Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы



бет35/74
Дата24.05.2023
өлшемі215.38 Kb.
#474217
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы

  1. Адамды педагогикалық тұрғыдан табиғи, әлеуметтік, тарихи, белсенді мүше ретінде түсінудің және оны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының философиялық ережелері мен әдіснамалық негізі.

  2. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы.

  3. Тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі. Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама.

  4. Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы (биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік) биологиялық және әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасы.

  5. Жеке тұлға дамуының жас ерекшелігі туралы түсінік, оның табиғи әлеуеті.

  6. Білім алушыларды дамытуда, оқытуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсету.

  7. Білім берудегі инклюзивті тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру.

Тәрбие философиясы. Шығыстың ғұлама ойшылы әл-Фараби «Адамға ең бірінші тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне және қоғамға үлкен апат әкеледі»,- деген тұжырымы қоғам алдына үлкен жауапкершілікті мақсат етіп қояды. ХХІ ғасырдың сұранысы әлемдік білім көшіне ілесе алатын, құзыретті тұлғаның қалыптастыруға бағытталған.
Тұлға - тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және субъектісі. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының обьектісі ғана емес, сонымен қатар субьектісі екенін ескеру керек. Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып табылады. Субъектінің әрекеті – жеке тұлға дамуының факторы.
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен (материалдық, рухани, қоғамдық) туады. Сыртқы орта мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторына жатады. Ішкі факторға бейімділік пен әуестік, адамның сезімдері мен күйзелістері және сыртқы ортаның ықпалынан пайда болатын қажеттіліктер жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактормен тығыз байланысты.
Тұлғаның дамуын зерттеу философия, педагогика, психология, әлеуметтану, медицина, мәдениеттану, этика, физиология т.б. ғылымдары кіріктіре жүргізеді. Адамның дамуы және оның тұлға ретінде қалыптасуы биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік тұрғыдан қарастырылады:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет