ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Стандартты емес физика есептерін шығару әдістері» 5В011000- «Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет2/4
Дата24.02.2016
өлшемі0.51 Mb.
#14600
1   2   3   4

6.3. Жер жыртып жатқанда ылғалды топырақта дөңгелекті трактор батып қалады. Осы кезде трактор қандай жұмыс істейді.

VII. Қызықты есептер

Бұлардың мазмұнының ерекшелігі – парадоксальді және әуеской фактілерді қолдану. Оларды шешу сабақты жандандырады, физикаға деген қызығушылықты арттырады.



7.1. Неге құстар электр желісінің жоғары вольтті линияларына көп отырады? Сымда отырған құстың денесі олардың аятарының арасына параллель тізбектің ажыратылуы болып табылады.Парралель жалғанған кезде ток шамасы кедергіге кері пропорционал. Құстың кедергісі өткізгіштің аз ұзындығының кедергісімен салыстырғанда эте көп, сондықтан құс денесіндегі ток күші эте аз және қауіпсіз. Сонымен қатар құс аяқтарының арасындағы Сонымен қатар құс аяқтарының арасындағы потенциалдар айырымы да өте аз.

7.2. Көмір салынған шелекті 4-ші этажға көтергенде біз оның потенциалдық энерегиясын 800Дж арттырамыз. Осы қосымша энергия көмір пеште жанғаннан кейін қайда кетеді? Неліктен отынның жануы және өнеркәсіп қалдықтарының болуы атмосфералық булану эффектісінің интенсивтілігін арттырады?

7.3. Радийдің жартылай ыдырау периоды 1590 жыл. Бұл осы уақыт аралығында радий мөлшерінің тек жартысы қалады деген сөз. Енді 3180 жылдан кейін Жер бетінде мүлдем радий қалмайды деп есептеуге бола ма?

VIII. Аралас есептер. Мұндай есептер проблемалық ситуацияны және жаңалық элементін қамтуы керек.

8.1. Егер жел жылдамдығы 9 м/с, жел двигателінің дөңгелегінің диаметрі 8м, ал п.ә.к 0,3 болса. Жел двигателінің экологиялық артықшылығын ашып беріңдер. Жел двигателінің қуаты неге тең?

Есеп былай шығарылады: 1с дөңгелектің астынан өтетін ауа массасы мұндағы V – ауа көлемі, υ –оның жылдамдығы. Осы ауа массасының энергиясы , , ал қуаты .



Жауабы: 4,7 кВт

8.2. Құс, шошқа қораларын және теплицаларды қыздыруға арналған жылугенераторлары 1 сағатта 6,3∙108 Дж жылу береді, оған 18,3 кг керосина жұмсайды.Вентилятордың қажетті қуаты 4,9 кВт№ Қондырғы п.ә.к. анықтаңыз. Өсімдіктер мен жануарларды қыздырудан сақтаудың тағы қандай жолдарын білесіңдер?

Барлық жұмсалған энергия Жлугенераторының п.ә.к

Жауабы: 80%

8.3. 100 т cүтті +35ºС-дан 15ºС-ға дейін суыту керек, мұздың меншікті балқу жылуыы 340 000 Дж/кг, тығыздығы 800 т/м3, ал сүттің меншікті жылу сиымдылығы 4200 Дж/(кг∙К) Қанша мұз даярлау керек?

Сүтті салқындатуда бөлініп шығарылған жылу мөлшері  мұз массасы  мұз көлемі   V = 400 м3.



IX Шығармашылық есептер екіге бөлінеді. Зерттеу («неге» деген сұраққа жауап береді) және конструкторлық («қалай істеу керек» деген сұраққа жауап береді).

Осындай есептерді шығару мысалдары.



9.1. Диффузия жылдамдығы араласатын сұйықтардың түріне тәуелді ме, соны зерттеңдер. Диффузияның болуына экологиялық тұрғыдан мысалдар келтіріңіз. Әртүрлі түрдегі зия зиянкестер адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді тіршілікпен қамтамасыз ететін заттарға енеді.

9.2. Жердің ылғалдылығын анықтаудың физикалық әдістерін ойлап табыңдар.

Мынадай әдістер ұсынуға болады:

а) су массасын булану арқылы анықтау;

б) Жер ылғалдылығын оның тығыздығы бойынша анықтау;

в) амперметр және вольтметр әдісімен формуласымен немесе омметрді пайдалана отырып, кедергіні анықтау ылғалдылықты табу

9.3. Магнит өрісінің тұқымдардың шығуына және өсімділік өнімділігіне әсерін зерттеңіз.

Тұқым материалдарын магнит өрісінде емдеу үшін қағаз дорбаға формалары мен массалары бірдей (бидай, тары, фасоль, бұршақ, т.б) тұқымдарын салу керек. Тұқымдарды өңдейтін қондырғыны универсал трансформатор және дроссельді катушкадан құрайды (1-сурет). Трансформатор өзегіне үлкен индуктивтілікті катушканы кигізіп, ұштарын винттермен кигізеді. Тұқым салынған дорбаларды осылардың арасына орналастырады да, катушка арқылы ток жібереді. Магнит өрісі арқылы өңделген тұқымдарды топыраққа сеуіп, қасына өңделмеген тұқымды сеуіп екеуін салыстырады.

1-сурет.


10. Сапалық есептер - бұл физикалық шамалар арасындағы тек сапалық тәуелділікті қарастыратын есептер. Оларды ауызша және логикалық жолмен шешуге болады. Сапалық есептерді дұрыс қолдана білу логикалық ойлауды, шығармашылық ойлау қабілетін арттырады.

Сапалық есептер мысалдары:



10.1. Мұнай базаларында неліктен мұнай өнімдерін цистерналарға толтырмай құяды? Қыздырған кезде бензин және лигроин және т.б күшті ұлғаяды. Цистерналарды жиегіне дейін толтыру жанармайды жоғалтуға және қоршаған ортаны ластауға әкеп соғады.

10.2. Тері күю үшін оның жоғары температуралы ортамен беттесуі керек. Егер қолымызды 55-60°С, суға біраз уақыт салып қойсақ, онда теріміз күйіп қалады. Ал ауада 50-60 °С ыстықта адам күймейді, бұл неліктен ?

Қоршаған орта температурасы жоғары болғанда адам терлейді. Тер буланып адам температурасын төмендетеді, ол оны күюден сақтайды. Ал ыстық суда булану болмайды сондықтан тері күйеді.



10.3. Атмосфераны өнеркәсіп қалдықтарымен ластау таулардағы мұздардың азаюына әкеп соғады. Неге? Бұнын қандай экологиялық зиянды жақтары бар? Праниктік эффектіге сәйкес қоршаған орта температурасы артады. Бұл мұздардың еруіне, әлемдік мұхиттардың деңгейінің көтерілуіне, материктердің су астына қалуына әкеліп соғады.

10. 4. Неге бақтарда ойыстарда жасауға, болмайды?

Суық ауа, тығыздау болғандықтан төменгі орындарда көп жиналады. Осындай орындарда жие аяздар болып олар жеміс ағаштарын үсітеді.



11. Графиктікк есептер- негізгі зерттеу объектісі график болып табылатын есептер.

Осындай есептер мысалдары:



1. Туристің қозғалыс графигін (2-сурет)пайдалана отырып төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

а) Графиктің II бөлігі не туралы айтады?

б) Турист қандай бөліктерде транспорттың қандай түрлерін пайдаланды?

в) Ол қашан және қанша уақыт демалды?

г) Үйіне қашан келді ?

2-сурет


а) Графиктің II бөлігі жолға шыққаннан кейін 2 сағаттан соң үйіне қайту керек екендігін көрсетеді; б) Егер оның қозғалысын оның жылдамдаға бойынша сараптасақ, онда I, II бөліктерде ол жаяу жүрді. III-V бөліктерде ол велосипедпен немесе атпен жүрді, ал VII бөлікте пойызбен, автомобильмен немесе мотоцикльмен қозғалып, үйіне ( IX бөлік ) самолетпен қайтты; в) турист IV, VI бөліктерде 1 сағаттан және VIII бөлікте 3 сағат демалды; г) турист ең алғашқы кеткеннен кейін 15 сағаттан соң үйіне оралды.

2. ДТ-75М және СВУ қаритергіштен тұратын далада қарды тоқтататын агрегат 1- ші беру арқылы, ал 15 минуттан кейін жүргізуші келесі беруді қосады. Графикте (3- сурет) агрегат жолының уақытқа тәуелділігі көрсетілген. График бойынша агрегаттың бірінші беру кезіндегі жылдамдығын табыңдар. Жылдамдықты ауыстырғаннан кейін оның шамасы неге тең болды? Қозғалыс басталғаннан кейін 35 секундтан соң агрегат қандай жол жүрді ? Осы жолдағы оның орташа жылдамдығы неге тең? Жер шаруашылығы үшін далада қарды тоқтатудың экологиялық

тиімділігі неде?




3- сурет.

Бірінші беру бойынша агрегат жылдамдығы 1 м/с. Беруді ауыстырғаннан кейін агрегат 50 м жол жүрді және оның жылдамдығы 2,5 м/с; 65 м; 1,85 м/с болды. Қар өсімдіктердің тамыр жүйелерінің жылу сақтауын жақсартады, ал көктемде топырақты жақсы ылғалдандырады.

12. Экспериментальдық есептер- берілуі және шешімі экспериментпен тығыз байланысты болып келетін әртүрлі өлшеулермен, физикалық процесстермен, электр тізбектерін жинаумен т.б. Эксперимент есептеулерді тексеру құралы болып табылады, есепте берілген сұрақтың жауабын береді, шешуге керекті шамаларды анықтау құралы болып табылады.

Экспериментальдық есептерді шешу мысалдары:



12.1 Кәдімгі компас автомобильде жұмыс жасай ала ма? Тәжірибеде тексеріңдер.

12.2. Өзіңіздің кір жуғыш машинаңыздың 3 сағатта пайдаланған электр энергиясын есептеп, есептеуішпен салыстырыңыз.

12.3. Пәтеріңіздегі 1 айдағы шығындалатын пайдасыз электр энергиясын анықтап, оның қанша тұратынын есептеңдер. График тұрғызыңдар,

абцисса осьіне уақытты күндер бойынша, ал ордината осьіне электр энергиясынын шығынын А (, мұндағы N – тұтынушы қуаты, n – бірдей тұтынушылар саны, t – тұтынушылардың пайдасыз энергия пайдалану уақыты).

Экологиялық білім және тәрбие беру бойынша физика курсының тақырыптарын қарастыруда оқушыларға мынандай тапсырмалар беруге болады.

а) есептерді суреттермен, графиктермен, сызбалармен, схемалармен беру керек;

б) есептер бағдаарламалық материалдарға сай мектеп физика курсына сәйкес болуы керек;

в) әрбір құрастырылған есепте физикалық заңдылықтар болуы керек.

Кәдімгі типтік есептерді (шартында эколгиялық мәселелер қарастырылмаған) экологиялық мәселелер тұрғысынан сараптама жасауға болады.

Осындай сараптама жасау мысалы:

Есеп. Қазіргі заманғы іштен жану двигательдернің бензинді жұмсау шығыны сағатына 0,18 кг/а.к. Осыған сәйкес келетін п.ә.к неге тең? Отынның жану жылуы q = 4∙107 Дж/кг, 1 а.к. = 736 Вт.

Қуаты 1 а.к. тең двигательдің 1 сағатта істеген жұмысы  тең,ал 1 сағаттағы жұмсалған энергия = 107 Дж/кг∙ч ∙ 0,18 кг = 7,2∙106 Дж.

100% = 37%.

Оқушыларға кез келген жылу двигателі отынның жану энергиясынын аз бөлігін ғана механикалық энергияға айналдыратынын, сондықтан да қоршаға ортаны қорғау үшін жылу қондырғыларның п.ә.к. арттыру керек және аз қалдықтар бөлетің жоғары сапалы отындар пайдалану керек. Осы қалдықтар атмосферада су буларымен бірігіп жерге қышқыл жаңбырлары ретінде қайта жауады. Осы қалдықтар ауа ағындары арқылы үлкен арақашықтарға жетеді. Қышқыл жаңбырлары адам организімінің жұқпалы ауруларға қарсы тұруын төмендетеді, болаттан, никельден, мыстан жасалған конструкциялардың коррозиясын тездетеді, мрамор, ақкеріштерді бұзып, мәдени ескерткіштер мен үйлерге көп зиян келтіреді



13. Бір-бірімен өзара байланысқан шамалары бар есептер.

Бір- бірімен өзара байланысқан шамалары бар есептер физиканың барлық тарауларында кездеседі. Мынандай есептер мысалдарын келтіруге болады:



1. 800 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан снаряд екі жарқышаққа бөлінді, оның біреуінің массасы екіншісінікінен 15%- ке кем. Кіші жарқышақ сол бағытта 700 м/с жылдамдықпен ұшады. Екінші жарқышақтың жылдамдығынын шамасы мен бағытын анықтаңдар.

2. Жолда бір- біріне қарама- қарсы автобус пен жүк машинасы қозғалып келеді. Автобустың жүк машинасына қатысты жылдамдығы 160 км/сағ. Егер автобустың меншікті жылдамдығы жүк машинасының меншікті жылдамдығынан 20%-ке көп болса, онда автобустың меншікті жылдамдығының шамасы неге тең?

3. Бөгетке соғылған кезде еріп кету үшін бастапқы жылдамдығы 800 м/с және бастапқы температурасы 20°С қорғасын оқты мылтықтан қандай бастапқы биіктіктен ату керек. Оқ соғылған кезде бөгетті қыздыруға кеткен энергияға қарағанда оқты қыздыруға кеткен энергия шамасы 30%- ке артық екенін ескеріңдер.

4. Дене суда жүзіп жүргендегі оның суға батқан бөлігінің көлемі суға батпаған бөлігінің көлемінен 25%- ке артық екенін біле отырып, дене затының тығыздығын анықтаңдар.

5. Суытқышқа берілген жылу мөлшеріне қарағанда пайдалы жұмысы 10% артық жылу машинасының п.ә.к. анықтаңдар.

6. Сыйымдылығы 40 пФ тең зарядталған конденсаторды индуктивтілігі 0,01 Гн катушкамен тұйықтады. Қосылғаннан кейін қанша уақыттан соң конденсатордың электр өрісінің энергиясы индуктивтілік катушканың магнит өрісінің энергиясынан 40%-ке аз болады?

7. Нүктелік жарық көзінен экранға дейінгі арақашықтық 1 м тең.Линзадан экранға дейінгі арақашықтық жарық көзінен линзаға дейінгі арақашықтықтан 25%-ке көп. Осы жағдайда экранда жарық көзінің анық кескіні пайда болады. Линзаның фокус аралығын анықтаңдар.

8. Сутегі атомындағы электронның толық энергиясы 13,6 эВ тең.Егер оның кинетикалық энергиясы потенциальдық энергиясынан 15%-ке кем болса, кинетикалық энергияның шамасы неге тең.

Есеп немесе сұрақты құрастыру негізі ретінде ақпараттық материалдар географиялық орны (ауданы, пунктің ендігі мен бойлығы, олардың арақашықтығы ) қолданылуы мүмкін.



Есептер мысалдары:

1. Жарық Беларусьте оңтүстіктен солтүстікке дейін (арақашықтығы 510 км), шығыстан батысқа дейін (арақашықтығы 591 км) қанша уақытта жүріп өтеді?

2. Теледидар хабарлары В қаласында ретрансляциясыз қабылдану үшін А қаласының телеорталығындағы таратқыш антенаның биіктігі қандай болуы керек? Қалалар арасындағы арақашықтық s = 342 км тең.

3. Березины өзенінің жоғарғы сағасы (Докшицк ауданы) Жер центріне, оның оның төменгі сағасына қарағанда Речицк ауданында (Жер экваторда полюстерге қарағанда «жуанырақ»). Бұл өзен неліктен "жоғары" ағады?

Тұрғылықты орынның табиғи-климаттық ерекшеліктері (өзендер, көлдер, ормандар, саздар, рельефтің жоғарғы және төменгі нүктелері, температуралық айырмашылықтар, жауын-шашындар, ауа массаларының ауысуы және т.б.). Есептер мысалдары:

1. В Беларусяда 130 жуық су қоймаларыбар, олардағы судың көлемі V = l,34 км3 . Су температурасы t1 = 4°С -тап t2 = 14°С-қа дейін өзгергенде бір сезондаолар қандай Q жылу мөлшерін жинақтайды.

2. Неліктен Минск жоталарында Полесья ойпаңдарына қарағанда жылына жауатын жауын-шашындар көп болады?

3. Беларустың солтүстік бөлігінде қарағайлы ормандар, ал оңтүстік жағында жапырақты ормандар көп . Жел болғанда олар әртүрлі шулайды. Себебі неде?

өсімдіктер және жануарлар әлемі (өсімдіктер және жануарлардың жоғалып бара жатқан түрлері, тек осы елге ғана қатысты өсімдіктер және жануарлардың түрлері, өздерінің физикалық параметрлері бойынша ерекшеленетін өсімдіктер және жануарлар). Есептер мысалдары:

1. Қандай қоянның құлағы ұзын: Беларуста тұратын ба, әлде сібірдегі ме? Неліктен?

2. Шығырдың жылдамдығы 15 м/с, торғайдікі –36 км/сағ, ал самурырықтікі –600 м/мин. Осы жылдамдықтарды салыстырыңдар.

3. Беларусь жануарларының ішіндегі ең тез жүгірітіні қоян-русак. Оның жылдамдығы 1 = 60 км/сағ. Дейін жетеді. Жылдамдығы υ2 = 0,9 мм/с болатын қоңызға қарағанда қоян N неше есе тез жүгіреді?

ел экономикасы (ірі өнеркәсіп объектілері және шығарылатын техниканың (автомобильдер, мотоциклдер, теледидарлар, велосипедтер және т.б) параметрлері, табиғи пайдалы қазбаларды өндіру көлемі, энергетикалық қамтамасыздандырылуы және т.б.)

Есептер мысалдары:

1. ММВЗ-3.1121 толық тиелген мотоциклі толық бензин құйғанда s = 333 км жол жүреді. Егер мотоцикл отын багының сиымдылығы V = 11 л болса, υ = 70 км/ч болғандағы 1 сағаттағы бензин шығынын есептеу керек.

2. Өткен жылдың соңында елде М = 3,6 млн тонна мұнай өндірілді. Оның Е толық энергиясы анықтап, ол толық жанған кездегі бөлінген Q жылу мөлшерімен салыстырыңдар.

3. Қуаты P = 1690 кВт БелАЗ-7521 автомобилі Δt = 20 мин уақыт аралығында қандай А максимал жұмыс атқарады?

халықтың тұрмысы (ұлттық киім, асхана, тұрмыстық ерекше заттар және т.б.).

Есеп мысалдары:



1. Картопты аяздан сақтау үшін ауыл тұрғындары оны алдымен сабанмен, сонан кейін құрғақ топырақпен, сонан соң шіріген жапырақтармен жабады.

Неліктен осындай материалдар қолданылады?



2. Белоруссия селоларында жаңа сауылған сүтті ыдысқа құйып, құдыққа түсіріп қояды. Неге осы жағдайда қаймақ жақсы түседі?

Спортсмендердің спорттық жетістіктері (массаның, ұзындықтың, уақыттың өлшем бірлігінде жасалған олимпиадалық есептер).

Есептер мысалдары

1. Олимпиада чемпионы (Афины, 2009) Юлия Нестеренко s = 100 м ұзындықты 10,93 с жүгіріп өтті. Оның <υ> орташа жүгіру жылдамдығын табыңдар.

Почему для подготовки косы к скашиванию травы отдают предпочтение «клепанию» лезвия косы ударами молотка, а не оттачивают его на точильном кругу?



2. Белоруссия тарихында ең бірінші ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы (Монреаль, 1976) Валерий Шарий, үш көтеру қосындысы бойынша m = 527,5 кг көтеріп рекорд жасады. Штанганы көтеру биіктігін һ=2м деп алып, спортсменнің жасаған А жұмысын табу керек.

3. Атақты гир көтергіш Вячеслав Хоронеко демалыссыз Δt = 5 мин уақытта N = 55 рет сол қолымен массасы m = 48 кг гирді көтеріп, әлемдік рекорд орнатты.

Гир орын ауыстыруын h = 0,5 м деп алып, спортсмен қолы бұлшық еттерінің орташа қуаты  табыңдар;



Көрнекілікті материалдары бар есептер мысалдары

1. Брест қорғанының мұнарысының биіктігі h = 100 м. Егер сіз тұрған нүктеден мұнара

α = 10° бұрышпен көрінсе,онда сіз мұнарадан қандай s алшақтықта тұрсыз?





2. Мини-трактор Белаpyc-0,8BS (m = 125 кг) салмағы Р1 мен Беларус-2822 (М = 14000 кг) Трактор салмағы Р2 салыстырыңдар



3. БМП «Кобра-С» (г. Борисов) жаяу әскерлік машинасы массасы m = 13800 кг 35°.биіктікті ала алады. Осындай көтерілу кезіндегі Т топырақ реакциясын анықтаңыз.

13. Логикалық есептер

13.1. Жеңілден де жеңіл.

Жердің қай жерінде дене бәрінен де жеңіл. Осы сұрақ жұмбаққа ұқсас. Мына сұрақ сияқты «Неге құс ұшады?» (Немен? Ауада) Біздің сұрақ бұдан өзгеше, егер жақсылап ойлансақ, оған дұрыстап жауап беруге болады.

Жауап: Жердің барлық орындарында бәрінен де жеңіл дене, әрине экваторда болады. Мәскеуде 1600 тонна болатын паровоз, Архангельскіде 160кг-ға ауырлайды, ал Одессада соншаға жеңілдейді! Осы паровоздың 160 кг салмағын кім жеп қояды? Оны жеп қоятын негізінен центрге тартқыш күш, ол кез-келген дене салмағын полюстерге қарағанда экватор маңында сол дене салмағын 1/290 үлесіне кемітеді. Сонымен бірге Жер шарының экватор маңында аздап дөңестеу болуына байланысты, яғни ондағы Жер беті планета центрінен біраз алысырақ болғаны оның маңында заттардың салмағын біраз азайтады. Барлық жиыны экватордағы салмақтың азаюы полюстегіге қарағанда 1/200 үлесіне тең болады.

13.2. Жол көрсетуші компас

Адам компасқа қарап оның магнит тілшесінің қара ұшы қай жақты көрсетсе, солай тура және түзу жүре береді. Ол «компас бойынша» солтүстікке полюске қарай жүреді. Бірақ ол полюске келе алмайды Ол келетін жер шарының нүктесін атаңыз.

Жауап: Осы сұраққа жауап бергендердің көбі бір ғана қате жібереді. Олар, түбінде солтүстік географиялық полюске келуі керек деді. Ал шындығында ол Солтүстік Амермканың солтүстік шетінде орналасқан жердің сольүстік магниттік өрісі бар Сомерсет аралына келген.

13.3. Кофе және шай

Оқушы ата-анасын мынандай фокуспен таң қалдырды. Ол үшін әріптермен «КОФЕ» және «Шай» деп жазып, пробирканы сумен толтырып су арқылы осы сөздердің әрқайсысын көруді ұсынды. 1-ші сөз сол қалпында қалды, ал екінші кері аударылды. Бұл неліктен?

Жауап: Ол «КОФЕ» сөзінің симметрия осін пайдаланды және цилиндрлік линзаның кекінді аудару қасиетін қолданды.

13.4. Поезд жылдамдығы

Сіз поезд жылдамдығын оның дөңгелектерінің дүрсілі бойынша анықтай аласыз ба?

Жауап: дүрсіл поезд дөңгелегі рельстерінің қосылған жері арқылы өткенде естіледі. Рельс ұзындығы 15 м, ендеше қиын емес математикалық есептеулерден кейін, поездың жылдамдығы 9х км/сағ-қа (минутына келетін дүрсілдер саны) тең екенін анықтаймыз.

13.5. Қатты суық

Ресей территориясындағы суықтың полюсі Якут селосы Оймякон, ондағы тіркелген температура 70ºС—тан төмен. Ресейде сынап термометрінің бағаны бұдан да төменгі температураны көрсететін жер бар ма? Бар болса, ол қай жерде?

Жауап: Ондай жер жоқ – сынап бағаны 38 градустан төмен аязды көрсетпейді.

    1. Өткізу туралы жұмбақ

Өзен арқылы үлкен шойын трубаны өткізу керек болды. Осы жүкті қайыққа салғанда, оның отырып қалғаны сонша, оған ескекші отыра алмады. Бірақ ескекші өзі қайықта отырып, оны ана жағаға жеткізу жолын ойлап тапты. Оның қалай істегенін табыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет