Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару техникасы және базалық машиналар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған



бет1/17
Дата09.07.2016
өлшемі9.77 Mb.
#187724
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК-042-14.4.05.1.20.58/03-2011

ПОӘК«Құтқару техникасы және базалық машиналар» пәнінің оқу әдістемелік материалдары

№ 3 басылым 05.09.11ж.

№ 2 басылым

30.09.09ж. орнына



Пәннің оқу-әдістемелік кешені
«Құтқару техникасы және базалық машиналар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығына арналған

Оқу әдістемелік материалдар

Семей


2011

Дәріс №1. Кіріспе. Негізгі түсініктер. Құтқару техникасы және байланыс құралдарының мәні
Жалпы сұрақтар

  1. Кіріспе. Негізгі түсініктер.

  2. Құтқару техникасы және байланыс құралдарының мәні



1 Кіріспе. Негізгі түсініктер.    Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бойынша құтқару жұмыстарын технологиялармен ұйымдастырып, жүргізу кезінде техникалық жарақтармен және маңызды техникамен жүргізу бағдарламасы кеңінен дамыған. Техника мен байланыс құралдарын қолдану паркі тұрақты дамып келеді. Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін АҚ және ТЖ құралдары мен күштерін қолдану тәртібі негізделген. Берілген пән студенттерге ТЖ құтқару және өзге де жұмыстарда сипатына жоғары тиімділікпен қолданылатын құтқару техникасы мен базалы машиналар, байланыс құралдары, машиналардың технологиялық мүмкіндіктері туралы тереңнен үйретуге негізделген. 

Авариялық-құтқару құралдары - техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлiк өнiм, оның iшiнде байланыс пен басқарудың арнайы құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар технологиясы бойынша техника, жабдықтар, жарақтар, мүлiк пен материалдар, әдiстемелiк, бейне-кино-фотоматериалдар, сондай-ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған өзге де құралдар.

ТЖМЖ-ның ең негiзгi мiндеттерiнiң бiрi "басқару органдары мен пункттерiнiң, хабарлау және байланыс жүйелерiнiң ТЖМЖ күштерi мен құралдарының төтенше жағдайлардағы iс-қимылға жоғары дайындығын қамтамасыз ету, авариялық-құтқару және төтенше жағдайлардағы жою жөнiндегi басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзу" болып табылады.
      Төтенше жағдайлардың артуы жағдайында жұмыс iстеп жатқан Республикалық жедел-құтқару жасағы, бес аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару жасағы, азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi өздерiнiң жарақтандырылуы және сандық құрамы бойынша құтқару жұмыстарын толық көлемде орындайды. Таулы жерлерде өрт сөндiру, құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн күшейтiлген MИ-8MTB тiкұшақтарына және КА-226 тiкұшақтарына, iрi ауқымды апаттар аймағына құтқарушыларды, жүктердi жеткiзу үшiн көлiк ұшақтарына, oрман және дала өрттерiн сөндiру үшiн 20 текше метрден аса су таси алатын ұшақтарға және жағалауларды күзету қызметтерi үшiн катерлер қолданылады.

Барлық жедел-құтқару жасақтарын және әскери бөлiмдердi қазiргi заманғы байланыс құралдарымен кiшi механизациямен, арнайы қорғану жабдықтарымен, әсiресе химиялық және радиоактивтiк зақымдануға тап болған аумақтарда құтқару радиоактивтiк зақымдануға тап болған аумақтарда құтқару жұмыстарын жүргiзуге қажеттi барлау және адамдарды iздестiру аспаптарымен жабдықталады.



АҚ және ТЖ техникалық қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар техникалық қызметі Азаматты қорғанысты жөндеу материалдарымен және көліктік, инженерлік және басқа техникалармен қамтамасыз ету мақсатымен және оны уақытында жөндеу мақсатында құрылады.

Қызметтің міндеттері:

Азаматтық қорғаныс қажеттіліктеріне тартылатын техниканы, жабдықтарды, агрегаттарды, айлабұйымдар мен механизмдерді дұрыс жағдайда және үнемі дайын күйінде ұстау;

Төтенше жағдайлар аймақтары мен зақымдану ошақтарында құтқару жұмыстары мен шұғыл басқа да жұмыстарды орындау барысында істен шыққан техниканы жөндеуді ұйымдастыру;

Зақымдалған және істен шыққан техникаларды маршруттар мен жұмыс учаскелерінен алып, зақымдалған машиналар мен жөндеу кәсіпорындарға эвакуациялау;

Жөндеу кәсіпорындарын орталықтан жабдықтауды ұйымдастыру және есеп жүргізу, қызметтер мен құрылымдарды қосалқы бөлшектермен және жөндеу материалдарымен базасы, қоймалары, тұрақты және жылжымалы жөндеу құрылымдары бар республиканың кәсіпорындарын тарта отырып жабдықтау және ұйымдастыру.



АҚ және ТЖ көлік қызметі. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар көлік қызметі Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын көлік жағынан қамтамасыз ету мақсатымен құрылады.

Қызметтің міндеттері:

Азаматтық қорғаныс жоспарларына сәйкес Азаматтық қорғаныс іс-шараларын көліктік қамтамасыз етуін есептеу;

Темір жол, теңіз, өзен, әуе және автомобиль көліктері органдарымен бірлесе отырып зардап шеккен халықты, әскери бөлімдерді және құрылымдарды әрекеттеріне қарай, құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстардың орындарына тасымалдауды жүзеге асыру;

Түсіру және қону пунктерін анықтау, оларды қажетті жабдықтармен, техникамен жабдықтау;

Жұмыс нысандарына жұмыс ауысымдарын тасымалдау (әкелу, әкету);

Алғашқы реттік тәртіппен Азаматтық қорғаныс және апаттық-құтқару қызметтерінің жеке құрамын жеткізуді қамтамасыз ету;

Төтенше жағдайлардың салдарын жою оны алдын-алу үшін қажетті арнайы жүкті, зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

Қызметтің құрылуына көліктің пайдалануға дайындығын, олардың жеке құраммен жарақталуын, техника мен жабдықтармен жабдықталуын қамтамасыз ету;

Қосалқы бөлшектер қорын, жанар-жағар май материалдар қорын құру

Қызметтің құрылуына кірген көлік құралдарының жөнделуі мен техникалық қызмет көрсетілуін, құтқару жұмыстары барысындағы қозғалыс бағыттарын ұйымдастыру;

Көлік құралдарын қорғаныс ғимараттарымен қамтамасыз ету, оларды үнемі дұрыс жағдайда ұстау, үнемі дайындықта, көлік құралдарын қазіргі заманға сай жаңарту, эвакуаторлық көліктерді қажетті жабдықтармен жабдықтауды ұйымдастыру.


2 Құтқару техникасы және байланыс құралдарының мәні. Жабдықтар мен саймандар нақты жағдайға байланысты тандалады. ІҚЖ сәтті болуы құтқарушылардың материалдық – техникалармен жабдықталуына тікелей байланысты. Байланыс құралдары өзінің ұйғарылған қызметіне барынша сәйкес келетіндей болып тандалуы тиіс. Алыс қашықтықта байланысты қамтамасыз ету үшін стационарлы радиостанцияларды, ал тікелей жұмыс орнындағы байланысты жүргізу үшін тасымалданатын ра­диостанцияларды қолданады. Радиотәртіпті эфирде ұстау үшін барлық келіссөздер қысқа, айқын және анық болу керек.

Құтқарушылардың жабдықтануына жарық және дабылдың дыбыстық құралдары: ракеталар, фонарлар, дабылдар, ысқырықтар кіру қажет.

Қажетті ақпаратты алуға, (жол туралы анықтама, метеорологиялық мәліметтер мен болжам алу және т.б.) өкіметтің жергілікті органдарының әкімшілік көмегі, басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу мәселелеріне ІҚЖ көлікпен (өздерінің көліктері болмаған кезде) қамтамасыз ету жатады. Таудағы ІҚЖ – на туристер, тау шаңғышылары, спелеологтар, әскери қызметкерлер және жергілікті тұрғындар араласуы мүмкін. Әдетте оларға арнайы керек – жарақпен қамтамасыз ету мен физикалық дайындықты та­лап етпейтін болмашы міндеттер жүктеледі.

Байланыс – бұл нақты ұйым мен іздестіру – құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел өткізудің маңызды элементі. Байланыстың ең негізгі бір түрі радиобайланыс болып табылады. ТЖ аймағына жылжу кезінде ол KB және УКВ радиостанциясы командалық – штабтық машинасымен немесе басқа көлік құралдарымен жөнделеді.

Марш жасау кезінде байланыс:



  • маршқа дайындық кезінде бөлімшелерге уақытылы бұйрық беруді;

  • көлікке тиеу (түсіру) орындарында (теміржол, авиациялық т.б.) және демалыс орындарында үздіксіз қозғалысты басқаруды;

  • ТЖ туралы барлау бөлімшелерінен уақытылы мәліметтер алу және оларды үздіксіз басқаруды;

  • техникалық және тылмен қамтамасыз ететін бөлімшелерді басқаруды;

  • хабарландыру дабылын қабылдауды қамтамасыз етеді

Радиохабарды өткізу тәртібі алдын ала белгіленіп, экипаж, станция,

байланыс операторлары мен басқа да тартылған мамандарға жеткізіледі. ІҚЖ өткізу кезінде тораптар мен байланыс станциялары, ереже бойынша, бір дегеннен, сонымен қоса барлық элементтер бір уақытша құрастырылады. Тораптар мен байланыс станцияларының орналасуы мен инженерлік жабдықталуы:



  • байланыс құралдары мен жеке құрамды ТЖ – ның зақымдаушы әсерінен қорғауды;

  • талап етілген байланысты уақытында орнатуды және басқару пунктінің лауазымды тұлғаларына жеткізуді;

  • байланыс құралдарының пайдалануға қолайлы болуын;

  • ТЖ зақым келтіру факторларының қауіпі төнген кезде жылдам көшіру мүмкіндігін;

  • байланысты жедел басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

ТЖ аймағында тораптар мен байланыс станцияларының жылдам әрі ширақ орналасуын қамтамасыз ету үшін, бұйрық жеке құрамға аймаққа көшер алдында беріледі, олар келгенде болған жағдайға сәйкес анықтай алады.

Байланыс тораптары мен олардың элементтерін орналастыратын орынды тандау кезінде ұйымдар мен радио – радиожелілік және сым байланыстарының шарттарын, байланыс құралдарын орналастыру мен оларды күзету мүмкіндіктерін ескеру керек.

Радиобайланыс радиобағыт және радиожелісі арқылы тәулік бойы немесе сеанс бойынша жүзеге асырылады. Пайдаланылатын қысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – бір полюсті модуляция тәртібіндегі телефон (БПМТ). Ультрақысқа толқынды радио байланыстың негізгі түрі – модуляциялық жиілік тәртібіндегі телефон. (ЖМТ).

Сым құралдарымен байланыс бағыт бойынша және ось бойынша өрістеп отырады. Алғашқы ұйымдастыру, ереже бойынша, бөліктерді, жеке бөлімшелерді қосу және далалық кабель желілерін жүргізуді басқару пункттері арасында болады. Екіншісі – бірнеше басқару пункттері арасында бір кабелді желілер бойынша ұйымдастырылады. Негізінен сымдық телефон байланысы қолданылады.

ІҚЖ кезінде құтқарушылар мен басшылар арасындағы байланыстардың үзілмеуі үшін мобильді және тасымалданушы радиостанциалар қолданылады. Ауруханалармен және басқа ұйымдармен, сонымен қатар, едәуір қашықтықта орналасқан күштермен байланыс үшін, ұялы телефон байланысы, сондай – ақ СВ және УКВ диапозонды радиостанциялар пайдаланылады.

Жұмыс түрлерінің көптігі, олардың орындалу шарттары, ТЖ – ның әртүрлі қысылтаяң – ерекше факторларының әсері, уақыт тапшылығы құтқарушылардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданатын қорғану құралдарына, құрал – саймандарға, көлік құралдарына жоғары талап қояды.

Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар

Жұмыстың әр алуан түрлері, олардың орындалу шарттары, ТЖ әртүрлі айрықша әсерінің ықпал етуі, уақыттың тапшылығы құтқарушы­лардың жабдықталуына, соның ішінде ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын қорғау құралдарына, саймандарға, механизмдерге, тетіктерге және көліктерге де жоғары талап қояды. Олар келесі:



  • қауіпсіздік, сенімділік, көп профилділік;

  • жабдықталуға қолайлылық жасау;

  • барлық жағдайда жұмысқа қабілеттілік;

  • құтқарушылардың психофизиологиялық мүмкіндігіне сәйкес келу сиякты талаптарды қанағаттандыру керек.

ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын құрал – саймандардың, көліктердің, механизмдер мен қорғау құралдарының шамамен мыңға жуық атаулары бар толық тізбелерінің болуы қажет.
.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. АҚ және ТЖ техникалық қызметі

  2. АҚ және ТЖ көлік қызметі

  3. Құтқару техникасы және байланыс құралдары

  4. Құтқарушылардың жабдықталуына қойылатын талаптар


Дәріс №2. Қазақстан Республикасының транспорттық жүйесінің бірлігі

Жалпы сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының транспорттық жүйесінің бірлігі


1 Қазақстан Республикасының транспорттық жүйесінің бірлігі. Қазақстан республикасының көлiгi - бұл оның аумағында тiркеулi темiр жол, автомобилдiк, теңiздегi iшкi сонымен қатар, Қазақстан республикасының аумағында болатын магистралдiқ құбыр көлiгi. Темiр жол, автомобилдiк, құбыр, өзен, әуе көлiктернiң түрлері, автомобилдiк және темiр жол жолдары, кеме жүретiн жолдар ұсынған Республикамыздың көлiк кешенi шаруашылық аралық байланыстардың жүзеге асыруында ең маңызды роль атқарады.

Қазақстан жалпы иелену желiсi 01.01.2006 көлiк жылдағы күйi бойынша темiр жолдардың 15 мың км тұрды; 90, 8 мың км автомобилдiк; 4 мың км iшкi кеме жүретiн жолдар; 434, 5 мың км троллейбус және трамвай жолдары; магистралдi құбырларды 16, 8 мың км

Республиканың автомобилдiк бағы 1532, 3 мың бiрлiктерді есептейдi, соның iшiнде 513 мың жүк таситын автокөлiктер, 65, 7 мың автобустар, 1405, 3 мың жеңіл машиналар.

Темiр жол көлiгi көлiк Қазақстан жүйесiнде бастаушы рөл жатады. Тасымалдаудың өте алыс жерлерi, жолаушылар және жүктердi тасымалдаудағы салыстырмалы арзан тарифтары көлiктiң бұл түрi бастаушы iстейдi.

816 шақырымның қолданыстағы темiр жол желiлерiнiң 15021 шақырымынан басқа мемлекеттерге жатады. Бұдан басқа, басқа мемлекеттердiң аумақтарында қазақстандық темiр жолдардың 331.6 шақырымы орналастырған. 4136.6 шақырымды Қазақстан тәуелдi жолдардан - 4801.7 шақырым - екi қатарлы және көп соқпақ электрлендiрiлген.

Өзеннiң көлiк республиканың көлiгi жұмыс көлемдерiндегi ептеген меншiктi салмақта орналасады. 2005 жылдар бойы кеме жүретiн көлiкпен жүктер, 43.3 мың жолаушылардың 830.5 мың тонналары тасымалдаған. Кеме жүретiн көлiктi республика iшiндегi жүк тасымалдаулар 807.8 мың тонналарды құрады.

Iшкi кеме жүретiн бекiтуiрек 2005 жылдың аяқтарына созылымдығы 4032 шақырымды құрады: 3429 - бұл кеме жүретiн өзендер, 603-жасанды жолдар. Өзеннiң көлiктiң жылжымалы құрамының бар болуы 138 бiрлiктердi құрайды.

Тонналардың 18247 нiң ортақ пайдалануын әуе көлiгiнiң тасымалдаулары, олардың iшiнен жүк айналымына 68270 мың тонна-километрлер, 1313.8 мың адамның жолаушылардың тасымалдауын құрады.

Көлік еліміздің барлық шаруашылық салаларын біріктіреді, аймақтардың қажетті байланысын қамтамасыз етеді. Көлік факторы тек қана халықаралық деңгейде ғана емес, сондай-ақ мемлекетішілік еңбек бөлінісінде де үлкен маңызға ие.

Қазақстан территориясы кең аумақты алып жатыр. Әрбір аймақтың табиғи өзгешелігі, қалыптасқан – құрылымдық ерекшелігі бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән экономикалық және әлеуметтік жағдайлары қалыптасқан. Соңғы жылдардағы Қазақстанның экономикалық дамуының нәтижесін талдау кезінде, аймақтардың экономикалық трансформациялануы процесінде, олардың жалпы мемлекеттік, құрылымдық, бюджеттік-салықтық және ақша-несиелік саясатқа әртүрлі қатынасында спецификалық ерекшеліктері орын алғандығы анықталған.

Қазақстанның болашаққа қадам басуын, нақты, көлік коммуникациясы қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде, тасымалдау бағыттарының кең таңдауын, сонымен бірге жаңадан ашылған немесе жақын арада ашылатын бағыттарды, басқа да мүмкін болатын бағыттарды дайындауға қатысты ұсыныстарды ескере отырып, аймақта облыстың көлік тасымалының қазіргі жағдайын бағалаудың, қолданыстағы маршруттардың жұмысын тиімді қамтамасыз етудің, болашақта қандай дұрыс және басым альтернативті нұсқаны пайдаланудың, кідіріссіз қандай шараларды қолға алу керектігін айқындаудың қажеттілігінің уақыты жетті. Қазіргі кезде жүк легі үш жолмен Ресей арқылы өтеді, онда келешегі бар, Үнді және Тынық мұхиттарының теңіз порттарына шығудың альтернативті жолдарын қарастыру керек. Қазақстан мен Орталық Азияның көлік коммуникациясын дамыту тек қана экономикалық емес, саяси проблемалардың бірі. Оның дұрыс шешілуіне Қазақстан, сондай-ақ аймақтық және әлемнің алдыңғы қатарлы елдері де мүдделі.

Көлік коммуникациясын дамыту, 21 ғасырдағы өндірістің территориалдық орналасу жүйесіндегі өзгерістерге байланысты орын алған проблемалардың өз шешімін табуына септігін тигізеді. Көлік тасымалының жеткілікті дамымауының салдарынан, тұрғындарды ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерімен толық жабдықтау мүмкін болмай отыр. Экспортты-импортты операцияларды жүргізу көлеміне кері әсерін тигізуде. Көлік және көлік коммуникациясын дамыту Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа тартудың, республикаға шетелдік инвесторлардың назарын аударудың кепілі. Көлік коммуникациясын дамыту тікелей шаруашылық қажеттілік, сонымен бірге экономика мен мәдениеттің басқа да салаларын, жетілдірілген көлік коммуникациясына тәуелді, әсіресе туризмді дамыту үшін қажет.

Белсенді көлік саясатын жүргізгеннен кейін, Қазақстан үшін көлік саласы өз заңдылықтары мен ерекшеліктері бар мемлекеттік және қоғамдық қызметтің дербес саласы болып қалыптасты. Республика бар болғаны он шақты жыл ішінде мақсатты және жүйелі түрде ұлттық мүддеге сай келетін, әлемдік қауымдастықта еліміздің жағдайы мен беделін арттыратын, дербес әрекет етуді ұйымдастыру мен қолдану жүйесін жасады.

Қазақстанның көлік саласындағы саяси бағдар – алдымен мемлекет пен қоғамның алдында тұрған маңызды, өмірлік мәні бар тапсырмалардың оң шешім табуына бағытталған: сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты түсім беретін экономиканы дамытуға ең жоғары деңгейде қолайлы жағдай жасау, тұрғындардың тұрмыстық деңгейін көтеру.

Қазақстан әлемге айқара ашық, өзінің барлық саладағы сыртқы байланыстарын белсенді және дәйекті (жүйелі) дамытуға, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі байланыстарын күшейтуге ұмтылуда. Еліміздің осылайша сыртқы саясатты нығайтуға ұмтылысы, ұлттық мүддені қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, республика айналасында қауіпсіздік аймағын құруға, жақсы көршілес және ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға, қабілетті, өзара пайдалы мемлекетаралық қатынастарды орнатуға бағытталғандығымен түсіндіріледі. Біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы бастысы – ұтымдылық, еліміздің ішкі дамуына қажетті мәселелер мен қажеттіліктерге дер кезінде көңіл бөлу.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Қазақстан Республикасының транспорттық жүйесінің бірлігі

  2. ҚР көлік түрлері, олардың маңызы


Дәріс №3. Автомобиль транспорты, олардың эксплуатациялық көрсеткіштері

Жалпы сұрақтар

  1. Автомобиль транспорты, олардың эксплуатациялық көрсеткіштері

Автомобиль транспорты, олардың эксплуатациялық көрсеткіштері. Көлік кешені - өндіргіш күштерді аумақтық ұйымдастыруда басты орын алатын күрделі сала аралық жүйе болып табылады. Көлікті экономикалық – географиялық зерттеу көлік жүйесінің қызмет етуінің аумақтық ерекшеліктерін ашуға бағытталады. Көлік жүйесі құрамында көліктің әр түрінің өзіндік қолдану аясы болады.

Ол ең алдымен, жүзеге асыру шығындары деңгейіне, қажетті капитал салымдарына, отын мен энергия шығындарына, жүк және жолашы ағындарының қуатына, тасымал ұзақтығына және жүк құрамына тәуелді болып келеді.

Көлік – адам мен жүкті таситын материалдық өндіріс саласы.Қоғамдық өндіріс құрылымында көлік материялдық қызмет өндіру аясына жатады. Материалдық ағымның шикізаттың алғашқы кезінен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі аралығында орындалатын логистикалық операциялардың көп бөлігі түрлі көлік құралын қолдану арқылы жүргізіледі. Бұл операцияларды орындауға кететін шығындар логистикаға кететін жалпы

шығындардың 50 пайызға дейінгі шамасын құрайды екен.

Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Ол автокөлік, темір, су, әуе және құбыр жолдарынан құралады. Мұндай қызметті көліктің әрбір түрі әрқалай іске асыруы мүмкін және оның нәтижесінде олар көлік нарығын қалыптастырады. Жол бағыттарының тығыздығына, көліктің жүк айналымына және жолаушылар айналымына қатысты осындай көрсеткіштер, әртүрлі елдің әлеуметтік–экономикалық жағдайын бағалау кезінде негізгі көрсеткіштердің бірі болып саналады. Әрине, мемлекет экономикасының қызмет атқарутиімділігінің басым бөлігі көлікті дамыту деңгейіне байланысты. Көлік жүк пен адамдарды бір жерден екінші жерге көшіріп, тасымалдау қызметімен қатар, өндірістік күштердің үздіксіз даму процесін қамтамасыз ете отырып, пайдалану мен өндірісті байланыстырады, әртүрлі мекемелерді, салалар мен аймақтарды біртұтас кешендерге біріктіреді. Көлік жалпы елдің және оның жеке аймақтарының шаруашылық өнімін ұлғайта отырып, қоғамдық өндірісте материялдық ахуалдың айналымын жеделдетеді.

Қазіргі таңдағы және іс жүзіндегі әдебиеттерде қолданылатын көліктік терминалогия маңызды ұғым ретінде келесі терминдерді қолданады: «көлік саласы», «көлік жүйесі», «көлік кешені», «көлік». Алайда, бұл терминдерді ұғынудың мәнінде кейбір ерекшеліктер орын алған, көбінесе ғылыми және кәсіби ортада олар синоним ретінде қолданылады. «Көлік» термині мағынасы бойынша екі жақты қолданылуы мүмкін, біріншіден, жүк пен жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылатын техникалық жиынтықты белгілеу үшін, екіншіден, халық шаруашылығының және тасымалдау қажеттілігін үздіксіз және уақытылы қамтамасыз етуші ел экономикасының саласы ретінде қолданылады.

Көлік - жүк пен адамдарды бір жерден екінші жерге көшіріп, тасымалдау қызметі орындаумен қатар, өдірістік күштердің үздіксіз даму процесін қамтамасыз ете отырып, пайдалану мен өндірісті байланыстырады, әртүрлі мекемелерді салалар мен аймақтарды біртұтас кешенге біріктіреді.

Сонымен қатар өндірістік кәсіпорындар мен көліктің басқа түрлерін жалғастырушы көпір болып табылатын автомобиль көлігінің орнын ерекшелеп көрсетті.

Автомобиль көлігі барлық қоғамдық өндірістің және көлік жүйесінің жұмысының тиімділігіне едәуір әсерін тигізеді. Сонымен көлік жүйесінің маңызды бөлігі болып саналатын автокөлік салалық қатынас құралы мен тасымал құралы ретінде кеңінен пайдаланылатын және ауылшаруашылығының басты өндіріс құралы болып саналатын механикалық қозғалыстағы машиналардың жалпы іс-әрекеттерінің нәтижесін қамтиды.



Автокөлік (ежелгі грек тілінде avto-өзі және латынша mobilis –қозғалатын), автомашина- жер бетімен қозғалуға арналған өзі жүретін рельссіз көлік құралы болып табылады. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға пайдаланатын механикалық көлік құралы. Автокөлік саласы өз кезегінде 3 негізгі категорияға бөлінеді: жеңіл автокөліктер мен автобустарға жататын жолаушылар; жүк таситын- әртүрлі заттар жүктер тасымалдау үшін және меншікті жүк таситын сиымдылықтарды сүйреушілер және жартылай тіркемелерді сүйрету үшін арналған.

Автобустар жолаушыларды жаппай тасымалдау үшін арналған. Олардың маңызды эксплуатациялық мінездемесінің сиымдылығы болыптабылады. Автобустар қалалық, қаладан тыс, қалааралық жергілікті байланыстар туристік экскурсиялық және мектептік болып бөлінеді.

Автокөліктің құрамды бөлігі – автокөлік жолы болып келеді. Автокөлік жолдары-инженерлік салу кешені, есептесетін автокөліктердің жылдамдығы толассыз қозғалысты қамтамасыз етуі мүмкін, сондай-ақ жүргізушілердің қызмет етуі және жолаушылардың құрамы жатады.

Автокөлік инфрақұрылымы- тасымалдың үздіксіз процессін, сондай-ақ автокөлік құралдарының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін құрылыстар кешені (автовокзалдар, автостанциялар, жүк терминалдары, автокөлік құралдарына техникалық қызмет ету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлік құралдары сақталатын құрылыстар). Автокөлікпен тасымалдау - автокөлік жолдары арқылы автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж, жүктер немесе почта тасымалы.

Экономикалық теория қазіргі таңдағы қоғамды дамытуда көліктің орны мен ролін анықтай отырып, оны өндірістегі еңбек күшінің жалпы құралы ретінде қарастырады. өндірістің кез-келген процессінде заттардың және еңбек құралдарының, сондай-ақ жұмыс күшінің орын алмасуы үлкен роль атқаратындығы мәлім. Өнімнің әр түрін өндірушілер (жеткізушілер) мен тұтынушылар арасында тасымалдау арқылы, көлік еңбектің аймақтық бөлінуін тудыратын байланысын іске асырады. Әртүрлі қолданыстағы автокөлік жолдары бойынша автокөлік құралданының қызметі, тасымалданатын жүктер мен жолаушылар және олардың багаждары біріккен ағындық автокөліктік қозғалыс процесстері автокөлік динамикасының негізі болып табылады. Автокөлікті пайдаланудың негізгі саласы- қысқа қашықтықтарға тасымалдаулар. Алайда, автокөлік жасау өндірісінің дамуы, үлкен жүк салмағын тасымалдай алатын арнайы дизельді автокөліктердің шығуы, сондай-ақ, контейнерлерді пайдалануға арналған ұсақ партиялармен және жылдам бұзылатын жүктерді орташа және алыс қашықтықтағы нүктелерге жеткізуге мүмкіндік береді. Жеткізудің баламалық тәсілдері болмаған күнде автокөліктердің жылдам жүруінің арқасында ол қалалық және ауылдық жерлерде, сауда желістерінде, құрылыс алаңдарында, тау-кен, көмір өнеркәсібінде қысқа және орташа қашықтықтарға жеткізу барысында қарқынды түрде пайдаланылады. Қалалық жолаушыларды тасымалдаудың басым бөлігін (60 пайызға дейін) және қала шетіне тасымалдаудың бір шамасын, әсіресе, темір жол қатынасы жоқ бағыттар бойынша 100 және одан да жоғары шақырымдық қашықтықтарға жеткізу қызметін автокөліктер атқарады. Қалааралық автобустар мен тасымалдаулар көбіне 300-500 шақырымдық қашықтықта жүретін темір жол көлігімен бәсекелес. Жол қозғалысының жағдайы туралы ақпараттарды қалыптастырғанда бірінші кезекте автокөлік ағынын сипаттайтын мәліметтер қажет. Автокөлік ағымын көп жылдар бойы бақылаудың ғылыми тәжірибесі мен тәжірибелік мағлұматтарына сәйкес объектілік көрсеткіштерді жасауға мүмкіндік туады. Автокөлік ағынының қарқындылығы көлік саласында маңызды орын алады

және оның құрамы көлік құралдарының типімен анықталады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Автомобиль транспорты, олардың эксплуатациялық көрсеткіштері


Дәріс №4. Іздеу-құтқару және апаттық құтқару құралдары

Жалпы сұрақтар



  1. Іздеу-құтқару құралдары

  2. Апаттық құтқару құралдары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет