Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар
5. Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары. Химиялық реакциялардың энергетикасы. Химика-термодинамикалық есептеулер
1.Реакциялардың жылу эффектілері деген не? Қай жағдайларда химиялық реакциялар теңдеулері термохимиялық деп аталады? Реакция жылу эффектілерінің мәндері термохимиялық және термодинамикалық өрнектелгенде қалай белгіленеді? Өлшем бірліктері.
2.Жүйенің ішкі энергиясы деген не? Энтальпия және оның өзгерісі қандай теңдеулермен анықталады? Қандай жағдайда жүйенің энтальпиясы оң және теріс мән көрсетеді? Энтальпия өзгерісі температураға тәуелді ме?
3.Термохимияның негізгі заңының анықтамасын беру керек. Гесс заңынан шығатын салдарлардың термохимиялық есептеулерде қолданылуы.
4.Аммиак синтезі кезінде тура және кері реакциялар үшін жүйе энтропиясы
қалай өзгереді?
5.Заттар айрылғанда , синтез реакцияларында жүйе энтропиясы температураға байланысты қалай өзгереді? Буланғанда, конденсацияланғанда, қысым жоғарылағанда, фазалық өзгерістерде жүйе энтропиясы қалай өзгереді?
6.Гиббс энергиясы деп нені айтады? Процестердің өздігінен термодинамикалық жүру – жүрмеу жағдайын Гиббс энергиясы қалай көрсетеді? Өте төмен температурада (өте жоғары температурада) химиялық реакциялардың бағытын энтальпиялық не энтропиялық фактор анықтай ма?
7.Стандартты энтальпия өзгерісінің мәні жүйеде катализатор қатысына байланысты ма? Жауапты дәлелдеу керек. Заттардың суда еруі экзотермиялық және эндотермиялық эффектпен болса да өздігінен жүре алады, неге?
8.Аммоний хлориді термиялық айрылғанда жылу бөліне ме, сіңіріле ме? Есептеп көрсету керек.
9.20С температурада 100 г су буланғанда ( су буы идеал газдар заңына бағынады деп есептесе) ішкі энергия өзгерісі нешеге тең болады? Судың буға айналуының меншікті жылуы q = 2445 Дж/г. ( Q = qm , pV = m/M RT).
Жауабы 230,97кДж.
10.Стандартты жағдайда мына процесс Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2 O (с) жүруі мүмкін бе?
11.Графитті жаққанда 8,86 г көміртегі (ІV) оксиді түзілген. Элементтерден түзілген оксидтің түзілу жылуын есептеу керек. Реакцияның жылу эффектісі 79,2 кДж. Жауабы 1096 кДж/моль.
12.12,7 г мыс ( ІІ) оксидін көмірмен тотықсыздандырғанда ( СО түзіледі) 8,24 кДж жұтылады. Мыс оксидінің (298К) түзілу жылуын анықтау керек.
Жауабы 162,1 кДж/моль.
13.Этилен толық жанғанда ( сұйық су түзіледі) 6226 кДж бөлінеді. Қ.ж. реакцияға түскен оттегінің көлемін есептеу керек. Жауабы 296,5 л.
14.2,1 г темір күкіртпен әрекеттескенде 3,77 кДж бөлінеді. Темір сульфидінің түзілу жылуын анықтау керек. Жауабы 100,3 кДж/моль.
15.Мына теңдеу бойынша 2РН3 + 4О2 = Р2 О5 + 3 Н2 О(с) фосфин газының түзілу жылуын анықтау керек. Реакция кезінде 2360 кДж бөлінеді.
Жауабы 5,3кДж/моль.
16.Этилен жанғанда СО2 және сұйық су бөлінсе, реакция нәтижесінде бөлінген жылу эффектісін есептеу керек. Жауабы 1410,9 кДж/моль.
17.Егер аммиактің тотығуы мына термохимиялық теңдеу бойынша жүрсе 4NH3 + 3O2 = 2 N2 + 6 H2 O (с) Н = 1530 кДж (298К) , аммиактің стандартты түзілу жылуын табу керек. Жауабы 46,2 кДж/моль.
18.1 моль хром (Ш) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда 534 кДж бөлінеді. Егер 7,6 г хром (Ш) оксиді тотықсызданса, қанша жылу бөлінеді?
Жауабы 26,7 кДж.
19.Кальций карбонатының айрылу реакциясының 25, 500, 1500С температуралардағы Гиббс энергиясын есептеу керек. G = f (T) графигін сызып, қай температурадан бастап процесс өздігінен жүретінің анықтау керек.
Жауабы 129,1 ; 50,7 ; 114,0 кДж; 1080 К.
20.Глюкозаның ағзадағы өзгеру реакциялары былай жүрсе: а.С6Н12О6 = 2 С2Н5ОН (с) + 2 СО2 б. С6Н12О6 + О2 = 6 СО2 + 6 Н2О(с) қай процесс ағзаға энергияны көбірек береді? Жауабы а. – 69,2 кДж; б. – 2803кДж.
21.Бірдей жағдайда сутегі мен ацетиленнің бірдей көлемін жаққанда , қай процесте және неше есе көп энергия бөлінеді? Жауабы 6,2 есе.
22.Ізбестің сөндіру процесінде 67,0 кДж энергия бөлінеді, егер 1 тонна 20% қоспасы бар ізбесті сөндірсе ( қоспаның жылу эффектісіне әсері жоқ), қанша жылу бөлінеді? Жауабы 9,6105 кДж.
23.298 К температурада мына оксидтердің қайсысы алюминиймен ( сутегімен) тотықсызданады: СаО, ҒеО, ZnO, PbO , SnO, CuO, NiO?
24.263 К температурада мұздың еру процесі үшін Гиббс энергиясының белгісі қандай болады ( нольден үлкен, кіші, тең)?
25.Кальций оксиді мен фосфор(У) оксиді әрекеттескенде 739 кДж жылу бөлінеді, сонда кальций ортофосфатының түзілу жылуы қанша болады?
Жауабы - 4137,5 кДж/моль.
26.Мына теңдеу бойынша жүретін реакция үшін стандартты түзілу жылуы және абсолютті стандартты энтропия мәндеріне сүйеніп ,Гиббс энергиясын есептеу керек, реакция өздігінен жүре ме? СО + Н2О(с) = СО2 + Н2 . Жауабы – 19,91 кДж.
27.4 НСІ (г) + О2 2 Н2О(г) +2 СІ2 , қай температурада жүйеде тепе- теңдік орнайды? Процесс кезінде – 114,42 кДж энергия бөлінеді . Қай температураларда бұл жүйеде хлор әлде оттегі күштірек тотықтырғыш болады? Жауабы 891 К.
28.Аммоний хлоридінің кристаллы газ тәріздес аммиак пен хлорлы сутек әрекеттескенде түзіледі, процестің жылу эффектісін есептеу керек. Егер реакцияға қ.ж. 10 л аммиак түссе, қанша жылу бөлінеді? Жауабы 78,97 кДж.
29.Жай заттардан газ тәріздес күкіртті сутек түзілгенде 20,15 кДж жылу бөлінеді. Сол заттардың стандартты этропиясына сүйеніп осы реакцияның S298 , G298 есептеу керек. Стандартты жағдайда күкіртті сутек жай заттардан түзіле ме? Жауабы 43,15Дж/моль К; - 33,01 кДж.
30.Темір (Ш) оксидінің сутегімен тотықсызданғанында 96,61 кДж жылу сіңіріледі. Егер энтропия өзгерісі 0,1387 кДж/моль К болса , стандартты жағдайда бұл реакция жүре ме? Қай температурадан бастап тотықсыздану реакциясы жүреді? Жауабы 696 К.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар
6. Реакциялар жылдамдығы және механизмі
1.Химиялық кинетика нені оқиды және оның практикалық мақсаты. Гомогенді және гетерогенді реакцияларға анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер. Олардың жылдамдықтарын қалай табады?
2. = c/t мен = dc/dt белгіленген жылдамдықтар арасында қандай айырмашылық бар? Әрекеттесуші массалар заңына анықтама беріңдер. Осы заңға сәйкес теңдікте реакция жылдамдығының реакцияға түсетін заттардың табиғатына байланыстылығы көрсетілген бе? Химиялық реакциялар жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?
3.Жылдамдық константасы деген не? Оның физикалық мәні неде және қандай факторларға тәуелді? Мына факторлардың қайсысы реакция жылдамдығының константасына әсер етеді: а) қысым өзгерісі; б) температура өзгерісі; в) реакция жүретін ыдыстың көлемі; г) жүйеде катализатордың болуы; д) реакцияласатын заттардың концентрациясының өзгерісі.
4.Берілген химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын және азайтатын әдістерді көрсетіңдер. Катализаторлар, ингибиторлар және каталитикалық реакциялар деген не? Гомогенді , гетерогенді катализдің мәні неде? Жүйеде катализатор болғанда неге реакция жылдамдығы артады?
5.Реакцияласатын заттардың молекулаларының соқтығысуы әр уақытта химиялық өзгеріске әкеле ме? Активті молекулалар деген не, басқаларынан олардың айырмашылығы қандай? Химиялық реакциялардың активтену энергиясы деген не? Жүйедегі активті молекулалар үлесі активтену энергиясы мәніне тәуелді ме? Активтену энергиясының мәні химиялық реакция жылдамдығына қалай әсер етеді?
6.Химиялық реакциялар жылдамдығы температураға қалай байланысты? Химиялық реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті деген не? Вант-Гофф ережесінің формуласы. Неге температураны жоғарылатса, жылдамдық артады? Қандай реакциялар жылдамдығы (эндотермиялық, экзотермиялық, кез келген) температураны көтергенде өседі?
7.4 НСІ + О2 = 2СІ2 + 2Н2 О газ фазасында өтетін осы реакция үшін,егер 3 есе: а. оттегі концентрациясын; б. хлорлы сутек концентрациясын; в. қысымды өсірсе, жылдамдық қалай өзгереді?
8.Мына химиялық реакциялар үшін жылдамдықтарының формуласын көрсетіңдер: 2NO + O2 = 2NO2 ; CaO + CO2 =CaCO3 ; 4NH3 + 3O2 = 2N2 +6H2 O.
9.Мына теңдеу бойынша жүретін реакцияда 2А + 3 В С , белгілі уақыт аралығында А затының концентрациясы 0,3 моль/л азайса, В затының концентрациясы қалай өзгереді? Жауабы 0,45 моль/л азаяды.
10.Процесс басталмай тұрып реакцияға түсетін заттардың біреуінің концентрациясы 1,2моль/л болса, ал 50минуттан соң 0,3 моль/л болса, химиялық реакция жылдамдығы нешеге тең болады? Жауабы 0,018моль/лмин.
11.Күкірт диоксиді оттегімен әрекеттескенде оттегі концентрациясы 1 сағат ішінде 0,25 моль/л –ге азайды. Сонда күкірт диоксидінің концентрациясы қалай өзгереді және орташа жылдамдық қаншаға тең?
Жауабы 0,5 моль/л – ге азайады ; 0,25моль/лсағ.
12.Сабындалу реакциясында сіркеэтил эфирінің алғашқы концентрациясы 0,02моль/л болған.25 минуттан соң ол 0,0054 моль/л болды, реакцияның орташа жылдамдығын есептеу керек. Жауабы 5,84 10-4 моль/лмин.
13.Күкірт диоксиді мен оттегі әрекеттесу реакциясында олардың алғашқы концентрациялары сәйкесінше 1,6 моль/л және 1,2 моль/л болған. 0,6 моль/л SO3 түзілген кезде бұл заттардың концентрациясы қанша болады? Жауабы 1,0 және 0,9 моль/л.
14.СО + Н2 О(г) СО2 + Н2 және MnO2 + 4HCI (г) MnCI2 + CI2 реакциялары үшін реакция жылдамдықтарын сәйкесінше 36 және 16 есе өсіру үшін қысымды қалай өзгертеді? Жауабы 6 және 2 есе.
15.А + В АВ реакциясы үшін реакция жылдамдығының константасын табу керек, егер А және В заттарының концентрациясы сәйкесінше 0,05 және 0,01 моль/л болса,ал реакция жылдамдығы 510-5 моль/лмин. Жауабы 0,1моль/л мин.
16.3 А + В 2С + D реакциясы үшін біраз уақыт өткен соң А, В, С заттарының концентрациялары сәйкесінше 0,03, 0,01, 0,008 моль/л болды. А және В заттарының алғашқы концентрациялары қанша? Жауабы 0,042 және 0,014 моль/л.
17.СО + СІ2 СОСІ2 жүйесінде СО концентрациясын 0,03 – тен 0,12 моль/л – ге, ал СІ2 концентрациясын 0,02 –ден 0,06 моль/л – ге көтерсе, тура реакция жылдамдығы қаншаға көбейеді? Жауабы 12 есе.
18.2 NO + O 2NO2 реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді, егер а. жүйенің қысымын 3 есе көтерсе; б. жүйенің көлемін 3 есе азайтса; в. NO концентрациясын 3 есе көбейтсе ?
Жауабы а.27 есе өседі; б.27 есе өседі; в.9 есе өседі.
19.Температураны 30 градусқа көтергенде реакция жылдамдығы 64 есе өссе, температуралық коэффициент нешеге тең болады? Жауабы 4.
20.Реакцияның температуралық коэффициенті 2,3 болса, температураны 25 градусқа көтергенде , реакция жылдамдығы неше есе артады? Жауабы 8 есе.
21.Егер реакция 150С температурада 16 минутта аяқталатын болса, онда а.200С; б.80С температураларда қанша уақытта аяқталады, = 2,5. Жауабы 9,8с; 162сағ.46минут.
22.Егер = 2,5 болса, а. температураны 60 – тан 100С көтергенде ; б. 50 – ден 30С төмендеткенде , жылдамдық қалай өзгереді?
Жауабы 39 есе артады; б. 6,25 есе кемиді.
23,25С температурада өтетін реакция үшін активтену энергиясын
4кДж /моль санға азайтса, реакция жылдамдығы неше есе артады?
Жауабы 5 есе.
24.Егер температураны 290 К – дан 300К температураға көтергенде, реакция жылдамдығы 2 есе артса, реакцияның активтену энергиясы нешеге тең болады? Жауабы 49,9 кДж /моль.
25.280К температурадағы реакция жылдамдығынан 300К температурадағы жылдамдығы 10 есе көп болса, реакцияның активтену энергиясының мәні қанша? Жауабы 80,3кДж/моль.
26.О3 + NO O2 + NO2 теңдеуі бойынша жүретін реакция үшін активтену энергиясы 10 кДж /моль , егер температураны 27 – ден 37С көтерсе, реакция жылдамдығы неше есе өзгереді? Жауабы 1,14 есе.
27.Реакцияның жылу эффектісі оның активтену энергиясына тәуелді ме? Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті оның активтену энергиясының мәніне тәуелді ме? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
28.Реакция жылдамдығы константасының мәні а. катализаторды өзгертсе;
б. реакцияға түсетін заттардың концентрациясын өзгертсе, өзгере ме?
29.20С температурада реакция жылдамдығының константасы 104 мин1 , ал 50С - 8104 мин1 болса, оның мәні қанша болады? Жауабы 2.
30.25С температурада екі реакция бірдей жылдамдықпен жүрсе, 1 = 2,0 , ал 2 = 2,5 болса (І және ІІ реакциялар үшін), 95С болғандағы осы реакциялардың жылдамдықтарының қатынасы қанша болады?
Жауабы 2 / 1 = 4,77.
Практикалық сабақта және студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар
7. Химиялық тепе-теңдік
1.Химиялық тепе-теңдік деген не және ол қандай факторларға тәуелді? Ле Шателье принципінің мәні. Неге химиялық тепе-теңдік динамикалық болады?
2.Тепе-теңдік константасы деген не ол қандай шамаларға тәуелді? Неге оның мәні реакция тереңдігін көрсетеді?
3.Неге реакция жылдамдығын , тепе-теңдік константасын есептейтін формулаларға қатты заттың концентрациясы кірмейді?
4.Әр химиялық тепе-теңдік қандай параметрлермен сипатталады? Бір параметрдің өзгерісі қандай өзгерістерге әкеледі?
5.Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасының мәнін мына фактор өзгертеді: а. қысым өзгерісі; б. температура өзгерісі; в. катализаторды ауыстыру; г. Реакцияласатын заттардың концентрацияларының өзгерісі.
6.Мына реакция үшін С (графит) + Н2 О ( бу) СО + Н2 тепе-теңдік константасы бірге тең болғандағы температура мәнін анықтау керек. Н және S температураға тәуелділігін есептемей, мәндерін анықтамадан алу керек . Жауабы 983К.
7.N2 + 3 H2 2 NH3 ; Н = - 92.4 кДж тепе-теңдіктегі жүйеде қатысатын заттардың концентрациялары CN2 = 3моль/л; СН2 = 9 моль/л; СNH3 = 4 моль/л болса, анықтау керек а. сутегі мен азоттың алғашқы концентрацияларын; б. температураны көтергенде және в. реакция жүретін ыдыстың көлемін азайтқанда, тепе-теңдік қай жаққа ығысатынын. Жауабы а.5моль/л және 15моль/л; б.солға; в. оңға.
8.Мына теңдеулер үшін тепе-теңдік константаларын жазу керек: СО + СІ2 СОСІ2 (г) ; SO3 + C SO2 + 2H2 O (г) ; CaCO3 CaO + CO2
9.Тепе-теңдік константалар мәніне қарап қай жағдайда реакция тереңірек, қай жағдайда азырақ жүретінін анықтау керек: a.СО + СІ2 СОСІ2 (г), К = 50; b. H+ + HS H2 S, K = 107 ; Cd2+ + S2 CdS , K = 71028 .
10.Мына жүйеде СО + СІ2 СОСІ2 (г) мына заттардың алғашқы концентрациялары СО және СІ2 0,28 және 0,09 моль/л болған, мына заттың СО тепе-теңдік концентрациясы 0,20 моль/л болғанда тепе-теңдік константасы қанша болады? Жауабы 40.
11.РСІ5 РСІ3 + СІ2 жүйесінде 500 К температурада тепе-теңдік орнады, реакция барысында РСІ5 концентрациясы 1 моль/л – ден 0,46 моль/л азайды. Осы температурадағы реакцияның Кс және Кр есептеңдер. Жауабы 0,634 моль/л; 2,63 МПа.
12.2НІ Н2 + І2 реакциясында 448С тепе-теңдік орнады. Осы температурада газдардың тепе-теңдік парциалды қысымдары р(НІ)=4,05104Па, р(Н2 )=7,52104 Па; р( І2) = 4,36102 Па . Реакцияның Кр және Кс есептеу керек. Жауабы Кр = Кс = 0,02.
13.А + В С + D реакциясының тепе-теңдік константасы бірге тең. А затының алғашқы концентрациясы 0,02 моль/л болса, В затының алғашқы концентрациялары 0,02, 0,1 және 0,2 моль/л болғанда А затының қанша пайызы өзгеріске ұшырайды? Жауабы 50%, 83,3% , 90,9%.
14.2СО + О2 2СО2 Н = - 566 кДж ; 2Н2 + О2 2 Н2 О , Н = - 483,6 кДж; СаСО3 СаО + СО2 , Н = 179 кДж а) температураны төмендетсе , б) қысымды көтерсе; в) температураны көтерсе; г) қысымды азайтса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
15.Белгілі бір температурада мына гетерогенді реакцияның ҒеО + СО Ғе + СО2 тепе-теңдік константасы 0,5 , көміртегі(ІІ) және көміртегі(ІУ) оксидтерінің алғашқы концентрациялары сәйкесінше 0,05 моль/л және 0,01 моль/л болса, олардың тепе-теңдік концентрациялары нешеге тең болады? Жауабы 0,04 моль/л; 0,02 моль/л.
16.Мына гомогенді жүйеде 2 SO2 + O2 2 SO3 көлемді 2 есе азайтса, тура және кері реакциялардың жылдамдықтары қалай өзгереді (санау керек)? Тепе-теңдік ығыса ма?
17. РСІ5 РСІ3 + СІ2 , Н = 92,59 кДж тура реакцияны жүргізу үшін а) температураны; б) қысымды; в) концентрацияны қалай өзгерту керек?
18.Қандай жағдайларда мына реакция 4Ғе + 3 О2 2 Ғе2 О3 үшін тепе-теңдік оксидтің айрылуы жағына ығысады?
19.Н2 + І2 2НІ реакциясының белгілі бір температурада тепе-теңдік константасы 50-ге тең. 1 моль І2 затының 90% -ін НІ затына айналдыру үшін сутегінің қандай мөлшерін алу керек? Жауабы 1,548 моль.
20.Метанол мына реакция нәтижесінде алынады СО + 2 Н2 СН3ОН (с) , Н = - 127,8 кДж. Егер а) температураны б) қысымды көтерсе, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
21.Гомогенді жүйенің N2 + O2 2NO тепе-теңдік константасы К = 4,110-4 болса, тепе-теңдік концентрациялары N2 және NO сәйкесінше 0,10 және 0,05моль/л болса, оттегінің тепе-теңдік концентрациясы қанша болады? Жауабы 61моль/л.
22.Гомагенді жүйенің N2 + 3 H2 2 NH3 тепе-теңдік константасы К = 0,1 болса, тепе-теңдік концентрациялары Н2 және NН3 сәйкесінше 0,20 және 0,08моль/л болса, азоттың тепе-теңдік және алғашқы концентрацияларын анықтау керек. Жауабы 8 моль/л және 8,04моль/л.
23.С + СО2 2СО Н = + 119,8 кДж, осы гетерогенді жүйедегі тепе-теңдік қалай өзгереді: а) СО2 қосса; б) С қосса; в) температураны көтерсе; г) қысымды көтерсе; д) катализатор қатыстырса; е) СО-ны жүйеден шығарса?
24.4940С температурада 2NО + O2 2NO2 жүйесінің тепе-теңдік константасы 2,2 болса, NО және O2 заттарының тепе-теңдік концентрациялары сәйкесінше 0,020 және 0,030 моль/л болса, олардың алғашқы концентрацияларын анықтау керек. Жауабы 0,0251 және 0,0326моль/л.
25.Қайтымды реакция үшін G298 а) 5,714кДж/моль; б) – 5,714кДж/моль болса, 250С температурада тепе-теңдік константасы қанша болады?
Жауабы а)0,1; б)10.
26.СО2 + Н2 СО + Н2О,бу егер а) жүйе көлемін арттырса; б) су буы конденсациялана тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
27. 2NO2 + О3 N2O5 + О2 , егер а) NO2 концентрациясын көбейтсе; б) О3 концентрациясын көбейтсе; в) N2O5 концентрациясын азайтса; г) О2 контрациясын арттырса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?
28. 2NO2 2NО + O2 , Н > 0 азот диоксидінің айрыруын қалай азайтуға болады?
29.Химиялық тепе-теңдік Н2 + Br2 2HBr, газ, осы реакция үшін мына концентрацияларда орнаған: [Br2] = 0,2 моль/л; [НBr] = 0,4 моль/л; [Н2] = 0,2 моль/л; Егер жүйеге 0,2моль/л бром қосылса, осы заттардың жаңа тепе-теңдік концентрациялары қанша болады?
Жауабы [Н2] = 0,16 моль/л; [Br2] = 0,36 моль/л; [НBr] = 0,48 моль/л;
30.Тепе-теңдік константасына катализатор қатысы әсер ете ме?
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар
8. Ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы. Заттар ерігіштігі
1.5 л 8 % -ті (масса бойынша) ( = 1,075 г/мл) ерітінді дайындау үшін қанша натрий сульфитін алады? Жауабы 430г.
2.1 мл 25 %-ті ерітіндіде 0,458 г зат еріген болса, оның тығыздығы нешеге тең болады? Жауабы 1,83 г/мл.
3.50% -ті 400 г күкірт қышқылының ерітіндісінен 100 г суды ұшырған соң, қалған ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі нешеге тең болады? Жауабы 66,7%.
4.9 % -ті тұз қышқылының ертіндісін алу үшін оның қ.ж. 67,2 л көлемін судың қандай массасында еріту керек? Жауабы 1107г.
5.25% -ті КОН ерітіндісін алу үшін оның 1кг 50% -ті ерітіндісіне 20 % - ті ерітіндісінен қанша қосу керек? Жауабы 5 кг.
6.100 мл 20% -ті күкірт қышқылы ерітіндісіне ( = 1,075 г/мл ) оның 5% -ті ерітіндісін алу үшін судың қандай көлемін қосады? Жауабы 342 мл.
7.26% -ті КОН ерітіндісінің тығыздығы 1,24г/мл , оның 5 л ерітіндісінде неше моль КОН болады? Жауабы 28,7 моль.
8.5% -ті MgSO4 ерітіндісін дайындау үшін 400 г MgSO4 7 Н2 О алынған. Пайда болған ерітіндінің массасын анықтау керек. Жауабы 3,90кг.
9.50 г мыс(ІІ) купоросынын 450 г суда еріткенде алынған ерітіндідігі сусыз мыс сульфатының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы 6,4%.
10.8% -ті (масса бойынша) CuSO4 ерітіндісін алу үшін 25 г CuSO4 5H2O қанша суда еріту керек? Жауабы 175г.
11.14,35 г AgCl тұнбасын алу үшін қанша 2% - ті AgNO3 ерітіндісі натрий хлоридінің артық мөлшерімен әрекеттеседі? Жауабы 850 г.
12. 15% -ті Н2SO4 ерітіндісін алу үшін 400 г суда қанша грамм күкірт (УІ) оксидін еріту керек? Жауабы 57,1г.
13.28 % -ті ортофосфор қышқылын алу үшін 426 г фосфор (У) оксидін судың қандай көлемінде ерітеді? Жауабы 1664 мл.
14.Аммиакті катализатор қатысында оттегінің артық мөлшерінде тотықтырғанда азот қышқылы мен су түзіледі. Суда еріген азот қышқылының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы 77,78%.
15.Егер (Н2SO4) = 72% болса, одан а) 1 кг ; б) 1 л алса, сонда ерітіндіде қанша масса күкірт қышқылы болады? Жауабы а) 720 г ; б) 1180,8 г.
16.300 мл молярлы концентрациясы 0,2 моль/л болатын ортофосфор қышқылын алу үшін қанша фосфор (V) оксидін суда еріту керек ?
Жауабы 4,26г.
17.Егер 250мл ерітіндіде 7,5 г алюминий сульфаты бар болса, оның молярлы концентрациясы және эквивалентінің молярлы концентрациясы қанша болады? Жауабы 0,088 және 0,528 моль/л.
18.Егер 1,2 л ерітіндінің а) молярлы концентрациясы 0,2 моль/л б) эквивалентінің молярлы концентрациясв 0,2моль/л болса, қанша грамм кристалдық соды Na2 CO3 10H2 O алу керек? Жауабы а) 68,64 г б) 34,32 г.
19.8 % -ті 100 мл ( = 1,06 г/мл) барий хлориді ерітіндісіне барий сульфаты тұнбасын алу үшін 139 мл күкірт қышқылын қосқан , сонда анықтау керек а) қышқылдың молярлы концентрациясын және б) эквивалентінің молярлы концентрациясын . Жауабы а) 0,294 б) 0,588 моль/л.
20.0,9600 г (NH4 )2SO4 FeSO4 6H2O кристаллогидраты сынамасындағы темірді анықтау үшін концентрациясы С (1/5 КМnО4) болатын ерітіндіден қанша алу керек? Жауабы 245 мл.
21.36,2 % -ті ( = 1,18 г/мл) НСІ ерітіндісінің молярлығы қанша? Жауабы 11,7М.
22.20С температурада кадмий хлоридінің 100 г суда ерігіштігі 114,4 г. Оның массалық үлесі мен қанық ерітіндідегі моляльдығын есептеу керек . Жауабы 53,3% және 6,22моль/кг.
23.3 л 0,4 н. күкірт қышқылының ерітіндісін дайындау үшін 96 % -ті
( = 1,84 г/мл) ерітіндісінен қанша алу керек? Жауабы 33,31 мл.
24.Кальций карбонаты сынамасын еріту үшін 35 мл 1,025 н. тұз қышқылы жұмсалған, сонда қанша тұз алынған? Есепті теңдеу құрмай шығару керек.
Жауабы 1,79 г.
25.18М күкірт қышқылының тығыздығы 1,84 г/мл болса, оның молярлық үлесі және концентрациясы ( %) қанша болған? Жауабы 0,80; 96 %.
26.9 % -ті ( = 1,035 г/мл) сахароза (С12 Н22 О11) ерітіндісі үшін а) морярлылығын б) моляльдылығын анықтау керек. Жауабы 0,27моль/л 0,29моль/кг.
27.24,3г магнийді және 27,0 г алюминийді еріту үшін 15% -ті ( = 1,10 г/мл) күкірт қышқылынан қанша алу керек? Жауабы 594 мл, 891 м.
28.Калий хлоратының 100 г суда 70С –та ерігіштігі 30,2 г ,ал 30С –тағы ерігіштігі 10,1 г болса, 70 г 70С –тағы қанық ерітіндісін 30С – қа дейін салқындатқанда қанша грамм калий хлораты бөлінеді? Жауабы 10,8г.
29.Мыс сульфатының 100г судағы 30С температурада ерігіштік коэффициенті 25 г тең болса, осы температурада 18% -ті ерітіндісі қанық ерітінді бола ма? Жауабы жоқ.
30.20С температурада аммиактың 1 мл суда ерігіштігі 702 мл болса, қанық ерітіндідегі массалық үлесін табу керек. Аммиактық парциалды қысымын қалыпты атмосфералық қысымға тең деп алу керек. Жауабы 33,2%.
31.0С температурада көмір қышқыл газының абсорбция коэффициенті 1,71. Қандай қысымда оның ерігіштігі сол газдың сол температурада суда ерігіштігіне (16г/л) тең болады? Жауабы 483 кПа.
32.25С температурада 8,75г калий хлоридін 25 г суда еріткенде қанық ерітінді пайда болады. Осы температурадағы оның ерігіштік коэффициентін анықтау керек. Жауабы 35 г тұз 100 г суда.
33.Калий нитратын қайта кристалдау үшін 80С температурада қанық ерітінді түзілгенше 200 г суда еріп 0С температураға дейін суытқан. Таза тұздың шығымы мен міндетті түрде жоғалатын бөлігінің массалық үлесін анықтау керек. 80С температурада К ( KNO3) = 170 г , ал 0С температурада – 17 г. Жауабы 90 % және 10%.
34.Белгілі бір температурада күкіртті сутектің спирттегі ( = 0,8 г/мл) ерігіштігі 10:1 көлемдік қатынасында болса, осындай ерітіндідегі оның массалық үлесін табу керек. Жауабы 1,86%
35.Оттегі мен азоттың суда ерігіштігі сәйкесінше мынандай қатынаста 1:0,048 және 1:0,024. Суда еріген ауадағы оттегі мен азоттың көлемдік үлесін есептеу керек. Жауабы 66,7 және 33,3%.
Достарыңызбен бөлісу: |