Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Құтқару техникасы және базалық машиналар» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған



бет16/17
Дата12.06.2016
өлшемі9.75 Mb.
#129855
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Практикалық сабақ №3 ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын саймандар, механизмдер, машиналар
Сабақтың жоспары: ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын саймандар, механизмдер, машиналардың түрлерімен танысу, қолдану ережелерін білу.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3


Сабақтың мақсаты: ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын саймандар,

механизмдер, машиналармен танысу, жұмыс істеу тәртібін үйрену.

Атауы, ұйғарылуы Сыртқы түрі


Бетонсүймен (1)

Қатты тастарды ұсақтайтын сайман

(бетон, қаланған кірпіш және т.б.)

Ілгек

Жүкті көтеруге, шынжыр, арқан және т.б.

Байлауға арналған құрышпен қапталған ілмек

Гидросорғы

Гидравликалық құрылғыға үлкен қысымда

тамшылаған сұйықтық беретін сорғы

Жүкке арналған құрылғы

Іліп алатын, орналастыратын және әртүрлі

жүктерді тиейтін жүк көтергіш көліктің

құрылғысы немесе механизімі



Домкрат

Шағын биіктікте жүкті көтеретін немесе

орналастыратын стационарлық, тасылмалдайтын

немесе жылжымалы механизм. Домкраттар

тақтайшалы, бұрандалы, гидравликалық,

пневмогидравликалық, сына тәрізді болады



Шлангалы орауыш

Оған жалғанатын шлангалар оралатын

құрылғы

Шот балға

Үйінділерді бөлшектеуге, темір – бетон

конструкциясын, тас құрылысты қиратуға арналған

қол сайман



Компрессор

Ауаны (газды) қысып сорып және оны пайдалану

орнына беретін машина

Ауыр балға

Салмағы 2 ден 10 кг дейінгі балға



Лебедка

Жүк көтеретін машина немесе жүкті ауыстыратын

механизм

Сүймен

Қатты үстіңгі қабаттарды немесе заттарды

ұсақтайтын қол құралы

Күрек

Жер қазатын немесе сыпырынды жинағыш құрал



Дискілі кескіш машина

Металдарды, темір бетондарды және ағаштан

жасалған бұйымдар конструкцияларды

кесуге арналған механикалық құрал.

Мұндай құралдар электрлі, пневматикалық

жетек және мотожетектермен жұмыс істей алады



Сорғылы станция

Гидравликалық құралға сұйықтықты қысыммен

ауыстыратын машина немесе құрылғы

Қайшы

Әртүрлі материалдарды қиатын қол құралы



Шой балға

Соғу әрекетіне арналған қол машинасы



Ағаш кесетін шынжыр ара

Ағаш және одан жасалған бұйымдарды кесетін құрал.

Электрлі және мотожетектермен қолданыла береді.

Вакуумдық пластырь

Зақымдалған орында олардың құбыр тұтастығын

қысатын құрал

Жалпақ резеңкелі пневмокөтергіш

Әртүрлі жүктерді көтеретін құрал. Сонымен бірге

оның көмегімен әртүрлі заттарды бір – бірінен

ажыратуға болады



Полипаст

Әртүрлі жүктерді көтертін және ауыстыратын

жүк көтергіш механизм

Кеңейткіш

Жүк көтеретін, тар ойықтарды кеңейтетін,

конструкцияларды қирататын құрал

Тістеуік

Үйінділерді ашатын, жүк көтеретін, конструкция

элементтерін тістейтін құрал

Газ кескі

Оттекті – газды металдарды кесетін құрал



Таль

Қолды, электрлі жетек немесе пневматикалық

жетекте жүк көтеретін ілме құрал

Балта

Шауып – кесетін құрал


№3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. ІҚЖ жүргізу кезінде қолданылатын саймандар

  2. Механизмдер, машиналар.


Практикалық сабақ №4 ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстар

Сабақтың мақсаты: ТЖ зардабын жою кезінде құтқарушылар мынандай жұмыстарды жиі орындайды: әртүрлі жүктерді буады, оларды көтереді, орынын ауыстырады, түсіреді, тораптарды шешеді, болат және зығыр арқандарды жалғайды, шығырларды іледі, жүк көтеретін техникасын орнатады. Бұл жұмыстың барлығы такелажға қатысты. ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстардың ерекшелігі жүктердің әртүрлігіне, басым көпшілігінде қоятын арнайы орынның жоқтығына, тұтас тұрмай бұзылуы салдарынан тасы­малдау кезінде жүктің аяқ асты құлауына, жұмыс жағдайының әркелкілілігіне негізделеді.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Такелажды жұмыстың күрделі ерекшелігі және жауапкершілігі көп тонналы жүктердің астында қалған зардап шегушілерге көмек көрсету кезінде.

Такелажды жұмысты орындау үшін негізгі жүк көтеретін құралдар

болып:


  • иінтіректер, лебедкалар, домкраттар, жүк көтергіштер, аспалы арқан тростар;

  • жүк көтеретін крандар, тікұшақ – крандар жатады.

Такелажды жұмысты орындау үшін:

  • болаттар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, орағыштар;

  • жүкті іліп алатын құрылғы, ілмектер, полиспастар, анкерлі құрылғылар;

  • аударғыштар, тартқыштар сияқты қосалқы құрылғылар жатады.

Жүктерді шағын биіктікке көтеру және ауыстыру үшін (20-40 см) құтқарушылар домкратты пайдаланады. Олар елеусіз мөлшерде және массада тасымалдаушы жүк көтеретін механизм. Домкраттар тақтайшалы, бұрандалы, гидравликалық, пневмогидравликалық, сына тәрізді болады. Олар мықты табандарға орнатылады және адамның бұлшық ет күшімен іске келтіріледі. Бір жүк көтергіш жетпеген жағдайда бір уақытта 2-3 домк­ратты қолдануға болады. Жүкті көтергеннен кейін оның астына ағашты немесе металды тіреуіш қою қажет. Содан кейін домкратты босату жұмыстары орындалады.

Жүктің массасы он шақты болған жағдайда кейде жүз тонна болса онда арнайы жалпақ пневмакөтергіштер қолданылады.

Жүктерді көтеру және ауыстыру лебедканың және жүк көтергіштердің (қол иінтіректердің, барабандардың) көмегімен жүзеге асырылады. Олар жерге ілінеді немесе орнатылады. Жүктерді бекіту үшін ілмек және арқандар қолданылады.

Такелажды жұмыстар көбінесе пневмодоңғалақтар немесе шынжыр табан сонымен қатар тік ұшақ – крандардың жүру кезінде жүк көтергіш крандардың көмегімен орындалады. Орау үшін (жүктерді орау) орағыш, бо­латтар, зығырлар, синтетикалық арқандар, шынжырлар, қамтығыштар, ілгектер қолданылады.

Такелажды жұмыстың маңызды элементіне жүктерді алып жүру және оларды ауыстыру, түсіру, орнату, орау жатады. Жүкті ауада ауысты­ру кезінде теңселісті болғызбау мақсатында кеңістікте және кідірісте жүкті бағдарлау үшін жіп құрылғысы – тартқыш қолданылады оның бір ұшы жүкке ал екінші ұшы құтқарушының қолында болады.

Қауіпсіздік ережесі. Жүкті түсіргеннен және бекіткеннен кейін оны (орналастыру) орау жүргізіледі. Жүктің орауын жеңілдету үшің және құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, адамның қатысуынсыз орауды қамтамасыз ететін арнайы жартылай автоматты құрылғы пайдаланған дұрыс. Кранда істейтін жұмысшы және ораушы – құтқарушылардың арасындағы байланысты орнату үшін радиотелефонды байланыс және белгі беретін дабыл қолданылады.

Кейде зардап шеккендерді босатып алу үшін жүкті тек кана шамалы биіктікке көтеру қажет. Бұл жағдайда оның астына арнайы тіреуіштер не­месе қолмен материалдан жасалған тіреуіштер қойылады. Тек содан кейін ғана зардап шегушіге көмек көрсету керек. Такелажды жұмысты жүргізу кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігі олардың қозғалыстарының сәйкестігіне, қолданылатын жабдықтардың және техникалардың сенімділігіне, шұғыл жағдайларда өздерін қалай ұстау ережелерін білулеріне байланыс­ты.



Такелажды жұмысты жүргізуге қатысушылардың негізі қауіпсіздік ережесі – ешқашан жүктің астында тұрмау.
№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. ТЖ кезіндегі такелажды жұмыстар

  2. Негізгі жүк көтеретін құралдар

  3. Қауіпсіздік ережесі


Практикалық сабақ №5 Жүктерді орау
Сабақтың мақсаты: Жүктерді орау арнайы ілмектермен жүзеге асырылады, ал олар жоқ болған кезде – тікелей жүктің өзін көтереді. Негізгі такелажды тораптар төменде көрсетілген. Жүктерді орап үйрену.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5



Тік – кендір және капрон арқандарды қосып бос тарту


Күрмеп байлаукендір және капрон арқандарды біріктіріп, мықтап қосып ілмек жасау



Қосарлы тіккендір және капрон арқанды қатты тартып біріктіру


Ажыратқыш - (бір элемент үшін) кендір және капрон арқандармен ажырату


Ажыратқыш - (екі элемент үшін) кендір және капрон арқандармен ажырату



Тіктеп байлау – болат арқандарды біріктіру және болат арқанның ұшынан ілмек шығару



Тіктеп байлау – кендір арқандарды біріктіріп жалғау



Тартылмайтын ілгек – әртүрлі заттарға өзгертілмейтін уақытша ілгек кигізу



Тартылмайтын ілгек – әртүрлі заттарға өзгертілмейтін уақытша ілгек кигізу



«Бұғалық» (Лассо) – әртүрлі заттарға кендір және капрон арқандарды тартып байлау



Қарапайым үзік-үзік байлауболат және кендір арқанды діңгекке, не болмаса дөңгелек стерженьді көтеру үшін бекіту



Екі қабаттап үзік – үзік байлау – болат және кендір арқанды діңгекке не болмаса дөңгелек стерженьді көтеру үшін бекіту

20d



Қатты ілмек – тартқанға дейін және кейін. Оларды бір немесе екі ұшынан орау кезінде болат және кендір арқан­дарды байлау. Екінші ұшының ұзындығы арқан ұзындығынан 20 диаметрден кем болмау керек.



Айқастырылған ілмек – тартқанға дейін және кейін. Болат және кендір арқандардың бір ұшына жүкті орап байлау



Ілгекке матау – тартқанға дейін және кейін. Жүкті көтеру үшін жеңіл болат және кендір тростарды арқанның бір ұшына ілмексіз байлау



Қабаттап шлаптен бірге сегіздік байлау – тұрқы ұзын заттарды көтеру (тақтай, бөрене, діңгек)



Бекімелі байлаутартқанға дейін. Белгілі бір қалыпта ұстап тұру үшін кендір арқанды болат арқанға бекіту (бағытқа қарай байланады, арқанды қайта түсіру)



Тіктеп матап байлауболат және кендір арқандарды байлап, үлкен ұзындықтағы жүктерді тік жағдайда көтеру



Бекімелі байлау - тартқаннан кейін. Белгілі бір қалыпта ұстап тұру үшін кендір арқанды болат арқанға бекіту (бағытқа қарай байланады, арқанды қайта түсіру)



Ілгекке қарапайым айқастырып ілуарқанның екі ұшына жүкті байлау кезінде болат және кендір арқан­дарды ілмексіз ілгекке байлау



Ілгекке қосарлап айқастыра байлау – арқанның екі ұшына жүкті байлау кезінде болат және кендір арқандарды ілмексіз ілгекке байла



Ілгекті – тартқанға дейін және кейін. Арқанның бір ұшына жүкті ілу үшін болат және кендір арқандарды ілмексіз байлау. Арқанның ұзын бос ұшы арқанның 20 диаметрінен кем болмау керек



Қатты буындырып байлау – тұрқы ұзын заттарды көтеру (тақтай, бөрене, діңгек)



Жылжымалы штык – арқанды стерженьмен бекіту (құбырмен, діңгекпен, зәкірмен)



Үзікпен қысқартып байлау – кендір және капрон арқандарды үзікпен қысқарту



Күрделі қысқарту - кендір және капрон арқандарды кеспей қысқарту



Қабаттап буындырып байлау – тартылмайтын ілмектердің кендір және капрон жіптердің ұштарында пайда болу


Қабаттап буындырып байлау – тартылмайтын ілмектердің кендір жіптің ұшында байлануы



Аспалы (ілмелі) біріктірушікендір және капрон арқандарды қосу



Қатайтып сақиналап байлауболат арқандардың ұшын нығыздап түйістіріп байлау



Тартылмайтын – кендір және капрон арқандардың ұшында тартылмайтын ілмектердің пайда болуы



Шөмішке байлау (ілу)болат арқанның ожаумен және ілмекпен бітетін болат арқанды ұзарту. Ұзартылған арқандардың ұшына қысқыш қойылады



Кендір арқанды ұзартушөмішпен немесе ілмекпен бітетін кендір арқанды ұзарту

№5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Жүктеді ораудың түрлері

  2. Қауіпсіздік ережелері


Практикалық сабақ №6 Такелажды жұмыс кезіндегі белгі дабылы.

Сабақтың мақсаты: Дабылды бейнелеу, суреттеу, көрсетуді үйрену.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6

Жүкті немесе ілгекті көтеру

Үзік – үзік қозғалыс кезінде алақаныңды жайып, қолыңды жоғары көтеру, қол шынтақтан бүгіледі



Жүкті немесе ілгекті түсіру

Үзік – үзік қозғалыс кезінде алақаныңды жайып, қолыңды төмен түсіру, қол шынтақтан бүгіледі



Жебені көтеру

Өзіңнің алдындағы созылған қолыңды көлденең жағдайда жоғары көтеру



Жебені түсіру

Өзіңнің алдыңдағы созылған қолыңды көлденең жағдайда төмен түсіру



Жебені бұру

Өзіңнің алдыңда көлденең жағдайда созылған қолыңды керекті бағытқа бұру (оңға немесе солға)



Телескоптық жебені итеріп шығару


Оң қол көлденең созылады. Сол қолдың алақаны оң қолдың барлық ұзындығы бойымен «өзіңнен кері» бағытқа қарай жылжиды
Телескоптық жебені тарту

Оң қол көлденең созылады. Сол қолдың алақаны оң қолдың барлық ұзындығы бойымен «өзіңе қарай» бағытталып жылжиды



Кранды козғалту

Қажетті бағытқа қарай кранның орнын ауыстыру үшін қолды алақанмен өзіңнен ары қозғалту



абайла, «сәл сәл»

Қолдың саусақтары алақанмен шағын қашықтықта, бір – біріне қаратылады, сонымен бірге қол жоғары көтеріледі



Тоқта (орын ауыстыруды тоқтату)

Қолды шынтақтан бүгіп, белдің деңгейінде оңды – солды жылдам қимылдату, алақан төмен қарайды



Жұмыстағы үзіліс

Қолдарды бастың деңгейінде айқастыру


№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

  1. Такелажды жұмыс кезіндегі белгі дабылы

  2. Дабылды бейнелеу, суреттеу, көрсету ережелері.


Практикалық сабақ №7 Өрт сөндіру автомобилі және өрт сөндіру техникасы

Сабақтың мақсаты: Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдармен танысу.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7

Өрт сөндіру техникасы. Өрттен адамдарды құтқаруға, материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіру техникасының негізін өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру пойызы, өрт сөндіру кемесі, өрт сөндіру ұшағы мен тікұшағы) құрайды. Өртенген жерлерге от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіргіш орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары, т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары Өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Өрт сөндіру техникасын жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған. Б.з.б. ежелгі грек механигі әрі өнертапқышы Ктесиби суды жоғары қарай шашатын машина жасаған. Бұл – су сепкіш машинаның ең алғашқы үлгісі еді. 16 ғасырларда өрт сөндіргіш қол насостары жасалды. Бу машинасы шыққаннан кейін онымен жұмыс істейтін өрт сөндіргіш қондырғылар жасалды. Бұлар ат арбамен тасылды. Кейіннен ат арбаның орнына бу автомобилі пайдаланылды. Алғашқы кезде іштен жанатын қозғалтқыш орнатылған автомобильдер өрт сөндірушілерді ғана тасыса, бертін келе оған өрт сөндіру сорғылары орнатылды. 1907 жылы автомобильге механикалық өрт сөндіру сатысы орнатылды. Өрт сөндіру ісінде автомобильді пайдалану өрт сөндіру техникасына түбегейлі өзгеріс әкелді. Ұзақ уақыт бойы өрт сөндіруге су пайдаланылып келді. Кейбір жағдайларда, яғни май мен мұнай жанған кезде сумен өшіру мүмкін болмады. 20 ғасырлардың бас кезінен өрт сөндіру ісіне химиялық көбіктер пайдаланылуда.

Өрт сөндіру автомобилі. Өрт шыққан орындарға өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. ӨСА негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді. Негізгі ӨСА-не автоцистернамен, қол сорғылармен, автосорғылармен, сорғы станциаларымен жабдықталған газды су, көбіктенген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттар шашатын автомобильдер жатады, олар өрт ошағына сөндіргіш заттар шашады. Автоцистерналы ӨСА өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өрт сөндірушілерді де алып жүреді және өрт сөндіруге қажет әр түрлі құрал-жабдықтармен жабдықталады. Өрт сөндіру сатысы, жарықтандыру, техникалық, т.б. мақсаттарға арналған құралдармен жабдықталған автомобиль арнайы ӨСА деп аталады. Техника қызметтің ӨСА өрт ошағына өрт сөндірушілерді, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауа айдайтын, үйді бұзатын не тесетін, жөндейтін, т.б. құрал-жабдықтарды тасиды. Көмекші ӨСА ірі өрт сөндіру кезінде өрт сөндіру техникасының жұмысына көмек (жанар май құяды, жөндейді, тех. қызмет көрсетеді) көрсетеді, т.б. мақсаттар үшін пайдаланылады. Барлық ӨСА-н өзге көлік түрлерінен оңай ажырату үшін қызыл түске (немесе қызыл және ақ) бояйды. ӨСА көк сәулелі шамшырақпен және сиренамен жабдықталады.

Өрт сөндіру депосы. Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал-жабдықтары орналастырылған ғимарат. ӨСД-ның құрамында: тұрақ, байланыс пункті, класс бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту посттары, өрт сөндіруге қажет құралдар мен жабдықтар қоймасы, т.б. бөлмелер болады. ӨСД-нда 2-ден 8-ге дейін (кейде одан да көп) өрт сөндіру автомобилі болады. Автомобильдер тұрақта бір қатар болып тұрады. Депо ауласында оқу-жаттығу қалашығы, жанар май ст. болады. Біздің республикамыз бойынша ең алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі 1877 жылы Верный (қазіргі Алматы қ.) қаласында ұйымдастырылған. Ол кезде өрт сөндірушілер және сорғылар мен су құйылған бөшкелер ат арбамен тасылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет