Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен университеттің барлық мамандығына арналған Оқу әдістемелік материалдар



бет1/18
Дата13.06.2016
өлшемі1.78 Mb.
#133969
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК-042-X.1.55/03-2013

ПОӘК «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәнінің оқу әдістемелік материалдары

№ 3 басылым 04.09.2013


Пәннің оқу-әдістемелік кешені

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәнінен университеттің

барлық мамандығына арналған
Оқу әдістемелік материалдар

Семей


2013
1 Глассарий
Апат - өзімен бірге аймақтық немесе ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайды, адам құрбандығын алып келетін ірі авария, қиратушы құбылыс.

Азаматтық қорғаныс – басқару органдарының мемлекеттік жүйесі, бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандарын және табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, қазіргі заманның зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларынан елдің аумағын қорғау мақсатымен жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралар жиынтығы.

Аймақты тазалау – ТЖ пайда болғанда жиналған қауіпті заттарды іздеу, жинау және жою.

Аквалангсу астында дем алуға арналған аппарат.

Акьятау жағдайларында жүктерді, зардап шеккендерді тасымалдауға арналған шана.

Ақпарат – қоршаған әлем және онда болып жатқан үрдістер туралы мәлімет.

Ангар – әуе техникаларының тұрағы мен жөнделуіне арналған ғимарат.

Анемометржелдің бағыты мен биіктігін анықтайтын құрал.

Антибиотиктербактерия, вирустардың өсуін басатын, дәрілік заттар.

Антипиретиктерқызуды төмендететін дәрілік құралдар.

Антисептикзалалсыздандырушы заттар.

Антициклонтұрақты жоғарғы атмосфералық қысым аймағы.

Антропогендік ТЖадамның әрекетіне байланысты авария немесе апат.

Аңызақ - ауаның жоғарғы температурасындағы жел.

Альпенштокұзындығы 1,5 м, қалыңдығы 3-4 м болатын, берік, ұшы өткір металл, дөңгелек таяқ.

Альтиметртеңіз үстіндегі биіктік деңгейін анықтайтын құрал.

Апатаумақтық немесе барынша ауқымды төтенше жағдайларды алып жүретін, адам құрбаны бар үлкен авария, қиратушы құбылыс.

Абразия – теңіздердің, өзендердің, көлдердің, су қоймаларының жағалауларының толқындармен соғылуы.

Авария – технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, құралдар мен ғимараттардың зақымдануы.

Авариялық – қалпына келтіру жұмыстары – жоғарғы қауіптілікті және қиратудың жеке ошақтарын жою, коммуналдық жүйелеріндегі зақымдалуларды, аварияларды жою бойынша халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін аз болса да жағдай жасау, сонымен қатар санитарлық тазалау және аймақты залалсыздандыру, кезек күттірмейтін жұмыстар.

Авариялық – қалпына келтіру кұрылымдары – тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын қалпына келтіру бойынша шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған құтқарушылар тобы.

Авариялық құтқару қызметтері (АҚҚ) – авариялық – құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы – құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы – құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық – құтқару құрамаларын құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы.

Авариялық – құтқару жұмыстары - өрттерді өшіру мен жою, энергия және су көздерін авариялық өшіру, іздестіру, адамдарды құтқару, оларға көмек көрсету және көшіру бойынша бірінші кезекті жұмыстар.

Авариялық – құтқару күштері - ТЖ аймағында минималды қысқа уақыт ішінде құтқару және шұғыл жұмыстарды жүзеге асыруға арналған күштер.

Авариялық – құтқару құрамалары - негізінен арнаулы техникамен, жабдықтармен, құралдармен, аспаптармен, материалдармен және кинологиялық қызметімен қамтамасыз етілген жарақтандырылған құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе авариялық – құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым.

Авариялық – құтқару құралдары - техникалық, ғылыми – техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде байланыс пен басқарудың мамандандырылған құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың технологиясы жөніндегі техника, жабдықтар, құралдар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне – кино – фотоматериалдар, сондай – ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге құралдар.

Артерияқанды жүректен барлық органдар мен ұлпаларға тарататын қантамыры.

Аусыладамға да жұғатын, малдардың жұқпалы ауруы.

Ауытқу – нормадан ауытқу.

Афтершоктар – жер сілкінісінің негізгі дүмпуілінен кейінгі жерасты дүмпуілі.

Әлсіздік – ағзаның жалпы әлсіз жағдайы.

Әсер – сезімдік елегізу.

Әуе апаты – әуе техникасының апаты.

Әуелетті қауіпті нысан – авария болуы мүмкін нысан.

Бағдар – орнын анықтау.

Бағыт-бағдар – қоршаған заттар мен көкжиектің жақтарына қатысты орынды анықтау.

Байдарка – жіңішке, жеңіл қайық.

Барлау – жергілікті ТЖ аймағын алдын ала тексеру.

Барометр – атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал.

Баспахана – картада масштабпен сәйкес жергілікті жердің көрінісі.

Баспаханалық карта – жергілікті жердің толық картасы.

Басқару пункті – ТЖ жою күштері мен құралдарын басқаруға арналған көліктік құрал немесе жабдықталған инженерлік ғимарат.

Батометр – судың берілген тереңдіктен сынамасын алуға арналған құрал.

Батпақ – тоған түбіндегі жабысқақ тұнба.

Бахилдар – қардан, ылғалдан корғау және аяқты жылылауға арналған аяқ киімнің сыртынан киілетін маталы құндақ.

Бейімделу – ағзаның өзгеріске бейімделуі.

Бекітпе тіреуіш – ғимарат бөліктерінің тұрақты болуына арналған білеу.

Белгі – орнын анықтайтын нәрсе.

Бивак (бивуак) – демалыс немесе түнеуге арналған орын.

Биологиялық қауіпсіздік – биологиялық – әлеуметтік ТЖ көздерін

туғызатын қауіптен халықтың, шаруашылық нысанының, өсімдіктердің, қоршаған ортаның қорғаныс жағдайы.



Биіктік – тік бойымен қашықтық.

Биіктік өлшеуіш – биіктікті өлшеуге арналған құрал.

Боран қарлы дауыл, аяз, қарлы боран, бұрқасын.

Бөгет – су қоймаларында су деңгейін көтеруге арналған гидродинамикалық ғимарат.

Бөгетше – су массасын қоршауға арналған гидротехникалық құрылыс.

Буын – сүйектердің қозғалыстағы байланысы.

Бұрқасын – қардың қатты желмен жер бетімен өтуі, борасын.

Бұршақ – мұзды шар түріндегі атмосфералық жауын-шашын.

Бұлақ – жер түбінен шығатын су көзі.

Газқағар – газ бен түтіннен қорғайтын құрал.

Гидрокостюм – су өткізбейтін киім.

Гидросфера – жердің су қабаты.

Дауыл – қатты қиратушы жел.

Дабыл – қауіп туралы дабыл, мазасыздану, алаңдау.

Дегазация – қатты әсер ететін улы заттарды жою немесе бейтараптау.

Дезактивация – радиоактивті заттарды жою.

Дезинсекция – зиянкестерді жою.

Дезинфекцияжұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою.

Депрессия – түңілу, психологиялық жағдай.

Дератизация – кеміргіштерді жою.

Дертке шалдығу – қандай да бір аурудың таралу деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.

Дефляция – құм немесе топырақ бөлігінің желмен үрленуі.

Диагностика – зардап шегушінің, аурудың жағдайын анықтау.

Дозиметрикалық бақылау – радиоактивті сәулелену дозасын анықтау.

Дүлей зілзала – ТЖ пайда болған зілзала.

Дүлей зілзала - бірден елеулі адамның тіршілігін бұзып, үлкен материалдық құндылықтарды жояды, сонымен қатар адамдардың қаза табуына, жануарлардың өлуіне әкелетін кенеттен пайда болатын табиғи құбылыс.

Дюльфер – адамның өз еркімен арқан арқылы биіктіктен жылдам түсуі.

Ентігу – жиіленген және қиналып тыныс алу.

Естен тану қысқа мерзімде кенеттен естен тану.

Жайылма – су басу кезінде толған орын.

Жансыздандыру – ауырсынуды басу.

Жобалық өнеркәсіптік авариябастапқы және ақырғы жағдайы жобамен белгіленген және белгіленген шектермен авария салдарының шектеуін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік жүйесі қарастырылған өнеркәсіптік авария.

Жобадан тыс өнеркәсіптік авария - жобалық авария үшін ескерілмеген бастапқы жағдай тудыратын және жобалық авариялармен салыстырғанда қауіпсіздік жүйесінің тоқтап қалуымен және персоналдың қате шешімдерді іске асырумен қоса жүретін, ауыр салдарларға алып келетін өнеркәсіптік авария.

Жел – ауаның қозғалысы.

Жел кестесі – берілген жерде желдің жылдамдығы мен бағыты.

Жер сілкінісі – жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Жер сілкінісінің кіндігі – жер сілкінісі ошағының үстінде орналасқан жер бетінің аймағы.

Жер сілкінісінің ішкі кіндігі – жер сілкінісі басталған (пайда болған), жер тереңдігіндегі орын.

Жер сілкінісінің ошағыадамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің зақымдануы, шаруашылық нысандарының қирауы немесе шектен тыс қаза табулар болған шектелген аймақ.

Залалсыздандыру – аумақтың, нысанның, судың, өнімдер, жемшөптердің зақымдануы мен ластануын шекті рұксат нормаға дейін азайту.

Зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдарына және өсімдіктерге қауіп келтіретін мөлшерде аумағында химиялық заттар таратылған немесе қауіпті химиялық және биологиялық заттар енгізілген территория немесе аймақ.

Зембіл – адамдарды, ауырлықтарды тасымалдауға арналған жабдық.

Зілзала – ТЖ пайда болуына әкеп соққан зілзала.

Зілзала аймағы – ТЖ зардабын жою үшін қосымша және шұғыл көрсетілетін көмекті қажет ететін ТЖ аймағының бөлігі.

Имек темір – сырғанақ бет бойымен қозғалысты жеңілдету үшін аяқ киімге киілетін, металл жабдық.

Инсульт – ми қан айналымының бұзылуы.

Интоксикация – ағзаның улы заттармен улануы.

Инфаркт – күре тамырдың түйілуі немесе тығындалуы кезінде қан ағысының тоқтауы.

Инфекция – ағзаның ауру тудыратын микробтармен зақымдануы.

Инъекция –дәрілік ерітінділерді енгізу.

Иприт – іріңдеумен сипатталатын улағыш зат.

Қазба – пайдалы қазбаларды ашық түрде өңдеу орны.

Қайнар – су бұлағы басталатын орын, аймақ.

Қантамыр – ең жіңішке қан тамыры.

Қар көшкіні – қар массасының тау беткейімен төмен қарай жылжуы.

Қатты ағыс – өзеннің қатты ағысы.

Қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ) адам ағзасын зақымдайтын, улы зат.

Қауіпсіздік – адамға қауіп төнбей тұрған жағдай.

Қауіпті табиғи құбылыс – қарқындылығы, көлемі, жалғасуы мен кері әсер ету мүмкіндігі бар табиғи сипаттағы жағдай.

Қауіпті заттың мүмкін шекті ңоспасы адаммен үнемі қарым-қатынас кезіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында оған әсер еткендегі адамның денсаулығына әсер етпейтін және жағымсыз салдары болмайтын аудан бірлігімен немесе салмақпен өлшенетін топырақтағы, ауалы немесе сулы ортадағы, азық – түліктегі, шикізаттардағы қауіпті заттардың максималды саны.

Қашықтық өлшеуіш – қашықтықты анықтауға арналған құрал.

Қолқа – басты қантамыр артериясы.

Қопарушы (пиротехник) – жару жұмыстары бойынша маман.

Құйын – ауаның, тік немесе көлбеу ось бойымен айналып қозғалатын атмосфералық құрылуы.

Құтқарушы – құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргізуге арнайы дайындықтан және аттестациядан (қайта аттестацияланған) өткен азамат.

Құтқару жилетіөзін-өзі сақтандырудың жеке құралы.

Құтқару жұмыстары – ТЖ болған аймақта адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды аман алып қалу бойынша іс-әрекет, қоршаған ортаны қорғау, ТЖ жою немесе оның қауіпті факторларының әсерін мүмкіндігінше аз деңгейге түсіру.

Қырау – суық бетте ылғал конденсация әсерімен түзілген жұқа қарлы қабат.

Қысқы жол — қар үстімен жасалған жол.

Қышқыл – белсенді, қауіпті химиялық қатынас.

Карантин – толық оқшаулау, инфекциялық ошақты тоқтату және жою.

Катаклизм – шұғыл бет бұрыс, қиратушы өзгеріс, апат.

Катамаран – екі корпусы бар кеме.

Керогаз – жылытатын керосинді құрал.

Климат – белгілі бір аймаққа сай метео жағдай.

Код – шартты белгілер мен дабылдардың жүйесі.

Контейнер – ораусыз жүктерді тасымалдауға арналған ыдыс.

Көшіп-қону – адамдардың, жануарлардың орын ауыстыруы.

Көшіру – адамдардың ұйымдастырылған түрде қауіпті аймақтан шығару.

Киіз үй – киіз және баска да жеңіл матералдардан тұратын конус тәрізді жылжымалы үй.

Күрке – сырғауыл ағаштан салынған, бұтақшалар, сабан және шөптермен жабылған құрылыс.

Лагерь – уақытша тұрақ.

Лазөрмелеуге арналған тар саңылау.

Мұзжарғыш – тауларда жүру кезінде қолданылатын сайман.

Мұзқұрсау – тоғандарда судың қатуы.

Мұз шоқы – мұз кесегі.

Манометрқысымды өлшейтін құрал.

Масштаб – картада (сызбада) шынайы көлемге сызықтардың ұзындығының қатынасы.

Метеорология – атмосфераның физикалық жағдайы туралы ғылым.

Меридиан – экватордың тік бұрышын қиып өтетін және Жердің полюсі арқылы өтетін, шеңбер сызық.

Мертігу – дененің ауыр зақымдануы.

Наркоз — жасанды естен тандыру.

Нарт – ұзын, жіңішке шана.

Невроз – орталық жүйке жүйесінің ауруы.

Оба – жұқпалы инфекциялық ауру.

Обсервация – күшейтілген медициналық бақылаумен шектелген режим.

Опырылым – бөлінген массаның құлауы.

Орман күзеті – орманды күзетуге арналған арнайы қызмет.

Өзенаралық – екі өзен арасындағы жер.

Өлім-жітім – індет кезінде жануарлардың жаппай қырылуы.

Өнеркәсіптік авария – техникалық жүйеде немесе өнеркәсіптік қондырғыда орын алған өнеркәсіптік нысандағы авария.

Өнеркәсіптік апат - адамдардың құрбандығына алып келген, адамдардың денсаулығына нұқсан келтірген және нысандардың, айтарлықтай мөлшерде материалдық құндылықтардың жойылуына, сондай –ақ қоршаған табиғи ортаға айтарлықтай шығын келтірген ірі өнеркәсіптік апат.

Өрмелеуші – биікте жұмыс істейтін адам.

Өртадамдардың, жануарлардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану.

Өрт қауіпсіздігі – өрттің пайда болу мүмкіндігі.

Өрт сөндіруші – өрт күзетінің (команданың) қызметкері.

Өткел – тоған, көл, өзендердің ұсақ орындары.

Пал – дала немесе орман өрті.

Панахана – адамдардың жасырынуына арналған кешенді инженерлік қорғаныс ғимараты.

Пандемия – адамдардың жаппай жұқпалы ауруы.

Панзоотия – малдардың жаппай жұқпалы ауруы.

Панфитотияөсімдіктер мен зиянкестердің жаппай ауруы.

Пеленг – бақылап отырған зат пен компас бағдар арасындағы бұрыш.

Перископ – паналау орнынан бақылауға арналған құрал.

Пирология – орман өрттері туралы ғылым.

Планшет – карта және құжаттарды алып жүруге арналған сөмке.

Пласт – шөгінді қабаттың тығыз тасындылары.

Полигон – сынақтар жүргізуге арналған жер учаскесі.

Профилактика – алдын алу шараларының жиынтығы.

Пульс – қан тамырларында білінетін жүрек қағысы.

Радиация – бір денеден келіп жатқан сәулелену.

Радиоактивті ластану – атмосферда, суда, жерде радиоактивті заттардың болуы.

Радиоактивтілікбелсенді радиосәуле шығаруы мен атомдық ядроларының ыдырауы.

Радиофобия – радиациялық залалданудан үрейлену.

Радиациялық авария – аталған нысанды қалыпты пайдалану жобасымен алдын ала көрсетілген шекарасынан радиоактивті заттар және ионизациялаушы сәулелердің шығуы мен төгілуіне алып келетін, мөлшері пайдалану қауіпсіздігінің белгіленген шегінен асатын, радиациялы – қауіпті нысандағы авария.

Радиоактивті ластану – жер үстінің, атмосфераның, судың болмаса азық –түліктің, тағамдық шикізаттың және әртүрлі заттардың радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелеріндегі бекітілген шама денгейінен асатын мөлшердегі радиоактивті заттармен ластануы.

Радиациялы қауіпті нысан – радиоактивті заттарды сақтайтын, өңдейтін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан. Ондағы авария немесе оның қирауы кезінде адамдарды, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, шаруашылық нысандарының, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаның иондаушы сәулелермен сәулеленуі немесе ластануы болуы мүмкін.

Радиоактивті ластану аймагы – аймағында радиоактивті ластануы бар территория немесе аймақ.

Радиациялық қоргау режимі – иондаушы сәулелердің адамдарға әсерін төмендету мүмкіндігі мақсатыңда радиоактивті ластану аймағындағы қорғаудың әдістері мен тәсілдерін пайдалану және халықтың іс - әрекетінің тәртібі.

Радиациялық бақылау – радиоактивті заттармен иондаушы заттардың басқа да көздерімен жұмыс кезіндегі радиациялық қауіпсіздікті және санитарлы ережелердің нормаларын сақтауды қадағалау, сондай-ақ адамдардың сәулелену деңгейі және нысандағы және қоршаған ортадағы радиациялық жағдай жөнінде хабарлама алу.

Рация – тасымалдауыш радиостанция.

Реанимация – ағзаның клиникалық өлім кезеңінде қайта тірілуі.

Сал – бірнеше қатарға бекітілген бөрене.

Санитар – кіші лауазымды медициналық қызметкер.

Санитарлық тазарту – адам бойынан зақымданған тері және шырышты қабықтарын механикалық тазалау мен жуу, сонымен қатар ТЖ аймағынан шыққан кезде олардың аяқ киімдері мен киімдерін залалсыздандыру.

Сәулелену – тірі ағзаларға радиоактивті сәулелердің әсер етуі.

Сел – лай – тасты қатты ағын.

Сейсмология – жер бетінің тербелісін зерттейтін геофизика ғылымының бөлігі.

Смог – ауаның қатты ластануы.

Спазм – бұлшықеттердің жиырылуы, тырыспа.

Су басу – ғимараттың астыңғы бөлігіне судың кіруі.

Судың көтерілу жылдамдығы – су басу кезінде су деңгейінің көтерілуі.

Су басу алаңы – су басқан аймақ.

Су қойма – суды сақтауға арналған жасанды су қоймасы.

Су тасқыны – қардың еруі немесе жауын-шашын кезіндегі өзендерде су деңгейінің көтерілуі.

Сүңгуір адам – су астында жұмыс істейтін адам.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың аймағытөтенше жағдай ошағының пайда болу нәтижесінде немесе басқа аудандардан табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, оның зардаптары таралғаны болып табылады.

Төтенше жағдай (ТЖ) – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшырататын, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

ТЖ аймағы – ТЖ пайда болған белгілі бір аймақ.

ТЖ аймағында халықты қорғау – адамдардың қаза болуын төмендету немесе алдын алуға бағытталған шаралар.

ТЖ қауіптілік – ТЖ аймағында қауіптіліктің пайда болуы мүмкін немесе сол кезде болған жағдай.

ТЖ аймағындағы жұмыстарға арналған техникалық құралдардың кешені – ТЖ аймағында жұмыстар жүргізу үшін арналған негізгі және қосымша техникалық құралдар.

ТЖ жою – ТЖ пайда болған кезде және адамдардың денсаулығын сақтау және өмірін қорғауға, материалдық шығыңдардың көлемін азайтуға, сонымен қатар ТЖ аймағын жоюға бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да шұғыл жүргізілетін жұмыстар.

ТЖ ошағы – нәтижесінде ТЖ пайда болу қауіпі бар қауіпті табиғи немесе техногендік құбылыс.

ТЖ қауіпсіздігі – ТЖ қаупінен халықтың, шаруашылық нысанының, өсімдіктердің, қоршаған ортаның қорғаныс жағдайы.

ТЖМЖ ның күштері мен құралдары (төтенше жағдайды ескерту және жоюдың мемлекеттік жүйесі) – төтенше жағдайдың алдын алу және жою үшін арналған күштері мен құралдары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет