Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны. Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі. Отбасы тәрбиесінің негіздері



бет52/74
Дата24.05.2023
өлшемі215.38 Kb.
#474217
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны. Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі. Отбасы тәрбиесінің негіздері

  1. Тәрбие – тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі.

  2. Тәрбие мазмұны ұғымы.

  3. Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама.

  4. Ұлттық тәрбиелік әлеует.

  5. Тәрбие мазмұнындағы тұлғалылықты күшейтудің бастамасы: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу.

  6. Оқушының өмірлік өзін-өзі анықтауы, әлеуметтік белсенділігі. Әлеуметтену контекстіндегі тәрбие.

  7. Тәрбие үдерісінің формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі

ТПҮ-нің қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділігі. Оқушылармен тәрбиелік жұмыс формаларының негізгі топтары: мектептік өмірді басқару және өзін-өзі басқару формалары; танымдық формалары; қызықтырушылық формалары және т.б. Тәрбие әдістерін жіктеу және оларды дайындаудың өлшемдері.
Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі болып табылады.Педагогиканың негізгі категориялары мен ұғымдарын тәрбие, білім беру, оқыту, дамыту, қалыптастыру, әлеуметтендіру, табыстылық, құзыреттілікті қамтиды.
Тәрбиенің мазмұны. Тұтас педагогиалық үдерісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Ол сырттан ықпал ету арқылыда, оқушының өзінің белсене қатынасуы арқылы да қалыптастырылатын үдеріс. Тәрбие үдерісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.
Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушылар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді. Әлеумдік жаһандану көшіне ілесе алатын тұлғаны тәрбиелеуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» анықталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тәрбие жұмысының басым бағыттары Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие; отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негізінде тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеуші ретінде критерийлер: олар тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және құбылыстарға қарым-қатынастары арқылы байқалады, тәрбие тұтастай педагогикалық үдеріске қосылған жағдайда тәрбиенің басты мақсатына жетуге, тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.
И.П.Подласый тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастыра отырып, кешенді жүргізу технологиясы төмендегі талаптарды орындау барысында іске асатынына тоқталады:

  1. тәрбиеленушіге төмендегі үш бағыт: олардың санасына, сезіміне және тәртібіне әсер ету арқылы;

  2. жағымды нәтижеге тәрбиенің табиғи байланысы (ішкі педагогикалық әрекеттесу) және тұлғаның өзін-өзі тәрбиелуі арқылы жетеміз;

  3. тәрбиеге қатысы бар әлеуметтік институттар мен бірлестіктерді, жалпы баспасөз құралдарын, әдебиет, өнер, отбасы, мектеп, құқық қорғау органдары, т.б. кешенді ықпал ету жағдайларының бірлігі және оларды үйлестіру;

  4. тұлғаның сапалық қасиеті жүйелі нақты тәрбие ісі арқылы қалыптасады;

  5. кешенді ықпал тәрбие жүйесіне және оны басқаруға жүйелі ықпал ету арқылы табысты болады. Тәрбиені басқару ішкі және сыртқы факторлардың өзара әректтестікте болғанда ғана жақсы нәтиже беретініне тоқталады.

Қазіргімектептегіізгілендірумендемократизацияидеясы мұғалім меноқушығаоқу-тәрбиежұмыстарыныңтәсілдерін, бағыттарын, әртүрлідеңгейлердегібағдарламаларды, дифференциялықбілімберудітаңдапалуғаеркіндікқұқығынберіпотыр. Мұның өзі үлкендермен балалардың бірлесе отырып еңбектенуіне, бір тәрбие жүйесін екіншісімен ауыстырып қолдануға жадай туғызады. Шығармашылық, еркіндік пен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушының кәсібі мен жалпымәдениетіне жоғары талап қойып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет