ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені "Отандық тарихтың іргелі мәселелерінің қазіргі кезеңдегі теориялық – әдістемелік көзқарас " пәні бойынша «6N0203»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Сақтар мен үйсін-қаңғуйдың мәселелері



бет3/12
Дата14.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#134319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1. Сақтар мен үйсін-қаңғуйдың мәселелері

2. Ғұн-сармат замандарының мәселелері



1.Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Жұрт темірді пайдасына жаратып, атқа ауыздық салуды үйренген, сөйтіп, атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлікке айналдырған ірі бай-феодалдар қоғамдағы ықпалды күшке айнала берді. Олар көшіп-қонуға қолайлы жеңіл киіз үйді тұрмысқа жайлы түрақты түрғын үйге айналдырған. Алыстан көздеп ататын садақ, ұшы үш қырлы жебе, ақинақ /қысқа семсер/ қорғанудың және шабуылдың сенімді құралы болды. Мал және жайылым үшін талас-тартыстардан, соғыстардан әскер басшылары байыды. Әскер басшыларының және батырлардың рөлі артып, соғыссыз уақытта олар малдарын көбейтіп, байып, халықты биледі. Бұл кезде ел басқару жұмыстарын тежеп отыратын ақсақалдардың кеңесі болған. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Сөйтіп, тайпалық одақтар құрылды. Оларды көсемдер басқарды.

Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-шы жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың "Тарих" деп аталатын еңбегінде және басқада қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одағы болғаны айтылады. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы /Персополға жақын/ тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа: сақ-хаумаваргаларға / хаома сусынын дайындайтын сақтар/, сақ-тиграхаудаларға /төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар/, сақ-парадарайандарға /теңіздің арғы бетіндегі сақтар/ бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерін мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері - еуропалық скифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы бетінде орналасқан.

Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған.

Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тоңға /Афраси-аб/ болған деген деректер бар. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білсе де, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың аңдарды өрнектеумен дүние жүзіне әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттың даму процесіне елеулі әсерін тигізді.

Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың кесемдерінің бірі - тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Зарине ел билеп, қалаларды салуға және әскери жорықтарға өзі қатысқан.

Персия мемлекетінің патшасы Кир - Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқан кезде - сақтармен одақ жасасып, олардан әжептеуір көмек алған. Кейін Кир сақтар мен массагеттерді өзіне бағындыруды ұйғарады. Сөйтіп, Мидия патшалығын жеңгеннен кейін, Кирдің әскерлері сақ-тардың жеріне басып кіреді. Сақтар парсылардың басқыншылық әрекетіне қарсы қайсарлықпен қарсылық көрсетеді. Кирдің әскерлері өздерінің жеңісін тойлап жатқан кезде, сақтардың жауынгерлері тұтқиылдан лап қойып, парсыларды қырып салады. Осы шайқаста олар Кирдің өзін де өлтіреді. Осыған байланысты Геродот жазбаларында мынадай аңыз бар: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың әйел патшасы Томирис: "Сен канға құмартып едің, енді шөлің қансын" деп үлкен торсыққа толтырып қан құйғызып, оған Кирдің басын салдырады.

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылык жорықтарын I Дарий б.з.б. 521-486 жылдары жалғастырады. Жеке-жеке отырған сақ тайпаларын бір-бірлеп бағындырған ол аз уақыт болса да, оларды басып алды. Сақ тайпаларының біраз бөлігі оларға салық төледі және парсы патшасына жасаққа жігіттер беріп тұрды. Тіпті сақтардың біразы парсы патшасының "өлмейтін он мың" деп аталатын ұланының кұрамына кіріп қызмет етті. Б.з.б. VI ғасырдың аяғы V ғасырдың басында /500-449 жж./ ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Мәселен, б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерлерінің Марафон жеріндегі болған соғыста сақтар парсылар жағында болып, гректерге қарсы соғысты.

Б.з.б. IV ғасырдың 30-шы жылдарында македониялық гректер Александр Македонский басшылығымен соңғы Ахеменид, III Дарий Кодоманның әскерлерін талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Олар Маракандты /Самарқандты/ алып, Сырдарияға бет алды. Сырдария бойына бекініп алу үшін кішігірім "Александр Крайный" немесе "Шеткі Александр" деген қала салдырды.



2. Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Бай-калдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруа-шылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тай-палар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІУ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүстігіндегілер деген мағынаны білдіреді.

Қытай деректеріне сүйенер болсақ Қазақстан территориясының Оңтүстік бөлігін Үйсіндер мекендеген деген деректер кездеседі.Олар Шу мен Талас өзендері бойында және Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып мекендеген.Шығысында Тян-Шань тауларының шығыс бөлігін , солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін жеткен. Біздің заманымыздың бастапқы кезінде үйсіндер 650 мыңға жете қабыл болған.Жерге таластар жиі болғандықтан оларда тұрақты әскерлері болған.

Негізгі шаруашылықтары мал шаруашылығы болған.Олар жылқы, ешкі, қой асыраған.Снымен қатар егіншіліктің болғандығы да дәлелденіп отыр.Үйсіндер қолөнермен айналысқан. Қыш ыдыстар жасау кеңінен таралған.Темір, мыс және басқа да металдарды өндіру кеңінен қанат жайған.

.Қытай жазбаларында Қаңлы елі жайында көп мәліметтер кездестіре аламыз. Қаңлылардың тайпалық одағы Сырдария өзенінің орта ағысы тұсын мекендеген.Негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біздің заманымызға аяқ басқан кезеңде Қаңлы елі күшті бірлестікке айналған.Ташкенттен Ферғанаға дейінгі және Қаратаудан Таласқа дейін созылып жатқан жерлерде қаңлылар мекендеген еді.

Сюннулар хунну немесе ғүндар деп аталады, әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бүл то-бының аты қайдан шыққаны белгісіз. "Ғұн" деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды. Ғұндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И. Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғүндардың тарихымен К. М. Байпақов және т. б. айналысып жүр.

Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды.Ғұндардың қүдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан "ғүн" атауы этни-калық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп Қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде Қытайлықтар ғүндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғүндар іргелес тайпалармен бірігіп, Қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғүн тайпаларының бірігіп топтасуы б. з. б. 209 жылы "ғүн үйінің өрлеуі" кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде /Боғда/ батырдың есімімен байланысты. Оның туған жылы 230, ал өлген кезі б.з.б. 174 жыл.

Мөде ғүндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғүндар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандады. Олар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап, өзіне қаратты. Мөде батыста Юечжи тайпаларына жорық жасап, оны бағындырды. Б.з.б. 200-ші жылдары ғұндар Ор-досты қаратып алды, Қытай Хань әулетінің негізін қалау-шы Лю Баньмен соғысып оны жеңді. ¥лы Қытай қорғаны салынуының бір себебі осы ғүндардың шабуылынан қор-ғану амалы еді. Қытайдың "Жылнама" атты байырғы кітабында айтылатын "түрағы жоқ, үйі жоқ ғүндар бәле болды ғой" деп келетін жолдар ғүндардың Қытай еліне қатты қауіп төндіргенін көрсетеді. Б.з.б. 188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры Гаоцзу "тыныштық және туыстық" жайлы шартқа қол қойды. Мөде Қытай ханша-сын өзіне әйелдікке алды, сонымен бірге Хань империясы ғүндарға жыл сайын салық төлеп түруға тиісті болды. Ғүндардың жүргізген жаулап алу соғыстарының нәтиже-сінде Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі олардың қол астына көшті. "Ғұн державасы" орасан зор үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жері де бартын. Мүның өзі олардың арасындағы берік бірліктің болмауымен байланысты еді. Осыдан келіп б.з.б. 59 жылы ғұндар-дың оз арасында соғыс басталды. Ғүндардың өз іштерін-дегі болып жатқан мүндай талас-тартыстарды Қытай мем-лекеті пайдаланып қалуға тырысты. Қытайлар үйсіндермен одақтаса отырып, ғұндарға қарсы бірнеше шабуыл ұйымдастырды.

Б.з.б. 47 жылы ғүндар державасы оңтүстік және сол-түстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғүндар Қы-тайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақ-тап, Солтүстік Моңғолия және Шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүрді. Бүлардьщ бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпаларымен шартта-сып, олардың шығыс жағына қоныстанды.Мұның езі ғүн-дардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне түңғыш рет жап-пай өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың I ғасырында басталды. 93 жылы Хань империясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулермен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырды.

Олар Тарбағатайға дейін келіп, Оңтүстік-Шығыс Балқаш өңірін жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бүлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, аландар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.

Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасыр-дың 30-шы жылдары ғүндардың басшысы Аттила /410-453 ж.ж./ Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпа-ларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуро-па елдерінің үрейін үшырады. Н. А. Машкин "Ертедегі Римнің тарихы" деген кітабында, 375-376 жылдары вест-готтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империясының құлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.

Тарихи деректерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, оларды ру басылары, ақсақалдар басқарған. Рулық қүрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары жүмыс істегең. Олар жылына үш рет-бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіліп, онда ру басылары мемлекеттік істерді талқылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтаған.

Ғұн тайпаларының патриархаттық-рулық құрылысы негізінде жаңа қоғамдық қатынастар, теңсіздік, таптарға бөліну қалыптасты. Қабірлерден шыққан заттар ғұн қоғамындағы мүлік теңсіздік жайын айқын сипаттайды. Обаларды қазған кезде табылған бүйымдар, қымбат маталар ғүн қоғамы үстем топтарында жиналған байлықты дәлелдейді. Қытай саяхатшысы Сыма Цянь қалдырған жазбаларда ғүн-дарда малға әулеттік және жеке меншіктік болғаны айтыла-ды. Ғүн тайпалары үжым болып көшіп жүрген және әрқай-ысының өзіне бөлініп берілген жер учаскелері болған.

Ғүндарда соғыс түтқындарыиан және бағынышты ай-мақтардың халқынан қүралған күлдар болған. Олар үй қызыметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыр-тушылар ретінде пайдаланылған.

Елді шаныой басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Шаныойдан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар түрды. Олар шаныойдің үлдары, інілері не-месе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әр қайсысының көшіп жүретін өз жерлері болған. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңба-сылар, жүзбасыларды тағайындап отырды. Ғүн қоғамын-да лауазымдар мен жоғарғы шендер мүраға қалдырылғ-ан. Ғүн шаньюйі елсе оның орнына інісі не үлкен бала-сы билікті өз қолдарына алатын болған.

Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рел атқарды. Олар үй жануарларынан жылқы, ірі қара, қой-ешкі өсірді, кейбіреулері түйе, есек үстаған. Негізінен көшпелі мал шаруашылығы үстемдік еткен. Шөптің қалың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүрген. Үй малдарының етімен тамақтанып, терісінен киім, аяқ киім тіккен, жүн мен аң терісін жамылған. Ғүндар отырықшы-лық пен егіншілікті кәсіп еткен. Жазба деректер бойынша олар тары өсіруді жақсы меңгерген. Өйткені тары ерте пісетін дақылдардың бірі және ол суаруды қажет етпейді. Ғұндардың егіншілікпен айналысқанын олардың қалдырып кеткен темір орақ, шойын түреидер, қол диірмендер, тас үккіштер т. б. қүрал-саймандар айғақтайды. Сондай-ақ, ғүндардың үй-жайларынаи астық сақтайтын ұралар, еден, қабырғалар сылағынан, ішкі кірпіштердің арасынан сабан-ның қалдықтары кездескен.

Ғұндардың қоғамдық құрылымы ұлыстық жүйеге қарады.Сонымен бірге рулық институттар да көрініс береді.

Қазақстан жерін ертеден жайлаған үйсіндер туралы не білеміз? Қытай жазба деректемелерінің хабарына қараған-да б.з.б. III ғ. бастап Жетісу жерін Үйсін тайпалары мекендеген. Үйсіндердің тарихын жазуда шығыс зерттеушілері Н. В. Кюнер мен Н. Я. Бичурин үлкен ғылыми жұмыстар атқарған. Бұлардың Қытай тілінен аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бар-тольд өзінің «Жетісу тарихының очеркі» деген еңбегін жазып, онда үйсін тайпаларының қысқаша тарихын жарыққа шығарды. Ал Қытай тілінің маманы Ю. А. Зуев кеңес дәуірі кезінде үйсін тайпаларының тарихы туралы жаңа дерек-терді пайдалана отырып, Қазақстан тарихын зерделеуде өз үлесін қосты.

Үйсін тайпаларының тарихын жазуда, археологиялық ма-териалдарды жазба деректермен байланыстыра отырып, зер-ттеуде Қазақстан ғылым академиясының академигі Ә. Ма-рғүлан және атақты археолог ғалым А. Бернштам зор ай-туға түралық еңбек сіңірді. Ал республикаға белгілі археолог А. Г. Кушаев Іле өзенінің бойындағы үйсін тайпалары-ның ескерткіштеріне қазу жүмыстарын жүргізіп, олардың өмір сүрген уақытын кезендерге бөліп, бір жүйеге келтірді. Жетісу жерін мекендеген сақ және үйсін тайпаларының тарихымен үзақ жылдар бойы сондай-ақ атақты тарихшы-археолог К. Ақышев жан-жақты айналысты. Ол өзінің зер-ттеулерінің барысында үйсін тайпаларының қоғамдық қүрылысы мен әлеуметтік-экономикалық жағын ғылыми түрғыдан дәлелдеп, олардың мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген деген қорытындыға келеді.

Үйсіндер мекендеген жердердің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатқан. Үйсіндер иеліктерінің орталығы - Іле аңғары, басты ордасы - Есік көлімен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан Чигу-Чен («Қызыл-аңғар») қаласы. Ол ертеден белгілі «Үлы Жібек жолындағы» мацызды сауда орталығы. Үйсіндердің билеушісі гуньмо (ғұнбек) деп аталған.

Үйсін тайпалары туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяқ кезінде пайда болды. Бұл кезде Қытай императорының сарайындағылар ғұндарға қарсы күресте одақтас іздеп, б.з.б. 138 жылы Батыс өлкеге Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Жолда Чжан Цяньды ғұндар тұтқынға алып, олардың елінде он шақты жылдай болады. Алайда ол кейінен қашып шығып, Жетісуға барады, бұл жерден Қытайға үйсіндер жөніндегі алғашқы хабарды әкеледі. Чжан Цяннің хабарына қарағанда, үйсіндердің саны 630 мың адам және олардың 188 мың жауынгер жасақтарының болғанын айтады.

Б.з.б. 73-ші жылға дейін үйсіндердің жері үш белікке: сол /шығыс/ белікке, оң /батыс/ бөлікке және ғүньмоның өзіне қарайтын орталық бөлікке бөлінген, бірақ олардың бәрі ғұньмоға тәуелді болды. Үйсіндердің тарихы кіші ғүньмолар мен үлы ғүньмолардың үстемдік үшін өзара бо-лған күрестерімен тығыз байланысты. Үйсіндер көршілес халықтармен тығыз қарым-қатынас жасаған. Хань импери-ясы және ғүн тайпалары үйсіндермен одақ болып, Хань мен ғүн әміршілерінің қыздарын үйсін ғүньмоларына әйелдікке беріп отырған.

Б.з.б. 64-51 жылдары Хань империясының Үйсіннің хан тағы мүрагерлігіне араласуы халықтың наразылығын күшейтеді. Халық бүқарасы гуньмоның ғүн тегінен тараған мүрагерлерінен болуды жақтады. Бүл үйсіндердің халқы мен территориясының екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмо иеліктеріне бөлінуіне алып келген. Олардың қарамағындағы жерлердің шекарасына межелер қойылған.

Үйсін мемлекетінің доуірлеген кезі Цылими гуньмоның билік қүрған, б.з.б. 45-14 жылдардың арасы деп саналады. Өйткені, ол туралы «билікті берік үстады» және иеліктері-нде «алаңсыз тыныштық пен бейбітшілік орнады» деген деректеме осы уақытқа дейін жеткен.

Қытайдың Хань дәуіріпдегі әулеттік жазбаларда үйсін-дердің саяси тарихын баяндап жазу, шамамен алғанда, біздің заманымыздың III ғасырына дейін жеткізілген. Біздің за-манымыздың 437 жылы үйсіндер Хань ордасына елшілер жіберді деген хабар бар.



3. Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.

Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды.

Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жау-ынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сыр-дария өзенінің бойында орналасқан Битән қаласы. Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес аймақ болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның саға-сы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент аймағы.

Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.

Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.

Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бүлардың қатарына - Ал-тынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тай-паларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.

Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның ор-талық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.

Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысында қаңлылар жерінің оңтүстік аймағы юечжиге, ал солтүстік бөлігі ғұндарға тәу-елді болғаны көрсетіледі. Ал б.з. 1-ғасырында мүндағы жағ-дай өзгеріске ұшырайды. Бүл кезде Амудария мен Сырда-рия аралығындағы юечжилердің негізгі белігінің оңтүстікке, Бактрияға қарай ығысуы, қаңлы тайпаларының күше-юіне мүмкүндік береді. Қаңлылар одағының қүрамына жо-ғарыда аталған бес иелік кіреді. Қаңлылар Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы мен Орал өңіріндегі сармат тайпаларын бағындырады. Қаңлы билеушілері Қытай империясымен қатынаста еркін, тәуелсіз бағыт үстайды. Ол жөнінде мүндағы Хань наместнигі императорға берген есебінде: қаңлылар үйсіндермен салыстырғанда өркөкірек, батыл және Қытай елшілерінің алдында бас имейді. Олар қабылдау кезінде Қытай елшілігі өкілдерін, үйсіндерден төмен отырғызады деп хабарлаған.Ферғана-Қытай соғысы кезінде тек қаңлылардың ара-ласуы ғана ферғаналықтарды қирап жеңілуден күтқарып қалған. Б.з.б. 47-46 жылдары қаңлылардың билеушісі солтүстік ғүндардың шаньюйы Чжи-Чжиді қолдаған. Бүл кезде ол Қытай императоры сарайымен қатынасын үзіп, байырғы ғүн иеліктерінен айырылған болатын. Б.з. I ғасырының орта шенінде қаңлылардың шығыс шекара-сына Қытай мемлекетінің қолдауымен үйсіндер шабуыл жасады.



Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Сақ, үйсін,ғұн және қанлы тайпаларын кай антропологиялық типтерге жатқызуға болады?

  2. Геродот сақтарды қалай атаған?

  3. Қазақ даласында өмір сүрген тұрғындар қандай дінді ұстанған?

Ұсынылатын әдебиет:

1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 30-53 б.

2.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 26-4 б.

3.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. А-1992. стр.31-69.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет