ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені психология барлық мамандықтағы магистранттарға арналған



бет1/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#133826
  1   2   3   4   5   6   7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



4 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.83/03-2012



Оқу әдістемелік материалдар

«Психология »




№2басылым 26.02.2010.орнына ___________ № 3 басылым



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Психология барлық мамандықтағы магистранттарға арналған

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2012

Алғысөз


1 ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің

“ Психология” кафедрасының доценті Ш.С.Сатиева _____________

2808 2012ж

2 ҚАРАЛДЫ

2.1 Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында

Хаттама № 1 «28» 09 2012 жыл
Кафедра меңгерушісі: ____________ Ш. Сатиева
2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №1 «05» 09 2012жыл


Төрайымы ___________ Г. Григорьева
3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама № 1 «13» 09 2012 жыл
ОӘК төрағасы, бірінші проректор ___________ Б. Рскелдиев

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Магистранттардың өздік жұмысы


1 ГЛОССАРИЙ

Агнозия- қабылдаудың бұзылуы. Көру агнозиясы, тактильді, және есту агнозиялары болып бөлінеді.

Аграфия –сөйлеудің ауытқушылығына байланысты туындайтын жазудың бұзылуы.

Агрессия- адамдардың қоғамда өмір сүру ережелеріне қарама-қайшы келетін деструктивті тәртіп.

Адаптация- баланың әлеуметтік ортаға белсенді бейімделудің үздіксіз үрдісі.

Алалия – балалардың қалыпты есту және интеллектісінің сақталу жағдайында сөздің дамымауы немесе болмауы.

Алексия- оқи алмау немесе бұл үрдісті мүлдем меңгере алмау.

Ассоциация –бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда боуына әкелетін психикалық құбылыстар арасындағы байланыс.

Аутизм- баланың қоршаған әлеммен қарым-қатынасының бұзылуы және баланың өз күйзелістері әлеміне үңілуінде бейнеленетін психологиялық жатсынудың шекті формасы.

Әсер ету-ақпараттың бір адамнан екінші адамға мақсатты түрде ауысуы.

Биогенетикалық заң – баланың құрсақта даму кезеңдерінің және биологиялық даму кезеңдерінің арасындағы қатынасын сипаттайтын заң. Негізін Ф.Мюллер мен Э.Геккел ашқан.

Белсенділіктің органикалық жүйесі- жануарлардың мінез-құлық белсенділігінің әдістері мен формасын белгілейтін түсінік.

Белсенділік- тірі ағзалардың жалпы мінездемесі.

Госпитализм- бала өмірінің алғашқы жылдарында қарым-қатынас жетіспеушілігінен туындаған психикалық және соматикалық ауытқушылықтардың жиынтығы.

Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.

Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе

Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.

Гуманизм- Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған мәдени қозғалыс.

Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.

Детерменизм- психикалық құбылыстардың себер-салдарлық байланысын түсіндіру.

Депривация – баланың негізгі психикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жеткіліксіздігінен болатын психикалық даму үшін маңызды факторлардың болмауы немесе одан айрылу.

Детерменизм- психикалық құбылыстардың себеп-салдарлық байланысын түсіндіру.

Даосизм-қытай діні б.э. д. 1-ші мыңжылдықта пайда болған.

Жетекші әрекет- онтогенездің берілген кезеңінде маңызды психикалық жаңарудың пайда болуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.

Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.

Жүйелілік принципі- психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.

Жоғарғы психикалық функциялар - өмір сүру барысында қалыптасатын күрделі психикалық үрдістер.

Жүйелілік принципі- психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.

Заттық белсенділік жүйесі- заттың көмегі арқылы белсенділіктің шексіздігі.

Интервьюрер- интервью немесе сауалнаманы жүргізуші адам.

Интроспекция (өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.

Интроспективті психология (ішке қараймын, қадағалаймын) –субьектінің өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.

Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру.

Интериоризация – сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттердің қалыптасуын айтамыз.

Индивидуалды айырмашылық – топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі кездері. /сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады/

Индикатор – объект жайлы информация таситын сигнал белгілер.

Қатынас–тәуелді және тәуелсіз өзгергіштіктердің арасындағы қатынас– эксперименталды гипотезаның құрамдас бөлігі.

Күй немесе шарт – тәуелсіз өзгергіштікті беру формасы.

Креативтілік- адамның түрлі іс-әрекет аймақтарында бейнеленетін және оның жеке басын сипаттайтын шығармашылық қабілеттері.

Қабілеттіліктер – оқудың жеңілдігін және тездігін қамтамасыз ететін индивидуалды-психологиялық ерекшелік.

Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.

Методология ( грек сөзі)- теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.

Морфология- форма, құрылыс дегенді білдіреді.

Мән- пайымдаудың көмегімен жеткен мазмұн.

Метамотивациялық қажеттер- жоғарға құндылықтыр: әділеттілікке, әдемілікке, шындыққа қажеттілік.

Мәдени-тарихи теория-20-30 жылдары Ресей пситхологы Л.С.Выготский мен оның оқушылары; А.Н.Леонтьев және А.Р.Лурия құрастырған концепция.

Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.

Мнемикалық функциялар-есте сақтау функциялары.

Моль- берілген заттың қасиеттерінің санын белгілейтін мөлшер.

Молярлық бірлік- бүтіннің бірлігі.

Негативизм- қоршаған адамдадың талаптарына және күтулеріне қарама-қайшы келетін, іс-әрекетте және сөйлеуде білінетін мотивацияланбаған мінез-құлық.

Невроз- жүйке психикалық ауытқулардың кең тараған түрі.

Негізгі іс-әрекет- онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына байланысты әрекет.

Нейролингвистикалық бағдарламалау- психологияның жаңа прогрессивті бағыты.

Онтогенез- балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.

Пән- адам іс-әрекетінің танымдық үрдісін бейнелейтін категория.Практика- адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.

Педология- 19-20 ғ. пайда болған психология мен педагогиканың ағымы.

Психикалық даму диагностикасы-психикалық дамуда мүмкін болатын ауытқушылықты анықтау және индивидуалдв даму ерекшелігіне байланысты адамды зерттеу.

Психотерапия-адам санасында психосоматикалық, жүйкелік, психикалық т.б. ауруларға байланысты емдеудің комплексті әсер ету арқылы емдеу.

Психиканың дамуы- психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.

Рекапитуляция теориясы- балалардың психикалық дамуы мен биогенетикалық заңның әсерін қарастырған С.Холл теориясы. Бұл теория бойынша онтогенез дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.

Респондент- сұраққа жауап беретін адам.

Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі.

Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті.

Стандарт- (ағылшын сөзі- үлгі, эталон) дегенді білдіреді. Басқа өзі тектес объектілерді салыстыру үшін қолданылады.

Сенсорлы-сезетін, сезімдік, түйсікке байланысты ұғымдар.

Сана- психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.

Тест- анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.

Теория- ғылыми принциптер жүйесі.

Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым.

Таңдау-зерттеуге қатысушылардың құрамы.

Таңдап алу- белгілі бір мақсатқа байланысты іріктеу.

Тонус- өмірлік белсенділіктің дәрежесі.

Теория-ғылыми принциптер жүйесі.

Физиология- ағзаның, оның жасушалары, мүшелері мен функционалды жүйелердің қызметі жайлы ғылым.

Филогенез- жануарлар тәртібі мен психиканың тарихи дамуының қалыптасу үрдісі.

Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория.

Іс-әрекеттің индивидуалды стилі- іс-әрекетті орындаудың психологиялық әдіс-тәсілдерінің ерекше, индивидуалды, тұрақты жүйесі.

Фактілер- шындық ,ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.

Феномен- құбылыс дегенді білдіреді.

Фрустрация- мақсатқа жету үрдісінде қиыншылықтардан туындаған адамның психикалық жағдайы.

Эгоцентрлі сөйлеу –формасы бойынша сыртқы және мағынасы бойынша ішкі, яғни өзіне бағытталған сөйлеу.

Этология- жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтары мен жалпы биологиялық негіздері жайлы ғылым.

2 Дәрістер №1 Білім беру - жоғары мектеп психологиясының негізгі объектісі ретінде

Жоспар:


1.Нарықтық қоғамдағы білім беру мен тәрбиенің мақсаты.

2.Мамандарды кәсіби даярлау жүйесіндегі білімнің алатын орны мен рөлі.

3.Білім берудің психологиялық принциптері мен негізгі тенденциялары. 4.Индивидуалдылық, дербестілік, рационалдылық жэне белсенділіктің қалыптасуы.
1. Қазіргі таңда жүзеге асыры­лып жатқан реформада білім жүйесінің барлық деңгейі және бүгінгі күннің талаптары жан-жақты қарастырылған. “Білім туралы” Заң тиімді білім жүйесін қалыптастыру, кәсіби білімді жандандыру, білім кеңістігінде қо­ғамдық қатынастарды заңна­ма­лар арқылы реттеуді жетілдіру, барлық білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, оқыту үрдісін әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыру жағын көздейді. Жаңа нормаларға сәйкес Қазақ­станда төрт деңгейлі оқытуды жеті деңгейлі білім жүйесі алмастырады. Бастауыш, негізгі орта және орта­дан кейінгі білім деңгейлері енгі­зілді. Келесі жылдан бастап 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі қарастырылып отыр.

2. Елімізде білім жүйесінің ұлттық дәстүрін сақтай отырып, жаңаша дамыту жолдары да қарастырылған. Атап айтар болсақ, бәсекеге қабі­летті мамандарды даярлаудың көп деңгейлі жүйесі белсенді түрде енгізіледі, жоғары мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады; жоғары кірісті экономикалық қызметте жаңа білім мен технология трансформациясы үшін жағдайлар жасалады; білім беру мен ғылымның байланысы ныға­йып, әрі кеңейе түседі; ше­телдік әріптестермен үздіксіз білім алуға байланысты тәжірибе алмасулар жалғасын табады.

Отандық білім қызметінің мақсаты жаңа білім мен кәсіптік білікті игерудегі жеке тұлғалардың сұраныстарын қанағаттандыру, шығармашылық білімді тарату және жас буын өкілдерін кәсіпке баулу бұл азаматтардың біліми әлеуетінің нығаюына әкеледі.

Білім – дәл қазір еліміздегі басым бағыттардың біріне айналып отыр. Ол адамның тұлғалық қасиет­терін толықтай дамытуға, қоғам, мемлекет мүддесіне қызмет етіп келеді.

Жоғары білімді әрі қарай же­тілдіру қазіргі қоғамдағы жоғары оқу орындарының рөлін жан-жақты ойластырумен тікелей бай­ла­нысты. Бүгінде университеттер мамандар даярлаумен қатар, олар­дың көпшілігі экономиканың нақ­ты секторларына қатыса алатын жаңа ғылыми идеялар орталығына айналып келеді. ЖОО-лар біршама академиялық еркіндіктерге ие, ғы­лыми-зерттеулер белсенді сипат ал­ды, ғылымды қаржыландыру ұлғай­тылды, академиялық ұтқырлық дами түсті. Қазақстан жоо-ла­рын­да білім алғысы келетін талап­керлер өз елімізде ғана емес, ше­тел­дік сту­денттер арасында да ар­тып отыр. Бұл білімді реформалауға жасалған қадамдардың нәтижесі деп білеміз.

Қазақстан ЖОО-лары жаңа, бә­секеге қабілетті және ашық на­рық­тық экономиканы құруға өзінің қомақты үлесін қосу үшін талпы­ныстар жасауда.

Университеттік стратегияның негізгі басымдықтары: интеллек­туал­дық әлеуетті толық әрі жан-жақты пайдалану, ғылыми базаны жетілдіру және кеңейту, ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауда ғылым мен техниканың тың жетіс­тіктерін қолданысқа енгізу, уни­верситет ғалымдарының жаңа ғылыми-әдістемелік зерттеулерінің тиім­ділігін арттыру болып табы­лады. Басты бағыт – оқу үдерісін басқарудың үйлесімді қағидаттарын орнықтыру, сол секілді экономика­ның түрлі құралдарына, сондай-ақ білім беру мен әлеуметтік салалар бойынша жоғары білікті маман­дарды даярлау үшін сапа менедж­ментіне басты назар аудару. Тұтас­тай алғанда, осы күні ЖОО жүйе­сінде ғылыми-педагогикалық кадр­ларды даярлаудың сапасы жоғары­лады, студенттер саны арта түсті, жоғары кәсіптік білімнің жаңа стандарттары дайындалды, кадрлар әзірлеуді біртіндеп әлемде жалпы қабылданған модельге (бакалавр, магистр PhD докторы) көшіру жүзе­ге асырылуда.

Еуразия ұлттық университетінің сапа саласындағы саясаты білім қызметін қамтамасыз етуге бағыт­талады. Ол бойынша әлемдік ака­де­миялық қауымдастыққа ықпал­дасу; білім және ғылым саласында көрсетілетін қызметтің бәсекеге қа­бі­леттілігі; оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби біліктілігі; тұтынушылардың білім сапасына қанағаттануы; бітірушілердің еңбек рыногында сұранысқа ие болуы; өзара пайдалы халықаралық әріп­тестік орнату, т.б. секілді кешенді міндеттер шешілуге тиіс.

Жоғары білікті мамандар даярлау мәселесін шешуге араласа отырып, университет жетекшілігі жоғары кәсіби білімді сақтаудың сапасын арттыруға, қызметкер­лер­дің шығармашылық әлеуетін да­мытуға, инновациялық технологияны енгізуге баса назар аударады. Алға қойылған міндеттерге сәйкес білім ордасының білім сапасы саласындағы саясаты жетілдіріліп, мақсаты нақтыланған болатын. Мұнда білім қызметін тұтынушы­лардың талап-тілектері және басқа да мүдделері ескеріліп отырады.

Еліміздің ЖОО бүгінде халық­аралық деңгейдегі білім қызметін көрсетуге, көшбасшылық етуші академиялық институттар мен ор­та­лықтарды Қазақстанға тартудың алғышарттарын құруға үндеп, әрқайсысы өзінің ғылыми әлеуетін заман талаптарына сай қалыптас­тыруға тиіс.

3. Білім беру ісінің мәні, міндеттері, принциптері. Білім беру бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік,интеллектуалдық мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.

Қр да жастарға білім беру халқымыздың мәдениетіне экономикасына,саяси өміріне негізделіп іске асырылады.



Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің міндеттері





Жеке адамның рухани білім беру жүйесінің күш ұуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жаңдайлар жасау.





Азаматтықты,үйел

Меннің,халықтың

Қоғам мен мем алдында адам құқылары мен міндетін ұғынуы сондай ақ рес ның мәдени,қоғамдық, саяси өміріне қатысу қажеттілігін тәрбиелеу





Республика тұрғынына жалпы және кіәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау.




Жеке адам шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту




Қазақ халқының мәдениеті мен салт дәстүрін оқып үйрену үшін жағдайлар жасау.

Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылу принциптері.




Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы


Университеттер, институттар, жоғарғы білім беру (4-6 жылдық)

Жоғарғы білім беретін мектеп, Жоғарғы саты 10-11сынып

Арнаулы орта білім беру оұу орындары:техникум, училищелер

Орта кәсіптік техникалық училищелер

Негізгі саты 5-9 сынып, 11-14,15 жас

Бастауыш саты 1-4 сынып, 6-7,11 жас

Мектепке дейінгі тәрбие беру, 1-3, 3-5 6 жасарлар Отбасы (Үйірме)

Балалар бақшасы






Жалпы білім беретін мектептің түрлері

Жалпы білім беретін мектеп

Тереңдетіп оқытатыктын арнайы мектептер

Гимназия

Лицей

Колледж

Медресе

ҚР-ның 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңына тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.


Гимназия негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сай тереңдетіп,салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.Лицейдің басты ерекшелігі ақылой қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып,оларды жоғарғы оқу орнына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында.
Кәсіптік бастауыш білім беру оқу мерзімі 2-3 жыл ,кәсіптік лицейде 3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша сондай ақ бірегей абдықтарға қызмет кқрсетуге байланысты жұмыстар үшін-4 жылға дейін болады.
Кәсіптік орта білім беру колледждерде,училищелерде орта білімді мамандар дайындалады.Оқу мерзімі 3-4 жыл.Кәсіптік орта колледждерде,негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Кәсіптік жоғарғы білім беру орта мектепті бітірген соң жастар университеттерде,институттарда,академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында маман болып даярланады.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім.Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда, ғылыми кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен прфессор атақтарын алуға мүмкіндік береді,ғылыми кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.


Жалпы білім беретін мектептің түрлері

Жалпы білім беретін мектеп

Тереңдетіп оқытатыктын арнайы мектептер

Гимназия

Лицей

Колледж

Медресе

ҚР-ның 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңына тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.


Гимназия негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сай тереңдетіп,салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.Лицейдің басты ерекшелігі ақылой қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып,оларды жоғарғы оқу орнына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында.
Кәсіптік бастауыш білім беру оқу мерзімі 2-3 жыл ,кәсіптік лицейде 3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша сондай ақ бірегей абдықтарға қызмет кқрсетуге байланысты жұмыстар үшін-4 жылға дейін болады.
Кәсіптік орта білім беру колледждерде,училищелерде орта білімді мамандар дайындалады.Оқу мерзімі 3-4 жыл.Кәсіптік орта колледждерде,негізгі жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған.
Кәсіптік жоғарғы білім беру орта мектепті бітірген соң жастар университеттерде,институттарда,академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында маман болып даярланады.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім.Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда, ғылыми кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен прфессор атақтарын алуға мүмкіндік береді,ғылыми кадрларға деген қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.


Жалпы білім беретін мектептің түрлері

Жалпы білім беретін мектеп

Тереңдетіп оқытатыктын арнайы мектептер

Гимназия

Лицей

Колледж

Медресе

ҚР-ның 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңына тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп,оның мәртебесі, құқықтық негізі айқындалды.


Гимназия негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сай тереңдетіп,салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы орта білім беретін оқу орны.
Лицей негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны.Лицейдің басты ерекшелігі ақылой қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып,оларды жоғарғы оқу орнына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп болуында.
Кәсіптік бастауыш білім беру оқу мерзімі 2-3 жыл ,кәсіптік лицейде 3 жыл, ерекше күрделі кәсіптер бойынша сондай ақ бірегей абдықтарға қызмет кқрсетуге байланысты жұмыстар үшін-4 жылға дейін болады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет