Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару жұмыстары және төтенше жағдай салдарын жою тактикасы» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің



бет6/11
Дата26.06.2016
өлшемі1.1 Mb.
#159737
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Су транспортындағы ТЖ негізгі себебі болып:

  • аударыла теңселуімен орнықтылығын жойып, кеменің бортқа немесе толқынға қарай құлауы;

  • кеменің қалқығыштығының жоғалуы;

  • қайраңға тұрып қалу;

  • басқа кемемен немесе бөгетке соқтығысу (рифтерге, су астындағы жартасқа, мұнай платформаларына, айсбергке);

  • өрттер мен жарылыстар;

  • апатқа ұшыраған кемеден жанар – жағар май өнімдері және ҚӘУЗ судың бетіне ағуы;

  • адамның борттан құлауы.

Апатқа ұшыраған кеме судың бетінде, қайыранда тұрып қалуы, жағаға шығып қалуы, батып кетуі мүмкін. Сонымен қатар зардап шегушілер соның бортында, құтқаратын жүзу құралдарында, суда, судың астында қалулары мүмкін. Су көлігінде апаттың негізгі дабылы ТЖ орнының координаттарын көрсете отырып Халықаралық көмекке шақыру – дабылы SOS. Бұл дабылды алғаннан кейін апат ауданына жақын жүрген кемелер көмек көрсету үшін соған қарай беттейді, ал қажет болған жағдайда құтқарушы кемесін жібереді. Кейде апатқа ұшыраған кеме қауiп дабылын бере алмайды. Ол егер белгіленген уақытта байланысқа шықпаса, жоғалды деп есептеледі. Бұдан кейін соңғы байланысқа шыккан ауданға іздеуші кемелер жіберіледі олар кеменің соңғы байланысқа шыққан уақытынан қаншалықты жерге кетуі мүмкін болатын жерлердің барлық аумақтарын тексереді. ІҚЖ құтқарушы кемелері, авиация, ғарыштық спутниктер жұмылдырылады.

ІҚЖ жедел ұйымдастыру және жүргізу мақсатында келесі ақпаратты білу қажет:

  • ТЖ орнын, кеменің түрін, жүктің сипатын, борттағы адамдардың санын, олардың орнын және жалпы жағдайын;

  • кеменің жағдайын;

  • зардаптың себебін және ТЖ болуы мүмкін түрлерін.

Құтқарушыларды ІҚЖ орнына жеткізу катерлермен, қайықтармен, яхталармен немесе әуемен – тікұшақтармен, гидропландармен, экранопландармен жүзеге асырылады.

Құтқарушылар апат аймағындағы еш құтқару құралдары жоқ, су­дағы зардап шеккендерді тездетіп құтқаруға кіріседі; содан кейін – судың бетінде әртүрлі заттардың көмегімен тұрғандарды, жеке құтқарушы құралдарымен киінгендерді; одан ары кімдер топталған құтқарушы құралдарында болса, соларға көмек көрсетіледі.



Апатқа ұшыраған кемеге өту. Шынжыр арқан.

Құтқарушылар судағы зардап шеккендерге көмек көрсетіп болғаннан кейін, апатқа ұшыраған кемеге бірнеше тәсіл арқылы өтуді жүзеге асырады:



  • сатымен (негізгі, кіре беріс, лоцман, дауылдан қорғайтын саты) және көпірмен,арқанмен, арнайы тор мен кәрзеңкелерді пайдаланып;

  • иллюминатор арқылы, арнайы жасалған люк арқылы;

  • тікұшақты пайдаланып.

Зардап шеккендерді көшіру

Арқандап байлауды жүргізу мүмкіндік болмаған жағдайда құтқару­шылар кемеге қайықпен келеді және оның бортына лебедканың және ар­найы тордың немесе дауылдан қорғайтын сатының көмегімен көтеріледі. Қайықтың өз бетімен еркін жүзіп кетуін болдырмау мақсатында және зардап шеккендерді қабылдау үшін онда екі құтқарушы қалады.

Кеменің суға батып кеткен кезіндегі іс – әрекеттер

Кеме суға батып кеткенде ІҚЖ және зардап шеккендерді босатуды құтқарушы – аквалангшы және құтқарушы сүңгуіршілер жүргізеді. Батып кеткен кемеге кіру үшін люктер, кіретін есіктер. ойықтар пайдаланылады.

Кеме аударылған кезінде адамдар ішкі бөлмелерде қамалып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда құтқарушылар кеменің сыртын тарсылдатып, олармен байланыс орнатады, содан кейін оған гидро қайшының, электрлі араның, электрлі ажарлайтын машинаның көмегімен қажеттілігінше жылдамдатып ойық жасайды.
Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Авиациялық көліктердегі іздестіру – құтқару жұмыстары

  2. авариялық – құтқару командалары

  3. Әуе кемесінің бортынан көшіру

  4. Теміржол көлігінде ІҚЖ жүргізу

Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою

  1. Автокөліктердегі ТЖ зардабын жою кезіндегі ІҚЖ жүргізу

11 дәріс. Құбыр жүргізу көлігіндегі ІКЖ.


Жалпы сұрақтар

  1. Өнім өткізгішінде болған ТЖ кездегі іс – әрекеттер

  2. Технологиялық жүйелердегі ҚӘУ3 аварияларды жою

  3. Мұнай өнімдері төгілген кездегі іс – әрекеттер

  4. Газ құбырындағы аварияларды жою

Құбыр жүргізу көлігі – сұйық, газ тәрізді заттарды немесе қатты өнімдерді құбыр арқылы қашықтыққа жіберуді жүзеге асыратын көліктің түрі. Құбыр желілі көлігін ұйғарылуына және аумақтық орналасуына байланысты магистральді және өндірістік (технологиялық) деп ажыратады.

Магистральді құбыр желілі көлігіне газ мұнай құбыры жатады, оны­мен өнімдер шығарылатын орыннан өндейтін және тұтыныс орнына та­сымалданады – зауытқа немесе теңіз портына танкерлерді ауыстырып тиеу және одан әрі тасымалдау үшін. Магистральді өнімдер желілері бо­йынша зауыттан дайын мұнай өнімдері тұтыныс аудандарына жеткізіледі. Технологиялық құбыр желілері өндірістік өнеркәсіп құбыр желілерінің үштен бірін құрайды. Олармен газ, бу, шикізат болып келетін сұйықтық, жартылай фабрикат, дайын өнімдер, өндірістің қалдықтары немесе қалыпты ағымдағы технологиялық үдеріс үшін қажетті өнімдер тасымалданады. Технологиялық құбыр желілерімен өртке қатысты қауіпті және денсаулыққа зиянды өнімдер тасымалданады, сонымен қатар, оған қоса әртүрлі қысымдағы және температурадағы қауіпті заттар тасымалданады.

Соңғы уақытта өнім өткізгіштердегі ТЖ санының өсуі байқалуда, оның негізгі себебі болып :



  • өнім өткізгіш элементтерінің физикалық және моральдық қызметі жағынан тозуы;

  • адам факторы (өнімдерді құбырға жабық ысырма кезіндегі қысыммен жіберу, көліктік және т.б. авария кезінде өнім өткізгіш элементтерінің зақымдануы);

  • дүлей зілзала (жер сілкінісі, көшкін, опырылма және т.б.);

  • адамдардың қылмысты әрекеттері (теракт, рұқсат берілмеген өнім өткізгішке жалғау және т.б.).

Барлық осы құбылыстар өнім өткізгіш элементтерінің қирауына немесе бұзылуына әкеледі, оның салдарлары: ҚӘУЗ, жанғыш газдың, қайнаған судың, будың және басқа да агрессивті заттардың таралуына, мұнайдың және мұнай өнімдерінің жайылуына, өрттерге және жарылыстарға, жергілікті жердің және қоршаған ауаның ластануын, экологиялық апат масштабына дейін жеткізуі мүмкін.

Өнім өткізгішінде болған ТЖ кездегі іс – әрекеттер, құтқарушылар жұмыстың келесі түрін орындайды:

  • бірінші кезекте адамдарды қауіпті аймақтан (әсіресе бұл авария болған кәсіпорынға қатысты), сонымен қатар қажет болған жағдайда, жергілікті жердің іргелес аудандарынан құтқару және көшіру;

  • екінші рет зақымдау факторлары болуы және және ТЖ қайта өрбуі мүмкін масштабтарды бағалау үшін зақымданған ошақтарға барлау жүргізеді;

  • жұмысты жүргізу үшін қажетті адамдардың, техникалардың, қорғаныс құралдарының, құралдар мен аспаптардың санын анықтайды;

  • зақымданған ошаққа жылжитын бағытты, жұмыстың орындалу реттілігін, авария орнында құтқарушылардың тіршілігін қамтамасыз етуге көмектесетін қажетті жабдықтардың, техникалардың, жүйелердің қажетті орналасу орнын анықтайды;

  • аварияны оқшаулайды және оның зардабын жоюды жүзеге асыра­ды.

Өнім өткізгіш зақымданған кезде қандай жағдай болса да, тез арада ысырманың, сұқпаның және басқа да тиекті, ілгекті құрылғылардың көмегімен авариялық участкені оқшаулау қажет. Бір мезгілде сиымдылық өзгереді, сорғыштардың және компрессорлардың жұмыстары тоқтатылады. Ірі авариялар кезінде барлық кәсіпорындардың қызметі тоқтатылуы мүмкін.

ҚӘУЗ және басқа да агрессивті заттардың төгілуі кезінде төгілудің құрамын және концентрациясын анықтау мақсатында химиялық барлау жүзеге асырылады. Бұл үшін химиялық барлаудың әскери аспаптары және шаруашылық нысанасында қолданылатын индикациялық аспаптар пай­даланылады.

Химиялық барлаудың әскери аспаптары келесіге бөлінеді:

  • индикаторлық түтік қолданылатын аспаптар (ППХР, ВПХР, ПХР – MB және т.б.);

  • индикацияның иондық және биохимиялық (ПРХР және т.б.) әдісімен жұмыс істейтін аспаптар (ГСА – 12, ГСА – 13 және т.б.).

Шаруашылық нысаналарында әмбебап газ сараптағыш УГ – 2 қолда­нылады. Химиялық барлау комплектациялық аспабына оларды сақтау жұмысқа дайындау және пайдалану нұсқаулығы кіреді.

Технологиялық жүйелердегі ҚӘУ3 аварияларды жою және таралған немесе төгілген жағдайда оларды залалсыз ету кезінде авария орнына тек қана оқшаулайтын газқағармен және қорғайтын киіммен жел жағынан жақындау қажет. Сүзгілік газқағарды жоғары консентрациялы улы булар жоқ болған кезде қолдануға рұқсат етіледі. Іздестіру – құтқару жұмыстарын нысананың газ құтқару қызметінің жеке құрамының қатысуымен жүргізген дұрыс, өйткені нысананың әкімшілігінің келісімімсіз техникалық коммуникациядағы крандарды, вентильдерді өз бетінше жабу және ашу, құрылғыларды және аппаратураларды ауыстыру жұмыстың жүргізілуіне теріс әсері тиуі мүмкін.

Қажетті жағдайда құтқарушылар нысан аумағына және оған меншік жергілікке залалсыздандыру жүргізеді. Бұл үшін пайдаланылатын құралдар бейтараптауға қажет заттың сипатына сәйкес келу керек. ҚӘУЗ залал­сыздандыру химиялық, физико – механикалық және механикалық әдсітермен жүргізіледі. Химиялық әдіс кезінде ҚӘУЗ газдан тазарту (бейтараптау) жүргізіледі, зақымданған алаңға газдан тазартылған ерітінділерді құяды. Бұл үшін құйып – жуатын және өрт сөндіру көліктері, су сорғылары, жылжымалы және тасылатын бүркігіштер қолданылады.



Мұнай өнімдері төгілген кездегі іс – әрекеттер

Апат болған кезде мұнай өнімдері төгілгенде, өнім өткізгішінде келесі жұмыстар орындалады:



  • коммуникацияның зақымданған бөліктері өшіріледі;

  • шұңқырға, ойға сонымен қатар жер дуалдарымен қоршалған аумаққа жиналатын өнімдердің одан ары жайылуын тоқтатады;

  • мұнай өнімін сорып, запастағы сиымдылыққа ауыстырады.

Мұнай және мұнай өнімін бейтараптау өте қиын, өйткені олар нашар араласады және басқа заттармен химиялық реакцияға түседі, сонымен қатар оның құрамында үлкен мөлшерде әртүрлі компоненттер бар. Сондықтан мұнай өнімдерін газсыздандыру үшін басқа әдістер қолданылады. Физика – механикалық әдіс кезінде ҚӘУЗ және агрессивті заттарды залалсыздандыру күйдіріледі немесе радиобелсенді двигателдің ыстық газының әсерімен буға айналдырылады. Көбінесе күйдіруге мұнай өнімдері жатады. Бұл әдісті, егер ыстық заттарда екінші рет өрт шығару немесе қоршаған табиғи ортаға зиян келтіру қауіпі болмаса ғана қолдануға болады.

Залалсыздандырудың механикалық әдісі зақымданған жердің неме­се қардың қабатын алып тастау. Жергілікті жер участкелері мен қатты төсемдерсіз жолдардағы улы заттар бульдозерлердің, скреперлердің, грейдерлердің көмегімен үстіңгі қабатты кесіп, немесе зақымданған участкеге зақымданбаған топырақ сеуіп жояды.



Газ құбырындағы аварияларды жою

Газ құбырындағы аварияларды жою ең әуелі оның зақымданған бөлігінің өшірілуінен, оған және газгольдер станциясында орналасқан газ құбырларын ілмек құралдарымен (құлыптармен, ысырмалармен) бекітуден басталады. Төмен қысымдағы газ құбырындағы құбырларды кесу немесе жару кезінде олардың шетін ағаш тығындармен бекітеді, балшық жағады немесе табақ рәзіңкемен орайды, муфт орнатып құбырдағы жарықты дәнекерлеп бекітеді немесе бітейді.

Жарықтарды құбырларды уақытша нығыздалған бинтпен, балшық жағып немесе қамыт салып табақ резеңкемен орап бекітіп тастауға бола­ды. Газ тұтанған кезде газ құбырында оның қысымын төмендетеді, содан кейін алауды құммен, топырақпен, балшықпен өшіреді, газ құбырына сулы брезент жабады содан кейін топырақпен көмеді де су құяды.

Жер астындағы құбыр өткізгіштерден газдың шығуын іздеу үшін қызметтік иттер пайдаланылады.

Газбен бүлінген жерде жарылыстан қашу үшін: сіріңке жағуға, темекі шегуге, ұшқын шығаратын құралдарды, қозғалтқышпен жұмыс істейтін көліктерді және механизімдерді пайдалануға тиым салынады. Қысымда тұрған, сонымен қатар ғимараттардағы газ құбырымен жұмысты тек қана түрлі түсті металдан жасалған құралмен жасайды. Болат құралдардан ұшқын шығармау үшін минералданған маймен майлануы керек. Газбен бүлінген участкелерде жұмыс орнын жарықтандыру үшін тек қана жары­лу қаупі жоқ аккумуляторлы фонарьларды пайдалануға рұқсат етіледі.

Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Өнім өткізгішінде болған ТЖ кездегі іс – әрекеттер

  2. Технологиялық жүйелердегі ҚӘУ3 аварияларды жою

  3. Мұнай өнімдері төгілген кездегі іс – әрекеттер

  4. Газ құбырындағы аварияларды жою

12 дәріс. Өрт жағдайындағы ІҚЖ


Жалпы сұрақтар

  1. Өрттің негізгі зиян келтіретін факторлары

  2. Өрт болып жатқан аралықтың аймақтары

  3. Құтқарушылардың өрт кезіндегі негізгі міндеті

Өрттің орнына байланысты – тұрмыстық, өнеркәсіптік (техногенді) және табиғи болып бөлінеді.

Өрт болып жатқан аралық үш аймаққа бөлінеді: жану, жылу әсері, түтіндену.

Жанғыш материалдар мен заттар тұрған және олар тікелей жанып жатқан кеңістіктің бөлігі жану аймағы болып табылады.

Өрттің негізін құраушы от (жалын), түтін, күл, күйе. Бу және газ болатын кеңістік жалын деп аталады. Ауада қалқып тұрған жағдайда жанбайтын ұсақ күйе бөлшектері мен қатты тотықтар түтін түзеді, айтарлықтай үлкен жанбайтын бөлшектер күл түзеді.

Өрттің негізгі зиян келтіретін факторлары: ашық от, ұшқындар, жылы сәулелену, түтін, төмендетілген оттек концентрациясы, жанған уытты өнімдер (көгерткіш қышқыл, көміртек тотығы, фосген, акрилонитрил), құлайтын заттар мен құрылыстар. Әрбір өрттің өзіндік сипатты белгісі бар:

Түтіннің қара түсі өртте күйенің бары туралы дәлелдейді, ол мұнай өнімінің, резеңкелердің, көмірлердің жанып жатқанының белгісі. Ақшыл түтін – онда магний тотығының және едәуір мөлшерде су буының барлығы. Оттектің көлеміне байланысты жалын жарқырамайтын (50% дейін) және жарқырайтын (50% жоғары) болады. Жанып жатқан затта көміртек болған кезде жалын ыс бөліп шығарады.

Өзіне тән ерекше иіспен, түспен, дәмімен, көздің шырышты қабықшаларына әсер етуімен, дем алу жолдарымен құтқарушылар ауадағы (түтіндегі) қауіпті затты анықтай алады. Мұндай заттардың сипатты белгілері төменде көрсетлген:

Аммиак. Өткір иісті, дем алу жолдарын тітіркендіреді, көзді ауыртады және жасауратады, жөтелдіреді.

Хлорлы сутек. Ащы иісті, дем алу жолдарын қатты тітіркендіреді, қарлығуды, тұншығу сезімін қоздырады.

Цианисті сутек. Ашты бадам иісті, өңешті тырналап жатқанын сезінеді, ауызда күйдіргіш ащы дәмді сезінеді.

Күкіртті газ. Өткір иісті, өте кішкене концентрация көздің шырышты қабықтарын, дем алу жолдарын тітіркендіреді, тым жоғары концентрациялар қарлығуға алып келеді.

Формальдегид. Түтіннің ақ нығыздалған түрі, көздің шырышты қабықтарын, мұрынды, дем алу жолдарын тітіркендіреді.

Хлор. Ащы иісті жасыл – сары газ, дем алу жолдарын тітіркендіреді.

Іздеу және құтқару жұмыстары

Құтқарушылардың өрт кезіндегі негізгі міндеті – зардап шеккендерді іздеу және көмек көрсету. Құтқару жұмыстары:


  • зардап шеккендерді өрт аймағында тауып алу кезінде;

  • өрттің адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген кезінде;

  • құрылыстың жарылу немесе қирау қаупі болған кезде;

  • адамдар өз беттерімен қауіпті жерден кете алмаған жағдайда;

  • үрейлі – дүрбелең болған жағдайда жүргізіледі.

Адамдарды құтқару тәртібі өрттің нақты жағдайына байланысты анықталады. Бірінші кезекте өмірлеріне қауіп төніп тұрған зардап шеккендерге, сонымен қатар балаларға, ауруларға, қарт адамдарға көмек көрсе­тіледі.

Fимараттарда өрт болған кезде:

  • зардап шеккендердің құтқарушылардың алып жүруімен шығуы;

  • зардап шеккендерді сатымен, арқанмен, жең қаптармен көшіру, тік ұшақпен көшіру үшін төбеге көтеру – аман қалудың негізгі әдісі болып табылады.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушылар алып жүре алатын қысқа және қауіпсіз жолдарды таңдаулары керек:

  • негізгі кіретін және шығатын, запас (өрт) шығулар, өрт сатылары;

  • сатыны, арқанды пайдалану арқылы терезе ойықтары және балкондар;

  • қабырғаларға және жабық жерлерге құтқарушылар жасаған саңылаулар.

Зардап шегушілер отырған жабық терезелер мен есіктерді құтқару­шылар сүйменнің, ауыр балғаның, балтаның, кескіштің, балғаның, электрлі және пневматикалық құралдың, газэлектр балқытуды және жарудың көмегімен ашу керек.

Жанып жатқан ғимараттың есігін абайлап ашу керек және кенеттен от және түтін шыққан жағдайда жарақат және күйік алмас үшін оның бір шетіне қарай тұру қажет.

Терезені ашу келесі әдіс арқылы жүргізіледі. Құтқарушы оған саты­мен немесе механикалық көтергіш құрылғысымен көтеріледі. Егер терезе торланған болса, онда торды кесу керек. Торды алып тастау үшін сылақты терезенің периметрімен алып тастайды, содан кейін кірпіштерді оның бекітіліп тұрған орнынан ұрып шығарады. Бұл жұмыстар терезенің үстіңгі бөлігінен басталады. Терезені аша алмаған жағдайда әйнекті сындыру керек, рамада қалған сынықтарды алып тастап ғимаратқа кіру қажет.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушыларға металдан, жұқа тақтайдан, черепицадан, шифердан, руберойдтан жасалған шатырды ашуға тура келеді.

Металл шатырларды сүйменнің, балтаның, араның, металдан жа­салған тістеуікпен және қол араның көмегімен ашады. Черепицалы және шиферлі шатырлар торға арамен кесіп саңылау жасап черепицаларды және шиферлерді ашу жолымен жүргізіледі; руберойдты шатырға саңылау (ойық) балтамен, сүйменмен, арамен, электр ажарлайтын машинамен жасалады. Жұқа тақтайлы шатыр төбені ашып және сүйменнің, балтаның, көмегімен тақтайларды жұлып алады. Оған ойық 2-3 тақтайды алып тастағаннан кейін арамен жасалады. Сабан және қамыс төбелерді төбені жабатын материалдарды багроммен және вилламен алып тастайды.

Құтқарушылар ғимараттың ішіне кіргеннен кейін олар зардап шеккендерді іздеуге кіріседі. Бұл жұмысқа бір уақытта бірнеше адам қатысуы керек, оның үстіне олар бір – бірімен үнемі радио, дауыс, ым, жарық дабылдар арқылы байланыста болулары тиіс. Іздеу кезінде барлық ғимарат қаралып шығады, дауыспен және тарсылмен дабыл беріледі, жауап, ыңырсу, айқай белгілері болуы мүмкін. Құтқарушылар ереже бойынша үлкен адам­дар жанып жатқан үйден есікке, терезеге, балкондарға жиналып өз беттерінше шығуға тырысатынын білу керек; балалар бұрышқа, төсектің, үстелдің астына, шкафтардың артына немесе шкафтардың ішіне тығылады, қоймаларға, дәретхана және ванна бөлмелеріне жасырынады. Шақырған дауыстарға олар мүлде жауап бермейді десе де болады. Іздеу тек бар­лық зардап шеккендерді тапқаннан кейін тоқтатылады.

Ғимарат қатты түтін болған жағдайда құтқарушылар кешіктермей терезелер мен есіктерді ашып желдетулері керек. Кейде түтін сорып алғыштарды пайдалану орынды. Түтінді бір мезгілде салқындататын және оның катты бөлшектерін серігітетін сумен тазартылған сорғалатып ағызғышпен азайтуға болады.

Зардап шегушіні тапқаннан кейін құтқарушы оған ылғалды мата жабады, қолынан ұстайды немесе қолына алып қауіпсіз орынға (көтеріп апарады) шығарады. Зардап шегушінің аузы мен мұрны дымқыл о рамалмен, шарфпен, бас жаулықпен жабылады, оған газқағар немесе оттек маскасын кигізеді. Адамды түтінденген, жанып жатқан, ыстық аймақтан шығара отырып, қолында арнайы қорғаныс құралдары болмаса, құтқарушының өзі басын нығыздалған дымқыл матамен орап, көрпемен, жамылғымен орану керек. Қауіпті аймақтан тез және абайлап, ал ашық отты жерден жүгіріп өту қажет.

Өрт кезінде адамдардың жарақат алуы және қаза болуы тұншығудан, уытты жанған өнімнен уланудан, ыстықтан зақымданудан, өрт аймағынан өз бетімен шыққан кезде құлаудан, жарылған кезде және заттардың құлауы кезінде, қысылып қалудан және үрейлі – дүрбелең уақытында болады.



Егер адамдар үрейлі болса, онда құтқарушылар өздерін байсалды және сенімді ұстаулары қажет, бұйрықты айқын дауыспен беріп, үрейлі көңіл – күйді тез және лезде басулары керек. Клубта, кинотеатрда, циркте, концерт залында, адамдардың көп жиналатын жерлерінде өрт болған кезде құтқарушылар бірінші кезекте балкондағы, галереядағы, адамдарға көмек көрсетулері керек, өйткені бұл жерлерде жанған өнімдер тез қаулап жиналады да температура көтеріледі.

Емдеу мекемесінде өрт болған жағдайда құтқарушылар медицина құрамымен жақын араласып жұмыс істеп және оның нұсқауларын орындау керек. Балалар мекемесінде өрт болған жағдайда құтқарушылар бар­лық бөлмелерді, шкафтарды, төсектерді, қабырға мен перделердің арасын мұқият қарап шығуға міндетті, содан кейін балаларды қауіпсіз орынға (көтеріп алып) шығарады.


Өзін өзі тексерусұрақтары

  1. Өрттің негізгі зиян келтіретін факторлары

  2. Өрт болып жатқан аралықтың аймақтары

  3. Құтқарушылардың өрт кезіндегі негізгі міндеті

  4. Ұұтқарушылар ауадағы (түтіндегі) қауіпті затты анықтауы.

13 дәріс Радиоактивті зақымдану және ҚӘУЗ шығу (төгілу) аймағындағы ІҚЖ


Жалпы сұрақтар

  1. Радиациялық зақымдану дәрежесі

  2. Радиациялық, химиялық барлау

  3. Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет

  4. Зардап шеккендерді іздеу

Радиоактивті ластанумен байланысты төтенше жағдай, ереже бо­йынша, атом электр станцияларында, атомдық өндіріс кәсіпорындарында, радиоактивті заттарды таситын және пайдаланатын қондырғылар мен көлік құралдарында, сондай – ақ ядролық жарылыс нәтижесінде орын алады.



Радиациялық зақымдану дәрежесі. Радиоактивті ластану жағдайында ІКЖ жүргізудің негізі ерекшелігі:

  • құтқарушылардың радиоактивтілікпен ластанған аймаққа жету уақытын қатал белгілеу;

  • кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыру;

  • жеке қорғану құралын (ЖҚҚ), техникалардың қорғаныс құралдарын, көліктерді, бұзылмаған ғимараттарды пайдалану;

  • алынған сәулелену мөлшеріне үздіксіз бақылау жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

Жергілікті жердің радиоактивтілікпен ластануы кезінде адамдарды сәулеленуден қорғау жағдайын жасау өте қиын. Сондықтан радиоактивті заттармен ластанған аймақтағы іс – әрекет кезінде белгілі бір уақытқа рұқсат етілген сәулелену мөлшері орнатылады, олар ережеге бойынша, адамдарды сәулелену (радиациямен) зақымдануды болдырмау керек.

Радиациялық барлау. Радиациямен ластанған аймақта ІҚЖ жүргізудің тиімділігі көбінесе сол жерде болған радиациялық жағдайдың нақты мәліметтеріне байла­нысты. Осы мақсатпен келесі міндеттерді шешетін радиациялық барлау жүргізіледі:

  • жергілікті жерде және ауаның жерге жақын қабатының радиоактивті затпен ластануын табу және бұл туралы жұмыс басшысына ақпарат беру;

  • құрылым жылжитын бағыттағы гамма – сәулелену мөлшерінің күштілігін анықтау және радиоактивтілікпен ластанған аймақтың шекарасын белгілеу;

  • ластанған участкелерді игеру үшін айналып өту жолдарын (қажет болған жағдайда) іздеу;

  • радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;

  • судан, азық – түліктерден, өсімдіктерден, топырақтан, объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама алу және оларды зертханаға жіберу;

  • метрологиялық бақылау;

  • радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққан құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.

Радиациялық барлауды ұйымдастыру кезінде жұмысты жүргізетін ауданда ішкі жағдайдың өзгеруін (желдің бағыты және т.б.) немесе радиоактивтік ластанудың қайталануы мүмкін екенін есепке алу қажст. Құрылым орналасқан аудандағы радиациялық жағдайды бақылау үшін, сонымен қатар жұмысты жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын күзет орны құрылады, олардың негізгі міндетіне:

  • дер кезінде радиоактивті ластануды табу және хабарландыру дабылын беру; радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;

  • күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді бар­лау, сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.

Радиациялық бақылау орны тәртіп бойынша үш адамнан тұрады. Ол сәулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т және т.б. өлшеуіштерімен, №3 метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену мөлшерінің қуатты жеке өлшеуіштерімен, ИД-1 сәулелену мөлшерінің өлшеуіштерімен, секундомермен, хабарландыру және байланыс құралдарымен, ра­диациялық жағдайдың параметрін жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық жиынтығымен жабдықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет