ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені тұлғалық даму психологиясы пәні


Практикалық және семинар сабағының сұрақтары



бет6/6
Дата09.06.2016
өлшемі379.5 Kb.
#125256
1   2   3   4   5   6

3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары
1 Тұлға психологиясының жалпы мәселелері.

1.Тұлғалық өсу психологиясы пәні, мақсат-міндеттері.

2.Тұлға жайлы түсініктердің жалпы сипаттамасы.

3.Тұлға психологиясының жалпы мәселелері.


2 Тұлғалық өсудің биологиялық және әлеуметтік байланысы

1. Кеңес психологиясындағы тұлға түсінігін зерттеу.

2.Тұлғаның әлеуметтенуі.

3.Ананьев бойынша тұлғадағы биологиялық және әлеуметтік бірлігі.

4.Психикалық процестердің, қасиеттер мен кейіптің өзара байланысы


3 Психологиядағы тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселелері

1.Тұлғаның құрылымы.

2.Тұлға және индивид.

3.Адамның индивидтік қасиеттері және мінез-құлықты реттеу.

4. Тұлға және индивидуалдылық.
4 Батыс елдердегі заманауи тұлға теориялары

1. Зигмунд Фрейд: тұлға теориясындағы психодинаминамикалық бағыт.

2.Карл Густав Юнг: тұлғаның аналитикалық теориясы.

3.Альфред Адлер: тұлғаның индивидуалды теориясы.

4.Эго-психологиядағы Эриксон, Корни: тұлғалық өсу теориялары
5 Тұлғалық өсу және оның механизмдері.

1. Интеграция және реинтеграция.

2.Тұлғааралық қатынастар және оның тұлғаның қалыптасуындағы рөлі.

3.Реинтеграция мен тұлғалық өсудің базалық жағдайлары – нағыздық, конгруенттілік, басқаларға маңызды позитивтік қолдану, эмпатиялық ұғыну.


6 Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері.

1.Тұлға мәселесіне қатысты басқа теориялармен айырмашылығын көрсету

2.К.Роджерс бойынша тұлғалыққа ортақталған терапия және консультация беру.

3.Психолог позициясының өзгешелігі.


7 Когнитивтік бағдарлардағы тұлға теориялары

1. Адамгершiлiк потенциалдың дамуы.

2. Тұлға құрылымы мен дамуы.

3. Мен-бейнесі


8 Тұлғалық өсудің психологиялық талдануы және оны эксперименталдық зерттеу

Р. Ассаджиолидің психосинтез концепциясы.


9 Тұлғалық өсуде қарым-қатынасты меңгеруді ұйымдаструдың варианттары, өзара әрекеттестік

1. Э.Берннің психологиялық теориялары.

2.Трансактілі талдау.

3. Трансакция


10 Тұлғаның өсуінің адам өміріндегі мәнін психология тұрғысынан қарау және оның бағыттары мен міндеттері

1. Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі және автобиографиялық баяндау.

2.«Әрекеттік» автобиографиялық тип.

3. «Экзистенционалды-сезімдік» автобиографиялық тип.


11 Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері

1. Тұлғалық өсу мәселесі.

2.Кеңестік және шетелдік әдебиеттердегі тұлғалық өсу.

3. Идентификация және рефлексия.

4.Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық теориялары.

5.Тұлға феноменін тұлға теориялары негізінде зерттеу жолдары



Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.

Сабақ барысы.

Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.


4 Магистранттың өздік жұмысы
4.1. МӨЖ және МӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Магистранттардың өздік жұмысы (МӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттардың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

МӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.


І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:

  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Реферат жазуда не ескеріледі?

  1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

  2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

  3. Реферат жазуда магистрант негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

  4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

  5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

  6. Магистранттардың жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.

Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.

Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.

Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.
Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Магистранттардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


4.2. МӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

МӨЖ тақырыптарының тізімі
5.1. Тұлға психологиясының жалпы мәселелері.

5.2. Тұлғалық өсудің биологиялық және әлеуметтік байланысы.

5.3. Психологиядағы тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселелері.

5.4. Батыс елдердегі заманауи тұлға теориялары.

5.5. Тұлғалық өсу және оның механизмдері.

5.6. Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері.

5.7. Тұлғалық өсудің психологиялық талдануы және оны эксперименталдық зерттеу

5.8. Тұлғалық өсуде қарым-қатынасты меңгеруді ұйымдаструдың варианттары, өзара әрекеттестік.

5.9. Тұлғаның өсуінің адам өміріндегі мәнін психология тұрғысынан қарау және оның бағыттары мен міндеттері

5.10. Тұлғалық өсудінің ең маңызды құндылықтарының (уақыт,күштің ақылға бағытталуы т.б.) ерекшеліктерін зерттеу



«Тұлғалық даму психологиясы» пәнінен

магистранттардың білімін бағалауға арналған сұрақтар.
Бақылау сұрақтары.

&&&


$$$007-001-000$3.7.4 1- межелік бақылау тестілері

Теорияларды тұлғалық зерттеулері және дамуы.

Тұлғалық қырлардың бағалау әдістемелері мен тұжырымдамаларының дамуы.

Б.Скиннердің радикалдық бихевиоризмі және оның негізгі ережелері.

Г.Олпорт, Р.Мэйли және басқалардың тұлғалық қырлар теориясы. Г.Айзенк, Р.Кеттеллдердің факторлар теориясы.

А. Маслоудың тұжырымдамасы.

К.Роджерстің тұлға теориясы.

Гуманистік психологиядағы экзистенциялық бағыт.

Психологиядағы когнитивтік бағыттың даму қайнар көзі –

бихевиоризм, гештальт-психология, К.Левин өріс теориясы және т.б.

Дж.Келли конструкт теориясы.

К.Левиннің тұлғаның динамикалық теориясы

Р. Ассаджиолидің психосинтезі.

Э. Берннің трансактілік талдауы. Э.Берн бойынша тұлғаның құрылымы.

Тұлғаның бүгінгі теориясындағы өзекті сұрақтар.

Тұлға теорияларын бағалау.

Тұлғаның теориялық және эмпирикалық зерттеулерінің жаңа келешегі.

Тұлғаның бүгінгі психологиясының тенденциялары мен өзекті сұрақтары.

Тұлға теорияларын қолданудағы мәні.

Тұлға психологиялық категория ретінде.

Студент тұлғасының психологиялық. әлеуметтік және биологиялық мінездемелері.

Студенттік топтағы тұлғаарлық қатынас құрылымы.

Студент тұлғасын зерттеудің әлеуметтік-психологиялық әдістері.

Студенттік топты зертетудің әлеуметтік-психологиялық әдістері.

Студент тұлғасының психолого-педагогикалық сипаттамасы.
&&&

$$$007-001-005$3.7.5 2-межелік бақылау тестілері



  1. Тұлғаның қалыптасуына әсер етуші факторлар.

  2. Тұлғаның даралық ерекшеліктері.

  3. Тұлғаның әлеуметтік факторлары.

  4. Қазақстанда тұлға мәселесінің зерттелуі.

  5. Батыс елдердегі тұлға мәселесі.

  6. Адамгершілік потенциалының дамуы.

  7. Мен – бейнесі.

  8. Тұлғаның психологиялық құрылымы

  9. Тұлға мәселесіне қатысты басқа теориялармен айырмашылығын көрсету

  10. К.Роджерс бойынша тұлғалыққа ортақталған терапия және консультация беру.

  11. Психолог позициясының өзгешелігі

  12. Интеграция және реинтеграция.

  13. Тұлғааралық қатынастар және оның тұлғаның қалыптасуындағы рөлі.

  14. Реинтеграция мен тұлғалық өсудің базалық жағдайлары – нағыздық, конгруенттілік, басқаларға маңызды позитивтік қолдану, эмпатиялық ұғыну.

  15. Тұлға және индивид.

  16. Кеңес психологиясындағы тұлға түсінігін зерттеу.

  17. Тұлғаның әлеуметтенуі.

  18. Ананьев бойынша тұлғадағы биологиялық және әлеуметтік бірлігі.

  19. Психикалық процестердің, қасиеттер мен кейіптің өзара байланысы

  20. Тұлғалық дамуы мен қалыптасудың әлеуметтік-психологиялық негіздері .

$$$007-001-007$3.7.6 Емтихан сұрақтары немесе тестілер үлгілері



1 Жеке тұлғаны әлеуметтендіру көздері

А) Ерте балалық шақ тәжірибесі

B) Әлеуметтік институттар

С) Тәрбиелеу, оқыту, білім беру жүйелері

D) Қарым-қатынас процесінде адамдардың өзара ықпалы

Е) Барлық жауап дұрыс

2 Жеке тұлғаны қалыптастыратын процесс:

А) Іс - әрекет.

В) Тәрбие.

С) Оқыту.

D) Ерік сапаларының дамуы.

Е) Сенсибилизация

3 Жеке адамның қоғамдық «Мен»-ін танытушы негізгі фактор

A)табиғи болмысы

B)нәсілдігі

C)қажеттік-себеп аймағы

D)сырт көрінісі

E) қылық-әрекеті

4 Жеке адам дербестігін қамтамасыз етуші негізгі фактор

A)анатомиялық құрылымы

B)физилогиялық ерекшелігі

C)жүйке жүйесінің динамикасы

D)мінез бітістері

E)темпераменті

5 “Жеке адам” терминіне байланысты, ең алдымен, түсінетініміз

A) биологиялық мен

B) қоғамдық мен

C) әрекет субъекті

D) тіршілік формасы

E) интеллект иесі

6 Индивитің психикалык, өмірінің элементтерін біртұтас комплекске жинақтау негізгі әдіснамалық принципі болып саналатын неміс психологиялық мектебінің бағыты

А) Бихевиоризм

В) Гештальт психология

С) Гуманистік психология

D) Психоанализ

Е) Трансактілі анализ

7. Гештальтпсихология бағытының негізін салушы:

А) З.Фрейд;

В) Дж.Уотсон;

С) Г.Мюллер;

D) М. Вертхеймер;

Е) Дж.Морено.

8 Тұлғалық өсуге әсер ететін қарым-қатынастын психологиялық белгілеріді нақтылаған ғалымдар

А) Роджерс К., Сатир В.;

В) Роджерс К., Маслоу А.;

С) Рудестам К.;

D) Бэндлер Р., Гринндер Д;

Е) Фейдимен Дж.; Фрейгер Р.

9 Тұлағалық өсу мәселелсімен айналысқан ғалым –

А) З.Фрейд;

В) Дж.Уотсон;

С) А.Адлер;

D) М. Вертхеймер;

Е) Дж.Морено.

10 «Өзіндік жетілуге, өзіндік дамуға, өзін-өзі кемелдіндіруге қажеттілік өздігінен адам үшін бағалы болып саналады. Олар тұлғалық жетілудін және оның жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады. Сонымен қоса, өзіндік даму адамның ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді» - кімнің тұжырымдамасы

А) Д.Б.Эльконин;

В) Н.М. Гаджиева;

С) Г.А. Цукерман;

D) Ф.Е.Василюк;

Е) С.Л.Братченко

11 Адамның түрлі қасиет, ерекшеліктерін дамытуға бағытталған белсенді оқыту

А) жүйе


В) рефлексия

С) пролема

D) психологиялық тренинг

Е) өзгергіштік

12 Гуманистік бағыт

А) детерминистік сипатта;

В) индивидтің потенциалды мүмкіншіліктерін арттыруға болады;

С) мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған;

Д) адамдар арасындағы қарым – қатынасты негізге алады;

Е) адамның қабілетін анықтайды.13 Жеке адамның 16-факторлы сауалнамасы тестінің авторы:

A) Г.Роршах;

B) Я.Морено;

C) Розенцвейг;

D) Р.Кеттелл;

E) Л.Термен.

13 Жеке тұлғаны көпжақты зерттеу әдісінің авторы (ММИЛ):

A) А.Березин;

B) А.Айзенк;

C) Личко;

D) Ф.Гальтон;

E) А.Личко.

14. Идентификация –

А) бір нәрсенің сипатын абстрактылы елестету;

В) бір нәрсені біреумен ұқсастыру, теңестіру;

С) ізгі әрекет пен нәтижелі жұмыс;

D) нақты, бірегейлік;

Е. Субъектінің білімі мен тәжірибесі

15. Жеке тұлғаның динамикасына бағдарланған, тұрақты қалаулар мен мотивтер жүйесі:

А. бағыттылық;

В. темперамент;

С. мінез-құлық;

D. қабілет;

Е. мотивация.

16.Психосинтез теориясының авторы

А) Р.Ассаджоли;

В) Э.Берн;

С) Дж.Келли;

D) К.Кольберг;

Е) Э.Эриксон.

17 Адамға негізделген, ортақтандырылған теорияның авторы

А) К.Роджерс;

В) А.Маслоу;

С) М.Босс;

D) Г.Оллпорт;

Е) Э.Шелдон

18 Тұлға теориялары неше кластерге бөлінеді?

А) 5;

В) 7;


С) 9;

D) 3;


Е) 11

19 Тұлғаның конституционалды құрылымдарын негіздеген ғалымдар

А) Кээтел, Оллпорт, Фрейд,, Шелдон;

В) Меррей, Салливан, Адлер;

С) Роджерс, Гольдштейн, Ангьял;

D) Фрейд, Адлер, Юнг;

Е) Фромм, Хорни, Меррей

20 Факторлық анадиз теориясының авторы

А) Г.Айзенк;

В) А.Маслоу;

С) М.Босс;

D) Г.Оллпорт;



Е) Скиннер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет