуіне, өндіріс қалдықтарының сақталуының реттелмеуі мен бақылаусыз жатуларына, тағы басқа өзгерістерге байланысты.

Топырақ түзілу процесі геологиялық жасына да көп байланысты. Геологиялық жас жағынан ескі аймақтарда бұрыннан қалыптасқан топырақ болады да, ал жаңадан пайда болып жатқан құрғақ жерлерде топырақ түзілу процестерінің бастапқы сатылары жүріп жатады. Мәселен, жер шарының теріскей жағында, ауа райының өзгеруіне байланысты, мұздар еріа, мұз басқан жерлер ашылуда, осы кейінгі дәуірлерде мұздан айрылған аймақта жас топырақтар түзіледі. Соңғы жылдары Арал өңірінің ежелден бері келе жатқан жері, суы, желі мен қалыптасқан табиғи үйлесімі, яғни табиғаттың тепе теңдігі біржолата бқзылды.

Бұзылған жерлердің аумағы табиғи (климаттық, гидрологиялық, морфодинамикалық, фитогенді және зоогенді) және антропогенді факторлар әсерінің үдемелі қарқындылығына байланысты келеді.

Жердің шаруашылықтық құндылығын жоғалтуға, топырақ және өсімдік жамылғыларының, гидрологиялық режимінің бұзылуына себеп болатын жолдың бірі «техногенді шөлдену», ол адамның өндірістік әрекеттері мен ауа райының өзгеру нәтижесінде байланысты. Қазіргі кезде шөлді далаға айналған жерлердің басым көбісінің жер шарындағы жердің 70 пайызы бүлінген болып саналады. Әлем бойынша жердің шөлдену процесінің жылдамдығы орта есеппен жылына 7-10 млн гектарға жетіп отыр.осыған



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 11-сі

жыл сайын эрозия мен құм басу арқылы өнімділігін жойған тағы да 20 млн га жерді қосуға болады.

Г.С. Макунинаның мәліметтері бойынша дүние жүзінің әр түрлі топырақ тілдеріндегі орта есеппен гумустың жалпы шығыны: шымды күлгін топырақ үшін-27%, қоңыр және сұр орман топырағында-30%, қара топырақта- 35%, сарғылт топырақта- 29%, сұр топырақта- 14%, қызыл сары темірлі топырақта- 50%.

Америка экологы Л. Браун ауылшаруашылығы жерлерін құнарсыздану дәрежесі бойынша үш санатқа бөлді:


  • Құнарсыздануы бәсең- әлеуетті өнімділігі 10% аз төмендеген жерлер;

  • Құнарсыздануы орташа- әлеуетті өнімділігі 10-50% аз төмендеген жерлер;

  • Әбден құнарсызданған- әлеуетті өнімділігі 50% артық төмендеген жерлер;

Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos- ауа және sphaira- шар, алынған. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде қолданатын ауаны біз атмосфера деп атай береміз. Бірақ- та, бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа атмосфераның негізгі бөлігінің бірі ғана. Атмосфера әр түрлі газ, су буы және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын Жердің газ тәрізді қабықшасы. Ауа осы газды қабаттың жерге жақын орналасқан бөлігінде шоғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады.

Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.

Атмосфераны сарқылмайтын азот қоры деп айтуға болады. Азот айырбасқа жатпайтын биогенді элемент, себебі ол белоктар мен нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді. Бірақ-та, тірі организмдер атмосферадағы азотты өзінің тіршілігіне бос күйінде емес, тек әртүрлі қосылыс түрінде ғана пайдалана алады. Экожүйе атмосфералық азотты көбінесе найзағай кезінде электр өрісінің әсерінен түзілетін оксид түрінде қабылдайды. Сулы ортада немесе топырақта болатын кейбір бактериялар түрі мен көкшіл- жасыл балдырлар атмосфераның азотын өз бойына сіңіру арқылы жинақтан биогеохимиялық циклдарға қажетті түрге айналдырып отырады. Осымен қатар өсімдіктерге қажетті азот қосылыстары топырақтағы органикалық

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 12-сі

қалдықтардың ыдырауын да пайда болады. Табиғатты азот алмасу процесі көміртек алмасу процесімен тығыз байланысты.

Адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан көшетхана эффектісі, озон қабатының бұзылуы, қышқыл жыаңбыр, түмша сияқты қолайсыз құбылыстар тудыратын метан, азо оксидтері, т.бт газдардың мөлшері өсуде. Атмосфера мен жер бетінің арасында жылу, ылғал және химиялық элементтер тұрақты алмасып отырады. Атмосфера арқылы Жердің ғарышпен заттектер айналымы іске асады. Атмосфера мен Жер беті арасында жылу мен ылғалдың алмасуы тұрақты болады. Оттектен, көмірқышқыл газынан, азоттан басқа ластаушы компоненттердің атмосферада көп мөлшерде болуы биогеохимиялық циклдардың бұзылуына әкеп соғады. Атмосфера ластанған жағадайда жаңбыр суына онда еріген азот және кукірт оксидтері, тұздар қосылып ерітінді түзеді де «қышқыл жаңбыр» немесе «тұзды жаңбыр» жауады, тұмша да орын алады.

Өнеркәсіпте және көлікте отын жанған кезде түзілетін азот оксидтері атмосфераны ластайтын қауіпті көздердің бірі. Күн сәулесінің әсерінен олар күрделі химиялық реакцияға қатысып, нәтижесінде уытты фотооксиданттар түзілуіне үлес қосады. Атмосферада азот оксидтерінің, фотооксиданттардың концентрациясы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, уйқысы кашады. Құрамында азоты бар зиянды шығарындылардың мөлшерін іштен жанатын қозғалтқыштар шығаратын газды жағу үшін катализатор қолданып, ал өнеркәсіптік кәсіпорындардың түтін шығаратын құбырларында азотсыздандыратын қондырғыларды орнату арқылы азайтуға болады.

Ауадағы зиянды заттектердің мөлшері олардың турбулентті ағыспен шашырауына, жауын шашынға немесе гравитациялық күш арқылы төмен түсуіне байланысты. Атмосфераның ластануы мен негізгі биогенді элементтер айналымы арасында анық байланыс бар.

Ластағыш заттектердің қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қаситтеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 13-сі

байланысты ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:


  • Әлемдік көлемде ластайтындар- қай жерде де шығарылса да қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын қабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы сақталатын шығарынды заттектер;

  • Аймақтық көлемде ластайтындар- үлкен аймақты ластайтын, бірақ та оның мөлшері осы жердің шекарасынанасқасын тез төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан жаққа таралып, шектеулі уақыт бойы атмосферада сақталатын шығарынды заттектер;

  • Жергілікті көлемде ластайтындар- атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер;

Әр түрлі көздерден шығарындының шығу ұзақтығына байланысты олар үздіксіз және бір дүркінді болып бөлінеді. Анатты жағдайлардағы шығарындылар бір дүркінділер тобына жатқызылады. Атмосфераға газ тәрізді ластағыштар мен аэрозольдар желдеткіш қондырғылары арқылы тасталады. Биіктігіне қарай ластаушы заттектер шығаратын көздер биік (Н>50 м), орта биіктіктегі (Н=10-50 м), алса (Н=2-10 м), жер үстіндегі (Н<2 м) болады.

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінд ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде) тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі ауруларқоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң тозаңынжатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады., 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақатйды. Жыл сайын жерге 2-5 млн.т космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да

ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 14-сі

Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 10-6-10-5 м шамасындағы бөлшектерден тұрады.

Табиғи шаң бөлшектерінің тегі органикалық және анорганикалық, олар келесі процестер нәтижесінде түзіледі:



  • Тау-кен жыныстарының және топырақтың бұзылуы мен желмен мүжілуі;

  • Жанартаудың атқылауы;

  • Орман, дала және шымтезек өрттері;

  • Теңіз бетінен судың булануы;

Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында тікелей сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.

Заттектердің биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің және т.б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.

Атмосфералық ластануға табиғаттың алапатты құбырластарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғарғы. Мысалы, орта есеппен жанартаулардан атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн.т газ және 30-330 млн.т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады, тек Пинатубо жанартауы атқылаған кезде атмосфера ауасына 20 млн.т күкірт диоксиді шығарылады. Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар фитопатогендік активтілігі жоғарғы химиялық ластағыштар- сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан да атмосфераға көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Батыс Сібірде 1915 ж. болған орман өрті 1,5 млн.км2 ауданды қамтып, одан шыққан түтін 6 млн.км2-ге жуық аумаққа таралады.

Атмосфералық ластанудың антропогендік көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал жабдықтар, отын, электр энергиясы, су қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар, энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б.. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын энергетика



ПОӘК 042-14.4.05.1.20.37/01-2012

№3 басылым 03.09.2012ж.

59 беттің 15-сі

ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.

Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90 көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі.

Қосымша сұрақтар:

1. Атмосфераның негізгі бөліктері.

2. Литосфераның құрылымы.

3. Гидросфера.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет