ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «теориялық бейорганикалық химия»


Құрамында комплексті анионы болатын қосылысты былай атайды



бет8/14
Дата16.06.2016
өлшемі1.94 Mb.
#138560
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Құрамында комплексті анионы болатын қосылысты былай атайды: алдымен сыртқы сферасының катионының атын ілік септікте айтады. Бұдан соң жоғарғы айтылған ретімен лигандтардың атын атайды. Комплекс түзушінің латын атына «аты» деген жұрнақ қосады.

K[Ag(CN)2]- калий дицианоаргентаты (ІІ);

Na3[Co(NO2)6]- натрий гексанитрокобальтаты (ІІ);

K3[Ni(NO)2(S2O3)2]- калий дитиосульфатодинитрозилникеляты (ІІ).



Сыртқы сферасы жоқ нейтрал комплекстерінің аттарын атау үшін алдымен лигандтардың аты, онан кейін атау септігіндегі комплекс түзушінің қазақша аты келтіріледі де, оның тотығу дәрежесі көрсетілмейді.

[Co(NH3)3Cl]- трихлоротриаммин кобальт;

[Ru(H2O)(NH3)4SO3]- сульфиттетраамминаква рутений.

Комплексті қосылыстардың диссоциациясы.Тұрақсыздық константасы.

Комплексті қосылыстардың сыртқы және ішкі сфераларының арасындағы байланыстар иондық болғандықтан, суда еріткенде, олар комплексті ион мен қарапайым сыртқы сфераның иондарына ыдырайды:

[Ag(NH3)2]Cl→ [Ag(NH3)2]+ + Cl-

K[Ag(CN)2] → K+ + [Ag(CN)2]-

Түзілген комплексті иондар өте аз мөлшерде өздерінің құрамына кіретін бөлшектерге (иондарға, молекулаларға) ыдырайды.

[Ag(NH3)2]+ ↔ Ag+ + 2NH3

[Ag(CN)2]- ↔ Ag+ + 2CN-

Комплексті иондардың диссоциациясы аз мөлшерде жүретін қайтымды процесс болғандықтан оларға массалар әсерлесу заңын қолдануға болады және процестер сан жағынан диссоциация константасы арқылы анықталады:

Кт.з.= ([Ag+]∙[NH3]2)/[Ag(NH3)2]+ =6,8∙10-8

Кт.з. = ([Ag+]∙[CN-]2)/[Ag(CN)2]- =1,0∙10-21

Келтірілген комплекс иондарының диссоциациялану константаларын тұрақсыздық константасы Кт.з. деп атайды. Тұрақсыздық константаларының сандық мәндері комплексті иондардың тұрақтылығын немесе беріктігін көрсетеді. Кт.з. пайдаланып, комплексті қосылыстың арасындағы реакция қай бағытта жүретінін анықтауға болады.

Осы дәріс материалымен танысқан соң, мына мағлұматтарды :

Ішкі, сыртқы сфералар; комплекс түзгіш, лигандалар, дентаттылық, тұрақсыздық константасы ұғымдарын және комплексті қосылыстардың қолданылу облысын білу керек.
Өзін- өзі тексеру сұрақтары:

1.Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.

2.Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.

3.Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?

4.Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?

[Co(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?



Осы тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттердің мына беттерін оқу керек:

1.Омаров Т.Т., Танашева М.Р. Бейорганикалық химия.Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2008. 442--445 беттер.

2.Кулажанов К.С., Сулейменова М.Ш. Неорганическая химия. Учебник для студентов специальностей 5В072700 и 5В072800, обучающихся по кредитной технологии/ Алматы: 2012. 201-209 стр.

3.Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М.,Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар. – Семей,2012 – 67-69 беттер.

Зертханалық сабақтар

1 Зертханалық сабақтың тақырыбы: Заттардың эквивалентін анықтау


Сабақтың мақсаты: Металл эквивалентінің молярлық массасы М қосылыстан бөлінген сутегі көлемі арқылы анықтау әдісін үйрету.

Зертханалық жұмыс бойынша сұрақтар:

1.Заттың эквиваленті деген не?

2.Жай және күрделі заттардың эквивалент массалары қалай анықталады?

3.Тәжірибеге керек құралдың газды өткізбейтіндігін қалай тексереді?

4.Тәжірибеде бөлінген сутегі көлемін қалай қалыпты жағдайдағы көлемге айналдырады?

Жұмысты жүргізу: 1.

1 Суретте көрсетілген құралды жинап, оның газ өткізбейтіндігін тексеру керек. Ол үшін пробиркалардан тығынын алып, екінші бюретка арқылы пробиркамен қосылған бюреткадағы судың деңгейін белгілі бір деңгейге қою керек, сосын пробирканы тығындап, екінші бюретканы 10-15 см төмен түсіру керек.

Егер судың деңгейі пробиркамен қосылған бюреткада өзгермесе, бұл құрал газ шығармайды.

2.Аналитикалық таразыда 0,2г жуық металл (Ғе, Zn, Mg, Al) өлшеп алу керек.

3.Пробиркаға 10мл тұз қышқылын құйыңдар. Пробирканы еңкейтіп ұстап, өлшенген металды пробирканың жоғары жағында сақтаңдар. Пробирканы тығындаған кезде металл қышқылға түсіп кетпеуін қадағалаңдар.

4.Судың деңгейі бірдей деңгейде тұратындай етіп екі бюретканы орналастырыңдар. Бастапқы деңгейді зертханалық дәптерге жазыңдар (V1). Металды қышқылға түсіріңдер. Металл мен қышқыл арасында реакция жүре бастайды, сутегі бөлініп, су ығыса бастайды.

5.Металл еріп болған соң және пробирка суыған соң, сутегінің көлемі анықталады. Бөлінген сутегінің көлемі V пробирка қосылған бюреткада көрсетілген соңғы судың деңгейінен (V2) бастапқы деңгейді алу арқылы анықталады.

6.Атмосфера қысымы Ратм,кПа, тәжірибе температурасы- tтәжірибе 0С, тәжірибе температурасына сәйкес келетін су буының қысымы (№1 кестеге қара)- РН2О, кПа және сутегінің қысымы РН2, кПаН2О, кПа= Ратм –РН2О) өлшеңдер.

Бөлінген сутегі көлемін қалыпты жағдайға мына формула арқылы келтіріңдер:


V ‗ V∙РН2∙273

101,3∙(273+tтәжірибе)



V- сутегі көлемі.
Металл эквивалентінің молярлық массасы қалыпты жағдайда есептеңдер:
m, г металл – V мл сутегін ығыстырады.
M (fэкв Ме)- 11200 мл сутегін ығыстырады. Барлық өлшемді №2 таблицаға жазыңдар.

1 сурет Металл эквивалентінің молярлық массасын анықтауға арналған құрал.

№1 кесте Қаныққан су буының сумен тепе-теңдігі қысымы.


Температура 0С

Будың қысым Па*103 (мм сынап бағанасы)

0

0,61 (4,58)

5

0,87 (6,54)

10

1,23 (9,20)

15

1,70 (12,79)

16

1,82 (13,63)

19

2,20 (16,48)

20

2,37 (17,53)

21

2,48 (18,65)

22

2,64 (19,82)

23

2,80 (21,09)

№2 кесте Қорытынды кесте



m, г

tтәжірибе 0С

Р, кПа

РН2О, кПа

Vтәж

V0, мл

M (fэкв Ме)

































































Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

1.Заттың эквиваленті дегеніміз не? 2.Эквиваленттің молярлық массасы дегеніміз не? 3.Күрделі заттардың (қышқылдар, негіздер, тұздар) және жай заттардың эквиваленттерінің молярлық массасы қалай анықталады? 4.Эквиваленттер заңы қалай оқылады? Математикалық өрнегі қандай? 5.Неше моль және неше грамм болады: а) 6,02∙102 ацетилен С2Н2 молекулаларын. б) 2,00∙1023 азот молекулаларын.

2 Зертханалық сабақ

Газ тәрізді заттардың молярлық массасын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Газдың молярлық массасын анықтайтын әдістердің бірімен танысу, таразыда өлшеп үйрену және газ заңдарын қолданып молярлық массаны анықтау.

Реактивтер мен құралдар: Кипп аппараты, технохимиялық таразы, цилиндр (250 мл) тығынмен колба (200-250 мл), термометр, барометр, тұз қышқылы (1:3), мрамор.

Көміртегінің қос оксидін (СО2) алу үшін Кипп аппаратын жинау керек. Мраморға СаСО3 тұз қышқылын құйып СО2 алады.



Зертханалық жұмыс бойынша сұрақтар:

1.Газ тәріздес заттардың молекулалық массаларын анықтау үшін қолданылытын формулаларды жазу керек.

2.Кипп аппаратының құрылысы.

3.Көмір қышқыл газы бөлінгенде жүретін реакция теңдеуі.

4.Кипп аппаратынан бөлінген газды қалай тазалайды?

2 сурет Көміртек оксидін алатын құрал


Алынған көміртегінің (ІҮ) оксидін тұз қышқылынан тазалау үшін, оны натрийдің гидрокарбонаты ерітіндісінен NaHСО3 өткіземіз, сосын концентрлі күкірт қышқылынан өткізіп, құрғатады. Таза және құрғақ колбаны резина тығынымен жауып, белгі қойып, технохимиялық таразыда 0,01 г дәлдікке дейін өлшеңдер, колбаның массасын- m1 жазыңыздар. Колбаны көміртегінің (ІҮ) оксидімен 3-4 мин Кипп аппаратынан жіберіп, толтырыңдар. Колбадан ақырындап газ келген трубканы шығарып, колбаны тығындап, қайта таразыда өлшеу керек- m2. Колбаны СО2-мен бірнеше рет толтырып, бірнеше рет өлшеу керек. Егер m2 кейінгі рет өлшегенде бір-бірінен 0,01 г айырмасы болса, өлшеуді аяқтаңдар.

Колбаның көлемін анықтау керек, оны колбадағы белгіге дейін су құйып, сосын цилиндрге құйып, анықтаңдар. Тәжірибе температурасын анықтап tтәжірибе 0С, оны абсолют температураға аудару керек. Т0К = 273 + tтәжірибе.

Барометрдегі атмосфера қысымын анықтау керек, Р, кПа.

P, V, T белгілі болғандықтан Менделеев-Клапейрон теңдеуі бойынша ауаның колбадағы массасын анықтау керек- mВ

mВ= Mауа *pV/RT = 29* pV/RT

Колбадағы көміртегінің (ІV) оксидін қалыпты жағдайға мына теңдеу бойынша аударамыз:



V0Р0 = V0 = VРТ0

Т0 Т Р0Т



Т- температура 0К; V0-Т= 273К және р0 = 101,3 кПа болғандағы көлем. СО2 молярлық массасын есептеңдер:

1)СО2 ауа салыстырмалы тығыздығы арқылы:

М (СО2) = (mСО2*29)/ mауа ;

2)Газдың молярлық көлемі бойынша:

М(СО2) = (mСО2*22,4)/ V0

3)Менделеев-Клапейрон теңдеуі бойынша:

М(СО2) = (mСО2*RT)/ pV

Осы табылған молярлық массалар бойынша орташа молярлық массаны есептеңдер (Мтәжірибе).

Теориялық молярлық массасына салыстырып, салыстырмалы процеснттік қатені есептеңдер:

% қате = ((Мтеор – Мтәж)/Мтеор) * 100

Кипп аппаратында жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар:

1)HCl + CaCO3

2)NaHCO3 + … →

3)H2SO4+ … →



ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ

1.Салыстырмалы молярлық масса дегеніміз не және оны қалай анықтайды? Екі мысал келтіріңдер.

2.Молярлық масса дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі, 3-4 мысал келтіріңдер.

3.Авогадро заңы және оның салдары.

4.Газдың молярлық көлемі деген не?

5.Менделеев-Клайперон формуласын келтіріңдер.

3 Зертханалық сабақтың тақырыбы: Химиялық заттардың энергетикасы
Сабақтың мақсаты: Химиялық реакция энергетикасын калориметрия өлшеп және термодинамикалық есептеу арқылы анықтау.

Зертханалық жұмыс бойынша сұрақтар:

1.Калориметрдің құрылысы.

2.Термохимияның негізгі заңы.

3.Бейтараптау реакциясының энтальпиясының мәні.

4.Гесс заңының салдары.
Жұмысты жүргізу:

Химиялық реакцияның энтальпиясын калориметр деген құрал арқылы өлшейді. 1- сыртқы стакан, 2- реакция жүретін стакан, 3- қақпақ, 4- воронка, 5- ерітінді араластыратын құрал, 6-термометр.

Күшті қышқылды күшті негізбен нейтралдау реакциясының энтальпиясы және реакцияның Гиббс энергиясын есептеу. Электролиттік диссоциация теориясы бойынша күшті қышқыл мен күшті негіз арасында мынадай реакция жүреді:

NaOH + HCl = NaCl + H2O

NaOH + HNO3 = NaNO3 + H2O
№4 сурет Калориметр
Нейтралдау реакциясының термохимиялық теңдеуін былай жазуға болады:

Н+ + ОН-2О: ΔН=-57 кДж

Нейтралдау реакциясы үшін бірдей көлемдер алу керек, мысалы: 100 мл қышқыл, 100 мл негіз.

Реакция жүретін стаканға (2) негіздің белгілі көлемін (20 мл концентрациясы 1 М) құйыңдар да температурасын 0,10К дәлдікке дейін өлшеңдер (Т1), оны зертханалық дәптерге жазыңдар. (Қышқылдыңда температурасын осындай дәлдікпен өлшеңдер, екі температура тең болуы керек). Сондай көлем (20 мл) қышқылды кұйып (1М) араластырып, ең жоғары температураны өлшеңдер (Т2).

Тәжірибе нәтижесін кестеге жазыңдар:

Жүйе

Стакандағы жалпы көлем, V мл

Т1, К

Т1, К

Т = Т2- Т1

NaOH

HCl














NaOH

HNO3















Тәжірибе нәтижесінен мыналарды анықтаңдар:

1.Температуралар айырмашылығын ΔТ = Т2- Т1

2.Стакандағы ерітіндінің массасын (m) (ерітінді тығыздығын бірге тең деп алыңдар).

3.Реакция нәтижесінде бөлінген жылуды (q): q= C∙m∙ΔT

C- ерітіндінің жылу көлемі 4,18 кДж (кг∙К)

m- ерітінді массасы

Тәжірибе нәтижесінде табылған жылу мөлшері 0,1 моль сілтіні нейтралдағандағы жылу мөлшері болып табылады.

4.1 моль үшін нейтралдау энтальпиясы (кДж/моль);

ΔНнейтралдау = -q/0,1 кДж/моль

5.Теория бойынша нейтралдау энтальпиясы ΔНнейтралдау = -57 кДж/моль болса, салыстырмалы қате %қате = ((ΔНтеор. – ΔНтәж.)/ ΔНтеор.)∙100

6.Энтропия мәндерін кестеден тауып, нейтралдау реакциясының энтропиясының өзгеруін табыңдар

7.Нейтралдау реакциясының Гиббс энергиясын есептеңдер.

ΔG = ΔH + TΔS

Күшті қышқыл мен күшті негіз әрекеттескенде неге энтропия азаяды, соны түсіндіріңдер.

Табылған ΔН, ΔS, ΔG мәндеріне сүйеніп, нейтралдау реакциясы өздігінен жүретіндігі туралы қорытынды жасаңдар.



Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:

1.Термохимия нені зерттейді?

2.Экзотермиялық және эндотермиялық деп қандай реакцияларды айтады?

3.Гесс заңын және оның салдарын айтып беріңіз.

4.Ішкі энергия деген не?

5.Энтальпия деген не және оның физикалық мәні қандай?

6.Термодинамиканың бірінші заңын айтып беріңіз.

Энтропия деген не? Стандартты энтропия деген не? Энтропиялық бірлік деген не?

7.Изобаралы-изотермиялық потенциал деп немесе Гиббс энергиясы деп қандай шаманы айтады? ∆G қандай бірлікпен өлшенеді?

8.Жүйенің энтропиялық және энтальпиялық факторлары деген не?

9.ΔН пен ΔS байланысы қандай теңдеумен өрнектеледі?
4 - № 5 Зертханалық сабақтың тақырыптары: Химиялық кинетика.Химиялық тепе-теңдік

Сабақтың мақсаты: Химиялық реакцияның жылдамдығына және химиялық тепе-теңдікке әртүрлі факторлардың әсерін тексеру.

Зертханалық жұмыстар бойынша сұрақтар:

1.Химияық реакцияның жылдамдығына әсер ететін факторлар.

2.Химиялық тепе-теңдікке әртүрлі факторлардың әсері.

3.Әрекеттесуші массалар заңы.

4.Вант-Гофф ережесі.
1 Тәжрибе. Әрекеттесуші заттардың концентрациясының реакция жылдамдығына әсері.

Әрекеттесетін заттардың концентрациясының реакция жылдамдығына әсерін мына реакция арқылы, яғни натрий тиосульфатының концентрациясын өзгерту арқылы қарауға болады.

Na2S2O3 + H2SO4 = Na2SO4 + SO2 + H2O + S

Реакцияның жүргендігін ерітіндінің күкірт бөлінуі нәтижесінде тұнбалануы арқылы анықтайды.

Үш пробиркада натрий тиосульфатының әр түрлі концентрациялы ерітіндісін дайындаңдар. Бірінші пробиркаға 9 мл натрий тиосульфатын, екінші пробиркаға 6 мл Na2S2O3 және 3 мл су, үшінші пробиркаға 3 мл натрий тиосульфатын және 6 мл дистильденген су құйыңдар.


Көлем, мл

Na2S2O3 салыстырмалы концентрациясы

Реакцияның жүру уақыты, Δt

Реакцияның салыстырмалы жылдамдығы, I/Δt

Na2S2O3

Н2О

Н2SO4










9

-

3










6

3

3










3

6

3









Төртінші пробиркаға 3 мл концентрлі күкірт қышқылын өлшеп алып бірінші пробиркаға тез қосыңдар, пробиркадағы ерітінділерді араластырыңдар, қышқылды құйысымен секундомерді қосыңдар. Тұнба байқалысымен уақытты жазыңдар. Қалған екі пробиркағада осындай қышқыл құйып уақытты жазыңдар. Тәжірибе нәтижесінен график сызыңдар. Абцисса осіне Na2S2O3 концентрациясын, ординатаға υ=I/Δt қойыңдар.

Натрий тиосульфаты концентрациясының реакция жылдамдығына әсерін қорытындылаңдар.

2 Тәжрибе. Реакция жылдамдығына температураның әсері.

Үш пробиркаға 5 мл-ден натрий тиосульфатын, үш пробиркаға 5 мл-ден күкірт қышқылын құйыңдар. Пробиркаларды қышқыл-тиосульфат етіп үш жұпқа бөліңдер.

Бірінші жұпты су құйылған стаканға қойыңдар, стаканға термометр салыңдар. 3-5 минут өткен соң, яғни пробиркадағы ерітінділер температурасы теңескен соң, температураны анықтаңдар. Екі ерітіндіні біріктіріп, араластырыңдар. Екі ерітіндіні бір-біріне құйғаннан соң, секундомерді қосыңдар. Тұнба байқалысымен уақытты жазыңыздар Стакандағы суды 100С-қа көтеріп (ыстық су қую арқылы), екінші пробиркалардың жұбын орналастырыңдар да алдынғы тәжірибе сияқты тәжірибе жасаңдар. Осылай үшінші пробирканың жұбымен стакандағы суды 100С-қа көтеріп, тәжірибе жасаңдар.






Температура, 0С

Тұнба пайда болғандағы уақыт, Δt

Реакцияның салыстырмалы жылдамдығы υ=I/Δt

Температураны 100С көтергендегі реакция жылдамдығының өзгеруі γ= υТ1/υТ2
















Реакция жылдамдығына тигізген температураның әсері туралы қорытынды жасаңдар.

3 Тәжрибе. Химиялық реакцияның жылдамдығына катализатордың әсері.

Пробиркаға 6мл күкірт қышқылын (1:3) құйыңдар, оған 5-6 тамшы калий перманганатын тамызыңдар. Ерітіндіні араластырып, бірдей етіп 5 пробиркаға бөліңдер. Бір пробиркадағы ерітіндіні салыстыруға қалдырыңдар. Екінші пробиркаға аз мөлшерде мырыш ұнтағын салып, араластырып, ерітіндіні түссізденгенше уақытты секундомер арқылы анықтаңдар. Үшінші пробиркағада сонша мырыш салып 1 тамшы КNO3 ерітіндісін тамызыңыз. Ерітіндіні араластырып тағы уақытты анықтаңдар. Төртінші пробиркаға 2 тамшы, бесінші пробиркаға 3 тамшы КNO3 құйып тәжірибені қайталаңдар.




Тамшы саны КNO3

Ерітінді түссізденгенге дейінгі уақыт, Δt

Салыстырмалы реакция жылдамдығы υ=I/Δt












Тәжірибе нәтижесінен график сызыңыздар. Абсцисса осіне КNO3 тамшысының санын, ордината осіне салыстырмалы жылдамдықты қойыңдар.

4 Тәжрибе. Гетерогендік процестің реакция жылдамдығы.

0,2 граммнан бор (СаСО3) өлшеңдер (2 рет). Біреуін сол қалыпта пробиркаға салыңдар, екінші өлшеген борды ұнтақтап екінші пробиркаға салыңдар. Екі пробиркаға да 0,5 мл-ден тұз қышқылын құйыңдар. Секундомерді қосып, бордың екі пробиркадағы толық ерігеніне дейінгі уақытты анықтаңдар. Реакция теңдеуін және әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнегін жазыңдар. Әрекеттесетін заттардың бетінің көлемінің реакция жылдамдығына әсері туралы қорытынды жасаңдар.

5 Тәжрибе. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына зат концентрациясының әсер.

Пробиркаға өте сүйытылған ҒеСl3 және NH4CNS ерітінділерін төрт тамшыдан құйыңдар. Сонда мынандай теңдеумен реакция жүретіндігін көрсетуге болады:

ҒеСl3 + 3NH4CNS ↔ Ғе(CNS)3 + 3NH4Сl

Алынған ерітіндіні сумен тағы сұйылтыңдар (1:2), оны бірдей етіп 5 пробиркаға бөліңдер. Біреуіне 2 тамшы ҒеСl3 ерітіндісін екіншісіне 2 тамшы NH4CNS ерітіндісін, үшінші пробиркаға 2 тамшы NH4Сl ерітіндісін, төртінші пробиркаға 2 тамшы алғашқы ерітінді (NH4CNS + ҒеСl3) қоспасын қосыңдар. Алғашқы үш пробиркадағы ерітінді түсінің өзгеруін төртінші пробиркадағы ерітінді түсімен салыстырыңдар:






Не қосылды

Ерітінді түсінің өзгеруі

Тепе-теңдіктің ығысу бағыты (оңға, солға)

1










2










3










4










Темір хлориді мен аммоний роданиді арасында жүретін қайтымды реакция үшін тепе-теңдік константасын жазыңдар. Байқаған құбылыстарды Ле-Шателье принципі тұрғысынан түсіндіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет